БӨТЕН МҮЛІКТІ ҰРЛАУ ҚЫЛМЫСТАРЫ БОЙЫНША КӨРСЕТУЛЕРДІ ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДІ ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ НАҚТЫЛАУДЫҢ ТАКТИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 БӨТЕН МҮЛІКТІ ҰРЛАУ ІСТЕРІ БОЙЫНША ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДІ ТЕКСЕРУ МЕН НАҚТЫЛАУҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРГІЗУ . . . 7

1. 1 Бөтен мүлікті ұрлау істерінің ерекшелігі . . . 7

1. 2 Тергеу әрекеттеріне дайындалу және оларды жүргізу . . . 12

1. 3 Қарау үрдісінде қолданылатын ғылыми-техникалық құралдарды дайындау . . . 24

2 БӨТЕН МҮЛІКТІ ҰРЛАУ ҚЫЛМЫСТАРЫ БОЙЫНША КӨРСЕТУЛЕРДІ ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДІ ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ НАҚТЫЛАУДЫҢ ТАКТИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ . . . 31

2. 1 Бөтен мүлікті ұрлау қылмыстары бойынша оқиға болған жерді жалпы шолып қарау . . . 31

2. 2 Бөтен мүлікті ұрлау жөніндегі қылмыстар бойынша оқиға болған жерді егжей-тегжейлі шолу . . . 36

2. 3 Оқиға болған жерді қарау нәтижелерін бекіту . . . 43

3 БӨТЕН МҮЛІКТІ ҰРЛАУ ҚЫЛМЫСТАРЫНЫҢ ОРЫН АЛУ СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТЕРГЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 49

3. 1 Бөтен мүлікті ұрлаудың криминологиялық сипаттамасы және анықтауға жататын мән-жайлар . . . 49

3. 2 Қылмыстық іс қозғау ерекшеліктері . . . 60

3. 3 Бастапқы және кейінгі тергеу әрекеттері . . . 62

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 67

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 70

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі . Бөтен адамның мүлкін жасырын ұрлау (ұрлық, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 175-бап) Қазақстанда кең тараған қылмыс болып табылады. Сондықтан да аталған қылмысқа тосқауыл қойып оның алдын алу үшін, қылмысты оқиға орынында қарап, тергеу әрекеттерін дер кезінде бірізділікпен жүргізу қылмыстың тез және уақытылы, дәлма - дәл ашылуына себепші болатындықтан бұл мәселенің маңызы зор болмақ.

Соңғы жылдардың практика материалдарын жинап, қорытатын болсақ адамдардың топ болып ұрлық жасау көлемінің өскенін көрсетеді.

Қылмыстық топтардың конспиративтік дәрежесінің жоғарылығы, ұрланғандарды өткізудің жолға қойылған жүйесі, әртүрлі техникалық және көліктік құралдарды қолданулары оларды ерекшелендіреді.

Қылмыскерлер мен қылмыстық топтардың көбісі ұрлық объектісін таңдауда ол туралы ақпарат жинайды, бақылау жүргізеді, арнайы құралдар дайындайды. Қылмыс жасау үшін ыңғайлы уақытты белгілейді.

Бөтен адамның мүлкін ұрлаудағы зор үлес салмақ және бір оның тенденциясы жағынан ішкі істер органдарының қызметінің әсіресе төменгі саптағы әлсіз ұйымдық, құқықтық және техникалық қамтамасыз етілуіне, ол екінші жағынан жыл сайын мыңдаған қылмыстық істердің тоқтатылуына алып келуде.

Қылмыс құрылымы мен динамикасындағы кері тенденциялар соңғы бір жарым жылда ерекше байқалды, өйткені оның жалпы деңгейінің өсуіне тұрғындардың тұрмыс деңгейінің қатты төмендеуі және қоғамдық өмірдің барлық саласына қылмыстың дендеп енуі септігін тигізген. Зорлық көрсету арқылы жасалатын ауыр қылмыстар саны қарқындап өсуде. Қылмыс күн өткен сайын ұйымшыл және кәсіпқой сипатқа ие боп барады.

Бұған едәуір дәрежеде капиталдың, қаржы және материалдық ресурстардың пайда болуы мен қозғалысына мемлекет және бүкіл қоғам тарапынан тиімді бақылаудың жоқтығы септігін тигізуде.

Зерттеу пәні. Тұрғындардың өмір сүру деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық, жалақының уақытылы төленбеуі, тұрғындардың әлеуметтік қорғалуының әлсіздігі соның салдары іспетті мүлікке қатысты қылмыстар жасауға дайын мүліксіз элементтердің үлесінің артуы босқындардың болуы жекешелендірудің түсініксіз үрдістері, жеке құрылыстар торабының кеңейуі, объектілерді қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға қажетті құралдардың жоқтығы - осының бәрі бөтен біреудің мүлкін ұрлауға әкелетін себептердің бір бөлігі ғана.

Кеңестік криминалистикада «оқиға болған жерді қарау» ұғымының пайда болуы Якимов И. Н, Грамов В. И, Тарасов - Радионов, Винберг А. И сияқты ғалымдардың атымен байланысты. Осылардың ішінде ең дұрыс анықтамасын Винберг А. И келесі түрде берген болатын: «Оқиға болған жерді қарау» - қылмыс іздерін меңгеру, анықтау үшін сонымен қоса болған оқиғаның жағдайларын анықтау үшін оқиға механизімін меңгеруге бағытталған тергеулік әрекет». Оқиға болған жерді қарау анықтамасының әркез өзгергеніне қарамастан ол түсінік отандық криминалистикаға нық кірді.

Көптеген қылмыстық істер бойынша оқиға болған жерді қарау алғашқы тергеу бағытын анықтайтын тергеулік іс-әрекет болып табылады. Ұрлық, тонау, кісі өлтіру, көлік апаты және тағы да басқалар қылмыстар нәтижесінде қылмыскердің іс-әрекетінен кейбір жағдайларда жапа шегушілердің іс-әрекетінен туындайтын әртүрлі іздер қалады. Мұндай іздерге адамның қолы мен аяғының іздері, бұзу құралдарының, суық қарулардың, қанның, шаштың және т. б. іздер жатады. Оқиға болған жерде қылмыскер тастап кеткен әр түрлі қылмыс құралы, киімдер, темекі тұқылдары, қағаз қалдықтары және т. б. болуы мүмкін. Мұндай іздер мен заттар оларды ұтқыр пайдаланса қылмысты тергеу мен ашуда маңызды рөл ойнауы мүмкін. Қылмысты ашудағы жұмыс деңгейін бағалай отыра, тергеушінің кәсіпқойлығы, осы тергеу әрекетін жүргізуге септігін тигізетін анықтау органы қызметкерлерінің де кәсіпқойлықтары нақты көрінбейді. Көптеген тергеушілер, жедел уәкіл қызметкерлері қылмысты жасыру әдістерін аз біледі, оларды оқиға болған жерді тауып алу мүмкіндігіне көңіл бөлмейді. Зерттеу көрсеткендей зерттелген істер бойынша қылмыскерлердің 30% қылмыс орнында із қалдырмаудың амалын жасаған, ал 25, 6% қылмыс қаруларын, іздерін жойып отырған. Тергеудің бастапқы кезеңінде қылмысты ашу жұмысын жақсартудың едәуір резерві тергеу мен анықтау (жауап алу) қызметкерлерінің шеберлігінің артуын қамтамасыз ету сонымен қоса ізді іздеп, таба білу болып табылады. Осыған байланысты осы дипломдық жұмыстың мақсаты оқиға болған жерді қарау тиімді және нәтижелі жүргізуге қатысты практикалық ұсыныстарды ойлап табу.

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Қылмыстың өсу қарқыны мен ауқымы оны әлеуметтік реформаларды іске асыруға бөгет болатын, азаматтардың өз өмірлері мен әл-ауқаттарына алаңдаушылығын туғызытын, өкімет пен басқару органдарына, жүргізіліп отырған мемлекеттік саясатқа сенімді төмендететін басты факторлардың біріне айналдырды. Сондықтан ұрлық қылмыстарының орын алуын, ерекшелігін оны тергеу әрекеттеріне дайындалу және оларды жүргізудің мән маңызын, қарау үрдісінде қолданылатын ғылыми-техникалық құралдарды дайындау мен пайдалану жолдарын, ұрлық қылмыстары бойынша оқиға болған жерді жалпы және егжей-тегжейлі қарау оның нәтижелерін бекіту сияқты өзекті мәселелерді қарастыру.

Жұмыстың негізгі міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсатына сәйкес келесідей міндеттерді алға қою мен шешу:

- Ұрлық қылмыстарының ерекшелігін көрсету;

- Ұрлық тергеу әрекеттеріне дайындалу және оларды жүргізу тәсілдерін көрсету;

- Қарау үрдісінде қолданылатын ғылыми-техникалық құралдарды дайындаудың қажеттілігін анықтау;

- Ұрлықты тергеу әрекеттерінің түрлерімен таныстыру;

- Оқиға болған жерді қарау кезеңдері мен сатыларын анықтау;

- Ұрлықтың криминологиялық сипаттамасы мен анықтауға жататын мән-жайларын айқындап беру;

- Ұрлық бойынша қылмыстық іс қозғау ерекшеліктерін, бастапқы және кейінгі тергеу әрекеттерін саралап көрсету;

Дипломдық жұмыстың әдістемелік және тәжірибелік негізі ретінде отандық және шетелдік криминалистердің ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектері, криминалистика жөніндегі оқулықтармен қосатергеулік іс әрекеттерді жүргізу тактикасы, қылмыстың кейбір түрлерін тергеу әдістемесі бойынша жұмыстар қолданылады.

Терминдер мен ұғымдарды анықтауда атақты ғалым Р. С. Белкиннің криминалистік сөздіктері пайдаланылды.

Қолданылған әдебиеттер арасынан А. А. Левидің жалпы редакциясымен жазылған «Оқиға болған жерді қарау» О. Я. Баевтің «Тергеу іс - әрекеттерінің тактикасы» (1995ж ) деген еңбектерін атап өтуге де болады. О. Я. Баевтің жұмысы қарапайым тілде жазылған, сонымен қоса оқиға болған жерді қарау тақырыбын әжептәуір толық және кең қарастыра білген.

Ұрлықтармен байланысты қылмыстар жөніндегі оқиға болған жерді қарау - едәуір кең тақырып, оны бір дипломдық жұмыстың шегінде толық қарастыру мүмкін емес. Сондықтан келесі міндет жұмыстың шегінде қарастырып отырған тақырыпты кеңірек қамту болды.

Және тілек ретінде айтар болсам оқиға болған жерді қарауда өзіне деген «елемеушілікті» көтермейді, оны жүргізуге неғұрлым «ықтиятты» болсаңыз істі одан әрі тергеуде кедергі аз болады. Осы жұмыстың мақсаты осы саладағы өте маңызды мәселелерді қойып, қарауға деген талпыныс.

Теориялық білім мен құқықтық қолданушылық практикалық аралық ұстанымын бір ізділікпен жүзеге асыру, жасалатын ұрлықтардың сипаты мен құрылымы туралы шынайы көзқарас қалыптастыруға, ашкөздік қылмыстың бүгінгі жағдайын талдауға, осы қылмысқа қарсы әрекеттердің формасын қалыптастыру мен жүзеге асыруға әсер ететін басты факторларды даралауға мүмкіндік береді.

Дипломдық жұмыстың құрылымы . Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Сондай - ақ кіріспеде жұмыстың маңыздылығы, мақсаты, міндеті, пәні, зерттеу әдістері, ғылыми жаңалықтары, әдістемелік негіздері мен құрылымы ашылып көрсетілген.

1. БӨТЕН МҮЛІКТІ ҰРЛАУ ІСТЕРІ БОЙЫНША ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДІ ТЕКСЕРУ МЕН НАҚТЫЛАУҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРГІЗУ

1. 1 Бөтен мүлікті ұрлау істерінің ерекшелігі

«Үй - жайға ену» сияқты біліктілік белгісінің және мұндай ұрлық үй - жайға ену арқылы жасалумен байланысты азаматтардың жеке мүліктерін ұрлаудың біліктілігінің басқа мәселелерінің пайда болу тарихын қысқаша қараймыз.

Басқа мемлекеттердің заңнамасының дамуының оң тәжірбиесін пайдалана отыра заң шығарушы жоғарыда көрсетілген біліктілік белгісін басқаша қалыптастырады. Біріншіден, «үй - жайға ену түсінігі» заңнамада қолданылып жүрген (бұрынғы кеңестік республикалардың заңнамасымен салыстырғанда) «үй - жайға ену» түсінігімен салыстырғанда кең ұғымды білдіреді. Екіншіден, осы біліктілік белгісінің орны өте жақсы шешілген: ол өте қауіпті рецидивистпен бір нормаға біріктірілмеген.

Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 175 - бабының бірінші тармағында ұрлық былай сипатталған: ұрлық бұл бөтен біреудің мүлкін жасырын ұрлау.

Заң ұрлықты «жасырын ұрлау» деп анықтайды. Ұрлықтың қымқырудың басқа нысандарынан басты ерекшелігі мүлікті алу және иелену әдісінде. Бұл ұрлық туралы көпшілік қабылдаған анықтамаға дәлірек келетін жасырын әдіс ретінде сипатталады.

«Ұрлау» етістігі «жасырын», «тығым» қимылдау дегенді білдіреді.

Жасырын ұрлық мүлік тиесілі меншік иесінің келісімінсіз, одан тасалау арқылы мүлікті иемдену болып табылады.

Жай пәтер тонау немесе өндірістік ғимаратқа, кеңсеге, қоймаға заңға қарсы кіру соған мысал бола алады. Ұрлық иесінің көзінше де жасала береді, мысалы қалта тонау. Ұрлық жәбірленушіден оның дәрменсіздігін пайдалана отырып немесе ес - түссіз жатқандығын пайдалана отырып мүлкін иелену боп табылады.

Ұрлық бөтен адамдардың көзінше де жасала береді, өйткені олар ұрының іс - әрекетінің заңсыздығын аңғармауы да мүмкін. Ұры мүліктерге өзі ие екендігін көрсете білсе көпшілік сырт адамдар ешнәрсе сезбей қалады.

Ұрлықты ашық түрде жасалатын тонаудан жекелеп алған дұрыс. Егер қылмыскер ұрлықты құпия жасадым деп қате есептесе, яғни онда қылмыс көпшіліктің көзінше жасалған, ал жәбірленуші бәрін көрсе, онда жасалған әрекет оны пиғылына орай ұрлық ретінде қабылдану керек.

Ұрлық зорлықсыз жасалған қылмысқа жатады. Сондықтан оның әрекетін бақылау мүмкіндігінен күштеу арқылы айрылған (есінен танған, басқа бөлмеге қамалған) тұлғаның мүлкін иеленуді көрсетілген зорлықтың сипатына орай біліктеу (саралау) қажет.

Енді қымқырудың (хищение) не екенін қарастырайық. Қымқырудың астары баптары бойынша бөтен біреудің мүлкінің осы мүлік иесіне зиян келтіріле отырыла құқыққа қарсы, қайтарымсыз ашкөздік мақсатпен алынуы түсіндіріледі.

Алу дегеніміз меншік иесінің немесе басқа заңды иесінің мүлігін кінәлі тараптың іс жүзінде иеленуі.

Бөтен мүлікті өз кәдесіне жарату дегеніміз кінәлінің заңсыз алған мүліктерді иеленіп, жұмсау болып табылады.

Қымқыраудың ең маңызды екі белгісін қарастырайық - бұл заңға қарсылық пен қайтарымсыздық Бөтен мүлікті алудың заңсыздығы мен өз пайдасына жаратуы, кінәлінің ол мүліктерді иесінің немесе заңды қожайынының келісімінсіз іс жүзінде иемденуі.

Мүлікті қымқырған адам оны иемденсе де, пайдаланса да өз меншігі сияқты бәрібір заңдық тұрғыдан меншік иесі боп табыла алмайды. Қымқыру, меншік иесінің қымқырылған мүлікке деген құқығының жоғалғанын білдірмейді. Заңдылығы субъектімен дауға түсіп жатқан мүлікті алу қымқырауды қалыптастырмайды. Мұндай іс - әрекеттер мысалы өз бетімен басқару сияқты басқа қылмыстар үшін жауапкершілікке тартқызуы мүмкін.

Бөтен мүлікті алудың қайтарымсыздығын егерде кінәлі оны тегін иеленсе орнына ештеңе бермесе (мысалы тауардың бағасын заңсыз төмендету) сонда байқауға болады.

Бөтен мүлікті алудың қайтарымсыздығы меншік иесіне немесе мүліктік зиянның басқа иесіне тиетіндей қоғамдық қауіпті салдардың пайда болғаның білдіреді. Әрі қарай ұрлық ұғымына кіретін «бөтен мүлік» сөз тіркесін қарастырамыз.

Қымқыруды жүзеге асырғанда бөтен мүлікті иемдену оны меншік иесінен (немесе басқа біреудің күзетіндегі мүлік) алуды білдіреді. Егер мүлік белгілі бір себептермен меншік иесінің қарамағынан шығып қалса ондай затты иемдену қымқыру болып есептелмейді. Тауып алғанды немесе кінәліде кездейсоқ болған мүлікті иелену қылмыс ретінде қарастырылмайды. Меншік иесінің қарамағындағы деп тек қана арнайы қозғалатын, жасырылған мүлік қана емес, оның шаруашылық аумағындағы уақытша қараусыз қалған меншік иесімен жоғалтылмаған мүлік саналады.

Қымқыруды анықтаудағы басты түсініктердің бірі мүлік анықтамасы. Меншікке қатысты қылмыстық мүліктік қылмыстар қатарына жатқызылуы тегіннен тегін емес. Мүлік, қымқыру заты болып табылады, оны мүліктің қоғамдық қатынастар объектісінен айыра білген жөн. Қымқыру заты әркез материалдық әлемнің бөлшегі болып табылады, яғни заииық белгісіне ие. Идеялар, көзқарастар, адам зердесінің көріністері мүліктік қылмыстағыдай қышқыру заты болып табыла алмайды. Интеллектуалдық меншіктің қымқырылуы туралы бейнелік мағынада ғана, мысалы авторлық құқықтың бұзылуы сияқты айтуға болады [21] .

Электр немесе жылу энергиялары (заттық белгісінің жоқтығынан) қымқыру заты болып табыла алмайды. Қымқыру заты болып өзінің шынайы жағдайына байланысты табиғи байлықтар да бола алмайды.

Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 175-бабы ұрлықтың үш түрін қарастырады: қарапайым (негізгі құрам, 175-бап, 1-тармақ), білікті (175-бап, 2-тармақ) және аса білікті (175-бап, 3-тармақ) .

Ұрлықты сараптау көп жағдайда ұрлықтың бір түрін екінші түрінен ерекшелендіретін белгілерді дұрыс түсінуге байланысты, ол өз кезегінде ауырлататын мән-жайды дұрыс түсінуге әкеледі.

Ұрлықтың өлшемі - қылмыстың қоғамдық қаупінің дәрежесін анықтайтан негізгі және жазалаудың өлшемі мен сипатына әсер ететін критерии.

Ірі өлшемдер - ұрлықты аса ауырлататын үш жағдайдың біреуі. Ұйымдасқан топпен жасалған немесе бұрын екі немесе бірнеше рет ұрлық үшін сотталған тұлға мен жасалған ұрлықпен қоса ірі көлемдегі ұрлық ауыр қылмысқа жатады.

Ірі көлем деп қылмыс жасалған сәтте ҚР-ның заңнамасымен белгіленген ең төменгі жалақыдан 500 рет жоғарғы мүлік құны мойындалады [2] .

Сот-тергеу практикасы көрсеткендей білікті ұрлықтар ең кең таралғанға жатады. Мұндай ұрлықтарға: алдын ала келісім бойынша топпен жасалған ұрлық, азаматқа едәуір зиян тигізе отырып жасалған ұрлық, заңсыз ену арқылы жасалған ұрлықтар жатады.

Ауырлатпайтын мән-жайы бар ұрлықтарға бір тұлғамен ірі емес көлемде бірінші рет үй-жайға заңсыз ену арқылы жасалған ұрлықтар немесе бұрын ұрлық пен қорқытып-үркіту екі-үш рет сотталмаған тұлғамен жасалған ұрлықтар жатады. Мұндай ұрлықтар орта ауырлықты қылмыстарға жатады.

Ұрлықтар мемлекеттік, ұжымдық, жеке меншіктегі құқықтағы азаматтар мен ұйымдардың мүлкіне қол сұғатын қымқырудың негізгі түрлерінің бірі болып табылады. Өз сипатына сай ұрлықтар әр түрлі. Пәтерлерден, мемлекеттік объектілерден, дүкендерден, қоймалардан ұрлау, көлік құралдарын ұрлау, қалтаға қол салу сияқты ұрлықтар бар. Аталғандардың ішінде пәтерлерден және әр түрлі ұйымдардан ұрлау кеңінен таралған.

Көбінесе жасалған ұрлық туралы хабарлар азаматтарда немесе дүкен директоры, үй басқармасы, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басшылары сияқты лауазымды тұлғалардан көп түседі. Көбінесе жасалған ұрлық туралы ақпарат анықтау органдарына жедел қайнар көздерден белгілі болады. Бұл көбінесе ұрлық аз сомаға жасалғанда немес жәбірленушілер қылмыскерлердің ұсталуына және ұрланған мүліктердің қайтарылуына сенім болмайды, сондықтан ұрлық туралы олар айта қоймайды. Сауда ұйымдарында осындай қылмыстар жасалғанда лауазымды тұлғалар ұрлыққа байлатысты тексерудің жүргізілуінен қауіптенулері себепті тиісті жерге хабарлай қоймайды, өйткені мұндай тексерістер «артық» тауарларды сату, тауарларды сұрыптау, ұрлық сияқты өз былықтарын ашуы мүмкін.

Ұрлықты тергеу мақсаты оқиға болған жерді тиянақты зерттеу, іс бойынша заттық айғақ болатын іздер мен заттарды тауып жинау сияқты іс-әрекеттен басталады. Оқиға болған жерге бармас бұрын жәбірленушіден қалыптасқан ахуалды бұзбауды, ал лауазымды тұлғалардан ол жерді күзетідің шараларын қамтамасыз етуді өтінеді.

Ұрлық болған жерге шығу жасалған қылмыс туралы хабар алынғаннан кейін мүмкіндігінше тезірек болуы тиіс. Тергеуші жедел-тергеу тобына қылмыстық іздеудің жедел қызметкерлерін, криминалист-маманды із кесуші қызмет иті бар кинологты сол учаскенің учаскелік инспекторын қосады. Егер де сараптау- криминалистік бөлімнің қарамағында қозғалмалы криминалистік лабораториялар болса тіпті жақсы, олар ірі көлемдегі ұрлықтар жасалғанда маман-криминалистерге аса қажет.

Оқиға болған жерге келген бетте ол жерден тез арада бөтен адамдар кетіріледі және куәлерден жауап алынады, олардан кім бірінші ұрлықты байқады, ахуалды қандай өзгерістер болды, кімде-кім қылмыскерді немесе күмәнді адамда көрді дегендей ақпараттар алынады. Соңғы жағдайда жедел қызметкерлердің күштерімен «жаңа» іздердің соңынан іздеу ұйымдастырылады.

Оқиға болған жер туралы жалпы түсінік алынғаннан кейін және қараудың шекарасын және бірізділігін анықтағаннан кейін тергеуші келесілерді анықтайды: қылмыскер тұрғын жайға қалай енді, қандай заттарға сүйенді, қай бағытта тығылды, көрінбей тығыла алды ма; оқиға болған жерде қандай іздер қалды және қылмыскер өзімен немесе өз кимімен не алып кете алды; қылмыскердің кәсібін сездірітін оның сыртқы пішініне, жеке басына, қатысты қандай да бір белгілер барма; қылмыскерлер қанша болды және оларға ұрланған құндылықтардың орны туралы белгілі болдыма. Қарау кезінде ғимаратқа немесе қоймаға ену жерлері ерекше қаралады, өйткені ол жерлерде саусақ іздері, бұзу құралдарының іздері, аяқкиім іздері қылмыскердің киімінің матасынан түсіп қалған жіп сабақтары немесе ол түсіріп алған заттар табылуы мүмкін. Азық түлік дүкендерінде ұрлық болғанда шокалад кәмпиттері, сыр, май, алмалар сияқты қылмыскерлер жеуі мүмкін азықтарда тістердің іздері қалдыма екен соған назар аударылады.

Бөгеттерден өту кезінде қылмыскерлер кейде байқамай қолдарын зақымдап алады және сол жерлерден қан дақтары табылуы мүмкін, сол арқылы қан тобы анықталады. Осындай маңызға, майлы заттармен араласқан саусақтардың іздері де оларды алып, биологиялық сараптамаға жіберіледі.

Ұрлық жасағанда қылмыскерлер көбінесе киім ауыстырады және оқиға болған жерді қарағанда олардың киімдерін тауып алуға болады. Қалдырып кеткен бас киімде иесінің аты-жөні жазылуы мүмкін. Қылмыскерлер түсіріп алған бет орамал, бас киім, қолғап сияқты заттар арнайы таза пакеттерге салынады, кейін олар күмәндіні табу үшін қызметтік іздеу итін пайдаланғанда қажет. Қарау кезінде ұрланған тауарлардың төлқұжатын, этикеткасын, мата үлгісін алу ұйғарылады. Қалған балама тауарлар түрлі-түсті үлбірге түсіріледі. Мұның бәрі сосын іздеу жұмыстарын едәуір жеңілдетеді.

Ұрлық жасағанда көбінесе әртүрлі көлік құралдары қолданылады. Сондықтан қарау міндетіне қаралып жатқан объектінің орналасқан жеріне жапсарлас жерді де қарау енеді, ол жерде доңғалақ іздері, аяқ-киім іздері, темекі тұқылдары, ұрланып, түсіп қалған немесе жеке заттар табылуы мүмкін.

Оқиға болған жерді қарау хаттамасында үй-жайға ену жолдары, ахуал, табылған іздер және заттық айғақтар бәрі толық жазылады. Онда сонымен қоса қандай заттық айғақтар алынды, оларды алу мен буып-түю әдістері көрсетіледі, суретке түсірілген объектілер тізіледі.

1. 2 Тергеу әрекеттеріне дайындалу және оларды жүргізу

Оқиға болған жерді қарауға дайындалу оқиға болған жерге жеткенше келесі әрекеттерден тұрады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арам пиғылды қылмыстардың ішінде кең тарағаны ұрлықтар
Ұрлық қылмыстарын криминалистикалық тергеу әдістемесі
Тұрғын-жайға кірумен ұштасқан ұрлық
Жалдап адам өлтірудің түсінігі
Криминалистика пәнiнен дәрістер кешені
Криминалистика пәнінен лекция тезистері
Ұрлықты тергеу әрекеттерін жүргізу мәселелері
ТОНАУ ҚЫЛМЫСЫНА КӨЗДЕЛГЕН ЖАУАПТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ
Криминалистика пәнінен дәрістер
Шабуыл жасап тонау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz