Псиологиялық тренинг, оның мақсаты,ережелері мен заңы



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Мағауова Салтанат Абайқызы

Педагог- психолог

Қостанай облысы Арқалық қаласы

Родина жалпы орта білім беретін мектебі

87014588250 ,saltanat_magauova@mail.ru

Псиологиялық тренинг, оның мақсаты,ережелері мен заңы

ХХ ғасырдың 40 жылдарынан қолданыс таба бастаған тренингтер оған
қатысушылардың өзара әрекеттесе отырып мәселені әр қырынан талқылауын
қамтамасыз етеді. Тренинг ағылшын тілінен аударғанда train-жаттықтыру,
жаттығу деген мағынаны білдіреді. Тренинг – өзін-өзі тануға, өзін-өзі
реттеуге, тұлғааралық қарым – қатынасқа, коммуникативті және кәсіби
біліктілікке бағытталған психотерапиялық, психокоррекциялық және оқыту
әдістерінің жиынтығы.

Тренинг – басқа адамдарды жақсы түсінуге көмектеседі, өз бейнесін
басқалар қалай көретіндігін салыстыруға мүмкіндік береді, өз мүмкіндігін
байқауға, өзіндік санасын жетілдіруге жағдай жасайды.[1;38бет]

Батыста білімді байыту, дағды мен машықтарды іскерлікке баулудың
тиімді тәсілі ретінде танылады. Тренингтер рөлдік ойындарды қолдана отырып,
топтағы жұмыс белсенділігін арттыру, теорияны практикалық тапсырмалармен
байланыстыру, ақпараттар көлемін саналы меңгеру (миға шабуыл) арқылы
эвристикалық әдістемеге жол ашады.

Тренинг – жеке адам не топтың ақпаратты сол кезеңде не болашақта
қажеттілігіне жарату мүмкіндігі. Тренинг саналы жұмыс түріне баулиды:
қатысушылар пікір алмасады, өз көзқарасын қалыптастыру, жеткізуге, сұрақты
дұрыс жүйелеуге, өз білімін практикада қолдануға дағдыланады. Адамды
күтпеген оқыс жағдайда ойлану мен шешім қабылдауға үйретеді. Нағыз іске,
шеберлікке баулу сәттерін тудырады. Басты жауапкершілік жаттықтырушы (сабақ
үдерісінде мұғалім мен көмекшілеріне) жүктеледі, оның ойынды ұйымдастыру,
қарым – қатынас тұлға ретінде балаларға әсер етіп, шәкірт қабілетін аша
білер кәсіби шеберлігі де аса маңызды.

Тренингтер ақпарат ала отырып түсініксіз сәттерді талқылауға, сұрақ
қоюға мүмкіндік алса, онда берілген ақпарат тез меңгеріледі және алынған
білімдер шәкірттердің мінез – құлық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

Тренинг жүргізуге қойылатын талаптар:

• Оқушылар бір – біріне жүзбе – жүз отыратындай етіп айналдыра
орындықтар қоюға мүмкіндігі бар кең бөлме (бұл жағдайда еркін пікір
алмасуға, жаттығулар мен серігу кезеңдерін жүргізуге ыңғайлы болады.
Бір – біріне сенімділік артып, назарға іліккен әрекеттерге қызығушылық
танытады, ынталы болады);
• тренингке қатысушылар саны 20 – 25 адамнан аспауы керек (бұл сенім
атмосферасын туғызатын және барлық қатысушылардың назарын тұрақты
аударуға мүмкіндік беретін қатысушылар саны);
• тренингке қатысушыларды марапаттап отыру және барлығының қатысуын
қадағалау;
• мұғалім әрбір жаттығудың кесімді уақытта жүзеге асырылуын қадағалауы
керек;
• тренингтің бастапқы сәті танысу жаттығуына арналып және келісім
(топтың жұмыс ережесі) қабылданады;
• теориялық тапсырмалар мен интерактивті жаттығулардың, сергітудің
арасында сабақтастық болуы керек;
• кез келген тренинг – сабақ басталар алдында мақсаты – міндеттері
айтылады, ал соңында қорытынды пікірлер жинақталады. [3;102]

Тренинг түріндегі сабақты өткізген ұстаз:

• өзара қарым – қатынас жасау мен хабарларды қабылдауға және ақпараттық
мәліметтермен алмасуға дайын болу жағдайын жасау;
• ой қозғау арқылы тілдік қарым – қатынас еркіндігі мен белсенділігін
арттыру;
• координация – іс қимылдағы өзара бағыттылық пен келісімділікті
қамтамасыз ету;
• мотивация – қажетті эмоциялар мен қызығу ынтасын тудыра білу, сол
арқылы өзгерістерді бақылауға жол ашу;
• қарым – қатынас орнату – байланыстар жүйесіндегі әркімнің өз орнын
айқындай білуіне ықпал ету;
• әсер етушілік – мінез – құлықтың және басқа да мүдде – тілектерінің
өзгеруіне бағдар беруге жетекшілік жасауы керек.
Қазіргі қоғамда қарым-қатынас сауаттылығы маңызды сипат алып
отыр. Күннен күнге қарым-қатынас пен өмір, ойын тәрізді қарастырылады. Біз
ойын арқылы ақиқатты танып білеміз, сондықтан берілген мақаламда
психологиялық тренинг және шағын психологиялық жаттығулар, оның мақсаты мен
ережелері және түрлері, жүргізу жолдарына қысқаша шолу жасадым.

ХХІ ғасырда әлемдік өркениет жаңа даму сатысына көтерілді деп айтсақ
болады. Себебі, ҚР-ның қазіргі білім жүйесінің стратегиялық мақсаты жоғары
білімді бәсекелестік қабілеті мол, шығармашыл тұлға қалыптастыру үшін
қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Қазіргі мектептерде балалар белгілі
бір білім ғана алып, біліктілікке үйреніп қана қоймай, сондай-ақ алған үлгі-
өнегені өмір бойы пайдалана білуі тиіс.Әлеуметтік-экономикалық дамудың
қазіргі кезеңінде, оқу-тәрбие жұмысының жаңару заманында ағарту саласының
мектеп жасына дейінгі тәрбиелеу, білім беру буынында шешімін күткен келелі
мәселелер тұр.[5;46]

Бүгінгі таңда қарым-қатынастағы компоненттің дамуы әлеуметтік
психологиялық тренинг аясында ойдағыдай шешілуде. Соңғы 30-40 жыл ішінде
қарым-қатынас механизмін дамытуда белсенді, жедел әдіс-тренингтер
ұйымдастырылып, қолданылуда. Психологиялық тренинг (немесе әлеуметтік
психологиялық тренинг) жанұялық қарым-қатынастағы түзету тәжрибесінде,
жасөспірімдерді бейімдеуде, т.б. өзін жақсы жағынан көрсетті. Нақты және
зертханалық эксперименттердің элементтерін өзіне біріктіре отырып, қарым-
қатынас біліктілігінің саласында кең көлемдегі міндеттерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жарнама
Әлеуметтік психологиялық тренинг
Мүгедектердің құқықтары
Психологиялық қызметтің дамуы
Топты тренинг заңдарымен таныстыру
Аудиовизуалды жарнама
Отбасы ролі мен отбасы ішіндегі рольдердің құрылымы
Математика пәні бойынша дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың оқу белсенділігін дамытудың әдістері
Отбасындағы гендерлік тәрбие
Отбасындағы гендерлік рөлдерді (іскерлік ойын әдісін қолдана отырып) талқылау
Пәндер