Отандық психологияның негізін қалаушылардың бірі А. Н. Леонтьев


Екіншіден, түс оны көріп тұрған адамдардың барлығында қандай да бір эмоционалды эффект тудырады. (көңіл-күйдің «қоздыру-тынышталдыру» секілді эмоционалды бейне) .
Үшіншіден, түс ассоциативті қабылданады. Қандайда бір түске қарап тұрып адам оны еріксіз осыған түстес бір нәрсемен байланыстырады.
Отандық психологияның негізін қалаушылардың бірі А. Н. леонтьев «түс тек көзге әсер етпейді, ол сондай ақ теріге де әсер етеді», -деген. Халықаралық энерго ақпараттық ғылым академиясында академик Е. В. безносюктің басшылығымен өткен заманауи зерттеулері оны растады.
Ғажайып, бірақ түстің бізге екі жақты әсер ететіні ақиқат.
Біріншіден, оны бақылау барысында; екіншіден, терінің оны сезінуі арқылы. Нақты түстердің жалпы әсерлерімен танысайық.
Ақ түс -бейтарап әсер етеді, кішкене тынышталдырады.
Сұр түс - бейтарап әсер етеді, кішкене күйзеліске алып келеді, бірақ тіітркендірмейді.
Қара түс - зейін қоюға көмектеседі, дене қысымын түсіреді және жабырқатады.
Сары түс - стимул береді, жылытады, бұлшық еттерде спазманы күшейтеді.
Сарғыш қызыл түс - стимул береді, жылытады, қоздырады, дене қысымын көтерместен қан айналымын күшейтеді, ас қорытуды жақсартады, бірақ көп мөлшерде жүйке жүйесінің іс-әрекетін басып тастайды.
Қызғыш сары түс - жандандырады, сексуалды қоздырғыштарды қоздырады, белсенділікті күшейтеді, бірақ көбінесе шаршатады.
Қызыл түс -қоздырады, жылытады, зат алмасуды реттейді, тәбетіңді көтереді және ас қорытуды жақсартады. Дене қысымын көтереді, бірақ көп мөлшерде жүйке жүйесінің іс-әрекетін басып тастайды.
Қызғылт түс -стимул береді, тынышталдырады, жандандырады.
Күлгін түс - тынышталдырады әрі жандандырады, шыдамдылыықты күшейтеді. Көп мөлшерде күйзелдіреді.
Ақшыл көк түс - тынышталдырады және бейтарап болуға ықпал етеді.
Ал қызыл түс - тынышталдырғанына көбіне қоздырады. Қоздыру эффекті қызыл түстің үлесіне байланысты.
Көгілдір түс - сезімталдықты төмендетеді, ауыр сезінуді азайтады, антисептикалық әсері бар.
Көк түс -қысымды төмендетеді, назар аударуды күшейтіп, зейін қоюға көмектеседі. Пульсті тынышталдырып, дем алуды бәсеңдетеді, ауыр сезінуді азайтады, бұлшық еттерді босаңсытады және қозу процесін тоқтатынқыратып, назар аудартады.
Көкшіл жасыл түс - ұстамды болуға, тынышталуға әсер етеді.
Сұрғылт көгілдір түс -бейтараптандырады, салқындатады.
Жасыл түс - дене қысымын төмендетеді, тонусты көтереді, ұйқысыздықты азайтады. Ауыр сезінуді төмендетеді және ерікті қалпына келтіруге көмектеседі.
Сарғыш жасыл түс -тынышталдырады, жандандырады, жаңартады және жеңіл сезіндіреді.
Лимон түстес түс - жандандырады, тынышталдырады, салқындатады.
Охра -белгілі мөлшерде стимул береді.
Қоңыр -қозуды жұмсартады.
Жоғарыда аталған түстердің ішінде сарғыш-қызыл гамма ағзаның өміршеңдігіне стимул беретіні, ал салқын түстер ұстамды болуға тынышталуға әсер ететіні ақиқат.
Түстердің әсер етуі ағзаның тек қана физиологиялық реакцияларында ғана емес, сондай-ақ, адамның өзінің нақты түстің қанықтығынан күрделі сезімдерге бөлінуін сезінуінде.
Кейбір түстер әртүрлі адамдарда бірдей сезімдер туындатады: «тазалық»-ақ, «гигиена»-ақшыл көк, «көкіректік»-қанық көк, «әшекей»-сұр, «көну»-қанық жасыл, «қимыл»-қызыл, «жаңалық»-қызғыш сары, «тәтті»-сарғыш қызыл, «рахаттану»-каштан, «ауырлық»-қара және т. б.
Зерттеулер түстердің әртүрлі формадағы сезімдерді туындататынын көрсетті.
Сонымен жылы түстер «өткірлік», «шапшаңдық», ал суық түстер «жұмсақтық» және «дөңгелектік» сезім тудырады.
Түстің «жылылық» немесе «суық», «дәмін» және «иісін» сезінуге әсер ететінін атап өту өте маңызды.
Қиын сезімдерді шкаламен бағалауға болады: «жылы-суық», «ауыр-жеңіл», «құрғақ-ылғал», «дауысты-тыныш», «жақын-алыс», «жұмсақ-қатты», «тарылатын- кеңейетін», «фактуралы-тәуелсіз», «домалақ-өткір».
«Жылы»-түстер қызыл-сарғыш, қызыл-сары палитрада.
«Суық»-түстер күлгін-көк-жасыл.
Суық немесе жылы сезінуді ахроматикалық түстер туындатпайды: ақ, сұр, қара. Бірақ оларға басқа түстің кішкене ғана үлесінің әсері оларды суық немесе жылы етеді.
«Жеңіл»-ашық түстер, әсіресе суық түстердің ашық реңктері.
«Ауыр»-күңгірт түстер, әсіресе күңгірт жылы түстер.
«Құрғақ»- жылы түстер, әсіресе күңгірт охристті және күңгірт-қоңыр.
«Ылғал»- суық ашық реңктер.
«Белсенді»-ашық, таза, жылы реңктер, ең белсендісі-сарғыш-қызыл.
«Жақын»-жылы түстер, күн жарығында барлық ашық, таза, толыққанды түстер.
Түстің ассоциативті әсері
Егерде түстің ассоциативті әсері жөнінде айтатын болсақ, ассоциация адамда ең алдымен түстің белгілі бір затқа ұқсастығы негізінде туындайды. Көбіне бұл түстің атауында бейнеленеді. Сонымен Үндістанда түстер 544 түсті шкаламен бағаланады. әрқайсысының атауы осы реңкі бар асыл немесе жартылай асыл тасқа сәйкес келеді.
Жапонияда түстік палитра табиғи құбылыстардың, жемістердің, гүлдердің, жануарлардың ұқсастығы бойынша аталады. Еуропа елдерінде көбінесе түсті жасалған материалының белгілі реңкіне сәйкес аталады.
Ресейде қолданылатын түстер атауының палитрасы азырақ. Тігін саласының мамандары талап еткен жағдайларда түсті нақты суреттеу мәселелеріне тап болады. Түстердің ассоциациялы атаулары құтқарып шығады.
әрбір мәдениетте өздерінің дәстүрлі түстері болады. Барлық мәдениеттерде бар он бір әмбебап түстер бар: ақ, қара, қызыл, жасыл, сары, көк, қоңыр, сұр, қызғыш сары, қызғылт, пурпурный.
Көргенде немесе атын атағанда пайда болатын ассоциацияларға байланысты түстердің ассоциативті сипаттамаларын толығырақ қарастырайық:
АҚ- қар және мұзбен ассоциацияланады. Оған таза, тәуелсіз деген сипаттама беріледі.
СҰР- тастармен, асфальтпен және күзгі аспанмен ассоциацияланады. Психологиялық сипаттамалар: монотондық, анықталмағандықты білдіреді.
САРЫ- күн түсі, сондықтан да сәулелі.
ҚЫЗЫЛ- отпен, қанмен ассоциацияланады.
ҚАРА- қараңғылықпен, жермен ассоциацияланады және психологиялық сипаттамасы: қауіпті, ресми.
ҚЫЗҒЫЛТ- гүлдермен, тораймен, бала терісімен ассоциацияланады, нәзіктік, пассивтілік, құпиялылық сипаттамалары беріледі.
КҮЛГІН- жазғы түнмен, фиалкамен ассоциацияланады
КӨГІЛДІР- аспан кеңістігімен ассоциацияланады.
КӨК- теңіз қашықтығымен ассоциацияланады, дистанцияны белгілейді және тепе-теңдік сезімін білдіреді.
КӨКШІЛ-ЖАСЫЛ- сумен, ауамен ассоциацияланады және өзгергіштік пен қозғалысты білдіреді.
ЖАСЫЛ- өсімдіктермен, табиғатпен ассоциацияланады және шыдамдылық пен ұзақтықты білдіреді.
САРҒЫШ-ЖАСЫЛ көктеммен, өк шалғын шөптермен ассоциацияланады.
ЛИМОН ТҮСТЕС- лимонмен ассоциацияланады және жастықты білдіреді.
ОХРА- психологиялық сипаттамасы: жақын, материалды.
ҚОҢЫР- жермен ассоциацияланады және психологиялық қасиеттері: жайлылық, пассивтілік, сенімділік, консервативтілік.
Сонымен қатар түстердің мәдени тарихи дәстүрлерді және ұлттық талғамдарды ескеру жөнінде ұмытпайық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz