Мұғалім педагогикалық әрекеттің субъектісі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Көкшетау университеті

Психология кафедрасы

Байғабулова Асель

Диплом жұмысы
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы мұғалімнің рөлі.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І-Теориялық
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..
1.1. Педагог мамандығының тарихи
аспектісі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .
1.2.Мұғалім педагогикалық әрекеттің
субъектісі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .
1.3.Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуі мен кәсіби
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
1.4.Педагогтың оқу үрдісіндегі педагогқа лайықты
сапалар ... ... ... ... ... ... .

1.5. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы педагогикалық
технологиялардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

II-Негізгі
бөлім: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы мұғалімнің
ықпалы ... ... ... ... ... ... ... . .
2.2. Оқу-тәрбие үрдісінде жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамытудағы
мұғалімнің қолданылатын әдіс-тәсілдері ... ... ... ... ... . ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Өмірде ұстаз болу қандай
бақыт,

Санатпай сырғып өткен зымыран
уақыт.

Жарты ғасыр өткенің білмей
қаппын,

Жүргенде шәкірттерге дәріс
оқып.

Ұстазға қойылатын талапта
мол,

Мәдениетті, турашыл әдепті
бол.

(Шахма Баймырзаұлы)

Адамның бойында жақсы адамгершілік қасиеттердің болуы, өнер –білімді
игруі, үлгі-өнеге берер ұстазға байланысты. Халқымыз Ұстазы жақсы-ұстамы
жақсы, Тәрбиесін тапса адам болар, оқуын тапса тәрбиеге байланысты
қасиеттерi үздiксiз және бiртұтас бiрлiкте жүзеге асырылады, іске қосылады
дамып, жетiлiп отырады.

Өнер-білім халқының сауаттылығы қай елдің болсын баға жетпес байлығы.
Халықтың рухани мәдени дәрежесін көтеру, жас ұрпақты жан-жақты білімді
етіп тәрбиелеу мақсатында еңбек ету әрбір педагогтың міндеті. Қоғамдық
қатынастар мен саяси экономикалық саладағы өзгерістер тәуелсіз елдің
білімді ұрпағын қайта тәрбиелеу қажеттілігін туындатады.
Әрбір күн өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып
қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ – жас ұрпақты білімді етіп
тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілік жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз
ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені
еліміздің ертеңгі-бүгіні жас ұрпақтың қолында. Ал ұрпақтың білмді, саналы
болуы ұстаздарға байланысты екені даусыз. Мұндай өзгерістердің болуына
себеп болған білім берудегі ғаламдық дағдарыс. Бұл дағдарыстың мәні
қоғамдық өмірдің қарқынды дамуы мен қоғамның өмір сүру жағдайларымен жедел
бейімделе алмаған білім саласы арасындағы қарым-қайшылықтың туындауында
жатыр. Бұл терминді ЮНЕСКО 1991 жылы әлемдік білім бер саласы бойынша
Париждегі отырысында қабылданды. Бұл дағадарыстың пайда болуында бірнеше
себептер бар.
- халықтың білім алуға деген құштарлығын, сол кездегі қызмет көрсетіп
жатқан мектептер қанағаттандыра алмады;
- қаражатттың жетіспеуінен білім беру жаңа талаптарға сай келе алмады;
- жаңа талаптарға білім беру жүйесі іштей өте баяу түрде бейімделді;
- білім беру мен мәдениет арасындағы алшақтық;
- білім беру сапасының төмендеуі;
- жастардың арасында теріс қылықтардың пайда болуы;
Бұл дағадарыстан шығу үшін мектеп пен қоғамның өзара бір-біріне
икемделу жолдарын іздестіру қажеттілігі туып отыр. Оның түпкілікті шешімі
білімнің дәстүрлі түрін.
Қазақстанда бұл дағдарыс білім беру жүйесінде де көрініс алды. Бұдан
шығу үшін еліміз білім берудің құқықтық негізін құрудан бастады. Ең
алдымен ел басымыз Н.Ә.Назарбаев халыққа жолдауында (2030) білім беруге
мынадай мақсат қойған:
Білім берудің жңа ұлттық модулін әзірлеу және оны жүзеге асыру.
Сондықтан білім беру жүйесі жаңа бетбұрыс алуда. Білім беруді ізгілендіру
мақсатында 1994 жылы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы қабылданды. Бұл
тұжырымдаманың басты міндеті бүкіл тәрбие, білім беру, оқу-ағарту міндеті
және мәдени кешенін гуманистік бағдардағы адам тәрбиелеуге жұмылдыру. Осы
құжаттардың арасындағы ең бастысы 1999 жылы қабылданған Білім беру заңы.
Бұл заңды білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және адамзаттық
құндылықтар. Ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды
қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін
қажетті жағдайлар жасалған. Бұл міндетті іске асыру үшін мынадай
принциптерді білім беру заңында көрсетілген:
1. Қазақстан Республикасының барлық азаматтары білім алуға құқылы.
2. Әр азаматтың ақыл-ойының дамуы мен дара және психо-физиологиялық
ерекшеліктерін ескере отырып, білім алудағы жеңілдік беру.
3. Білімнің зайырлығы.
4. Тұлғаның білімін жетілдіру және дарындылықты дамыту.
5. Білім беру процесінің үздіксіздігі, білім мен тәрбиенің бірлігі.
6. Білім беру мекемелерінің оқыту және тәрбиелеу формаларына қарай
әртүрлілігі.
7. Білімді басқарудағы демократиялық көзқарас.
8. Білімнің гуманитарлық және дамытушылық күйде болуы.
9. Білімді, ғылымды және өндірісті интеграциялау.
10. Оқушыларды кәсіптік бағыттау.
11. Білім беру жүйесін ақпараттандыру.
Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының
алмасуы оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі. Көп, нұсқалық оқытуға көші
сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалалық жөні бөлек
көзқарастарды, жұмыстың жоғары сапасын және қабілеттілікті талап етеді.
Шығармашылық – бұл адам өмір шыңдығында өзін-өзі танудағы ұтымды,
ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы,
дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет.
Адам бойында қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның
рухани күшін нығайтып өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам
туынды ғана емес жаратушы да. Ол өзін-өзі жетілдіруге де, сонымен қатар
өзін-өзі жоюға да қабілетті.
Адамның өз болмысын тануға ұмтылысына көмектесіп, тереңде жатқан талап-
тірегін қабілеттерін дамыту сол арқылы оған толқынды өмір сүру үшін рухани
күш беру білімнің басты мақсаты. Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі
мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып әдіс-тәсілдің
озығы өмірге келуі олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін
қабілеттерін дамыта шығармашылығын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет.
Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір
сүре алатын азаматтарды тәрбиелеп шығарамыз. Сондықтан бұл бүгінгі
көкейтесті мәселені дипломдық жұмыстың тақырыбын Оқушылардың шығармашылық
қабілетін дамытудағы мұғалімнің ролі деп алып, қазіргі кезде шығармашылық
тұлғаны дамыту үшін жасалып жатқан әдіс-тәсілдерді жан-жақты ашуға
тырыстым. Бiз бұл жұмысымда бұларды егжей-тегжейлi ашуды мақсат етпедiм.
Оқу жұмысын тиiмдi ұйымдастыру үшiн қажеттi болып келетiн қабылдау,
ерiкжiгер эмоция, т.б. психикалық проңестердi дидактикалық тұрғыда
қарастыруды жөн көрдiм.
Диплом жұмысым екі тараудан, кіріспе қорытынды және қолданған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде оқытушының, оқушылардын негізгі іс-әрекеті екенін түсіндіріп
қойған мақсатыммен мәселеммен таныстырдым
Мақсаты: Оқу-тәрбие үрдісінде оқушының шығармашылық қабілетін
дамытуда мұғалімнің ролін анықтау, тиімді жолдарын көрсету.
Объектісі: Оқу-тәрбие үрдісінде оқушы мен мұғалімнің әрекеті.(2 сынып
оқушылары және жетекші мұғалімі)
Пәні: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда қолданылатын
әдіс-тәсілдер және мұғалімнің рөлі.
Ғылыми болжамы: Егер тәрбие үрдісінде мұғалімнің кәсіби сапасы, кәсіби
жарамдығы кәсіби дайындық ролдері дұрыс бағытта
анықталса, онда оқушылардың бойында шығармашылық
қабілеттерін дамыту, қарқынды байыту.
Міндеттері: 1. Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің рөлін айқындау.
2. Мұғалімге қойылатын талаптар мен мұғалімнің кәсіби келбетін
белгілеу.
Ұстаз өмірдің шуағы мен нәрін себуші, берілмес қамалдардың алыбы. Оның
мынау аумалы-төкпелі замандағы адам ретіндегі, мұғалім ретіндегі миссиясы
– маңайындағы адамдардың, алдарындағы оқушылардың ішкі сезімін оята білу.
Мұндай жауапты да ауыр жүк арқалап жүрген ұстаздарымыздың ішкі жан дүниесі
мен сыртқы бет-бейнесінде үйлесімділік, сауаттылық, жарасымдылық болу қажет
деп ойлаймыз.
Адам баласының әрбір іс-әрекетінің технологиясы ойластырылып, техника
құралдарымен алмастыру мүмкіндіктеріне жетіп отырғанымыз, біздің даму
сатысының ең жоғарғы белестеріне жеткендегіміздің бірден бір куәсі.
Бүгінгі мұғалім осы заманға лайық па? Мұғалім бейнесін суреттейтін болсақ,
ол біріншіден 45 минуттың қожайыны; екіншіден мектеп, аудан көлеміндегі
барлық іс-шаралардың ұйымдастырушысы; үшіншіден барлық тексерудің соңғы
нүктесі.
Мұғалім мәртебесін көтерудегі іс-шаралардың қолға алғанымен, мұның
гумандық дәрежеде орындалуының ауылы алысырақ. Өйткені әр адамның
біріншіден өзіне деген көзқарасы өзгере қойған жоқ. Әркім өзіндік Мен
дәрежесінде өзін көрсетуге жете қойды деу артық, әлі де болса, жоғарыдан
келген жоспарға сүйену, иек арту орын алып отыр. Көп жағдайда мұғалімнің
осындай халге ұшырауына тек мұғалімнің өзі ғана жауапты. Бұлай деп айтуға
толық дәлел бар. Мысалы, 15-20 жылдық еңбек стажы бар ұстаздарымыздың әлі
де болса, өз әдіс-тәсілдерін талдаудан, өзіндік методикасын жетілдіріп,
өзіндік технологиясын жасаудың орнына дайын әдіс-тәсілдерді енгізуіне,
елдің аузында барды оңтайлап өзіндік етуге құмар. Аттандап, алыстан келген
технология біздің ауыл мектебінің психологиясына, даму дәрежесіне лайық па,
жоқ па, ол жағы көп ойлануды қажет етпейді.
Жетістіктерге қашан жетеміз? Оң-солымызды жіктеп, барымыз Бен жоғымызды
толық талдау жасалған уақытта жетуге болады деп ойлаймыз. Әрқашанда
алдымызға Мен кіммін?, Маған не керек? деген сауалдардың тһңірегіде
өзімізді жетелеп, өз орнымызды анықтағанда ғана, дәл осындай сауалдар
төңірегінде оқушыларымызды ойландыра, жетелей білсек, белгілі бір нәтижеге
жүйелі түрде жетуге болады. Осы орайда, ауыз толтырып айтарлықтай мендік,
өзіндік қасиеттері қалыптасқан ұстаздар ұстаз мәртебесінің біріншіден
мұғалімнің өзіне тікелей байланысты екендігін айқындай түседі.
В.А.Сухомлинскийдің айтуы бойынша, нағыз мұғалім балаларды сүйетін, өз
пәнін жетік меңгерген, психология мен педагогиканы терең білуі тиіс.
Тәрбиелік, жоғары мәдениеттілік, өз пәніне, ең бастысы, балаға деген
сүйіспеншілік-мұғалімнен талап етілетін басты мәселе. Мұғалім мен оқушының
қарым-қатынасында балалардың мұғалімге деген жақсы көрушіліктен барынша
шалғай жатқан қорқыныш, сыйламау, жек көру сияқты сезімдерді бастан
кешіретіні жиі кездеседі. Бұл мұғаліммен оқушының жеке бастарының ара
ақтысы мен оқыту әдістерінің сапасына байланысты.
Ізгілендіру принциптері оқытудың әдіс-тәсілдеріне мынадай талаптар
қояды:
- мұғалімнің оқыту негізінде билік жүргізу әдісінен арылуы;
- оқыту үрдісі негізінде – білім беретін мұғалім емес, осы білімді
қызыға қабылдауға дайын оқушы екендігі, балалардың оқуға деген ынтасын
күшейту, өз дербестігін дамыту;
- оқу-тәрбие жұмысына үтымды жүргізу үшін баланың табиғи талабын,
қасиетін дер кезінде айқындау.
Ізгілік бағыттың негізгі идеялары:
- оқушылармен ұнамды қарым-қатынас;
- қысым көрсетпей, еркін ұстау;
- оқушы еңбегін бағалау;
- тұлғаны дамыту;
- өзіндік көзқарас;
- өзін-өзі сыйлау идеясы;
- өз пікірін білдіру.
Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім және жақсы тәрбие
алған шәкірттерінде. Мұғалімнің сабақтағы қолданған әдістері оқушыға әсер
етуіне қарай бағаланып, өз алабына сай орындалып отыруы тиіс.
Мұғалім үшін кәсіби біліктілігін арттырудың бір жолы – жеке
кітапханасының болуы. Мұғалім үнемі оқып, ізденіп жүргенде ғана мқғалім.
Халық педагогикасының алтын қазығы, тағылымы мол қағидаларын бүгінгі күннің
өршіл жаңалықтарымен ұштастырып өтырудың ұстаз үшін орны ерекше.
Білім беру жүйесінде кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау
институты қала мұғалімдерінің білімін жетілдіріп, оларға дер кезінде жан-
жақты әдістемелік көмек көрсетуде атқаратын қызметі зор. Ұжымның алдына
қоыған ауқымды мақсаттары мынадай:
- білім беру қызметкерлерінің кәсіптілік біліктілігін арттыру;
- білім беруде жаңа бын шеберлігі мен біліктілігін жетілдіру;
- мұғалімдердің біліктілігін арттырудың мемлекттік жүйесінің кеңінен
дамуын қамтамасыз ету.
- білім беруде ғылыми-әдістемелік көмек ұйымдастыру.
Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін біліктілікті арттыру курстары, арнайы
семинарлар, семинар-практикумдар, мұғалімдердің өз бетінше білімін көтеру
жолдарын қамтамасыз етеді. Білім беру жүйесіндегі кадрлардың біліктілігін
арттыру және қайта даярлау институтында білім жетілдіру курстары педагог
кадрлардың біліктілігін арттыруда – бұл мектепті жаңарту мәселелеріне
сәйкес оның кәсіби шығармашылық даму үрдісін ізгілендіру болып табылады.
Чғни, шығармашылық даму – адамның алға қойған мақсатын дұрыс шешуі.
Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігі мен таланытын шыңдаудың тағы бір жолы
– алуан түрлі сайыстар өткізу. Бұл сайыстарда заман талап етіп отырған
оқытудың жаңа педагогикалық технологиясы мен жаңа бағдарламаға сай
педагогикалық тәжірибелер, ғылыми зерттеу жұмыс түрлері көрсетіліп, инстиут
қорына кіруде. Осындай жұмыстардың түрлері арқылы мұғалімдердің
зерттеушілік мәдениетін көтеруге жол қойылды.
Мұғалім – мектептің жүрегі. Жүрек арқылы қан тамырлары тіршілік беріп,
жан бітіріп тұратын болса, мұғалімсіз ешқандай оқулық, кітап, әдістемелік
құралдарға жан бітпейді, яғни олар мұғалімсіз – жансыз дүние болып қала
береді. Сонымен қатар адами қасиеттерін де дамыту, бала бойына сіңіру мен
қалыптастыруда мұғалімнің алатын орны ерекше.
Мұғалімдер адам жанының хирургі деп бекер айтпаса керек. Сондықтан
ең алдымен мұғалімнің жеке тұлғасы мен оның кәсіптік мәдениетіне айрықа
көңіл аудару қажет. Біріншіден, қай қоғамда болмасын мұғалім сол қоғамның
белсенді мүшесі, белгілі бір әлеуметтік топ болып саналады. Сондықтан
қоғамда болып жатқан әлеуметтік, саяси-экномикалық, рухани өзгерістер мен
жаңалықтардан тыс қала алмайды. Сол қоғам қажеттілігі мен сұранысына,
мемлекет жүргізіп отырған саясатқа тәуелді болатыны сөзсіз. Осыған орай
оқыу мен оның формалары да жаңғырып, заман талабына сай өзгеріске түсіп
отырады. Сол себептін де мұғалімдерді даярлау және міндеті бастыв мәселе
болып табылады.
1. Мұғалімнің шығармашылық еңбек етуіне қолайлы жағдай жасау.
2. Әлеуметтік жағдайына назар аударып, басқа жағдаяттар мен өзін ұжымды
еркін сезініп, талапты еңбек етуі мен іс-әрекетіне жауапкершілік
туғызу.
3. Мұғалімдердің білім жетілдіру институттары мен ғылыми орталықтардың
арасындағы байланысты тұрақты жүйні арттыру.
4. Заман талабына, қоғам сұранысы мен қажеттілігіне сәйкес әлемдегі және
бүгінгі озық іс-тәжірибе, жаңа технологиялар инновациялық әдістермен
ұдайы қаруландырып отыру.
5. Шығармашылық ізденісі мен еңбегіне толық еркіндік бере отырып, оқытуды
ізгілендіру мақсатындағы талап пен тілектеріне, өзіндік іс-тәжірибесіне
тартуға мүмкіндік туғызу.
6. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы үшін қажетті
бағыт-бағдар беру, кәсіптік шеберлігін арттырып отыруға бағытталған түрлі
курстар мен семинарлар, конференциялар өткізіп тұру қажет.
7. Мұғалімнің қоғамдағы белсенділігін арттыру үшін кәсіптік мәртебесі және
әлеуметтік беделіне үнемі көңіл бөліп отыру. Алдымен мұғалім электронды
ақпараттық құралдармен жабдықталуы қажет.
8. Әлеуметтік қорғалуына, мұғалім мәртебесінің өсуіне әлеуметтік
жеңілдіктер мен ынталандыру жолдарын қарастыру керек.
Педагогтың жеке тұлғасын қалыптастырудағы мектеп басшысының рөлі:
- ұжымдағы орнықты моральдік-психологиялық ахуал қалыптастыру;
- мектеп ұжымының алдындағы мақсат пен міндетінің айқындылығы, соған
байланысты ортақ іске жұмылдыра білдіру шеберлігі дәрежесінің болуы;
- жұмысқа қабылданған жас маман мұғалімінің психологиялық, этикалық
ерекшелікті нақты білуі керек;
- кәсіптік шеберлігінің артуына, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, өз
білімін көтеруіне жағдай жасау, еркіндік беру. Кәсіптік санатының өсуіне
көңіл аудару;
- жаңа технологиялармен қарулануын, әдістемелерінің түрленіп тұруына
бағыт беру;
- еңбекке ынтасын арттыру жолдарын қарастыру. Әлеуметтік жағдайын
назарда ұстау;
- шығармашылыпен жұмыс істейтін мұғалімдерді ынталандырып отыру;
- мұғалімнің өзара сенімділік пен достық, әріптестік
жауапкершіліктерін арттыру;
- өз мамандығына деген мақтаныш пен сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру;
- кадрлар тұрақтылығы, мұғалімнің оқушы алдындағы беделі мен
мәртебесінің өсуі.
- мұғалімнің оқыту процесіндегі жетекші рөлінінің орнын басты назарды
ұстау арқылы ғана мұғалімнің жеке тұлғасы мен кәсіптік мәдениетін көтере
аламыз.
Міне, осындай жағдайларды ескере келіп, мұғалімнің жеке тұлғасы, оның
кәсіптік мәдениетінің өрістеуіне жан-жақты көмек, көңіл бөлу, жағдай
жасалуын ескерген жөн.
Сондықтан да ұстаз алдындағы басты міндет – ХХІ ғасырдың есігінен
еркін енетін, дүниежүзілік мәдениетті танитын, төл мәдениетін құрметтей
білетін, рухани дүниесі бай интеллектуалдық өрісі кең, білім жоғары,
құқықтық-құжаттық мәдениеті заман талабына сай белсенді ұрпақ тәрбиелеу.
Білім қызметкерлерінің ІІ съезінде Болашақта еңбек етіп, өмір
сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылар, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе
Қазақстан мемлекеті сол деңгейде болады. Сондықтан да Ұстазға жүктелетін
міндет ауыр деген болатын. Шынында да, қазіргі заман мұғалімінен өз
пәнінің ғана терең білгірі емес, тарихи танымдық педагогикалық-
психологиялық сауаттылықты, саяси экономикалық білімділікті талап етуде.
Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар,
шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісінде еніп жатқан жаңа
технологияны шебер меңгергенде ғана білігі мен білімі жоғары жеке тұлға
ретінде ұлағатты бола алады.

1.2. Мұғалім педагогикалық әрекеттің субъектісі

Мұғалім кызметі өскелең ұрпақтың мәңгі өзгермелі арама -қайшылығы мол
жан дүниесіне ене білуде. Әлі толыспаған сәби жанын жасытып, жаралап
алмауын әркашан да есте сактау кажет. Педагогтың балалармен шынайы достык
арым- атынасын ешбір оулыкпен алмастыруға болмайды.
Мұғалімді адам жанынын инженері, мінез - құлық сәулетшісі, ауру шипагері
акыл ой мен естің жаттыктырушысы. ой мен сезім дирижері, адамнын алғашқы
қылығынын әділ қазынасы. Жас өркенді мәпелеуші бағбан...деп атайды. Осының
бәрі - таза шындык. Бірак басқа мамандыктардан мүғалімдердің айырмашылығы
оларға өз еңбегінің жемісін бірден білу жазбаған. Олардың еккен жемісі
көгеріп көктеу үшін ұзак жылдар керек. Мұғалім өзіндегі әлде бір сотқар
баланың бір кезде жасампаздығы мен іскерлігін көру үшін саркылмас күш -
қайрат қажет. Осы күртакандай адамның болашақта туған жерімізді калай
байытып, түлететіндігін алдын ала көре білуі тиіс.
Бұл мамандыктың негізі білім беру ғана емес сонымен қатар тұлғаны
алыптастыру, адам адамды жасау. Сондыктан мұғалімнің жұмысы гуманистік
бағытта болуы тиіс.
Педагогикалық әрекеттің негізгі ерекшелігі: ол басынан ең соңына дейін
адамдар мен өзара әрекет процесі болып табылатындығында. Оның пәні адам,
еңбек құралы адам, еңбек нәтижесі де адам. Бұл педагогикалык еңбекте
мақсаты, міндеті, оқыту және тәрбиелеу әдісі тұлғалық қатынастар
түрінде іске асуы тиіс деген сөз. Бұл ерекшелік оның адамгершілік

аспектісінің маңыздылығын көрсетеді.
Ежелгі грек философы Платон егер етікші өз жұмысын дұрыс атқармаса
онда адамдардың киген киімі жұпыны болады, ал тәрбиеші өз міндетін дұрыс
орындамаса онда мемлекетте бірнеше ұрпақ сауатсыз және надан адамдар пайда
болады.
Мұғалім еңбегінің гуманистік бағыты оның баланың шығармашылығын дамытуға
арналған өмірлік позициясынан көрінеді. Гуманизм сөзі (лат. тілінен -
адамгершілік) деген мағынаны береді. Антика дәуірінде пайда болған бұл идея
көптеген ойшылдардың еңбектерінде орын алдьі. Адамды жоғарғы кұндылык
ретінде санау, оның тұлғасын күрметтеу кез келген халықтын мәдениетінін бір
бөлігі болып саналады. Адамға деген гуманистік қатынас оның жақсы
қасиеттерін қабылдап және бағалау ғана емес, ол адамды толығымен
кемшіліктеріне қарамастан қабылдау болып есептеледі. Гуманизм адамға
тұтастай кемшіліктеріне бағыну емес. керісінше оның осы кемшіліктерін жоюға
көмектесіп, одан әрі шығармашыл түрде дамуына жағдай жасау.
Гуманизм сөзі кең мағынада адамның құндылыктарын, қабілеттерін
көрсетіп оны одан әрі дамыту құқығын тану деген мағына береді. Бұл
мұғалімнің әрекеті оқушынын накты қызығуларына икемделуі тиіс деген сөз.
Педагог ұйымдастырған әрекет оқушыны оқытып қана коймай, сонымен катар онын
қоршаған ортамен келіспеушілігінің туындауына жол бермеуі керек. Тұлғаның
гуманистік бағыты жалпы адамгершілік құндылыктардын негізінде қалыптасады.
Мұғалім жұмысынын гуманистік бағыты онын жақсы әрекетінін негізгі факторы
болып есептеледі. Сондыктан мұғалім тәрбиеде және білім беруде гуманисгік
принципін ұстанғаны жөн. Өйткені ол адамдармен жұмыс істейді және
адамдардың бойында жақсы қасиеттерді қалыптастыруға ұмтылады.
Бұл айткан ойымызды дәлелдеу үшін әр жастағы оқушылар арасында
жүргізілген сауалнама нәтижесіне алынған мәліметтерге тоқталайык.
Окушылардың пікіріне сүйенсек , 5 сынып оқушылары
мейірімді, көңілді, керек кезіндс катаң талап қоя білетін, айткан сөзінде
тұратын, бағаны әділ қоятын, сабақты қызықты өткізе алатын мұғалімді
қалайды.
Жоғары сынып оқушылары мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен іскерлігінен
гөрі оның тұлғалык, адамгершілік қасиеттерін жоғары бағалайтындығы
анықталды. Олар жақсы мұғалім болу үшін ең алдымен
жақсы адам болу керектігін көрсетеді. Мұғалім жаза қолданбаушы, адам жанын
түсініп, оған көмек беруші, қиын жағдайдан алып шығатын жанашыр адам болуын
калайды.
Социологтар өткізген зерттеулерге жүгінсек 7 сынып окушылары ең
алдымен сабақта қызықты өтуін каласа, екінші кезекте оқушыларға деген
құрмет, әділдік. Үшінші қатарда талап кою және пәнін жақсы білу, содан
кейін балаға деген махаббат, ұстамдылык, шыдамдылык.
Окушылардың пікірі бойынша мұғалімнің нашар касиеттері -түсінбеушілік,
әділетсіздік, оқушыларға деген нашар қатынас, жағымсыз қасиеттердің болуы.
Оқушылардың пікірлерін ескере отырып әрбір мұғалім балалармен қарым -
қатынаста олардың әркайсысының табиғи ерекшеліктерін ескере отырып қатынас
жасағаны абзал. Сонда ғана мұғалім оқушылармен дұрыс тіл табыса алып,
олардың жүректерінен орын ала алады.
Мұғалімнің еңбегі бұл әр алуан әрекеттердің жиынтығы. Әрекет сөзінің
мағынасына токталсак ол даму, өзгерудің тәсілі ретінде тарихи формада
көрініс береді. Ғалым А.ІІ.Леонтьевтің айтуынша адам әрекеттері мынандай
структуралық бөліктерлен тұрады: мұқтаждық, түрткі, мақсат, міндет, әрекет,
операция.
С.Рубенштейн, Б.Теплов және т.б. ғалымдардың зертеулері әрекетте
адамның психикалық процестері дамып, акыл-ой, эмоционалдық, ерік -жігер
сферасы, қабілеттері мен мінезі қалыптасады.
Ал педагогикалық әрекет мақсатты түрде өтеді, себебі мұғалім өзіне
міндетті түрде мақсаг кояды. Кең мағыналы пелагогикалық әрекет ол адамдар
өмір бойы жинаған тәжірибені, мәдениетті ұрпақтан - ұрпаққа тарату, адамды
қоғамда белгілі бір әлеуметтік роль атқаруға дайындау және оның дамып,
жетілуіне қолайлы жағдай жасау.
Мұғалімнің аткаратын педагогикалық әрекеттерін ғалымдар В.А.Мижериков
және М.Н.Ермоленко мынандай негізгі екі түрге бөледі. Ол оқыту және
тәрбиелеу.
Оқыту - бұл мектепте оқушының танымдык әрекетін баскаруға бағытталған
мұғалімнің арнайы әрекеті. Оқыту педагогикалық процестің негізгі
компоненті. Педагогикалық процесте оқытуды мұгалімнің оқушылармен тығыз
байланыста әрекет ету процесі деп атайды. Бұл әрекет қандай формада өтсе
де, онда оқу процесінің белсенді түрде қатысуын талап етеді. Оқыту процесін
дайындап, жүзеге асыруда мұғалім келесі әрекет түрлерін орындайды: бір
жағынан оқушыларға беретін мағлуматты саралап, жүйелесе; екінші жағынан оқу
жұмысынын әдісін және білім берудін жүйесін ұтымды ұйымдастырады.
Ғалым И.П.Пидкасистидің айтуынша оқыту әрекетінің пәні ол оқушынын оқу
таңымдык әрекетін ұйымдастыра білу, ал өз кезегінде мұғалімдер жағынан
педагогикалық басқару мынандай компонентерден тұрады:
- Оқыту үрдісінін әр түрлі формаларын ұйымдастыруда өзінін және
оқушылардың әрекетін жоспарлау;
- Оқушының білімді кабылдау және оны тәжірибеде қолдану
тәсілдерін меңгере алу белсенділігін ынталандыру;
- Оқушылардын тапсырмаларды сапалы орындауын қадағалау:
- Оқу нәтижелерін саралау, болашақ нәтижелерді болжау;
Бұл педагогикалық үрдісте мұғалім оқытуға үлкен мән беріп, оны дұрыс
ұйымдастыра алуы тиіс деген сөз.
Мұғалім әрекетінің келесі түрі - тәрбис жұмысы. Ол оқушынын дұрыс
дамуына жағдай жасайтын әр түрлі әрекет түрлерін басқару, тәрбиелік ортаны
қалыптастыруға бағытталған әрекет түрі.
Оқыту және тәрбиелеу бір процестің екі жағы. Олар бір - бірінсіз
жүрмейді. Оқытуда тәрбиелік әсер етпей болмайды. Керісінше тәрбиелеуде
міндетті түрде оқыту элементтері қолданылады.
Алайда олардың айырмашылықтары да бар екендігін ескерген жөн. Оларды атап
өтсек: оқытудын уакыты бар және ол шектеулі, ал тәрбие үздіксіз жүретін
процесс. Оқыту тәрбиелеуге қарағанда ұйымдастыру және жүзеге асыру жағынан
оңай процесс.
Бұнымен қоса ғалымдар В.В.Краевский. Н.Я.Лернер және М.Н.Скаткин білім
мазмұнының білім және білікпен қоса шығармашылық әрекет және қоршаған
ортаға эмоционалды қатынас тәжірибесі компоненттерін қосады. Бұл
компоненттер тәрбие мсен оқытудын бірлігінсіз жүзеге аспайды.
Көрнекті неміс педагогы А.Дистервег тұтас педагогикалық процесті
тәрбиелік оқыту және оқытудағы тәрбиелік бірлік ретінде түсінген.
Бұл аталған әрекет түрлерін қоса ғалымдар мұғалімнің осылар мен қатар
атқаратын әрекет түрлерін көрсеткен. Олар:
- Мұғалімнің өзін - өзі оқыту және тәрбиелеу әрекеті:
- Басқарушылык оқу мекемелерін басқару;
- Ұйымдастырушылык - оқушылардын мектепте және мектептен тыс тәрбие
шараларын ұйымдастыру;
- Әдістемелік жаңа педагогикалық тәжірибелерді, ғылыми
жетістікгерді меңгеру;
- Мектепте және мектептен тыс үйірме жұмыстарына қатысу;
- Ғылыми зерттеушілік;
Қорыта келгенле педагогикалық әрекет мұғалім оқушынын танымдык
қызығушылығын дамыта алса, сабақта шығармашылық жағдай ұйымдастыра алса,
басты екі педагогикалық әрекетті дұрыс ұштастыра алса ғана жемісті болады.
Педагогикалық әрекеттің негізгі компоненті оның түрткілері.
Л.И.Божовичтің айтуынша түрткі ретінде сыртқы орта - заттары, ойлар,
сезімдер бола алады. ІІ.И.Конюховтің анықтамасы бойынша түрткі -тұлғаның
әрекетін анықтайтын тұрақты себеп, талаптардың жиынтығы. Ол тәрбие
процесінде қалыптасады. Түрткілердің құрылымдық компонентерінс көңіл
аударсак ғалым Б.И.Додонов оның төрт түрін көрсеткен: әрекеттің өзіне
қанағат алу; тұлғаға әрекет нәтижесінің мәнді болуы; әрекет үшін марапаттау
түрткісінің басым болуы; тұлғаға қысым көрсету. Мотивтердің жалпы
аспектісін айтканда Л.Маслоудың мұқтаждык үшбұрышын айтпай кетуге
болмайды. Онла бір жағынан адамнын әлеуметтік, интерактивтік тәуелділігі
көрінсе; екінші жағынан оның танымлыкқ өзін -өзі жетілдіруіне байланысты
өзіндік табиғаты көрінеді.
Ал педагогикалық түрткі бір жағынан педагогикалық
әрекеттін себептерінін әрекеті: екінші жағынан мұғалімнің
құнлылық бағыт -бағдарын білдіретін себептер жиынтығы.
Педагогикалық әрекеттің мотивтерін ішкі және сырткы деп бөлуге болады.
Сыртқы түрткілерге жатады:
- Белгілі бір білім мекемесінде жұмыстын беделді болуы:
- Жеке және кәсіби өсуге мүмкіндік жалақынын жақсы болуы:
- Өзін - өзі жетілдіруге мүмкіндік;
Ішкі түрткілерге өзінің әрекетін үрдіске және онын нәтижелеріне
бағыттау.
Мұғалімнін педагогикалық әрекеті нақты жағдайда
әртүрлі
міндеттерді аткару негізінде жүзеге асады. Өзінің шсберлігін шыңдап, кәсіби
жетілуі үшін мұғалім псдагогикалык әрекеттің құрылымы мен міндеттерін білуі
тиіс. Ғалымдар Н.В.Кузьмин, В.А.Сластенин, А.И.Щербакова оқу - тәрбис
процесінін төмендегідей міндеттерін көрсетеді:
1. Педагогикалык әрекеттің диагностикалық функциясы. Ол
оқушыны таным, оның даму, тәрбиелік деңгейін анықтаумен тығыз байланысты.
Оқу тәрбие процесін окушының психологиялық дамуының ерекшеліктерін ақыл -
ой, адамгершілік тәрбиелігінің деңгейін, отбасылык өмірін білмей жүргізуге
болмайды. Ол үшін мұғалім оқушының қызығушылықтарын, мектептен тыс әрекет
түрлерін біліп, байкампаз болуы қажет.
2. Педагогикалық әрекетін бағдарлаушы - болжаушы функциясы. Ол
мұғалімнін тәрбие бағытын, әр түрлі денгейінін нақты мақсат, міндеттерін
анықтап, оның нәтижесін болжай алу біліктілігінен көрінеді. Бұл
функция оқу - тәрбие процесінің мақсатын, әдісін, формаларын жетілдіруге
мүмкіндік береді.
3. Педагогикалық әрекеттің құрылымдык
жоспарлык функциясы. Бұл мұғалімнін болжаушылык функциясымен тығыз
байланысты. Мысалы: егер мұғалім окушының ұжымдық
қатынастарын нығайтуды жоспарласа, ол үшін ең алдымен мұғалім тәрбиелік
жұмыстын мазмұнын жоспарлауы тиіс. Бұл әрекеттерді іске асыру үшін сммм
мұғалім психологияны, педагогиканы, ұжымды ұйымдастыру тәсілдерін,
формаларын жетік меңгеріп, өзінің шығармашылық қиялын дамытып
отыру қажет. Осыған сәйкес бұл функция мыналарды қамтамасыз етеді:
- Оқушы меңгеретін оқу материалдарының мазмұнын
ұйымдастыруды және іріктеуді;
- Оқушының әрекетін жоспарлауды:
- Оқушымен әрекет оқу үрдісінде өзінің әрекетін жоспарлауды;
4. Педагогикалық әрекеттің ұйымдастырушылық функциясы. Ол оқушыны
жоспарланган тәрбиелік жұмысқа қатыстыра алу, оңы ынталандыру
қабілеттерімен тығыз байланысты. Ол үшін мұғалім оқушыларды оқытып
тәрбиелеудің нақты міндеттерін анықтап,
бірігіп жұмыс істеуді жоспарлап, оқушының атқаратын міндеттерін дұрыс
бәліп, орекеттердің жүргізілу барысын кадағалап отыруы тиіс.
5. Педагогикалык әрекеттің акпараттық түсіндірмелік функциясы.
Оның маңыздылығы барлык оқу - тәрбие үрдісі ақпарат процесіне
негізделгенімен анықталады. Білімді меңгеру, әлемге деген көзқарас,
адамгершілік - эстетикалык ойларды меңгеру оқушыны дамытып қалыптастырудың
негізгі тәсілі. Бұл жағдайда мұғалім оқу- тәрбие процесін ұйымдастырушы
ғана смес. сонымен қатар ғылыми. адамгершілік эстетикалык ақпараттарды
таратушы ретінде көрінеді.
6. Педагогикалық әрекеттің коммуникативтік-ынталандырушылык
функциясы, мұғадлімнің адамгершілік мәдениеті, өзіндік тұлгасы қарым -
қатынас мәдениетінін оқушыға калай әсер ететіндігінен көрінеді.
Мұғалімнің өзінің белсенді әрекетімен оқушыны ынталандыра алуынан
көрінеді. Бұл әрекетке балаға деген сүйіспеншілік, махаббат камкорлық
көрсету жатады.
7. Педагогикалык әректін бағалау - талдау функциясы.
Педагогикалық әрекетті жүзсге асырғанда мұгалім оқыту және
тәрбиелеуге талдау жасасак оның жақсы жақтары мен кемшіліктерін анықтап,
нәтижені койған міндеттермен салыстырып отыруы тиіс. Өкінішке орай көп
жағдайда мұғалімдердін бұл функпиясы дұрыс жүзеге аспай жатады.
8. Педагогикалық әрекеттін шығармашылық - зерттеушілік
функциясы. Бұл функция әрбір парасатты, терең ойланатын
мұғалімнің жұмысында кездеседі.Педагогикалық функцияның бұл екі компоненті
де маңызды. Өйткені мұғалімнің педагогикалық теорияны қолдануы үлкен
шығармашылыктыі талап етеді. Бұл әрекетгің екінші жағы белгілі теориядан
тыс тұрған немесе оны жетілдіретін жаңа ойларды түсініп, оны дамытумен
тығыз байланысты.
9. Педагогикалық әрекеітің гностикалық функциясы төмендігілерді зерттеуді
қарастырады:
- Басқа адамдарға әсер ететін тәсілдер және олардың мазмұны;
- Адамдардың жас және жеке - психологиялык ерскшеліктері;
- өз әрекетінің ерексшеліктері мен нәтижесін жақсы жақтары мен
кемшіліктерін білу;
Бұл функция адамның баска адамды дұрыс кабылдап,
түсініп, бағалай алу кабілетімен тығыз байланысты.
Осы функцияларды дұрыс байланыстырып жүзеге асырған да ғана мұғалім өз
біліктілігін арттырып, шеберлігін шыңдауға жол ашады. Аталған функцияларды,
педагогикалық әрекетті жүзеге асыруда жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін
мұғалім жан - жақты кабілетті болуы тиіс.
Қабілет дегеніміз жеке адамнын белгілі іс - әрекеттің нәтижесін
танытатын психологиялық касиеті.
Ф.Н.Гоноболинңің классификациясының негізінде Б.П.Зязюн мұғалім
қабілеттерінін 8 түрін береді.
1. Перцептивтік кабілеті оқушынын психикасын түсіне білу, оның
орнына өзін коя білу;
2. Коммуникативтік қабілеті қарым -қатынас құра білудегі іскерлігі
(әдеби сезімталдыгғы, мейірімділігі, адалдығы, тез тіл табыса алуы);
3. Ұйымдастырушылық қабілеті - балалар ұжымын біріктіре, басқара білуі;
4. Конструктивтік кабілсті (болжай білуі) баланын болашақ қылығын
болжай біліп, дұрыс шешім таба білу;
5. Интеллектулдык кабілеті (дидактикалық) білімі және оны жеткізе алу
жолдарын меңгеру;
6. Экпрессивтік қабілеттері - өзінін ойын, сезімін, білімін
сыртқы кабілеттер арқылы жеткізу. (тіл, мимика, пантомимимка, жест);
7. Суггестивтік қабілеттері - өзінің еркі арқылы оқушыға, баска адамға
әсер ете білуі;
8. Қолданбалы кабілеттері баска салалардан білімі (өңер, спорт, т.б.);
Н.В.Кузьмина мұғалімнің қабілеттерін 6 түрге бөледі.
1. Коммуникативтік:
2. Перцептивтік;
3. Мұғалімнің өзгеріп отыруын баскаларға ыкпал ете сендіре білуі;
4. Эмоционалдык ұстамдык;
5. Болжай білу:
6. Шығармашылык қабілеті;
Мұғалімнің аткаратын әрекеті қарым- қатынасқа негізделеді. Сондықтан
ол өз еңбегінде қарым - қатынаска үлкен мән беруі тиіс.
Мұғалім оқушылармен жұмыс істегендіктен ол дұрыс қарым -қатынас жасай
білуі тиіс. Қарым- қатынас мұғалім мен оқушының мақсаты бар педагогикалык
мәселелерді шешу кезіндегі сөз, кимыл -козғалыс, ым арқылы бір бірімен
байланыс жасауы. Қарым- қатынастың іштей сөйлеуге байланысты көрінбейтін
жағы да болады. Ол сезімге, көңіл - күйге байланысты болатын қарым -
қатынас. Қарым- қатынастың шығармашылык жағдайы басқа адамның козқарасына,
кимыл- әрекетіне қарап түсіне білуі. Балалармен қарым - қатынас жасаудың
психологиялык жолы - оның жеке басының жай күйін, жалпы психологиялық
жағдайын, өзінің жеке педагогикалық дербесгігінді ескеру.
Қарым - қатынас жасау алуан түрлі функциялардан тұрады. Бұл
функцияларға ақпарат беруге, басқа адамнын жеке басын тани білуге

бағытталған міндеттер жатады.
Қарым -қатынасты оқытудың оқу функциясы жүзеге асыруды былайша қамтамасыз
етуге болады:
- Мұғалімнің оқушылармен тығыз психологиялык байланысы;
- Мұғалімнің оқушылармен оқыту процесін оқу әрекетіне айналдыру;
- Оқытудың қолайлы жағдайын жасау;

1.3. Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуі мен кәсіби дамуы.
Мектеп реформасының талаптарына сәйкес мұғалімнің жеке басын жетілдіру
міндеті ерекше маңызды болып отыр, өйткені мектептегі бүкіл оқу-тәрбие
процесі тиімділігінің табысты болуы көбінесе соған байланысты. Әрбір
мұғалім өз басының бағалы кәсіптік санасын, іскерлігі мен дағдысын
жетілдірудің, яғни өзінің кәсіптік тәрбиесімен шұғылдануының айрықша
маңызы бар. Кезінде көптеген көрнекті педагогтар өзін-өзі тәрбиелеудің
қажеттігін атап көрсеткен болатын. Мұғалім үшін қастерлі міндет өзінің
жеке басының тәрбиесін бүкіл өмірлік міндетіне айналдыруда - деп есептеді
А.Дистерверг.
Адамның өзін-өзі тәрбиелеуге қабілеті берілмейі, оған үйрену керек.
Тарихта әр бір ұрпақ адамдары өз заманының талаптарына сай келуі үшін өзін-
өзі жетілдіруге тиіс болды. Әрбір адам өзін-өзі тәрбиелеуде ең алдымен
оның мақсатын, әдістері мен тәсілдеріне, нәтижесін технологиясын меңгеруі
тиіс. Бұл өзін-өзі тәрбиелеудің компоненттеріне жатады. Оларға тоқталмас
бұрын өзін-өзі тәрбиелеудің қозғашуы күші туралы айта кетейік. Айталық,
мектепке жаңа келген мұғалімде өз бетімен жұмыс істеуде көптеген қиындықтар
туады. Оларды жеңі үшін жас маман өзін өзі жетілдіріп, тәрбиелеуі тиіс. Ол
үшін ең алдымен ол өз бойындағы сенімсіздіктен арылуы тиіс. Бұл кәсіби
түрде өзін-өзі жетілдірудің алғашқы қадамы.
Кәсіби түрде өзін-өзі жетілдіру дегеніміз – ол қазіргі педагогикалық
талаптарға сай келу үшін өзіңнің кәсіби және жеке қабілеттерін дамыту.
Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиеленуінің қозғаушы күші өзін-өзі жетілдіруге,
өзгертуге деген мұқтаждық. Бұл мұқтаждықтың басты себебіне мектеп
әкімшілігінің, ата-аналардың тұғалімге деген талаптарын жатқызуға болады.
Мектептегі талаптардың өзгеріп отыруы мұғалімнің үнемі өзін-өзі жетілдіріп
отыруын талап етеді. Өзін-өзі тәрбиелеу - өзіндік тұлғаңды өзгертуге
бағытталған жоспардан басталады. Бұл жоспардың негізінде өзіңді даму
деңгейінде қойылатын талаптармен салыстыру жатады. Осыған негізделе отырып
мұғалім өзін-өзі тәрбиелеуге бағытталған мінджеттер жүйесін белгілейді.
Осыдан кейін ғана өзін-өзі тәрбиелеу процесі басталады.
Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуге деген түрткілердің қалыптасуының
бірнеше жолдары бар. Оның біріншісінде мұғалімнің өзін-өзі тәрбиеленуіне
мекте басшыларының талаптары, мектеп өмірінің стилі, яғни белгілі біреудің
әсерң итермелесе, екіншісінде мұғалімнің өзіндік қасиеттері, жауапкершілігі
кәсіби мәртебесі итермелейді. Әрбір түрткінің жанында нақты мұқтаждық тұр.
Мұқтаждық болмаған жағдайда өзін-өзі тәрбиелеудің түтркілеріне осы процеске
деген мұғалімнің қызығушылығын жатқызуға болады. Бұл жағдайда жағымды
эмоция үлкен роль атқарады. Өзін-өзі тәрбиелеуде мұғалім үлкен жұмыс
атқарады. Сол еңбектің жемісті нәтижесінен алған қуаныш сезімі мұғалімнің
есінде мәңгілік қалады.
Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуі үшін мектеп әкімшілігі де көмек көрсетіп
қолайлы жағдай тудыруы қажет. Мысалы: жас мамандар өздерінің тәжірибелі
әріптестерінің көмегімен өзін-өзі тәрбиелеудің кейбір элементтерін
үйреніп, өзінің еңбектерінде жақсы нәтижелер бере бастайды, өзінде
сменімдігі артып тәжірибе жинақтай бастаған маман өзін одан әрі жетілдіруге
ұмтылады. Бұл өзін-өзі тәрбиелеуге деген тұрақты жағымды түрткілердің пайда
болуына көмегін тигізеді.
Өзін-өзі тәрбиелеудің түрткілерінің дамуында ең басты рольді мұғалім
қызмет атқаратын ұжым алады. Егер мұғалімді қоршаған адамдары өзін-өзі
үнемі тәрбиелеп отырғанын байқаса, ол да өзір тәрбиелеуге ұмтылады.
Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуге деген түрткілер өзін-өзі кәсіби түрде
тәрбиелеуге бағытталған әрекет негізінде қалыптасады. Ғалым Рубинштейннің
айтуынша өзін-өзі тәрбиелуде жақсы нәтижеге жетудің басты белгісі: ол
жақсы қасиеттерді жетілдіруге бағытталған әрекет емес, өзінің өмірлік
маңызды міндеттерді шешуге бағытталған әрекеттер жиынтығы.
Мұғалімдер бір-бірінен кәсіби дайындығымен ғана емес, педагогикалық-
психологиялық ерекшеліктері мен де ерекшеленеді.
Әрбір мұғалімнің мінезінде оқушылармен қарым-қатынас, жұмыс стиілін
анықтайтын кәсіби психологиялық ерекшеліктері болады. Оған әр жастағы
оқушылармен жұмыстың жемісті болуы байланысты. Педагогикалық-психологиялық
ерекшелік өзіндік жұмыстың даралық стилінің қалапытасуында үлкен роль
атқарады. Сондықтан жұмыс істеу барысында мұғалім өзінің мықты және осал
жақтарын білуі тиіс.
Педагогикалық әдебиетте мұғалімдер типологиясының екі түрлі
классификациясы бар. Оның бірі белгілі педагог В.Н.Сороко-Росинскийдікі. Ол
мұғалімдерді қатынас стильдеріне қарай бірнеше түрге бөледі. Олар:
1. Педагог – теоретик. Оларды нақты өмірден теория және жаңа ойлар
басым тұрады. Ондай мұғалімдер пәнде және оның әдістемесін жақсы
біледі, бірақ тәжірибеде осалдық көрсетеді, оқушылармен қарым-
қатынаста нашар.
2. Педагог-реалист. Ол теориетик мұғалімге қарама-қайшы тұлға.
Адамды оның көңіл-күйін жақсы сезеді. Олардың осал жерлері
өздерінің тәжірибесін теориялық негізде жеткізе алмайды.
3. Педагог-утилитарист. Ол реалистпен ұқсас, Адам жанын жақсы
түсінеді. Бірақ оқушыны ықпал ету объектісі ретінде ғана көреді.
Оның мықты жері өткен материалды сұрау немесе түсіндіру емес,
керісінше бекіту және қайталау.
4. Педагог-әртіс. Олардың ерекшелігі шабыт және интуиция әрекет
етуі. Бұл олардың мықты және сол кезде осла жағы. Ол сабақты
эмоциональды, тартымды түрде өткізеді, бірақ ол оның көңіл-
күйіне байланысты болады.
Бұл аталған топтар таза күйінде көп кездезпеді. В.Н.Сороко-Росинскийдің
айтуы бойынша ешбір топқа да жатпайтын мұғалімдер кездеседі.
Екінщі классификацияны педагогика ғылымдарының докторы Э.Г.Костяшкин
берді. Ол жасаған типологияның негізіне сабақтан тыс жұмысты алды. Ол төрт
типті белгіледі: интеллектуалдық, эмоционалдық, еріктік және
ұйымдастырушылық. Әрбір мұғалімнің өз типологиясын білуі өзін-өзі тәрбиелеу
және жетілдірудің басты компоненті.
Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу тұтас түрде жүруі тиіс. Ең алдымен
мұғалім өзінің танымдық, ұйымдастырушылық, коммуникативтік біліктерін
жетілдіріп отыруы керек.
Танымдық біліктерді жетілдіру ең алдымен ақыл-ойымен ойлауын жетілдіру
болып табылады. Оның негізгі жолы ақыл-ой операцияларын: байқағыштықты,
салыстыруды, талдауды, есте сақтауды, қиялды дамытатын жаттығулар.
Коммуникативтік біліктілік – ол қарым-қатынас жасай білу үрдісі. Қарым-
қатынастың негізгі тәсілдері: мимика, жест, сөз. Бұл біліктілікті жетілдіру
үшін теориялық білім, одан кейін жеке дара практика және тәжірибе керек.
Оған үйренуге болады.
Ұйымдастырушылық білік – ол оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыра
алуы. Ғалым Л.И.Уманский бұл білікке төмендегі қасиетерді жатқызады.
1. Жалпы психологиялық ерекшеліктері тұлғаның мақсаттылығы және
ұйымдастыратын әрекетке дайындылығы;
2. Кейбір басқа да қасиеттері: белсенділігі, жұмыс қабілеттілігі,
қарым-қатынасқа бейімділігі,
3. Тар мағынадағы ұйымдастырушылық қабілеттері;
Ұйымдастырушылықты дамыту жолы осы компоненттердің даму деңгейін білу,
кемшіліктерін байқау. Оның негізгі жолы практика және жаттығулар. Оған
психологиялық әдебиеттерді оқып, басқа адамдардың тәжірибесін біліп үйрену
арқылы жетуге болады.
Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу жолдары өте көп. Ғалым С.Б.Елканов оған
өзін-өзі ұйымдастыруды жатқызады.
Өзін-өзі ақпаратпен қамтамасыз ету. Оған оқытудың әртүрлі формалары мен
түрлдеру жатады. Ол үшін мұғалім көп кітап және мерзімді баспасөз оқуы
тиіс. әсіресе өз мамандығына байланысты баспасөз беттеріндегі жаңа
идеяларды талдап өз еңбегінде қолдана алу керек.
Өзін-өзі талпыландыру. Өз-өзіне бұйрық берумен байланысты ол мұғалімді
өзін-өзі тәрбиелеуге итермелейтін қозғаушы күш болып табылады.
Өзін-өзі ұйымдастыру. Оған өзін-өзі байқау, бақылау, есеп беру, талдау
жатады. Бұл өзін-өзі тәрбиелеуге бағытталған әрекетті дұрыс ұйымдастыруға
көмегін тигізеді.
Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу процесіне кедерге келтіретін және
ынталандыратын факторлар бар. Мұғалімдер арасында жүргізген сауалнама
негізінде жасалған диаграммаға жүгінсек: кедергі келтіретін факторлардың
ішінен ең бірінші орынды бұрынғы тәжірибеде болған оқулықтар мен
сәтсіздіктерге өкпе, одан кейін қаражаттың аздығы әсер етеді. Келесі
кезекте өзіндік инерция, ұжым адамдары және басшылармен дұрыс қатынастың
жоқтығы және денсаулық жағдайы. Оған қоса қоршаған адамдармен жағымсыз
қарым-қатынас әсер етеді.
Мұғалімдерді өзін-өзі дамытуға ынаталандыруда ең басты орынды бұл
мәселеге басшылардың дұрыс қарым-қатынасы, жаңаны енгізе алу мүмкіндігі,
өз-өзіңді оқыту мүмкінлігі алады. Одан кейінгі кезекте ұжымның әсері,
сенімділік, жұмысқа қызығушылық, жауапкерішлік тұр.
Қазіргі кезде мұғалімдерге ескеретін жәйт бұл мамандыққа үлкен
талаптардың қойылуы, сол талаптарға сай келу үшін мұғалім өзін-өзі үнемі
жетілдіріп отыру тиіс. Бұл мұғалімнің алдында тұрған басты міндет.
Ел президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында алдағы
отыз жыл ішінде мемлекетміздің қандай бағытта даму керек екендігін белгілеп
берді.
Әрине, осы міндетті болашақта іске асырушылар – жастар. Ал оған бағыт
беруші, дол сіәлтеуші білікті, шебер, парасатты ұстаздар.
Болашақ жастардың кемеліне келтіре тәрбиелейтін ұстаздар қаумының 3
жылда, 5 жылда бір білімін жетілдіріп тұрғаны абзал. Соған байланысты білім
жетілдіру курстары: педагог кадрлардың біліктілігін арттыру, тәжірибе
алмасу жұмыстары көптеп жүргізілуі тиіс. Білім жетілдіру – бұл мектепті
жаңарту мәселелеріне сәйкес оның кәсіби шығармашылық әлеуметінің даму
үрдісі. Демек, шығармашылық әлеумет-адамның алға қойған жаңа проблемаларын
дұрыс шеше білуінде. Бұл тұрғыдан алғанда білім жетілдіру курстарының орны
ерекше. Осындай курстарда арнайы семинарлар, семинар практикумдардың берері
мол. Мысалы; Білім беру мекемелерін стратегиялық жоспарлау, Жалпыға
білім беретін мектептерді басқарудың жаңаша жолдары, Модульдеп оқыту
технологиясы, Оқу тәрбие үрдістерін диагностикалау т.б. тақырыптарда
семинардар өткізілсе, ұстаздар қауымына көмегі көп болар еді.
Мұғалдімдердің педагогикалық шеберлігі мен талантын шыңдаудың бір жолы
- алуан түрлі сайыстар өткізу. Мысалы: Жыл мұғалімі, Жыл директоры,
Бастауыш сыныптарда панорамалық сабақтар сияқты байқау сайыстар өткізілсе
жақсы болар еді. Көкірегі ояу, көзі ашық білімді Жан аманда күшті. Мұғалім
бәрінен қымбат, өйкені мұғалім мектептің жүрегі - дейді Ы.Алтынсарин.
Мұғалім – зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі сияқты, - дейді
К.Д.Ушинский. Мұғалімге сенім білдірмесе, оқу игі жеміс бере алмайды, -
дейді Д.И.Менделеев. Олай болса, ұлы ғұламаларымыз сыр шерткен, ой толғаған
осынау ұлағатты мамандық мұғалімнің жеке тұлғасы қашанда биік болуы керек.

1.4.Педагогтың оқу үрдісіндегі педагогқа лайықты сапалар.

Педагогқа лайықты сапалардың iшiнен, оның өз еркіне ие болып, ұстамды
келуі ерекше орын алады. Педагог мамандығының ерекшелiгi сол, сабақ кезiнде
зейiнiн бірнеше объектiлерге бөлiп, көп нәрселерді есiнде сақтап, ол үнемі
көпшiлiктiң көз алдында болады. Бұл жас педагогтарға оңай соқпайды. Мысалы,
студент-практиканттардың сыныпта тұнғыш рет сабақ беру кезiнде өздерiн
дұрыс меңгере алмай, саскалақтап қалатыны да болады. Егер сыныпта үнемі
жақсы болып келсе, бұл жұмыс қиынға соқпаған болар едi. Бiрақ үнемi солай
болып кездесе бермейдi. Педагог қатты ойда болып тұрғанда сыныптағылардың
бірі тәртіп бұзса, оның ашуланбауы қиын. Сондықтан педагогтың ұстамды
келуi негізгі роль аткарады.

Ұстамдылық дегенiмiз ашуланбай, тек сабырлық бiлдiру емес. Бұл қасиет,
негiзiнде, педагогтың өзiн-өзi меңгерiп, ептiлiкпен тәртiп бұзғандарды
тәртiпке шақыруы. Егер педагог бұл қасиетке ие бола алса, онда сыныптағылар
да көбiне тәртіпті келедi.

Ұстамдылық деген қасиетке мұғалім бірдемеге көнілсіз болып келген
жағдайда, соны сыныптардағыларға білдермеу де жатады. Мысалы, мұғалім
үйінен немесе басқа жағдайларға байланысты ашуланып келсе де, бұл көніл
күйін оұқушыларға білдірмей, сабақты жайшылықтағысындай жүргізе алуы шарт.
Бұл қиын болғанымен, осы жөнінде ойланып, қөнілсіздігін білдірмеуді мақсат
етсе, мұны жасауға болады.

Ұстамсыздық кейде тек бірдемеге ашуланғаннан болмайды. Мұғалім кейде
ештенеге ашуланбаса да, өзің сабақта жөнді ұстай алмауы да ықтимал. Мысалы,
мұғалім бір сыныпты жақсы меңгеріп сабақ өткізіп, екінші сыныпқа келгенде
сондай көнілде бола алмай, сыныпты меңгеруде сәтсіздікке ұшырайтыны
кездеседі. Мұның себебін мұғалім өзін іштей сабаққа даярлай алмай, алдағы
өтетін материалдардың жолын терең қарастырмай және бұл сыныптың бұрын оқу
мазмұнын қалай ұққанын ойластырмағандықтан деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық іс-әрекет ұғымы және оның құрылымы
Педагог – педагогикалық іс - әрекеттің субьекті ретінде
Педагогикалық психология бойынша сабақтар
Педагогикалық процесс - педагогикалық теорияның объектісі болатындығын көрсету
Педагогикалық процесс мұғалім іс – әрекетінін обьектісі
Тұтас педагогикалық үдерісіндегі тәрбиенің мазмұны
Біртұтас педагогикалық процесс педагогиканың пәні және мұғалім іс-әрекетінің объектісі
Мұғалім педагогикалық еңбек субъектісі ретінде
Педагогикалық процестің негізгі міндеттері
Педагогикалық психология негіздері
Пәндер