Физика пәнінен интерактивті тапсырмалар жасақтау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі:
Оқу-білім беру барысында ақпараттық технологиялар мен компьютерлік коммуникацияларды белсенді қолдануда. Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше себептер әсер етеді, ең маңыздысы - білім беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы және Интернеттің дамуы мысал бола алады.
Ақпараттық технологияны кеңінен қолдану қазіргі жоғары оқу орындарында ұйымдастыру - басқару қызметі болып табылады. Оның көптеген автоматтандырылған программалық жүйелері және де электронды деканаттары тәрізді сабақ жоспары, бухгалтерлік есеп жүйелері, студенттер мен оқытушылар туралы сандық қор құралы көптеген оқу жүйелерінде қолданылады.
Физика пәннен интерактиві тапсырмалар жасаақтау информатика-физика мамандықтарында оқитын студенттер үшін қажетті арнайы курс болып табылады. Бұл сөздік экономиканың тиімділік есептерін түсінуде, программалау курсында, жоғары физиканың арнайы бөлімдерінде кеңінен қолданылады. Сондықтан бұл тақырыпты тереңірек зерттеу, сандық қор жасақтау өзекті тақырыпқа жатады.
Зерттеу мақсаты:
Физика пәнінен интерактивті тапсырмалар жасақтау.
Зерттеу міндеттері:
1.1 Интерактивті тапсырма және олардың оқу ісіндегі тиімділігін қарастыру
1.2 Интерактивті тапсырмаларды жасақтауға арналған бағдарламалық өнімдер
2.1 Borland Delphi 7 және Macromedia Flash 8 бағдарламасы және оның мүмкіндіктерін қарастыру және зерттеу
2.2 Borland Delphi 7 және Macromedia Flash 8 бағдарламасында Физика пәннен интерактивті тапсырмалар жасақтау барысын қарастыру және зерттеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер Физика пәннен интерактивті тапсырмалар жасақталса, онда комьютердің физикада зертханалық тапсырмалармен жұмыс жасауды үйренушілер үшін тиімді жолдар көбейеді, өйткені сөздерді өз бетімен түсіну мүмкіндігі туады.
Зерттеу пәні: Физика.
Зерттеу нысаны: BORLAND DELPHI 7 және Macromedia Flash 8 бағдарламасында Физика пәнінен интерактивті тапсырмалар жасақтау.
Зерттеу әдістері: практикалық әдіс, салыстырмалы талдау, анализ, синтез, индукция, дедукция, тақырып бойынша әдебиеттерге шолу.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы
Сөздік қор жасау бағдарламасында қарастырылған материалдар физика мамандықтарының студенттеріне сәйкес Физика пәнінің мазмұнын толық қамтиды. Интерактивті тапсырмалар бағдарламасына сәйкес физиканың бөлімдері қамтылған.
Курстық жұмыстың құрылымы
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
I. ИНТЕРАКТИВТІ ТАПСЫРМА ЖӘНЕ ОНЫ ЖАСАҚТАУҒА ҚОЛАЙЛЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ

1.1 Интерактивті тапсырма және олардың оқу-тәрбиесіндегі тиімділігін қарастыру
Осы күнгі білім саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес. Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру - мұғалімнің зейін-зердерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды ендірудің алғашқы шарты, мұғалімнің инновациялық іс-әрекетін қалыптастыру болып табылады. Жаңа педагогикалық технологияны меңгерген әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі даму жағынан көрсете алады.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.
Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады. XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселелері - кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы.
А.А.Леонтьевтың атуы бойынша қимылдың іске асыруын операция деп атаймыз. Бір нәрсені хабарлау үшін сөйлесеміз. Сөйлеу әрекетінің өзіне тән мотивтері (себептері) болады. Оқытушыға не сөйлейтінін, оқушыға сөйлеудің мақсатын, мотивтерін білу керек. Баланың жасы, өскен сайын психикасы да өседі, сөйлеу мотивтері де күрделеніп отырады. Сөйлеу әрекеті 4 фазадан тұрады.
oo Бағыттау (сөйлеуге даярлық)
oo Жоспарлау (сөйлеу мазмұнын құру)
oo Орындау (жүзеге асыру)
oo Тексеру (бақылау сатысы)
Сөйлесу үшін қатынасу шарттарының бағытын білуіміз керек. Одан кейін айтылатын сөзді дұрыс жоспарлау керек. Келесі фазада қатынасудың мазмұнына байланысты орындау болады. Орндау кезінде ойыңды дұрыс жеткізе білу тиіс. Төртіншіден кері байланысты қамтамасыз ете білуі қажет. Егер осы байланыстың түйіні бұзылса, сөйлесуші қатынасу нәтижесіне жетпейді.
Жоспарлау дегеніміз - сөйлеудің бағдарламасын құрастыру, оның мазмұнын таңдау. Осында сөйлеудің негізгі ойы мен тақырыбы шешуші роль атқарады. Психологтар зерттеуі бойынша бағдарлама алдымен ішкі ойда ой қалпы ретінде табылады. Бұл кезеңде ой сөз арқылы әлі білдірімеген
Сөйлеудің үшінші фазасы бағдарламаның орындау процесіне көшуді қамтиды. Осы фазада сөйлеуші сөздерді синтаксистік вариантта құрады, байланыстырады, өзіне керек тұлғаларды таңдауға тырысады.
Сөйлеудің төртінші фазасы - тексеру, ол кезде сөйлеуші нәтижесін және қатысудың мақсатын салыстырады. Егер алынған нәтиже сөйлеушінің ниетімен үйлеспесе, қателік түйінді іздестіруге әрекет жасалады. Бұл үшін түгел ойша барлық іс-әрекет бақыланып жасалады. Бұл үшін түгел ойша барлық іс-әрекет бақыланып шығады. Сөйлеу мазмұны қисынсыз жоспарланған, әлде сөйлеушінің ойы дәл, анық жеткізілген. Сөйлесу процесінде меңгерілетін дағдалыр практикалық әрекеттің ұйымдастырылуына байланысты. Оқушының сөйлеу тілін дамыту жұмыстыры сөз қорын байытуға, тілдік тұлғаларды дұрыс қолдануға көмектесетін дағдыларды тәрбиелейтін нысандар.
Деңгейлік тапсырмалар беруде нормативтік, нормативсіз варианттар салыстырылады. Соның нәтижесінде деңгейлік тапсырмаларды орындау негізінде оқушылардың лексикалық сөздік қоры кеңейеді, грамматикалық сөз тіркесінің активтік қоры байиды, тілдік тұлғаларды, оралымды қолдануға жаттығады.
Бұл тұлғада деңгейлік тапсырмаларды таңдай мәселесі практикалық мағынаға ие болады да, оқу процесінің проблемалық ситуациясына айналады.
Деңгейлік тапсырмалардағы жаттығулар оқушылардың мәдениетін қалыптастырады.
Дамыта оқытуда төмендегі психологиялық жағдайлар ескеріледі.
oo сезімі, түйсігі
oo қабылдауы, ынтасы
oo зейіні, еске ұстауы
oo ұғынуы, еркін билеуі
oo ойлауы, қиялдауы, болжауы
oo сөйлеу қабілеті
oo оқу іс-әрекеті, дағдысы
oo жауапкершілігі, ізденісі, дербестігі.
Білім берудегі интерактивті технология - мұндағы интерактивті сөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау) ұғымын білдіреді. Сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес. Сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.
Мұғалім жаңа материалды өте қызықты әрі түсінікті етіп түсіндіру үшін ең керекті бірден-бір құрал - интерактивті тақта. Интерактивті тақтаны пайдалана отырып, жаңа сабақ барысында қосымша қызықты материалдарды ұсынуға, көлемді қиын тақырыптарды тірек-сызбалар арқылы жеткізуге, өзінің жаңа идеяларын әсерлі, тартымды етіп көрсетуге болады.
Интерактивті тақта - бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше интерактивті тақтаның түрлері бар. Олардың ішінде білім саласында қолданып жүргендеріне қысқаша шолу жасайық.
Сабақта компьютерлік желіні интернет ресурстарымен толықтырып отырудың өзі - білім берудегі ақпараттандыру үдерісінің іс жүзіне асқанын көрсетеді. Атаулы жұмысты қарау барысында информатиканы оқытуды ақпараттандырудың жаңа бір әдісін байқауға болады.
Электрондық оқулықтарды оқытуда пайдаланудың негізгі дидактикалық мақсаты - білім беру, білімді бекіту, дағды мен іскерліктер қалыптастыру, меңгеру деңгейін бақылау.
Көп функционалды электрондық оқулықтар:
oo Оқушылардың өз бетінше білім алу қызметін ұйымдастыруға;
oo Әр түрлі ақпаратты жинау, өндеу, сақтау, объектілерді, құбылыстарды модельдеу сияқты, оқыту қызметін ұйымдастыру процесіңде қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалануға;
oo Оқу процесінде мультимедия технологияларын, гипермәтіндік және гипермедия жүйелерін пайдалануға;
oo Оқушылардың интеллектуалды мүмкіндіктерін, білім, дағды, іскерлік денгейлерін, сабаққа дайындық денгейін бақылауға;
oo Оқытуды басқаруға, оқу қызметінің, тестілеудің нәтижелерін бақылау процесін автоматтандыруға интеллектуалдық денгейіне қарай тапсырмалар беруге;
oo Оқушылардың өз бетінше оқу қызметін жүзеге асыру үшін жағдай жасауға;
oo Қазіргі заманда ақпараттық ағымдарды басқаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Әдістеменің ерекшеліктері: оқытудың компьютерлік әдістерін интерактивті деп атайды, себебі олардың мұғалім мен оқушының әрекетіне дыбыс беру, олармен диалог жүргізу қабілеті бар. Бұл компьютерлік оқыту әдістемесінің ең негізгі ерекшелігі болып табылады.
Интерактивті тақтамен жұмыс жүргізу ұстазға да, оқушыға да қолайлы, әрі тиімді. Оқушыны ұстаздың жалаң сөзінен гөрі көз алдындағы тақтадан көріп жатқан бейне көп қызықтырады. Бұл - баланың білімге деген ынтасын арттыратын таптырмас құрал.
Күнделікті сабақта барлық оқушыларға интерактивті тақтаның тиімділігі:
oo Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
oo Экономикалық тиімділігі және білім сапасына әсері зор;
oo Қарапайым қолмен ұстап, көзбер көріп, сезіне білуі;
oo Оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге ықпалы зор;
oo Оқушы білімін тексеруде нәтижелі көрсету.
Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы - әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін, оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық дағдыларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын, интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.
Жаңа ақпараттық бірлікті қалыптастыру:
oo мектептің материалдық - техникалық базасына;
oo ақпараттық қоғам саясатына мақсаты мен міндеттеріне;
oo оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне;
oo оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне;
oo педагог мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне;
oo оқу-тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағыты мен өзара байланысына тәуелді.
Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Мектептің білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігі бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық - педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді.
Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады:
oo оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды іске асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік жоғын анықтау;
oo оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесін жасау;
oo мұғалімдердің ақпараттық технологияларды меңгеру және оқу үдерісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктерін жетілдіру;
oo оқушыларды білім, білік, дағдыны меңгеру үшін ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету;
Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияны пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.
Қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен, ұлтжандылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс.
Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық - коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан - жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен ХХІ ғасыр - ақпараттандыру ғасыры деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми - техникалық прогрестің негізгі белгісі - қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.
Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында : Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек - деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі - бағдарламалық - техникалық кешен болып саналатын Активті экран болып табылады.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық - құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік - ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды
қалыптастырудың бір жолы.
Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: мектептің материалдық -техникалық базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне; оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне;
оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, педагог мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу - тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелді.
Қазіргі уақытта жаратылыстану - ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің , оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.
Білім берудегі интерактивті технология - мұндағы интерактивтісөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау)ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.
Интерактивті тақта - дегеніміз не?
Интерактивті тақта - бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері бар. Олардың ішінде білім саласында қолданып жүргендеріне қысқаша шолу жасайық.
ACTIVboard(Promethean компаниясы) - ACTIVstudio программасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады.
Активті қалам - дегеніміз не?
Aктивті қалам - бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.
ACTIVpanelpro (Активпанель) үлкен аудиторияларда қолдануға өте қолайлы, онда үлкен экранға проекцияға қолданады. ACTIVpanelpro арнайы қарындаштың көмегімен дисплейде жазылған жазулар компьютер арқылы тақтадан көруге мүмкіндік береді. ACTIVpanelpro (Активпанель) өте жеңіл зат, бөлмеден бөлмеге қиындықсыз - ақ алып жүре беруге болады, ал проектор болса кескінді үлкейтіп көрсетеді. ACTIVpanel-pro ДК басқарады, сурет салады, жазу жазады - бұл ақпаратты енгізетін құрылғыға жатады.
ACTIVslate
Радио портты ACTIVslate панель құрылғысы топпен жүргізілетін конференцияға қатысушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Конференция немесе презентация кезінде аудиторияда еркін қозғалуға болады ACTIVslateXR панель аудиторияның кез келген жерінен тақтамен жұмыс жасай алады. ACTIVslateXR көмегімен қатысушылар өз шешімдерін орындарынан тұрмай-ақ тақтада жаза алады.
