Батырлар эпосы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Эпос (грек. epos – сөз, баяндау, әңгіме, өлең) – 1) әдебиеттің бір
саласы. Құрамына аңыз, ертегі, әңгіме, новелла, повесть, роман, эпик.
поэма, эпопея жанрлары, сондай-ақ көркем очерктер кіреді. Эпостың басты
ерекшелігі – өзі әңгімелеп отырған өмір құбылыстарын кең көлемде, эпик.
тұрғыдан қамтып, кейіпкер образын, көркем әдебиеттің алуан түрлі әдістерін
мейлінше мол қамту арқылы суреттеу. Көбінесе шығарма жазылудан әлдеқашан
бұрын болған оқиға туралы жазылатындықтан, Эпоста баяндау тәсілі басым
болып келеді. Эпостық шығармада суреттелетін оқиға оған тікелей куәгер
болған адамның атынан баяндалады. Мұндай шығармалардың ерекшелігі оған
бірігетін жанрлардың ішкі өзгешеліктерінен айқын көрінеді. Эпостық
шығармалар халық ауыз әдебиетінен бастау алады. Ең көне Эпостық жанр –
ертегі, ол барлық халықтың ауыз әдебиетінде бар. Ертегіде оқиға үнемі
ертекшінің атымен баяндалады. Онда адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршілігі
(тұрмыс-салт ертегілері), қиялдан туған түрлі ғажайып оқиғалар (қиял-
ғажайып ертегілер), адамдар мен жануарлар арасындағы жайттар (хайуанатар
туралы ертегілер), белгілі бір ертегілік кейіпкердің бастан кешкен
қызғылықты оқиғалары (Алдар көсе, Қожанасыр әңгімелері) сөз болады. Эпостық
жанрдың ендігі бір түрі – аңыз әңгімелерде нақтылық, тарихилық сипат басым
(мыс., Жиренше шешен, әз-Жәнібек туралы аңыз әңгімелер). Шағын көлемдегі
Эпостық жанрларға көркем очерк, новелла, әңгімелер жатады. Қазақ
әдебиетінде көркем очерктер Ш.Уәлихановтың сапарнамалық очерктерінен
басталады (мыс., “Жоңғария очерктері”, “Ыстықкөл сапарының жазбалары”,
Б.Майлин, М.Әуезов, С.Мұқановтардың көркем очерктері). Қазақ әдебиетіндегі
новелла жанры кеңестік дәуірде дамыды (Ғ.Мүсіреповтің ана туралы
новеллалары). Эпостық жанрдың шағын түріне жататын әңгіме жанрында қазақ
қаламгерлері жемісті еңбек етті. Әуезовтің “Қорғансыздың күні” (1921), “Қыр
әңгімелері” (1925), “Қаралы сұлу” (1925) әңгімелері қазақ әдебиетіндегі бұл
жанрды еур. биікке көтерді. Мүсірепов, Т.Әлімқұлов, т.б. бұл жанрда өндіре
жазды. Эпостық орта көлемдегі түрі – повесть қазақ әдебиетінде шынайы
көркемділікпен игерілді. Қазақ повестерінің классик. үлгілері ретінде
Әуезовтің “Қилы заман” (1928) және “Қараш-қараш оқиғасы” (1928) повестерін
атауға болады. С.Сейфуллиннің “Жер қазғандары” (1928) қазақ әдебиетіндегі
өндіріс тақырыбына арналған тұңғыш повесть. Эпостық шығармалардың поэзиялық
жанрына эпикалық поэмалар жатады. Абайдың “Ескендір”, “Масғұт” поэмалары
эпик.-филос. поэманың классик. үлгілері болса, Шәкерім Құдайбердіұлының
“Жолсыз жаза”, Мағауия Абайұлының “Медғат – Қасым”, Әбдірахман Абайұлының
“Дағыстаны” романтик. сипаттағы эпик. поэмалар қатарынан орын алады.
С.Торайғыровтың “Кедей”, “Адасқан өмір” поэмалары реалистік поэмалардың
озық үлгілері. Кеңестік дәуірде Сейфуллин, І.Жансүгіров поэмалары бұл
жанрды сапалық жаңа биікке көтерді. Эпостық шығарманың мол мүмкіндігін
толық танытатын жанр – роман. Бұл жанрда жазылған С.Көбеевтің “Қалың малы”
(1912) қазақ романдарының төл басы болып есептеледі. Кеңестік дәуірдегі
алғашқы қазақ романдары қатарында 20-жылдары жазылған Ж.Аймауытовтың
“Қартқожа”, “Ақбілек”, “Күнікейдің күнәсі”, Сейфуллиннің тарихи-мемуарлық
“Тар жол, тайғақ кешу” (1927), Мұқановтың “Адасқандар” (1928),
Жансүгіровтің “Жолдастар” (1935) романдарын атауға болады. Қазақ
әдебиетінің дамуы барысында роман жанры сан алуан қырынан дамыды. Соның
нәтижесінде қазақ романының тарихи (Ә.Нұрпейісов, “Қан мен тер”), тарихи
биограф. (Мұқанов, “Аққан жұлдыз”, Шерхан Мұртаза, “Қызыл жебе”), тарихи
(І.Есенберлин, “Көшпенділер”, М.Мағауин, “Аласапыран”; Ә.Кекілбаев,
“Үркер”; С.Сматаев “Елім-ай”; Ә.Әлімжанов, “Жазушы”), тарихи-филос.
(Кекілбаев, “Аңыздың ақыры”), әлеум.-психол. (Әуезов, “Өскен өркен”), роман-
хроника (Есерберлин, “Алтын Орда”), роман-новелла (Ә.Нұршайықов, “Ақиқат
пен аңыз”), публицистик. (Әлімжанов, “Көгілдір таулар”), роман-эссе
(І.Салғарин, “Алтын тамыр”) түрлері дүниеге келді. Әуезовтің “Абай жолы”
эпопеясы қазақ әдебиетіндегі Эпостық жанрдың жеткен биігін әлем әдебиетінде
айқын танытты. 2) Ауыз әдебиетіндегі ел қорғаған батырлардың өмірін генеол.
тұрғыдан, эпик. сипатта жан-жақты суреттейтін жанрлар тобы. Қазақ ауыз
әдебиетінде бұл жанрдағы шығармалар мейлінше мол ұшырасады. Оларды
төмендегідей топтарға жіктеуге болады. Қисса-дастандар, лиро-эпостық
жырлар, батырлар жыры, тарихи жырлар. Белгілі шығыс сюжеттеріне құрылған
дастандар (“Сейфілмәлік”, “Бозжігіт”, т.б.) қазақ халық ауыз әдебиетіндегі
лиро-эпостық жырлар (“Қыз Жібек”, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”, т.б.),
батырлар жыры (“Алпамыс”, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”, т.б.) кейінгі дәуірде
дүниеге келген тарихи жырлар (“Арқалық батыр”, “Бекет батыр”, т.б.). Егер
шығыс сюжетінде жазылған қиссаларда лирик., эпик. сипат діни сипат
сарынымен берік астасса, лиро-эпостық жанрларда ғашықтық тақырыбы басты рөл
атқарады. Батырлар жырының төркіні түркі тектес халықтарға ортақ көне
жырлардан (“Алпамыс”, “Көрұғлы”) басталса, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”,
“Қамбар батыр” жырлары тек қазақ ауыз әдебиетінде ғана кездеседі, одан
кейінгі ноғайлы дәуірінде келген жырларда (“Қырымның қырық батыры”)
генеалог. сюжет қолдану, тұтастану арқылы батырлардың үлкен бір ұрпағының
өмірін қамтиды. А. Мамашұлы.
Жалпы ауыз әдебиеті, оның ішінде эпостық жырлар өзінің жарыққа шыққан
күндерінен бері талай ғасыр, талай заман, талай әлеуметтік топты да,
таптарды да бастарынан өткізді. Демек, әртүрлі қоғамдық, таптық тілектерге
сәйкес талай өзгерістердің де болуы сөзсіз. Кейбір эпостың алғашқы нұсқасы
халықтық идеяны жыр етсе, кейіннен үстем таптың көзқарасын қолдаушы жыршы-
ақындар өз табының идеясына бейімдеуі, жырды оқып шыққан адамдарға алдыңғы
нұсқасынан басқа ұғым, басқаша тәлім-тәрбие беретін етуі мүмкін. Бір
эпостың өзінде толып жатқан варианттардың барлығы, кейде идеялық
қайшылықтың болуы да сондықтан.
Қай елдің эпосы болсын белгілі бір тарихи оқиғаның ізін баса
туатынға ұқсайды және ол бір күн не бір жылдың ғана жемісі емес, халықтың
басынан өткізген талай заман, талай ғасыр, талай тартыстардың нәтижесі.
Бір батырдың ерлік өмірі туралы не жалғастыра жырланатын көп
батырлардың күрестері туралы жырлар талай жылдарды, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батырлар жыры
Қобыланды батыр
Батырлар жырындағы тарихи шындық
Фольклорлық практика есебі
Қобыланды батыр жыры туралы
Батырлар жыры. Эпостағы дәуір және дәстүр мәселесі
Эпостағы қазақтану мәселелері (Қобыланды батыр эпосындағы)
Қобыланды батыр жыры нұсқаларының ерекшеліктері
Тарихи жырлар
Қоңқаева Салтанат Қазақ эпосының көркемдік шеберлігі
Пәндер