Қазақстан Республикасындағы зейнетақылық қамтамасыз ету: түрлері және тағайындау тәртібі


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Зейнетақы бұл тұлғаларға заңдарда белгіленген жасқа толған жағдайда, сонымен қатар еңбек сіңірген жылдары үшін, мүгедектігіне байланысты, асыраушысынан айырылған жағдайда Орталықтан немесе жинақтаушы зейнетақы қорларынан өмір сүрудің негізгі көзі ретіндегі ақша қаражатын ұзақ мерзімге ай сайын төлеу.

Қазақстан Республикасында зейнетақылардың келесі түрлері бар:

  1. еңбек зейнетақылары
  2. әлеуметтік зейнетақылар

еңбек зейнетақылары өз кезегінде келесі түрлерге бөлінеді:

  • жасына байланысты зейнетақылар;
  • мүгедектігі бойынша зейнетақылар;
  • еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақылар;
  • асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылар.

Зейнетақыларды тағайындау тәртібі. Жасына, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақылар осы тұлға белгіленген жасқа толған кезде және еңбек стажы (жалпы немесе арнайы) болған жағдайда, сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жағдайда тағайындалады.

Еңбек және өзге де қоғамға пайдалы қызметпен байланысты зейнетақылар орташа белгіленген нормалар бойынша жалақыдан есептеледі. Зейнетақы қатаң сомада белгіленеді.

Әлеуметтік зейнетақылар қандай да бір себептермен зейнетақының өзге түрлерін алу құқығын иеленбеген азаматтар үшін тағайындалады. Әдетте әлеуметтік зейнетақылар зейнетақылық жасжа жеткен, бірақ қажетті еңбек стажы жоқ тұлғаларға тағайындалады. Мұндай жағдайда, зейнетақы жалақыдан есептеле алмайтындықтан, ол тиісті зейнетақы ең төменгі мөлшерлерде белгіленеді.

Зейнетақылық қамсыздандыруды халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы арыз зейнетақы төлемдерін есептеу үшін қажетті стажы мен табысын растайтын құжаттармен қоса азаматтың тұрғылықты жері бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органға беріледі.

Орталықтан зейнетақы төлемдері зейнетақы тағайындауға өтініш берілген күннен бастап тағайындалады. Арыз бен қажетті құжаттарды зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органға бір мезгілде берген күн Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш берген күн болып есептеледі. Арыз бен қажетті құжаттарды поштамен жіберген жағдайда Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш берген күн болып бұларды поштадан жіберген күн есептеледі.

Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындауды зейнетақы төлемдерін тағайындаушы орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізеді.

Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындауға арналған құжаттарды қарауды халықты әлеуметтік қорғау органы құжаттар табыс етілген күннен бастап 10 күн мерзімнен кешіктірмей жүзеге асырады. Зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органы тиісті шешім шығарылғаннан кейін 5 күннен кешіктірмей бұл туралы арыз берушіге хабарлайды.

Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тартылған жағдайда зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органы бас тартудың себептерін жазбаша түрде негіздеп, табыс етілген құжаттарды арыз берушіге қайтаруға міндетті.

«Зейнетақы» сөзінің өзге де анықтамалары негізінен «зейнетақы алу құқығы туындау үшін алғышарт болып тұрақты немесе ұзақ мерзімдік еңбекке жарамсыздық табылады, сол себепті өмір сүрудің негізгі көзі ретіндегі жалақының орнына ақшалай төлемдер төленеді» деген пікірлер негізделеді.

Қазіргі кезде зейнетақы қандай да бір себептермен еңбекке қабілетін жоғалтқан, белгіленген жасқа толуына, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына және т. б. себептерге байланысты еңбек міндеттерін орындауды тоқтатқан немесе оны тоқтату құқығына ие тұлғалар үшін тағайындалады. Басқаша айтқанда, зейнетақыны тағайындау объективтік, сонымен қатар субъективтік сипаттағы белгілі бір талаптармен байланысты.

Біздің пікірімізше, зейнетақыны мемлекеттің сыйы ретінде, қайырымдылық әрекеті ретінде қарастыруға болмайды. Зейнетақы бұл әрбір азаматтың еңбегімен табылған жеке меншігі, оның зейнетақыға қатысты құқығы заңдармен қорғалады. Зейнетақы мынадай қағидаға жауап беруі тиіс: адам өз өмірінде қандай жұмыс істесе, ол солай зейнетақы алуы тиіс.

Сонымен, зейнетақы бұл тұлғаларға заңдарда белгіленген жасқа толған жағдайда, сонымен қатар еңбек сіңірген жылдары үшін, мүгедектігіне байланысты, асыраушысынан айырылған жағдайда Орталықтан немесе жинақтаушы зейнетақы қорларынан өмір сүрудің негізгі көзі ретіндегі ақша қаражатын ұзақ мерзімге ай сайын төлеу.

Қазақстан Республикасында зейнетақылардың келесі түрлері бар:

1. еңбек зейнетақылары

  1. әлеуметтік зейнетақылар

Зейнетақылық қамсыздандыруды халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы арыз зейнетақы төлемдерін есептеу үшін қажетті стажы мен табысын растайтын құжаттармен қоса азаматтың тұрғылықты жері бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органға беріледі.

Зейнетақылық қамсыздандыру құқығы келесі тұлғаларға тиесілі:

  • Қазақстан Республикасының азаматтарына;
  • Азаматтығы жоқ тұлғаларға;
  • Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдік азаматтарға (арнайы халықаралық келісімдер болған жағдайда) ;
  • Отбасына (асыраушысынан айырылған жағдайда) .

Орталықтан зейнетақы төлемдері өмір бойына тағайындалады және төленіп отырады.

Әлеуметтік зейнетақылар қандай да бір себептермен зейнетақының өзге түрлерін алу құқығын иеленбеген азаматтар үшін тағайындалады. Әдетте әлеуметтік зейнетақылар зейнетақылық жасжа жеткен, бірақ қажетті еңбек стажы жоқ тұлғаларға тағайындалады. Мұндай жағдайда, зейнетақы жалақыдан есептеле алмайтындықтан, ол тиісті зейнетақы ең төменгі мөлшерлерде белгіленеді.

Зейнетақылық қамсыздандыруды халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындауды зейнетақы төлемдерін тағайындаушы орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы қорғаншылық пен қамқоршылық: түрлері, құқықтық режимі және тағайындау тәртібі
Қазақстандағы зейнетақы жүйесі: түсінігі, түрлері және тағайындау тәртібі
Қазақстан Республикасындағы өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесі
Сот сараптамасының ұғымы, түрлері және тағайындау тәртібі
Қазақстан Республикасындағы орман басқаруын қамтамасыз ету мәселелері
Қазақстан Республикасындағы жас мүгедектерді әлеуметтік қорғау және материалдық қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасындағы метрологияның дамуы және мемлекеттік метрологиялық қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасындағы санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті экологиялық-құқықтық қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасындағы тасымалдау шарттарының орындалуын қамтамасыз ету: құқықтық және теориялық мәселелер
Қазақстан Республикасындағы қылмыстық жазаның түсінігі, мақсаттары және тағайындау жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz