Заманауи спорт ғимараттары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ Кіріспе . . . 3

1 Заманауи спорт ғимараттары . . . 7

1. 1 Спорттық ғимараттардың құрылу тарихы . . . 7

1. 2 Қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар . . . 11

1. 3 Казіргі таңда спорттық ғимараттардың жетістігі . . . 13

1. 4 Арнаулы оқу дене тәрбиесі және спорт ғимаратары . . . 16

2 Мақсаты, маңыздылығы және алатын орны . . . 24

2. 1 Спорттық ғимараттың құрылу мақсаты . . . 24

2. 2 Спорттық ғимараттардың заманауи маңыздылығы . . . 28

2. 3 Спорттық ғимараттың бала өмірінде алатын орны . . . 32

3 Зерттеу сараптамасы . . . 34

3. 1 Қазіргі заманның соңғы жаңашыл технологиялар . . . 34

3. 2 Спортшының жеке тұлға болып қалыптасуына қазіргі заманға сай спорттық ғимараттардың әсері . . . 35

Қорытынды. . . . . . 49

Тәжірибелік ұсыныс . . . …… . . . . . . ……… . . . 54

Қолданған әдебиеттер тізімі. . . . . 55

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Заманауи спорт ғимараттар - сәулет өнерінің белгілі бір үлгі-тәсілімен салынған құрылыс, үй. Оған түрлі үлгідегі (жеке, көптекшелі, т. б. ) тұрғын үйлер, қонақ үйлер, әр түрлі мақсатқа арнап салынған сарайлар (мәдениет сарайы, спорт сарайы, оқушылар сарайы, т. б. ) мен мәдени-қоғамдық құрылыстар (театр, клуб, т. б. ), мекеме үйлері, балабақша, мектеп үйлері мен басқа оқу орындары үйлері, кесенелер мен ғибадатханалар, дүкендер мен сауда үйлері, әр түрлі тұрмыстық қызмет көрсету орындарының үйлері, т. б. архитектуралық құрылыстар жатады. Ғимарат (парсыша - үй деген ұғымды білдіреді) салыну мақсатына және әр елдің ұлттық, тұрмыс-салт, кәсіби-мәдени, діни-қоғамдық, шаруашылық жүргізу ерекшеліктеріне сәйкес, сондай-ақ салынатын орнының табиғи жағдайына, сәулетшінің талғамы мен жобасына да байланысты қилы-қилы үлгі мен түрлі кейіпте бола береді. Қазақстандағы көрнекті көне және жаңа ғимараттардың үлгілері ретінде Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесі, Алматы қаласындағы Республика сарайы, Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мұражайының үйі сияқты оқшау архитектуралық үлгіде салынған құрылыстарды атауға болады. Осы Ереже бұқаралық-спорттық iс-шаралар өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi және қауiпсiздiктi, сондай-ақ қатысушылар мен көрермендердi эвакуациялау және хабарлауды қамтамасыз ету ережелерi "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және бұқаралық-спорттық iс-шараларды өткiзу кезiнде Қазақстан Республикасы аумағында орындалуға мiндеттi қатысушылар мен көрермендердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi шараларын көздейдi. Осы Ереже Қазақстан Республикасы аумағында бұқаралық-спорттық iс-шараларды дайындауға және өткiзуге тiкелей қатысатын мына мемлекеттiк ұйымдар мен мекемелер үшiн мiндеттi болып табылады: iшкi iстер, денсаулық сақтау және өрт қауiпсiздiгi мемлекеттiк органдары; жоспар бойынша бұқаралық-спорттық iс-шаралар өткiзетiн ұйымдар; бұқаралық-спорттық iс-шаралар өтетiн спорт ғимараттардың ұйымдары. Осы Ереженiң 2-тармағында көрсетiлген ұйымдар мен мекемелер өз құзыретi шегiнде бұқаралық-спорттық iс-шаралар өткiзу кезiнде қатысушылар мен көрермендердiң қажеттi қауiпсiздiк жағдайларын қамтамасыз ету үшiн ықпал етедi. Бұқаралық-спорттық iс-шараларды өткiзудi қамтамасыз етуге сондай-ақ, сауда, байланыс, тұрмыстық қызмет көрсету, радио хабарларын тарату ұйымдары және телекоммуникация қатысады, олар өздерiнiң қызметi шеңберiнде бұқаралық-спорттық iс-шараларды өткiзудiң белгiленген тәртiбiн сақтауға ықпал етедi. Бұқаралық-спорттық iс-шаралар тек спорттық ғимараттарда және мемлекеттiк комиссия мен төрешiлер алқасы пайдалануға ресми түрде рұқсат берген жерлерде, барлық қатысушылар ғимараттарды пайдалану, инженерлiк жүйелер, спорттық-технологиялық жабдықтар мен мүлiктер, сондай-ақ нұсқаулықтар, басқа нормативтiк актiлердiң ережелерiн қатаң сақтағанда ғана өткiзiледi. Меншiгiнде осы ғимараттар бар заңды және жеке тұлғалар спорттық iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiн реттейтiн нұсқаулықтар әзiрлейдi. Онда қоғамдық тәртiптi сақтауды, көрермендер қауiпсiздiгiн, өрт қауiпсiздiгiн, жазатайым оқиғалар кезiнде алғашқы медициналық жәрдемдi және төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда эвакуация тәртiбiн қамтамасыз ететiн шаралар көзделедi. Бұл нұсқаулықтар Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына сәйкес құрылатын, облыстық (қалалық, аудандық) жергiлiктi атқару органдары жанындағы бұқаралық-спорттық iс-шаралардың өткiзiлуiн бақылау комиссияларына бекiтуге ұсынылады. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астана) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) дене шынықтыру және спорт жөнiндегi атқарушы органдарына сәйкес келетiн жергiлiктi атқарушы органдардың қатысуымен бiрге спорттық ғимараттардың инженерлiк қызметтерiнiң, жобалық және құрылыс ұйымдарының бұқаралық-спорттық iс-шараларды өткiзу кезiнде қолданылатын спорттық ғимараттарды пайдалануда құрылыс конструкцияларының сенiмдiлiгi мен мықтылығын орнату, нормативтерге эвакуация жолдарының сәйкестiгiн, сондай-ақ өрт сөндiру қауiпсiздiгiн анықтау мақсатында жыл сайын техникалық тексерiс жүргiзiледi. Тексеру нәтижелерi бойынша облыстық (қалалық, аудандық) жергiлiктi атқарушы органдарының техникалық тексерiс актiлерi жасалады. Осы ережелерде көзделген атқарушы органдарының бұқаралық-спорттық iс-шараларды өткiзу кезiнде төтенше жағдайлардың туындауына себеп болған талаптарды орындамауы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа алып келедi. Бұқаралық-спорттық iс-шараларды өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiп және қауiпсiздiктi қамтамасыз ету ережесi Бұқаралық-спорттық iс-шаралар қабылданған жоспарларға, ережелерге, көрермендер мен қатысушылар қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi регламенттерге, басқа да нормативтiк-құқықтық актiлер мен талаптарға сәйкес өткiзiледi. Бұқаралық-спорттық iс-шаралар өткiзуде қатысушылар мен көрермендердi қоғамдық тәртiппен және қауiпсiздiкпен қамтамасыз ету кезiнде облыстық (қалалық, аудандық) жергiлiктi атқарушы орган басшысы орынбасарының төрағалық етуiмен бұқаралық-спорттық iс-шаралардың өтуiн бақылау жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - комиссия) құрылады. Бұл комиссияның құрамына мемлекеттiк органдар мен басқа да мүдделi ұйымдардың өкiлдерi кiредi. Осы Ереженiң 2-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк органдар мен ұйымдар бұқаралық-спорттық iс-шараларды өткiзу кезiнде қатысушылар мен көрермендердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты мәселелер жөнiндегi ұсыныстарды комиссияның қарауына енгiзедi. Комиссия құрамына қажет болғанда, құрамына спорт ғимараттары мен жарыстар өткiзiлетiн өзге орындардың ерекшелiктерiн ескере отырып, тиiстi мамандар, осы Ереженiң 2-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың және басқа да мүдделi органдардың өкiлдерi бар жұмыс тобы құрылуы мүмкiн. Жұмыс тобы iс-шаралардың сипатына, ауа райы мен жарысқа қатысушылардың және көрермендер қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн басқа да факторларға байланысты, iс-шараны өткiзуге 4 сағат қалғанда объектiнi оперативтiк-техникалық қадағалауды жүзеге асырып, қажет болған жағдайда анықталған кемшiлiктердi жою шараларын қабылдайды. Осы спорт жарысын өткiзу мүмкiндiгi туралы соңғы шешiм, қабылдау хаттамасын ресiмдейдi. Бұқаралық-спорттық iс-шараларды өткiзудi, қоғамдық тәртiппен көрермендер мен қатысушылар қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi қиындататын жағдай анықталған кезде, комиссияға iс-шараны өткiзуге тыйым салу немесе оны көрермендерсiз өткiзу туралы ұсыныс енгiзедi. Халықаралық, республикалық iс-шаралар, спартакиадаларды өткiзу кезiнде ұйымдастыру комитеттерi құрылуы мүмкiн. Бұқаралық-спорттық iс-шараларды өткiзу мен оған дайындық кезiнде барлық қатысушы ұйымдардың қызмет көрсетушi адамдары мен техникалық құралдарының қажеттi саны iске қосылады. Бұқаралық-спорттық iс-шараларды өткiзу кезiнде спорттық ғимараттарда спирттiк iшiмдiктердi сатуға рұқсат берiлмейдi. Бұқаралық-спорттық iс-шаралар өткiзетiн өзге де жерлерде шыны ыдыстардағы сусындар сатуға тыйым салынады. Бұқаралық-спорттық iс-шараларды дайындық пен оны өткiзуге тiкелей қатысатын ұйымдарға қойылатын талаптар Iс-шараларды өткiзетiн ұйымдар облыстық (қалалық, аудандық) жергiлiктi атқарушы органдар мен бұқаралық-спорттық iс-шараларды өткiзудiң орындары мен мерзiмдерiн келiсу кешендi бұқаралық-спорттық iс-шараларды - 1 жылға; халықаралық жарыстарды - 6 ай iшiнде; республикалық жарыстарды - 3 ай iшiнде облыстық, қалалық және аудандық жарыстарды - жарыстың басталуынан 1 ай бұрын келiсудi; осы Ереженiң 2-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк органдарға, ұйымдарға, бұқаралық-спорттық iс-шаралар өткiзiлетiн спорт ғимараттарында бұқаралық-спорттық iс-шараларды өткiзу туралы қоғамдық тәртiптi iс-шараларға қатысушылар мен көрермендердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi қорғау жөнiндегi шаралар көрсетiлген спорттық-техникалық талаптарды, бағдарламаны, регламенттi, басқа да арнайы талаптарды кешендi бұқаралық-спорттық iс-шараларды - 3 ай; облыстық, қалалық және аудандық жарыстарды - жарыстың басталуынан 1 ай бұрын ұсынады; iс-шараларға қатысушыларды, төрешiлердi, көмекшi қызметкерлердi (олардың ғимаратта техника қауiпсiздiгi және iшкi тәртiп ережелерiн бiлуi және сақтауы) дайындауды спорт түрлерi бойынша спорттық iс-шараларды өткiзу Ережесiн орындауды, төрешiлер алқасы мен көмекшi қызметкерлердiң өз функционалдық мiндеттерiн атқаруын; жарысқа қатысушылардың уақытылы келуiн, олардың жарыстардың өткiзiлу ережесiн, қоғамдық тәртiп нормаларын, спорттық киiмде эстетикалық талаптардың сақталуын қамтамасыз етедi. Бұқаралық-спорттық iс-шаралар өткiзiлетiн спорттық ғимараттардың ұйымдары объектiлердегi инженерлiк жүйелер мен хабарлау жүйелерiнiң, iшкi және сыртқы өртке қарсы су құбырларының тоқтаусыз жұмысын, мекемелер мен ғимараттар құрылысының сенiмдiлiгiн, iс-шараны өткiзу кезiнде iлiнбелi құлыпты қолданбауды, жеңiл ашылып шығу-кiрудi (есiктердi, қақпаларды) қамтамасыз ете отырып, трибуналардың, эвакуациялау жолдарының дайындығын, қызмет көрсетушi адамдардың болуын, олардың қызметтiк нұсқаулықтарына сәйкес сатылған билет, соның iшiнде автокөлiкке берiлген рұқсат қағаз туралы ақпараттарды және iс-қимылын бақылауды; iс-шараларға қатысушыларды орналастыру үшiн орындарды, қоғамдық тәртiптi сақтау қызметiн, қызметшiлердi, көпшiлiк қолданатын орындарды, үй-жайларды арена мен аумақтың санитарлық-гигиеналық тәртiбiн, өрт сөндiру құралдарының дайындығын; спорттық iс-шараларды өткiзуден екi күн бұрын iшкi iстер және өрт қауiпсiздiгi мемлекеттiк органдарына алда өтетiн iс-шараға келетiн көрермендердiң болжамды саны туралы ақпарат берудi; көрермендермен, әсiресе, жастар және жасөспiрiмдермен тәрбиелiк және түсiндiру жұмыстарын, тәртiп және өрт қауiпсiздiгi үгiттерiн жүргiзу, осы ретте көрнекi үгiт-насихатты, жергiлiктi радиотарату желiсiн пайдаланады; өрт қауiпсiздiгi мемлекеттiк органдарының мiндеттi келiсiмiмен су құбырына орналастырылған өрт техникасын орналастыруды өрт техникасының спорттық ғимараттарға еркiн кiрудi және жақындауды спорт ғимараттарында (көрнекi жерлерде) қауiпсiздiк белгiлерiн, көрсеткiштердi, көрермендер тәртiбi ережелерi мен плакаттар, өрт қауiпсiздiгi шаралары туралы нұсқаулықтар мен эвакуация жоспарларын iлудi; спорттық-техникалық құрал-жабдықтардың жарысты өткiзу ережелерiне сәйкес келуiн, олардың функционалдық және табельдiк белгiсiнiң жарамдылығын; көрермендер мен қатысушыларды iс-шаралар жарнамасымен, ақпараттармен, спорт ғимаратынан эвакуациялау тәртiбiн функционалдық және табельдiк белгiсiмен бұқаралық-спорттық iс-шараларға билеттер таратуды; бақылау-өткiзiлiм тәртiбiмен қатысушылар және көрермендердi ареналар мен трибуналарға билеттер мен рұқсат қағаздарына сәйкес орналастыру; қоғамдық тамақтану, медициналық қызмет көрсету орындарымен бiрлесе отырып, сондай-ақ көлiк қозғалысы мен тұрақты, киiм шешу, сақтау бөлмелерiмен қамтамасыз етедi. Орны, трибуналары және секторлары көрсетiлмеген кiру билеттерiн сатуға және өту қағаздарын беруге, сонымен бiрге көрсетiлген нормадан асып кеткен билеттердi таратуға рұқсат етiлмейдi.

1 Заманауи спорт ғимараттары

1. 1 Спорттық ғимараттардың құрылу тарихы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жабық футбол манежі
Балалар футбол клубын ашу
Мектепке дейінгі ұйымдардың ғимараттары және жер телімдерін безендіруге қойылатын талаптар
Сәулет өнеріндегі модерн стилі
Газразрядты жарық көздері
Қала құрылыс шешімі
Қонақ үй ғимаратының орналастырылуы
Азиаданы өткізетін спорт кешендері
Қазақстан Республикасындағы ойын-сауық индустриясының заманауи жағдайы
Дене тәрбиесі қағидаларын, әрбір дене шынықтыру мұғалім
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz