Агроөнеркәсіптік кешен құрамы мен маңызы



Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Агроөнеркәсіптік кешен құрамы мен маңызы. Өсімдік шаруашылығы
Уикипедиядан алынған мәлімет, ашық энциклопедия
Мында өту: шарлау, іздеу
Мазмұны
* 1 Агроөнеркәсіптік кешен: күрделі құрылым
* 2 АӨК-тің 1 буыны - қызмет көрсету саласы
* 3 Ауыл шаруашылығы - АӨК-тің 2 буыны
* 4 Өсімдік шаруашылығы - ауыл шаруашылығының негізі
* 5 Пайдаланған әдебиет
[өңдеу] Агроөнеркәсіптік кешен: күрделі құрылым
Олардың негізгі бөлігін ауыл шаруашылығы өндіреді.
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп қоюдын, өзі жеткіліксіз. Оны сақтап, сапалы түрде өңдегеннен кейін халыққа уақытында жеткізу керек. Ауыл шаруашылығы бұл мәселелерді басқа салалардың көмегінсіз шеше алмайды. Сондықтан оның қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп өндірістері мен ауыл шаруашылығының арасында тікелей байланыс қалыптасқан. Басқаша айтқанда, агроөнеркәсіп кешені (АӨК) пайда болды.
Агроөнеркөсіптік кешеннің негізгі мақсаты - халықты азык-түлікпен, ал өнеркәсіпті қажетті шикізатпен қамтамасыз ету.
АӨК құрамында үш негізгі буын бар.
1. АӨК-ке қызмет көрсететін, оны техникамен, тыңайтқыштармен қамтамасыз ететін салалар құрайды.
2. бұл ауыл шаруашылығы.
3. тамақ және жеңіл өнеркәсіптері.
Олар ауыл шаруашылығы өнімдерін халық тұтынатын тауарларға айналдырады.
Жұмыскерлердің саны женінен (2,4 млн адам) АӨК аса ірі салааралық кешен болып табылады. Ол елдегі ішкі жалпы өнімнің 110 бөлігін береді. АӨК өнімдері барлық тауар саудасының 50%-дан артығын құрайтындықтан, халықтың әл-ауқатын жақсартуға әсерін тигізеді. Сонымен бірге өнімдері шет елдерге сатылады. Мысалы, бидай және ұн Қазақстанның маңызды экспорттық тауары.
[өңдеу] АӨК-тің 1 буыны - қызмет көрсету саласы
1 буыннын, салалары АӨК-ке ауыл шаруашылық машиналарын, құрал-жабдық жеткізе отырып, оның интенсификациясының жалпы деңгейін анықтайды. Тұтас кешеннің жетістіктері оның дамуымен тығыз байланысты. Өзірге АӨК-ті қажетті өніммен толық қамтамасыз ете алмай келеді.
АӨК-тің қалыпты жұмыс істеуі үшін техника мен құрал-жабдықтардың 4000-дай түрі қажет. Біздің елімізде олардың 400-дей түрі ғана шығарылады. Көптеген маңызды өндірістер дамымаған немесе енді пайда болып келеді.
Сондықтан әлі де ескі техника пайдаланылады, қол еңбегінің үлесі жоғары, ауыл шаруашылық дақылдары мен малдардың өнімділігі төмен. Өндірілген өнімнің аз ғана үлесі өңделеді. Еліміз шет елдерден азық-түлікті кеп мөлшерде сатып алады.
[өңдеу] Ауыл шаруашылығы - АӨК-тің 2 буыны
Ауыл шаруашылығы - АӨК-тің орталық тізбегі болып табылатын, ел экономикасының дәстүрлік саласы. Оның өнеркәсіптен 3 негізгі айырмашылығы бар.
1. Ауыл шаруашылығында жер - негізгі зат әрі еңбек құралы болып саналады. Сондықтан жерді дұрыс пайдалану, құнарлылығын сақтау - қоғамның маңызды міндеті.
2. Ауыл шаруашылығы - экономиканың маусымдық саласы.
3. Ауыл шаруашылык өндірісіне табиғи жағдайлар қатты әсер етеді.
Жиі болатын құрғақшылық, қатты аяздар, қар басуы мен көктайғақ ауыл еңбеккерлеріне егін өнімі мен мал басын сақтап қалу үшін қажырлы күрес жүргізуге мәжбүр етеді. Осыған байланысты, еліміздің аумағын тәуекелді егін жөне мал шаруашылығы зонасы деп атауға болады.
Ауыл шаруашылығымен 200 мыңдай әр түрлі кәсіпорындар - фермерлік шаруашылықтар, акционерлік қоғамдар, серіктестіктер, кооперативтер мен тұрғындар шаруашылықтары айналысады.
Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің рөлі өзгереді. Ол енді ауыл шаруашылық өнімдерін шығарумен айналыспайды, тек ол үшін қажетті жағдай жасайды.
Мемлекет ауыл тұрғындарының тіршілігі мен еңбек жағдайын жақсартып, шаруашылықтарға техника мен жанар-жағармай алуға көмектеседі, сонымен бірге ауыл шаруашылығы ғылыми мекемелері мен тәжірибе стансаларын қаржыландырады. Мемлекеттік азық-түлік корпорациясы ауыл тұрғындарынан өсірген өнімнің бір бөлігін сатып алады.
Қазақстанның жер аумағы үлкен - 272 млн га. Еліміздің барлық жері - жер қорына (немесе жер фондына) жатады.
Оның көп бөлігін ауыл шаруашылығына жарамды жерлер құрайды. Бұлар - ауыл шаруашылық жерлері (аумақтары). Олардың негізгі түрлері - егістік жерлер, жайылымдықтар мен шабындықтap, сонымен бірге көп жылдық алқаптар (бақтар мен жүзімдіктер).
Егістік жерлердің жекелеген бөліктері кеп уақыт бойы өңделмей, тыңайған жер есебінде қалдырылады.
Ауыл шаруашылық жерлерінің құрылымындағы ең бағалы жерлерінің (егістіктер) үлесі көп емес. Бірақ оның жан басына есептегендегі шамасы әлемдегі ең жоғарғылардың бірі болып саналады. Ең көп аумақты жайылымдық жерлер алып жатыр.
Еліміздің әр бөлігіндегі ауыл шаруашылық жерлерінің құрылымы бірдей емес.
Ауыл шаруашылық жерлеріне қолайсыз факторлар - құрғакшылық, жел және су эрозиясы, топырақтың тұздануы мен батпақтануы әсер етеді. Сондықтан жерді мелиорациялау (жақсарту) шараларының егістік жерлерді суарудың, жайылымдарды суландырудың; ағаш отырғызудың, құмдарды бекітудің, жер бетін тегістеудің, қышқыл топырақтарды әктаспен өңдеудің маңызы зор. Бірнеше мелиоративтік шараларды бір уақытта қатар жүргізуге де болады. Оны кешенді мелиорация деп атайды. Мысалы, Оңтүстікте егістікті суару және онда ағаш отырғызу арқылы қорғаумен ұштастырыла жүргізіледі. Мелиорациялық шаралар тұрақты өнім алу мен жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.
Біздің елімізде ауыл шаруашылық жұмыстары орасан үлкен аумақтарда кысқа мерзім ішінде жүргізіледі. Ол үшін әр түрлі казіргі заманға сай техниканың көп мөлшері қажет. Ол бірақ әзірге жеткіліксіз.
Сондықтан егістік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың экономикалық-құқықтық мәселелері
Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен
Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Агробизнес экономикасы
Ғарыштық мониторинг технологиялары
Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен жайлы
Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы
Жерді қорғаудың мемлекеттік құқықтық шаралары. Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік
Агроөнеркәсіптік кешеннің құрылымы
Аграрлық өнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу
Пәндер