НАЙМАНТАЙҰЛЫ БАЙҒОЗЫ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   
НАЙМАНТАЙҰЛЫ БАЙҒОЗЫ
Наймантайұлы Байғозы (1705-1803) - қазақ халқының елдігі мен еркіндігін
қорғау жолында жоңғар шапқыншылығына қарсы жүргізілген Ұлы Отан соғысында
ерен ерліктер жасап, исі қазаққа даңқы жайылған батырлардың бірі. Байғозы
батырдың туып өскен жері Арқаның Ортау, Қызылтау деп аталатын сілемді
тауларының арасы. Топырақ бұйырған жері Қарағанды облысының Жаңарқа және
шет аудандарының жапсырындағы Жаман Сарысу өзенінің бойы. Батырдың бейіті
тұрған жер Батыр басы деп аталады. Байғозы батырдың шыққан тегі Орта
жүздің ноқта ағасы Тарақты руынан. Шежіре дерегі бойынша 12 ата тарақтының
бір атасы Қыдыр болса, одан Қаржау , одан Есенкелді, одан Сүтемген, одан
Наймантай батыр, одан Байғозы батыр туған. Байғозы батырдың шешесі Шолпан
Кіші жүздің жеті руын билеген тархан Есет батырдың (1667-1749) туған
қарындасы. Тәуке ханның бас батырларының бірі болған Наймантай (сүйегі
Ахмет Яссауи кесенесіндегі қорымда) баласы Байғозыны жауынгерлікке өзі
баулып, әкелі – балалы батырлардың даңқы жоңғар шапқыншылығына қарсы
азаттық күресінде қатар шыққан. Халық жырларында:
Қолында қамшысы бар айбалтадай,
Батыл бол батыр болсаң Наймантайдай
Тарақты да Байғозы,
Бұ да асқан ер еді.
Ел шетіне жау кесе,
Мен барайын дер еді - деп айтылады.
Қазақ пен қалмақ жасақтарының арасында болған Бұланты, Қарасире, Талқы,
Қозымаңырақ, Қалба, Терісаққан, Аңырақай, Хантау, Қызылтау,
Ерейментау,Түркістан, Қарқаралы, Ыстық көл шайқастарының Байғозы батыр бел
ортасында болып, ерен ерліктер көрсеткен. Ол ерліктердің небір ғажайып
оқиғалары Шоқан Уәлихановтың, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Серектас тауының Қалмаққырылған аталуы
Серіктас тауындағы қазақ- жоңғар соғысына қатысқан батырлар
Қазақ қоғамындағы батырлар мен билердің рөлі
Ағыбай батыр Қоңырбайұлы
Алаштың алдаспаны
Тәтіқара ақынның шығармашылығы
Қарағанды облысының географиясы
Ахмет Яссауй – түркі тектес халықтарының көрнекті ақыны, ойшыл қайраткер
Абылай хан (1711-1781). Абылайдың азан шақырып қойған аты - Әбілмансұр
Кіші жүз ханы Әбілқайыр
Пәндер