АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛУЫ МЕН ТАРАТЫЛУЫ
С.БӘЙІШЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК КОЛЛЕДЖІ ЖШС-і
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛУЫ МЕН ТАРАТЫЛУЫ
ПӘНІ: АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ
МАМАНДЫҒЫ: 0201000 ҚҰҚЫҚТАНУ
Орындаған: Р.А.Райымбек
Ғылыми жетекшісі: Л.Ө.Дүйсалиева
Қорғауға жіберілді (жіберілмейді)
Экономикалық, әлеуметтік және құқықтық
пәндік бірлестігінің жетекшісі
_________________________ Г.С.Исатаева
қолы
________________________2018ж.
Ақтөбе 2018 жыл
С.Бәйішев атындығы Ақтөбе университетінің медициналық-әлеуметтік колледжі ЖШС-і
Мамандығы: 0201000 Құқықтану
Топ білім алушысы ___________________________________ ______________
(білім алушының аты-жөні)
Азаматтық құқық пәні бойынша
___________________________________ _______________________________
(курстық жұмыстың тақырыбы)

тақырыбына жазған курстық жұмысына
Пікір
___________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _______________________________________
Бағасы___________________________________ _________________________
Курстық жұмыстың тапсырылған күні_______________________________ __
Пікір жазушы: Дүйсалиева Л.Ө.
(аты-жөні)
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3-4
І ТАРАУ. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Акционерлік қоғамның ұғымы, түсінігі 5-8
1.2 Жарғылық капитал мен бағалы қағаздардың қалыптасуы 8-13
ІІ ТАРАУ. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
2.1 Қазақстанда акционерлік қоғамның құрылуы 14-18
2.2 Акционерлік қоғамдардың эмиссиялық қызметі 18-23
ҚОРЫТЫНДЫ 24-25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 26
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Бүгінгі күні Қазақстанда нарықтық экономиканың негіздерін құрудың маңызды шарттарының бірі акционерлік қоғамдардың дамуы. Олар шетел капиталын тарту арқылы нарықтық бейімделген шаруашылық құрылымдар мен бәсекелестік ортаның құрылуына мүмкіндік береді, сонымен қатар алып - сату мен кәсіпкерлік әрекеттердің дамуына жағдай жасайды. Акционерлік қоғамдар акционерлерді басқаруға және пайданы бөлуге қатысуын қамтамасыз етеді. Нарықтық экономиканың әлеуметтенуінің акционерлік формасы капиталды демократияландырады. Акционерлік қоғамдардың әлеуметтік бөлігі меншік иелерінің массалық негізі ретінде қоғамның орта табын қалыптастыру шарттарының бірі болып табылады. Экономикадағы өндірістің құлдырауы және дағдарыс жағдайларында акционерлік қоғамдардың дамуы қаржылық ресурстардың көлденең түрде ауысуын қадағалап, салааралық қаражаттардың қозғалысын рационалдайды, яғни экономиканы көтерудің және қайта құрудың алғышарттарын қалыптастырады. Елімізде акционерлік қоғамдардың дамуы мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіруді жүзеге асыру нәтижесінде кеңістікте де, уақыт бойынша да жаңа қарқынға ие болды. Оның негізгі жекешелендіру формаларына акционерлендіру жатады. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру кезінде әр түрлі деңгейде мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдар құрылады.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын, ең кең таралған ұйымдастырушылық - құқықтық нысан болып акционерлік қоғамдар болып табылады. Акционерлік қоғамдардың ролі мен маңызы 2003-жылы 13-мамырда Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасы арнайы Заңы қабылданғаннан кейін күшейді.
Жекешелендірудің мемлекеттік саясаты акционерлік қоғамдарды мүліктік айналымның орталығына қойды, кәсіпкерлік қызметтің акционерлік нысаны шаруашылық жүргізудің ең кең тараған нысанына айналып, Қазақстан Республикасының экономикалық қайта құрулар механизміне терең енді және оның дамуына біршама әсер етуде.
Курстық жұмыстың өзектілігі: бүгінгі күні Қазақстанда нарықтық экономиканың негіздерін құрудың маңызды шарттарының бірі акционерлік қоғамдардың дамуы. Олар шетел капиталын тарту арқылы нарықтық бейімделген шаруашылық құрылымдар мен бәсекелестік ортаның құрылуына мүмкіндік береді, сонымен қатар алып - сату мен кәсіпкерлік әрекеттердің дамуына жағдай жасайды. Акционерлік қоғамдар акционерлерді басқаруға және пайданы бөлуге қатысуын қамтамасыз етеді. Нарықтық экономиканың әлеуметтенуінің акционерлік формасы капиталды демократияландырады. Акционерлік қоғамдардың әлеуметтік бөлігі меншік иелерінің массалық негізі ретінде қоғамның орта табын қалыптастыру шарттарының бірі болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: нарықтық экономика жағдайындағы акционерлік қоғамдардың маңызы мен тиімділігін ашып көрсету.
Аталған жұмысқа сай, оның негізгі міндеттері болып мыналар табылады:
- нарықтық экономика жағдайындағы акционерлік қоғамдардың теориялық негіздерін ашып көрсету;
- акционерлік қоғамдардың экономикалық мәнін, оның Қазақстан Республикасындағы ролін қарастыру;
- акционерлік қоғамдардың тиімділігін арттырудың шетелдік тәжірибесіне талдау жасау;
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, 2 негізгі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшалардан тұрады.

1.1 Акционерлік қоғамның ұғымы, түсінігі
Акционерлік қоғам - заңды тұлға. Акционерлік қоғам деп өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлғаны айтады. Акционерлік қоғам өз қатысушыларының мүлкінен оқшауланған мүлкі болады, өз міндеттемесі бойынша өз мүлкі шегінде жауапты болады және өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді, сонымен қатар өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты зияндарға тәуекел етеді. Заңды тұлға негізіндегі акционерлік қоғам заң құжаттары мен құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы ғана азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне міндеттер қабылдайды. Бұған қоса, акционерлік қоғамның тағайындалу немесе сайлану тәртібі және олардың өкілеттігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді. Тағы да оның басты белгілеріне, сотта талапкер және жауапкер болуын жатқызамыз. Экономикасы дамыған, капиталистік елдерде қабылданған терминология бойынша олар корпорациялар деп те аталады. Акционерлік қоғам заңды тұлғалардың ішінде коммерциялық ұйым бола тұрып, өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді көздеп, мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейді. Акционерлік қоғамның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс және өз атауы жазылған мөрі болады. Корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорларының акционерлері аталған қорлардың міндеттемелері бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда белгіленген тәртіп пен жағдайларда ортақтасып жауап береді. Егер акционерлік қоғам өзінің жаңа акциялар немесе акцияларға айналатын (конверсияланатын) басқа да бағалы қағаздар шығаратын ниеті туралы хабарлағанда, акционерлердің артықшылықты сатып алу құқығы ескеріледі, яғни оларға қолындағы акцияларға сәйкес бірдей жағдай ұсынуға міндетті. Уәкілетті орган акционерлерге артықшылықты сатып алу құқығын пайдалану жөніндегі ұсыныс беру тәртібін белгілеуге құқылы. Заңдарда көзделген жағдайларға орай, акционерлік қоғамда табысы тек қана қоғамды дамытуға жұмсалатын коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкін. Акционерлік қоғамның белгілері:
1) Оқшау мүлкінің болуы;
2) Мүлкіне өз міндеттемесі бойынша дербес жауапкершілігі болуы;
3) Өз атынан азаматтық құқықтарға ие болуы;
4) Сотта талапкер және жауапкер ретінде жауап қатысу мүмкіндігі.
Акционерлік қоғамның оқшау мүлкі - шаруашылық қатынастарына дербес түсуі үшін ұйымның тек қана басқа ұйымдардың ғана емес, сондай-ақ мемлекеттің мүлкінен де оқшау мүлкі болуы керек дегенді білдіреді. Азаматтық айналымда өз атынан сөйлеу қабілеті - бұл ұйымды өз атынан азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие болу, талапкер және жауапкер ретінде жауап беру мүмкіндігі, бұл акционерлік қоғамды құқық субьектісі деп мойындауының салдары болып табылады. Акционерлік қоғам ұйымдық біртұтас болу керек. Ұйымдық біртұтас болу ұжымдық құрылымның біртұтас құрылым ретіндегі қызметін қамтамасыз етеді. Аталған белгі қоғамның мақсаттары мен міндеттерін, оның құрылымын, құзыретін, қызмет тәртібін анықтаудан көрінеді.
Акционерлік қоғамның азаматтық құқықтары болып, өз қызметіне байланысты міндеттерді Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес мойнына алуы мүмкін. Оның азаматтық құқықтары болуы және заң актілерінде немесе құрылтай құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрін жүзеге асыру үшін қажетті азаматтық міндеттерді атқаруы мүмкін. Заң актілерінде көзделген жағдайларда белгілі бір қызмет түрін жүзеге асырушы акционерлік қоғам үшін басқа қызметпен айналысу мүмкіндігі болмауы немесе шектелуі мүмкін. Акционерлік қоғам тізбесі заң актілерінде белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен лицензия негізінде ғана айналыса алады. Құқық қабілеттілігіне келетін болсақ, құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Айналысу үшін лицензия алу қажет болатын қызмет саласында акционерлік қоғамның құқық қабілеттілігі сондай лицензияны алған кезден бастап пайда болып, ол қайтарып алынған, оның қолдану мерзімі өткен немесе заң құжаттарында белгіленген тәртіппен жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады. Акционерлік қоғамның азаматтық айналымға дербес шығуы үшін ол жекеленуі, яғни басқа біртектес заңды тұлғадан ерекшеленуі тиіс. Оған ең алдымен оның атауымен қол жеткізуге болады. Себебі әрбір акционерлік қоғамның оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкіндік беретін өз атауы болады. Қоғамның атауы оның қалай аталатынын және ұйымдық құқықтық нысанын көрсетуді қамтиды. Ол заңдарда көзделген қосымша мағлұматты қамтуы мүмкін. Құрылтай шартында қоғамның атауы белгіленеді. Акционерлік қоғамның атауында заң талаптарына немесе қоғамдық мораль қалыптарына қайшы келетін аттарды, егер жеке адамдардың есімдері қатысушылардың есімдеріне сәйкес келмесе не қатысушылар бұл адамдардың есімін пайдалануға олардан рұқсат алмаса, олардың есімдерін пайдалануға жол берілмейді. Мұнда келесі бір есепті мысал ретінде келтіру орынды. Қазақстан Республикасының азаматшасы С.Әділбаева өзіне атасынан мұрагерлікпен өткен Манғыстау-газ акционерлік қоғамының атауын өзгертпекші болады. Егер бұл мысалға құқықтық талдау жасасақ, әрине бұл заңға қайшы әрекет. Себебі Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 38-бабының1-тармағына сәйкес, заңды тұлғаның атауында жеке адамдардың, соның ішінде атақты адамдардың есімдерін, олардың келісімінсіз пайдалануға жол берілмейді делінген. Акционерлік қоғамның тұрған жері (оның тұрақты жұмыс орны) оның құрылтай құжаттарында почталық толық мекен-жайы жазылып көрсетіледі (Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 38-бабы). [I: 2; 33-34бб.]
Акционерлік қоғамның тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған жер оның тұрған жері болып табылады. Үшінші тұлғалармен қарым-қатынаста қоғам өзінің нақты мекен-жайының бірыңғай мемлекеттік тізілімге енгізілген мекен-жайға сәйкес келмейтініне сілтеме жасауға құқығы жоқ. Бұл орайда үшінші тұлғалар заңды тұлғаға мемлекеттік тізілімге енгізілген мекен-жайына да, нақты жайына да почталық және өзге де хат-хабарлар жіберуге құқылы. Қоғамның тұрған жерінде банк мекемесінде оның есеп шоты ашылады және тұрған жерін белгілеу жауапкер болатын сот істерінің қай ведоствоға қарайтындығын анықтау үшін маңызды. Акционерлік қоғам директорлар кеңесінің шешімі бойынша заң құжаттарында көзделген тәртіппен өз филиалдары мен өкілдіктерін құруға құқылы. Ал заңдарда көзделген жағдайларда, акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995-жылдың 30-тамызында республикалық референдумде қабылданды [III: 1; http:lekcia.com; Акционерлік қоғамның ұғымы, түсінігі;]
1.2 Жарғылық капитал мен бағалы қағаздардың қалыптасуы
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 88-бабына сәйкес акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталының мөлшері және оны қалыптастыру тәртібі, сондай-ақ оны ұлғайту мен азайту тәртібі Қазақстан Республикасының актілерімен айқындалады. Жарғылық акционерлік капитал - нақты компанияның акцияның әрбір түрінен шығаруға мүмкіндігі бар ең көп саны. Акционерлік қоғамдар туралы заңының 11-бабына сәйкес, акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталы акцияларды олардың орналастырылу бағасы бойынша сату арқылы қалыптастырылады. Құрылтайшылар төлейтін жарғылық капиталдың мөлшері қоғамның жарғылық капиталының ең аз мөлшерінен кем болмауға және құрылтайшылар оны қоғам заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген кезге қарай толық төлеуге тиіс. Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері екі жүз мың айлық есептік көрсеткіш болады. Бағалы қағаздар - ең алдымен мүлікті иемденуге құқық беретін ақшалы құжат немесе қарыз берушіге қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі.Бағалы қағаздар иемденуге берілсе, бағалы қағаздардың екінші түрі бойынша ерекше куәлік толтырылып беріледі. Оны иемдену құқын беретін құжатты сертификат деп атайды. Бағалы қағаздарды шығарып, оны айналымға эмитенттер түсіреді. Эмитент ролінде акционерлік қоғамдар, жеке кәсіпорындар, мемлекет, республикалық және жергілікті басқару органдары бола алады. Бағалы қағаздарға акция, облигация, вексельдер, опциондар, акционерлік қоғамдардың чектері, фьючерстер, депозиттік сертификаттар жатады. Акция - үлесті немесе меншікті куәләндыратын бағалы қағаз, яғни акция қоғам шығаратын және олардың түрлері мен санаттарына (категорияларына) қарай акционердің дивиденттер алуға, қоғамды басқаруға қатысуға және қоғам таратылғаннан кейін оның қалған мүліктерінің бір бөлігіне құқықтарын куәләндырады. Ол иемденушісіне компанияның капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқын береді. Акционерлік қоғам қанша уақыт істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционердің акцияны шығарған компанияға қайтаруға құқы жоқ. Акционерлік капитал бөлінбейді. Акционер оны тек екінші нарықта сатуына болады. Акцияны шығару мына жағдайда болады:
- меншікті акцияландырғанда, яғни акционерлік қоғам құрып, оның жарғылық капиталын қалыптастырғанда;
- бар компанияны акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда;
- жарғылық капиталды қосымша молайтқанда. [IІ: 2; 40-41бб.]
Атап айтқанда, жарғылық капитал деген, шығарылған акциялардың бастапқы жиынтық құны. Ол, өз кезегінде айналымдағы капитал (жай және артықшылықты акциялар) және компанияның портфелінде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді. Оларды компания кез-келген уақытта өз ойынша пайдалана алады. Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын ұлғайтуға және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден-бір түрі. Акция компанияның акционерлер алдындағы қарыз міндеттемесі. Компанияның өз акциясын қайта сатып алатын құқы бар. Бірақ бірсыпыра елдердің заңында, егер корпорацияның төлем қабілеті жоқ болса, онда ол акциясын қайта сатып алатын құқықтан айырылады деген де ереже бар. Дәл осы жағдай, егер қайта сатып алу корпорацияның төлем қабілетін нашарлататын болса да қаралған. Заң жүзінде акцияны бөлуге де болады. Айналымдағы әрбір акцияны бірнеше бөлікке бөлуге болады. Акция бірнеше түрге жіктеледі. Бір жағынан, бір акционерден басқа біреуге беру тәсілі бойынша: атаулы және иесі ұсынушы болып екіге бөлінсе, екінші жағынан, корпорацияны басқаруға қатынасу құқығы бойынша - жай және артықшылықты акция деп те екіге бөлінеді. Акционерлік қоғам тек өзінің жарғысында бекітілген акцияларды ғана шығара алады. Атаулы акция - иесі міндетті түрде корпорацияның реестрінде тіркелуге тиіс акция. Акционерлер кітабында қанша және қай уақытта алғандығы туралы жазылған акция иесі ғана акционер деп есептелінеді. Ұсынушыға арналған акция - иесінің аты-жөні корпорация кітабында тіркелмеген акция. Кітапта ұсынушыға арнап шығарылған акцияның жалпы саны ғана көрсетіледі. Ал басқару жағынан корпорацияларға қолында атаулы акциясы бар акционерлер қолайлы. Себебі, ол акционерлік капиталдың қозғалысын және бағалы қағаздардың қозғалысын және бағалы қағаздардың кейбір акционерлердің қолында шоғырлануын, олардың бұл мемлекеттен кеткенін реттеп және бақылап отыруға мүмкіндік береді. Акционерлердің көзқарасы тұрғысынан қарағанда, әсіресе, қысқа мерзімді мүддені көздеген акционерлер ұсынушыға арналған акцияны қолдайды. Себебі еш жерде тіркелмеген мұндай акцияларды екінші нарықта еркін сатуға болады. Ал атаулы акцияны еркін қолма-қол ақшаға айырбастауға болмайды, сондықтан олардың өтімділігі акционерге кейбір жағдайда қолбайлау туғызады. Акцияның осы екі түрін жүзеге асыру жолы да әртүрлі:
1) Cату механизмі бойынша. Атаулы акцияның иесі оларды компаниядан сатып алғанын куәландыратын барлық акция санына бір толтырылған сертификат алады. Бұл акцияларды сатқанда сертификаттың сырт жағында екі жақтың қолы қойылған индоссамент деген белгі қойылады.Содан соң акционерлердің тізіміне өзгеріс енгізу үшін сертификат корпорацияға жіберіледі.Бұдан кейін ғана акциялардың жаңа иесі акцияларға жаңа сертификат алады. Ұсынушыға арналған акцияны сатқанда оларды бір иемденуші тікелей, яғни қолма-қол екіншіге береді.
2) Акцияның осы екі түрінің жаңа данасын (тиражын) иемденушілер құқын белгілеу тәртібі де әртүрлі. Бұл туралы атаулы акция иесі корпорациядан хабарландыру хат алса, ал акцияны ұсынушыға мұндай механизм жүруі мүмкін емес. Ұсынушы акциясында кесіп алатын купоны (талоны) болады. Соны толтырғаннан кейін ғана корпорацияға жіберіп, өзінің меншік құқын іске асырады.
3) Ұсынушы акцияның номиналы өте жоғары болмайды, бірақ ол көп тиражбен шығарылады, ал атаулы акцияның номиналы әртүрлі мөлшерде бола береді. Корпорацияны басқаруға қатынасу құқығы бойынша жай және артықшылықты акциялар болып бөлінеді. Жай акцияларды иеленушілердің корпорацияның тапқан пайдасының мөлшеріне байланысты дивиденттер алу құқы, жиналыстарда дауыс беру арқылы корпорацияны басқаруға қатысу құқы және корпорация жабылып қалған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін мүліктің бір бөлігін алу құқы бар. Құқықтар мөлшеріне сәйкес көлемде жүзеге асырылады. Әрбір акция өз иесіне бір дауыс үлесін береді. Мұнымен бірге жай акция дивидент алуға кепілдік бермейді. Себебі, дивидент корпорацияның шаруашылық нәтижесіне байланысты. [IІ: 3; 39-40бб.]
Дивидент корпорацияның таза пайдасының бір бөлігі, басқаша айтқанда, дивидент төлеу пайданың салық төлегеннен қалған қалдығын бөлуге негізделген. Дивиденттің мөлшеріне күшті өзрерістердің әсер етуі кездейсоқ жәйт емес. Облигациялар деп эмитенттің белгілі бір шартты орындауға, яғни ақша сомасын қайтаруды және белгіленген сыйақыны (мүддені) төлеуді міндеттенген жазбаша қарыз құжатын айтады. Түсінікті болу үшін, эмитент дегеніміз компанияның бағалы қағаздарды шығаруын және оларды алғашқы инвесторларға сатуын ұйымдастыратын, яғни эмиссияны шығаратын компания. Ол корпорацияның активіне қарсы қойылады. Алайда, бір айта кететіні, облигация арқылы тартылған капитал акционерлік капитал деп есептелмейді. Облигация шығару - қосымша капитал тартудың бір нысаны. Эмитенттің жалпы шығыны облигацияны шығаруға және оларды орналастыруға жұмсаған жылдық шығынға тең болады. Облигация да акция сияқты корпорацияны инвестициялаудың ең маңызды көзі. Дегенмен бұл екі бағалы қағаздардың бір-бірінен түбегейлі өзгешеліктері бар. Облигация иемденушісі корпорацияға несие беруші болып табылады. Ал облигация корпорацияны несиелендіргеннің куәлігі. Өз кезегінде, акционер корпорацияны меншіктенушінің бірі. Акция сол меншіктенудің куәлігі тәрізді. Облигация иемденушісіне сыйақы (мүдде) төленеді. Оның мөлшері бекітілген және нақты анықталған. Бұл бағалы қағаз өзінде көрсетілген белгілі бір анықталған уақыт аралығында ғана кіріс түсіреді. Облигация бойынша сыйақы (мүдде) басқа өтелетін дивиденттен бұрын төленеді. Корпорацияның сыйақыны (мүддені) уақытында төлей алмауы оның банкрот деп танылуына тең. Басқа несие беруші сияқты, облигация иесінің дауыс беру құқығы жоқ. Ол акционерлер жиналысына, сонымен қатар, корпорация басқаруға да қатыспайды. Бірақ керісінше, акция иесінің корпорацияның мүліктік мүддесін қорғауда шешуші дауыс құқығы бар. Облигацияда бірсыпыра элементтер көрсетіледі: номиналы, купондық мөлшер, өтеу туралы нұсқау, эмиссия шарты, қамтамасыз етілуі, рейтингі. Вексельдің айналмалылығы, яғни иемденуші оны басқа адамдарға беруіне болады. Бағалы қағаздардың өте көп басқа түрлері болады. Оларды әр түрлі эмитентер шығарады. [IІ: 4; 81-82бб.]
Корпорацияның жарғысына қарсы келмесе, онда оның екінші қатардағы немесе айналымдағы бағалы қағаздарға қосымша тағы да бағалы қағаздар шығаруға капитал табуға мүмкіндігі бар. Оларды құқықты бағалы қағаздар деп те атайды. Оларға жазылу құқын, опцион, варрант деген сөздер айқындайды. Сонымен қатар, депозиттік сертификат, қазыналық вексельдер жатады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңында бағалы қағаздар нарығында акциялар бағаланатын, активтерінің мөлшері кемінде айлық есепті көрсеткіштің 200000 еселенген мөлшерін құрайтын және акционерлерінің саны 500-ден кем болмайтын акционерлік қоғам халықтық акционерлік қоғам болып табылады делінген. Халықтық қоғам мәртебесін алу тәртібі бағалы қағаздар нарығы туралы заңдармен белгіленген. [III: 2; www.zan.zanmedia.kz; Жарғылық капитал мен бағалы қағаздар;]
ІІ ТАРАУ. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
2.1 Қазақстанда акционерлік қоғамның құрылуы
Жоғары орган - акционерлерінің жалпы жиналысы (барлық дауыс беруші акцияларды бір акционерге тиесілі қоғамда осы акционер) Басқарушы органы - директорлар кеңесі. Атқарушы орган - алқалы орган немесе атауын қоғамның жарғысы белгілейтін, қоғамның атқарушы органының қызметін жеке-дара жүзеге асыратын тұлға. Акционерлік қоғамның органдары: жалпы жиналысы, директорлар кеңесі, алқалы орган немесе басқарма, тексеру коммисиясы (алқалы немесе жеке-дара тексеруші) болып саналады. Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы жылдық және кезектен тыс жиналыстар болып табылады. Қоғамның ең жоғары органы - оның акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып табылады. Ол ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz