Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы



Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы
Кенді Алтайдың солтүстік-батыс бөлігінде Шығыс Қазақстан облысының Риддер
(Лениногор),Зырян, Глубокое (Орталық кеңсе-үй-жайы Глубокое ауданының Риддер қаласында орналасқан) аудандарының аумағында Поперечное ауылының оңтүстік-шығысында табиғатты пайдаланудан алынып қойылған жерлерде орналасқан. Батыс Алтай қорығының аудандастырылуы Оңтүстік-Cібір тау елдерінің Алтайпровинциясына жатады. Қорықтың ландшафтық кешеніне Иванов (2800 м), Холзун (2500 м), Көксін (2300 м), Тигирецк (2300 м), Линейск (1600 м), Уба (2067 м), Үлбі (2000 м) жоталарының таулы жер бедерлерінің бөлігі қосылады.
Қорықтың жануарлар дүниесін тайгалық жануарлар: бұлан, марал,елік, құдыр, қоңыр аю, құну, сілеусін, бұлғын, сасық күзен, аққалақ,қара күзен, кәмшат, тиін, шұбар тышқан, суыр, түлкі және әртүрлікеміргіштер құрайды.
Құстар әлемі алдын ала алынған деректер бойынша 100 аса түрден тұрады. Олардың ішінде Қызыл кітапқа енгізілген: қара дегелек,тундра шілі, бүркіт, аққұйрық субүркіт бар.
Әкімшілік жағдайы
Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының кеңсесі Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, Семей көшесі, 10-үйде орналасқан.
Табиғат жағдайы
физикалық-географиялық сипаттамасы Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы Кенді Алтайдың солтүстік-батыс бөлігінде Шығыс Қазақстан облысының Риддер (Лениногор), Зырян, Глубокое (Орталық кеңсе-үй-жайы Глубокое ауданының Риддер қаласында орналасқан) аудандарының аумағында Поперечное ауылының оңтүстік шығысында табиғатты пайдаланудан алынып қойылған жерлерде орналасқан. Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аудандастырылуы Оңтүстік-сібір тау елдерінің Алтай провинциясына жатады. Қорықтың ландшафтық кешеніне Иванов (2800 м), Холзун (2500 м), Көксін (2300 м), Тигирецк (2300 м), Линейск (1600 м), Уба (2067 м), Үлбі(2000 м) жоталарының таулы жер бедерлерінің бөлігі қосылады.
Жер бедерінің формасы шығу тегі жағынан тектоникалық, мұздықты және сулы-эрозиялы болып келеді, құрамына сулы алқаптар, тау арасындағы қазаншұңқырлар, алқап тәрізді төмендеулер, сусыма тастар, жартастар, қорымдар, тасты өзендер кіреді. Жоталардың үсті пенепленденген жазық тәрізді, ал кейбір аудандардың құрылу ерекшеліктерінкар, трог, цирк құрайтын ежелгі мұздықтар , сондай-ақ таңғажайып формалар жасайтын гранит қалдықтарына (Желілік бағандар - Тас ертегісі, Шайтан қалашық) қарап анықтаған. Барлық жоталар көркем өзен алқаптарымен бөлінген.
Қорық аумағына өзендердің тарамдалған гидрологиялық жүйесі, мұзды көлдер, бұлақтар, бастаулар, биік таулы батпақтар (Алтайдағы ең ірі батпақ - Гульбище батпағының ұзындығы 6 км, ені 2 км). Қорық аумағында ағатын өзендер: Қара және Ақ Уба, Палевая Разливанка, Линейчиха, Үлкен және кіші Тұрғысын және тағы басқалары ЕртістіңКарск теңізіне құятын жоғарғы бассейніне жатады. Ақ және Қара Уба өзендері қорық аумағынан тыс жерде Батыс Алтайдағы Ертістің саласы болып табылатын Уба өзеніне барып құйылады. Өзендер көбінесе таудың еріген суымен қоректенеді (40-70%).
Қорық аумағының гидрологиялық жүйесін табиғи қалпында сақтау - жалпы ауданның қалыпты гидрологиялық режимін қамтамасыз ететін негізгі жағдай.
Таулы тайганың құрамына өсімдіктердің жоғарғы белдеуіне жататын: күңгіот қылқанды аралас ормандар, альпі және субальпі шалғындары, тундра белдеуі. Батыс Алтайдағы ормандардың орман өсіруші мамандар анықтаған 25 түрінің 16-сы қорық аумағында кездеседі. Қорықтың климаты географиялық жағдай мен жер бедеріне байланысты. ҚорықАзия материгінің ең түкпірінде орманды, далалы, шөлді табиғи-климаттық аймақтардың түйіскен жерінде; Оңтүстік Сібір және Орта Азияның әр түрлі таулы аймақтарында, Батыс Сібірдің байтақ жазықтық кеңістігінде, Қазақстан менОрта Азияның далалары мен шөлдерінде орналасқан. Қорықтың мұхиттан және ашық теңіздерден алыс жатуы оның климатының континентальды болуына, ауа температурасының жылдық ғана емес тіпті күндік деңгейінің құбылмалығына негіз болады. Жазғы маусымда цельсия бойынша +18+24 градус жанға жайлы ауа-райы жиірек болады. Аязсыз күндер 90 күнге дейін созылады. Қыс 220-240 күнге дейін болады. Қаңтардағы орташа температура цельсия бойынша -17-28 градус. Қар жамылғысының биіктігі 1,5-2.0 метрге дейін, кейде 3-4 метрге дейін жетеді.
Көктемде қар жылдам ериді, көшкін жүруі, қардың опырылуы жиірек байқалады. Ақ Уба көлінің ауданында жылына 1600-2000 мм-ге дейін қар түседі, кейде одан да көп, 3000 мм-ге дейін жетеді. Жалпы қорық аумағында жауын-шашынның деңгейі бірқалыпты десе де болады.
Аумақтың климаты континентальды жағдайда қалыптасады, бірақ тауда ауа температурасының төмендеуі мен жауын-шашынның, әсіресе, Атлантика мұхитынан келетін ауа массасы үшін ашық батыс және солтүстік-батыс беткейлерде көп болуына байланысты - бұл аудандар анағұрлым ылғалды болып келеді. Сондай-ақ таулы жер бедері атмосфералық ауа айналымы процесінің дамуына әсер етеді және теңіз деңгейінің биіктілігіне, жер қыртысының формасына, беткейлердің экспозициясына және жер беті жамылғысының сипатына қарай өзгеріп отыратын климат жағдайларының әртүрлілігін тудырады. Тауда қалыптасатын ауа массасы өзінің сипаты жағынан жанаса орналасқан жазықтың ауа массасынан қатты ерекшеленеді.
Бұл аумақта жауын-шашынның күшеюін туғызатын фронтальды бөліктердің шиеленісуі болады. Тауаралық қазаншұңқырлармен және кең тауаралық ойпаттармен ауа массасы өздерімен бірге қалың жауын-шашын ала келіп, таудың алыс түкпірлеріне енеді. Әсіресе бұл тұрақсыз атлантикалық ауа массасының енуі кезінде байқалады. Ауа массалары өз жолдарында тау беткейлерімен кезігіп, салқындайды, және бұл да жауын-шашын тудырады. Жер бетінің әртүрлі жамылғысы (шалғын, орман, шабындық және т.б.) жергілікті ылғал айналымын қалыптастыратын конвективті процестерді тудырады, бұл да өз кезегінде жауын-шашынды көбейтеді. Жыл маусымдарына қарай ауа айналымы процестері де әртүрлі. Суық кезеңдерде бұл жердің климатында азия антициклонының батыс сілемдерінің суық, бұлты аз, жауын-шашыны жоқ деуге болатын бірнеше күн бойы сақталатын ауа-райының әсері білінеді. Ылғалдылығы аз солтүстік-батыс және солтүстік арктикалық ауа массасының енуі байқалады. Жылы маусымдарда батыс және солтүстік-батыс бағыттағы циклондардың енуі басым болады, онымен атмосфералық шептердің өтуі байланысты. Ауа-райының фронтальды түрінде әдетте бұлттылық қалыңдай түседі, ал фронтальды бөлік тау жоталарына жақындаған кезде жауын- шашан болады және желдің жылдамдығы арта түседі. Жазда континенталды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркістан облысы және Жамбыл облысы
Табиғатты қорғау іс-әрекетінің заң шығарушы және нормативті құқықтық базасы. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы ҚР заңы
Экологиялық білім беру туралы
Қазақстанның қорықтары. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерді қорғау
Қазақстандағы қорықтар
Қазақстан қорығы
Рекреациялық география - жаратылыстану ғылымының бір саласы (5 сағат)
Марқакөл қорығының болашағы
Марқакөл қорығының физикалық-географиялық жағдайы
Табиғат қорғаудың негіздері
Пәндер