Macromedia Flash 8 интерфейсі


Macromedia Flash 8 интерфейсі
Жоспар:
- Macromedia Flash 8 интерфейсі.
- Программаның жұмыс алаңындағы қосымша терезелер
- Бас менюге шолу
Тақырып мәтіні
Macromedia Flash 8 программасынын, жұмыс алаңы пайдаланушыға өте ыңғайлы орналасқан. Фильм құруға қолданылатын барлық саймандар мен меню командалары, түстік палитралар, фильмді монтаждауға, фильм объектісін құруға арналған фильм терезесі, объектінің құрамын беруге және әрекеттерді басқару палитрасы жылдам, әрі нәтижелі жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
1. 1-сурет. Macromedia Flash 8 программасының жұмыс терезесі.
Енді жұмыс алаңында орналасқан қосымшаларға тоқталайық. Программа терезесінің оң жақ бөлігінде тақырып қатары орналасқан (1. 2-сурет) .
1. 2-сурет. Тақырып қатары.
Ол программа аты мен ағымдағы ашылған файл атынан тұрады. Оның оң жағында стандартты терезені жинап қою, қалпына келтіру және жабу батырмалары бар.
Тақырып жолының астында программаны басқару командасы мен фильм құруға арналған меню алаңы орналасқан (1. 3-сурет) .
1. 3-сурет. Macromedia Flash 8 программасының меню алаңы.
Программа жұмыс үстелінің сол жақ шетінде саймандар тақтасы орналасқан (1, 4-сурет) . .
Ондағы батырмалар әртүрлі құралдарды таңдау арқылы, графиканы құру және түзетуге арналған. Бұл құралдар графикалық кескіндер мен әртүрлі әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді. Мысалы, сурет салу, түсін өзгерту, объектіні белгілеу, олармен жұмыс істеу және бейнелеу әдісін өзгерту.
Тышқан көрсеткішін кез келген саймандар белгісіне келтірейік. Әрбір батырманың міндетін білу үшін тышқан көрсеткішін сол батырма үстіне орналастырамыз. Аз уақыттан соң кішкене төртбұрыш ішіне оның аты жазылады. Батырманың аты оның орындайтын қызметін бейнелейді.
1. 4 - сурет. Саймандар тақтасы.
Программаның жұмыс алаңындағы қосымша терезелер
Программа жұмыс алаңының оң жақ шетінде қосымша палитралар орналасқан (1. 5-сурет) . Бұл терезенің кез келгені жабық болуы мүмкін.
1. 5-сурет. Macromedia Flash 8 программасының жұмыс алаңы.
Ол үшін жоғарыдағы оң жақ бұрыштағы батырманы басу жеткілікті және пайда болған контекстік менюден панельді жабу командасын таңдау керек. Сондай-ақ, кез келген уақытта керекті терезені экранның қалаған жеріне жылжытуға, оның өлшемін өзгертуге болады. Терезе тақтасын жаңа орынға жылжыту үшін тақтаның жоғарғы бөлігіндегі сол жақ батырманы басып тұрып, курсорды жылжытамыз. Өлшемін өзгерту үшін тышқан көрсеткішін тақтаның төменгі оң жақ бөлігіне орналастырамыз. Тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, терезені қажетті өлшемге дейін үлкейтеміз немесе кішірейтеміз.
Программаның жұмыс алаңының ортасында фильм терезесі орналасқан.
1. 6 - сурет. Программаның фильм құруға арналған уақыт шкаласы.
Оның жоғарғы бөлігінде фильм аты көрсетілген. Ал төменгі бөлігінде сахна нөмірі бар жол орналасқан.
Фильм терезесі екі бөліктен тұрады. Жоғарғы бөлігінде уақыт шкаласы (1. 6-сурет) - фильмді монтаждауға, ал төменгі бөлігінде - фильм объектісін құру және орналастыру аймағы (1. 7-сурет) бар.
1. 7-сурет. Фильм объектісін құру және орналастыру аймағы.
Ағымдағы сахнаны бейнелеу аймағының төменгі бөлігінде объектінің құрамын беру және әрекеттерді басқару терезесі орналасқан (1. 8-сурет) .
1. 8-сурет. Әрекеттерді басқару терезесі.
Бас менюге шолу
Бас меню тақырып жолының астында орналасқан (1. 9- сурет) . Ол барлық баптауға және Flash жүйесінің командалық программасына енуге мүмкіндік береді.
1. 9-сурет. Macromedia Flash 8 программасының меню алаңы.
Программаны алғаш жұмысқа қосқанда бас меню мынадай бөліктерден тұрады:
- File (Файл) - менюінде файлдармен жұмыс жасайтын командалар орналасқан. Файлдарды шақыру, ашу, жаңа файл құру, оларды сақтау, әртүрлі объектілерді басқа файлдардан шақыру, фильмдерді әртүрлі форматта алдын-ала кұру және файлды баспаға жіберуге болады.
- Edit (Өндеу, Редактировать) - жұмыс алаңында стандартты операциялар буферлік алмасумен орындалады, яғни кесіп алу, көшірмесін алу және қию. Олар тек программаның үзінділерінде ғана емес, сонымен қатар, басқару элементтерінде орналасады.
- View (Түрі, Вид) - бұл меню пунктінде экранды басқару командалары бар. Бейненің үлкеюін баптау, шақырылатын панельдерді тандау және т. б.
- Insert (Қою, Вставка) - менюі пунктінде командалар объектілерді, символдарды, проект қабаттарын қоюға мүмкіндік береді.
- Modify (Өзгерту, Изменить) - менюінде фильмдермен жұмыс істеу функциялары орналасады. Мұнда қабаттармен, кадрлармен, сахна және фильмдермен жұмыс істеуге болады.
- Text (Мәтін, Текст) - меню командалары барлық мәтіндік объектілерге баптау жүргізуге мүмкіндік жасайды. Мұнда шрифт таңдауға, өлшемін, стилін беруге, мәтінді туралауға болады.
- Control (Басқару, Управление) - мұнда фильмді қарап шығуға, кері ойнату, жеке сахналар мен кадрларды тексеруге арналған командалар жинақталған.
- Window (Терезе, Окно) - мұнда программа терезелерімен жұмыс істеу командалары орналасқан. Бұл пунктте жаңа фильм терезесін ашуға және оның пішінін баптауға, жұмыс панелін тандауға болады.
- Help (Мәлімет, Справка) - менюінен программа интерфейсі туралы ақпараттық анықтама алынады немесе оның командалары шақырылады. Интернетте орналасқан анықтамалык, ақпаратқа кіру мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, мұнда демонстрациялық және оқыту мысалдары келтірілген.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz