Қорықтын адам өміріне пайдасы


Қорықтын адам өміріне пайдасы

Бүгінде экология ғаламшар халқының ең үлкен проблемасына айналды. Табиғи ресурстар азайып барады. Бізді қоршаған орта ластанған. Үлкен қалалардың ауасында адам ағзасына зиян көптеген улы заттар кездеседі. Мысалы, күкіртті сүрек, күкірткөміртек, қорғасың, сынап, т. б. Мұның бәрі - өнеркәсіп өндірістерінің қалдықтары мен автокөліктердің пайдаланылған газы. Бұл - келешекте зор апатқа әкелуі мүмкін.

Табиғат - тірі дүние. Біз табиғаттан тек алуды білеміз. Оның бар байлығын

пайдаланып жатырмыз. Ал табиғатқа қамқорлық жасауды ұмытып кетеміз.

Табиғаты сақталған халықтар ұзақ өмір сүреді. Олардың ұрпақтарына қалдыратын мұрасы бар.

Еуропа елдері қоршаған ортаны қорғауға көп мән береді. Олар ормандарын күтеді. Оңтүстік Корея еш уақытта ормандарын кесіп, өндіріске

пайдаланбайды екен. Орман - оттектің жер бетіндегі бірден - бір көзі.

Ол - атмосфералық ауаны тазартушы. Бір гектар жерді алып жатқан қарағай жыл сайын он тонна оттек шығарады екен. Ал өзі сонша мөлшерде көмірқышқыл газын жұтады.

Академик К. И. Тимирязев: «Өсімдік жақсы өссе - адам да жақсы өмір сүреді», - деген. Қалай дәл айтылған сөз!

Біздің республикамыздың көп аймағы көмекке зәру. Экологиясы төмен аймақтарымыз көбейіп барады. Су- тіршілік негізі. Сусыз өмір жоқ. Жер шарының көп бөлігін су алып жатыр. Бірақ сол судың тоқсан пайызы адам өмірі үшін, өсімдіктер мен жан - жануалар тіршілігі үшін жарамсыз тұзды сулар. Оның тек 2, 5 пайызы ғана тұщы су. Жер бетінде таза су ресурстары көп емес. Біз судың тазалығын сақтауымыз керек. Ең бастысы, жауапкершілікті түсінуіміз керек.

Табиғатқа келтірмеген зиян - өзімізге жасаған қастандығымыз. Табиғатымызды аялайық! Марқакөлдің солтүстігінде- Күршім тауы, оңтүстігінде Азутау қоршап жатыр. Осы жерді мемлекет арнайы қорық ретінде қамқорлығына алған. Қорықта көптеген орман, тоғайлар бар. Онда «Қызыл кітапқа» енген жануалар мен құстардың түрлері де кездеседі. Жануарлар дүниесін қорғау . Аймақтың қайталанбас бологиялық сантүрлілігін сақтау және оны дамыту үшін ерекше қорғалатын территориялар - қорықтықтар мен қорықтар құрылды, солардың бірі-1984

ж. балық қорын сақтау үшін Каспий теңізі айдынының солтүстік бөлігінде

маусымдық қорық-айдын белгіленді, онда балықты қорғау және көбейту шаралары ұйымдастырылды.

Ақтау-Бозащы қорықтығы 1982 ж. құрылды. Маңғыстау облысында Ақтау сілемдерінің етегінде орналасқан. Аумағы 170 мың га. Қорықтың өсімдік жамылғысында изен-жусанбұйырғын тұтасымы басым. Қорғалатын жануарлар түрлері: үстірт қойы, қарақұлақ, сабаншы, қарақұйрық, жыртқыш құстардың түрлері, оның ішінде сирек кездесетін ителгі және 1991 жылдан бастап құлан жерсіндірілуде.

Қарақия-Қарақол қорықтығының аумағы 137 мың га, Маңғыстау облысында орналасқан. Қазақстандағы ең терең ойыс-Қарақиядағы жануарлар мекен-жайын сақтау мақсатын көздейді. Қорғалатын объектілері - үстірт қойы мен қарақұйрық, ал Қарақолда - сулы-борықты батпақты жүйедегі құстар ұя салар және аққулар мен үйректер қыстайтын жерлер.

Жаңа қорықтығы 1974 жылы құрылды. Еділ атырауының қазақстандық бөлігінде, яғни Атырау ауданында орналасқан, аумағы 45 мың га. Қорықтықтың құрамына Жамбай, Жаңа аралдары кіреді. Аймақтың суда жүзетін және су маңында қонақтайтын құстардың, сонымен қатар қабан, ондатр және жанат тектес иттің тіршілік етер мекенін сақтау шараларын іске

асырады. Мұнда сонымен бірге төңіректегі жабайы жануарлардың саны есептелінеді.

Үстірт қорығы 1984 ж. Маңғыстау облысында құрылды. Оның территориясы Үстірттің батыс тозғын шыңдарының бір бөлігін және жалпы

аумағы 223, 3 мың га болатын Кендірлі сор шарасын алып жатыр. Қорықтың

негізі мақсаты - сирек кездесетін сүтқоректілер мен құстарды, ең алдымен

үстірт қойын, жайранды, сондай -ақ қарақұлақты, қара кірпіні, қарашұбар жыланды және жыртқыш құстардың кейбір түрлерін сақтау. Өсімдік әлемі жұтаң : ұшпалар мен солаңдардан (бұйырғын, жусан, сексеуіл) тұрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерекше қорғалатын аймақтардың климаттық жағдайларына сипаттама
Бастапқыда қорық аумағының ауданы
«туризмдегі экобағыттарды ұйымдастыру және жоспарлау»
Табиғат қорғаудың негіздері
Алакөл көлінің экологиялық жағдайы
Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесі. Жануарлар ресурстарын қорғау шаралары. Қорықтар
Экологиялық туризм түсінігі
Барсакелмес қорығы туралы
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың әлеуметтiк-экологиялық-экономикалық тиiмдiлiгi (Ақсу-Жабағылы қорығы мысалында)
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жалпы сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz