Фуд Мастер компаниясы


Тапсырған:
Алматы 2009-2010ж
«Фуд Мастер» компаниясы
Тұтынушының жоғары талаптарына толық сәйкес келетін сапалы өнім өндіру. Біздің тұтынушы өнімінің сапасына және Компанияның барлық салаларының жұмыс деңгейіне көңлі толуы тиіс. Біздің тұтынушыларымыздың барлық тілектері қанағаттандырылуы қажет.
«Ұлт саулығы, салауатты өмір салты»
Қазақстан саналы, білімді, жаны мен тәні сау адамдарға зәру. Біз нарыққа осы үлы мұраттың орындалуына септігімізді тигізу үшін араластық. Дұрыс, сау, сапалы тамақтану - осы бағдарламаның бір бөлігі. Біз өскелең ұрпақ еншісіндегі кемел келешекке үлесімізді қосқалы келдік.
Жаңашылдық, даму, икемділікті бағдар тұту -біздің алдымызда өндірісті жетілдіру және тұтынушыларға пайдалы болып табылатын, сенімге тұрарлық жоғары сапалы өнімдерді өндіру міндеттері тұр. Біз әрқашан іздену үстіндеміз Біз адал бизнес мен сау бәсекелестік жағындамыз. Біз еркін нарықтық қатынастар ұстанымдарын ту етпекпіз.
Сапа - біздің ұлы мұратымыз
Біз қоғамдық пікірді бағалаймыз. Компанияның өнімі қай жерде өндірілгеніне қарамастан, ол ұдайы сапа стандарттарына сәйкес келеді. «ФудМастер - өз ісінің шебері болып табылады».
Компанияның басты құндылығы мен қозғаушы күші - біздің адамдар
Мықты маман құрметке, өз еңбегінің жоғары адамдық және материалдық бағасын алуға лайықты. Әр қызметкердің болмысынан «ФудМастер» компаниясын көруге болады. Қызметкер Компания мәселелерін, ал Компания әр қызметкердің мәселесін шешеді. Біз қызметкер бойындағы бастамашылық пен шығармашылықты бағалаймыз.
Қызметкерлердің әрқайсысын тұлға ретінде бағалап, шығармашылық қайнар-көзін ашуға, тұрақты еңбек қызметіне, кәсіби өсу мен қызметте жоғарылауға жағдайлар жасаймыз, әркімнің бастамасын ынталандырамыз.
Шешім қабылдаудағы жауапкершілік
Компанияның негізгі құндылықтарының бірі - өндірістегі және адамдармен қарым-қатынастағы күрделі жағдайларда жауапкершілік көтеру, еңбек потенциалының дамуы барысында басшылар жауапкершілігін арттыру.
Жұмыстың топтық-қауымдық ұстанымы
Топ мүшелерінің жекелей емес, біріккенде ғана анағұрлым көп жетістіктерге жететіні баршаға аян. Өзара көмек көрсете отырып, әріптестердің жетістіктерін қуаттап, қолдай отырып, біз алдыңғы қатарлы ұйым бола түсеміз.
«ФудМастер» компаниясының тарихи ғұмыры жас бизнесмендердің көкейіне: сүт, мал шаруашылығының дәстүрлеріне бай Қазақстан неліктен йогурт тәріздес тамаша тағамды өндірмейді, тіпті білмейді де деген сауал түскен 1995 жылдан бастау алады. Есік қаласындағы сүт зауытының цехын жалға алып, «ФудМастер» тәтті, үлкен және жарқыраған стақандарға құйылған «Crystal Lake» йогуртын әзірлеп шығарды.
Йогурт жасалғаннан кейін, бүкіл қалған сүт өндірісі салаларын игеруге болады-ау деген ойға келді кәсіпкерлер. «ФудМастер» компаниясы алдына қазақстандық нарықтың озық қатарынан орын алу міндетін қойды. Есік сүт зауытындағы алғашқы жетістік Қазақстандағы сүт бизнесінің кірісті болатынын көрсетті. Жыл өткен сайын Компания республиканың түрлі аймақтарынан меншікке зауыттар ала бастады. Бүгінгі таңда Компанияның 6 зауыты және бір сүт-тауар фермасы бар.
Еліміздің бірнеше аймақтарында - Жамбыл, Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында «ФудМастер» компаниясы сүт қабылдау тораптарының желісін ұйымдастырды. Жекеменшік мал қожалықтары өтеусіз жалдау шарттарында шведтік өндірістің сүт қабылдау резервуарларымен, қабылданатын сүттің экспресс талдауына арналған жабдықтамамен жарақтандырылған. Ауыл халқына көлік, бұзау сатып алуға несие берілді. Шаруалар қарыздарын сүтпен қайтарды. Сүт зауыттарына сүт ағылды. Біртіндеп шикізаттың тек жоғары сапалы болуына қол жеткізуге мүмкіндік туды.
Қазіргі таңда «ФудМастер» компаниясының құрамында бірнеше сүт өндірісі, сонымен қатар Қазақстанның түрлі облыстарында орналасқан бір сүт-тауар фермасы бар.
«ФудМастер» компаниясының негізгі міндеті Қазақстанда сүт өндірісін көтеру және Республика халқын сапаның жоғары стандартына сәйкес келетін өніммен тұрақты түрде қамтамасыз ету болып табылады.
«ФудМастер» компаниясының алғашқы зауыты Алматы облысының Есік қаласында орналасқан. «ФудМастер-Алматы» мекемесі 1995 жылы құрылған. Кәсіби мамандар тобы мекемені алдыңғы қатарлы озық мекемеге айналдырды. Тәулік сайын сүт зауыты жүз тонна сүтке дейін өңдеп шығарады.
Зауыт өнім құю жөніндегі жоғары технологиялық желілермен жарақтандырылған. 2001 жылы құбыр жуу бойынша қос желілі автоматты стансасы мен сағатына 50 000 литр су өткізетін қуаттылығы бар CIP жабдықтамалары орнатылған. Жоғары технологиялық жабдықтама өндірілетін өнімнің мүлтіксіз сапасын қамтамасыз етеді. Тек қана 2001-2002 жж. Есік сүт зауытын жаңалау мен қалпына келтіруге 2 млн. АҚШ доллары жұмсалды. Енді зауыт жарақтандырылуы бойынша алдыңғы қатарлы еуропалық мекемелерден кем түспейді.
ФМ-ЖА (Астана)
«ФудМастер, ЖА» Компаниясы ЖШС-і 1997 жылғы қаңтарда құрылған. Мекеме алдында Қазақстан Республикасының жаңа астанасын сапалы және Алматыда танымал «ФудМастер»-лік сүт өнімдерімен қамтамасыз ету міндеті тұрды.
Қысқа мерзім ішінде негізінен Астананың қалалық сүт зауытының “бұрынғы” жұмысшыларынан тұратын мамандар тобы «ФудМастер» компаниясы өнімінің негізгі түрлерінің өндірісі мен сатуды бастай алды. Тек сапалы өнімдер шығара және жаңалықтар енгізе отырып, мекеме тұтынушылар тарапынан сенімге ие бола бастады. Мекеме мамандарының көпшілігі Еуропа мен Американың жетекші тағам өндірісі мекемелерінде тәжірибе жинақтаған.
ФМ-Шымкент
1998 жылы «ФудМастер» Оңтүстік Қазақстан облысындағы Көк саек ауылындағы май-сыр зауытын меншіктеді. «ФудМастер» компаниясының иелігіне өткеннен бастап зауыттың жеті жылғы тұралаудан кейінгі жаңа тіршілігі қайнап кетті. Күніне 30 тонна сүтке дейінгі қуаттылығы бар зауытта, Қазақстан нарығында жоғары сұранысқа ие болған айран, био-айран және сүт өндіріледі.
Заманауи «Хугарт» және «Роверси» технологиялық желілері жаңа және сапалы өнімдердің көптеген түрлерін өндіруге мүмкіндік береді. Жергілікті тұрғындардан құралған еңбек ұжымы өз ісінің шеберлері және мекеменің үздіксіз өскен жетістіктерінің айқындауыш бөлігі болып табылады. 2003 жылғы тамызда «ФМ - Шымкент» компаниясы сүт өңдеу және сүт өнімдерінің өндірісі саласында ISO - 9001 сапа менеджменті жүйесіне сәйкестіктің халықаралық сертификатын алды.
ФМ-Қордай
Жамбыл облысының Қордай кентінің жанында Қырғызстанмен шектескен жерге таяу шұрайлы жерде «ФудМастер» компаниясының сыр зауыты орналасқан. «ФудМастер» компаниясы қатқыл сырдың бірегей дайындау тәсілін сақтап қана қоймай, атақты сыр жасау шеберлерін сақтай алды. 1998 жылдан бастап «ФудМастер-Қордай» Костромалық, Ресейлік, Голландиялық сияқты дәстүрлі қатқыл іріткі сырларын өндіреді. Зауыт күрделі қалпына келтіру жүргізілді. Жаңартылған жабдықтама анағұрлым ұзақ сақтау мерзімді мінсіз, сапалы сырларды өндіруге мүмкіндік береді.
Сыр жасау шеберлері жасаған сырлар жоғары наградаларға ие болды:
2000 жыл. «Астана Фуд» көрмесі, Астана
«Қордай» және «Ресейлік» сырлары үшін ФМ-Қордай «Астана Фуд-2000» көрмесінің алтын белгісі мен дипломдарына, сонымен қатар Май және сыр жасау Бүкілресейлік ҒЗИ мамандарының жоғары бағасына ие болды.
2003 жыл. «FOODEXPO» көрмесі, Алматы
Қордай шеберлерінің өнімі мамандардың биік бағасын алып, ФудМастер «Қордай» сыры үшін Алтын медаль тәрізді халықаралық танымалдылық белгісін еншіледі.
2003 жыл. Сыр мен май өндірісі бойынша Бүкілресейлік байқауы, Углич
«Ресейлік» сыры Алтын медаль, ал «Голландиялық» сыры - қола медальді иеленді. Компанияға сонымен қатар Жамбыл облысының Қордай кентінінің жанында орналасқан сыр өндірісі зауыты тиесілі. Мекемеде қатқыл сыр әзірлеудің бірегей тәсілін сақтап қалған әйгілі сыр жасау шеберлері еңбек етеді. 1998 жылдан бастап «ФудМастер-Қордай» дәстүрлі дайындау тәсілі бар қатқыл іріткі сырларды өндіреді (Костромалық, Ресейлік, Голландиялық) .
«ФудМастер» шығарған сыр өнімдері бірнеше жылдар көлемінде жоғары наградаларды еншіледі. 2000 жылы «Қордай» және «Ресейлік» сырлары «Астана-Фуд» көрмесінің алтын белгісі мен дипломдары, 2003 жылы компания сырларына екі алтын медаль берілді. Новинкалар!
«ФудМастер» компаниясына қызығушылық білдіргеніңіз үшін алғысымызды білдіреміз.
Ең құнды капитал салымы ретінде «ФудМастер» компаниясы жұмысшыларының білімі мен кәсіби деңгейінің артуы деп есептейді. Біз басқарудың тиімді жүйесі Компанияда жұмыс істейтін адамдарға тікелей байланысты және кәсіби мамандарға салынған инвестициялардың ұзақ мерзімді жетістік негізін құрайтынын түсінеміз.
«ФудМастер» кәсіби мамандар тобын қалыптастыра отырып, олардың біліктілігін арттыру, мотивациялау, әлеуметтік қорғалуын және қауымдық құндылықтарға тәнтілігі турасында үздіксіз қамқор болады. Компанияның жұмысы барысында қызметкерлер саны 15-тен 1200 адамға өсті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz