Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарын бекіту туралы


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 134 бет
Таңдаулыға:   

Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы N 281 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 29 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6314 болып енгізілді

Қолданушылардың назарына!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 292-ө Өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 116-бабының 3-тармағын, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық акті тізбесінің 57-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудиторлық қызмет әдіснамасы департаменті (А. О. Төлеуов) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленгентәртіпте ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.

Министр Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 15 маусымдағы
№ 281 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары

1. Жалпы ережелер

1. Осы мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары (бұдан әрі - Шоттар жоспары) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес әзірленген.

2. Шоттар жоспары

2. Шоттар жоспары қаржылық есептілік элементтерін топтауға және құндық мәнде ағымдағы көрсетуге арналған.
3. Шоттар жоспарда бухгалтерлік есептің синтетикалық шоттары осы Шоттар жоспарға 1-қосымшаға сәйкес өтімділігін азайту тәртібімен орналастырылған және нөмірлерінің төрт саны бар. Нөмірдің бірінші саны бөлімдерге тиістілігін, екіншісі - кіші бөлімдерге тиістілігін, үшіншісі - синтетикалық шоттардың топтарына тиістілігін, төртінші сан - қосалқы шоттарға тиісті.

3. Шоттар жоспарының бөлімдері

4. Шоттар жоспары мынадай бөлімдерді қамтиды:
1 бөлім - «Қысқа мерзімді активтер»;
2 бөлім - «Ұзақ мерзімді активтер»;
3 бөлім - «Қысқа мерзімді міндеттемелер»;
4 бөлім - «Ұзақ мерзімді міндеттемелер»;
5 бөлім - «Таза активтер/капитал»;
6 бөлім - «Кірістер»;
7 бөлім - «Шығыстар»;
8 бөлім - «Өндіріске және басқа мақсаттарға арналған шығындар»;
9 бөлім - «Баланстан тыс шоттар».

