Жеке адамға қарсы қылмыс туралы



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жеке адамға қарсы қылмыс
      96-бап. Адам өлтiру
      1. Кiсi өлтiру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтiру
-
      алты жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға
жазаланады.
      2. Кiсi өлтiру:
      а) екi немесе одан көп адамдарды;
      б) осы адамның қызметтiк iс-әрекетiн жүзеге асыруына не кәсiби немесе
қоғамдық борышын орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарын;
      в) дәрменсiз жағдайда екендiгi айыпкерге белгiлi адамды, сол сияқты
адамды ұрлаумен ұштасқан;
      г) жүктi екендiгi айыпкерге белгiлi әйелдi;
      д) аса қатыгездiкпен жасалған;
      е) көптеген адамдардың өмiрiне қауiптi тәсiлмен жасалған;
      ж) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе
ұйымдасқан топ жүзеге асырған;
      з) пайда табу мақсатымен, сол сияқты жалданып не қарақшылықпен,
қорқытып алушылықпен не бандитизммен ұштасқан;
      и) бұзақылық ниетпен;
      к) басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңiлдету мақсатымен
жасалған, сол сияқты зорлауға немесе жыныстық қатынас сипатындағы күш
қолдану әрекеттерiмен ұштасқан;
      л) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни өшпендiлiк немесе араздық не
қанды кек себебi бойынша;
      м) жәбiрленушiнiң мүшелерiн немесе тінiн пайдалану мақсатымен
жасалған;
      н) бірнеше рет жасалған адам өлтіру;
      о) көрінеу кәмелетке толмаған баланы өлтіру -
      мүлкiн тәркiлеу арқылы немесе онсыз он жылдан жиырма жылға дейiнгi
мерзiмге бас бостандығынан айыруға не мүлкiн тәркiлеу арқылы немесе онсыз
өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      97-бап. Жаңа туған сәбидi анасының өлтiруi
      Анасының өзiнiң жаңа туған сәбиiн туып жатқан кезiнде, сол сияқты
одан кейiнгi кезеңде психикасын бұзатын жағдайда немесе есiнiң дұрыстығын
жоққа шығармайтын психикасы бұзылуы жағдайында өлтiруi -
      төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол
мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      98-бап. Жан күйзелiсi жағдайында болған адам өлтiру
      1. Жәбiрленушiнiң күш қолдануынан, қорлауынан немесе ауыр
балағаттауынан не өзге де заңға қарсы немесе моральға жат iс-әрекетiнен
(әрекетсiздiгiнен) болған кенет пайда болған жан күйзелiсi (аффект)
жағдайында, сонымен бiрдей жәбiрленушiнiң жүйелi түрдегi заңға қарсы немесе
моральға жат мiнез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психиканы
бұзатын жай-күйде адам өлтiру -
      үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе үш жылға
дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған мән-жайлар кезiнде жасалған
екi немесе одан да көп адамды өлтiру -
      бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      99-бап. Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған
               кiсi өлтіру
      Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған кiсi өлтiру -
      екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе дәл сол
мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      100-бап. Қылмыс жасаған адамды ұстау үшiн қажеттi
                шаралардың шегiнен шығу кезiнде жасалған кiсi
                өлтiру
      Қылмыс жасаған адамды ұстау үшiн қажеттi шаралардың шегiнен шығу
кезiнде жасалған кiсi өлтiру -
      үш жылға дейiн мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе дәл сол
мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      101-бап. Абайсызда кiсi өлтiру
      1. Абайсызда кiсi өлтiру -
      үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол
мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
      2. Абайсызда екi немесе одан көп адамды өлтiру -
      бес жылға дейiн мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге
бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      102-бап. Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу
      1. Адамды өзiн-өзi өлтiруге жеткiзу немесе жәбiрленушiнi қорқыту,
оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адамдық қасиетiн ұдайы қорлау жолымен
өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу -
      үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол
мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Кiнәлi адамға материалдық немесе өзге де тәуелдiлiктегi адамға
қатысты жасалған дәл сол әрекет -
      бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе дәл сол
мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      103-бап. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру
      1. Адамның өмiрiне қауiптi немесе көруден, тiлден, естуден қандай да
болсын органнан айрылуға немесе органның қызметiн жоғалтуға немесе бет-
әлпетiнiң қалпына келтiргiсiз бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа
қасақана ауыр зиян келтiру, сондай-ақ өмiрге қауiптi немесе еңбек
қабiлетiнiң кемiнде үштен бiрiн тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан немесе
кiнәлiге мәлiм кәсiби еңбек қабiлетiн немесе түсiк тастауға, психикасын
бұзуға, есiрткiмен немесе уытты умен ауыруға душар еткен денсаулықтың
бұзылуын тудырған денсаулыққа өзге зиян келтiрген қасақана ауыр зиян
келтiру -
      үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл
сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Нақ сол әрекет:
      а) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
      б) адамның қызметтiк жұмысын немесе кәсiптiк немесе қоғамдық борышын
орындауға байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты;
      в) кiнәлiге дәрменсiз күйде екенi белгiлi, сонымен бiрдей адамды
ұрлауға немесе кепiлге алуға ұштасқан адамға қатысты;
      г) аса қатыгездiкпен;
      д) ұйымдасқан топпен;
      е) жалдау бойынша;
      ж) бұзақылық ниетпен;
      з) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни өшпендiлiк немесе араздық
тұрғысында;
      и) жәбiрленушiнiң мүшелерiн немесе тінiн пайдалану мақсатында;
      к) бірнеше рет жасалса;
      л) көрінеу кәмелетке толмаған балаға қатысты жасалса -
      төрт жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан   айыруға
жазаланады.
      3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда
жәбiрленушiнiң өлiмiне әкеп соққан әрекеттер -
      бес жылдан он жылға дейiн мерзiмге бас бостандығынан айыруға
жазаланады.

