Олжас Сүлейменов (1936)


Олжас Сүлейменов
(1936)
Олжас Омарұлы Сүлейменов 1936 жылы 18 мамаырда Алматы қаласында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң, Қазақ мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, геолог мамандығын алды. Одан кейін Мәскеудегі М. Горький атындағы Әдебиет институтына оқыған.
Қазақстан Республикасының халық жазушысы Олжас Сүлейменовтың «Арғымақтар», «Нұрлы түндер», «Мешін жылы», «Қыш кітап», «Талма түсте тағы да бір қайталап», «Әр күн- арайлы таң», «Жалынның шалқуы», «Асқардан асу», «Таңдамалы», т. б. өлеңдері мен поэмалар жинақтары «Аз және Я» атты ғылыми-зерттеу еңбегі жарық көрді. Ақынның әдеби сценарийі бойынша «Бабалар жері», «Көгілдір маршрут», «Қыс -қысылшаң мезгіл», «Мұхтар Әуезов туралы сөз», т. б. кинофильмдер түсірілді.
Олжас Сүлейменов «Семей-Невада» халықаралық қозғалысының жетекшісі ретінде ұлы ақын Абай туған жерде орналасқан атом полигонын жабуға үлкен үлес қосқан.
Олжас Сүлейменов Еңбек Қызыл ту, «Құрмет белгісі», Октябрь Революциясы ордендерімен, СССР-дің көптеген медальдармен наградталған.
Семсер
О, сәйгүлік!
О, арманым!
Уайымым!
Ата қаздың мойнындай мойының!
Тәрізді бір жанартаудың туысы
Оттан бетер,
Өрттен бетер тынысы.
Қас жауымды
Һәм жылқысын бір табын
Сол сәйгүлік үшін-ақ мен
Құртамын!
О, дүлдүл-ай!
Қарадым да дір еттім,
Бөксең сенің -
Бейнесіндей жүректің!
Үрей толы,
Нәпсі толы кеудесі
Іші күйіп өлсін қыздар
Мен десіп!
Бұл өмірге тоюдай-ақ тойғанмын!
Қабырғасын күйретіп бір, ой, ханның.
Тепкілесем,
Керегі де оған сол!
Сүйегіне дәрет алып,
Содан соң
Керегі жоқ мені жоқтап,
Мені іздеп,
Қылыш сермеп жетер ем көк теңізге . . .
Әкел бермен сәйгүлікті!
Бермесең
Өкінесің,
Өкіресің көрде сен!
Қыз қуу
Ей, ер жігіт, ер жігіт,
Ей, өр жігіт, өр жігіт!
Атыңа ерік бер, жігіт!
Қуып жетіп кел, жігіт!
Тұрып алмай именіп,
Қуып жет те
Сүй мені!
Даланың жел, ит құсы.
Шулап қалсын,
Жүйткіші!
Әттеген-ай,
Әттеген!
Мәстек пе еді ат деген?!
Көндім -ау бұл азапқа,
Көндім -бұл мазаққа.
Мұндай мазақ-азаптан
Жеңіл шығар тозақ та!
Нағыз кәусар жігітті,
Нағыз қайсар жігітті,
Нағыз бұлбұл жігітті,
Тұлпар емес- Бос өкпе
Қор ғып қойды-ау есекке!
Олжас туралы сөз
«Меніңше, орыс Азиясы біздің поэзиямызда бұрын-соңды дәл мұндай айрықша сонылықпен сөйлеп көрген емес . . . »
Б. Слуцкий
* * *
«Олжас Сүлейменовтің «Мешін жылы» кітабынан мен кеше мен бүгіннің тамырластығын таныдым. Сөз тамыры . . . мен сол тамырдың не екенін, оның Олжас Сүлейменовті қалай алып шыққанын және қазақ мәдениетімен ұласып жатқан ұлы көпірді таныдым. Сол көпір Отанға, ауыз әдебиеті дәстүрінің құдіретіне деген сүйіспеншіліктен туғанын ұғындым».
Лили Дени
1968 ж
* * *
«Қазақ ақыны Олжас Сүлейменов-орыс тілінде жазғанына қарамастан, бүкіл болмысымен қазақ ақыны . . . »
Леонид Мартынов
* * *
«Олжас Сүлейменов ұлы аталары Абай мен Жамбыл дәстүрін жалғастырып, одан әрі дамытып келеді.
Ұлттық шеңберде қалып қоймай интернационалдық тақырыпқа лайықты ақын болып қалыптасты. Өз халқының тағдырын ол басқа халықтардың тағдарымен, бүкіл халықтардың тағдарымен, бүкіл адамзаттың тарихымен салыстыра зертейді. Оның жан- жүрегі қай нәсіл, қай ұлт, қай түсті болса да еңбекшіл, күрескер, ары таза адам атаулының бәріне айқара ашық».
Мұхамеджан Қаратаев
* * *
«Азаматтық әуен, Отан сүйгіштік сезім, әлемдегі дүбірлі оқиғаларға дер кезінде үн қосу, жекелеген деректерден дүние туралы философиялық түйін түю - Олжас поэзиэсының өзіне ғана тән алтын өзегі. Ақын поэзиясының рухани кемелдігі ақынға ұлттық-эстетикалық мұраттың жалпы адамзат мәдениетімен тоғысуын айқын көруіне жол ашады».
Мұхтар Әуезов
* * *
«Алаш жұртының ұлы перзенті Олжас Сүлеймен өзінің «Аз и Я» кітабында қазақ елінің, түрік міллетінің ғана емес, бүкіл Азия құрлығының атынан сөйледі, Совет империясы шегінде қалыптасқан батысшылдық, орысшылдық тоңмойын түсініктерді қақырата сөкті. Сөздің қандай бұлақтан бастау алғанын дәлелдеді, Таңның қай тараптан ататынын ашып көрсетті».
Мұхтар Мағауин
* * *
«Олжас Сүлейменовтің дауысы әлемнің бүгінгі аса көрнекті ақындық дауысына жатады . . . »
Андре Делю 1975 ж
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz