М.Жұмбаевтың педагогика-психологиялы көзқарасы



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Ф.4.7-006-01

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
ҚББ институты

Психология және дефектология кафедрасы

Психология тарихы пәнінен

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: М.Жұмбаевтың педагогика-психологиялы көзқарасы

Орындаған: Ахметова Ж.
Тобы: ЗФК – 04 – 3к1
Қабылдаған: Ахметова А.К.

Шымкент 2009
МАЗМҰНЫ

І. Кіріспе 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..

ІІ. Негізгі бөлім
1. М.Жұмабаевтың педагогикалық қызметі 5
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
2. Педагогикалық және психологиялық көзқарастары 6
... ... ... ... ... .
3. Педагогика еңбегінің құндылығы 13
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .

ІІІ. Қорытынды 15
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер 16
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
.


Кіріспе

Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский облысында (қазіргі
Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, Молодежный совхозы) дүниеге
келген.
Ол 4 жасында ауыл мұғалімінен оқып, хат танып, сауат ашады. 1905 жылы
Қызылжардағы (қазіргі Петропавл) Мұқаметжан Бегалиев ашқан медресеге оқуға
түседі. Бұл медресені 1910 жылы үздік оқып бітіріп, Урадағы Ғалия
медресесіне оқуға түсіп, башқұрт жазушысы Сәйфи Құдаш, татар жазушысы
Ғалымжан Ибрагимов, жерлесі, көрнекті қазақ жазушысы Бейімбет Майлинмен
бірге оқиды.
Мағжан 1912 жылы Омбы қаласына келіп мұғалімдер семинариясына түсіп
оқиды. Семинарияда ол ақын Сәкен Сейфуллинмен танысады. Осы жылы ақын
өзінің Шолпан атты тұңғыш өлеңдер жинағын Қазан қаласынан бастырып
шығарды. 1912-1915 жылдары Омбыда семинарияда оқып жүрген кезде Қазақ
газетінің ректоры, белгілі тюрколы, қоғам қайраткері, көрнекті жазушы Ахмет
Байтұрсыновпен танысады. Шығыс, Батыс мәдениетінің білгірі, дарын иесі
жазушы Міржақып Дулатовтан дәріс алады.
М.Жұмабаев 1917-1918 жылдары қазақ даласында Алаш партиясын құрады. Ал
Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Ақмолада шығатын губерниялық Бостандық туы
газетінде қызмет істейді. 1920-1923 жылдары Мағжан Ташкент қаласында
шығатын Шолпан, Сана журналдарында, Ақжол газетінде қызмет етіп,
көптеген өлең-поэмалар жазады.
1923-1927 Мағжан Мәскеудегі Жоғары әдебиет-көркем өнер институтында
оқиды. Бұл жылдары ол орыс, батыс әдебиеттерін терең зерттеп, көрнекті ақын-
жазушы, мәдениет қайраткерлерімен достық қарым-қатынаста болды. 1929 жылы
М.Жұмабаев Алқа атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен 10
жылға сотталды. 1936 жылы М.Горький мен Е.Пешкованың араласуымен ақтолып,
1937 жылы ол қайта тұтқынға алынды. Ақыры 1938 жылы ақынның ғұмыры
мәңгілікке үзіледі.
Ол 1922 жылы тұңғыш Педагогика атты оқулық жазып, бала тәрбиесінің
проблемаларымен айналысушы мұғалімдер қауымына үлкен көмек көрсетті.
Сонымен бірге педагогика, психология ғылымдарының қазақ тіліндегі
терминдерін жасауға белсене ат салысады.
1. М.Жұмабаевтың педагогикалық қызметі

М.Жұмабаевтың ақындық өнерді өзінің қысқа өмірінде асқан шабытпен
жырлап нағыз поэзия билігіне самғаған, оның асқан асуларынан өлшеусіз нәр
алған бір туар әмбебеп зиялы қайраткер болды. Оның қаламынан сондай-ақ
көптеген әңгімелер мен мақалалар, оқу құралдары мен оқулықтар мен
(Бастауыш мектепте ана тілі - 1923, Сауатты бол - 1926), зерттеу
еңбектері туды. В.С.Иванов пен Д.Ж.Мамин-Сибиряктің көптеген әңгімелерін
қазақ тіліне тәжімалады. Мағжан поэзиясы адамның жан дүниесінің қыры мен
сырына терең бойлайтыны, оның адамның жан сезімін доп басып суреттейтіні
көпшілік оқырманды сүйсіндіріп келді. Сонымен бірге ол тәлім-тәрбие
ғылымының теориялық жағына төңкерістен кейін тұңғыш терең үңілушілердің
бірі болуы Мағжан дарынның тағы бір қырын көрсетеді. Осы тұрғыдан Мағжан
1922 жылы Педагогика атты (Ташкент, Орынбор) ғылыми еңбек жазды. Сол
кездегі көрнекті қазақ зиялыларының бірі – белгілі ғалым-педагог, публицист
М.Жолдыбаев осы кітаптың беташарына былай деп жазыпты: Заманға дәл жаңа
кітап шыққанша малданып, одан кейін оқып салыстырып қарап, бұрынғы
жазылғандардың адасқан жерін тауып отыруға Мағжан педагогикасы іздесе
таптырмайтын пайдалы тарихи материал. Бұл пікірден аумалы-төкпелі заманда
қулықтың құлындай қызғанышты дүниені додаға салудан тартынған салмақты
сыңай сезіледі.
Оқу құралының бірнеше бөлім педагогиканың жалпы мәселелеріне арналған.
Оның пікірінше тәрбие саласы төртке бөлінеді. Олар: дене, жан, ақыл
тәрбиесі, сұлулық пен әдеп-құлық тәрбиесі. Әрине, тәрбиенің бұдан басқа да
бірнеше түрлері бар, ол мұның басты-бастыларын ғана айтқысы келген болуы
керек. Автор олардың бір-бірімен табиғи тамырластығын тәлпештей түсіндіре
ке ліп, былай дейді: Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе,
оның тәрбиесі түгел болғаны. Егер де ол ыстық, суық, аштық, жалаңаштық
сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын күштерді елемейтін мықты берік денелі болса,
түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы
әуен, әдемі түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны
жиреніп, жақсылықты жаны тілеп, тұратын құлықты болса ғана адам баласының
дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы. Балам адам болсын деген ата-ана осы
төрт тәрбиені дұрыс орындасын... баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып
шығару - деу арқылы М.Жұмабаев тәрбие мақсатын келер күн талабымен ұштас
тырғысы келеді. Оның туған халқының тәлім-тәрбиелік баймұрасын игеру
жөніндегі бағыт-бағдары да құптарлық. Ұлт тәрбиесі – деп жазды ол, -
баяғыдан бері сыналып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші
сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс. Сол ұлт тәрбиесімен тәрбие
қылуға міндетті. Жұмабаев халық тәрбиесін қастерлей отырып, оны да жұрт
талқысынан өткізіп қабылдаудың қажеттілігін ескертеді. Талай нашар, зиянды
әдеттер әрбір ұлт тәрбиесі ішінде толып жатыр - дей келіп, автор
тәрбиешінің педагогикалық шеберлігін ұштау мәселелеріне ден қояды.

2. Педагогикалық және психологиялық көзқарастары
Мағжанның көшпелі қазақ тұрмысындағы тәлім-тәрбиеге байланысты
көзқарасында ұлттың болу ерекше байқалады. Киіз үйдің зиянды жағы болғаны
сияқты, - деп жазды ол, - пайдалы жағы да бар. Әңгіме сол киіз үйдің ішінде
баланы ұстай білуде. Шын таза ауа сол киіз үйде болмағанда қайда болады?
Тегінде жаратылыспен бауырласып құшақтасқан, алдынғадығ малымен бірге
жүріп, бірге өскен қазақ баласын аса нәзік қылып, үлбіретіп тәрбие
қылмағаны дұрыс болар еді. ... Қазақ баласының тәрбиесі қазақ тұрмысына
қатысуы мақұл. Оның ойлары адамның табиғатпен кіндіктескендігін ескере
келіп, оқу-тәрбие жұмысының жаратылыспен астарластығына мензейді. Табиғат –
анадан алшақтап, оған немқұрайлы салқындықпен сырт айналудың зардабын
бүгінгі ұрпақ көріп отырғаны белгілі. Қалай десек те, ғалымының ұстаздық
жүрегі, ақындық сезімі ұрпақ тәрбиесін табиғаттан тыс қарастыра алмағаны
анық.
Тәрбиедегі мақсұт адамды һәм сол адамның ұлтын, асса, барлық адамзат
дүниесін бағытты қылу. Ұлт мүшесі - әрбір адам бақытты болса, ұлты бақытты,
адамзат дүниесінің бәрі бақытты. Қысқасын айтқанда, тәрбиедегі мақсұтты
адам деген атты құр жола қып жапсырмай, шын мағынасымен адам етіп шығару.
Педагогикамен жақсы таныс болу керектігі. Балаға тәрбие қылғанда әрбір
тәрбиешінің алдымен қолданатын жолы - өз тәжірибесі. Яғни бала күнінде өзі
қандай тәрбие алған, һәм балаға өзі бұрын қалай тәрбие қылған, міне, осы
жолмен жүреді. Әрине, бұл жолды тіпті қисық жол деуге болмайды. Қысық болу
былай тұрсын, тәрбие туралы әрбір тәрбиешінің өз тәжірибесі аса қымбат
нәрсе. Адамның өз тәжірибесі – жүріп кеткен жолы. Ол жолдың жақсы-жаман
жағы көз алдында сайрап тұр, естігеннен көрген анық. Бірақ бұл , әркімнің
өз тәжірибесі қанша қымбат болғанымен, қатесіз жоқ деуге болмайды. Бір
адамның тәжірибесі тым бірбеткей тәжірибе. Тәрбиешінің өзіне қолайлы болған
жол тәрбие беретін балаға қолайлы болмасқа мүмкін. Тәрбиедегі мақсұт –
баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес. Келешек өз заманына лайық
етіп шығару ғой. Балаңды өзімдей бол деп үйретпе, өзімдей болма деп үйрет
деген Әзірет Әлінің сөзінде көп шындық бар.
Екінші, әрбір тәрбиешінің қолданатын жолы – ұлт тәрбиесі. Әрбір ұлттың
бала тәрбие қылуы туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт
тәрбиесін баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып, келе жатқан тақтай жол
болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті
және әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын
болғандықтан, тәрбиелей баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті.
Бірақ ұлт тәрбиесін, ұлттық тәрбие жолында ұстаған жолын түгелімен дұрыс
деуге болмайды...
Жоғарыда айтылғаннан көрінді, балаға шын дұрыс тәрбие беру үшін
тәрбиешінің өз тәжірибесі, һәм ұлт тәрбиесімен таныс болуы ғана жетпейді
екен. Бұлар бірбеткей, шикі тәжірибелер. Бұлар сыннан өткізіліп,
пісірілмеген күйде берік негіз бола алмайды. Бұлардың арасынан жақсы-
жаманын, алтын мен мысын теріп ала білу үшін тәрбие майданында шығып,
ысылған тарландардың тәжірибелерімен, түрлі заманда шыққан тәрбие
ғалымдарының ойларымен, қысқасы, тәрбие туралы дұрыс жолға түсіретін тәрбие
пәнімен, яғни педагогикамен жақсы таныс болуы керек.
Дене тәрбиесі. Жаңа туған бала бір кесек ет қана деуге болады. оның жан
тұрмасы әлі білінбейді. Сондықтан ата-ана жас баланы тәрбиелегенде күшінің
көбін баланың дене тәрбиесіне жұмсауға міндетті. Дене тәрбиесіне жеңіл
қарауға болмайды. Жан дұрыс тәрбие етілсе болады, дененің қанша керегі бар
деп ойлауға болмайды, дұрыс емес. Дене – жанның қабы. Қап берік болса,
ішіндегі зат та берік болмақ. Дене – жанның құралы. Құралы мықты болса,
ішіндегі зат та берік болмақ. Сау жан сау денеде ғана болады деген
адамзат дүниесінің ескі мәтелі – шын, дұрыс мәтел.
Бөлеу һәм бесік. Педагогика ғалымдары бала бөлеуге атымен қарсы.
Баланың дұрыс өсуіне, қаны жүруіне, асы сіңіуіне кесел деген көп дәлелдер
көрсетеді. Бұл дәлелдердің салмақты екендігіне талас жоқ. Бірақ, қазақ
тұрмысы көзімен қарағанда, бөлеуден безуге бола қоймас. Көшпелі абыр-сабыр
тұрмыста бөлеудің пайдасы да бар шығар. Мәселе бөлей білуде. Тас қып бөлеп
тастасаң, қанын тоқтатпақ түгіл, жанын да шығарып аларсың. Саулығына зиян
келтірмей бөлеу туралы ой жүгірту үшін бесік жайында сөз қозғамай болмайды.
Қазақ бесігі – аса ұсталықпен жасалған нәрсе. Жөргегі, тартпалары,
астындағы тесігі, шүмегі, түбегімен баланың таза, жинақы жатуына көп
себепші ...
Жан тәрбиесі. Бастапқы кезде баланың жан тұрмысы жолменді білінбейді.
Бала өскен сайын бірте-бірте біліне бастайды. Сондықтан баланың дене
тәрбиесі мен жан дүниесін қатар алып бару керек. Қатар алып бару емес, бала
өскен сайын тәрбиелей күшінің көбін баланың жан тәрбиесіне жұмсай беруге
міндетті. Тегінде берік ұғу керек, адамның қымбат нәрсесі де, жұмбақ
нәрсесі де сол жан. Қиын тәрбие тілейтін де сол жан. Жанды дұрыс тәрбиелеу
үшін жанның жайын баяндайтын ғылыммен таныс болу керек.
Педагогика пәні ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Науқастың психологиясы, оның психикасының ерекшеліктері
Педагогика пәні бойынша әдістемелік құрал
Педагогикалық психология негіздері
ДИДАКТИКА ТУРАЛЫ ҰҒЫМ
Оқушылардың бойында адамгершілік тәрбие негіздерін қалыптастыру
Жүсіпбек Аймауытұлының өмірбаяны
Этнопедагогика ғылым және оқу пәні ретінде
Мектепке дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесі
Мектепалды тобындағы балалардың даму ерекшеліктері
Психодиагностиканың қалыптасу тарихы
Пәндер