4. 1 «Қысқа мерзімді активтер» бөлімінің шоттары

5. 1 «Қысқа мерзімді активтер» бөлімінің шоттары қысқа мерзімді ретінде жіктелетін мемлекеттік мекемелердің активтерін нақты сомасын және қозғалысын есепке алуға арналған.
6. 1 «Қысқа мерзімді активтер» бөлімі мынадай кіші бөлімшелерді қамтиды:
1000 «Ақша қаражаты және олардың баламалары»;
1100 «Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары»;
1200 «Қысқа мерзімді дебиторлық берешек»;
1300 «Қорлар»;
1400 «Өзге қысқа мерзімді активтер».
7. 1000 «Ақша қаражаты және олардың баламалары» кiшi бөлiмi - қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында және мемлекеттік мекемелердің шоттарында ақша қаражатын және олардың баламаларын есепке алуға арналған.
Осы бөлімше мынадай шоттарды қамтиды:
1010 - «Кассадағы ақша қаражаты» шоты мемлекеттік мекеме кассасындағы ақша қаражатының нақты сомасын және қозғалысын есепке алуға арналған;
1020 - «Мемлекеттік мекеменің ағымдағы шоты» шоты мемлекеттік мекеме ағымдағы шотындағы ақша қаражатын есепке алуға арналған;
1030 - «Есеп айырысу шоты» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінен (бұдан әрі - СІМ) Қазақстан Республикасының елшіліктері және өзге шетелдік мекемелер алған ақша қаражатын есепке алуға арналған;
1040 - «Түсімдер мен есеп айырысуларды есепке алу үшін ҚБШ» демеушілік және қайырымдылық көмек, ақылы қызметтер, ақшаны уақытша орналастыру ақшасы бойынша мемлекеттік мекеменің, жергілікті өзін-өзі басқарудың, нысаналы қаржыландырудың ақша қаражатын есепке алуға арналған. Осы шот мынадай қосалқы шоттарды қамтиды:
1041 - «Демеушілік және қайырымдылық көмек ҚБШ», мұнда Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемелерге арналған демеушілік және қайырымдылық көмек түріндегі түскен ақша қаражатын есепке алады;
1042 - «Ақылы қызметтер ҚБШ», мұнда мемлекеттік мекемелер иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден алған және Бюджет кодексіне сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметі анықтаған тәртіпте пайдаланылатын ақша кірістері мен шығыстары есепке алынады;
1043 - «Ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ», мұнда Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қайтарып алу шартымен мемлекеттік мекемелерге аударылған немесе белгілі бір жағдай туғанда сәйкесінше бюджетке немесе үшінші жаққа берілген ақша қаражат қозғалысы есепке алынады;
1044 - «Жергілікті өзін-өзі басқару ҚБШ», онда Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару заңнамасына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыру үшін ақшаның түсімі мен жұмсалуы есепке алынады;
1045 - «Нысаналы қаржыландыру ҚБШ», мұнда есептелген бюджет қаражаты және оларды ерекше шығыстарды жүргізуге пайдалану есепке алынады (нысаналы қаржыландыру шоты) ;
1050 - «Шетелдік валютадағы шот» мемлекеттік мекеме жүргізетін есепті кезеңнің соңғы күніне қолданылатын және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірлесіп белгілеген тәртіпте анықталатын валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша шетелдік валютаны қайта есептеу жолымен алынған Қазақстан Республикасы валютасында валюталық операцияларды есепке алуға арналған;
1060 - «Арнайы шот» шоты бюджеттік бағдарлама әкімшілігімен қарызға алынған қаражаттардың (сыртқы қарыздар және гранттар) кірісі мен шығысы бойынша қаржылық операцияларды есепке алуға арналған. Осы шот келесі қосалқы шоттарды қамтиды;
1061 - «Гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты», мұнда грантпен байланысты қаражаттардың кірісі мен шығысы бойынша қаржылық операцияларды есепке алады;
1062 - «Сыртқы қарыздар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты», мұнда сыртқы қарыздардың (қарызға алынған қаражаттар) кірісі мен шығысы бойынша қаржылық операцияларды есепке алады;
1070 - «Өзге де ақша қаражаты» шоты алдыңғы қосалқы шоттарда көрсетілмеген басқа да ақша қаражаттарын есепке алуға арналған. Осы шот келесі қосалқы шоттарды қамтиды;
1071 - «Аккредитивтер», мұнда мемлекеттік мекемелердің жеткізуші алдында алынған активтер үшін пайда болған төлемдерге сәйкес міндеттемелер бойынша ашылған аккредитивтер сомасы есепке алынады;
1072 - «Ақша құжаттары», мұнда өзге ақша құжаттары есепке алынады;
1073 - «Жолдағы ақша қаражаты» мұнда шетел мекемелерінің шығындарын қаржыландыру СІМ-не аударылған, бірақ СІМ-нің шетел мекемелерінің есеп айырысу шотына түспеген ақша қаражат қозғалысын есепке алынады;
1074 - «Өзге де ақша қаражаты», мұнда алдыңғы қосалқы шоттарда көрсетілмеген өзге ақша қаражаты есепке алынады;
1080 - «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шоты республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары бойынша қаражат қозғалысын есепке алуға арналған. Осы шот келесі қосалқы шоттарды қамтиды:
1081 - «Жеке қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», мұнда мемлекеттік мекемелердің қызметін қаржыландыру, мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерді қаржыландыруды қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар сомасы есепке алынады;
1082 - «Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», мұнда күрделі салымдарды қаржыландыру бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар есепке алынады;
1083 - «Басқа да бюджеттердің есебінен міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», мұнда республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерге олар жергілікті бюджет есебінен міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар алу кезінде және керісінше жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерге белгілі бір мақсаттарға республикалық бюджеттен міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар алу кезінде мемлекеттік мекеменің міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулардың қозғалысы есепке алынады;
1084 - «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», мұнда трансферттер бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар есепке алынады, олар жалпы сипаттағы трансферттер, нысаналы ағымдағы трансферттер, нысаналы даму трансферттері, жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерге және әлеуметтік көмекке берілетін трансферттер болып бөлінеді;
1085 - «Субсидиялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», мұнда мемлекеттік бюджет, жергілікті бюджет немесе жергілікті органдар, жеке және заңды тұлғалар арнайы қор қаражаттар есебінен ақшалай жәрдемақылар түріндегі субсидиялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар есепке алынады;
1086 - «Республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетін түсімдермен байланысты операциялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» мұнда республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетін түсімдер есебінен мемлекеттік мекемелердің шығыстары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар сомасы есепке алынады;
1087 - «Сыртқы қарыздардың және байланысты гранттардың есебінен жобалар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», мұнда сыртқы қарыздардың және байланысты гранттардың есебінен жобалар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар сомасы есепке алынады;
1090 - «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шоты жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар сомасының қозғалысын есепке алу үшін арналған. Бұл шот келесі қосалқы шоттарды қамтиды;
1091 - «Жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», мұнда мемлекеттік мекеменің қызметін ұстауға жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар сомалары есепке алынады;
1092 - «Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», мұнда күрделі салымдарды қаржыландыру бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар есепке алынады;
1093 - «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», мұнда бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің пайдалану үшін трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар есепке алынады, олар жалпы сипаттағы трансферттерге, нысаналы ағымдағы трансферттерге, нысаналы даму трансферттеріне бөлінеді;
1094 - «Субсидиялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», мұнда мемлекеттік бюджет, жергілікті бюджет немесе жергілікті органдар, жеке және заңды тұлғалар арнайы қор қаражаттар есебінен ақшалай жәрдемақылар түріндегі субсидиялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар есепке алынады;
1095 - «Жергілікті бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетін түсімдерге және олардың жұмсалуына байланысты операциялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» мұнда жергілікті бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетін түсімдер есебінен мемлекеттік мекемелердің шығыстарына бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар сомасы есепке алынады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 12. 10. 2013 № 482 бұйрығымен (алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) .
8. 1100 «Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары» кіші бөлімі қысқа мерзімді қаржылық құралдарды есепке алу үшін арналған. Бұл бөлімше келесідей шоттарға бөлінеді:
1110 - «Қысқа мерзімді берілген қарыздар» шоты қысқа мерзімді мемлекеттік мекемелерге ұсынылған қарыздарды есепке алу үшін арналған.
1120 - «Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары» шоты қысқа мерзімді қаржы инвестицияларды есепке алу үшін арналған (акциялар, мемлекеттік және жергілікті қарыздардың пайыздық облигациялары, депозиттік сертификаттар, салымдар, туынды бағалы қағаздар және басқа қаржы инвестициялары) .
1130 - «Қысқа мерзімді қаржы инвестицияларының құнсыздануына арналған резерв» шоты қаржы инвестицияларының құнсыздануына арналған резервтерді есепке алу үшін арналған.
9. 1200 «Қысқа мерзімді дебиторлық берешек» бөлімшесі қысқа мерзімді дебиторлық берешектерді есепке алу үшін арналған. Бұл бөлімше келесідей шоттарға бөлінеді:
1210 - «Бюджеттік төлемдер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шоты бюджеттік төлемдер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешектерді есепке алу үшін арналған. Бұл шот келесі қосалқы шоттарды қамтиды:
1211 - «Жеке тұлғаларға трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», мұнда жеке тұлғалармен жасалатын есеп айырысулар көрсетіледі:
әлеуметтiк төлемдер және әлеуметтiк көмектер бойынша,
қызметкерлер мен қызметшiлерге еңбекте алған жарақат, не болмаса заңнамаға сәйкес олардың еңбектегi мiндеттерiн орындауға байланысты өзге де денсаулығын зақымдаған залалдың орнын толтыру бойынша,
қаза болған, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына төленетін біржолғы төлемдер бойынша,
демалысқа кеткен кезінде шұғыл қызметтің әскери қызметшілеріне, әскери (арнайы) оқу орындарының курсанттарына азық-түлік үлесінің орнына ақшалай өтемақы,
жеке тұлғаларға басқа да трансферттер бойынша.
1212 - «Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» бюджеттік бағдарламалардың әкімшілектері облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне дамыту үшін бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттер және нысаналы трансферттер бойынша есептемелерін есепке алу үшін арналған.
1213 - «Нысаналы даму трансферттері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» дамытуға нысаналы трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешекті есепке алу үшін арналған.
1214 - «Жеке тұлғаларға субсидиялар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», мұнда жеке тұлғаларға субсидиялар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек есепке алынады.
1215 - «Заңды тұлғаларға субсидиялар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», мұнда заңды тұлғаларға субсидиялар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек есепке алынады.
1216 - «Зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеуге трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», мұнда республикалық бюджеттен халыққа төлеу үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгiнiң зейнетақыларды және жәрдемақыларды төлеу жөнiндегi мемлекеттік орталыққа (мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, арнайы мемлекеттік жәрдемақылар, жерлеу үшін жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдер) бөлінген қаражаттар қозғалысы есепке алынады.
1220 - «Бюджетпен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шоты салықтар үшін бюджетпен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешекті (жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер және өзге салықтар), және де мемлекеттік мекемемен бюджетке артығымен аударылған сомаларды есепке алу үшін арналған.
1230 - «Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлердiң қысқа мерзiмдi дебиторлық берешегi» өтеу мерзiмi бiр жылға дейiнгi сатылған активтер, орындалған жұмыстар және көрсетiлген қызметтер, сондай-ақ музыка мектептерінде балалардың оқуы үшiн, мектеп-интернаттарда тәрбиеленушiлердi ұстау үшiн, мектеп жанындағы интернаттарда балалардың нысанды киім-кешегі үшін, тамақтануы үшiн есеп айырысулар есепке алынады. Бұл шот мынадай қосалқы шоттарды қамтиды:
1231 - «Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлердiң қысқа мерзiмдi дебиторлық берешегi», мұнда өтеу мерзiмi бiр жылға дейiнгi сатылған активтер, орындалған жұмыстар және көрсетiлген қызметтер үшiн сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық берешегi көрсетіледі, кәсіптік техникалық білім беру мекемелерінде тапсырыс берушілермен орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер үшін және сатылған дайын өнімдер үшін есеп айырысулар, сондай-ақ өндірістік оқыту үдерісінде оқушылар орындаған жұмыстар үшін кәсіпорындармен және мемлекеттік мекемелермен есеп айырысулар есепке алынады;
1232 - «Төлемдердiң арнайы түрлерi бойынша қысқа мерзiмдi дебиторлық берешек», мұнда өтеу мерзiмi бiр жылға дейiн музыка мектептерінде балалардың оқуы үшiн, интернат мектептерде тәрбиеленушiлердi ұстау үшiн, нысанды киім-кешек үшін, мектеп интернаттардағы балалардың тамақтануы үшiн есеп айырысулар есепке алынады;
1240 - «Ведомстволық есеп айырысулар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» ведомстволық есеп айырысулар бойынша мемлекеттік мекемелердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегін есепке алуға, соның ішінде өтеу мерзімі бір жылдан кем емес ішкі кредит беруге арналған. Бұл шот келесі қосалқы шоттарды қамтиды:
1241 - «Ішкі ведомстволық есеп айырысулар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» ішкі ведомстволық есеп айырысу бойынша өз жүйесінің мемлекеттік мекемелерде берешек, оның ішінде қайтару негізінде кредит сомасы (ішкі кредит беру бойынша) республикалық және жергілікті бюджет қаражатының есебінен берілген кредиттер сомалары бойынша.
1242 - «Ведомствоаралық есеп айырысулар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» ведомствоаралық есеп айырысу бойынша өз жүйесінің мемлекеттік мекемелерде берешек, оның ішінде қайтару негізінде кредит сомасы (ішкі кредит беру бойынша) республикалық және жергілікті бюджет қаражатының есебінен берілген кредиттер сомалары бойынша.
1250 - «Алынуға тиісті қысқа мерзімді сыйақылар» шоты қарыздар, қаржы инвестициялары, жалдау және алуға басқа да сыйақылар бойынша есептелген сыйақылар бойынша дебиторлық берешекті есепке алу үшін арналған.
1260 - «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» қызметкерлердің активтерді сатып алуға есеппен берілген ақша қаражаты, қызметтерге ақы төлеуге, қызметтік іссапарларға қызметкерлерге берілген қарыздар бойынша, сондай-ақ қызметкерлердің өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегін есепке алу операциялары үшін арналған. Бұл шот келесі қосалқы шоттарды қамтиды:
1261 - «Есеп беретін сомалар бойынша қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», мұнда есеп беретін тұлғалармен оларға іссапар шығыстарына аванспен, сондай-ақ қолма-қол ақшасыз жолмен жүргiзiлуi мүмкін емес шығыстарды төлеу үшін берілген есеп айырысулар есепке алынады.
1262 - «Қызметкерлермен басқа есеп айырысу түрлері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», мұнда активтердің анықталған жетіспеушіліктері мен талан-таражға түсуі бойынша, алдыңғы қосалқы шоттарда көрсетілмеген өтеу мерзімі бір жылға дейінгі басқа да есептеу түрлері бойынша адамдардың берешегі есепке алынады;
1270 - «Жал бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шоты ағымдағы кезеңде операциялық және қаржылық жал бойынша есептелген жал төлемдерін есепке алу үшін арналған.
1280 - «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешектер» шоты алдыңғы шот топтарында көрсетілмеген өтеу мерзімі бір жылға дейін өзге дебиторлық берешегі бойынша операцияларды есепке алу үшін арналған.
1290 - «Күмәнді дебиторлық берешектер бойынша резерв» шоты күмәнді дебиторлық берешектер бойынша резервтерді құруға және оның қозғалысына байланысты операцияларды есепке алу үшін арналған.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Қаржы министрінің м. а. 2012. 07. 11 № 338 (2013. 01. 01 бастап қолданысқа енгізіледі) ; 12. 10. 2013 № 482 (алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
10. 1300 «Қорлар» кіші бөлімі шоттарында мемлекеттік мекемеге жататын құрылыс материалдары, орнатуға құрал-жабдықтар, материалдар, тамақтану өнімдері, отын және жағармай, азық, жем, ыдыс, машиналар мен құрал-жабдықтарға запас бөлшектер, көмекші шаруашылық өнімдері мен бұйымдары, бордақыдағы малдар мен мал төлдері, оқыту, ғылыми және басқа да мақсаттарға материалдар, және де лабораториялық сынаулар мен ұзақ мерзім қолдану материалдары, ғылыми-зерттеу жұмыстардың шаруа келісімшарттары үшін арнай құрал-жабдықтарды есепке алу үшін арналған.
Бұл кіші бөлім келесідей шоттарды біріктіреді:
1310 - «Материалдар» шоты материалдар және олардың заттық сипаты бойынша есепке алу үшін арналған. Бұл шот келесі қосалқы шоттарды қамтиды:
1311 - «Құрылыс материалдары», мұнда құрылыс және монтаждау жұмыстары үдерісінде пайдаланылатын құрылыс материалдары есепке алынады. Құрылыс материалдарына силикат материалдары (цемент, құм, қиыршақ, әк, тас, кiрпiш, қыш), құрылыс металы (темiр, қаңылтыр, болат, табақталған мырыш), металл бұйымдар (шегелер, гайкалар, болттар, құрсаулау бұйымдары), санитарлық-техникалық материалдар (крандар, муфталар, тройниктер), электротехникалық материалдар (кабель, шамдар, патрондар, роликтер, сымдар, сақтандырғыш тетiктер, оқшаулағыштар), химиялық-жағу (сыр, олифа, толь) және басқа осыған ұқсас материалдар жатады;
1312 - «Оқу, ғылыми және басқа мақсаттарға арналған материалдар», мұнда реактивтер мен химикаттар, қара металдардың сынықтары мен қалдықтары, түсті металдардың сынықтары мен қалдықтары, арнаулы қор материалдары, әйнек және химиялық ыдыстар, металдар, электроматериалдар мен радиоматериалдар, радиошамдар, фотожарақтар, оқу бағдарламалары, оқулықтар мен ғылыми жұмыстарды шығаруға арналған қағаздар, тәжірибелік жануарлар мен оқу мақсаттарына және ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған материалдар, сондай-ақ тіс салуға арналған қымбат бағалы және басқа металдар, ату жарақтары, белсенді өңдеу, арнайы өңдеу және газсыздандыру материалдары, ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған ұзақ мерзімді қолдану материалдары, және де шаруашылық келісім ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау үшін алынған арнайы құралдар есепке алынады.
1313 - «Дәрі-дәрмектер және байлап-таңу құралдары», мұнда шығыстардың экономикалық сыныптамасының тиісті ерекшелігі бойынша қаржыландыру жоспарында қаржы бөлу көзделген емдеу-алдын алу және емдеу-мал дәрігерлік және басқа мемлекеттік мекемелердегі дәрі-дәрмектер, құрамдық заттар, бактериялық препараттар, сарысулар, екпелер, қан, байлап-таңу құралдары, өзге дәрілік құралдар және медициналық мақсаттағы бұйымдар есепке алынады. Бұл қосалқы шотта сондай-ақ өз дәріханалары бар медициналық мекемелердегі қосымша және дәрі жасайтын материалдар есепке алынады;
1314 - «Тамақ өнімдері», мұнда шығыстарын экономикалық сыныптаудың ерекшелігі бойынша қаржыландыру жоспарында

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның ақша қаражатының есебі
Республикалық және жергілікті бюджеттердің кассалық орындалуына қазынашылық бақылаудың қазіргі жүйесін талдау
Талдықорған балалар туберкулезіне қарсы санаториясы денсаулық
Қазақстан Респубикасының Қазынашылығы туралы
Қазынашылықты ұйымдастыру ,оның бюдежттің орындалуындағы рөлі
Бюджетті бағдарламаларды бағалау рәсімдері
Мемлекеттік мекемелерде кассалық операциялар жүргізу
Қаржылық аудиттің әдістемесі
Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу есебі
Зерттеу объектісі ретінде алынған еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру жүйесін жан-жақты қарастырып талдап оны жетілдіру жолдарын және нарықтық талаптарға сай жағдайға әкелу бағыттарын зерделеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz