Салық мәні,мазмұны және элементтері



Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Салық мәні,мазмұны және элементтері
Салықтар дегеніміз – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке
тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.
Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің , жеке
тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге
асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория.
Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші
субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір
бөлігін білдіреді. Сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық
табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың
қаржылық қатынастарын көрсетеді.
Салықұғымымен салық жүйесіұғымы тығыз байланысты.
Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен
әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық
жүйесін құрайды.
1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе
экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң
мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің
басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда
және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекетті реттеп отыруға
бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995
жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі
қалыптасты.
1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде салық
жүйесі жұмыс істей бастады. Ол Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі
туралы заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын,
салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін
белгіленген алғашқы құжат еді.Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылға
қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық,18 жергілікті салықтар
мен алымдар енгізді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық
реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық
жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу
қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты Салық және
бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы1995 жылғы сәуірдің 24-
інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді
бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11
болып қалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-
індегі заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің
16-сындағы № 440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт
аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының
заңдарымен бұл заңға өзгертулер мен толықтырулар еңгізіледі.
Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің,
салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің
әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.
Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар
бойынша жіктеледі.
Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және
мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.Мемлекет құрылымының
өзгеруі,өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен,
жаңаруымен бірге қалыптасады.
Әр бір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін
белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет.
Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту,тұрақтандыру барысында
қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланылады.
Салықтардың мәнін толық түсіну үшін,олардың экономикалық
маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын
қызметіне тікелей қатысты.
Салықтар негізгі мынадай қызметтері (функциялары) бар:
- реттеушілік;
- фискалдық;
- қайта бөлу.
Жоғарыда көрсетілген негізгі функциялармен қатар салықтардың
ынталандыру, бақылау функцияларын атап кетуге болады.
Реттеушілік қызметі – салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет
арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтар реттеу
жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты - өндірістің дамуына
ықпал ету. Салық түрлері,салық салу әдістері салықтық реттеудің тетіктері
болып саналады.
Жоғарыда көрсетілген салықтық реттеудің тетіктері тек қана
өндірістің дамуын реттеп қана қоймайды. Сонымен қатар ақша және баға
саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті
дамыту жұмыстарын жүзеге асырады. Әрине, салықтық реттеу тетіктері тиімді
қызмет атқару үшін, олардың басқа да экономикалық тетіктермен тығыз
байланыста болуы қажет. Салықтық реттеуде салық ставкалары мен салық
жеңілдіктерінің алатын орыны ерекше. Себебі ғылыми негізделмеген, шектен
тыс жоғары қойылған стафкалар кәсіпкерлердің ынтасын төмендетіп, өндірістің
төмендеуіне және мемлекеттік бюджет кірісінің азайуына әкеліп соқтырады.
Осы сияқты салық жеңілдіктерінің де теңсіз жағы және бар. Дамыған елдердің
тарихынан салық ставкалары жөнінде мынаны байқауға болады:
а-егер төленетін салық мөлшері салық төлеуші табысының 50
процентінен асып кетсе, онда ол өндірістің тоқтап қалуына соқтырады;
ә-егер салық мөлшері салық төлеуші табысының 45-50 проценті
аралығында болса, онда жай, ұдайы өндіріске әкеледі;
б-егер салық мөлшері, салық төлеуші табысының 35-40 проценті
мөлшері аралығында болса, онда ұлғамайлы ұдайы өндіріске әкеледі.
Салықтардың екінші қызметі – фискалдық немесе бюджеттік қызметі.
Бұл қызметі (функциясы) арқылы мемлекеттік бюджеттік кіріс бөлімі құрылып,
салықтардың қоғамдық міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің
кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери – қорғаныс, тағы басқа да
шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді.
Қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлшегі
мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтің іс - әрекетінің көлемі ішкі жалпы
өнімді салықтардың алатын үлес салмағы арқылы анықтайды. Соңғы жылдардағы
мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасының ішкі өнімдегі салықтардың үлес
салмағы 40 проценттен көбірек болып отыр. Бұл экономикасы дамыған басқа
елдерден әлдеқайда жоғары. Еліміздегі мемлекет мүддесі үшін қаржы көздерін
орталықтандырудың бір айғағы осы.
Мемлекет мына жоғарыда көрсетілген салықтардың қызметін
(функциясын) пайдалана отырып еліміздің салық жүйесін анықтайды. Салық
механизмінің қызмет ету жолдарын белгілейді, жалпы экономикалық саясатты
негізге ала отырып салық саясатын анықтайды.
Қазахстан Республикасы Конституциясының 35 – бабында: заңды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салық элементтері және салықтың жіктелуі
Салық жүйесінің мәні мен мазмұны. Қазақстан Республикасының салық жүйесі
Салықтардың экономикалық мәні мен қажеттілігі. Салық салудың құрылу негіздері немесе салық элементтері
Салықтың мәнi, функциясы
Салықтардың экономикалық мәні мен қажеттілігі
Салық түрлері
Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қалыптасуы
Пайдаға салынатын салық
САЛЫҚ ҚҰРЛЫСЫ МЕН ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Қазақстанның салық жүйесі жайлы
Пәндер