Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз


Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз
Қазақ халқының тарихына үңілсек елдің еркіндік мен тәуелсіздік үшін күресі ешқашан тоқтатылмағанын көруге болады. Бұл ғасырлық күресте Алаш ардақтыларының еңбегі аса маңызды рөл атқарды деуге болады. Алаш қозғалысының, саяси партиясының және Алаш Орда үкіметінің пайда болуы ұлттың болашақ дамуын, халық тағдырына қатысты мәселелерді шешуге қабілетті қазақ саяси элитаның қалыптасқанын білдіреді. Алаштың қайраткерлері қазақ мемлекеттілігінің негізін қалады. Бүгінгі таңда біз 1920-шы жылдардың басында Алаш Орда қатысушылары шекарасын сызып кеткен мемлекетте өмір сүріп жатырмыз.
Алаш көшбасшылары қазақ жерін біріктіру барысында белсене қатысты. Алаш интеллигенциясының өкілдері А. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, А. Беремжанов, М. Шокай, Ж. Акпаев, М. Тынышпаев, А. Ермеков, сондай-ақ ұлттық коммунистер С. Ходжанов, Т. Рысқұлов, С. Мендешев, С. Сейфуллин, С. Асфендияров, С. Садвокасов, Н. Нұрмақов және тағы басқалар қазақ жерінің тұтастығын қамтамасыз ету үшін барлық күшін салған. Ол дәуірдің қазақ зиялылары дүниетанымы қалыптасқан, елі мен жері үшін жанын қиюға дайын адамдар еді. Олар қазіргі ұрпақ үшін ұлттық және азаматтық борышқа деген адалдықтың шынайы үлгісі болып табылады. «Алаш» партиясын құрудың басты мақсаты - қазақ халқын сақтап қалу және басқа да дамыған мемелекеттердің қатарында болатындай тәуелсіз мемлекет құру еді. Заманауи ұлттық-демократиялық мемлекет құру барысында елеулі саяси және ұйымдастырушылық алғашқы қадамдар жасаған «Алаш» қайраткерлері болды.
Алаш қайраткерлері халықтың ұлттық санасын мемлекеттік деңгейге көтерді. «Алаш» партиясы сол кездегі қоғамның мәселелерін шешу бойынша бірқатар шаралар әзірлеген, қазақтардың алғашқы саяси ұйымы болды. Алашордалықтардың басты идеясы - халықтың бірлігі болды және бұл ұран бүгінгі күні де өзекті мәселелердің бірі болып қалады.
Сол уақыттағы төтенше жағдайларда, алашордалықтар айрықша икемділік таныта білген, сонымен қатар олар мықты саясаткерлер болған. «Алаш» қозғалысының негізгі міндеті - халықтың құқықтарып қорғау, озық әлемдік тәжірибені пайдалана отырып қазақ қоғамын жаңғырту, мемлекеттік өзін-өзі басқару жүйесін құру болды. Алаш ардақтылары жоғары білімді адамдар әрі шынайы ғалымдар болды. «Алаш» қозғалысының көптеген басшылары тек қана құқық қорғаушылар, саяси және қоғам қайраткерлері ғана емес, сонымен қатар ұлы ағартушылар, публицистер, газет-журналдардың баспагерлері, ойшылдар, ақындар, оқытушылар, ғылыми зерттеулердің авторлары болған. Қазақ зиялылары халық тарихын, мәдениетін және дәстүрлерін зерттеу мен насихаттау саласына үлкен үлес қосты.
Алаш көшбасшыларының армандары орындалды десек те болады. ХХ ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясының ұрпағы ұсынған идеялар, ұстанымдар мен қағидалар бүгінгі күннің өзінде де маңыздылығын сақтайды. Олардың басты идеялары мен мақсаттары теңдік, әлеуметтік бірлік пен бейбітшілік, ұлттың мәдени дамуы, мемлекеттік тіл, мемлекеттік басқару ісі сияқты құндылықтармен байланысты болған. Алаш қайраткерлері білімді ұлт туралы армандаған. Бүгінде бұл идеялар Президенттің «Болашақ» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылуда. XX ғасырдың басында туындаған
Қорытындылай келе Алаш идеялары әлі күнге дейін тәуелсіз Қазақстанның мүддесін қорғап келетінін атап өткен жөн. Олар біздің бейбіт өмір сүруімізге себепкер болды, тілімізді сақтап қалып оны әрі қарай дамытуға үлкен мүмкіндік берді. Қанша уақыт өтіп, жаңа ұрпақ пайда болса да, алдағы онжылдықтар мен ғасырларда Алаш интеллигенциясының әлеуметтік идеясы мен рухани тәжірибесі қазақ халқына тарих толқынында үнемі қолдау көрсететін болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz