Орта ғасырдағы христиан философиясы


Тақырыбы: Орта ғасырдағы христиан философиясы
Жоспар:
- Ортағасырлық схоластика
- Номинализм және реализм бағыттары
- Ансельм Кертерберский
- Пъер Абеляр
- Фома Аквинский
- Дунс Скотт
- Роджер Бэкон
- Уильям Оккам
Ортағасырлық схоластика
Феодалдық қоғамдық қатынастардың даму барысында ортағасырлық схоластика (латын сөзінен шыққан «мектеп» деген мағына береді) қалыптаса бастады. Феодалдық қоғам құл иеленушілік құрылыстық ыдырауынан кейін пайда болды. Бұл қоғам негізінен екі топтан тұратын еді. Үстем тап- феодалдар мен қаналушы тап- басыбайлы шаруалар әрі бірлік, әрі күрес жағдайында болды. Олардан басқа қолөнершілер мен саудагерлер қосалқы таптарға жатады.
Феодалдық қоғамда дінбасыларының билігі үстем болды. Тақуалық ғибадатханалардың иелігіндегі жерлер орасан зор көп болды, ал тақуалық ғибадатханалардың ғимараттары қамал түрінде салынды. Олар жер өңдеу, ағартушылық жұмыстар мен мәдени дамудың орталықтарына айналды. Батыс Еуропадағы феодалдық қоғамның философиядағы, нақтылы ғылымдардағы қол жеткен табыстары, негізінен ортағасырлық шығыста сақталып қана қоймай, сонымен қатар шығармашылықпен ілгері дамытылып отырды. Ал, Батыс Еуропаның Рим империясының күйреуінен кейін пайда болған жасм мемлекеттерінде (Италия, Франция, Англия, Германия) сауаттылық күрт төмендеп кетті. Бұл кезде христиан діні үстемдікке қол жетізген соң, шіркеулер сауаттылықтың, қолжазбалар сақтау ісінің ошағы болды. Осыған орай дінбасыларының материалисттік философияға жауыққандығына байланысты, антикалық рухани мұралардың тек қана идеалисттік ілімдері ған уағыздалуға құқықты болды. Сондықтан да ортағасырлық Шығыста және арабтар бағындырған Испанияның кейбір аймақтарында араб тілді философия мен ғылымның дамуы ХІV ғасырға дейін Еуропаға қарағанда озық үлгіде болды. Бірақта мәдени даму дәрежелерінің алғышарттық айырмашылықтарына қарамастан, Еуропада да, Шығыста да феодалдық қоғамдық құрылыс қалыптасты, екі жақта діни идеология үстем болды. Адамдар сансында таптар арасындағы күрес діни идеологиялық сипат алды, философия Еуролпада шіркеудің, дінбасыларының құлақкесті күңіне айналды, ал христиан дініне келсек, ол үстемдікке бірден жете алған жоқ. Ол өз үстемдігі үшін политеизм мен неоплотонизмге қарсы ұзақ уақыт жанкешті күрес жүргізді. Неоплотонизм философиясы мен оның мектебі император Юстинаның үкімімен 529 жылы ресми түрде жабылды. Осының салдарынан философиялық салада схоластика үстемдігі басталды. Алғашқыда бұл философия мектептерде, кейіннен университеттерде ресми пән ретінде оқытылды. әубаста «Схоластика» деген сөз мектеп деген сөздің мағынасын білдірген болса, кейіннен бедел мен атаққа табынған, тәжірибеден, өмірден тым алшақ, керенаулық сарыны басым, мүлде нәтижесіз тілбезеуге, көкемілжындыққа бой ұрған ғылымсымақтың атауы ретінде қалыптасты. өзінің даму барысында схоластика негізінен 3 кезеңнен өтеді:
- «Балауса» кезеңі (ІХ-ХІІ ғасырлар аралығы)
- «Балиғат» кезеңі (ХІІІ)
- «Құлдырау» кезеңі (ХІV-XV) ғасырлар аралығы.
Схоласттардың шұғылданған негізгі мәселесі білімнің діни сенімге деген қатынасы туралы мәселе. Олардың негізгі қағидасы, мақсаты ақыл-ойға, діни сенімнің үстемдінгін жүргізу және сол үстемдіктің заңдылығын дәлелдеу болды. Алайда, осы мәселе жөніндегі пікір-таластың даму барысында көптеген философиялық проблемелар күн тәртібіне қойылды олардың ішіндегі ең маңыздысы жалпының жалқыға қатынасы туралы мәселе еді.
Философия ұғымында жалпы ұғымның жалқыға қатынасын ашып көрсетуге бағытталған пікір-талас «универсалиялар» туралы ілім ретінде белгілі болды. Бұл мәселені шешу жолында схоластар көптеген шешімдер ұсынды. Олардың ішіндегі негізгілері бір-біріне қарама-қарсы екі түрлі көзқарастар - номинализм және реализм еді.
Реализм жалпы ұғымдар адамдардың ақыл-ойы санасынан тыс және тәуелсіз өмір сүреді деп есептейді.
Ал номинализм керісінше, жалпы ұғымдар адамдардың ақыл-ойы санасынан тыс және тәуелсіз өмір сүре алмайды, олар тек заттар мен құбылыстардың аттары ғана дейді. Мысалы, жалпы адам өмірде болмайды, өмір сүретін нақтылы тірі адам. Адам деген әрбір ет пен сүйектен жаралған жалқы адамның жалқы аты. Демек, жалпысыз жалқы ұғым өз алодына дербес, санадан тыс және тәуелсіз өмір сүре алмайды.
Италияда 1033-1109 жылдар аралығында өмір сүрген реализмнің көрнекті өкілдерінің бірі Ансельм Кертерберийский өмірінің соңғы 16 жылында архиопископ болған. Ол шіркеу үстемдігі үшін саяси билікке қарсы күрескен адам. өзінің осы мақсатты күресін саяси салада ғана емес, сонымен қатар философияда да негіздеуге тырысады. Ансельм үшін жақсылық, әдептілік, ақиқат ұғымдары адамдардың іс-әрекеттерінен тыс шынайы өмір сүреді. Демек, ол реалисттік бағыттың ең табанды жақтаушыларының бірі болған деген сөз. Ансельм бұдан басқа, құдайдың бар екенін дәлелдеуге тырысты. Егер құдай жоқ болса, құдай туралы ұғым пайда болмас еді. Ал құдай туралы ұғымның бар екені рас болса, демек құдайдың да бар болғаны, дейді Ансельм. Бұның атын «құдай болмысын онтологиялық жолмен дәлелдеу» деп атады. Ансельм өмір бойы дінбасылардың мақсат-мүдделерін қорғағаны үшін өлгеннен соң әулиелер санатына енгізілген.
1079-1142 жылдары өмір сүрген атақты схоласт «универсалия» турады пікірталаста сыңаржақты реализмге де, сыңаржақты номинализмге де бірдей қарсы шыққан Пъер Абеляр салиқалы реализмді уағыздады. Оның ойынша шынайы өмір сүретіндер тек жақсылықтардың ортақ қасиеттері болуы мүмкін. Осы ортақ қасиеттердің негізінен «универсалиялар» жалпы ұғымдар қалыптасады. Біз көп жалқылар туралы айтатын болсақ, біздің пікіріміз олардың атаулары - сөзге бағытталмақ. Міне, номинализмнің түпкі мәні осында. Монымен қатар жалпы ұғымдардың да шынайылығын, ақиқаттылығын мойындау керек. Себебі олар құдайдың ақыл-ойында есепте тұр, әрі құдай жарататын заттардың көзқарақты үлгілері болып табылады, дейді Абельяр. Абельярдың ілімі сыңаржақты схоластар тарпынан күшті қарсылыққа ұшырады. Алайда, он үшінші ғасырларда схоластика өзінің даму барысындағы биік белесіне көтеріледі. Бұл кезеңде қолөнершілер мен саудагерлердің еңбегі жана бастады. Осыған орай ресми дінег қарсылық және тіпті, қарулы қақтығыстар орын ала бастады. Бұл дәуір крест жорықтарының дәуірі еді. Олардың арқасында Еуропалықтар Шығыстың озық үлгілі мәдениетімен және антикалық заманының сақталып келген мұраларымен таныс болды. Философиялық және ғылыми әдебтиет қорының көбеюі, схоластиканың да ғыыми көкжиегін кеңейтіп, белсенді ой түрткі болды. әсіресе Аристотель еңбектеріне берілген түсініктемелер мен жол-жөнекей Шығыс философтарының ашқан соңғы жаңалықтары схоластикаға зор әсерін тигізді. Атап айтқанда, Ибн Синаның және де Ибн Рушдтың игі ықпалы күшті болды. Осындай игі құбылыстар рухани өмірді байыта түсуге себепкер болғанымен шіркеу тарапынан құрылған діни одақтар мен инквизиция озық ой атаулыны тұншықтыруға бағытталды. Діни одақтар ішінде доминиканшылар айрықша белсенділік роль атқарды. Осы одақтың белсенді мүшесі итальяндық графтың тұқымы Фома Аквинский (1225-1274) болды. Париж университетінен білім алып, кейін сонда профессорлдық қызмет атқарған Ф. Аквинский аверроизмге қарсы белсене күресті. Аверроизмнің екіұдай ақиқатт туралы іліміне қарадай шүйілген Аквинский ақыл-ой мен діни сенімнің өзара айырмашылығын емес, егіздей бірлігін, біртұтастығын дәлелдемекке бар күшін салған еді. Ақиқат жолында ақыл-ой діни сенімге әредік қайшы келуі де мүмкін. Ондай жағдайда екі тұжырымнаң бірі жалған болады. Ал құдай сөзінде жалғандықтың болуы еш мүмкін емес. Демек, бұл орайда ақыл-ой шатасқан болып шығады, немесе діни сенім емес, философия жаңылысқан болып шығады.
Ф. Аквинский өз уағыздарын негіздеу ісінде Аристотель философиясына сүйенеді. Оның негізгі категориялары шындық пен мүмкіндік. әр зат метрия мен форманың бірлігінен туады. Материя белгілі бір форманың қабылдау мүмкіндігі, ал форма сол форманы иеленген материяның шындығы. Ф. Аквинский Аристотельдің тарихи дәйексіздігін ұтымды пайдаланып, өзінің түгел дерлік дінге бағынған материя мен форма туралы ілімін қалыптастырған еді. Оның пікірінше, материя формадан тәуелсіз, дербес өмір сүре алмайды, демек қай зат болмасын ең жоғарғы формадан тәуелсіз өмір сүре алмақ емес.
Ф. Аквинскийдің философиясында мән және тіршілік категориялары да ерекше орын алады. Шын мәнісінде бұл категориялар Ибн Синадан ауысқан. Мән мен тіршілік құдай дәрежесінде ғана біріге алады. Тіршілік мәнге қарағанда жоғары тұрады, тіршіліктің мәнге қатынасы шындықтың мүмкіндікке қатынасындай. Осы қағидаға сүйене отырып, Ф. Аквинский құдай болмысын оның заттар мен құбылыстардың пайда болу себебі екендігінен көреді. Бұл дәлелдеу құдай болмысын космологиялық тәсілмен дәлелдеу деген бағаға ие болды.
Жалпы ұғымдар, Аквинскийдің пікірінше, ақыл-ойдың жемісі болғанымен, одан дербес, тәуелсіз өмір сүреді. өйткені олар құдайдың ойынан орын тебеді. Адамзат танымының басты мақсаты- соларды діни сенім арқылы білу. Адамдар өздерін үнемі жетілдіріп, католик дінінің шапағатын барынша пайдаланып, құдайдың ізгі пендесіне айналуы керек. Дін адамзаттық қоғамнан жоғары тұруы тиіс. Өкімет билігі- құдайдың, ал мемлекетті басқарудың нақтылы түрін тарихи жағдайларға байланысты тағайындау керек, -дейді Ф. Аквинский.
Жердегі тіршілік тек рухани өмірге дайындық есепті, сондықтан патшалық билік рухани билікке бағынуы тиіс. Рухани биліктің басында: аспанда- Христос, жерде- Рим папасы.
Ф. Аквинскийдің томизм аталған ілімі котолицизмнің идеологиялық арқауы болды. Біздің заманымыздағы аты әлемге әйгілі неотомизм философиясы өз бастауын осы ілімнен алғаны ақиқат.
Ағылшын схоласты Дунс Скотт (1256-1308) Оксфорд университетін тамадап, кейіннен сонда дәріс берген. Оның шұғылданған ең негізгі мәселесі- діни уағыздардың философияға қатынасы жөніндегі мәселе. Діни уағыздардың пәні Құдай, ал философияның пәні- болмыс. Құдайды философия арқылы танып білу еш уақытта толық сипатта болмақ емес. Адамның ақыл-ойы, сезім мүшелері арқылы берілген ақпараттан асып кете алмайды, ал рухани түпнегіздер сезім мүшелеріне еш уақытта тікелей әсер етпейді. Оларды көруге, қолмен ұстауға болмайды. Демек, құдайды рухани құдірет иесі ретінде философия, ақыл-ой арқылы танып-білуге болмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz