Бухгалтерияның құрылымы және бухгалтерлік қызметкерлердің міндеттері мен құқықтары
Бухгалтерияның құрылымы
Бас бухгалтер
Бас бухгалтердің орынбасары
Материалдық бухгалтер
Негізгі құралдар мен еңбекақы есебін жүргізуші бухгалтер
Есептеуді жүргізуші бухгалтер
Кассир
- Бас бухгалтердің міндеттері мен құқықтары. Бухгалтерия бөлімін бас бухгалтер басқарады. Ол бухгалтерлік есепте шоттар жоспарын жалпы жүргізуді іске асырады, ұжым жұмысын ұйымдастырады, лауазымдық міндеттерді бөліп таратады, олардың орындалуын қадағалайды.
- Бас бухгалтер орынбасарының міндеттері. Ол касса, негізгі құралдарды, жинақтаушы кассамен есеп айырысу және аудандық желі байланысының бастапқы құжаттарын өңдеп журнал ордерге енгізеді. Негізігі құралдарды күрделі жөндеуден, құрылыстан амортизация есептегенде құжаттарды өңдеу. Негізгі құралдарға аналитикалық есепті енгізу. Қорға, табысқа, шығысқа журнал-ордерге үйлетіру. Бас кітапқа енгізу. Есептің дұрыстығын бақылау.
- Материалдық бухгалтерлік есеп жүргізушінің құқықтары мен міндеттері. Төлеу қызыметіне есеп және материалдық есептердің өңделген құжаттарды қабылдау. Жиынтық шешімді келтірудің қозғалысын, тауарлы материалдық құндылықтарды және олардың берілгенін салыстыруды құру.
- Есептеуді жүргізуші бухгалтерінің міндеттері. Еңбек келісім шартын, бұйрықты, нарядты, табельдерді, зейнет ақы есептеудегі, барлық еңбек ақы түрлерін келістіруді есептеу. Еңбек ақы бойынша табыс салығын, касса арқылы төлеуді және басқа да құжаттарды ұстау. әлеуметтік салықты, зейнетақыны есептеуді, еңбек ақыны есептеуді және айлық бухгалтерлік жазуларды көрсету. Еңбек ақыдан әртүрлі ұстамдарды және несиелік қарыздарды аналитикалық есеп арқылы есептеуді енгізу.
- Негізгі құралдар мен еңбекақы есебін жүргізуші бухгалтердің міндеттері. Кәсіпорынға келіп түскен негізгі құралдарды есепке алу, оларды есептен шығару. Қызметкерлерге еңбекақы есептеудегі ерекшеліктерді ескере отырып еңбекақы есептеу.
- Кассирдің міндеттері. Құрылған құжаттар бойынша бойынша ақша қаражаттарын береді және қабылдайды. Кассадағы ақша құралдарының сақталуына материалдық жауапкершілік және кассалық есепті құрайды.

