Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Зейнетақы реформасы

Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау

1. Орталықтан зейнетақы төлемдері

1998 жылғы 1 қаңтардан бастап - ерекектерге 61 жасқа, әйелдер 56 жасқа;

1998 жылғы 1 шілдеден бастап - еркектерге 61, 5 жасқа, әйелдерге 56, 5 жасқа;

1999 жылғы 1 шілдеден бастап - еркектерге 62 жасқа, әйелдерге 57 жасқа;

2000 жылғы 1 шілдеден бастап - еркектерге 62, 5 жасқа, әйелдерге 57, 5 жасқа;

2001 жылғы 1 шілдеден бастап - еркектерге 63 жасқа, әйелдерге 58 жасқа толғанда тағайындалады.

2. Төтенше және барынша радияциялық қатерлі өңірлерде 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілдеге дейін кемінде 10 жыл тұрған азаматтар «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» ҚР заңына сәйкес:

еркектер - жалпы жұмыс стажы 25 жылдан кем болмаған жағдайда 50 жасқа жеткенде;

әйелдер - жалпы стажы 20 жылдан кем болмаған жағдайжа 45 жасқа жеткенде зейнетақы тағайындалуына құқылы.

3. 5 және одан да көп бала туып, оларды 8 жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 50 жасқа толғанда жасына байланысты толық көлемде зейнетақы алуға құқылы, аталған зейнетақы жасы 1998 жылға 1 шілдеден бастап жыл сайын 6 айға ауысып отырады. Бірақ тұтас алғанда 3 жылдан аспауға тиіс.

4. Орталықтан жасына байланысты зейнетақы төлемдері толық көлемінде осы баптың 1 бөлігінде белгіленген жасқа толғанда азаматтардың мынадай санаттарына:

1) ерекетерге 1998 жылғы 1 қаңтарда кемінде 25 жыл еңбек стажы болғанда және осы заңның 60 бабының 2 тармағында аталған адамдар арасынан еркектерге қызметінен босатылған кезінен бастап тағайындалады.

2) әйелдерге 1998 жылғы 1 қаңтарда кемінде 20 жыл еңбек стажы болғанда және осы заңның 60 бабының 2 тармағында аталған арасынан әйелдерге қызметінен босатылған кезінен бастап тағайындалады.

Ортралықтан зейнетақы тағайындау үшін еңбек стажын есептеу

1. Осыны есептеу кезінде мыналар есепке алынады:

  1. еңбек шарты бойынша жеке және заңды тұлғалар ақы төлейтін жұмыс;
  2. әскери қызмет;
  3. құқық қорғау органдарындағы қызмет;
  4. мемлекеттік қызмет
  5. кәсіпкерлік қызмет;
  6. 1 топтағы мүгедекке, 2 топтағы жалғызілікті мүгедекке және өзгенің жәрдем көрсетуіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ 80 жасқа толған қарт адамдарға күтім жасаған уақыт;
  7. атом сынақтары, экологиялық апаттар салдарынан зардап шеккен не ЖҚТБ- мен ауыратындарға, 16 жасқа дейінгі мүгедекке күтім жасаған уақыт;
  8. жұмыс істемейтін ананың жас балаларды бағып күткен, бірақ әрбір бала 3 жасқа толғаннан аспайтын жалпы жиынтығы 12 жыл шегіндегі уақыт;
  9. қылмыстық жауапқа негізсіз тартылған және қуғын-сүргінге ұшырған, бірақ кейін ақталған азаматтарға қамауда болған, бас бостандығынан айыру және жер аудару орындарында жазасын өтеген уақытта;
  10. жұмыс істемейтін соғыс мүгедектері мен оларға теңестірілген мүгедектердің мүгедек болған уақытта
  11. бұрынғы кеңес мекемелерінің, ҚР мекемелері мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері әйелдерінің шетелде тұрған кезеңі, бірақ жалпы алғанда 10 жылдан аспауға тиіс;
  12. офицерлік құрамдағы адамдар, прапорщиктер, мичмандар және мерзімінен тыс қызмет атқаратын әскери қызметшілер әйелдердің мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жерлерде жұбайларымен бірге тұрған кезеңі, бірақ 10 жылдан аспауға тиіс;
  13. ҚР-ның аумағындағы және одан тыс жерлердегі жоғары және арнаулы орталық орындарында, училищелерінде, мектептерінде, аспирантурада, докторантурада және клиникалық ординатурада, сондай-ақ күндізгі жоғары және орта діни оқу орындарында оқу;
  14. әскерилендірілген күзетте, арнаулы байланыс органдарында және кенқұтқару бөлімдерінде олардың ведомстволық бағыныстылығына және арнаулы немесе әскери атағының болуына қарамастан;
  15. әлеуметтік сақтандыруға қаржы төлеген жағдайда өзге де жұмыс.

2. Орталықтан зейнетақы тағайындау үшін еңбек стажын жеңілдікпен есептеу кезінде мыналар да есепке алынады:

  1. ұрыс қимылдары кезеңінде майдандағы армия құрамындағы, оның ішінде әскери борышын өтеу кезіндегі әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы тағайындаған кезде осы қызметтің мерзімін есеп үшін белгіленген тәртіппен;
  2. әскери бөлімдеріндегі жұмыс, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қызмет екі есе мөлшерде;
  3. ҰО соғысы жылдарында 1941 жылғы 8 қыркүйектен бастап 1944 жылғы 27 қаңтарға дейінгі қоршау кезеңіндегі Ленинград қаласындағы жұмыс- 3 есе мөлшерде;
  4. 12 жастан бастап және одан үлкен жастағы азаматтардың 1941 жылғы 8 қыркүйектен бастап 1944 жылғы 27 қаңтарға дейінгі қоршау кезеңінде Ленинград қаласында болған уақытта - 2 есе мөлшерде;
  5. Семей сынақ полигонына жапсарлас жатқан аудандардағы 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шілдеге дейін кезеңде жұмыс істеп, әскери қызмет атқару - 3 есе мөлшерде, ал 1963 жылғы 6 шілдеден бастап 1992 жылғы 1 қаңтарға дейінгісі - 1, 5 есе мөлшерде.
  6. Толық навигациялық кезең ішінде су көлігіндегі жұмыс 1 жыл істеген жұмыс үшін есептеледі.

Еңбек стажын растау

1. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге орталықтан зейнетақы төлемдерін есептеу үшін еңбек стажы еңбек кітапшасымен расталады.

2. Еңбек кітапшасы жоқ немесе онда тиісті жазбалар болмаған кезде еңбек стажы жұмыс туралы мәліметтерді растайтын құжаттардың негізінде не сот шешімінің негізінде анықталады.

Өткен уақыт үшін зейнетақы төлемдерін алу

1. Есептелген, бірақ алушы талап етпеген зейнетақы төлемдерінің сомасы өткен уақыт үшін, бірақ оларды алудағы өтініш беру алдындағы 3 жылдан аспайтын уақыт үшін төленеді.

2. Зейнетақы төлемдерін тағайындайтын немесе жүзеге асыратын органның кінәсінен уақытында алынбаған зейнетақы төлемдерінің сомасы өткен уақыт үшін мерзімі шектелмей төленеді.

Зейнетақыдан ұстап қалу

1. Зейнетақы тағайындау кезіндегі қателіктер салдарынан артық төленген сомаларды зейнетақы төлемдерін алушының өтініші негізінде ұстап қалатын жағдайлардан, сондай-ақ сотталғандардың, бас бостандығынан айырылғандардың табыстарын ұстап қалатын жағдайлардан басқа, зейнетақыдан ұстап қалу атқарушылық іс жүргізу тәртібімен жасалуы мүмкін.

2. Зейнетақыдан ұстап қалу төленуге тиісті сомадан жасалады.

3. Зейнетақыдан төленуге тиісті соманың 50% тен астамын ұстап қалуға болмайды.

Ерікті зейнетақы жарналарының ставкасы

1. Салымшы - жеке тұлғалар жинақтаушы зейнетақы қорларына ерікті зейнетақы жарналарын олармен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жағдайда өз пайдасына өз табыс есебінен енгізеді.

2. Алушының пайдасынан ерікті зейнетақы жарналарынан салымшылары оларды салық салынғаннан кейінгі табыс есебінен жүзеге асырған жағдайда жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкін.

3. Ерікті зейнетақы жарналарының ставкасы, оларды төлеу тәртібі, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін төлеу тәртібі ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт талаптарының келісімі бойынша белгіленеді.

Міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері

1. Жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адамдардың:

  1. 55 жасқа толғанда және жинақталған зейнетақы қаражаты ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес төлемді қамтамасыз ету үшін жеткілікті болғанда;
  2. егер мүгедектігі мерзімсіз белгіленсе, І және ІІ топтағы мүгедектердің;
  3. ҚР нан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен, кету ниетін немесе кету фактісін растайтын ҚР ның заңдарында белгіленген құжаттарды табыс еткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.

2. Жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар ҚР-ның заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.

Ерікті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері

1. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдеріне жинақтаушы зейнетақы қорларында жинақталған зейнетақы қаражаты бар мына адамдардың:

1) 55 жасқа толған адамдардың,

2) мүгедектердің

2. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар ҚР-ның заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.

Міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, жинақтаушы зейнетақы қорларының алушылары мен агенттердің құқықтары мен міндеттері.

1. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары мен жинақтаушы зейнетақы қорлары алушыларының:

1) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу үшін жинақтаушы зейнетақы қорын таңдауға,

2) жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым мен кастодиант банк туралы уәкілетті орган анықтайтын көлемде ақпарат алуға;

3) жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпарат алуға;

4) жинақтаушы зейнетақы қорының іс-әрекетін е сот тәртібімен шағым жасауға;

5) жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алуға;

6) өзінің жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан екіншісіне, бірақ жылына екі реттен асырмай, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен аударуға;

7) ҚР-ның заңдарына сәйкес өзінің жинақталған зейнетақы қаражатына өсиетхат қалдыруға;

8) ҚР-нан тыс жерлерге тұрғылықты тұруға кеткен кезде ҚР-ның заңдарына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражатын алуға;

9) жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорынан сақтандыру ұйымына аударуға;

10) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа және ҚР ның заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

2. Агенттердің қызметкерлерден міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың көшірмесін талап етуге құқығы бар.

3. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары мен жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін алушылар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зейнетақы жайлы
Қазақстан Республикасының тұрғындарының қорғау құқығы
Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің ұйымдық құрылымы
Зейнетақы қорланымының жалпы түсінігі, заңы, есептелу жүйесі
Орталықтан зейнетақы тағайындаудағы еңбек өтілі
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығында еңбек стажы
Аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік жәрдемақы,зейнетақы тағайындау бөлімі туралы
Азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыруға құқықғын қорғау
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандыруды ұйымдастыру
Орталықтан зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz