Өндірістік шығындардың есебін ұйымдастыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
II. Негізгі бөлім
1. Өндіру және іске асыру бойынша шығындар жоспары ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1. Шығындар есебінің жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Өндірістік шығындардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6-7
1.3. Өндірістік шығындардың есебін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7-8
2.Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.(Триумф ЖШС мысалында) ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.1.Триумф ЖШС-нің өнімінің өзіндік құнын калькуляциялаудың өндірісті басқарудағы рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9-13
2.2.Триумф ЖШС-нің калькуляциялаудың принциптері және оның объектісі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13-17
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18 -19
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 20

Кіріспе

Шығын - тауарға және жұмысқа төленетін ақша. Шығындар - тауарларға немесе қызметтерге төленуі қажет болатын, тұтынылатын ресурстар болып табылады. Осы күнге дейін экономикалық әдебиеттерде шығынның анықтамасы бойынша көзқарастардың біртұтастығы жоқ. Соған қарағанда шығын сөзінің табиғаты әр қилы ахуалға байланысты түрлі мәнге ие болатын сияқты. Басқару есебінде шығындар әр түрлі мақсаттар үшін бірнеше әдістермен жіктеледі, яғни шығын бір мағыналы ғана емес. Шығын факторы - шығындардың пайда болуына әкелетін кез-келген оқиғалар не жағдайлар, олар әр түрлі мақсатқа байланысты топтастырылады.
Бүгінгі таңда Қазақстанның нарықтық экономикаға өту жағдайында кәсіпорынның шығындары және оны азайту туралы мәселелер әкімшіл - әміршіл жүйедегіге қарағанда аса маңызды болып отыр, нарықтық экономика әр кәсіпорынның пайда табу мақсатында өзінің мүмкіндіктерін өте тиімді пайдалануына түрткі болады. Қазіргі кезде кәсіпорын қаржылық тәуелсіздікке, өнімді өткізуден түскен ақшаны тиімді бөлуге, түскен пайданы тиімді жұмсауға иелік етеді пайданы алмастан бұрын шығындардың барлық түрін және азайту жолдарын талдауы керек. Тек осындай жағдайда ғана пайда алдық деп нақты айтуға болады.
Шығындар қалыптасу сферасы мен айналымы бойынша ерекшеленеді. Өндірістік шығындар сауда, транспорт, сақтау шығындары, ал құнға қосылуы бойынша толық және бөлшек болып жіктеледі. Өндірістік шығындарды өндіріс деңгейінде өзіндік құн деп те атайды. Сондай - ақ фирманың табысқа жетуі өзіндік құнның бірнеше себептер бойынша қалыптасуына байланысты.
Өнімді өткізу және өндірістік шығындар сату бағасын, бәсекелестік бағаны анықтаудағы басты элемент болып табылады.
Өзіндік құн туралы ақпараттар өндірісті және шығындарды басқару мен болжау кезінде пайда болады.
Өзіндік құн есепті кезеңнің аяғында материалды есептеулар жүргізгенте сальдоны анықтауда қажет болады. Өзіндік құн өндірістік шығындардың қосындысын және өнімді өткізуді білдіреді.
Өндірісті тиімді басқару үшін басшыларға шыққан шығын жайлы ақпарат керек.
Шығындарды есептеу жүйесін тиімді құру дегеніміз - шешімдердің типтес топтарын айқындау және оларға сәйкес келетін шығындарды есептеу обьектілерін таңдау.Өндірістік шығындарды әр түрлі негіздер бойынша классификациялауға болады. Кейбір шығындарды өнімнің белгілі бір түріне жатқызса, кейбіреуін білгілі бір өнімге жатқызу мүмкін емес.

Өндіру және іске асыру бойынша шығындар жоспары

1.1. Шығындар есебінің жалпы сипаттамасы.
Шешім қабылдау үшін ақпарат жинау кезінде есепші шығындардың кей түрі шешімнің бір типіне керек болса, екінші типі үшін маңызы жоұ екенін ескеруі тиіс. Өндірістік шығындарды тексеру мақсатына қарай әр түрлі белгілері бойынша классификациялауға болады.
Құрамы бойынша:
Нақтылай.
Жоспарлы немесе болжамды.
Өндірістің көлеміне байланысты:
Ауыспалы.
Тұрақты,т.б.
Орташаландыру дәрежесі бойынша:
Жалпы.
Орташа.
Басқару тәсілдері бойынша:
Өндірістік.
Коммерциялық.
Әкімшілік.
Өзіндік құнға кіргізу әдісі бойынша:
Тікелей.
Жанама.
Шығындар ұғымына өндіріс шығындарының пайда болуымен байланысты активтердің азаюы ( материалдар, ақшалай қаражаттар ) немесе міндеттемелердің артуы ( кретиторлық қарыз ) енеді. Шығындар мен шығыстар ұғымдарын толығымен ұқсас деуге болмайды. Қаржы саласындағы стандарттары бойынша Шығыстар - есепті кезеңде активтерді пайдалану немесе есептен шығару жағдайында табыстың азаюы, сондай-ақ капиталдың кемуіне әкелетін және соған сәйкес қосымша міндеттемелердің пайда болуы.
Шығындардың мәнін жеткілікті түсіну үшін , оны үш жақты қарастыру керек.
Біріншіден, шығындар ресурстардыпайдаланумен анықталады.
Екіншіден, шығындар ақшалай өлшеммен көрсетіледі, сөйтіп пайдаланылған ресурстардың санын көрсетеді.
Үшіншіден, шығындар кез-келген бөлімшенің қызметі, өнімді өндіру, түрлі қызметтердің іске асырылу жайын (мақсатын) салыстырады. Осыдан келіп, шығындар өзіндік құнға қарағанда бір мезгілде белгілі мақсаттарға ақшалай (кейде натуралды не материалды емес) көріністе ресурстарды пайдалану деңгейін көрсетеді. Шығындарды есепте көрсету соңғы өнім болып табылмайды, ол мақсатқа жету құралы ретінде көрінеді. Икемді шығындар әр түрлі өндіріс көлемінде өздерін түрліше алып жүреді, ал жекелеген тұрғыдан қарасақ, шығын - пропорционалды, прогрессивті немесе дегрессивті түрде көрінеді. Шығынның мұндай әрекетін көре тұра шетелдік әдебиеттерде, теориялық еңбектерде шығынның әрекеті (қылығы) деген термин өте жиі қолданылады. Қазақстандық тәжірибеде шығындар динамикасы (қарқыны) туралы айту қабылданғанмен, шығынның әрекеті (қылығы) термині тек қарқынды ғана емес, сондай-ақ осы немесе басқа шығыстардың мүмкін болатын тұрақты, қалыпты жағдайын көрсететін өте ауқымды ұғым болып табылады. Шешім қабылдау үшін іскерлік белсенділік пен өндірістік қызметтің деңгейлеріне тәуелді шығындардың әрекеті (қылығы) қалай өзгеретінін көрсету өте маңызды роль атқарады.
Сондықтан шығынға қарап бюджетті жоспарлағанда келесідей мәселелер туады:
Келесі жылға өндірістік қызметтің қандай түрін жоспарлау керек?
Сатылатын тауарлардың көлемінің өсуіне байланысты сату бағасын азайту керек пе?
Өнімді сатумен айналысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу қандай нысанда болуы керек: комиссиондық сыйақы, жалақы немесе олардың комбинациялары?
Өнім шығарудың мөлшерін арттыру үшін қосымша құрал-жабдықтар сатып алу керек пе?
Мұндай құбылыстарды (обьектілерді) ұғыну үшін осы немесе басқа белгілері бойынша шығындарды топтастыру жүргізіледі. Объектілерді жіктеу (классификациялау) белгілері көп болған сайын оның зерттелу деңгейі де жоғары болады. Бұл өз кезегінде объектінің басқарушылық деңгейін арттырады.
Есептік ақпараттарды жіктеу схемасының көптігіне байланысты эталон ретінде олардың қандай да бір түрін бөліп алу қиындық туғызады, өйткені классификациялау схемасы ақпараттың арналымына (мақсатына) тәуелді. Сондықтан шығындар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды ғылыми негізде жіктеудің үлкен мағыналық мәні бар.(1-кесте)
Топтастырылатын белгілеріне байланысты жасалатын шығындар жіктемесі ( классификациясы ).
1.кесте.

Жіктеу белгілері
Шығын түрлері
1
Мазмұны (айналымы) бойынша
Негізгі және үстеме
2
Өнімнің өзіндік құнына енгізу (қосылу) әдісі бойынша
Тікелей және жанама
3
Өндіріс көлемінің өзгерісіне қатысы бойынша
Айнымалы және тұрақты

Осылардан басқа бақылау және реттеу функцияларын жүзеге асыру үшін басқарушы есебінде реттелетін және реттелмейтін шығындар тобы да ажыратылып көрсетіледі.

1.2.Өндірістік шығындардың жіктелуі.

Шығындар жіктемесі басқару мәселелерін шешуші құрал ретінде шешімді қабылдайтын және оның зардаптарын анықтайтын процеске қатысады. Дұрыс шешім қабылдау үшін оның қандай шығындар мен олжаға жетелейтінін білу қажет.
Шығындарды жіктеудің мақсаты - жалпы массадан тек релевантты шығындарды бөліп көрсету (оның өзгеруіне ықпал етуге болатын бөлігіне қатысты), ал релевантты шығындар деп - тек шешімді қабылдау барысында ғана өзгеретін болашақ шығындарды есептеуді айтады. Сондықтан, жіктеу әдістері немесе бағыттары басшының алдында тұрған нақты мәселелерге тәуелді болып келеді.
Бірінші бағыт - жай өндірістік есеп, оның негізгі міндеті: өнімді сатудан күтілетін табыс (қызметтерден, тасымалдаудан, сатудан) және өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын анықтау үшін жұмсалған шығындар (тікелей және жанама) туралы есептік мәліметтерді алу;
Екінші бағыт - өзіндік құн туралы есеп берулер мен нақты шығындар туралы алынған ақпараттарды жүйелеп, өндірістік шығындар деңгейімен айналысатын (цехтардың, өндірістердің, шектеулі серіктестіктердің) басшыларды керекті ақпараттармен қамтамасыз ету;
Үшінші бағыт - шығу орындары бойынша шығындарды бақылау мен реттеу мақсатында шығындар және жауапкершілік орталықтары бойынша есепті ұйымдастыру.
2. кесте.Мақсаттарға сай жасалынған шығындардың жіктемесі.

Міндеттері
Шығындардың жіктелуі
Өндірілген өнімнің өзіндік құнын есептеу, қорлардың құнын және алынған табыстарды бағалау
Кіретін және шығатын; тікелей және жанама; өзіндік құнға кіретін (өндірістік) және есептік кезең шығындары; бір элементтік және кешенді; ағымдағы және бір жолғы.
Шешім қабылдау және жоспарлау
Тұрақты (шартты тұрақты) және айнымалы; бағалау кезінде есепке алынатын және алынбайтын; қайтарымы жоқ шығындар; ескерілмеген ситуациялық шығындар; шекті және өсімді; жоспарлы және жоспарланбаған
Бақылау және реттеу
Реттелетін және реттелмейтін

Қарастырылып отырған жіктемемен сәйкес есепті жүргізу - отандық өндірістік шығындар есебіндегі жаңа құбылыс. Нарықтық қатынастарды жоспарлауда, нормалауда және жалпы өндірісті басқару жүйесінде басқарушы есебінің (оның ішінде өндірістік есепте) ролі күшейіп отыр.
Баптар бойынша шығындарды топтау Негізгі өндіріс шотында аяқталған көрініс бойынша бейнеленеді, бірақ осы мәліметтер бойынша шаруашылық серіктестіктердегі әрбір өнім (қызмет пен жұмыс) түрлерінің өтеуі жөнінде, оларда қабылданған шешімнің тиімділігі және қабылданатын шешімнің табыс пен шығыс деңгейіне әсері туралы қорытынды жасауға болмайды. Көп жағдайда осы мәселелерді шешу - қолданылған шығындарды топтастырумен анықталады. Басқару мақсаттарын қанағаттандыратын шығындардың жіктемесі, өндірістік шығындар туралы ақпараттарды талдау және өңдеу әдістері - өндірістік қызметте есепті ұйымдастырудың басты қағидасы болып табылады.

1.3. Өндірістік шығындардың есебін ұйымдастыру.

Өндірістік шығындар есебінің жалпы сызбасында өндірістік шығындар туралы ақпараттардың қозғалысы көрсетілген.
3.кесте.
Материалдар шоты.
Негізгі өндіріс шоты.
Сатылған өнімнің өзіндік құнының шоттары. 801,802,803.
Қалдық.
Өндірістегі тұтыну.
Қалдық. Баптар (статьялар) бойынша өндіріс шығындары.
Шығарылған өнімді өзіндік құны бойынша бағалау.
Нақты өзіндік құны бойынша шығарылған өнім (тауар).
Нормативтік (жоспарлы) өзіндік құны бойынша шығарылған өнім (тауар). Нақты өзіндік құнның нормативтен ауытқуы.
Еңбекақыны төлеу бойынша есеп айыру шоты.
Көмекші өндіріс шоты.
Қалдық.
Есептелген жалақы.
Қалдық.
Баптар бойынша өндірістік шығындар.
Өзіндік құны бойынша негізгі өндіріс жұмыстары (көрсетілетін қызметтер).
4.кесте.

5.кесте.
Зейнетақы қоры.
Сақтандыру бойынша есеп айырысу шоттары.
Үстеме шығын шоттары: 930, 904, 924,т.б.
Касса, Есеп айырысу шоттары және т.б. ақшалай қаражат шоттары.
Қалдықтар:
Еңбекақыдан жасалған аударылымдар (төлемдер).
Негізгі құралдарға есептелген амортизация.
Баптар (статьялар) бойынша ағымдағы (кезең) шығындары.
Шығындарды бөлу (тарату).
Өндіріске жұмсалған ақшалай қаражаттар.

Шығындарды жіктеудің белгілері туралы қызу пікірталастың арқасында шығындарды анықтаумен қатар, онық болашақтағы тенденциялары да анықталды. Осыдан келіп, есеп тәжірибесінде Шаруашылық Серіктестіктерінің шығындарын тиімді басқаруға жаңа тәсірдерді тағайындау мен пайдалану мәселелері отандық және шетелдік экономикалық әдебиеттерде кеңінен талқыланып жатыр. Шығындар есебінің жалпы қабылданған мәнін анықтау - белгілі бір уақыт кезеңінде шығындар есебінің сандық өлшемін (натуралды және құндық көрсеткіштер) арқылы жабдықтау, өндіру, олардың еңбегінің өнімін сату, дайын өнімдердің өзіндік құндарын қалыптастыру, тіркеу, топтастыру және жіктеп (кескінінде) талдау бойынша Шаруашылық Серіктестігіндегі өтіп жатқан процестерді көрсетуге бағытталған саналы іс - әрекеттердің жиынтығы . Мұндай көрініс ЖШС басқаруға қажет толық ақпаратты алуды және қаржылық нәтижелерді шығару арқылы қызметін бағалауды қамтамасыз етеді. Бірақ дамыған өндірістік есеп теориясы мен басқару және бастапқы даму жағдайында мұндай тәсілдің пайдалану бағыттары бойынша шектелген. Біздің пікіріміз бойынша, техникалық жағынан бәрі өндіріс шығындарының есептік мәнін анықтау өндірістік қызметтің басқарушы есебін ұйымдастыруға немесе өндіріс шығындарын есе трансформациялау әдістерінің түрлі бағыттарын қамтуы керек. Сайып келгенде, шығындар есебінің мазмұнын анықтау, ұйымдастыру моделдерінің нақты алғышартын жасайды. Басқару процесіне кері ақпараттық ағын ретінде есеп тек шындықты (нақтылықты) ғана көрсетіп қоймай, болашақта экономиканы моделдеу үшін ақпаратты дайындайды, демек мұндай есептеу жүйесі өзіндік құнды басқарудың жоғарыда аталған негізгі мәселелеріне сәйкес келеді.

2.Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.(Триумф ЖШС мысалында)

2.1.Триумф ЖШС-нің өнімінің өзіндік құнын калькуляциялаудың өндірісті басқарудағы рөлі

Калькуляцияның мәнін сипаттауда біз оның негізгі айналымын атап өтсек - табыс алуға басшының бағдарламасын дайындау мен жетілдіру және де қолданыстағы калькуляциялау процесін барынша мақсатына бағыттау мен оны сынақтан өткізу болып табылады.
Қазіргі кезде келькуляциялаудың (немесе калькуляциялық процестің) негізі Шаруашылық Серіктестігінде немесе жауапкершілік орталықтарында қабылданған жоспарлардың орындалуын бақылауда жатыр. Ол өзіндік құн бойынша жоспарлы тапсырмалардан ауытқулардың себептерін талдау үшін қажет. Нақты калькуляциялаудың мәліметтері негізінен өзіндік құнді келесі кезектегі жоспарлау үшін: жаңа техниканы енгізудің экономикалық тиімділігін негіздеу, қазіргі кездегі технологиялық процестерді талдау, өнімнің сапасын арттырудың шараларын жүргізу, кәсіпорынның реконструкциясын және құрылыс жобасын тексеруде қолданылады. Калькуляциялау нәтижесі бойынша жөндеу жұмыстарын дербес жүргізу немесе басқа да ұйымдардың қызметтерін пайдалану тұрады деп шешім қабылдауға болады.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен шығындар есебінің техникасы мен әдістемесінің барлық айырмашылықтарына қарамастан, жалпы алғанда, олар экономикалық тұрғыдан шығындар-өндіру-табыстар қағидасын жүйелі түрде жүзеге асыруға негізделген. Бұл процес өзіндік құнды басқару мәселелерін шешуге, яғни өндірістің тиімділігін анықтауға, ресурстардың барлық түрлерінің қолданылуын бақылауға, оларды үнемдеу резервтерін іздестіруге бағытталған.
ЖШС өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау процесі негізінен келесі кезеңдерден тұрады:
Калькуляциялау мен шығындар есебінің объектілері бойынша калькуляциялық баптар шеңберінде бастапқы шығындарды жинау, топтастыру және талдап тексеру.
Ақаудың түпкілікті өзіндік құнын анықтау;
Жанама өнім мен өндіріс қалдықтарын бағалау;
Аяқталмаған өндірісті бағалау;
Дайын өнім мен аяқталмаған өндіріс шығындарының арасын айыру;
өнім бірлігінің өзіндік құнын есептеу.
Шаруашылық субъектілерінде калькуляциялау процесі өнімді сату мен өндіріс шығындарының есебін және жоспарлаудың жалпы әдістемесін жасау үшін ұйымдастырылады. Ол өнімнің өзіндік құнын есептеудің әдістемелі біртұтастығын қамтамасыз ететін жалпы қағидаларды сақтауды және калькуляциялаудың мәліметтерін талдау үшін бар мүмкіндіктерді пайдалануды, сондай-ақ кәсіпорынның да және оның жекелеген ішкі өндірістік буындарының да жұмыстарын да бағалауды талап етеді.
Ондай қағидалар болып мыналар саналады:
Ғылыми негізделген өндіріс шығындарының жіктемесі;
шығындар есебінің объектісін калькуляциялау және калькуляциялық бірлестіктерін белгілеу;
Жанама шығындарды тарату әдістерін таңдау;
Кезеңдер бойынша шығындарды айыру;
Өзіндік құнның калькуляциялық бірлігін есептеудің әдістерін таңдау.
Бұл қағидалар жекелеген кәсіпорындарда өндірістің ерекшелігі мен саланың спецификасын (өзгешелігін) ескере отырып айқындалады.
ЖШС-де болатын калькуляциялау процесінің негізгі міндеттері:
жекелеген өнім (жұмыс, қызмет) түрлерінің бірліктерінің нақты өзіндік құнын анық есептеу;
шығындар нормативтері мен әрекет етуші нормаларды сақтау және өзіндік құнның деңгейіне бақылау жасау;
өнімдердің рентабельділігін және оның деңгейіне әсер ететін факторларды анықтау;
шығындарды алынған нәтижемен салыстыру жолымен, кәсіпорынның да, жекелеген ішкі өндірістік құрылымның да (өндіріс, цех, бөлімше, бригадалар ) жұмыс тиімділігін бағалау;
өнімнің өзіндік құнын төмендететін резервтерді анықтау және пайдалану.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен өндірістік шығындар есебінің әдістері деп өнімнің калькуляциялық бірлігін есептеу үшін қолданылатын әдістер жүйесін айтады.
Шығындар есебі әдістерінің жіктелуі:
Өндірістік процеске қатысуы бойынша:
тапсырыстық;
процестік (бөліністік);
жай (бір-екі сатылы жай, көпсатылы жай);
Баптары бойынша;
кешенді.
Калькуляциялау объектілері бойынша:
өнім (бұйым, тауар, қызмет, жұмыс);
процесс;
бөлініс;
тапсырыс.
Шығындарды бақылау жеделдігі бойынша:
нақты;
нормативті;
жоспары (болжамды).
Экономикалық әдебиеттерде, Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың толық әдісі термині туралы көптеген пікірлер бар.
Сонымен бірге шын мәнінде, калькуляциялаудың нақты әдісі деген де ұғым жоқ, ол типтік әдіске жатпайды. Ал типтік әдіс үшеу- тапсырыстық, процестік, нормативтік. Толық сөзі тек шығындарды сіңіруді (тарату) білдіреді, бірақ ол да калькуляциялау әдісі емес. Калькуляциялаудың кез-келген әдісі не нақты, не жоспарлы, немесе екеуі де бір мезгілде болып келеді,бірақ осы будандастырылған әдіс басшының ұсынысымен ғана жасалынады. Сондықтан, толық деген сөз бар болғаны қағида ғана, яғни ол өзіндік құнның толық есебі, шығындарды ұтымды басқару үшін және ақпараттық деңгейін көтеру үшін жасалынатын қызмет. Сөйтіп келгенде, калькуляциялау трансферттік бағаны жасаудың негізі болып табылады. Трансферттік бағаны қалыптастыру мәселесінің айрықша өзекті екені баршаға белгілі, ол тек ЖШС бөлімшесінің өз бетімен сыртқы ортаға шығу құқығы бар болса ғана іске асады. Бұл жағдайда дұрыс трансферттік бағаны қалыптастыру ұйымның жалпы қаржылық жағдайына тәуелді болып келеді. Егер де өнім ЖШС ішінде толығымен өз қажетіне жұмсалса, онда трансферттік баға ЖШС ішкі бөлімшелерінің арасындағы шаруашылық байланыстарын қамтамасыз ету үшін қажетті есептік баға категориясы болып табылады, демек бұл кезде ол ұйымның түпкі нәтижелеріне әсер етпейді.
Өнімнің (жұмыстың, қызметтің)өзіндік құнын калкуляциялауды шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде жалпы шығарылған барлық өнімнің өзіндік құны есептелінеді, екіншісінде - әрбір өнім бойынша нақты өзіндік құны (немесе шығындарды тарату) , үшіншіде - өнім (орындалған жұмыс не көрсетілген қызметтің) бірлігінің өзіндік құны. Осыдан өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау,- деді Ф.П.Васин - ол жалпы шаруашылық субьектісі бойынша да , өнымның түрлері мен оның бірліктері бойынша да өндіріспен және оны сатуға байланысты шығындарды есептеп шығару деп түсінджіреді.
Шын мәнінде калькуляциялау процесі күрделі болып табылады шығындардың есеп процесімен алмасады. Осыдан келіп, шығындар есебі мен өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын калькуляциялау әдісінің бөлінбейтіндігін және ажыратылмайтындығын айтуға болады. Бірінші кезекте негізгі өндірістің шығындары таратылады, содан соң көмекші өндірістің өнімдері калькуляцияланады. Бұл кезеңде калькуляциялау қиындай түседі, өйткені өзара көрсеткен қызметтерді ескере отырып есептеу қажет.
Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау негізгі өндірісте де алмасуы мүмкін. Мысалы қайта өңдеу (попередельный) әдісі жағдайында алдымен бірінші бөліністе (өңделеді) жартылай фабрикаттардың өзіндік құны калькуляцияланады, сосын бұл екінші бөліністің шығындарына жатқызылып, біріншісінің есебі шығарылады және осыдан кейін екінші бөліністе жартылай фабрикаттардың өзіндік құны калькуляциялануы мүмкін.
Сайып келгенде, калькуляция шығындарды топтастыру мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістік есеп және оның кәсіпорынды басқарудағы ролі
Нарықтық экономика жағдайындағы өндіріс шығындарының есебін ұйымдастыруды жетілдіру
Өндіріс шығындары есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері
Үстеме шығындардың есебі
Тауарлы балықтарды өсіру
Өнім мен көрсетілетін жалпы шығарылым
Шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калкуляциялау
Өндірістік шығындар есебі және операциялық аудитті ұйымдастыру
Өндірістік шығындардың жіктемесі
ЖШС «Камаш-Строй» құрылыстағы өндіріс шығындарын есепке алудың әдістері мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
Пәндер