Инфляцияның экономикалық - әлеуметтік салдарлары және антиинфляциялық саясат туралы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
жинақтарының бағасыздануы, сондай-ақ инфляциямен күресудің әдістері
туралы айтылады.
Ал үшінші бөлімінде Қазақстан жағдайындағы инфляция ерекшеліктері туралы
айтылады.
1. Инфляция ұғымы және мәні.
1. Инфляция көпфакторлы құбылыс.

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көп уақыт бойы қолданылып келе
жатыр. Инфляция термині АҚШ-та 1861-1865жж. азамат соғысы тұсында, екі
жыл ішінде доллардың 60% - ға сатып алу қабілетінің төмендеуі кезінде
қолданыла бастады. Инфляция дегеніміз не? Инфляция – бұл бағаның жалпы
деңгейінің өсуі . Ал инфляцияның жалпы анықтамасы – бұл елде айналымдағы
қағаз ақша көлемінің тым көбейіп кетіп, оның ақша тауары (алтын) жөнінде
құнсыздануына ұласуы және соның салдарынан тауар бағасының өсуі. Қазіргі
кезде қолданылып келе жатқан анықтама – бұл ұсыныс пен сұраныс арасындағы
дисбаланс жєне бағаның өсуіне байланысты басқа да ұлттық шаруашылық
пропорциялар бұзылуы нәтижесі. Жаңа қоғамда инфляцияда көрінетін байланыс
қиындады: қағаз ақшаның алтынға тәуелдігі мүлдем үзілген; ақша айналымының
дәстүрлі заңы бұзылған және инфляция жаңа халықаралық сипатта қалыптасыда.
Бұның бір себебі мынада: көп елдер инвестицияны ынталандыру және
экономиканы емдеу құралы ретінде ақша шығару қарқынын көтереді. Сондықтан
инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің қағаз ақшаны шектен көп шығаруымен
байланысты, бұл эмиссия ішкі айналым қажеттілігін де асып кетті.
Нәтижесінде ақша құнсызданады, баға өседі, сондықтан барлық шаруашылық
пропорциялар бұзылады. Инфляция – қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі
сәйкессіздіктен туындайтын бағаның өсуі ретінде анықталады. Ақша массасының
өсуі ірі масштабқа жеткенде инфляцияның басты факторлары ақша массасындағы
өзгеріс болып табылады.
Инфляция – бұл күрделі де, көпфакторлы құбылыс; ал қағаз ақша айналымына
негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен
сипатталады. Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел
валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеде.
Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды, неге десеңіз,
, ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі болған:
қажетті ақша көлемі алтын – күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша айналымында
жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың тек белгісі ғана.
Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау үшін
адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша
шектелуі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады,
айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктеп тыс өседі. Артық ақша сұранымды
арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде бағаларға қатты ықпал жасап, оларды
көтеріп жібереді.
Айталық, номиналды еңбекақының өсуіне байланысты еңбек ұсынысы артады.
Сонда Филлипс қисығы концепциясына сєйкес инфляцияның өсуі жұмыссыздықты
қысқартуы мүмкін. Номиналды жалақының өсуі осы инфляцияның өсуіне
байланысты жүреді. Бірақ уақыт өткен сайын инфляцияның өсу қарқыны
номиналды жалақының өсуінен артады, сондықтан нақты жалақы төмендейді.
Еңбек ұсынысы өспейтін болады.
Номиналды жалақы өскенде, кәсіпкерлер де еңбек факторына қосымша
сұранысты қысқартады. Жұмысшылардың номиналды жалақыны инфляция
деңгейінен артық көтеру талабы кєсіпкерлер үшін тиімсіз болады, бұл нақты
пайданы азайтады. Сондықтан кәсіпкерлер косымша жұмысшыларды жұмысқа алуды
тоқтатады, ал белгілі жағдайда олар жұмыс орындарын қысқартып,
жұмыссыздықты арттырады. Бұл мәселеге 60-шы жылдары американ экономисі
М. Фридмен ерекше назар аударған еді. Оның айтуынша, жұмыссыздықпен
инфляция арқылы күресу тиімсіз, керек десеңіз, қауіпті іс-әрекет екен.
Еңбекақы мөлшерлемесінің номиналды өсуі табыстың нақты өсуіне сәйкес
еместігі анықтылған соң инфляциямен бірге жұмыссыздық өсетін болады, яғни
стагфляция басталуы мүмкін.
Филлипс қисығын жұмыссыздық пен инфляция баламасын, талдау құралы ретінде
тек баяу инфляция жағдайында қолдануға болады деген пікір бар. Ал тосын
инфляция жағдайында (мысалы, 70-ші жылдары энергия ресурстарына бағаның
тосын өскен кезіндегідей) бағалардың күрт өсуі жұмыссыздықты бұрынғыдан да
жоғары көтеріп жіберуі мүмкін. Басқаша айтқанда, статистикалық деректердің
негізінде жасалған Филлипс қисығы ұзақ мерзім үшін тұракты экономикалык
заңдылықты көрсетпейді.
Филлипс қисығының орнына 1979 ж. бастап АҚШ-та және Англияда
жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп аталатын теория қолданылатын болған.
Бұл теорияның мәні мынадай: ұзақ мерзімде жұмыссыздықтың деңгейі оның
табиғи деңгейінен артпаса ғана қоғамда баяу инфляция калыптасады, ал баяу
инфляция экономиканың өсуіне, қоғамның оңды дамуына әсер ететін фактор
болады.
Қоғамдағы жұмыссыздық деңгейі оның фрикциондық және құрылымдық түрлерінен
құралған болса, жұмыссыздықтың табиғи (тепе-тең) деңгейі еңбек нарығының
құрылымымен анықталады.
Бірақ жұмыссыздықтың табиғи деңгейін сақтап, инфляцияның өсу қарқынын
төмендетуге арналған экономикалық саясат әрқашан оңды нәтиже бере бермейді.
Бұл саясаттың жақсы жақтарын ескере отырып мынадай бір мәселені білген
дұрыс: жұмыссыздық өзінің табиғи деңгейіне дейін төмендегенде де бағалардың
өсуі бірден тоқтамайды екен, керісінше біраз уақыт өсу жалғаса береді.
Бұған қоса соңғы онжылдықта Батыс елдерінің көбінде жұмыссыздықтың табиғи
деңгейі өсіп отыр. Мысалы, АҚШ-та жұмыссыздықтың табиғи деңгейі 60-жылдары
4%-ке тең болса, 80-жылдардың екінші жартысында 6-7%-ке дейін өскен екен.
Инфляцияның экономикалық субъектілердің экономикалық жағдайларына ықпалы
қарама-қайшылықты болып келеді. Жоғары инфляция бизнеске қауіп
төндіреді және инвестиция көлемін кемітеді. Әдетте, инфляция тұрақты
табыс алушылар үшін тиімсіз (бюджет сферасындағы кызметкерлерге,
несие берушілерге және жинақ иелеріне). Бағаның деңгейіне қарағанда
табыстары тез өсетіндер үшін оның келеңсіз салдарынан құтыларлықтай
мүмкіндік бар. Табыстың кеңейтілген көздері, мысалы, қаржылық активтер мен
қозғалмайтын мүліктер, өздерінің иелерін инфляциядан бір мезгілде ұтып та,
ұтылып та қалуларына жеткізеді. Инфляция, сондай-ақ, мемлекетке пайдалы да
бола алады.

2. Инфляцияның түрлерін жіктеу.

Инфляцияны әртүрлі белгілері негізінде жіктейді. Инфляцияның мыныдай
типтері болады.
Баға өсуінің қарқыны бойынша:
1.Бірқалыпты – жылына 10% - ға дейін
2.Шоқырақтау – жылына 20% - дан 200% - ға дейін.
3.Гиперифляция – жылына 1000% - ға дейін.
Экономика теориясында, жеке алғанда осы күнгі Кейнсті жақтаушы
экономистер инфляцияның бірқалыпты(баяу) түрін өндірістің дамуына қосымша
оңды әсер ететін фактор ретінде қарастырады. Баяу инфляцияны олар
мемлекеттің бірден – бір тиімді саясат жүргізу құралы ретінде түсіндіреді.
Бірқалыпты инфляция саясаты өндіріс пен нарық жағдайларының өзгеруіне
сәйкес бағаларды реттен отыруға мүмкіндік береді.
Шоқырақтау (қарқынды) инфляция – экономика үшін едәуір қиын жағдай,
біраз іскерлік қатынастардың көбі қарқынды инфляцияны алдын ала ескеріп,
оған икемделе береді.
Гиперинфляция – инфляцияның ұлттық өндіріс пен жұмыс бастылық, көлеміне
күйретерліктей ықпал жасайтындай төтенше тез қарқынды өсуі болып табылады.
Гиперинфляциянда бағалардың жалпы деңгейі мыңдаған процентке артқан
жағдаймен сипатталады. Гиперинфляция кезінде бағалардың асу қарқыны
айналымға шығарылған ақша көлімінің өсуінен көп есе артып кетеді. Мәселе
мынада, егер бағалар жайлап, тұрақты өсіп келе жатса халық пен кәсіпорын
олардың одан әрі көтеріле түсуіне дайындалады.
Инфляция ашық және басыңқы деп ажыратылады. Біріншісі – бағаның өсуі,
екіншісі – тауардың жоғарлуы.
Ашық инфляция жағдайында бағалардың өсуі және өсу қарқыны айқын байқалады
және ресми түрде есепке алынады. Бірақ, бағалардың деңгейі ресми түрде
өспеген болса да, құнсыздану (инфляция) жағдайы қалыптасуы мүмкін.
Инфляцияның бұл түрлі тауар тапшылығынан көрінеді. Тауарлардың тапшылығына
байланысты оларды ақшаға сатып алу қиындайды, яғни ақша (табыс)
құнсызданады.
Ашық инфляцияны жіктеу үшін бірніше белгі қажет:
1.Бағаның өсу қарқыны (баға индексі).
2.Әр түрлі тауар топтары бойынша бағаның өсу деңгейінің алшақтауы.
3.Инфляцияның күтілуі және алдын ала болжануы.
Бірінші белгі тұрғысынан жоғарыда аталып кеткендей бояу, секірмелі
және гиперинфляция деп ажыратылады.
Екінші белгі тұрғысынан инфляцияның екі түрін ажыратады: тең және тең
емес. Тең инфляцияда әр тауардың бағасы бір – біріне қатысты –өзгермейді,
ал тең емес инфляцияда әр тауардың бағасы бір – біріне қатысты үнемі
өзгеріп тұрады.
Инфляция теңгермелі түрде болуы мүмкін, яғни бағалар бір қалыпты және
баяу өседі. Бұл жағдайда бағалардың бір жылдық өсуіне сәйкес процент
кесімі (ставкасы) де өседі. Нарықта тепе – теңдік (тұрақтылық)
сақталады. Теңгермелі емес инфляция кезінде жеке товар топтарына бағы
бірқалыпты емес, әртүрлі қарқынмен өседі.
Үшінші белгіден күтілетін және күтілмейтін инфляцияны бөледі. Күтілу
факторы инфляцияның салдарынан білінеді. Егер фирмалар мен халық келесі
жылы баға 5 есе өсетінін білсе, онда тиімді нарық жағдайында олар келесі
жылы өздерінің тауар бағасын 5 есе көтереді және ешкім күтілетін
инфляциядан зардап шекпейді. Ал күтілмейтін инфляция жағдайында бағаның
10%- ке өсуі экономикалық жағдайды күрт нашарлатады.
Тосылған инфляциясы тосын инфляциядан айыра білген жөн. Тосылған
инфляцияны алдын ала болжауға болады, немесе оны үкімет арнайы мақсатпен
жоспарлайды. Тосын инфляция бағалардың кенеттен және тез өсуінен
көрінеді. Мұндай жағдай ақша айналымын және салық жүйесін бұзады.
Тұрғындар бағаның өсуінен сескеніп, қолындағы қаражатын сақтап қалу
мақсатында тауарларды жаппай сатып ала бастайды. Сондықтан нарықта
қалыптасқан жағдай бұзылады, сұраным мен баға бұрынғыдан да тез өсетін
болады. Сонымен бағалардың кенеттен, тосын түрде өсуі тұрғындардың
инфляциялық, тосу психологиясын туғызады. Егер тосын инфляция (бағаның
кенеттен өсуі) экономикасы дамыған елде пайда болса, ал нарық жағдайына
қатты әсер етпейді. Экономикасы тұрақты да қуатты елде тұрғындар бағаның
уақытша ауытқуынан қорықпайды; және бағаның өсуі қаншама тез болса, соншама
оның құлдырап түсіп кетуі әбден мүмкін болатынына сенеді; сондықтан олар
бағаның түсуін күтіп табысын үнемдеу мақсатында сатып алуды күрт табысын
қысқартады. Нарықтық сұранымның қысқаруы баға деңгейіне әсер етеді,
бағалардың өсуі тоқтайды, олардың деңгейі құлдырап, бастапқы қалпына
келеді.
Басыңқы инфляция жағдайында бағаны мемлекет реттейді, бұл СССР (КСРО) –
да орын алған. Сондықтан тауарға сұраныстың өсуінде баға көтерілмейді (бұл
нарық шартына сәйкес) және тепе – теңдіктен төмен болады. Содан дефицит
пайда болады. Дефицит көлеңкелі экономиканы тудырады. Қажет тауарда іздеуді
сатып алушы сатушыға қажетінен көп төлеп бұдан ақша өндірісті айналып
өтіп, саудада шоғырланады. Сосын өндірушілерде тауар өндіруге ынта
болмайды. Соңында сұраныс пен ұсыныс арасында дисбаланс күшейеді.
Инфляция – қоғамдық ұдайы өндіріс процесінде сәйкессіздіктен туындайтын
бағаның өсуі ретінде анықталады. Ұзақ мерзімді болашақта, сондай ақ ақша
массасының өсуі ірі масштабқа жеткенді, инфляцияның басты факторы ақша
массасындағы өзгеріс болып табылады.
Өнімнің көтерме бағасы оларды дайындауға кететін шығындардың өсуімен
байланысты өсіп отырады. Экономиканың әр түрлі секторларындағы табыстарды
мемлекет тарапына қайта бөлу есебінен кейбір тауарлар шеңберіне бөлшек
сауда бағасы тұрақты болып отырады. Сонымен қатар тауарлардың тапшылығына
байланысты арзан тауарларды шығару орын алды. Кейбір тауарлардың бөлшек
саудада болмағанына қарамай төменгі бағалары сақталып қалады. Мұның
барлығы жабық инфляцияның болғандығы туралы айтуға мүмкін берері сөзсіз.
Батыс елдерінің экономистері жасаған теорияларда альтернативті концепция
ретінде сұраным инфляциясы және ұсыныс инфляциясы анықталады. Бұл
концепцияларда инфляцияның қалыптасу себептері қарастырылады. Сұраным
инфляциясы жалпы сұраным арасындағы тепе – теңдіктің сұраным жағынан
бұзылуын білдіреді. Бұл жерде мемлекет шығындарының артуы, өндіріс және
еңбек ресурстарының толық іске қосылған жағдайында өндіріс құралдарына
қосымша сұранымның қалыптасуы және тұрғындардың тұтынушылық
мүмкіншіліктерінің артуы негізгі себеп болуы мүмкін. Осы жағдайларға
байланысты айналымға артық ақша массасы шығын, жалпы баға деңгейі өседі.
Өндіріс саласында еңбекпен толық қамтылған жағдайды айналымдағы артық төлем
ақша массасы шектеулі. Мұндай жағдай толық жұмыспен қамтылуда, жалақының
өсуінде пайда болады, бұдан жинақталған сұраныс артық болады, ал бұл
бағаның өсуіне итермелейді. Ұсыныс инфляциясын сонымен қатар шығын
инфляциясы деп те атайды, демек өндіріс шығынының өсуіне және энергия мен
шикізатқа бағаны көтереді.

1.3.Инфляцияның себептері мен салдарлары

Инфляция негізінен шаруашылықта қалыптасқан әр түрлі диспропорцияларға
байланысты болатынын еске ала отырып, оның негізгі себептерін қарастырып
көрейік. Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар мен табыстар арасында
қалыптасқан диспропорция немесе тепе – теңдіктің бұзылуы. Бұл мемлекет
бюджетінің тапшылығы түрінде көрінеді. Егер тапшылық орталық банктің
несиелі, яғни айналымға қосымша ақша шығару арқылы қаржыланған болса, онда
бұл айналымдағы ақша массасын арттырады және инфляцияны қалыптастыруы әбден
мүмкін. Екіншіден, егер инвестицияларды қаржыландыру жоғарыда айтылған
әдіспен, яғни орталық банктің несие беруімен жургізілетін болса, түптен
келгенде, бұл да инфляцияның себебіне айналуы мүмкін. Үшіншіден, осы күнгі
экономикалық теория бағалардың жалпы ХХ ғасырда нарық құрылымының
өзгеруімен түсіндіреді. Қалыптасқан өндіріс түріне жаңа фирмалардың келуіне
шек қою арқылы олигополиялық фирмалар жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы
диспропорцияны мүмкін болғанша ұзақ уақыт ұстап қалуға ұмтылады.
Төртіншіде, ұлттық экономикалардың ашыла түсуіне, олардың дүниежүзілік
шаруашылық қатынастары жүйесіне тартылуына байланысты инфляцияның бір
елден екінші елге ауысуы қаупі артады. Өндірушілер де шикізат пен
материалдарға және энергияға бағаның өсуін болжап өздерінің өнімдеріне
бағасын арттыра түседі. Әрбір өндіруші өзін инфляциядан алдын ала
сақтандыру мақсатында өніміне бағаны еселеп көтереді. Инфляцияның себептері
сан қилы, бірақ әр кезде олардың белгісі бір комбинациясы қалыптасады.
Дисбаланстің себептерін әртүрлі жағынан түсіндіруге болады. Инфляция
ұғымының теоретикалық негізі өзінің арсеналында үш негізгі бағыттан тұрады:
инфляцияның Кейнс теориясынан; монетаристік сандық тұжырымдамадан; төтенше
шығындардың теориясынан.
Инфляцияның Кейнс теориясы шаруашылық етуші субъектілердің кірістері
мен шығындарының талдауынан шығады және жиынтық сұраныстың көбеюіне олардың
әсер етуінен шығады, бұл өндіріспен, жұмыспен қамтылудың өсуіне әкеліп
соқтырады. Сонымен бірге жиынтық сұраныстың өсуі инфляцияның өсуіне себепші
болады. Ақшаның монетаристік теориясы инфляцияның себептері ретінде қағаз
ақшаларымен айналым арналарының сандай ернелеушілігін көрді. Төтенше
шығындар теориясының авторлары (Дж.М. Кейнс, У.Тори, Р.Куэн) бойынша
жалақымен байланысты шығындар ғана инфляцияның себебі болады.
Бағаның өсуінің шын мәніндегі инфляциялық себептерден маңыздыларын бөлуге
болады. Біріншіден, айналымға жіберілген ақшалай салмаққа мемлекет жағынан
бақылаудың жоқтығы. Екіншіден, мемлекеттік бюджеттің тапшылығында
айқындалатын мемлекеттік шығындардың теңгерімсіздігі. Егер бұл тапшылық
жаңа ақшалай массаны басып шығару арқылы толтырса, онда айналымда ақшалар
массасының өсуіне әкеліп соқтырады. Экономиканы милитеризациялаумен
байланысқан бюджеттік шығындар, әсіресе инфляциялы қауіпті болып табылады.
Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік бюджеттің хроникалық тапшылықтарының
басты себептерінің бірі болып табылады. Үшіншіден, ХХ ғасырда бағалар
деңгейінің жаппай жоғарлауы нарық құрлымының өзгеруімен байланысты. Қазіргі
замандағы нарық айтарлықтай дәрежеде олигополистік болып табылады.
Олигополист бағанның үстінен едәуір билік жасауға ие. Төртіншіден,
кәсіподақтардың қызметі. Мысалы, ұзақ инфляция, 60-шы жылдардың аяғында, 70-
ші жылдарда көптеген кәсіподақтарды еңбек келісімшарттарына инфляцияны
есепке ала отырып, кірістерін автоматты түрде түзететін өмір қүнының
өсіміне түзетулер енгізуге мәжбүр етті. Бесіншіден, экономиканың рационалды
емес құрылымы, бір сала екіншісіне залал келтіре отырып шеттен тыс дамуы.
Инфляцияның пайда болу себептері сыртқы да, ішкі де болуы мүмкін. Сыртқы
себептерге көбінесе мыналар жатады: сыртқы саудадан түсетін түсімдердің
қысқаруы, сыртқы саудалық және төлем балансының теріс сельдосы, шикізат пен
мұнайға бағаның бірнеше есе өсуімен сүйемелденетін құрылымдық әлемдік
дағдарыстар (шикізаттық, энергетикалық, экологиялық). Қазақстандағы
инфляциялық құбылыс, мысалы, қазақстандық экспорттың маңызды бабын құрайтын
жағармайға әлем нарығында бағаның құлауын күшейтті, сондай-ақ астықтардың
едәуір импорты жағдайларында астық нарығындағы қолайсыз коньюнктура.
Банктердің ұлттық валютаны шетелдіктердікіне айырбастауы қағаз ақшаларының
қосымша эмиссиясына қажеттілікті тудырады, бұл инфляцияға апарады.
Инфляцияның салдары өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны баяу инфляция баға
деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдайдың
(конъюнктураның) уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ,
уақыт артып инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады,
қоғамда экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды.
Инфляция қоғамда ақшадан қашу белсенділігін арттырады, бұл процесс
қарқынды да, ұлғаймалы түрде жүреді, тауар тапшылығы асқындайды, ақшалай
қор жинау мүддесі жойылады, ақша-несие жүйесінің қызметі бұзылады, тауарды
тауарға тікелей айырбастау (бартер) туындап кеңейеді.
Баға деңгейінің қарқынды өсуі фискал (қазына) жүйесіне де теріс әсер
етеді, экономнкада Танзи-Оливер әсері деп аталатын нәтиже қалыптасады.
Бұл әсерді XX ғасырдың 70-жылдары Латын Америкасы экономистері ашып
зерттеген еді. Инфляция салықтан түскен табысты (түсімді) құнсыздандырады.
Мысалы, егер салықтар жылдың үшінші ширегінде (кварталында) есептеліп осы
жылдың төртінші ширегінде төленген болса, онда гиперинфляция жағдайында
бюджетке түскен түсімдер құнсызданады, яғни бюджет түсімінің нақты мөлшері
азаяды. Инфляция жағдайында тұрғындардың қолында сақталған ақша қоры
құнсызданады, несие беруші мекемелер мен банктер шығын шегеді.
Экономиканың интеграциялануы (ұлттық шеңберден шығуы) инфляцияның бір
елден екінші елге ауысуына мүмкіндік береді, бұл халықаралық валюта және
төлем қатынастарын қиындатады.
Инфляция және жинақтар. Инфляция жинақтардың иелеріне қатты нұсқан
келтіруі мүмкін. Бағаның өсуімен нақты құн немесе сатып алушылық қабілет
қара күнге деп жинақталған жинақтар азаяды. Инфляция кезінде банктегі жедел
есеп шоттардың, сақтандыру полистарының, жыл сайынғы түсімдердің және
көзделген ауыр жағдайларды жеңіп шығу үшін бір кезде жетіп отырған басқа да
қағаздай активтердің нақты құны. Әрине, жинақтардың барлық нысандары пайыз
әкеледі, бірақ дегенмен егер инфляция деңгейі пайыздық мөлшерден асатын
болса, онда жинақ құны түсетін болады.
Инфляция және несиелі қарым – қатынастар. Инфляция сондай-ақ дебиторшы
мен несиешінің арасындағы кірістерді бөледі. Әсіресе, көзделген инфляция
несие берушілердің (қарыз берушілердің) есебінен дебиторшыларға (қарыз
алушыларға) пайда әкеледі. Инфляция соңғы екі онжылдықта сатып алушыға
күтпеген бақыт әкелді, мысалы, 60-шы жылдардың ортасында қойылған пайыздық
мөлшермен үйлер кепілге қойылды. Бір жағынан, инфляция салынып
тасталғандарға берешектің нақты ауыртпалығын едәуір жеңілдетті. Екінші
жағынан, үйлердің номиналды құны бағаның жалпы деңгейінен жылдамырақ өсті.
Номиналды ұлттық кіріс, демек, салық жиындары да инфляция кезінде өседі,
ал мемлекеттік қарыздың мөлшері өспейді. Бұл инфляцияның үкіметке
мемлекеттік қарыздың ауыртпалығын жеңілдетеді. Инфляция осындай пайданы
үкіметке әкелгендіктен, кейбір экономистер ашық түрде сұрақ қояды: қоғам
үкіметтің ынта қоятындығына сене ала ма? Шынында да, Бразилия сияқты кейбір
елдер бір кезде өздерінің қарыздарының нақты құнын төмендету үшін
инфляцияны соншалықты кең қолданды, қазір несие берушілер қарызды өздерінің
валютасында емес, америкалық доллармен немесе қандай да бір басқа тұрақты
валютада алуына мәжбүрлейді. Бұл инфляцияның елдің ішінде қолдануын
болдырмайды. Кез келген инфляция ел ішінде төлеуге қажетті қарыздың құнын
емес, оның валютасының нақты құнын төмендетуге әкеліп соқтырады.
Инфляция және салықтар. Инфляциядан болатын шығындардың тағы да бір
маңызды элементі (дүрыс күткен жағдайларда, бірақ институттардың толық емес
бейімділігі) салық жүйесінің инфляциялық үрдістерге бейімделу
тауқыметтерінен пайда болады. Мұнда екі ірі проблема бар. Біріншіден, баға
деңгейінің өсуінен салық төлемдерінің үлесі нақты кірістердің жалпы
көлемінде өседі, осылайша салықтардың прогрессивті өсімінің эффектісі
туады. Егер салықтар кейінгісінің көлеміне қарамай-ақ номиналды кірістерге
тұрақты пропорцияда тұрса, онда ешқандай жағдайда адамдар салық түрінде
өздерінің кірістерінің бірдей бағаның деңгейінен байланысты болатын
пайыздарын төлеуші еді. Салық салу нормасында оның прогрессивті нысанын
қолданған кезде номиналды кірістердің деңгейімен бірге ұлғаю бет алысы
болады, онда инфляция номиналды кірістердің өсіміне келе отырып, нақты
кірістердегі салықтардың да үлесін өсіреді. Екінші меселе капиталдың салық
салуымен байланысты. Капиталға салық салу кірістері жақсы кездерде де
күрделі мәселе болып жүрді. Мұндай капиталдан түскен табысқа кіріс ретінде
немесе арнайы, аса төмен мөлшерлеме ретінде салық салынуы керек пе, деген
негізгі сұрақ туындайды. Экономикада инфляция пайда болған кезде осы
проблема одан сайын қиындай түсті, өйткені капиталдың өсімі нақты
табыстарға қарағанда инфляцияға аса жедел әсер етеді. Бірде бір елде
капиталға салық салуға инфляцияның әсерінен болатын салдарлардың
бейтараптандыруында айтарлықтай табысқа қол жеткізе алмады. Салықтар
саласындағы кейбір мамандар инфляциядан болатын залалдардың көбі, оның
нақты салық салу капиталын өсіруінде де санайды.
Инфляцияның әлеуметтік салдары да бар, ол ұлттық табыстың қайта бөлінуіне
әкеледі, тұрғындар үшін инфляция қосымша салық сияқты, бағалардың өсу
қарқыны номиналды (ақшалай) табыстың өсуінен жоғары болады, сондықтан нақты
(реалды) табыс азаяды. Инфляцияның зардабы әсіресе табысы шектеулі
әлеуметтік топтар үшін ауыр болады.

2. Инфляцияның экономикалық - әлеуметтік салдарлары және антиинфляциялық
саясат
2.1. Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясаттың нәтижелері
Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясаттың нәтижелері төмендегідей:
1. Кезеңнің бастапқы сатысында (1997ж) қатаң ақша кредит саясатымен қатар
белсенді инвестициялық бағыт, табиғи монополистер кәсіпорындарының
өнімдерінің бағаларын мемлекеттік реттеуге алу бағдарламасы жүргізілді.
Ұлттық банк арқылы бюджет тапшылығын тікелей кредиттеу қысқартылды (51%-
ға), бюджет тапшылығын қаржыландырудың басты көзі болып мемлекеттік бағалы
қағаздар пайдаланыла бастады. Экономиканың нақты секторын кредиттеуге,
инвестициялық жұмыс белсенділігін дамытуға бар жағдай жасалынды.
2. Әлемдік қаржылық дағдарыс кезеңінде (1998ж.) жүргізілген қатаң ақша-
кредит саясатының, табиғи монополист-кәсіпорындарының өнімдерінің
(қызметтерінің) бағасын мемлекеттік реттеудің және артық ақша массасын
қысқартудың арасында қаржы нарығының тұрақты қызметіне қол жетті. Қаржы
секторын құнсызданудан сақтаудың негізгі басты құралы мемлекеттік бағалы
қағаздар нарығы және екікнші нарықтағы бағалы қағаздар операциясы болды.
Ұлттық банк коммерциялық банктердің кредиттік мүмкіндіктерін жоғары
деңгейде ұстай білді. Нақты экономикада кредит көлемі өсті (30%-ға дейін),
сонымен қатар кредит мөлшерлемесі төмендетілді (22%-ға дейін)
3. 1999 жылы сәуірде Қазақстанның ҚЕАБ (СПОК) режиміне өтуі мемлекет
тарапынан жасалған отандық тауарлардың ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекеге
қабілеттілігін қорғауда өте орынды шаралардың бірі болды. Ол теңгенің
бағамын шарықтауға жол бермеді. ҚЕАБ режимі енгізілгеннен кейін, теңгенің
бағамы біраз құнсызданғанмен, депозит нарығындағы жағдай айтарлықтай
тұрақты болды. Бұған Ұлттық банкінің теңгелік депозиттік салымдар
құнсыздануға дейінгі валюта бағамымен айырбастылады деген әділетті саясаты
әсер етті. Осы жағдайда екінші деңгейдегі банкілер ішкі ресурстарды тарту
бағытында өз жұмыстарын жандандырды, депозит құрылымдары кеңейтілді. Банк
жүйесіне халық сенімінің артуы одан әрі жалғасып, жеке тұлғалардыңсалымдар
74%-ға көбейді. Кредиттеудің ресурстық базаларының өсуіне байланысты
банкілердің кредиттік белсенділігі күшейді. 1999жылы экономикада кредиттер
көлемі 59,2%-ға көбейді.
4. Әлемдік тауар нарығындағы конъюнктурасының қолайлы жағдайын пайдалана
отырып, Ұлттық банк инфляцияны төменгі деңгейде ұстады, еркін өзгермелі
айырбас бағаны саясатын жүргізді, банкілерде кредит мөлшерлемелерін
төмендетуге бағдарлады, бағалы қағаздар нарығын жетілдірді. Ақша массасының
өсуі оның тек инфляциялық емес құрылымын – банк жүйесіндегі депозиттерді
көбейту есебінен болды. Ұлттық банк екінші деңгейдегі банк ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляцияның экономикалық-әлеуметтік салдарлары және антиинфляциялық саясат
Инфляция және онымен күрес
Макроэкономикалық көрсеткіштерге сипаттама (2013-2015). Инвестициялар және мемлекеттің инвестициялық саясаты. Инфляция және мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты. ҚР экономикалық өсім
Инфляцияның себептері және экономикалық-әлеуметтік салдарлары
Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты
Инфляция жайлы
Инфляцияның даму факторлары және оның әлеуметтік - экономикалық салдарлары
Инвестициялар және мемлекеттің инвестициялық саясаты
Қазақстан Республикасындағы инфляциялық жағдай
Инфляция типтері
Пәндер