Қарыздар бойынша шығындар



Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
23 IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
Қарыздар бойынша шығындар

Бұл нұсқа 2005 жылғы 31 желтоқсанға дейін шығарылған түзетулері
енгізілген жаңа IFRS-нан туындайтын түзетулерді қамтиды.

23 IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
Қарыздар бойынша шығындар

МАҚСАТЫ
Осы Стандарттың мақсаты - қарыздар бойынша шығындарды бухгалтерлік
көрсету әдісін анықтау. Осы Стандарт, негізінен, қарыздар бойынша
шығындарды шығыстар ретінде дереу мойындауды талап етеді. Алайда Стандартта
баламалы әдіс ретінде белгілі бір талаптарға сай келетін активті сатып
алуға, салуға немесе өндіруге тікелей байланысты қарыздар бойынша
шығындарды капиталдандыруға жол береді.

ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
1. Осы Стандарт қарыздар бойынша шығындарды есепке алу үшін
қолданылуға тиіс.
2. Осы Стандарт 1983 жылы бекітілген 23-Қарыздар бойынша
шығындарды капиталдандыру ІАS Халықаралық қаржы есептілігінің
стандартын ауыстырады.
3. Осы Стандарт міндеттемелер ретінде қаралмайтын акционерлік
капитал (соның ішінде артықшылықты акциялар) жөніндегі нақты немесе
болжалды шығындарға қатысты емес.
АНЫҚТАМАЛАР
4. Төмендегі терминдар осы Стандартта аталған мәндерде
пайдаланылады:
Қарыздар бойынша шығындар - компания қарыз қаражатын алуға
байланысты жұмсаған пайыздық және басқа шығыстар.
Белгілі бір талаптарға сай келетін актив - болжалды пайдалануға
немесе сату үшін әзірлеу елеулі уақытты қажет ететін актив.
5. Қарыздар бойынша шығындар:
(а) банк овердрафттары мен қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді
несиелер бойынша пайызды;
(b) несиелерге байланысты жеңілдіктер немесе сыйақылар
өтелімін;
(с) несие алудың ұйымдастырылуына байланысты жеңілдіктерді
немесе сыйақылар өтелімін;
(d) қаржы лизингі жөніндегі, 17-Жалдау IAS Халықаралық
стандартына сәйкес есептілікте көрсетілген төлемдерді; және
(е) шетелдік валютадағы қарыздар нәтижесінде пайыздар төлеу
жөніндегі шығындар түзетуі деп саналатын дәрежеде пайда болатын
бағамдық айырмашылықтарды қамтуы мүмкін.
6. Белгілі бір талаптарға сай келетін активтердің мысалдары -
тауарлы күйге жеткізуге елеулі уақытты қажет ететін қорлар, өндірістік
компаниялар, электр стансалары және инвестициялық меншік. Өзге
инвестициялар және қайталанатын негізде және қысқа уақыт ішінде көп
мөлшерде күн сайын көп мөлшерде өндірілетін қорлар белгілі бір
талаптарға сай келетін активтер болып табылмайды. Сатып алу кезінде
мақсаты бойынша пайдалануға немесе сатуға әзір активтер де белгілі бір
талаптарға сай келетін активтерге жатпайды.
ҚАРЫЗДАР БОЙЫНША ШЫҒЫНДАР - ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ НЕГІЗГІ ТӘРТІБІ

Мойындау

7. Қарыздар бойынша шығындар олар жасалған кезеңдегі шығыстар
ретінде мойындалуға тиіс.

8. Есепке алудың негізгі тәртібіне сәйкес қарыздар бойынша
шығындар, олар жасалған кезеңдегі шығыстар ретінде несие алу шарттарына
қарамастан, мойындалуға тиіс.

Ақпаратты ашып көрсету
9. Қаржы есептілігі қарыздар бойынша шығындарды есепке алу
үшін қабылданған есепке алу саясатын ашып көрсетуге тиіс.
ҚАРЫЗДАР БОЙЫНША ШЫҒЫНДАР - ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ ЖОЛ БЕРУГЕ БОЛАТЫН БАЛАМАЛЫ
ТӘРТІБІ

Мойындау

10. Қарыздар бойынша шығындар, олардың 11-параграфқа сәйкес
капитал-дандырылатын бөлігінен басқасы, олар жұмсалған кезеңнің шығысы
ретінде мойындалуға тиіс.
11. Белгілі бір талаптарға сай келетін активті сатып
алуға, салуға немесе өндіруге тікелей қатысты қарыздар бойынша
шығындар сол активтің құнына қосу жолымен капиталдандырылуға тиіс.
Қарыздар бойынша шығындардың капиталдандыру үшін рұқсат етілген мөлшері
осы Стандартқа сәйкес анықталуға тиіс. (1)
12. Жол беруге болатын баламалы әдіске сәйкес белгілі бір
талаптарға сай келетін активті сатып алуға, салуға немесе өндіруге
тікелей байланысты шығындар сол активтің бастапқы құнына қосылады.
Қарыздар бойынша ондай шығындар, компанияның болашақта экономикалық
тиімділіктер алуы мүмкін және шығындарды сенімді түрде өлшеуге
болатын жағдайларда актив құнына қосу жолымен капиталдандырылады.
Қарыздар бойынша өзге шығындар олар пайда болған кезеңдегі шығыстар
ретінде мойындалады.
__________________________________
(1) Сондай-ақ қараңыз: 2 SIC Тізбектілік-қарыздар бойынша шығындарды
капиталдандыру.

Қарыздар бойынша капиталдандыру үшін рұқсат етілген шығындар

13. Қарыздар бойынша белгілі бір талаптарға сай келетін
активті сатып алуға, салуға немесе өндіруге тікелей байланысты шығындар
– тиісті активке шығындар жұмсалмаған болса, қарыздар бойынша жол
бермеуге болатын шығындар. Компания қаражатты тек белгілі бір
талаптарға сай келетін нақты активті сатып алу үшін қарызға алатын
болса, сол активке тікелей байланысты қарыздар бойынша шығындарды айқын
анықтауға болады.
14. Нақты қарыздар мен белгілі бір талаптарға сай келетін
актив арасындағы тікелей байланысты табу және анықтау басқа жағдайда
жол бермеуге болатын қарыздарды анықтау қиыншылық туғызуы мүмкін. Ондай
қиыншылықтар, мысалы, компанияның қаржы қызметі орталықтан
үйлестірілетін кезде пайда болады. Қиыншылықтар компаниялар тобы түрлі
пайыздық ставкалар бойынша қарыз қаражатын алу үшін бірқатар қарыз
міндеттемелерін пайдаланатын және сол қаражатты топқа кіретін
компанияларға түрлі негіздерде қарызға беретін кезде де пайда болады.
Валюта бағамдарының ауытқулары, сондай-ақ топтың шетелдік валютада
көрсетілген немесе жоғары инфляция жағдайларында онымен
байланыстырылған несиелерді пайдалануы жағдайды қосымша қиындатады.
Соның нәтижесінде белгілі бір талаптарға сай келетін активті сатып
алуға тікелей байланысты қарыз қаражатын пайдалану жөніндегі шығындар
мөлшерін анықтау қиындайды және субъективті баға беруді қажет етеді.
15. Қаражат белгілі бір талаптарға сай келетін активті сатып
алу үшін арнайы қарызға алынған шектерде қарыздар бойынша шығындардың
сол активке капиталдандыру үшін рұқсат етілген сомасы осы қарыз бойынша
кезең ішінде жұмсалған нақты шығындар ретінде, осы қарыз қаражатын
қысқа мерзімді инвестициялаудан түсетін кез келген инвестициялық
табысты шегере анықталуға тиіс.
16. Белгілі бір талаптарға сай келетін активті қаржыландыру
жөніндегі уағдаластықтар компанияның қарыз қаражатын алуына және сол
қаражаттың бір бөлігі немесе ол түгелдей сол активке жұмсалатын шығын
ретінде пайдаланылудан бұрын қарыздар бойынша оған байланысты
шығындардың пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін. Мұндай жағдайларда
қаражатты ол жұмсалғанға дейін белгілі бір талаптарға сай келетін
активке уақытша инвестициялауға болады. Кезең ішінде капиталдандыру
үшін рұқсат етілген қарыздар бойынша шығындар сомасын анықтау кезінде
сондай қаражат бойынша алынған кез келген табыс қарыздар бойынша шеккен
шығындар сомасынан шегеріледі.
17. Қаражат жалпы мақсаттарда қарызға алынған және белгілі бір
талаптарға сай келетін активті сатып алу үшін пайдаланылған шектерде
қарыздар бойынша капиталдандыру үшін рұқсат етілген сома сол активке
шығындарға капиталдандыру ставкасын қолдану жолымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есептің шоттар жоспары
Лизингтік операциялар есебі туралы
Қаржылық лизингке алынған негiзгі құрал жабдықтар
Дебиторлық қарыздар
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер қарыздарының есебі
ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Бюджет тапшылығы туралы
Лизингтік операциялар есебі
Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу есебі
Қаржылық емес агенттерге берілетін несие
Пәндер