Түстердін араласуы


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
  1. Негізгі бөлім

1. Түстердің адам өмірінде айтарлықтай ықпалы

Түстердің адам өмірінде айтарлықтай ықпалы бар.
Көгілдір жалғыздықты, қамығушылықты, депрессияны, білгірлікті, сенімділікті және берілгендікті білдіреді. Ең алғаш іс көрісулеріне барғанда көк киім киіп барған дұрыс дейді мамандар. Көк киім сіздің шешім қабылдауда батыл, жанкешті, тәуекелшіл екендігіңізді айғақтайтын көрінеді.
Көгілдір рең көп қолданылатын, кең таралған реңдердің бірі. Алайда солай екен деп оны кез-келген жерге жапсыра бермеген жөн дейді. Әсіресе ас бөлмесіне жолатпау керек. Өйткені көгілдір түс тамаққа деген тәбетті жоғалтады екен. Торт, түрлі тәттілердің де ішіне көгілдір түс араластыруға болмайды. Өйткені көгілдір түсті көрген кезде адам санасында көгерген, бұзылған тағамдар елес береді де, ол дереу әлгі тағамға деген тәбетті жояды.
Көгілдір адамды тыныштандыратын бір рең. Өзін-өзі өлімге қиюшылықты азайтатындықтан батыста көпірлердің кенарын көгілдір түске бояйды екен. Жүйке жүйелері үшін пайдалы делінеді. Сондықтан жатын бөлмені көгілдір түспен жасақтау ақылды шешімдердің бірі көрінеді. Алайда көгілдірдің тым қою реңкін қолданбаған жөн. Өйткені ол суықтықты, қараңғылықты сипаттайтын болғандықтан ұйқыға кетерде кері әсерін тигізеді.
Көгілдір түсті бөлмеде еңбек ету нәтижелі көрінеді. Аталмыш реңді бөлмеде сынақ тапсырған студенттер жоғары нәтижелер көрсетсе, штанга көтеретіндер өз мүмкіндігінен біршама ауыр салмақты көтере біледі екен. Көгілдір реңмен жазылған жазулар да есте жақсы сақталады екен.
Қызыл түс ыстық, қан, құмарлық, ғашықтық, берілгендік, күш, қызуқандылық, агрессия секілді ұғымдарды сипаттайды. Қан қысымын жоғарылатады және тыныс алуды жеделдетеді. Адамдарды жылдам шешім шығаруға, ынталандыруға ықпал ететін бір рең.

Қызыл түс адамның назарын тез баурайтын рең. Дизайн және декорацияда көзге бірден түсетіндіктен қызыл реңді көп қолдансаңыз ұтылмайсыз. Қызыл түсті киім күш, энергия беретін көрінеді. Қызыл бір жағынан үстемдік реңі. Біреуді жасыту үшін, еңсесін түсіру үшін қолданылады. Қырмызы түсті бөлмелер адамның тынышын кетіреді. Шашыраңқы қырмызы реңді бөлмелер адамның уақытты айыра алмауына жол ашатын көрінеді. Сол себепті казино, бар, клубтарда көп қолданылады. Және бір айта кетері тәбетті ашатын түс болғандықтан ресторандар да декорациясының көп бөлігін осы реңнен жасақтайтын көрінеді. Сары түс көзге аса зиянды. Сары түске боялған бөлмеде нәрестелер жылауын үдетсе, үлкендер тез ашуланғыш болады екен. Сондай-ақ сары түс метаболизмді жылдамдатады. Сары рең әлсіздеу қолданылғанда жылылық және жарқыл, жалтылдау, яғни әсемдік береді. Күн көзі секілді, жылынуды қалайсыз, бірақ қарауды қаламайсыз, көзіңізді шағылыстырады.
Сары көп дінде жаратушының бар екенін сипаттайтын бір рең.
Жасыл көпшілік ұғымында қарым-қатынасты білдіреді. Бірақ жалпыға ортақ таным бойынша табиғатты және жастықты бейнелейді.
Көз үшін өте пайдалы. Сонымен қатар тыныштандырады, жүйке жүйелеріне жағымды әсер береді. Телевизорда эфирге шығардың алдында адамдарды толқымасы үшін жасыл бөлмеге кіргізіп күттіретін көрінеді. Аталған рең сондай-ақ ауруханаларда да емшелушілердің сабырсызданбасы үшін көп қолданылады екен. Асқазан ауруларына пайдалы делінеді бір зерттеулерде. Жасыл қабырғалы алаңдарда адамдар асқазан ауруымен шағымданбайтын көрінеді.

Жасылдың түрлі реңлері түрліше әсер береді екен:
Қою жасыл - суықтық, байлық, еркекшоралық, кертартпалықты сипаттаса,
Көк жасыл - жағымсыздықты, негативті,
Зәйтүн жасылы - татулықты, бейбітшілікті,
Сарғыш жасыл - тұтынушылардың басқа жасылдардан артық көретін реңі.

Жасыл Америка мәдениетінде ақшаны сипаттайды.
Қызғылт (оранжевый) түс ыстықтық, саулық, разылық, жемістілікті сипаттайды. Күшті және жомарт бір сипаты да бар.
Қызғылт құпиясы жоқ, кең таралымдағы, тартымды бір түс. Мәселен бір өнімнің әрқайсыға қолайлы екенін немесе қымбат екенін көрсету үшін қолданылады. Қара даулы бір рең. Бір жағынан қараңғылық, қара күш, кінә, негативпен байланыстырылса, бір жағынан берілгендік, табандылық, қажырлық, қайсарлық, өжеттік, тұрақтылық, шыдамдылықпен, қырағылықпен, білгірлікпен, сенімділікпен байланыстырылады. Бір жағынан басқару және күш мағынасына келсе, екінші жағынан қайғы-қасірет, бақытсыздық, аза (траур) мағынасына келеді. Бізде және батыста бақытсыздық, аза тұтуды білдірсе, Жапонияда бақыттылықтың түсі көрінеді. Қара басым көпшілік үшін киім түсі. Кейбірі қараны байсалды көріну үшін киеді. Біреулері болса арық көріну үшін. Айрықша бұл рең қалың және нәзік көрінеді. Ақ саф тазалықты, пәктікті, күнәсіздікті бейнелейді. Көп мәдениетте келіндер ақ киінеді. Айрықша тазалықтың белгісі болғандықтын дәрігерлердің, лабораторияда қызмет жасаушылардың киімінің түсі. Сондай-ақ ақ - жаз айының киім реңі. Күлгін асылзада, ақсүйектердің түсі. Байлықты және жеңісті бейнелейді. Сонымен қатар романтизмнің, айрықша сезімталдықтың, ғашықтықтың символы. Бұл түс табиғатта ең сирек кездесетін түс. Ертеде адамдар күлгін рең шығару үшін теңіз бақалшақтарын қолданған. Бұл өте қиын жұмыс-ты. Кейбіреулері күлгін түсті тез көзге түсетін демонстрация реңі болғандықтан декорацияда қолданғанды жақсы көреді. Кейбірі бұл түсті жасанды түс деп, қабылдамайды.
Қоңыр топырақтың және ағаш, тақтаның реңі. Төзімділік және сенімділік береді. Қоңыр табиғи, тыныш, жайлы, ашық бір атмосфераны қамтамасыз етеді. Көбінде еркектердің сүйікті реңкі. Кейде кейбір тондардың ескірген, оңған түрі секілді де әсер береді.

Айтпақшы қоңыр реңкке байланысты зерттеулердің соңы мынадай нәтижеге ұласыпты: Бір өнер музейінің қабырғаларын қоңырға бояғанда музейді тамашалаушылар тез-тез аралап, ол арадан жылдам аяқтарын жалтыратыпты. Ал ақпен боялғанда көрушілер ұзақ уақыт аралаған. Сондықтан дүниедегі фаст фуд ресторандары үстел, орындықтарын дереу қоңыр түске ауыстырған көрінеді. Расымен де, ақ қабырғалы фаст фуд ресторандарын кездестіру қиын.

Алқызыл (розовый) романтиканың және нәзіктіктің, әсемдіктің реңі. Тыныштандырады. Жайландырады және жүректі жұмсартады. Түрме торларын ал қызылға бояғанда түрмедегілердің арасында агрессивті әрекеттер азайған. Адам ашуланғысы келсе де алқызыл түстің қасында онысы оңайға түспейтін көрінеді. Жүректің тамырлары жылдам әрекет ете алмайде екен. Аталмыш түс энергияңды басатын тыныштандыратын, персен дәрісі секілді көрінеді. Тіптен рең соқырлары, яғни реңге мән бермейтіндердің өзі сабырлы қалыпқа түседі екен. Алайда соңғы зерттеулерге сүйенсек, өкініштісі сол, мұның әсері қысқа бір сүреге ғана созылады екен. Ағза бұрынғы халіне келгенде бұрынғысынан әлдеқайда агрессивті болады екен. Түстердің рухымызға берер жағымды энергиясымен тыныш, саналы да парасатты ғұмыр кешіре білгенге не жетсін.

1. 1 Түс ерекшеліктері

Әр түстің психологиялық, көркемдік ерекшеліктері әртүрлі. Сол себепті де, әр түске байланысты әр ел халықтарында тұрақты сөз тіркесіне айналған сөздер бар. Жалпы алуан түрлі түстердің ерекшеліктері жайлы білгіңіз келе ме? Ақ түс Ақ - қайырымдылық пен пәктіктің түсі. Әлемнің көптеген елдердінде қалыңдық ақ киім киеді, сондай-ақ кейбір салт-дәстүрлерде ақ түсті жерлеу рәсімдерінде пайдаланады. Ақ маргаритка - бұл өзара махаббат белгісі. Ақ дүйсенбі түсі болып келеді. Ақ түс қуаты - жалпы ақ түс емес, ол көптеген түстердің жиынтығы. Сондықтан ақ - бұл қуат синтезі. Міне, неліктен көптеген елдерде ақ түс пәктіктің, ашықтықтың және шындықтың белгісі болып есептелінеді. Ақ түс - таза парақ, онда әлі де талай тарих жазылады. Бұл түс адам энергиясының тазалануына өз әсерін тигізеді. Ақ түс таңдайтындар, әдетте, жинақы, адал ниетті адамдар болып табылады. Көп жағдайда олар талап қоя біледі. Ақ түс қараңғы жерлерге жарық беріп тұрады, жандандыра түседі. Ақ түсінің ассоциациялануына байланысты психолог мамандар көпшілікке былай деп кеңес береді: «Егер өзіңізді мейірімді, ретті, таза адам етіп көрсеткіңіз келсе, әрдайым ақ түсті киім сатып алуға тырысыңыз». Ақ түс адам санасында «аңқаулық, пәктік, албырттық» шағынан хабар беріп, ассоциациялық көріністер тудырады екен. Мәселен, ағылшындардың қолданысындағы «white day» (сөзбе-сөз: ақ күн) бақытты күн, ағылш: «whiter than white» (сөзбе-сөз: ақтан да аппақ) «күнәсіз пәк» яғни қазақ тіліндегі «судан тұнық, сүттен ақ» деген фраза баламалас келеді.

Ал, көршілес орыс халықтарында ақ түсінің ассоциациялануы мүлдем бөлек. Мысалы, «белый - скорби и печали» (мұң-қайғы) немесе «собственной неполноценности или о болезни» (денсаулығының нашарлауы немесе аурудың белгісі) . Ақ түсінің жас ерекшелікке байланысты ассоциациялануынан туған санадағы түсінік-пайымдауларға байланысты, көбінесе ақты жастар жөн көреді екен. Ал бұл түсті ересек жастағы жанның таңдағаны оның өзгеге көмектесуге ынтығып тұратынын аңғартады. Оның қолынан көп нәрсе келеді. Алдына мақсат қойғыш жан. Сонымен қатар, ақ түсті киім кигенді қалайтын ересек адамдар, «қарапайым өмірді қалайды әрі жастық шағын жиі аңсайды», - деп ұғынылады. Қара түс Қара - ең сиқырлы түс. Батыс елдерінің дәстүрлеріне сай қара өлім символы болып есептелінеді. Алайда, көптеген халықтарда (мысалы, Солтүстік Америка үндістерінде) қара - бұл жақсы түс, себебі ол құнарлы топырақты және жерді еске түсіреді. Қара - сенбі түсі. Қара - бұл түс емес, қара - бұл түстің жоқтығы. Әдетте, адамдар қарама-қарсылықты айтқанда олар ақ пен қара туралы айтады. Егер ақ түс бәрін анық қылса, қара түс керісінше жасырады деп ұғынылады. Қара - мағына беруші түс. Көпшілік санасында, қара адамдардың мүмкіншілігі мен деңгейі жайлы сыр беретіндігі анықталған. Қара даулы рең. Бір жағынан қараңғылық, қара күш, кінә, қарама-қайшылықпен байланыстырылса, бір жағынан берілгендік, табандылық, қажырлық, қайсарлық, өжеттік, тұрақтылық, шыдамдылықпен, қырағылықпен, білгірлікпен, сенімділікпен ассоциацияланады. Көпшілік елдерде қара түс жағымсыз конотацияда ассоциацияланады. Мысалы, қазақ тілінде «қара ниет», ағылш: «black heart» (сөзбе-сөз: қара жүрек), «қара жүрек, қара ниет», қытай: «hei xin chang» (сөзбе-сөз: қара жүрек), «қараниет». Жас ерекшелікке қарай қара түсінің адам санасы ұғымындағы көрінісінің дәлелі ретінде, егде кісілер қара түсін жиі таңдап жатады екен. Демек, қара түсі байсалдылықтан хабар береді. Кейде қара түсі адам сұлбасын арық көрсететіндіктен жастардың көпшілігі қоғамдық орындарға осы түсті жөн көреді. Психологтардың пайымдауынша: «Қара түс - абсолютті шекара, өмірдің тоқтайтындығының белгісі. Ол ғайып болу, өлім ойын көрсетеді. Қара түс - соңы, енді ештеңе болмайтындықтың нышаны. Десе де, қара түсті таңдаған адам тағдыр ағысына қарсы тұра алады. Қара - түрлі жағымсыз көңіл-күй, мазасыздық, ашушаңдық тудырады. Қара түс - жұмбақ, құпия түс. Қара түс - тәуелсіздіктің белгісі. Бұл түсті араласатын ортасында өзінің лайықты орны бар адамдар ұнатады. Қара түсті көбіне жұмбақ, құпия болуға тырысатындар жақсы көреді. Олар өзінің ойын көп жерде айтпайды, жасыруға тырысып бағады. Көк түс Көк түс - жан тыныштығын, молшылықты, татулықты білдіреді. Ол адамдар мен қоғамды байланыстыратын негізгі дәнекер іспетті, бірлік, көпшілдік сезімнің, сенімнің түсі. Адам болмысы жаратушы күшімен тығыз байланыста болғандықтан көк түсі алғашқы болмыс ретінде көп тілде көрініс тапқан. Мәселен, латынша: materia - болмыс, алғашқы зат, үнді еуропаша madher - көк (синий), ежелгі үнді тілінде mati - сана, ақыл (разум) ; славян тілінде мать - ана; неміс тілінде mutter - мать; түрікше mabi - көк. Осыған байланысты көк түсінің ассоциациялануы барлық елде көбіне-көп, аспан, жаратушы (тәңірі), ана бейнесінде болып келеді. Соған сай туған тіркестер де көк аспан, көк заңғар, көк бөрі ежелгі таным бойынша түркілердің анасы. Көк күмбез, көк әлем т. б. Дегенмен, көк түсі кейбір этностар танымында жастық пен албырттықты ассоциациялайды. Мысалы, орыс ұлтының ұғымындағы көк түсі: «синий цвет - духовность, жертвенность» (көк түс - жанға жайлы, қаза болу) ; «голубой цвет - юношеская привязанность» (көгілдір түс - жастықпен байланысты) . Яғни, бірде жанмен (дух, душа) ассоциацияланса, бірде жастықпен (юнность) пайымдалады. Қазақы танымда да көк түсін жастықпен ассоциациялау бар. Мысалы, көктеді (өсіп шықты, жайқалды), көктей солу (жастай қайтыс болды), көсегесі көгеру (балалы-шағалы болу) т. б. Көк түсінің ассоциациялануынан туындаған психологиялық пайымдауларға көз жіберсек, көк түсті ұнататындар өкпелегіш, сары уайымға салынғыш болып келетін көрінеді. Әсіресе, көк түсті молшылықтың нышаны болғандықтан семіз келген адамдар ұнатады екен. Көк түсті таңдағандар - тыныш ортаны, мазасыздық пен сотқарлықтан, келіспеушіліктен алыс болуды қалайтындар. Олар бір-біріне деген сенімді қалайды және өзгелердің де оларға сенуіне әбден болады. Көк түсі - арманыңыздың орындалуына әсер етеді. Бұл түс - шындықтың, біреуге деген адалдығыңның белгісі ретіндегі түс. Көк түсті киімдерді көп киетіндер сараптама жасаудың шебері. Бірақ бұл мүмкіндігін жасырады. Аталған түсті қалайтындар өте қарапайым келеді. Сезімталдығы да бар. Бірақ іштей қатал мінезі де жоқ емес. Оны өзгелерге аңғартпауға тырысады. Көгілдір түсті жақсы көретіндер өте сақ адамдар», - деп ұғынылады. Сары түс Сары түс - жеңілдік пен қуанышты, сабырсыздықты, нұр сәулені білдіреді. Қуаныштың, күн шапағатының нышаны. Сары түс адамды болашаққа бағыттайды, жаңалыққа талпындырады, заманауилыққа, дамушылыққа құштар етеді. Сары түсті Гете «ашық түстердің ішіндегі ең мықтысы» деген екен. Сары түс адам бойын сергітеді, көңілдендіреді деп көрсетеді. Әрине бұл, қазақы таным-түсінікке жат нәрсе. Ғаламның тілдік бейнесіне байланысты орыс халқында сары түсі «ашықтық пен жақсы көңіл-күйді» ассоциацияласа, қазақы ұғымда сары түс жағымды мағынада да, жағымсыз мағынада да қолданылады. Көбіне қазақы ұғымда сары түсі «уайым мен қайғыны», «мұң-шер мен ауруды» ассоциациялаған. Психологияда: «Бұл түсті таңдаған кез-келген адам қиындықты тезірек жеңуге құлшынып, тезірек босап шығудың амалын іздеп тұрады. Өзгерісті жиі қалап тұрады, сары түске құмар адамға тұрақсыздық тән. Сары түс - адамның ойлау, тез қабылдау қабілетін жақсартады. Өз өзіне сенімсіз, ұялшақ адамдарға оң әсерін тигізеді. Адамға күлкі, қуаныш әкеледі. Әдетте, бұл түс қуаты мол, көп сөйлейтін, әртістік өнерге, шығармашылыққа жақын адамдарға тән. Сары түсті киім адамға сарғыш түс сияқты әсер етеді. Сары түсті еркіндікті қалайтындар және арманы биік, қиялға берілгіштер ұнатады. . Олар күтпеген оқиғаларды жақсы көреді. Үнемі ізденісте жүреді. Мұндай мінезді адамдардың маңайында көбінесе әзілге жақын адамдар жүреді. Тың идеяларды талқылап, ой таразысына салғанды жаны қалайтын адамдар өзгені тыңдап, өз пікірін де ұмыт қалдырмайды. Бірақ кейде жауапкершіліктен қашады. Бұл өзін еркін сезінгісі келетін адамдардың жиі таңдайтын түсі. Бірнеше тілдік материалдарын салыстыратын болсақ, А. Залевскаяның талдауы бойынша төмендегілерді атап көрсетеміз: сары түс - неміс халқында жек көрушілік, қызғаныш, жалғандық, салқындық; америкалықтарда - қорқақтық, қауіп төнетіндей жағдай, француздарда - сатқындық; орыс ұлты үшін - күзгі жапырақ деген ассоциацияларды тудырады. Қызыл түс Қызыл - түстердің ішіндегі ең жылы түс. Бұл түсті сөзшең адамдар таңдайды, және еркектердің көпшілігіне ұнайды. Екінші жағынан қызыл түс күш пен қызбалықтың белгісі. Қытайда қызыл түс байлық пен дамудың белгісі ретінде ассоциацияланады. Бұдан бөлек қызыл түс азия елдерінде қызбен байланыстырылады. Бұған дәлел, қазақы танымда: «қыздың көзі - қызылда» десе, қытайда: hong yan bo ming, hong yan (сөзбе-сөз: қызыл реңк, 'әйелдің нұрлы жүзі' bo ming: соры ашылмаған) «арудың маңдайы тайқы» т. б. Күн шығыс елінің дәстүрлі үйлену салтында жас келін қызылдан желек жамылып, қызыл көйлек киіп, қызыл күймеге отырған. Олар тіпті той-думандарында да қызыл шырақ жағып, қызыл түсті қима қағаз суреттер ілуді қуаныштың символына балағандықтан, таным-түсініктеріне сәйкес қызыл түсін «бақыт пен жеңіске», «адалдық пен мейірімділік» секілді ұғымдармен ассоциациялайды. Дүние жүзінде қызыл раушан гүлі махаббаттың белгісі ретінде саналғандықтан, қызыл түс көбінесе раушан гүлімен немесе махаббат, ғашықтық сезімімен де ассоциацияланады. Ал қызыл планета Марс - соғыс құдайы ретінде танымал екендігі белгілі, сондықтан болар қанды қырғын соғыстар, қан майдандар қызыл түсімен байланыстырылып, санада ұрыс, төгілген қанмен елестетіледі. Ассоциациялық өрісте берілуі - қызыл әскер, қызыл қан, қызыл от, қызыл жалын, қызу қанды, қызыл гүл т. б. Психологтардың кеңесі бойынша, қызыл түсті мына кезде таңдаңыз: қызығушылық тудырғыңыз келсе арманыңызды іске асырғыңыз келсе, қорқыныш пен үрейден қорғанғыңыз келсе, бойыңыздағы қуатты арттырғыңыз келсеқызыл түсті таңдаңыз. Сондай-ақ, «Қызыл түс тасыған күшті білдіреді. Көбінесе қызуқанды адам киімді осы түстен таңдайды. Албырт, белсенді, тез шешім шығаратындар бір орында отырғанды қаламайды. Өмірден бәрін үйреніп, алға ұмтылғыштар қызылға құмар. Оларды бірқалыптылық тез жалықтырады. Айналасындағылардың қателігіне көз жұмып қарамайды. Шынайылықты жақсы көреді», - деген пайымдаулар бар. Жасыл түс Жасыл түс - еркіндікке деген жігерлікті, табандылықты, мақсаткерлікті, өзімшілдікті, «Мен» деп өзіне жоғары баға берушілікті білдіреді. Жасыл - Америка мәдениетінде ақшаны ассоциациялайды. Жасыл түсі көп елдерде жастық пен жаңа шыққан көк, өсімдік бейнесімен ассоциацияланады. Мәселен, қазақы танымға сай жасыл мен көк түсі бір-бірінің орынына қолданыла берген. Соған сай жасыл шықты - көктеді, жасыл түсті - көк түсті (Көк түскен жер тақыр-ды. Қыз Жібек) ; ал, әзірбайжан тілінде йаш деген сөз «дымқыл», «сулы», «көк» деп беріледі түсіндірме сөздікте. Славян халқының танымында жасыл түсі «зелёный» - өмір мен жастықшақ, белсенділікпен ассоциацияланады екен. Психологияда, бұл түсті таңдағандар - өзінің құндылығына деген сенімді жоғарылатқысы келетіндер, айналасындағы адамдардан мақтаулар, жақсы пікірлер күтетін адамдар деп ұғынылады. Сондай-ақ, бұл түс тәкаппарлықтың нышаны. Жасыл - адамға сенімділік береді. Кабинет және сіз жұмыс жасайтын орын үшін тамаша түс. Ол белсенділік пен табандылық береді. Жасыл түс - нағыз гармониялық түс. Адамның жүйке жүйесін тыныштандырады. Бұл түс біреудің қуаныш, ренішіне ортақтаса білетін, достары көп адамдарға тән. Жасыл түсін ұнататын адамдар тұрақты, сенімді болып келеді. Бұл түсті кез келген жерде қолдана беруге болады. Жасыл түсті киім кисеңіз, сіз кез-келген ортада тек жақсы жақтан ғана көзге түсесіз. Жасыл түсті үйлесімділікті қалайтындар ұнатады. Бұл түс үмітті білдіреді. Жасылды жақсы көретіндер тыныштықты жаны қалайды. Дегенмен көпшілікпен араласқанға құмар. Шыдамды, тым байсалды. Ұжымның арасында өзін көрсеткенді қаламайды. Өйткені өзгелер жомарттығын пайдаланып кетеді деп қорқады. Жасыл көпшілік ұғымында қарым-қатынасты білдіреді. Бірақ жалпыға ортақ таным бойынша табиғатты және жастықты бейнелейді. Жасылдың түрлі реңдері түрліше әсер береді екен: Қою жасыл - суықтық, байлық, еркекшоралық, кертартпалықты сипаттаса, көк жасыл - жағымсыздықты, кері тартпалықты, зәйтүн жасылы - татулықты, бейбітшілікті, сарғыш жасыл - тұтынушылардың басқа жасылдардан артық көретін реңі. Қоңыр түс Қоңыр түс - топырақтың және ағаш тақтаның реңі. Төзімділік және сенімділік береді. Қоңыр, сондай-ақ, жердің түсі.

img241 img243

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түстердің адам психологиясына әсер етуі
АХРОМАТИКАЛЫҚ КОМПОЗИЦИЯЛАР
CLUT файлдары басқа графикті бағдарламалар үшін
RGB түсті моделі
Түс реңі
Түстік модельдер жайлы
Киім жиынтығынның фор - эскиздерімен жұмыс
Түр түс атаулары
Қонақ үйдің ішкі көрінісі. Интерьер
Графикалық жарнамалардағы геометриялық фигуралардың маңыздылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz