Шал ақын және оның шығармашылығы
Реферат
Тақырыбы: Шал ақын және оның шығармашылығы
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің
ә) Шал ақын поэзиясындағы педагогикалық - тәрбиелік ой-пікірлер
б) Шал ақын жайлы зерттеулер
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Шал ақын аталып кеткен Тiлеуке Құлекеұлы қазiргi Ақмола облысы жерiнде Азат темiр жол станциясының маңында 1748 жылы дүниеге келген. Әкесi Құлеке қазақ-қалмақ соғысының атақты батырларының бiрi. Анасы - атақты Төле бидiң қызы. Құлеке мен оның ағасы Тiлекенiң соғыстағы ерлiгi жайлы әңгiмелер ел iшiнде күнi бүгiнге дейiн айтылады.
Құлеке жайында Алматы мұрағатында нақты деректер де сақталған. Ол 1742 жылы Орта жүз атынан Россия қол астына қарау тұралы ант берушiлердiң бiрi болған. Абылай хан атынан Ресей мемлекетiне елшiлiкке барғаны туралы деректер сақталған. Ресей үкiметiнiң ресми деректерiне қарағанда Орта жүз Атығай руының Бәйiмбет, Құдайбердi тайпалары Есiл бойына қоныс аударады. Бұның iшiнде Құлеке батырдың да ауылы болады. Бұлар келгенде Есiл бойы естектердiң қарауында екен. Естектермен жер үшiн болған соғыста Құлекенiң ағасы Тiлеке батыр қаза табады. Ағасының кегiн алған Құлеке Есiлден естектердi ығыстырады.
Ауызша жеткен әнгiме бойынша Шал ақын қоян жылы, 71 жасында дүниеден өткен, бұл есеппен алғанда ақын өмiрiн зерттеушiлер 1819 жылы қайтыс болды дейдi. Қариялардың айтуы бойынша Сергеев селосының қасындағы "Аютас" деген төбенiң жанында, Есiлдiң оң жағындағы үлкен бейiт iшiне жерленген, бiрақ қабiрi белгiсiз.
Құлеке батырдың төрт әйелiнен Бәбек, Мәңке, Шардақ, Тiлеуке (Шал), Қазақбай, Жүсiп атты алты ұл туады. Осы алты ұлдан тараған ұрпақ қазiр жүз шақты үй шамасында деседi. Құлеке батырдың Айман деген қызы Сегiз серi Баһрамұлының ұлы әкесi Шақшақтың бәйбiшесi екен. Шақшақтың осы Айман бәйбiшесiнен Қаншайым есiмдi қыз, Бауыржан, Сексен (шын аты Бектемiр), Баһрам, Есенжан, Қайыржан, Шағырай, Жанат атты жетi ұл туады.
Қаншайым - академик-жазушы Ғабит Махмұтұлының бабасы Мүсiрептiң туған анасы. Қаншайым күйеуi Шақшақпен бiрге орыс отаршылдарына қарсы күресiп, керейдiң батыр қызы атанған екен. Шақшақтың Айман бәйбiшесiнен туған ұл балаларының iшiнде Бауыржан мен Сексен екеуi де би болған. Ал, Баһрам (Сегiз серiнiң әкесi), Шағырай, Жанат үшеуi де әншi, ақын әрi күйшi өнерпаз болған, Шағырай мен Жанат сал-серiлiк құрған.
Батырлық, жыраулық, өнерпаздық қасиеттер ата-бабасы Толыбай сыншы, Қожаберген жырау және Шақшақ Көшекұлының өзiнен де дарып жатса да, ұрпағының нағашы жұртына ұқсауы табиғи заңды құбылыс деу керек. Шал ақынның өзi жасының ұлғайған шағында Мәлiмбай және Мәлике атты екi перзент көредi. Мәлiмбай атты баласынан ұрпақ жоқ. Мәликенi Қостанай жағына Нұрым дегенге ұзатқан екен. Нұрымнан - Айтбай, Айтбайдан - Наушабай, Наушабайдан - Нұржан Наушабаев ақын туған.
Құлеке баласы Тiлеукенiң Шал ақын деп аталуы туралы ел iшiнде бiрнеше түрлi әнгiмелер бар. Солардың iшiнде зерттеушiлердiң ден қойғаны төмендегi әнгiме. Шал өлең шығарумен балауса жас кезiнен бастап айналысқан. Жасынан сөзге үйiр, шешен сөйлейтiн тiлге дiлмәр, ойлы жас болып көзге түседi.
Жасынан ел арасы ақындарымен айтысқа да түсiп жүредi. Оның кiшкентайынан үлкендерше сөйлеуi, төрде отырып төрелiк айтқанына қарап жұрт Шал атап кетедi. Зерттеушiлердiң айтуы бойынша Шал ақынның тұңғыш өлеңi "Өлеңге тоқтамайды Шал дегенiң". Бұл өлеңдi ақын шығармашылығының басы деп жүр. Өлеңнiң шығу тарихы былай екен.
Әйгiлi хан Құлеке батырдың бәйге алдын бермейтiн жүйрiк атын сұрап алып, кейiн қайтармай қояды. Бiрде Құлеке атын сұрауға барғанда баласы Шалды ертiп барады. Хан бала Шалдың көзiнше: "Iшi боқ, сырты түк сол мәстектi осыншама неге сұрай бересiң?" - деген сөз айтады. Шал таңертең ерте тұрған ханның табынға ере алмай қалған бiр қозыны арқалап бара жатқанын көрiп қалады. Кетерiнде хан екен деп қысылмай, өлеңдетiп, малжандылығын бетiне айтады.
Өлеңге тоқтамайды Шал дегенiң,
Болмайды қойға пана тал дегенiң.
Таң ата жалаң аяқ тоқты арқалап,
Хан ата, қалай екен мал дегенiң?
Сыйлайды ханымыз деп үлкен-кiшi,
Бiреудiң хақын жемес жақсы кiсi.
Тақтағы хан, топтағы бидi еңкейткен,
Хан ата, қалай екен малдың күшi? -дейдi.
Өлеңдi естiген хан Құлекеге: "Мына балаң маған үлкен адамдарша сөйледi, тумай жатып қартайған бiрдеңе ғой", - дептi. Сөзден ұтылған хан Құлеке батырдың бәйге атын қайтарған екен. Хан алдында айтылған бұл өлең ел iшiне тез тарап, Тiлеукенiң Шал аты мен ақындық атын қатар шығарған екен.
Осыдан былай Шал ақындық жолға көшедi, дарынды суырып салма (импровизатор) ақын болады. Ертерек дәуiрлерден қалыптасып, жалғасып келе жатқан ақындық дәстүрдi ХУШ ғасырда өмiр сүрген Тәтiқара, Көтеш ақындардан кейiнгi қазақ поэзиясын дамыта түседi. Оның бұл салада қосқан үлесi үлкен. Өлең термелерi, толғау тақпақтары сан жағынан мол, сапа жағынан мазмұнды, көркем және тақырыбы да кең. Шал ақын қазақ поэзиясындағы лирикалық өлең жанрын, өз замандастарымен салыстырғанда, жан-жақты толықтыра түсiп, көркемдiгiн арттырды. Бұл тұрғыдан алғанда оны толғауды көркемдiк шегiне жеткiзе бiлген Бұқар жыраумен ғана салыстыруға болады. Сондықтан да кейiнгi кезеңдерде өмiр сүрген ақындар Шал ақынды ұстаз тұтты.
Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің
Шал ақынның өлең, жырлары кезiнде ел арасына кеңiнен таралған. Қазiрдiң өзiнде де ел аузында сақталып қалғандарының өзi де бiрқыдыру. Ұқыптап ескерiлмегендiктен, оның шығармалары осы күнге дейiн зер салып жиыстырылмай келдi. Әйтсе де, ақындық қалпын анықтауға толық негiз боларлықтай шығармалары бар. Шалдың атына телiнген өлең-термелердiң, тақпақ-толғаулардың көлемi 1600 жолға жетедi.
Шалдың бiзге жеткен шығармалары негiзiнен әр жерде әр түрлi себептермен суырып салып айтқан шағын өлеңдерден тұрады. Терме-тақпақтары, нақыл сөздерi, сөз қағыстары да баршылық. Шалдың ұзақ эпикалық жырлар шығарғандығы, қазақ халқының шежiресiн өлеңмен жазғаны да Шоқан Уалихановтың еңбектерiнен белгiлi.
Шал ақын өлеңдерiн негiзiнен суырып салып шығарған десек те, өлеңдерiн хатқа түсiрерлiк сауаты болған, оны айғақтайтын өлеңдерi де жеткiлiктi, сол өлеңдерiнiң бiр шумағын мысалға алайық.
Мен өзiм талай сөздi хатпен жазғам,
Әзiлден мерт болады артық қазған.
Өткен iске өкiнсем өмiрiм зая,
Тұяғыма iлiнгендi қайта жазбан.
Шал ақынның өлеңдерi тақырыбы жағынан өте кең. Ескi қазақ ауылының алуан түрлi тiршiлiк-тұрмысына қатысты жайлар, этика, мораль мәселелерi ақын өлеңдерiнiң негiзгi объектiсi. Адамдық, арлылық, адалдық, намысшылдық ақын шығармашылығының өзектi желiсi. Өтiрiк пен өсек, еңбексiздiк әйел үшiн де, еркек үшiн де арзан, азғын қасиеттердiң басы ретiнде сыйпатталады. Шалдың өз басы кедей болған, оны мына бiр шумақ өлеңiнен де байқауға болады.
Кедейлiк, жабыстың ғой бала жаста,
Менi ұятты қылдың ғой қарындасқа.
Аш белiмнен құшақтап айырылмайсың.
Көз танысың жоқ па едi менен басқа? -
- дейдi. Сондықтан да болар ақынның көп жырлаған тақырыбы кедейлiк. Кедей тақырыбы қазақ поэзиясында тұңғыш рет Шал шығармашылығында жеке тақырып дәрежесiне көтерiле сөз болады. Кедейлiктi болдырмаудың жолын насихаттайды. Кедейлiктiң табиғатын жақсы таныған ақын бұдан құтылудың бiрден-бiр жолы ретiнде ерiншек болмай, еңбек етудi ұсынады.
Кенже ұлы кедейлiктiң ұйқы мырза,
Ерте жатып, кеш тұрса жаны ырза.
Бiразырақ бас қосып кеңесейiн,
Сәлем айт, ерiншекке, келсiн мұнда - дейдi.
Адамның жасы, жастық шақ және кәрiлiк туралы өлең-жырлар қазақтың ауыз әдебиетiнде ертеден бар. Бiрақ, дәл Шал ақындай бұл тақырыпты жерiне жеткiзе жырлаған ақын болған жоқ. Сондықтан қазақ поэзиясында жас туралы шығармалардың негiзiн салушы деуге болады.
Бiр жаста, екi жаста бесiктемiн,
Бес жаста тәңiрi берген несiптемiн,
Алты жаста қайыңның тозындаймын,
Жетi жаста ойпаң жер бозындаймын,
Он жасымда сүт емген қозыдаймын
Сегiзде бала болып ойнап едiм,
Тоғызда тайлы суға бойлап едiм
Он бес деген жасым-ай,
Жарға ойнаған лақтай.
- деп басталған адам ғұмыры туралы жазылған өлеңдерiнiң желiсi кәрiлiк туралы өлеңдерiмен аяқталып:
Шалыңның екi көзi жайнап жатыр,
Кеудемде нәпсi шiркiн қайнап жатыр,
Байлаулы арқаным жоқ, қазығым жоқ,
Қайтейiн, кәрiлiк шiркiн байлап жатыр, - дейдi.
Шал ақынның:
Елу жасқа келген соң,
Пiрдiң сөзiн сақтадым;
- дегенiне қарағанда, жасы ұлғайғанда ислам дiнiне берiк болған. Бұрынғы ақын-жыраулар дiн туралы сыйпай ғана айтып кетсе, Шал дiндi арнайы сөз етедi.
Жаратты Мекке менен Мәдинаны,
Жаратты иман, дұға, шын дүнияны.
Мұхаммед үшбу жүрген үмметiне,
Жаратты сынамақа бұл дүнияны.
Жаратып он сегiз мың ғалам еттi,
Бiрiсiн ғалым, бiрiсiн надан еттi.
Жаратып жын-перiнi от пен нудан,
Жаратып топырақтан адам еттi, - дейдi.
Бұл шумақтардан дiни сауатты болғанын да байқауға болады. "Мейманасы тасқан жұрт тәңiрiнi ұмытқан, құдайды-бiр, пайғамбарды-хақ деп бiлмейдi. Ораза ұстамайды, бес ұақыт намаз оқымайды" - деп қатты сынға алып:
"Жiгiттер ораза ұста, намаз оқы
Ғарасат майданы бар тергеледi" - дейдi.
Шал ақынның ислам парыздарын жетiк бiлiп, жастарды дiн жолына берiк болуға шақыруы ақын мұрасының Кеңес үкiметi кезiнде жарыққа шықпауына да әсер еткен болар.
Шал ендi бiр топ өлеңдерiнде жастарды ибалы, әдептi, қайырымды болуға шақырады. Ары, жаны таза, мәдениеттi жасты аңсаған ақын ондай абзал адамдар алдына зор мақсаттарды қоя бiледi. Бiлiм алғандар парызы елiне, халқына пайдалы қызмет ету деп ашық айтады:
Майда бол, жiгiт болсаң, тал жiбектей,
Жарамайды қатты болу тiкенектей.
Бiлiмiң болсадағы ұшан-теңiз,
Пайда жоқ өз халқыңа қызмет етпей.
Адамның артықшылығы, жақсылығы көпке, туған елге пайдалы болуында - деп қорытынды жасайды. Ашқарақ, сұғанақ, арызқой, пасық адамдар тобына да ақын қадала түседi. Өзiмшiл, күншiл пасықтарға жаны таза жақсы адамдардың адал ниеттi iзгi iстерiн қарсы қоя жырлап, бiрiнен жирендiрiп, екiншiсiнен үйренiп, үлгi-өнеге алуға үндейдi.
Шал ақынның әдеби мұралары қатарында елеулі орын иеленетін өлеңдер легі арнаулардан тұрады. Ақынның нақты бір адамға арналатын мұндай өлеңдері көбіне-көп орайда адам мінезіндегі, ой-пиғылындағы, іс-әрекетіндегі ұнамсыз тұстарын сынауға бағытталады. Осындай мазмұндағы арнаулар қатарын Күлен шешенге, Екі қатын алғанның дауы үйінде, Баспайға, Сабының сақар болсын дені, келін, Мешкей кәрілерге сияқты өлеңдері құрайды және арнау өлеңдерінде Шал ақынның сатиралық суреттер жасауға шеберлігі жарқырай көрінеді. Мәселен:
Айта берсе таусылмас Шал кеңесі,
Мешкейдің жіліншік өтер кең өңеші.
Алдына келген асты жаудай шабар,
Басқаның болса-дағы несібесі.
Құр мен дуадақ шөлді біледі,
Қарға мен құзғын елді біледі.
Ұятсызға бас пенен жамбас қойсаң,
Қорқау қасқыр секілді жеуді біледі, - деген өлең жолдарынан көзі тоймас қомағайдың сатиралық портретімен қоса, тойымсыз пиғылы да анық танылады. Ақын арнауларында жиі ұшырасатын осы іспетті сатиралық суреттеулермен уытты тілдік қолданыстар Шал Құлекеұлы шығармашылығы үшін сатираның да жат болмағанын аңғартады.
Шал ақын шығармашылығының тағы бір қырын аңғартатын туындылар - жұбату өлеңдері болса, бұл ретте ақынның Әкесі Құлеке өлгенде айтқаны, Біреудің баласы өлгенде айтқан жұбату тәрізді шығармаларына зер салу абзал. Бұл жұбатулардан да ақынның суреткерлігі мен философиялық ой түйіндеуге бейімдігі айқын аңдалады. Мәселен, әкесі Құлеке өліміне байланысты жұбатуда ол алғашқы шумақтарда әкесінің қадір-қасиетін, тірлікте атқарған істерін суреттей келіп, батыр әкенің өлімін:
Кешегі дулап жүрген ер Құлеке,
Су тиген сөне қалдың өрттей болып, - бейнелей жеткізсе, өзіне және жұртқа арнаған жұбату сөздерін:
Астынан қара тастың су көтерген,
Мұнарды суға түскен бу көтерген.
Бәрі де туған жанның өлмей тұрса,
Бұрынғы батыр қайда ту көтерген!?. - деген философиялық-риторикалық ойға сүйене түйіндейді. Ақынның жоғарыда аталған екінші жұбатуы да осы үлгіде келеді.
Шал ақынның толғауларын, өлеңдерін, арнаулары мен жұбатуларын, сөз қағысуларын бір арнаға тоғыстырып тұрған сипат - солардың бәрінің арқауына өмірлік шындықтың алынуы болса, ақынның шығармашылық даралығының негізгі белгісі - реалистік суреткерлік пен философиялық көзқарастың ұштасып жатуы болып табылады.
Шал ақын поэзиясындағы педагогикалық - тәрбиелік ой-пікірлер
Шалдың дүниеге көзқарасында дiншiлдiк сарын сезiлiп отырады. Өйткенi ақын өз заманының перзентi ғой. Бiрақ ақын әрбiр сөзiн құдай, пайғамбар атымен байланыстыра бермейдi. Оның өлеңдерiнiң басым көпшiлiгiнде адамгершiлiк мораль мәселесi сөз болғандықтан, не жақсы, не жаман деген дидактикалық ой-пiкiр көбiрек айтылып, өзi өмiр сүрiп отырған қоғамның мүшелерiне ақыл, насихат айтуды басты мақсат еткен. Ақын өз өлеңдерiнде жақсылық қайдан шығады, жамандық неден туады, жақсы мен жаманның айырмашылығы неде деген мәселенiң төңiрегiнде сөз қозғайды.Бiр өлеңiнде ақын:
Жақсыны алыс, жаманды жақын деме,
Жақсы атансаң, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz