Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров: өмірбаяны мен өлеңдерінен үзінділер


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН

(1894-1938)

. . . Сәкен - әдебиеттегі лақап аты. Шын аты - Сәдуақас. Өзінің өмірбаяны туралы бір жазғанында: «Әкем саятшы, аң аулағыш, домбырашы, ақжарқын жайдары адам, шешем әңгімешіл еді» дейді. Оның үстіне Сәкеннің өскен елінде қазақтың көптеген әнші-ақындары болған. Жас баланың алғашқы қызыға тыңдап, мол әсер алған жайлары ата-ана, ауыл аймағындағы ақын, әнші-домбырашылардың өлең айту, күй тарту өнерлері. Мұның бәрі болашақ қынның поэзияға, ән-күйге деген құмарлығын ерте сергітіп оятады.

Лирик, кең құлашты эпик ақын, прозаик, драматург, жазушы, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллин қаламынан туған тамаша туындылар көп. Солардың бірі «Далада» деп аталатын өлеңі.

Далада

(Арнау)

Жүген-құрық тимеген,

Жасынан нокта кимеген.

Алты жасар асауды

Ұстап міндім далада.

Ақырды асау -Жаңғырды дала.

Тулады, орғыды асау -

Дүбірлеп күңіренді дала,

Қиырсыз дала . . .

Орғыды асау айнала -

Дүбірледі айдала.

Алысып асау осқырды -

Жал-құйрығы желмен ысқырды,

Жүйткіп, зымырап құлашын керді асау.

Танаулары шелектей,

Ырсылдап демі көріктей,

Көздері оттай өріктей.

Өрге қарай орғыса,

Өр не қылмақ асауға?

Желге қарай орғыса,

Жел не қылмақ асауға?

Орғытып, ұшыртып жүріп,

Көкіректі кернеп,

Кең даланы күңірентіп,

Қатты айқайлап ән салдым.

Әнім кетті дыңылдап,

Жаңғыртып кең даланы

Салдым күшті дауыспен ән.

Өніме қосылды: кең дала,

Аққулы-қазды шалқар көл,

Қамысты-құрақты көк өзен

Қосылды бәрі шуласып,

Қосылды бәрі шаттанып.

БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН

(1894-1938)

Бейімбет Майлин 1894 жылы казіргі Қостанай облысының Таран ауданында дүниеге келген. Ауыл медресесінен сауатын ашқан ол сол кезеңдегі белгілі оқу орындары болып саналатын Троицк қаласындағы «Уәзифа» медресесінен, кейін Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінен білім алған.

Дарынды жазушының шығармашылығы кең арналы, сан салалы, күрделі де көрікті әлем. Ол - сыншыл ақын, көркем прозашы, драматург, көсемсөз шебері. Оның шығармаларында қазақ ауылының, ондағы қарапайым шаруа адамдарының шынайы да сыршыл суреті бар.

Бейімбет Майлин әңгімелері сол тұстағы аумалы-төкпелі кезеңнің жаманы мен жақсысын, пайдасы мен залалын дәл танып көрсете білуімен кұнды. Жазушының сондай әңгімелерінің бірі - «Даудың басы - Дайрабайдың көк сиыры».

ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ (1894-1938)

Ілияс Жансүгіров 1894 жылы 14 мамырда бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысының 4-ауылында (қазіргі Алматы облысы Ақсу ауданында) туган.

Ілиястың әкесі Жансүгір ескіше сауаты бар, өзі өнерлі адам болган. Ол баласының тәрбиесіне катты көңіл бөледі. Өзінің бойындағы тамаша өнерінің бәрін баласына үйретеді. Ілияс әкесінен жазуды, оқуды, етік тігуді, домбыра тартуды, коңыр дауыспен ән салуды үйренеді.

Зерек, ұғымды бала әкесі сынылды халқының ән-жыр, күй өнерін сүйеді, оларды жанымен беріле зерттейді. Халықтың бай ауыз әдебиеті үлгілерін жаттап өседі. Ілиясқа әкесі Абай, Шернияз, Махамбет, Базар, Ақан, Біржан ақындардың шығармаларын оқытып жаттатады. Әдебиетті жан-тәнімен сүюі Ілиясты ақындық өнерге жеткізеді. Көптеген өлеңдері жастарға арналған. «Жас бұлбұлдарға», «Жалпы жасқа», «Жастар», «Жастар ұраны» сияқты өлеңдерінде жастарды оқуға, өнер-білімге шақырады.

Мұхаметжан Қаратаев

Анам тілі

Қадірлі, бағасы алтын анам тілі,

Сенімен бағаланған балаң түрі.

Төрт бөліп түн ұйқысын жұбатам деп,

Сенімен әлдилеген анам мені.

Бесікте белім буып бітіскемін,

Сөйлесіп, шешем жүнін түтіскемін.

«Апа» деп, «Ә» деп жылап, аузымды ашып,

Емшектен еңбек қылып, сүт ішкемін.

Маңымды сеніменен танығамын,

Сеніменен қуаныш, налығамын.

Дене ауырлап, жан жалқау тартқан шақта,

«Уһ» деп шаршап, дем алып шалығамын.

Тілегенім, қорыққаным бәрі де сен,

Сасқанда да жармасам ойбайыммен.

Апкәусар 1 болса-дағы ұжмақтағы,

Тәттілікті көрмеспін сенімен тең.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин және Ахмет Байтұрсынов туралы академиялық жоспар
Үш бәйтерек: Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров және Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығы
Жүсіпбек Аймауытов және XX ғасыр қазақ жазушыларының шығармашылығы: Ғұмар Қарашев, Бернияз Күлеев, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Біржан Майлин
Бейімбет Майлин: өмірбаяны, прозасындағы сықақ және шығармашылық талдауы
Бейімбет Майлин: өмірбаяны, шығармашылығы және қазақ әдебиетіндегі орны
Бейімбет Майлин: өмірі мен шығармашылығы
Қазтуған Сүйінішұлы: ноғай дәуірінің жырауы және Сәкен Сейфуллин мен Ілияс Жансүгіровтің қазақ совет әдебиетіндегі орны
Ілияс Жансүгіров (1894-1938): өмірі мен шығармашылығы
Бейімбет Майлин (1894-1938): Қазақ совет әдебиетіндегі өмірі мен шығармашылығы
Ілияс Жансүгіров: өмірі, поэзиясы және аударма өнеріндегі ерекшеліктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz