Ағылшын тілі сабақтарында көрнекіліктерді пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын дамыту


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Филология факультеті

Шет тілдер кафедрасы

Жабай Бибігүл Кенжебекқызы

Ағылшын тілі сабақтарында көрнекіліктерді пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын дамыту

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі»

Қостанай 2017

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ3

1. АҒЫЛШЫН САБАҒЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ1. 1 Бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктері6

1. 2 Ағылшын сабағын пәнін оқытуда көрнекіліктерді пайдалану ұйымдастырудың мазмұны14

1. 3 Ағылшын сабағын пәнін оқытуда ойын түрлерін ұйымдастырудың жолдары19

2. АҒЫЛШЫН САБАҒЫНДА КӨРНЕКІЛІКТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

2. 1. Ағылшын тілі сабағында қолданылатын көрнекіліктерді тиімді пайдалану30

2. 2. Ойындар пайдаланып танымдық қызығушылығын дамыту38

ҚОРЫТЫНДЫ59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР61

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі: Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы әлемдік бірлестікке кірген заманда білімнің рөлі мен маңызы артты. Осыған орай білімнің алғышарттарын анықтайтын «Қазақстан Республикасының білім жүйесінің даму концепциясы»атты құжатының мәні ерекше. Мәдениеті жоғары ХХІ- ғасыр адамын қалыптастыру міндеті мен білім беру ісін ірілендіру жақсарту қажеттігі мектеп пен қоғам алдында жаңа маңызды мәселелерді қойып отыр. Ағылшын тілі -ХХІ ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Оған біз алдағы өтіп кеткен ЕҚҰБ (ОБСЕ) Саммитіне төрағалық еткен кезіміз осының бір дәлелі бола алады. Еліміздің шет елдермен қарым-қатынасымыз күшейіп отырған қазіргі кезде оқушылардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру әрбір шетел тілі мұғалімінің міндеті. Демек, балалардың шет тілін білуі - уақыт талабы. Шетел тілі қазіргі кезде заман талабына сай көптеген мектептерде 1 сыныптан бастап жүргізілуде. Бұл оқушы бойынде ерте кезеңнен бастап ұлтаралық, мәдениетаралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына тікелей ықпал етеді. Шетел тілін бастауыш мектептен бастап оқытудың артықшылығы әрбір баланың психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, содан соң негізгі мектепте білімін берік нығайтуын, білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретіндігінде. Білім сапасын арттыру, бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Осы мәселені шешу - білім беру мазмұнын жаңашаландыру, оқу үрдісін ұйымдастыру технологиясы мен әдістерін жетілдіру. Сондай-ақ, білім беру мақсаты мен нәтижесіне ерекше мән берумен тығыз байланысты.

Оқушының ой-өрісін кеңейтіп, қабілеттерін ерекшелеуде, білімдерін нығайтуда сабақтағы ойындардың атқарар рөлі өте зор. Бұл ойындар қазіргі теледидарда беріліп жүрген ойындармен сәйкестендіріліп жасалынған. Оқушылардың шетел тілін оқып үйренуге деген қызығушылығы мен танымдық белсенділігін арттыруда, алған білімдерін шығармашылықпен қолдана білуде, қабілеттерін дамытуда ойынның мәні зор.
Шет тілі сабағындағы ойын дегеніміз - тынысы кең алысқа меңзейтін, ойдан- ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі. Сабақта ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін, танымдық белсенділігін арттырады. Теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады. Алайда, ойынды үнемі оқу процесіне пайдалануға, ұзақ уақыт созуға болмайды. Ойын белгілі бір уақытта жүзеге асырылып, сабаққа нұқсан келтірмейтіндей жымдасып жатуы тиіс.
Ойын адамның айналадағы жағдайды тануының қарапайым да оңай әдісі бола отырып, осы және басқа да білімді, өнерді иемденудің табиғи да мүмкін жолы болуы қажет. Оқыту және тәрбие просеціндегі бұл оңтайлы құрылысқа, ұйымға деген қажеттілік оны мұқият және егжейлі-тегжейлі зерделеуді талап етеді.

Бастауыш сынып оқушыларына тілге үйрету барысында көбінесе көрнекіліктерді қолдану - басты құрал болып табылады. Оның нәтиже беруі дұрыс ұйымдастырылуы мен ұсынылуында. Жалпы тілді уйретуде қызықты идеялар өте көп, соның бірі төменгі сынып оқушыларына көрнекілік құралдарды жиі пайдалану. Сурет арқылы балалардың сабаққа деген қызығушылықтары пайда болады және есте сақтау қабілеттері артады.

Жалпы сабақ барысында көрнекіліктерді қолдануды көптеген ғалымдар зерттеп келеді. Көрнекілік ұғымын чех педагогі Я. А. Коменский ғылымға енгізген болатын. Одан кейінгі педагогтар швейцар И. Г. Песталоцки, шетел А. Дистерверг, орыс педагогі К. Д. Ушинский көрнекілікті дидактика мен әдістеме жүйесіне лайықтап қалыптасырды. Көрнекіліктің үлгілерін пайдалануға Ы. Алтынсарин зор көңіл бөліп, “Қазақ жастары ғылым-өнерді кітап сөзі деп қана қарамай, заттай көзімен көріп, ажырата білуін” мақсат етіп қойды.

Тіл дамыту барысында көрнекіліктерді қолдануды Р. Б. Сариева, А. К. Жақсылықова шетел ел сабағын интерактивті тақтада өтудің маңызы зор екенін айтты. Ә. Н. Жансеркеева, И. А. Құттыбаева көрнекі құралдарды қолданудың теориялық ерекшеліктерін қарастырды. Бұл оқушылардың сабаққа деген ынта жігерін және қызығушылығын арттырады.

Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сыныптарында ағылшын сабағында көрнекіліктерді пайдалану арқылы танымдық қызығушылығын дамыту. Оқу үрдісін ынталандыру мен сенімділікті арттыру құралы ғана емес, сонымен қатар психологиялық қолайлықтың және оқушылардың ой әлсіздігін басудың қажетті аспектісі ретінде қарастыру.

Зерттеу нысаны: Көрнекіліктерді пайдалану арқылы танымдық қызығушылығын дамыту және тигізетін әсері.

Зерттеу пәні: Бастауыш сыныптарда ағылшын сабағында көрнекіліктерді пайдалану арқылы танымдық қызығушылығын дамыту элементтерінің рөлі.

Зерттеу міндеттері.

- мектептегі ағылшын сабағында көрнекіліктерді пайдалану қолданудың қазіргі жағдайын анықтау;

- көрнекіліктерді пайдаланын оларды ойындарға кіргізіп оқушылардың ой-өрісін дамытудың теориялық негізін анықтау;

- ағылшын сабағында көрнекіліктерді пайдалану әдістемесін жасау, оның тиімділігін тәжірибелік эксперимент арқылы тексеру.

Зерттеудің әдістемелік негізі: Мектептегі шетел тілі сабағында көрнекіліктерді пайдалану мазмұнды ойындарды қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту теориялық-әдістемелік тұрғыда негізделсе және оқушылардың ой-өрісі артып, оқу сапасы артады, өйткені бұл жағдайда, оқушылардың шетел тілін оқуға деген қызығушылығы мен ынтасы күшейе түседі.

Зерттеудің әдістері: Дипломдық жұмыстың тақырыбына байланысты психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді тақырып бойынша теориялық талдау жасау, материалдар мен бейнетаспалар жинақтау, педагогикалық эксперимент, бақылау жүргізу, тескеру жұмысын ұйымдастыру және нәтижесіне баға беру, қорыту.

Ғылыми жаңашылдығы: Көрнекіліктерді пайдалану арқылы балалардың белсенділігін арттыру, білім сапасын көтеру және көрнекіліктерді пайдалана отырып ойындарға ендіріп тәрбиелік мақсатын анықтау.

Теориялық маңыздылығы: шетел тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері, оқушылардың физиологиялық, психологиялық ерекшеліктері, шетел тілін оқытуда оқушыларға қарым-қатынастық біліктілігін қалыптастыру, дамыту керектігін және сабақты қызықты өткізудегі факторлар, әдіс-тәсілдерді қолдану керектігін қарастырады.
Практикалық маңыздылығы шетел тілін оқытуда көрнекіліктерді пайдалану ұйымдастырудың жолдары, шетел тілінде оқытуда ойын элементтерін пайдаланудың тиімділігін қарастырады.

Зерттеудің құрылымы: Дипломдық жұмыс мақсатқа сай кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады.

1. АҒЫЛШЫН САБАҒЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасының негізгі мақсаты - білім-беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның талаптарына сәйкес білімді, кәсіби біліктілігі жоғары тұлғаны тәрбиелеп, оларды бәсекеге қабілетті білім негіздерімен қаруландыру және қазіргі жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жек тұлғаны қалыптастыру. Бұл- жаңа кезеңде адамдарды өмір сүруге баулу үшін бұрынғыдан да мол деңгейде білім беру деген сөз. Бүгінгі кезеңде бізге, елімізге дені сау, рухы таза, ойлары биік адамдар, қажет-ақ. Елбасымыз Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан халқына жолдауында кез - келген орта санатты мектептің балаларының ең жоғарғы деңгейдегі шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз керек делінген. Жалпы орта білім беретін мектептерде қазіргі таңда шет тілін меңгертуге аса мән беріліп отыр. Қазақстан Республикасындағы ең бірінші кезекте тұрған тіл саясаты туралы басты мәселе мемлекеттік тілді еркін меңгерту, шет тілін меңгертудегі басты мақсат - білім алушылардың сапасын халықаралық стандартқа сай көтеру[1] . Бұл үшін жетілдірілген әдіс шетел ғалымдарының іс-тәжірибелерімен танысу қажет екендігі ешбір дау туғызбайтыны белгілі. “Білім беру реформасы табысының басты өлшемі - тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз” деп атап көрсетті.

Қазіргі кезде бүкіл әлемдік қоғамда болып жатқан өзгерістер адам өмір сүріп жатқан ортадағы барлық саланы, соның ішінде, білім беру саласын қамтып отыр. Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып жан-жақты терең білім маман даярлауға бүкіл әлемдегі өркениетті дамыған елдерге басты көңіл бөліп отырғаны да сондықтан. Білімді азамат тәрбиелеудің жауапкершілігінің қаншалықты күрделі екендігін түйсінген білім саласының мамандары үнемі оқытудың тиімділігін артыру мақсатында іздену үстінде. Түрлі зерттеулер нәтижесінде шетел тілін оқытудың технологиялары пайда болып, күнделікті өмірге еніп жатыр, өйткені тиімді технологияларсыз білімді нәтижелі беру мүмкін емес.

Шетел тілін оқытудың сапасын көтеру үшін ағылшын тіліне оқытуды бастауыш сыныптардан бастаған жөн. Бастауыш сыныптардан бастап оқытудың нәтижесі осы кезеңдегі балалардың жас ерекшеліктерін пайдалану болып табылады. Шетел тілін оқыту арқылы мұғалім баланы жан-жақты тұрғыдан дамытуға тырысуы керек.

Мұғалімнің мақсаты- қоғамдық жұмысқа белсенділігі мол, өз бетімен жұмыс жасай алатын, іскер жанды тәрбиелеу. Сондықтан шетел тілін бастауыш сыныптардан оқыту белсенділік жетілдіру, тәрбиелеу, тәжірибелік мақсаттарын көздейді. Оқыту процесінің барлық жиынтықтарының ең бастысы- тәжірибелік мақсатқа жету[1] .

Тәрбиелік мақсаттар- балалардың ағылшын тілін оқуға деген қызығушылығын арттыруды, оқу дағдыларын дамытуды көздейді.
Жетілдіру мақсаттары- ағылшын тілін оқыту барысында балалар өздерінің ой-өрісін, сезімдерін, зейінін, қиялын, ерік-жігерін, есте сақтау қабілетін, сөйлеу қабілеттерін дамытады, сонымен қатар оқушылар ағылшын тілін зерттей отыра, өздерінің ана тілінің құбылыстарын да терең түсінеді. Балалар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, басқа оқушылардың жұмысын қадағалауға үйренеді.

Оқу-ағарту немесе тәжірибелік мақсаттар- оқушыларды белгілі бір тақырыпқа ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауды көздейді. Бұл тақырыптар бағдарламаға сай болуы керек.

Шетел тілін оқыту мақсаттары мен міндеттері. Оқытудың мақсаты оқу бағдарламасымен айқындалады. Оқу бағдарламасында пән атаулары мен тақырыптары, сағат саны белгіленеді, бұл оқытудың негізгі құжаты болып табылады. Оқытудың тәрбиелік мақсаттары. Оқушылардың көпшілігі ағылшын тілін оқуға үлкен қызығушылықпен кіріседі. Олар ағылшын тілінде қалай сөйлейтінін естігісі және сөйлегісі келеді. Бастапқы кезеңде аз сөздерді ғана айтса да, соған қуанады. Олар амандасып, қоштасып үйренеді, заттардың атауларын білгісі келеді. Мұғалім осы кезде олардың тілін тыңдап, қолдап, дамытып отыруы қажет. Қарым-қатынас екі жақты болуы керек, ол тыңдай білуге, сұрай білуге үйретеді. Мәдениетті сөйлей білуге шет тілі арқылы қол жеткізуге болады. Шет тілінде оқуды үйрету оқу мәдениетін көтеруге көмектеседі. Оқу арқылы интелектуалды еңбекті де дамытуға болады. Балаларды оқи білуге, ақыл -ой еңбегінің тәсілдеріне үйрету керек, ол жазбаша және ауызша жаттығулар жасау үшін қажет.
Шетел тілін оқытуда оқушылардың физиологиялық, психологиялық қызмет көздерінің мол екені мәлім.

Оқушылардың:
- тез қабылдауы;

- еліктеуге бейімділігі;

- ойлау, ауызша сөйлеу іскерліктерінің дамуы;

- танымдық іс әрекеттерінің басымдылығы;

- есте сақтауы;

- қызығушылық қасиетінің молдығымен әр түрлілігі;

- жан-жақты тәрбиелеуге бейімділігі;

- сезімтал болуы;
- іс-әрекетті ойын түріндегі тез қабылдауы.

Шетел тілін оқытудың басты мақсаты оқушылардың бойында қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру және қарым-қатынасты дамыту. Осы басты мақсатқа жету барысында оқушылардың бойында бағдарлама талаптарына сай төмендегі іскерліктерін қалыптастырып, дамытуымыз қажет:

• тыңдап түсінуді;
• сөйлеуді (Монолог және диолог түрінде) ;
• оқуды;
• жазу.

Шет тілін оқыту сатысында ауызша сөзді дамыту одан арғы ауызша базаның дамуына әсерін тигізеді. Ауызша сөз басқа да іскерліктердің дамуына негіз болып табылады.

Шет тілін оқытуда мотивацияның рөлі зор. Оқушының тілге деген қызығушылығын дамыту негізгі шарт. Қызығушылық тұлғаның белгілі бір әрекетке, затқа эмоционалды қатынасы болғандықтан, зейін машықтанады, ойлау терең болып, тілдік материал ойда ұзақ уакыт сақталады. Оқу процесінің қызықты, тартымды болуы, эмоционалды реакциялардың көп болуы, ағылшын тіліне деген қызығушылықты арттырады[2] . Т. А. Дегтерова өз мақаласында сабақты қызық және тартымды етіп өткізуге төмендегідей факторлар әсер ететінін көрсетті:

• мазмұнды, машықтану формаларының әр түрлілігі;
• оқушы мен оқытушы байланысының белсенділігі;
• оқытушы тұлғасы.

Шет тілі оқытушысы оқушылардың мотивациясын арттыру үшін тиімді де, уақытты үнемдейтін әдіс тәсілдерді пайдалануы қажет.
Ғалым-әдіскер Н. Д. Гальскованың айтуынша ағылшын тілі сабағында қолданылатын әдіс-тәсілдер төмендегідей талаптарға сай болуы тиіс:

• оқушы қызығушылығын арттыру үшін тілді қарым-қатынас әрекетіне қолдану қажеттілігін тудыратын қолайлы атмосфера жасау;
• оқушы тұлғасын толығымен оқу процесіне тарту;
• оқушының тілдік, когнитивті, шығармашылық қасиеттерін ояту, ынталандыру;
• оқушының оқу процесінің басты тұлғасы ретінде белсенділігін арттыру;
• сабақта алуан түрлі жұмыс түрлерін, яғни жеке, жұп, топ, ұжым жұмыстарын ұйымдастыру;
• сабақта түрлі көрнекіліктерді, оның ішінде техникалық (үнтаспа, компьтер, бейнефильмдер), техникалық емес құралдарды (суреттер, апликация, альбомдар, сызбалар, кестелер, кроссвордтар) кең қолдану;
• әсіресе ойындар мен ойын элементтерін жиі қолдану;
• сабақта жаңа педагогикалық технологияларды (жоба әдісін) пайдалану.

Ағылшын тілін меңгеру оқушылар үшін қиыншылықтар туғызады, себебі ағылшын тілінің графикалық және орфографиялық ерекшеліктері көптеп саналады. Берілгендерден төмендегідей қорытынды шығарамыз: орфографикалық тізбекте 26 әріп қолданылады, 146 графема (әріп тіркестері) 46 фонеманы береді (фонема-тілдік бірлік) .
Осылай ағылшын тіліндегі алфавит оқушыларға көп қиыншылық туғызады, екі тілдің арасындағы айырмашылық күшті әсер етеді. 26 жұп ағылшын әрпінен (бастауыш әріптер және кіші әріптер) тек төртеуі ғана қазақ алфавитіндегі әріптердің мағынасы мен формасына ұқсас[2] . Олар К, Һ, М, Т. Оқушыларға 32 әріп толығымен жаңа әріптер. Олар: b, D d, F, f, G, g, h, L, l, I, і, J, j, Nп, Q, q, R, r, S, s, Т, tI, U, и, V, v, W, w, Z z, А, а, В, С, с, Е, е, Н, О, о, Р, р, Ү, у, X, х - әріптері басқа тілдер де бар, бірақ әртүрлі оқылады. Ең қиын әріптер соңғылары болып табылады.

Бастауыш кезеңдердегі ағылшын сөздерін оқи білуге үйрету барысында жаңа әріптердің ерекшеліктерін ескеру керек, ал ағылшын тілінде қандай дыбыс немесе дыбысталу береді және оның қазақ тіліне сәйкестігі мен сәйкессіздігін ескеру керек.

Дауысты дыбыстарды оқу үлкен қиындық туғызады, дауысты дыбыстар тіркесі және бірнеше дауыссыздар ереже бойынша әр түрлі оқылатындықтан қиындық тудырады. Мысалы; тап-пате, this-think, window-down.

Оқуға үйрету барысында оқушылар негізгі оқу ережесін меңгеру керек: дауыстылардың екпін түскен жабық және ашық буындардағы және «г» алдында келегенде оқи білу; дауыстылардың тіркесін оқи білу; ее, еа, ау, оу, оо, ои, оw дауыссыздар с, s, k, g, ch, sh, th, пg, сk, және мынандай тіркестерді : -tiоп, -ssiоп, -оus, -іgh оқи білу керек.

Оқушылар сөздерді оқуға үйренуі, әр түрлі жазылатын сөздерді және бірдей оқылатын сөздерді үйрену керек. Олар; sип-sоп, tоо-twо, sее-sеа, еуе-І.
Мысалы, бала Тhе bооk іs/ оп thе desk сөйлемін оқиды, онда әрбір сөз бөлек оқылады, Тhе bооk іs / оп thе desk деп оқылмайды. Сондықтан да алғашқыда оқушылар сөзбе -сөз оқиды, оларды синтагмалық оқыту арқылы, сөздерді біріктіре отырып, мағаналық тобын анықтауға үйрету қажет.
Оқуды меңгерудегі үлкен қиыншылық тек қана сөзді білу емес, структуралар және структуралық элементтер білімі негізінде сөйлемдер мен абзацтардағы ақпарат қабылдауда туады.

Ағылшын тілін оқудағы ерекшіліктерден, алдын-ала оқу материалдарын ауызша тапсыру қиындықтың жартысынан арылтуға көмектеседі. Дауыстап оқуға үйретуді толығырақ қарастырайық. Оқуға кірісерде, оқушылар алфавит барлық әріптерін біледі, оларды атауды, айтуды, бұл әріп қандай дыбыс беретінін, сөздерден мысалдар келтіру, осы әріптер кездесетін сөзерден мысалдар келтіре алады.

Мысалы, олар алфавиттің барлық әріптерін жаза алуы керек, бұған жартылай баспа шрифтіні қолданады. Осылай жазбаша және баспаша шрифтілер байланысты, оқи білу мен жазу жеңілдейді. Оқуға үйретуде бірден-бір туатын проблема ана тіліндегі интерференция болып табылады. Ағылшын сөзінің графикалық таңбасын оқулықта бірінші рет көрген, оларды мұғалімнен кейін немесе диктордан кейін хормен оқып, оқушылар өзіндік оқу барысында сөздерде әріптер бойынша оқуға тырысады.
Көптеген оқушылар оқу курсын аяқтаған кезде де оқу барысында көп қате жібереді, мұндай болмау үшін, ана тілінің интерференциясының алдын-алу керек. Мұғалім алфавитпен танысу кезеңінде балаларға ағылшын тіліндегі сөздер әріптер арқылы оқылмайтынын, оларды тұтас танып, білу керектігін түсіндіреді. Осы мақсатта балаларға сөздерді енгізу үшін бірнеше ойындар ұсынылады. Мысалы; «Бейкер стритті тапсырма» мұнда Шерлок Холмс Qиепtіп (Раul, Оlіver) атты қылмыскерді табуды сұрайды. Балаларға астында аттары жазылған бірнеше портреттер таратылады[3] .

Олар керекті аты бар портреттерді іздейді, Ағылшын аттарымен және оқу ережелерімен танысады : Quеstіon -qu-[kw], Раиl-аu-[о:] және адамның қазіргі кездегі орналасқан жері: airport-аіr-[еэ] Мұндай жаттығулардың мақсаты балаға сөзді тұтас білуге оқыту, тіркестердегі «алдамшы әріптерге» аи, ои, оw, qи сияқты сенбей және оқу ережесімен алғашқы танысуды ұйымдастыру . Алғашында балаларға өте қиын «о» әрпіне қарап оны [а] қылып оқу, мысалы оpіniоn сөзінде.

Келесі сабақтарда ойын қиындайды: құрастырылған полотнода әр түрлі фигуралар (пішіндер) жануарлардың аттары жазылған аңдар мен құстар көрсетіледі: bird, tiger және т. б. Балаларға лексика таныс емес. Құрастырылған полотноға екі аңшы «оқушы» шақырылады. Мұғалім сөзді атайды. «Аңшылар» құрастырылған полотнодан графикалық салынғандарды іздейді. Сөзді бірінші тапқан оқушы полотнодан оны суырып алады да, оның өзінің аңшы сумкасына салады. Кім көп карточка жинаса, сол жеңіске жетеді. Жеңіске жеткен оқушы оқушыларға суреттерді көрсетіп, сумкасынан карточкаларды шығарып, жануарлардың атын, аңдар мен құстардың атын оқиды.

Оқушыларға ойын ұнайды. Келесі сабақта оның шарттарын өзгертуге болады: аңшылар емес, «жануарлар әлемі» хабарының кинооператорлары сайысады. Кім көп аңдарды пленкаға түсірсе және кім қызықты хабар жасаса, сол жеңіске жетеді.

Осылай әріптерді оқу кезеңінде оқушылар есіне сақтап, керекті минимум сөздердің оқудағы түрлі ережелерін қалай оқитындығын есте сақтайды[3] .

Осындай алдын-ала дайындық оқу ережесін терең білуге өту болып табылады. Балалар төрт түрлі буынмен танысады және «кейбір ағылшын әріптерінің құпияларын» түсінуге мүмкіндік береді. Бұл ұзақ та тынымсыз жұмыс. Шаршағанды басатын тек қана ойын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың басты ерекшелігі
Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында оқытудың көрнекілік әдісін жүзеге асыру жолдары
Мектеп оқушыларындағы адами құндылықтарды қалыптастырудағы шет тілінің мүмкіндіктері
Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында оқытудың көрнекілік принциптерін жүзеге асыру жолдарының тәжірибесі
Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауға оқыту негіздері
Мультимедиялық оқыту құралдарын жаратылыстану сабақтарында қолдану әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларын еңбекке тәрбиелеуде ұлттық қолөнер материалдарын пайдаланудың теориясы
Мектептің басқа пәндерінің арасында әдебиеттің орны қандай екенін анықтасақ
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылық танымдық қызығушылықтарын дамыту жолдары
Оқытудың дамытушылық және тәрбиелік сипаты туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz