Кәсіпорынның түрлері



Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Өнер факультеті
Бейнелеу өнері кафедрасы

Тақырыбы: Кәсіпорынның түрлері

Тобы: ӨКО-211
Орындаған : Мұрат Н.
Қабылдаған: техн.ғ.к., доцент Атажанов И.И

Түркістан-2015
Жоспары:

1. Кіріспе
2. Кәсіпорын ұғымына жалпы түсініктеме
3. Кәсіпорын түрлері
Аралас кәсіпорын
Бірлескен кәсіпорын
Венчурлік кәсіпорын
Унитарлық кәсіпорын
Ұжымдық кәсіпорын
1. Пайдаланылған сайттар тізімі

Кәсіпорын - қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауланған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңды тұлғақұқығы берілген шаруашылық жүргізуші субъект; өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны. Ол әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатымен еңбек ұжымын пайдалана отырып,өнім(тауар) өндіреді, жұмыстарды орындайды, қызметтер көрсетеді және өндіріс құрал-жабдығы мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңды тұлға ретінде және шаруашылық есеп принципіне сүйеніп әрекет етеді. Кәсіпорын заңнамада тыйым салынбаған және кәсіпорынның жарғысында көзделген мақсаттарға сай келетін кез келген шаруашылық қызметпен айналыса алады. Кәсіпорын өзінің қызметін дербес жүзеге асырады, шығарылатын өнімін, салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайданы иеленеді.
Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап құрылды деп саналып, заңды тұлға құқығын иеленеді. Тіркеу үшінқұрылтайшы оны құру туралы шешімді немесе құрылтайшылардың шартын, кәсіпорынның жарғысын және басқа құжаттарды ұсынады. Кәсіпорынның дербес балансы, банктерде есеп айырысу шоты мен өзге де шоттары, өзінің атауы жазылған мөрі болады. Мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның құрамына оның қызметі үшін керекті мүліктің барлық түрлері, бұған қоса жер телімдері, ғимараттар, жабдықтар, шикізат, өнімдер, талап құқықтары, сондай-ақ, кәсіпорынды, оның өнімін, жұмыстары мен көрсететін қызметтерін дараландыратын таңбаларға құқықтар (фирмалық атаулар, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері) және заң мен шартта өзгедей көзделмеген жағдайда басқа да айрықша құқықтар кіреді. Меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген органның келісуімен кәсіпорын заңды тұлға құқықтары берілген еншілес шаруашылық жүргізуші субъектілер, сондай-ақ филиалдар, бөлімшелер, банкіде шот ашу құқығы бар басқа да оқшауландырылған бөлімшелер құра алады. Тиісті орган арқылы мемлекет, еңбек ұжымдары, жеке және заңды тұлғалар, соның ішінде шетелдік тұлғалар да, кәсіпорынның құрылтайшылары бола алады. Меншік нысандарына қарай кәсіпорын жеке, мемлекеттік, ұжымдық немесе аралас меншіктегі, сондай-ақ, қоғамдық ұйым меншігіндегі кәсіпорын нысанында құрылуы мүмкін. Олар жекеше кәсіпорын, серіктес (жарнапұлға негізделген серіктестік), акционерлік қоғам, мемлекеттік кәсіпорын, коммуналдық кәсіпорын түрлеріне жіктеледі. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың дербестігін кеңейтумен бірге экономикалық бірігудің жаңа нысандарын - серіктестіктер, қауымдастықтар, бірлескен кәсіпорындар, шағын кәсіпорындар, консорциумдар, биржалар, коммерциялық банктер құрудың тиімділігі айқындала бастады.
Қазіргі жағдайда капитализімге ауысу жолында қоғамдық меншікті жекелендіру арқылы ірі кәсіпорындарды таратып ұсақ және орта мөлшердегі кәсіпорындар құрылып жатыр. Ол дұрыс деп айту қиын. Дегенмен осы бағытта ірі кәсіпорындар жойылды .Ендігі мәселе осы шағын кәсіпорындардың кәсіпкерлік ісі туралы . Халық шаруашылығы барлық салаларында шағын кәсіпорындардын болуы дүниежүзінің практикада экономикалық тиімді ісі болып табылады .