ACTIVtablet
ACTIVtablet планшет қарапайым тышқанның қызметін атқара алады, презентация мен конференция материалдарын ACTIVstudio2 немесе ACTIVprimary тақтасыз (ACTIVboard көмегенсіз) компьютерде дайындауға мүмкіндік бетерін құрылғы. ACTIVtablet компьютерге USB порт арқылы қосылады, бағдарламаның барлық функцияларын қолдануға болады. Арнайы батареясыз қаламмен флипчарт беттерінде жазу жаза алады.
Активті экран бағдарламалық - техникалық кешенінің дидактикалық мақсатта пайдалану барысында олардың негізгі қызметі - жалпы ақпаратпен кәсіби біліктілікті жетілдіру бағытында қолданып, сонымен қатар бұл құралдың оқушылардың, ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін, арттырып өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды.
Бағдарламалық - техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визулды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, CD-ROM, Web- түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т. б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.
Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі :
-- Пән бойынша базалық білімді меңгеру ;
-- Алған білімді жүйелеу ;
-- Өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
-- Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру
-- Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.
Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.
Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5 % және көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио - және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады.
Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс бойынша мәселелік - бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге мұғалім - оқушы жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді және қайталауды жаңаша ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Бірақ , мұның барлығы жүзеге асуы үшін мұғалім компьютерлік оқыту технологиясы бойынша білімдер мен іскерліктерді игеруі қажет. Бұл дайындық диференциалды болуы тиіс. Себебі, әрбір пән мұғалімдері үшін компьютерді оқыту үрдісінде пайдалану әр түрлі сипатқа ие.
Ғылым ғасырының табалдырығынан аттағалы тұрған қазіргі таңда компьютер өмірдің барлық саласына кеңінен енуде.
Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді. Интерактивті тақтаның үш режимінде де жұмыс жасауға болады.
Ақ тақта режимі - ең қарапайым режим. Ақ тақта режимін қолданғанда оны ақ бет қағазбен жұмыс жасағандай және тақырыпқа қажетті жерін белгілеулермен, негізгі ұғымдарын ерекшелеу үшін түрлі түсті қаламды қолдануға болады. Ақ беттің артына фон ретінде мазмұнды суретті пайдалануға болады. Тақтаның бұл қасиеті, мысалы географиядан, физика, биологиядан және т.б. пәндерден сабақ жүргізгенде ыңғайлы. Фон ретінде географиялық картаны, физикалық аспаптардың суреттерін алуға болады және сабақ барысында қажет болса картаға белгі салуға, жазуға мүмкіншілік бар.
Екінші режим - Office режимі. Бұл режим сабаққа қажетті дайындық жұмыстарын, яғни материалдар даярлауға ыңғайлы. Сабаққа дайындық жұмыстары Word мәтіндік редакторының, Excel электрондық кестесінің құжаттары, Power Point - презентациясы болуы мүмкін. Мысалы , Microsoft Word құралдарымен төрт түрлі мәтіндік тапсырмаларды қамтитын құжат әзірлеуге болады. Осы құжатта тапсырмаларды қайталап, жауаптарының дұрыс нұсқаларын немесе амалдардың дұрыс тізбегін көрсету керек. Қайталанған тапсырмаларды сурет салу панелінің төртбұрыш объектілерімен жасырамыз. Сабақта қажет кезде бұл құжатты интерактивті тақтаның Office режимінде ашу қажет. Бұл режим Microsoft Office - нің барлық мүмкіншілігін ұсынады. Сондай мүмкіншіліктерінің бірі - құрылған құжатқа мәтінді қосуға болады, яғни экраннан түсірілген суретпен емес құжатпен тікелей жұмыс жасаймыз. Сонымен, мұғалім оқушыны тестілік тапсырмаға жазбаша жауап беруге тақтаға шығарып, оқушының жауабын дұрыс жауаптарымен салыстыра алады ( тік төртбұрыш объектісін жылжыту немесе жою арқылы ) және дайындалған материалды шаблон ретінде келесі сабақтарды пайдалану үшін сақтап қоюға болады.
Үшінші режим - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интерактивті тапсырма және оны жасақтауға қолайлы бағдарламалық құралдары
DELPHI БАҒДАРЛАМАСЫНДА ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕН ИНТЕРАКТИВТІ ТАПСЫРМАЛАР ЖАСАҚТАУ
Электрондық оқулықтың құрылымы
Пәнді оқытуда жоспарланған нәтижелер
Қашықтықтан оқыту тәсілі
Мультимедиалық технологиялардың оқыту үрдісінде тиімділігінің көрсеткіші
МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Аралас оқыту технологиясы әдістеріне шолу
Математика сабақтарында ақпараттық технологияны қолдану
Биологияны оқыту үрдісін жетілдіруде ақпараттық технологияның маңызы
Пәндер