Мысыр мәдениеті
Мақала жазып үйрену үшін жобаның жалпы [жасыру
зертханасын немесе өзіңіздің жеке зертханаңызды пайдаланыңыз. ]
Мысыр мәдениеті
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Көне Египет мәдениеті Көне Египет жер шарындағы тұңғыш мемлекет қана емес,
сонымен бірге дүниежүзілік үстемдікке талпынған қуатты да, құдіретті
мемлекетгердің бірі болды. Ауыз бірлігі күшті, ұйымшылдығы берік, халық —
билік жүргізуші тапқа толық бағынған мемлекет. Египеттің жоғары өкіметі
мызғымастық және түсініксіздік принциптері негізінде құрылды, ал өз
кезегінде бұл принциптер біртұтас Египет мемлекеті пайда болған кезден
бастап-ақ оның толық билеушілері — перғауын перғауындарды құдай деп санауды
өмірлік қажеттілікке айналдырды. Фараон Фараондар (перғауындар) құдайдың
ұлы деп саналды, сондықтан да фараон өзін Ра күн деген мағына береді. Ол
— құдайлардың құдайы және алтын ұғымымен қосыльш айшлады. — Алтын нұр
шашқан күн ұлымын деп жариялады.
Мысырдағы қашқындар Перғауынның жеке-дара билік жүргізуі тіпті оның
билігінің Египет халқына ғана емес, көршілес жатқан патшалықтар мен
тайпаларға да күшейе түсуі, мәдениеттің дамуына өзіндік ықпалын тигізбей
қойған жоқ. Ал осы бір шексіз билік пен мансап, байлық пен құдірет кенеттен
жоқ болады. Оны өшіретін ұлы күші — өлім. Міне, сондықтан да болар — көне
Египеттің мәдениетінің ең басты ерекшелігі — ажалға қарсылық болды. Бұл
табиғи қарсылық, немесе мәңгілік өмір сүруге талпынушылық Египет халқының
бүкіл діни санасына тереңдей еніп, оның мәдениеті мен өнерін қалыптастыруда
айрықша рөл атқарды.
Египеттіктер табиғаттың жыл сайын жаңаратындығын аңғарған, өйткені Ніл
өзені тасығанда жерлерді құнарландырады, сөйтіп төңірекке өмір мен береке
туғызады, ал тартылғанда құрғақшылық келеді, бірақ бұл ажал емес, өйткені —
одан кейін де жыл сайын Ніл қайтадан тасып отырады. Табиғатта болып жатқан
осы сияқты құбылыстардың негізінде өлген адам тіріледі деген діни ілім
пайда болды. Бұл ілім діни және мәдени салада ғана емес, сонымен қатар
саяси, экономикалық, саяси өмірде де үлкен роль атқарады. Тереңірек ойлап
қарасақ, бұл ілімнің өмірге келуі ажалға деген табанды қарсылықтан туған.
Жыл сайын буырқанып таситын Ніл өзені сияқты адам жаны да денеге қайтып
оралады деген діни түсінік адамдар санасында берік орнықты. Олар қабірді
адамның уақытша баспанасы деп санады. Ендігі жерде мәңгілік өмірді
қамтамасыз ету мәселесі тұрды. Ол үшін адамның денесін сақтап, тірлікте
оған қажет болғанның бәрімен қабірде де қамтамасыз ету керек, демек денені
бальзамдап, оны мумияға айналдыру, не болмаса өлген адамның денесіне ұқсас
етіп, оның мүсінін жасау қажеттігі туды. Сондықтан да, ежелгі Египетте
мүсіншіні санх, ягни өмірді жасаушы деп атады. Мүсіншілер өлген адамның
бейнесін жасауды тіршілікті қайта жандандыру деп санап, бұл кәсіптерін
ерекше мақтан етті. Шындығында да, өнердің бұл саласы адамдар түсінігінде
сиқырлы күшке айналды. Аруаққа табыну, суретші санасына егер дене сақталса
немесе толық бейнеленсе, өлген адамның жаны оған қайтып оралады деген
түсінікті сіңірді. Өмірдің табиғи ағысын бұзушылық болып көрінген ажалды
тоқтатып, жеңіп шығуға болады деген құштарлық, өлімді жеңуге болады деген
үміт оты аруаққа табынуды туғызып, ежелгі Египет өнерінің барлық салаларына
өз таңбасын салды.
Адамдар санасында қалыптасқан аруаққа табыну — перғауындарды құдай деп
танумен тығыз ұштасты. Ал құдай — патшалардың (перғауындардың) құрметіне
пирамидалар (мазарлар) салына бастады. Өз кезегінде Египеттің жоғары
әміршісі — құдай саналған перғауын өзінің құрметіне салынған мазардың әрі
асқақ, әрі берік етіп салынуына ерекше мән берді. Сәнсалтанатпен салынатын
мұндай пирамидалар қыруар қаржыны гана емес, ұзақққа созылған ауыр да,
азапты еңбекті қажет етті. Осы бір азапты еңбек қасіретті өмір
Египет құлдарының үлесіне тиген болатын.
Пирамидалар перғауындар мен ең атақты адамдар үшін ғана салынд. Египет
абыздарының қағидаларына сүйенсек, патша лар мен вельможаларға ғана емес,
кез келген адам жерлеуге байланысты бүкіл салт-жоралар толық орындалған
жағдайда мәңгілік өмірлік күш-Ка-ға (мәңгілік өмір) ие болады. Бірақ
қаржыны көп қажет ететіндіктен кедей адамдардың денелері бальзамдалмады,
оларды матаға орап, көпшілік зираттарының шетіне көме салды. Демек,
пирамидалардың салынуы — көне Египет қоғамындаты адамдар арасындағы шектен
тыс теңсіздіктің кеңінен орын алғандығын байқатады. Біздің заманымаздан
бұрынғы ІІІ—II ғ. құдай — патшаларға арналған құрылыстар — пирамидалар мен
храмдар негізінен тастан жасалды. Пирамидалар салу мемлекеттің экономикасын
әлсіретіп, қазынаны тауысты, әсіресе халық тарапынан көп шығын мен жұмыс
күшін қажет етті. Сондықтан да, пирамидалар салу — халық қайыршылығының
басты себепкері болды. Ал егер пирамидалар салуға жұмсалған қыруар қаржы
мен египет халқының табанды еңбегін халық игілігіне жұмсағанда (жолдар
салғанда және тағы басқалары) Египет сөзсіз экономикасы жоғары дамыған
өркениетті елге айналған болар еді деген ой еріксіз келеді. Рамсес фараоны
Құдіретті құдай — фараондардың о дүниеге барғанда жанға сая, басқа
баспана болатын мәңгілік ғұмырдағы үйлері — пирамидалар көргенді де,
көрмегенді де таң қалдыратын дәуір ескерткіштері, әлемнің жеті кереметі
аталған өнер туындыларының бірінен сана лады. Ерекше атап өтетін бір жай,
Египет сәулетшілері өз есімдерін өздері жасаған ескерткіштерге тасқа қашап
жазған, демек олар өз еңбегінің нарқын түсіне білген, сондықтан да өз
даңқын шығаруға, оны болашақ ұрпаққа мұра етуге арланбаған. Дұрыс та, әділ
шешім, өйткені ежелгі заманды былай қойғанда, осыдан небәрі бірнеше ғасыр
бұрын ғана салынған феодалдық Еуропаның соборлары мен сарайларын,
шіркеулері мен князь үйлерін және тағы да басқа тамаша ғимараттарды салған
сәулетшілердің есімдері ілуде бірі болмаса, көпшілігі осы уақытқа дейін
белгісіз күйінде қалды. Ал, бүгінгі ұрпақ осыдан бес мың жылдай бұрын
тұрғызылған Египеттің ең көне пирамидасы — перғауын Джосердің пирамидасын
жасаушының аты-жөнін білуі — осы ащы шындықтың айғағы болса керек. Оның
сөулетшісі — Имхотептің ғалымдық, дәрігерлік, философиялық еңбектері өз
заманында аса жоғары бағаланған. Ол сонымен қатар ұрпақтар есінде ұлы
балгер, сиқыршы ретінде де қалған, өйткені ғылым дамуының сонау бастауы
кезеңінде ғұмыр кешкен ғалымдардың өмірі міндетті түрде балгерлікпен
астасып жатқан. Имхотеп тіптен екі рет құдай деп танылған. Арада екі жарым
мың жыл өткенде гректер оған медицинаның құдайы ретінде табынған. Оның
мүсіні, сірә, ғалымдарға орнатылған алғашқы мүсін болуы да ғажап емес. Оның
мүсіндері сақталынбаған, бірақ Мемфисте Имхотептің құрметіне орнатылған
ғибадатхана бар.
Джосер пирамидасы көп сатылы құрылыс, ол ұзыннан-ұзаққ басқыш тәрізді
аспанға өрлей береді. Бұл пирамиданың биіктігі — 60 м. болса, одан кейінгі
салынған пирамидалар одан да биік, одан да аумақты. Сонда осындай алып
құрылыстарды салу неге қажет болды екен? — деген ойға еріксіз келесің.
Біздің ойымызша, жиналған байлықты қоғам өзінің билеп-төстеушілері арқылы
аспан мен жер үстіндегі өктемдігін жүзеге асыру ісіне жұмсаудан басқа амал
таппады. Сонымен бірге жұмыр басты пенденің ой-қиялын өзіне табындырып қою
үшін тірі құдай — перғауын о дүниеден тыныш орын алмақ та болған шығар.
Басқаны былай қойғавда, пирамидалардың өте биік етіп салынуы — өзін
құдаймен қатар қойған тәкаппар да, мансапқор перғауынның қарапайым халықтан
артықшылығын көрсету мақсатынан да туған сияқты. Әйтеуір, қалай болғанда да
Египет мәдениетінің бастауында салынған бұл пирамидалар өз еліндегі ғана
емес, бүкіл дүние жүзіндегі ең құдіретті ғимарат болып қала береді.
Адамзат баласын таң қалдырған талай мәдени мұралар күлге айналып, гүлденген
қалалар жермен-жексен болды, мейірімсіз де қатал уақытгың сынына шыдай
алмаған кереметтер Әлемнің жеті кереметі бірінен соң бірі жоғала бастады.
Ал бүгінгі күнге кереметтердің ең көнесі осы Мысыр пирамидалары ғана жетіп
отыр, ендеше көне тарихтың куәгері болған бұл тамаша гимараттар әлі де
талай ұрпақтардың қызықтай берер аса құнды мәдени ескерткіші ретінде қала
бермек.
Біздің заманымаздан бұрынғы бір мың жылдықтың басына қарай пирамидалар
салынуы тоқтатылды. Пирамидалар ендігі жерде тастан емес, шикі кесектен
тұрғызыла бастады, ал мұның өзі бұрынғьщай қымбатқа түспейтін болды.
Перғауын бұрынғысынша құдай саналғандықтан олардың құрметіне сансыз
мүсіндер орнатыла бастады, демек перғауындарға құдай есебінде табыну көне
Египеттің діни наным-сенімдерінде басты орын алды. Египетте құдайлар өте
көп болған, тіпті әрбір қаланың бірнеше құдайы болған. Ең құдіретті құдай,
яғни құдайлардың құдайы — Күн құдайы Ра болды. Одан кейінгі басты орынға
— өлім құдайы Осирис шықты. Египеттіктер өздері о дүниеге аттанғаннан
кейін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz