Көпшілік алдында сөйленетін сөз құрылымы



Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

I. Кіріспе
Көпшілік алдында сөйленетін сөз құрылымы
II. Негізгі бөлім
Сөйлеуге күнделікті дайындалу
Нақтылы сөз сөйлеуге дайындалу
Ауызша сөзді дайындау кезеңдері
III. Қорытынды

Көпшілік алдында сөйленетін сөз құрылымы
Көпшілік алдында сөз сөйлеуге дайындалу шешендік өнердегі маңызды да
жауапты кезең. Д. Карнеги: Сөй-лейтін сөзін алдын ала дайындамай, көп
адамдар түзелмес қате жібереді, - дейді.
Дайындықтың екі түрі болады: күнделікті дайындық және нақтылы сөзге
дайындық.
Сөйлеуге күнделікті дайындалу
Сөйлеуге күнделікті дайындық шешеннің іс-әрекетінің әр түрін қамтиды.
1. Өздігінен білім алу. Бұл, яғни:
- жаңа білімдерді игеру;
- ғылым мен техниканың әрбір саласынан мәліметтер жинау;
- күнделікті баспасөзден, радио және телехабарлар-дан ақпарат алу;
- ғылыми-техникалық, публицистикалық және керкем әдебиетті оқу.
Шешеннің жалпы мәдениетінің қалылтасуы.
Шешендік өнерді адамның жалпы мәдениетінен бө-ліп қарауға болмайды. Бұл
мәселеге тек шешендік өнердің теоретиктері ғана емес, сонымен бірге
шешендік өнердің нағыз шеберлерімен араласқан адамдар да көңіл аударған.
Г.Н. Свешников аса білімді, жан-жақты адам болған. Механика немесе
математика саласындағы қажетті бір аньқтама алғысы келгендер дереу Георгий
Николаевичке телефон соғатын болған, ол кісі толық жауап берген. Кәсіби
білімдерінен басқа Г.И. Свешников латын және грек тілдерін, ежелгі дүние
мөдениетін, дүниежүзі әдебиетін жақсы білген, сонымен қатар француз, неміс,
ағылшын, итальян тілдерінде жақсы сөйлеген.
Жеке архивін қарастыру.
Көпшілік алдына жиі шығатын адамдарға айналасындағыларға ыждағатпен
қарап, қажет нәрселердің бәрін тізіп отыру қажет.
Өз сөзінде цитата, нақыл сөз, мақал-метел қолдану керек пе, т.б.
ойластырған жөн. Газет-журналдардан қиындылар, оқыған әдебиеттің қажетті
жерлерін көшіріп алу, мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді, афоризмдерді
жинастыру жөн.
Белгілі лектор-әдіскер Е.А. Адамовтың айтуынша, архивсіз лектор -
аспабы жоқ музыкантпен тең. Әрине, өмірдің барлық жаңальщтарына алдын ала
материалдар жинап қою мүмкін емес, бірақ қажетті түрде жинастыру дайындық
жұмыстарын жеңілдетіп, уақытыңды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Мұндай мүрағат шешенге келесі сөзге дайындалуға уақыты тығыз болып
қалғанда жедел көмек береді. Сондықтанда өзіңнің материалдарды жинау және
оларды жүйеге келтіру әдісіңді жасап, мұрағатыңды құрастыра бер.
Сөйлеу техникасын меңгеру.
Жақсы қойылған дауыс, сөйлеу кезінде дұрыс тыныс алу, анық дикция,
мінсіз дыбыстау шешенге аудиторияның назарын өзіне аударуға, сөйтіп айтайын
деген ойын тыңдаушыларға дұрыстап жеткізуге, олардың ақыл-ой,сана-сезіміне
ықпал жасауға мүмкіндік береді. Өзінің сөйлеу аппаратын үнемі жұмыс
қалпында ұстау үшін шешенге сөйлеу техникасын жақсарту жөніндегі арнаулы
жаттығуларды орындау керек.
Ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін арттыру. Күнделікті дайындық
ауызша және жазбаша сөйлеу мөдениетін арттырудың негізгі жолы болып
табылады. Әсіресе, күнделікті түрмыста сейлеу мөдениетін сақ-тауға
машықтанған пайдалы. Әр уақытта дұрыс, дәл, ашық және түсінікті тілмен
сөйлеуге жаттығу керек, ез ойыңды бейнелі және сезімді түжырымдай алу -
әркімге қажетті біліктілік.
Мысалы, егер адам күнделікті қатынаста бір сөздерді дұрыс айтпай не
оған екпінді тура түсірмей дағдыланса, сол теріс дағды көпшілік алдындағы
сөзде де қайталануы мүмкін, сондықтан да әрбір адамның өз сөзінің, әсіресе
көпшілік алдында айтылатын сөзінің таза, тура болуына баса назар аударғаны
жен.
Адамның жалпы дамуы, қажетті сөйлеу дағдыларын меңгеру, сөйлеу
мәдениетін арттыру үшін, іскерлік әңгімелерге, сабақтарда, пікірталастарда
жиі сөзге шығып түру керек, Ұдайы хат жазып түру шешендікке алғашқы қадам
басушылар үшін табылмас мектеп. Хаттарда әр түрлі әлеуметтік маңызы бар
мәселелерді талқылай оты-рып, хат иелері өздерінің сөз саптау мәнерлерін
жетілдіреді, ойын, пікірін жеткізуге машықтанады. Әрине, мүндай хаттарды
жазу оңай емес. Ол үшін ықылас, уақыт және табандылық керек. Бірақ, үлы
Цицеронның: Қалам - көркем сөздің ең жақсы, ең тамаша жасампазы әрі
үстазы деген нақыл сөзін ұмытпайық!
Көпшілікке арналған сөздерді сынап-талдау. Шешендік шеберлікті шыңдай
түсуге көпшілікке арналған сездерге сын көзімен қарап, талдаудың да
тигізетін пайдасы өте көп. Шешендердің радио, теледи-дар арқылы сөйлеген
сөздерін тыңдай отырып, әр түрлі мәжіліс, жиналыс, кеңестерге, көпшілікке
арналған дәрістерге қатыса жүріп, сөздердің мазмүнына ғана емес, сонымен
бірге шешеннің сөзінде не ұнады, не ұнамады, өз пікіріңше қандай тәсілдер,
қимылдар, сөз оралымдары сәтті болды, керісінше, қайсылары сәтсіз болды,
осының бәрін зерделі түрде бақылап отыру керек. Әсіресе, шешеннің
аудиторияда қалай жұмыс істейтіндігіне, тыңдаушылармен қалай байланыс
орнатқандығына, сөйлеу барысында кенет пайда болған жағдайдарда өзін қалай
ұстайтындығына мұқият қараған жөн.
Уақыт өткен сайын адам төжірибе жинай бастайды, өзгенің ғана емес,
өзінің де жетістіктері мен кем кетіктерін байқап, талдау жасауға мүмкіндік
алады. Шешен сөзінің күшті де осал да жактарын біліп, соларды талдау
негізінде сөйлеу шеберлігін арттыра түсу керек
Кѳпшілік алдында сѳйлеу тәсілін меңгеру. Күнделікті дайындықтың бір
белігі - ол шешендік өнер саласындағы әдістемелік білімдерді меңгеру болып
табылады. Шешеннің іс-әрекеті қандай кезеңдерден құралады, тыңдаушылармен
кездесуге қалай дайындалу керек, сөзді қалай құру керек, аудиторияны
меңгерудің қандай тәсілдерін қолданған пайдалы екендігін білу аса маңызды.
Шешендік өнердің тарихы атақты шешендердің қа-лай жұмыс істеп, сөзге
қалай дайындалғандықтары туралы көптеген деректерді сақтаған.
Сонымен, күнделікті дайындық - бұл шешеннің өзінің шеберлігін арттыру
жолындағы үздіксіз,қажымай-тал-май жұмыс істеуі. Мұндай жұмыс шешеннің
кәсіби дәрежесін арттырып, көпшілік алдындағы сөйлеудің негізін қалайды.
Нақтылы сөз сөйлеуге дайындалу
Нақтылы сөз сөйлеуге дайындалу, ең алдымен, оның тақырыбына,
сөйлеушінің алдына қойған міндет-мақсаттарына және ауызша сөздің түріне,
оның ерекшеліктеріне, тыңдаушылардың құрамына, т.б. байланысты. Мұның
барлығын нақтылы сөз сөйлеуге дайындық барысында ескерген жөн.
Сөздің тақырыбын анықтау.
Кез келген сөзге дайындық оның тақырыбын анық-таудан басталады. Мұның
өзінде де әр түрлі жағдаяттар болуы мүмкін. Кейде белгілі бір тақырыпқа
сөйлеуді ұсынады, яғни сөз тақырыбы алдын ала белгіленген болады. Бұл
жағдайда шешенге оны нақтап, анықтау қажет. Бірақ көбінесе тақырыпты өзің
таңдап алатын жағдайлар жиі кездеседі. Тақырып таңдағанда ѳз ѳмір
тәжірибеңді және таңдаған тақырыбың туралы қаншалықты хабардар екеніңді
естен шығармау керек. Оның бергі жағында таңдаған тақырыбыңыз тыңдаушыларға
қызық болғаны жөн.
Тақырыптың аты.
Тақырыпты таңдап алғаннан соң, оны қалай атау керек екендігін
жақсылап ойланған жөн. Тақырыптың аты барынша қысқа, түсінікті, анық болуы
керек. Ол сөздің мазмұнын алдын ала білдіріп, тыңдаушыларды қызықтыратындай
болғаны дұрыс. Тақырыптың аты сәтті болса, аудитория оған қызығып,
ықыласпен тыңдайды.
Ұзын тіркестер, таныс емес сөздерден түратын аттар тыңдаушыларға
жағымсыз әсер етеді, болашақ сөзге олардың тарапынан жағымсыз көзқарас
пайда болады. Өте жалпылама ат та онша үнамайды, Мысалы, дәрістің тақырыбын
Болашаққа қамқорлық деп алсаң, бірнеше сұрақ тууы мүмкін. Ең алдымен
кімнің қамқорлығы туралы сез болғалы отыр? Мемлекеттің бе, отбасының ба,
денсаулық сақтау орындарының ба? Екінші сұрақ, лектор кімдердің болашағына
қамқорлың туралы айтпақ-шы, оқушылардың ба, жұмысшылардың ба, мемлекеттің
бе, қаланың ба? Сондықтан да нақтылау ат берген жөн. Мысалы: Сақтандыру -
денсаулың кепілі, т.б.
Сөйлеген сөзінің таңырыбын түжырымдай алу - тек шешендер үшін ғана
емес, сонымен бірге мекеме басшыларына, менеджерлерге, қызметкерлерге аса
қажетті біліктілік.
Сөздің түрлері.
Тақырыбы табылғаннан кейін әдетте алдағы сөйлене-тін сөздің түрі
анықталады.
Аудитория мен шешеннің өзара атынастарының си-патына қарай ауызша
сөздің монологтік және диалогтік түрлері ажыратылады. Монологте негізінен
шешен сөйлейді де, тыңдаушылар үнсіз топ рөлін атқарады. Тыңдаушылар
белсенді түрде сөзге араласып, сѳйлеушіге сұрақтар беріп, онымен
пікірталасқа түссе монолог диалогке айналады.
Ауызша сөздің монологтік түрлерінің ішінен мыналар жиі кездеседі:
Дәріс - материалды белгілі мақсатқа сай баяндау (мысалы, банк
салымдарының түрлері туралы дәріс).
Хабарлама - (ақпараттау) - тыңдаушыларға әр түрлі оқиғалар, жағдаяттар
туралы жедел ақпарат беру, аудиторияға басқа деректерден белгілі
ақпараттарға түсініктеме беру, өндірісте, мекемеде жедел өндірістік жиындар
өткізу, т.б.
Әңгімелесу - бірнеше оқиға мен фактіні біріктіретін хабарламадан
айырмашылығы - бір фактіні не оқиғаны баяндайды. Әңгіменің тұлғалық сипаты
оны қызықты етіп, эмоциялық береді. (Мысалы, экскурсия жүргізушінің
мұражайдағы суреттің жазылу тарихы туралы әңгімесі).
Шолу - аудиторияға бір тақырыпқа жататын бірнеше факті мен оқиғаны
біртіндеп, егжей-тегжейлі түсіндіріп, шолу жасау.
Баяндама - адамдарға толық, жан-жақты ақпарат берудің кең тараған түрі,
белгілі бір тақырыпқа, оқиғаны талдауға, белгілі бір міндеттерді
тұжырымдауға (фирма басшысының жарты жылдық жүмыс қорытындысы туралы
баяндамасы) арналады.
Презентация - өзіне, фирмаға, идеяға, тауарға, қызметке, жобаға, т.б.
көңіл аудару үшін, бір нәрсеге сендіру үшін айтылатын сөздер.
Іскерлік ауызша сөйлеудің диалогтік түрлерінің кебірек тараған түрлері:
Әңгіме - жүргізушінің басшылығымен әр түрлі мөселелерді белгілі
мақсатпен сұрақ-жауап түрінде үжымдық талқылаудың түрі. Әңгіме жеке, кѳзбе-
кѳз (2 кісі) немесе топтың (8-10 кісі), үжымдық (25-30 кісі) болуы мүмкін.
Іскерлік әңгіменің жеке түрлері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аударма түрлері
Сөйлем туралы түсінік және олардың түрлері
Ауызша аударма
Дауыс
Сөйлеу тілі мен жазба тілдің ерекшеліктері
Шешендік сөз өнері және логика
Ілеспе аударманың түрлері
Жазбаша аударма
Ауызша аударманың түсінігі
СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ШЕШЕНДІК ӨНЕР
Пәндер