Қазіргі замандағы экономикадағы ірі монополистік шаруашылыққа тығыз байланысты.Орта және шағын деңгейдегі кәсіпорындар ара салмақтарының өзара байланысы, көптеген факторлармен байланысты. Шынында ірі фирмаларда зор материалдық, финанстық, еңбек ресурстары және маманданған кадорлар бар . Олар жоғары дәрежеде ғылыми - техникалық жаңа әдістер қолдана алды. Ал, екінші жағынан, соңғы уақытта шағын және орта дәрежелі кәсіпкерлік істер орын алады .Ол әсіресе күрделі қаражатты және қызметкерлер кооперациясын көп талап етпейтін, жұмыс салаларында пайда болады .Шағын және орта кәсіпорындар, әсіресе ғылыми жұмысты көп талап етпейтін салаларда және тұтыну тауарларын шығару салаларында болды.
Кәсіпорын экономикалық қызмет көрсететін заңды категория, олар халыққа қажетті тауар өндірумен айналысады.
Дүниежүзілік практикада кәсіпорындардың әр қилы ұйымдық және құқықтық формалары пайдаланылады, оны елдің ұлттық заң шығарушы органдары анықтайды. Соның негізінде оларға заңды статус беріледі. Осы мүмкіндігіне орай міндеттемелеріне сәйкес жауапкершіліктері болады. Кәсіпорындар азаматтық процестерде, сотта, шаруашылық сатысында және аралық сотта өз мүдделерін қорғайды. Қазақстанда қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кәсіпорындардың мынадай ұйымдық, құқылық, формалары бар:
1) мемлекеттік кәсіпорын
2) серіктестік
Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың 90 пайызы ЖШС болып отыр. Мемлекеттік кәсіпорын құқылы статусы әртүрлі. Олардың жағдайын анықтан реттейтін заң актілері жоқ. Іс жүзінде әрбір кәсіпорын мемлекетпен рынок арасындағы финанс мүмкіндік қатынастарын реттейтін арнайы қорларға сәйкес ұйымдастырады. Жеке кәсіпорын. Бұл топқа заңды шаруашылық дербестігі жоқ кәсіпорындар кіреді. Олар мемлекеттік әкімшілік жүйесіне енеді. Тікелей немесе құрылымдық тұрғыдан бір министрлікке, ведомостыларға не жергілікті басқару органдарына бағынады. Олар пайдадан табыс төлемейді.
Кәсіпкерлік сфераның қандайында болмасын, кәсіпкер капитал жұмсап өзіне тезірек пайда табуы мақсат нтіп қояды. Ол үнемі пайда табуын көздейді. Бұл үшін ол өндірісті үзбей, жалғастыра жүргізуі керек, яғни ұдайы өндіріс болуы қажет. Басқа кәсіпкерлермен бәсекеде уақыт ұтқан алдымен жеңіске жететін болғандықтан, капиталдың қызмет ететін уақыт мерзімін сипаттайтын көрсеткіштер ең маңызды экономикалық көрсеткіштерге жатады
Бәсекеге қабілетті өнім кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етеді, ал мұның өзі экономиканың жалпы дамуына оң әсерін тигізеді. Кейбір өндірушілер үшін өнім сапасы жеке мәселе ғана емес. Ол біртіндеп халықтың өмірінің жалпыұлттық сапа мәселесіне айналып келеді. Мұны сапа саласында жетекші болып табылатын соғыстан кейінгі уақытта Жапония экономикасының даму мысалында көруге болады.
Кәсіпорын түрлері
Аралас кәсіпорын - меншік нысандары алуан түрлі кәсіпорын, оның қызметі бірлескен қызметті жүзеге асырушы серіктестердің үлеспұлдық жарналарына негізделген.Ауыл шаруашылығы кәсіпорыны - меншігінде немесе шаруашылықтың қарамағында жер, сондай-ақ, басқа да мүлік бар және өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы өнімін өндіруші, ауыл шаруашылығы өндірісіне қызмет көрсетуші заңды тұлға. Ауыл шаруашылығында шаруашылықты жүргізу нысандары - акционерлік қоғамдар, түрлі тұрпаттағы серіктестіктер, кооперативтері, ұжымдық шаруашылықтар, кеңшарлар, өнеркәсіптің, көлік, басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардың шаруашылықаралық, қосалқы шаруашылықтары, ғылыми-зерттеу мекемелері мен ұйымдары, т.б.
Бірлескен кәсіпорын - екі не одан көп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық тәуекелдердің сыныпталуы
Қаржы тәуекелдерін басқару
Кәсіпорынға қарағандағы ақша
Кәсіпорын экономикасы пәні бойынша әдістемелік нұсқау
Тәуекелдердің мәні мен түсінігі
Қаржылық талдау
Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру
ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫ ҚОРЛАРЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
Нарықтық жағдайда кәсіпорындардың шаруашылық қызметі
Кәсіпорын экономикасындағы рентабельділік
Пәндер