      104-бап. Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян
                келтiру
      1. Адамның өмiрiне қауiптi емес және осы Кодекстiң 103-бабында
көрсетiлген зардаптарға әкеп соқпаған, бiрақ денсаулықты ұзақ уақытқа
бұзылуға немесе жалпы еңбек қабiлетiнiң кемiнде үштен бiрiн айтарлықтай
тұрақты жоғалтуға әкеп соққан денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы
зиян келтiру -
      үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не екі жылға
дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Нақ сол әрекет:
      а) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
      б) адамның қызметтiк жұмысын жүзеге асыруға не кәсiптiк немесе
қоғамдық борышын орындауға байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты;

      в) аса қатыгездiкпен, сол сияқты кiнәлiге дәрменсiз күйде екенi
белгiлi адамға қатысты;
      г) ұйымдасқан топпен;
      д) бұзақылық ниетпен;
      е) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни жеккөру немесе араздық
тұрғысында;
      ж) бірнеше рет жасалса;
      з) көрінеу кәмелетке толмаған балаға қатысты жасалса -
      үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не нақ сол
мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

       105-бап. Денсаулыққа қасақана жеңiл зиян келтiру
      Ескерту. 105-бап алып тасталды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) Заңымен.
      106-бап. *
     Ескерту. 106-бап алынып тасталды - ҚР 2004.12.09 N 10 Заңымен.
       107-бап. Азаптау
      1. Ұдайы ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттерi жолымен тән
зардабын немесе психикалық зардап шегу, егер бұл осы Кодекстiң 103 және 104-
баптарында көзделген зардаптарға әкеп соқпаса, -
      елу айлық есептiк көрсеткiштен жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi
мөлшерде айыппұл салуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын
шектеуге, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не дәл сол
мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Нақ сол әрекет:
      а) көрiнеу кәмелетке толмаған немесе кiнәлiге дәрменсiз күйде
екендiгi белгiлi не кiнәлiге материалдық немесе өзге тәуелдiлiктегi
адамға,  сол сияқты ұрланған не кепiл ретiнде қолға түсiрген адамға
қатысты;
      б) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
      в) кiнәлiге жүктiлiк жағдайында екендiгi белгiлi әйелге қатысты;
      г) азаптап;
      д) жалдау бойынша;
      е) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни өшпендiлiк немесе араздық
тұрғысында жасалған әрекет, -
      бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не үш жылдан жетi
жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      108-бап. Денсаулыққа жан күйзелiсi жағдайында
                зиян келтiру
      Жәбiрленушiнiң тарапынан болған зорлықтан, қорлаудан немесе ауыр тiл
тигiзуден не жәбiрленушiнiң өзге де құқыққа қарсы немесе моральға жат
әрекеттерiнен (әрекетсiздiгiнен), сол сияқты жәбiрленушiнiң ұдайы құқыққа
қарсы немесе моральға жат мiнез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа
созылған психикалық зақым келтiретiн жағдайдан болған қатты жан
күйзелiсiнiң (аффект) кенеттен туындауы жағдайында денсаулыққа қасақана
ауыр зиян келтiру, -
      айлық есептік көрсеткіштің бір жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде
айыппұл төлеуге, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не екi
жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

       109-бап. Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде
                денсаулыққа ауыр зиян келтiру
      Денсаулыққа қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған қасақана
ауыр зиян келтiру, -
      бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол
мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      110-бап. Қылмыс жасаған адамды ұстау кезiнде
                денсаулыққа ауыр зиян келтiру
      Қылмыс жасаған адамды ұстау үшiн қажеттi шараларды асыра қолдану
кезiнде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру -
      екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол
мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      111-бап. Денсаулыққа абайсызда зиян келтiру
      1. Денсаулыққа абайсызда ауыр зиян келтiру, -
      жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке
дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айға дейiнгi кезеңдегi
жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен
сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға
тартуға, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге
жазаланады. 
      2. Абайсызда екi немесе одан да көп адамның денсаулығына ауыр зиян
келтiру, -
      төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не екi жылға
дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. (алып тасталған)
      4. Абайсызда екi немесе одан да көп адамның денсаулығына орташа
ауырлықтағы зиян келтiру, -
      елу айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке
дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi
кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не
жүз сағаттан екi жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға,
не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

        112-бап. Қорқыту
      Өлтiремiн деп немесе денсаулыққа ауыр зиян келтiремiн деп, сол сияқты
адамның жеке басына өзге ауыр күш көрсетемін не мүлiктi өртеп құртамын деп,
жарылыс жасап немесе өзге жалпы қауiптi тәсiлмен қорқыту, бұл қорқытудың
iске асатындығына қауiптенудiң жеткiлiктi негiздерiнiң бар екендiгi
кезiнде, -
      айлық есептiк көрсеткiштің бір жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерінде
айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге
жазаланады.

      113-бап. Адамның органдары мен тiнiн алуға мәжбүр ету
               немесе заңсыз алу
      1. Ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшiн адамның органдары мен
тiнiн алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу, сол сияқты адамның органдары мен
тiнiне қатысты заңсыз мәмiлелер жасау -
      үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе
белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес
жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Нақ сол әрекеттер:
      а) кiнәлiге дәрменсiз күйде екендiгi көрiнеу белгілі адамға қатысты;
      б) кәмелетке көрiнеу толмаған адамға қатысты;
      в) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
      г) адамдар тобымен, алдын ала сөз байласуы бойынша адамдар тобымен
немесе ұйымдасқан топпен;
      д) бiрнеше рет;
      е) қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып;
      ж) кiнәлiге жүктiлiк жағдайында екендiгi көрiнеу белгiлi әйелге
қатысты;
      з) алдау немесе сенiмге қиянат жасау жолымен;
      и) өзiнің қызметтiк жағдайын пайдаланып;
      к) жәбiрленушінің материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдаланып
жасалғанда, -
      үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе
белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес
жылдан жетi жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Абайсызда жәбiрленушiнің өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға
әкеп соққан, осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген
әрекеттер, -
      үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе
белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз жетi
жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      114-бап. Медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң
               кәсiптiк мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы
      1. Медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң кәсiптiк мiндеттерiне
ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдарынан оларды орындамауы немесе
тиiсiнше орындамауы, егер бұл әрекет адам денсаулығына орташа ауыр зиян
келтiруге әкеп соқса, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде немесе
сотталған адамның үш айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге
де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi
бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан
айыруға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

      2. Денсаулыққа ауыр зиян келтiруге әкеп соқтырған нақ сол әрекеттер,
-
      үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе
белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, айлық есептiк
көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не екі
жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, лауазымды
адам жасаған әрекет, -
      үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе
белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, айлық есептiк
көрсеткiштiң үш жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не үш
жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
      4. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, адам
өлiмiне әкеп соқтырған әрекеттер, -
      үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе
белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екi жылға дейiнгi
мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан
айыруға жазаланады.
      5. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген, лауазымды адам жасаған
әрекеттер, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде
айыппұл салынып, үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару
немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылға
дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.

       114-1-бап. Клиникалық зерттеулер жүргiзудiң және
                 профилактиканың, диагностиканың, емдеудiң
                 және медициналық оңалтудың жаңа әдiстерi
                 мен құралдарын қолданудың тәртiбiн бұзу
      1. Медицина қызметкерiнiң клиникалық зерттеулер жүргiзу және
профилактиканың, диагностиканың, емдеудiң және медициналық оңалтудың жаңа
әдiстерi мен құралдарын қолдану тәртiбiн бұзуы, -
      айлық есептік көрсеткіштің үш жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде
айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды
атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екi
жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде
айыппұл салынып, үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару
немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылға
дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.

      115-бап. Соз ауруын жұқтыру
      Өзiнде соз ауруы бар екендiгiн бiлген адамның ауыр зардаптарға әкеп
соқтырған осындай ауруды басқа адамға жұқтыруы, сондай-ақ екi немесе одан
да көп адамға не көрiнеу кәмелетке толмаған адамға жұқтыруы, -
      бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен мың айлық есептiк көрсеткiшке
дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас
бостандығын шектеуге жазаланады.

       116-бап. Адамның иммун тапшылығы вирусын (ВИЧЖҚТБ)
                жұқтыруы
      1. Басқа адамды көрiнеу ВИЧЖҚТБ-ны жұқтыру қаупiнде қалдыру,-
      айлық есептiк көрсеткiштiң бір жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде
айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге
жазаланады.
      2. Өзiнде ВИЧЖҚТБ бар екендiгi туралы бiлетiн адамның оны басқа
адамға жұқтыруы, -
      бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, екi немесе одан да көп
адамға қатысты, не көрiнеу кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған әрекет,
-
      сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      4. Медицина қызметкерiнiң, сол сияқты тұрмыстық немесе өзге халыққа
қызмет көрсету ұйымы қызметкерiнiң өздерiнiң кәсiптiк мiндеттерiн тиiсiнше
орындамауының салдарынан басқа адамға ВИЧЖҚТБ-ны жұқтыруы, -
      үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе
белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып бес жылға дейiнгi
мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      117-бап. Заңсыз аборт жасау
      1. Тиiстi бағдардағы жоғары медициналық бiлiмi жоқ адамның аборт
жасауы, -
      бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не
екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не дәл сол мерзiмге бас
бостандығын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кісі өлтіру қылмыстарының жалпы сипаттамасы
Адам өліміне әкеп соғатын жеке тұлғаға қарсы қылмыстың сипаттамасы
Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру
Жеке адамға қарсы қылмыстардың қылмыстық құқықтық сипаттамасы
Қылмыс жасаған адамды ұстау негіздеріне тоқталу
Қылмыс жасаған адамды ұстау негіздері
Адам өміріне, денсаулығына, бостандығына, қадір-қасиетіне қарсы қылмыстардың мазмұнын, қауіптілігін, зиянды салдарын, қоғамға әсерін кеңірек ашып талқылау
Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Жеке адамның денсаулығына қарсы қылмыстардың түсінігі және жіктелуі
Жаза тағайындау
Пәндер