Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу аудиттің құжаттары мен аудит жүргізу көздері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

«Көкше» академиясы

Әлеуметтік - экономикалық департаменті

«Қорғауға жіберілді»

департамент директоры

Мугжанова Г. С.

(тегі, аты-жөні)

«___» 20__ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

тақырыбы: «»

050508-мамандығы бойынша - «Есеп және Аудит»

Орындаған: Пайдашов У. К.

Ғылыми жетекшісі:

э. ғ. к., доцент Тұралина Ж. Ә.

Көкшетау, 20___

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

1 ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ . . . 7

1. 1 Еңбекақы есебі және нормативтік реттеу . . . 7

1. 2 Еңбекақы бойынша қызметкерледің құрамы мен жұмыс уақытының есебі . . . 16

2 АСТРАХАН АУДАНДЫҚ САЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІ МЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ АУДИТІН ЖҮРГІЗУ . . . 24

2. 1 Астрахан аудандық салық кәмтетінің еңбекақы есебін талдау . . . 24

2. 2 Аудиторлық тексеруді ұйымдастыру мақсаты . . . 30

3 ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІ МЕН АУДИТІН ЖЕТІЛДІРУ . . . 42

3. 1 Еңбекақы шығындарына ұсынылып отырған жоспарлы әдістеме . . . 42

3. 2 Еңбекақы бойынша есеп айырысу есебінің аудитін жетілдіру . . . 49

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 61

ҚОСЫМШАЛАР . . . 64

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі заманғы әлемдік нарықтағы болып жатқан өзгерістер Қазақстан экономикасына да елеулі әсерін тигізеді. Еліміздегі мұйымдардың ілгерілеуі мен қарқынды дамуы есеп жүйесінің барлық халықаралық талаптарға сай келуіне және бухгалтерлік есептің сенімді және тиімді жүргізілуіне мүмкіндік береді. Қызметкерлердің көрсеткен еңбегі үшін ұсынылатын сыйақылардың есебін ҚЕХС-на сәйкес ұйымдастыру ұйымның алға қойған мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік беретін қолданысқа ие болады.

Қызметкерлерге берілетін сыйақыларға - жұмысшыларға және қызметкерлерге берілетін еңбекақы, еңбекақы және әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған жарналар, жыл сайынғы ақы төленетін деалыс және денсаулығына байланысты ақылы демалыс, пайда және сыйлықақыларға қатысу (егер олар кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде төленетін болса), сонымен қоса осы уақытта жұмыспен қамтылған қызметкерлер үшін ақшалай емес нысандағы сыйақылар сияқты (медетциналық қызмет, үймен және көлікпен қамтамасыз ету, ақысыз немесе күні белгіленген тауарлар немесе қызметтер) қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылар, зейнеттке шыққаннан кейін берілетін сыйақылар еңбек қызметі аяқталған соң өмірді сақтандыру және медетциналық қызмет көрсету сияқты еңбек қызметінің аяқталуына байланысты берілетін сыйақы, жұмыс өтілі ұзақ қызметерлер үшін ақы төленетін демалыс немесе ақы төленетін шығармашылық демалыс, мерейтойларға арналған, еңбекке жарамсыздығы үшін ұзақ мерзімді жәрдемақылар, сондай-ақ пайдаға және сыйлықақыға қатысуға (егер көрсетілген төлемдер кезең аяқталғаннан кейінгі 12 айдан астам кезеңде жүзеге асырылмаса), қызметкерлерге берілетін басқа да ұзақ мерзімді сыйақылар мен демалыс жәрдемақылары, еңбекақы есебін есептеу жатады. [1]

Зеріттеудің ғылыми жаңалығы. Астрахан аудандық салық басқармасының еңбекақы есебін қарастыру. Халықаралық байланыстардың кеңеюі және Қазақстан Республикасының әлмдік қауымдастыққа енуі есеп әдістемесін жетілдірудің, бухгалтерлік есеп пен аудит тұжырымдамаларын дамытудың объективті қажеттілігін туындатты. Аталмыш тұжырымдамаларға бухгалтерлік есеп және есепті компьютерлендіру сұрақтары, ішкі бақылау мен тәуелсіз аудиттің даму мәселелері кіреді.

Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы. Астрахан аудандық салық басқармасының еңбекақы есебін дипломдық жұмыста көрсетілген сілтемелермен қарастыру. Елде экономикалық реформалаудың жеңісі қоғамның қаржы жүйесінің қай бағытта жүретініне, мемлекеттің бюджеттік саясатының уақыт талабына қалай жауап беретініне байланысты болады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Астрахан аудандық салық басқармасының еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысу аудитінің теориясымен еңбекақы есептеу қызметі мен аудиторлық қадағалау жүргізуіне талдау жасау.

Дипломдық жұмысымның міндеті. Жалақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысудың бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері мен аудиторлық тексерудің жолдарын ұсыну қызметкерлермен есеп айырысу есебін құжаттармен ресімдеу тәртібі; қызметкерлермен есеп айырысудың тәжірибе жүзіндегі бухгелтерлік есебін толық қарастыру және аудиторлық қадағалау жасау болып табылады.

Дипломдық жұмыстың пәні. Алынған ұйымның еңбек ақы бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру жүйесін жан-жақты қарастырып, талдап, оның есебі мен аудитін жетілдіру және нарықтық талаптарға сай жағдайға әкелу бағыттарын зерделеу болып табылады.

Диплом жұмысының теориялық базасына және әдістемелік негіздеріне Радостовец В. К., Назарова В. Л., Кеулімжанов Қ. К., Абленов Д. О., және тағыда басқа авторлардың еңбектері мен аудиторлық іс-қызмет туралы заңдар, еңбек кодекстері мен салық кодекстерінен сондай-ақ ғалымдардың «Бухгалтерлік есеп» туралы жазған оқу әдістемелік құралдары мен бухгалтер бюллитендеріндегі әдістемелер пайдаланылды.

Диплом жұмысын жазудың тәжірибелік базасына. Астрахан аудандық салық басқармасының мәліметтері қарастырылды.

Дипломдық жұмыстың нысаны. Астрахан аудандық Салық басқармасы. Дипломдық жұмыс негізінде ұйымның өзара әртүрлі байланыс көрсеткіштеріне өндірістік, коммерциялық, және қаржы қызметіне қаржы жағдайын жақсарту жағынан қаржы ресурстарының және олардың қолдану жоспардың орындалуына баға беретін көрсеткіш.

Қазіргі заман бухгалтері - бухгалтерлік есеп ауқымында алған терең кәсіби білімі арқылы экономикалық талдау мен аудит дағдыларын игеру, сондай-ақ өндіріс процестерін басқара білуі тиіс. Ол Қазақстан Республикасының азаматтық құқықтары мен заңнамаларды есепке ала отырып, әр түрлі экономикалық шешімдер қабылдап, ұйымның келешектегі қызметін жоспарлай білуі тиіс.

Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексі 1-тараудағы 1 - бабына сәйкес жұмыс беруші мен жұмысшылардың арасындағы еңбек қатынасы нормативті-құқықтық актілермен реттеледі. Ал еңбекақы мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 10-тараудағы 121 -бабы 2-ші тармақшасына сәйкес ең аз шамадағы еңбекақы мөлшерінен аз болмауы керек. [35]

Дипломдық жұмыстың парктикалық маңыздылығы болып еңбекақы бойынша есеп айырысуды аудиторлық қадағалаудың әдістемелік және тәжірибелік сұрақтары табылады.

Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі болып отандық және шетелдік ғалым-экономистердің ғылыми еңбектері мен басқадай әдебиет көздерінен, қаржылық және бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы заңды және нормативті құжаттармен қарастырылған.

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде: Еңбек - адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі делінген. Егер осы анықтаманы талдай келсек, еңбек - адамның өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін табиғат заттарының түрін өзгертуге және оны өз керегіне бейімдеуге бағытталатын мақсатқа сай істелетін қызметі, қоғамның өмір сүруінің негізі, адамзат тіршілігінің мәңгілік, табиғи шарты. Еңбек процесі басталуы үшін өндіріс құрал-жабдықтарын жұмыс күшімен қосу керек. Жұмыс күші дегеніміз - адамның еңбекке қабілеті және рухани күштерінің жиынтығы, адам соның арқасында материалдық және рухани игіліктерін өндіреді. әр еңбектің қорытынды жиынтығы болуы керек және ол қоғамға белгілі болып танылуы тиіс. [35]

Адам еңбек етіп, нәтижесінде көздеген мақсатына жетеді. Ал еңбек етуші адамның, яғни жұмысшы немесе қызметкердің мақсаты болып қоғам қажеттілігін қамтамасыз ету барысында табыс табу. Әр жұмысшы табысын әр түрлі нысанда алады, біреуі заттай алса, екіншісі ақшалай нысанда алады. Ақшалай нысандағы табыс - ол жалақы. Жалақының анықтмасы әр мәлімет көздерінде әр түрлі берілген, бірақ олардың мағынасы бір. Жалақы - жұмысшының іске асырылған еңбегі үшін төленетін ақшалай ақы болып табылады. Немесе басқаша айтсақ, бұл - қандай да болмасын ұйымда қызмет ететін қызметкерлері мен жұмысшыларының еңбегіне төлеуге кететін өнімді өндіру мен сатуға кеткен шығындарының бөлігі болып табылады. [47]

Сонымен, Дипломдық жұмысты талдау барысында жалпы жалақы түсінігі және қызметкерлерге жалақыны есептеу тәртібі талданады.

Қазіргі кезде еңбекақы тақырыбы өте маңызды да белсенді болып келеді. Оның маңыздылығы тіршіліктің басты факторларының бірі болуында. Кез келген заңды немесе жеке тұлғаның еңбекақы алу үшін жасаған барлық іс-әрекеттері басқа тараптардың жағдайын жақсартуға, мұқтаждықтарын қанағаттандыруға алып келеді. Сондықтан да еңбек және еңбекақының рөлі өмірде маңызды да айрықша екеніне күннен күнге көзіміз жетуде.

Дипломдық жұмыстың көлемі, яғни құрылымы дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қортындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1 ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1. 1 Еңбек ақы есебі және нормативтік реттеу

Еңбек пен еңбекақы есебі - жұмысшылар санының өзгеруі, жұмыс уақытының шығындары, жұмысшылар категориясы, өндірістік шығын сияқты мағлұматтар түгел қамтылатын дәл әрі оперативтік деректерді талап ететін аса маңызды да күрделі жұмыстардың бірі болып табылады. [22]

Еңбек және оған ақы төлеу есебінің негізгі міндеттеріне жататындар: еңбек ақы қорын және жұмыс уақытын пайдаланып жұмыс мөлшерінің орындалуын, еңбектің саны мен сапасын бақылау, бастапқы құжаттарды уақытылы және дұрыс рәсімдеу, еңбек ақы қорынан жалақыны ұстап қалу, ұйымдарда еңбек ететін әрбір қызметкерлермен, жұмысшыларға жалақыны уақытылы және дұрыс есептеу, белгіленген мерзімде еңбек ақы бойынша есеп айырысу, жалақы бойынша шығынды өнімнің, жұмыстың, қызметінің өзіндік құнына дұрыс әрі уақытылы қосу керек. [5]

Қазіргі кезде Қазақстанның экономикасы әлі де болса аса күрделі өтпелі кезеңді бастан көшіруде, бұл сөзсіз еңбек нарығына кері әсерін тигізеді. Жұмыссыздық проблемасы, дер кезінде еңбекақыны төлеу және тағы басқалар өте шиеленіскен жағдайда болып отыр. Міне, сондықтанда еңбек нарығы жөніндегі мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіруді қажет етеді.

Еңбек және еңбек ақы деректері өндірістік процесті немесе мемлекеттік ұйымдарды оперативті басқару үшін қажет. Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 1-бабына сәйкес жұмыс беруші мен жұмысшылардың арасындағы еңбек қатынасы нормативті құқықтық актілерімен, еңбек заңына сәйкес бекітілген ұжымдық келісімшартпен реттеледі. [35]

Әрбір қызметкердің еңбек ақылық табысы ұйымның қызметінің түпкілікті қорытындысына байланысты оның еңбекке қосқан үлесі бойынша анықталады. Ол салықпен реттеледі және ең жоғары көлеміне шектеу қойылмайды.

Еңбек ақы мөлшерін жұмыс берушінің өзі белгілейді және жұмыс беруші белгіленген еңбек ақы мөлшері Қазақстан Республикасының заңында белгіленген Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 121-бабындағы ең аз шамадағы еңбек ақы мөлшурінен төмен болмауы керек.

Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 35-тарауындағы 314, 315 - бабтарына сәйкес қызметкердің мынадай құқысы бар: қандай-да бір кемсітушіліксіз (дискриминация) тең еңбекке еңбек ақы алуға; қауіпсіздік және тазалық (гигиена) талаптарына жауап беретін еңбек жағдайында жұмыс істеуге; кепілдік және өтем ақы алуға және тағыда басқаларға құқылы.

Жұмыс берушінің құқықтары: қызметкерлерді көтермелеуге олардан белгіленген заңға сәйкес әрекет ететін тәртіп бойынша материалдық және жауапкершілікті талап етуге; қызметкер келтірген зиянның орнын толтыруға және тағыда басқаларға құқылы.

Жұмыс берушінің міндеттері: Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілерінде, жеке еңбек келісім-шарттарында, ұжымдық келісім-шартта, жұмыс берушінің актісінде қарастырылған еңбек ақыны және басқа төлем ақыларды уақытылы және толық төлеу, еңбек туралы заңдағы ұжымдық келісім-шарттағы талаптарды сақтау, Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілерінде қарастырылған шарттар мен тәртіптер бойынша зиян шеккен қызметкерге жәрдем беру, Қызметкерге қауіпті және зиянды жұмыс жағдайын, болуы мүмкін кәсіби ауруды ескерту және тағыда басқалар. [11]

Жеке еңбек келісім-шарттарында негізгі тармақтар қамтылуы керек: еңбек жағдайының сипаты, жұмысшыға жұмыстың қауіпті және зиянды жағдайы үшін немесе көп күш жұмсауды керек ететін ауыр еңбек үшін кепілдік беру және өтемақы төлеу, жұмыс уақыты және демалыс уақытының режимі, өтемақы мен еңбекті қорғау жағдайы, өтемақы төлеу және кепілдік беру тәртібі және тағыда басқалар келісім-шарта көрсетіледі. [35] Қызметкер бірнеше жұмыс берушімен толық емес жұмыс уақытын қарастыратын жеке еңбек келісім-шарттарына отыруға құқығы бар.

«Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 34-35-бабына сәйкес қызметкердің еңбек ететінін растайтын құжаттарға мыналар жатады: еңбек кітапшасы (қолда болуы керек) немесе жеке еңбек келісім-шарты немесе жұмысқа қабылданғаны, жұмыстан шығарылғаны туралы бұйрықтың көшірмесі.

Сол ұйымның басқа жұмысына немесе ұйым мен бірге басқа орынға көшіру қызметкердің тек жазбаша келісімі бойынша, жеке еңбек келісім-шарттарына соған сәйкес өзгертулер енгізумен ғана іске асырылады.

Қызметкерді сол ұйымда басқа орынға, сол орынның басқа құрылымның бөлімшесіне көшіру үшін мамандығы, біліктілігі немесе лауазымы бойынша басқа механизмдегі немесе агрегаттағы жұмысты тапсыру, лауазымнан басқа лауазымға ауыстыру үшін (егер бұл жеке еңбек келісім-шарттарында өзгерістер тудырмайтын болса) қызметкердің келісімі талап етілмейді. [35]

Қызметкерге еңбек жағдайының өзгеретінін бір ай бұрын (одан кем болмауы керек) хабарлау керек.

Еңбек жағдайы өзгерген жағдайда жеке еңбек келісім-шарттарына сәйкес толықтырулар мен өзгертулер енгізіледі. Егер қызметкер жаңа жағдайда жұмыс істеуге келісімін бермесе, онда Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 51-бабының 7-тармағына сәйкес онымен келісім-шарт бұзылады.

Жұмыс орнының бос болуына байланысты сол лауазымға қажеттілік пайда болған жағдайда жұмыс беруші қызметкерді бір айға дейін оның келісімінсіз жеке еңбек келісім-шартында қарастырылмаған және денсаулығына қауіп төндірмейтін сол ұйымдағы, сол орындағы басқа жұмысқа бұрынғы жұмыстағы айлық еңбек ақысынан кем болмайтын еңбек ақымен ауыстыруға құқығы бар.

Мұндай ауыстыру жұмыс орнының бос қалуына байланысты немесе лауызымды тұлғаның алуан-түрлі себептеріне байланысты жұмыс орнын бос калдыру себебінен және стихиялық апаттың, өндірістік апаттың алдын алу немесе жою немесе салдарын дереу залалсыздандыру қажет болған жағдайда ғана іске асырылады. [35]

Жұмыс болмай қалған жағдайда (жұмыс беруші қызметкерді мамандығына, біліктілігіне сай, денсаулығына қатер төндірмейтін, оның келісімінсіз бір айға дейін басқа жұмысқа ауыстыруға құқы бар. Егер қызметкер жаңа жағдайдағы ұсынылған жұмысқа келісімін бермесе, онда Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 51-бабы, 7-тармағына сәйкесонымен жеке еңбек келісім шарты бұзылады. Жұмыс болмай қалған және қызметкердің болмауына байланысты жағдайда оның орнына бір білікті қызметкерді біліктілігіне сай келмейтін жұмысқа уақытша ауыстыруға оның жазбаша келісімінсіз ауыстыруға рұқсат етілмейді. [35] Қызметкерді денсаулығына байланысты басқа жұмысқа уақытша ауыстыру Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 45-бабындағы қарастырылған шарттары мен тәртіптері бойынша жүзеге асырылады.

Жеке еңбек келісім-шарты мынадай жағдайларда бұзылуы мүмкін: ұйым таратылғанда (заңды тұлғаның), жұмыс берушінің қызметі тоқтағанда (жеке тұлғаның) қызметкерлердің штаты немесе саны қысқартылғанда, әскери қызметке шақырылғанын растайтын құжат негізінде қызметкерді үш күндік мерзімге босатқанда. [35]

Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 56-бабы, 3-тармағына сәйкес жеке еңбек, ұжымдық келісім-шарттарында өтемақының мөлшері және басқа негіздері белгіленеді.

Қызметкер жұмыс берушіге өзінің жұмыстан кететінін бір ай бұрын жазбаша ескертіп, жеке еңбек келісім-шартын тоқтатуға құқылы.

Тараптардың келісімі бойынша жеке еңбек келісім-шарты ескертілген мерзім біткенше тоқтатылуы мүмкін.

Қызметкердің бастамасы бойынша жеке еңбек келісім-шартын бұзу негіздері Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 54-бабында қарастырылған.

Еңбекке қарай бөлудің нақтылы нысандары еңбекақы және жалақы арқылы жүзеге асады. Жалақы еңбекпен жасалған қажетті өнімнің негізгі бөлігі. Еңбек төлемінің әр алуан нысандарында және жүйелерінде есеп айырысуды ұйымдастыру тәртібін қарастырсақ, олар мынандай жүйелерде болады.

Кесімді еңбекақы - жұмысшы қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруде еңбек уақытын қысқарту мақсатында қолданылады.

Жеке кесімді еңбекақы жүйесі- мұндай жүйеде еңбекақы әрбір жұмысшылардың нәтижелеріне байланысты. Оны белгіленген бағаны жұмысшылар мен қызметкерлердің атқарған жұмыстарымен немесе атқарған уақыт көлеміне көбейту арқылы анықтайды.

Еңбекақы жөніндегі бағалар жекелей (әрбір жеке атқаратын лауазымы үшін) және кешенді (ұйымның бүкіл ұжымы үшін) болуы мүмкін. Жекелеген бағаларды қолданғанда әрбір жұмысшы еңбекақысының жұмыс үшін белгіленген бағаларды бүкіл ұйым немесе мекеме болып атқарылған жұмыстың көлемі мен уақытының санына көбейту арқылы табылады. Кешенді бағаларды қолданғанда жұмысшы еңбекақыны былай анықтайды. Алдымен кешенді бағаны бүкіл ұжым болып атқарған жұмысының санына көбейту арқылы бүкіл ұжымға тиісті еңбекақысын есептеп шығарады. [17]

Есептеп шығарған еңбекақыны әрбір жұмысшының жұмыс істеген уақытына және оған берілген тарифтік разрядқа сәйкес ұйым мүшелеріне бөлінеді. Оны бөлгенде қосымша еңбек ақының коэффициенттері, коэффициент сағаттар немесе коэффициент күндер пайдаланылады. Қосымша еңбекақы коэффициентін анықтағанда ұйымның құрамына енетін әрбір жұмысшының сағаттық немесе күндік төлем мөлшерін жұмыс істеген уақытына көбейтеді де оның тарифтік мөлшері бойынша төлемін тауып алады. Содан кейін бүкіл ұйымның кесімді еңбекақысын тарифтік төлем мөлшеріне бөліп, ұйымның еңбекақысының орташа коэффициентін табады. Әрбір жұмысшының тарифтік еңбекақысын еңбек төлемін қосымша еңбекақы коэффициентіне көбейту арқылы әрбір жұмысшының нақты кесімді еңбек ақысы анықталады. Сағаттық немесе күндік тарифтік коэффициенттерді қолданғанда да еңбекақысын бөлу жөніндегі есеп айырысуды осылай жасайды. Жанама кесімді еңбекақы жүйесі-мұнда көмекші және басқа жұмысшылардың еңбекақысын қызмет көрсетіп отырған мекеменің, ұжымның негізгі жұмысшыларының төлеміне шаққан пайызбен анықталады. [21]

Еңбекақының аккордтық жүйесі - бұл жүйеде жұмысшылардың еңбекақысын жұмыс көлемінің орындалуы бойынша анықтайды, онда нормаланған тапсырма (уақыт, өндірім нормалары) және баға алдын-ала анықталған. Еңбекақының бұл жүйесі жұмысшылардың бөлек топтары немесе бөлімдерді, бөлімдердің бөлек ұжымдары үшін еңбек өнімділігін арттыруда және жұмыстың орындалу мерзімін қысқартуда олардың материалдық ынталылығын күшейту мақсатымен қолданылады. Еңбек төлемінің аккордтық мөлшерін қолданыстағы нормаланған тапсырмалар (уақыт өндірім нормалары) мен бағалар негізінде белгілейді, ал олар болмаған жағдайда осындай жұмыстар үшін қолданылатын нормаланған тапсырмалармен бағаларды шығарып белгілейді.

Еңбекақының бұл жүйесі бойынша тапсырма мерзімдерінің қысқартылғаны үшін сыйлық беру тәртібін енгізуге болады.

Қарапайым мерзімді еңбекақы . Еңбек төлемін сағаттық, күндік, айлық, тарифтік төлем мөлшері немес айлық еңбекақы бойынша есептейді. Оның көлемін жұмыс істеген уақыт санына белгіленген тарифтік төлем мөлшеріне көбейту арқылы анықтайды. Бұл жүйені негізінен басшы қызметкерлердің, мамандардың, кіші қызмет көрсететін адамдардың еңбек төлемі үшін қолданылады.

Еңбекақының мерзімдік - сыйлықтық жүйесі - бұл жүйеде еңбек төлемін еңбекақының қарапайым мерзімдік жүйесіндегідей жасайды, бірақ жұмыс істеп жүргендер сыйлықты белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштерге қол жеткізгендері үшін алады. [44]

Жұмысшыларға жұмыстың негізгі нәтижелері үшін сыйлық беру еңбекақы қорынан мынадай және тұтыну қорынан мынадай көрсеткіштер (ережелер) бойынша жүзеге асырылады: өндірістік тапсырмалар және жеке тапсырмалардың, техникалық тұрғыдан негізделген өндірім нормаларының, нормаланған тапсырмалардың орындалуы және асыра орындалуы, еңбек өнімділігінің, өндірімнің өсуі, (уақыттың және қызмет көрсетудің) жаңа нормаларының игерілуі қызметінің соңғы нәтижелерінің жақсартылуы және тағыда басқалар. Сыйлықтардың мөлшері істеген жұмыстарының маңыздылығы мен күрделілігіне қарай жұмысшылармен қызметкерлердің кәсіптері мен топтары бойынша сараланып белгілейді. мекеме ұжымдары бүкіл мекеме ұжымының жұмыс нәтижелері үшін төленілетін қаражат мөлшеріне мекеменің әрбір мүшесіне жұмыстың жалпы нәтижелеріне қосқан нақты үлесін, еңбек тәртібі мен ішкі тәртіп ережелерін сақталуын ескере отырып, сыйлықтардың мөлшерін анықтауға құқылы. Сыйлық әдетте айлық жұмыс нәтижелері бойынша беріледі. [9]

Еңбекақы өнімнің өзіндік құнының негізгі элементтерінің бірі болып табылады: оның есебін дұрыс ұйымдастыру еңбек өнімділігінің өсуіне өнімнің өзіндік құнын төмендеуіне және халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарылауына септігін тигізеді. Әрбір қызметкердің еңбек ақысы жұмыстың соңғы нәтижелерімен қызметкердің жеке өзінің қосқан үлестерімен анықталуға тиіс және ең көп мөлшерімен шектелмейді .

Жалпы жұмысшы қызметкерлерге есептелетін еңбек ақы негізгі және қосымша болып бөлінеді.

Негізгі төлем - қызметкерлерге нақты жұмыс істеген уақыты үшін істелген жұмыстардың немесе берілген баға немесе айлық еңбекақы бойынша жұмыс атқарылған күннің саны мен сапасы үшін есептелген еңбекақысы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбекақы төлеу элементтері
Аудиттің мақсаты мен міндеті, берешек қарыздардың есебі
Уақытша еңбекке жарамсыздығына төлем
Қызметкерлерге еңбекақы төлеу
Бюджетпен есеп айырысудың бақылауы мен аудиті
Еңбекақының нысандары мен жүйелері
Еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысу есебін ұйымдастыру
Еңбекақыны есептеу
Кәсіпoрындaғы бухгaлтерлік есепті ұйымдaстыру және есеп сaясaты
Ұйымның бухгалтерлік есептің мәні және ұйымдастырылу тәртібі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz