БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРЫ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М.Өтемісов атынадығ Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Қазақ тілі пәнінен сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастыру

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2018ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЖҮРГІЗІЛЕТІН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАР
1.1 Сыныптан тыс жұмыстардың оқушы тілін ауызша дамытудағы педагогикалық көзқарастар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2. Бастауыш класта қазақ тілінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРЫ
2.1. Қазақ тілі пәнінен сыныптан тыс жұмыстың ұйымдастыру әдістері және оны қолдану түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.2. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ..27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Қоғамды қайта құру жағдайында Қазақстан республикасының білім беру саласындағы басты міндеттердің бірі ұлттық ерекшеліктерді еске алып , жастарға терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту және жетілдіру .
Жастарға білім мен тәрбие берудің негізі болып саналатын жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық процесін жақсарту бірінші кезектегі мәселе болса, бастауыш мектеп - негіздің негізгі түп қазығы.
Бастауыш білімнің мемлекеттік стандартының алғашқы нұсқасы және соған сәйкес оқу бағдарламалары дайындалып, іс жүзіне асып жатуын қазіргі кезеңдегі мектепті дағдарыстан шығаратын тактикалық шешімдердің бірі деп түсінген жөн.
Мектеп өз түлектерін тек ғылымның қазіргі даму деңгейіне сәйкес терең де тиянақты біліммен қаруландырылған жағдайда ғана өзінің әлеуметтік қызметін орындап шығатындығы баршаға аян. Бастауыш білімнің мемлекеттік стандартты және оны мектеп тәжірибесіне ендіруде шешуші орынды мұғалімдер қауымы алатыны анық.
Басталып отырған осы үлкен іс дұрыс бағыт алып , тиянақты қалыптасу үшін, оның ғылыми негізі салыну керек.Қазіргі қолданып жүрген бағдарламалар, оқулықтар , көмекші құралдар болмаса, бастауыш қазақ тілін оқытудың ғылыми әдістемесі жоқ. Көпшілік авторлар бағдарлама, оқулықтар жазуда жалпы қазақ тіл методикасына сүйінген, не орыс, шет тілдерін оқыту методикасын басшылыққа алған . Ал, бастауыш мектептерінде жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың бағдарламасы әлі жасалмаған, мүлдем негізі салынбаған деуге болады. Мұндай жағдайлар бағдарламалар мен оқулықтардың сапасына әсер етпеуі мүмкін емес.
Мемлекетіміз көп ұлтты мемлекет болғандықтан , қазақ тілін, халықтық педагогиканы үйрету қажеттілігі барған сайын арта түсетіндігі анық. Сондықтан бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстарда халық педагогикасын пайдалануға үйрету мәселелері, оның әдістемесін ғылыми негізде құру проблемалары, оны зерттеу қазіргі заман талабына қажет болып отыр. Қазіргі таңда қоғамның даму бағыты оқу тәрбие жұмысының алдында жас ұрпақтың ақыл - ойын, тілін , салт- санасын жетілдіру, жалпы білім деңгейін дамыту өзекті мәселенің бірі болып отыр.
Бастауыш кластарда қазақ тілін оқытумен қатар, сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің маңызы жас үрпақ үшін қолайлы жұмыстың маңыздысы деп білеміз.
Бірақ бастауыш мектепте, жоғары оқу орындарында қазақ тілін үйретуде аудиториядан , сыныптан тыс жұмыстың маңызы қандай , қандай сыныптан тыс жұмыстар жүргізу керек, оны жүргізу әдістемесі қалай болу керек деген мәселе күні бүгінгі күнге дейін ғылыми тұрғыдан алғанда назардан тыс қалып келді. Сондықтан біз зерттеу жұмысымызды бастауыш мектептерінде сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарға , олардың тіл үйрету мен тіл дамытуда атқаратын қызметіне арнадық. Бұл айтылғандар біздің зертеуміздің проблемалық актуалдылығын көрсете алады.
Зерттеудің мақсаты: Бұл мәселені зерттеуде бастауыш мектептерінде қазақ тілін оқыту және қазақ тіліне байланысты сыныптан тыс жұмыстардың оқушы тілінің ауызша дамуына тигізетін әсерін анықтау, оны тиімді түрде өткізе білу жолдарын көрсету көзделеді.
- Бастауыш мектепте қазақ тілінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлерін зерттеу ;
- Мектепте қазақ тілінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың өзектілеріне ерекше тоқталып, ұйымдастыру әдістерін кеңінен беру ;
- Мектепте қазақ тілінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар жайлы әдебиеттерді және озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерін зерттеу.
Зерттеудің нысынасы:
Зерттеудің пәні: Бастауыш мектеп оқушыларымен сыныптан тыс жұмыстарын ұйымдастыру.
Зерттеудің міндеті: Қазақ тілін бастауыш мектепте халықтық педагогиканы үйретуде сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың түрлері мен мазмұнын анықтау;
- сыныптан тыс жұмыстардың қазақ тілін үйретуде , тілді дамытуда атқаратын қызметін анықтау ;
- сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу әдістемесін белгілеу ;
- сыныптан тыс жұмыстардың тілді үйренуге қызығушылығын арттыруын дәлелдеу;
- тілді үйрету үшін қызықты ойындардың түрлерін таңдау, оны ғылыми түрғыда дәлелдеу;
- сыныптан тыс жұмыстардың тиімділігін тәжірибе арқылы дәлелдеу;
Зерттеудің әдісі: Әлеуметтік - педагогикалық (ғылыми-әдістемелік, ғылыми теориялық еңбектерді талдау);
- тәжірибелік бақылау жүргізу, анкеталар тарату, пікір алмасулар, әнгімелесу;
- статистикалық, тест әдістері, салыстырулар , тәжірибелік жұмыс нәтижелеріне талдау, қорытындылар жасау.
Теориялық қолданымы: Бастауыш мектептерінде сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру және жалпы оқушылардың сөйлеу әрекетін жүзеге асыру.
Практикалық қолданымы: Зерттеу еңбектегі нақты ұсыныстар мен тәжірибе нәтижелері қазақ тілін оқыту әдістемесіндегі ақтаңдақтармен толықтырылды, арнайы курс, семинар, лекцияларда, қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіруде, бағдарламалар мен оқулықтар жасауда пайдалануға болады.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЖҮРГІЗІЛЕТІН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАР.
1.1 Сыныптан тыс жұмыстардың оқушы тілін ауызша дамытудағы педагогикалық көзқарастар
Cыныптан тыс оқуды белсенді ұйымдастырушы және оны басқарушы да мұғалім болуға тиіс. Сондықтан мұғалім өз оқушыларынын кітапқа деген ынтасын үнемі арттырумен бірге, олардын. қандай кітап оқуға тиіс екендіктеріне де бағыт беріп отырады. Балалар бастауыш класты бітіргенде, совет ақын-жазушыларының бел-гілі шығармаларымен таныс болулары қажет екенін де үнемі ескертіп отырады.
Қластан тыс оқу жұмысын балалар мектепке келген кезден бастаған жөн. Өйткені сауат ашу кезінде оқушылардьщ ақыл-ойын, тілін дамыту жұмыстары балаларға түрлі- түсті суретті кітапшаларды көрсету арқылы дауыстап, мәнерлеп оқи отырып жүргізіледі.
Екінші сыныптан бастгп мұғалім балаларға мектеп кітапханасынан алған кігаптарды бере бастайды. Олар-ға кітапты дүрыс үстап, күте білудің ережелерін үйре-теді: кітапты газетпен не қағазбен тыстап қою, оқыған кезде кітап беттерін бүктемеу, кітап беттерін су немесе кір қолмен ұстап парақтамау т. б. Мұғалім бұл ереже-лерді анық етіп жазып, класқа іліп қояды.
Сыныптан тыс оқу оқушылардың кітапты өздіктерінен оқи алу дағдыларын арттырумен бірге, Ана тілі оқу-лықтарындағы шығармалардың мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерін түсінуге көмектеседі. Балалар оқыған шығармаларындағы негізгі ойды аңғара білуге, сол оқи-ғаға өзінің қалай қарайтынып айтып, кейіпкерлердің әрекетіне баға бере білуге талаптануы қажет.
Кластағы оқу сабақтарында оқушылар көркем тіл-мен жазылған шығармалардан басқа тарих, табиғатта-ну т. б. пәндерінен мағлұмат беретін материалдармен та-нысады. Осындай, класта алған ұғым сыныптан тыс оқу кезінде нығая, жетіле түседі.
Сыныптан тыс оқу сабақтарында мүғалім балалардың қандай кітаптарды оқығандарын біліп отырумен қатар, алдағы уақытта не туралы оқығылары келетінін де есепке алуы қажет.
Бастауыш мектептердегі сыныптан тыс оқудың мазмұ-ны мен үйымдастыру жолы жөнінде жаңа программа-ның жобасында былай делінген: Сыныптан тыс оқудың мақсаты: баланың сыныптан тыс оқуы арқылы барлық пәннен алған білімін тереңдете түсу, кітаптан өзіне қа-жетті материалды, кітапханадан керекті кітапты іздеп тауып алуға көмектесу ; өз бетімен жүмыс істеу дағды-сын нығайта түсу; оқуға, білуге ынтасын, қүштарлығын арттыра түсу; баланың эстетикалық және дүние тану қүмарлығын арттыру.
Сыныптан тыс жүргізілетін оқуды үйымдастырудың ең негізгі принципі -- оның класта жүргізілетін оқумен ты-ғыз байланыста болуы. Оқушының сыныптан тыс оқитын кітаптары класта өтілетін сабақтардың жалғасы түрінде үсынылады. Оны мүғалім күнделікті оқу, табиғат тану, сурет, ән, еңбек т. б. сабақтарында және оқу бойынша жүргізілетін қорытынды сабақтарда сүрап, класта оқы-ғандарына байланыстырып отырады ... .
Сөйтіп, класта оқу сабағы жақсы үйымдастырылса, онда көп мәселелер жөнінде әңгімеленсе, балаларды мү-ғалім осы мәселелер жайында тағы да біле түсуге қы-зықтыра алса, сыныптан тыс оқу сабағы да нәтижелі өтеді. Оқушыларға қандай кітаптарды оқу керектігі, олардың тізімі беріледі. Мысалы, класта М. Әлімбаевтың Ұқып-ты бала және Үқыпсыз бала өлеңдері оқылды делік,
оның жалғасы ретінде Ұқыпты оқушы өлеңін оқытуға болады. Немесе Совет Армиясы бөліміндегі Т. Бигел-диновтың Қаһарлы күндерде әңгімесін оқығаннан кей-ін, сөз жоқ, оқушылар Совет Одағының Батыры атағын екі рет алған, ұшқыш Т. Бигелдиновтың балалық шағы жөнінде білгілері келеді. Ол үшін мүғалім С. Бақбер-геновтың Талғат атты кітабынан үзінді беруіне бо лады.
Класта оқушылар жазушының бір шығармасынан үзінді оқыса, сол шығарманы толықтыра оқу сыныптан тыс оқуда іске асырылады. Кейде белгілі ақын-жазушы-лармен балаларды толығырақ таныстыра түсу мақса-тында оның класта оқылғаннан басқа шығармаларымен сыныптан тыс таныстыруға болады. Мысалы, Ы. Алтын-саринның Әдептілік әңгімесін оқығаннан кейін, оның Баланың айласы, Аурудан аяған күштірек, Өтірік-тің залалы т. б. әңгімелері сыныптан тыс оқуға беріледі. Қейбір жекелеген шығармаларды сыныптан тыс оқу сабағында да талдауға болады. Онда талданатын шы-ғармалардың тәрбиелік жағы күшті болуы қажет.
Оқушылардың кітап оқуға қаншалықты ынталы жә-не бейім екендіктерін білу үшін мүғалім олардың әрқай-сысымен оқыған кітаптары жөнінде жеке әңгімелеседі; салған суреттерін, жазып алғандарын қарап, -- бүкіл деректермен жеке танысады. Кейде кітапханадағы кар-точкасын қарап көруге де болады. Осындай ыждағатты тексерудің нәтижесінде, балалардың қайсысы қандай тақырыпты жақсы көретіндері байқалады. Кейбір бала ертегілерді, кейбіреулері ерлік жайлы шығармаларды, ал бірсыпырасы қиял-ғажайып ертегілерін т. б. үнатады. Осыдан кейін мүғалім балаларды бір жақтылықтан сақтандыру мақсатымен, оларды басқа тақырыптарға қызықтыру жолдарын іздестіреді.
Балаларға сыныптан тыс оқуға арналған тартымды кітаптарды іріктеп немесе жаңадан шығып жатқан шы-ғармалардың ішінен іріктеп үсынады, әдемі суреттермен безендірілген кітап жаймаларын, түрлі әдеби ойындар үйымдастырады т. б.
Сыныптан тыс оқылуға тиісті кітаптардың тізімі бір тоқсанға арналып әр тоқсан сайын үсынылып отырады. Балалардың оқуға ынтасын арттыру мақсатымен мұға-лім ұсынып отырған кітаптарының ішінен кейбір оқи-ғаларды бастап айтып, одан әрі не болатынын осы кі-тапты оқып білесіңдер деп аяқтайды. Кейде кітаптың сыртындағы немесе ішіндегі кейбір әдемі суреттердікөрсету арқылы да қызықтыруға болады. Ал енді бір жағдайларда шығарманың, кітаптың атын, авторын ға-на айтып, оның осылайша неге аталғанын білуді тапсы-руға болады.
Бастауыш класс оқушыларын оқуға қызықтыру үшін V -- VI класс оқушыларының да көмегі зор. Өздерінің кішкене бауырларына бұрын оқыған кітаптары, әңгіме, ертегілері жөнінде, өздеріне ұнайтын жазушылар жө-нінде әңгімелеп айтып берсе, олар сол кітапты өздері де тауып оқиды.
Оқу жылы аяғында балаларға жазғы демалыс кезін-де оқитын кітаптарының тізімі беріледі де, оқу жылының басында сол көрсетілген кітаптардың қайсысын оқыған-оқымағандарын тексереді. Олардың оқыған кітаптары туралы жазғандарын, әсерлерін, пікірлерін, кейбір үзін-ділерді, кейіпкерлердің аттарын, суреттерін т. б. қарай-ды, оқытады.
Міне, осындай жұмыстардан кейін қосымша оқуға тиісті қітаптардың тізімі беріледі. Мектептерде ана тілі сабақтарының өтілу жайы мен сыныптан тыс оқудың маз-мұнына сай, бастауыш класс оқушыларымен мынадай жұхмыстар орындауға болады:
1) Көркем шығармаларды (бір шығарманы немесе тақырыбына қарай топталған бірнеше шығарманы), ер-тегілерді, мақалаларды талдау.
2) Күнделікті баспасөздегі (Балдырған, Ақ жел-кен, Зерде журналдары мен Ұлан газеті) мақала-ларды оқу.
3) Кітаппен жүмыс істеу дағдысын қалыптастыру. Көркем шығармаларды талдау үшін сюжетті әңгімелер қолайлы.
Оқушылардың өз беттерімен оқитын шығармалары-на сүрау берудің қажеті жоқ, олар өз беттерінше қоры-тынды шығарғандары жөн, яғни әркімнің өз оқығанда-ры жөнінде өз кезқарастары болғаны дұрыс. Кейде оқы-ғандары жөнінде жолдастарынан сүрау, пікір алысу т. с. с. тыйым салынбайды.
Сыныптан тыс оқу сабақтарында кернекі қүралдар қолданудың да пайдасы мол. Мұнда да шығармада кез-десетін қиын сөздер түсіндіріліп отырғаны жен.
Сыныптан тыс оқуда бір жазушының шығармасын тал-дауда сол жазушының емірі мен қызметінен толығырақ мағлүмат беруге болады. Мүндай сабақ шамамен былай үйымдастырылады:
а) мұғалім немесе балалардың бірі жазушы жөнінде қысқаша әңгімелеп береді;
ә) жазушының балаларға таныс кітабы я шығарма-сынан үзінді оқылады, кейде бір шығармасынан әдеби монтаж, ойын ұйымдастыруға да болады.
Бірінші сабақта сол жазушының өмірбаяны туралы айтылып, оның балалар оқыған шығармасы жайлы қыс-қаша әңгімеленеді де, басқа бір шығармасы тағы оқуға тапсырылады.
Екінші сабақта оқуға берілген шығарма талқылана-ды, ал үшіншгсабақта қорытындыланады.

1.2. Бастауыш класта қазақ тілінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың жалпы сипаттамасы.
Оқушының әдебиеттен сабақта алған білімін тереңдетуде, эдебиет арқылы оқушыны тәрбиелеуде, оқушының әдеби қабілетін, дамытуда әдебиеттен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың атқаратын қызметі орасан зор. Бүл мәселеге кіріспес бұрын жалпы сыныптан тыс жұмыс туралы түсінік берген дүрыс, өйткені ол эдебиеттен жүргізілетін сыныптан тыс жүмыстарға да қатысты және оны түсінуге де көмектеседі.
Сыныптан тыс жүмыс оқушының адам ретінде қалыптасуына, білім, білік дағдыларының дамуына, класта оқылатын сабақтан кем қызмет атқармайды. Сондықтан ол оқу-тәрбие жұмысында жоғары бағаланып, оған мэдениеті дамыған елдерде ғылыми- тәжірибелік тұрғыдан ерекше мән беріледі. Өйткені сыныптан тыс жұмыс оқушының сабақтан бос уақытысында жүргізіледі. Оқушының сабақтан бос уақытын пайдалы жұмысқа жұмсауы оның дүрыс өсуіне, қалыптасуына үлкен әсер етеді. "Мектеп білім алудың кілтін ғана береді, Мектептен тыс, білім алу, бос уақытты орынды пайдалану- бүкіл бір ғүмыр!" -деген А.В. Луначарский сөзінде үлкен мән жатыр 90.
Сыныптан тыс жұмыс оқушылардың бос уақытын дұрыс ұйымдастырып, белгілі мақсатқа бағыттай отырып, олардың езі қалаған істерге қызығуын арттырып, қабілетінің жан-жақты дамуына эсер етеді. Сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың мектепте жүйелі, сапалы түрде үздіксіз , үзіліссіз жүргізілуі мәселесі - үлкен педагогикалық проблема. Ол үшін әрине, бұл жұмыстардың іске асуына қажетті негіз жасалу қажет. Бұл мәселе ең алдымен, бос уақытты ұтымды пайдалана білу проблемасына әкеліп саяды. Сондықтан да "Проблема свободного времени учащихся -это проблема в первую очередь педагогическая , направленная на формирования все сторонне развитой личности, подготовленной к труду, учебе, к содержательному, интересному , полезному отдыху"- дейді Н.К. Крупская 230.
Сондықтан да бала тәрбиесінде сыныптан тыс жұмыстың алатын орны ерекше . Оқушының мектептен , сабақтан тыс уақыты мол . Оны сыныптан тыс жұмыстар арқылы пайдалы іске жұмсамаса, оқушы бос уақытын қолайсыз іске жұмсауы да мүмкін, ондай жағдай өмірде кездесіп жүргені көпшілікке белгілі . Оқушылардан сабақтан тыс ұйымдастыру мэселесі аса ерекше жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Күнделікті сабақтан кейінгі кез , демалыс, мереке, каникул күндері бәрі тоғысып тәрбие мақсатын көздеп, балалардың рухани мүдделерін байытуға қызмет атқару қажет. Сабақтан тыс іс - әрекетті ұйымдастыруда қазір мектебімізде әртүрлі маңызды міндеттер қойылуда, балалар мен жасөспірімдердің сабақтан тыс уақыттарында тиімді педагогикалық басшылық жасалып, талаптар қойылғанда ғана олардың әрқайсысының жеке басын дұрыс қалыптастыруға жағдай туындап , оқушылармен тәрбиешілер арасында мызғымас одақ пайда болады.
Әдістемелік еңбектердің талдай, зерттей келе, сонымен қатар көп жылдық тәрбиелік байқау, бақылау нәтижелері оқу процесін сыныптан тыс және мектептен тыс жұмысты, оқушылардың жан-жақты қоғамдық пайдалы іс әрекетінен бөліп қарастыруға болмайтынына көзіміз жетті. Бүкіл оқу-тәрбие процесіндегі мұғалім мен оқушының үнемі , шынайы рухани қатынаста болуы, балалар ұжымындағы өзара дұрыс қалыптасқан тәрбиенің табысты болуын қамтамасыз етеді. Сабақта берілетін тәрбие мектептен тыс жұмыста да жалғастырылады, толықтырылады.
Сабақтан тыс бос уақыт оқушылардың өмірінде едәуір орын алатыны белгілі. Бүл кездерде оқушылардың көпшілігі өз ықыластарымен пәндік сабақтардан алған білімін тереңдетуге, оның бір қызықты саламен тереңірек шұғылдануға, қоғамдық іс-әрекеттерге араласуға өз бойындағы ерекше қабілеттін дамытуға, ата-аналарына көмектесуге мүмкіндіктері бар. Осының бәрі оқушыдан ұйымдастырушылық қабілеті, ерік-күшін, қажырлы еңбекті талап етеді.Бұл істе оған мектеп және сыныптан тыс жұмыстар көмек беруге тиіс екені белгілі. Оқушылардың сабақтан тыс уақыттағы іс-әрекетін нақтылы жүйемен ұйымдастырудың қажеттілігі де осында. Демек, оқушының жан-дүниесіне көбірек үңіліп, оны жете білуге және сол арқылы тәрбиелік ықпал ету мүмкіндігін артыруда сыныптан және мектептен тыс жүргізілетін жұмыстардың ролі зор. Балаға ықпал ету, олардың неге ынтық, қандай ерекшіліктері мен өзіндік ұмтылыстары бар екенін жете білуіне қажетті жағдайлар сабақтан гөрі сыныптан, мектептен тыс жұмыстарда мол. Сондықтан бұл жұмыстардың тиімділігін арттыру үшін , тәрбиені оқушылар игілікті іс жасайтындай , өз белсенділігін танытуға мүмкіндігі болатындай, нағыз белсенді азамат болып өсетіндей етіп ұйымдастыру қажет.
Оқушы жастардың мектептен тыс өмірі мен жан-жақты іс-эрекеттері жанұяда, мектептен тыс тәрбие орындарында, көшелерде, әлеуметтік қатынастың кең өріс алған жерлерінде өтіп жататынын кереміз. Демек , сыныптан тыс жұмыстар демалыссыз, үздіксіз барлық жерде жүзеге асырылады. Оны белгілі бір сағатпен , сабақпен шектеуге болмайды.
Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру барысында оқушылардың жас ерекшіліктері ғана емес, жеке-дара ерекшіліктерін ескерудің маңызы зор. Балалар бір-бірінен мінезімен, қабілетімен, мүддесімен, білімділіктерімен ерекшеленеді. Әркімнің өз ойы, толғанысы , арманы болады. Сондықтан тәрбиелік әсер етудің неғүрлым тиімді жолдарын іздестіріп белгілеу қажет болды.
Кезінде француз үлы ағартушы Жан-Жак Руссо: "Тәрбие мақсаты- бала бойындағы табиғи дарын мен қабілеттің көзін ашып, адамның творчестволық қалыптасуына көмектесуі деп қарады. Баланы күш көрсетіп, зорлаумен емес, дұрыс бағыт беру, ез еркімен құлшындыру арқылы тәрбиелеу керек" - деп орынды көрсетті 207.
Қабілет дайын нәрсе емес. Ол тәрбие арқылы дамиды. Қабілетті дамыту қалыптастырудың алғашқы кезеңі оқу әрекетімен басталып, сыныптан тыс жұмыстар арқылы жалғастыра түседі.
"Білмекке құмарлықты сақтап, оны дамыту - өздігінен жұмыс істеудің, білудің жолын, тәсілдерін үйрету - қабілетті тұрақты дамытудың шарты" -деп 139 керсетеді әдіскер ғылым
Р. Сүлейменова. Демек , оқушыда белгілі бір қасиеттердің негізі, көрінісі болған күнде де ол тәрбие мен оқусыз қабілетке де, дарынға да айнала алмайтыны белгілі. Бұл мәселеде оқу мен тәрбиенің бірлігі ерекше маңызға ие болады.
Осы тұрғыдағы тағы бір ұстаз пікірін келтірейік: "Әзірге қазақ мектептерінің саны көбейгеніне мәз болып жүрміз, тәрбиеміз тәлімді, біліміміз сапалы дей алмаймыз . Алайда, білім, тәрбие беру жүйесін әлемдік өлшемдерге жақындата түсу, тілімізге қамқорлық , тарихымызға таразылық, халықтық педагогикаға шындап бет бұру міндеті тұр"- деген ұстаз Н.Наурызбаевтың 121 пікірі өте орынды.
Тәрбие тамыры - халық даналығында, жас ұрпаққа жан өнегелі, жарасымды тәрбие беруде ата - бабалар дәстүрін өнеге етудің үлкен тәрбиелік маңызы бар екендігіне бүгінгі таңда анық көзіміз жетіп отыр.
Жасыратыны жоқ, халқымыздың өзіне тән ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын жастарға тәрбие беру процесінде өз дәрежесінде пайдаланып жүргізе алмадық. Баланы сәби кезінен бастап-ақ ұлттық тәрбиені санасына сіңіре беру керектігін қазіргі кезеңде де ғана сезінудеміз. Халықтық салт-дәстүр негізінде жүргізілетін тәрбие жұмыстары соңғы жылдары ғана мектеп тәжірибесіне еніп, мұғалімнің шама-шарқына, ізденісі мен іс-әрекетіне, шеберлігі мен ықыласына қарай әр түрлі деңгейде өткізіліп жүр.
Бәл тақырыпта ең алдымен мектептегі "Атамекен" бағдарламасын алуға болар еді, сол халықтың ондағы тәлім-тәрбие негізі халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрпын құрайды. Соларды үйрете отырып, баланы дәстүр негізінде дамыту, азамат етіп тәрбиелеуге бағытталған. Осы бағдарлама бойынша мектептерімізде Қазақ тілімен "Ата-мұра" үйірмелері жұмыс істей бастады. Бірақ бүл бағдарламаның іске асуы осы бағытта жүргізіліп жатқан оқу-тәрбие жұмыстары барлық мектептерде бірдей өз дәрежесінде толық іске асырылуда дей алмаймыз.
Жас ұрпаққа ұлттық , халықтық тәрбие берудің қайнар көзі қазақтың бай әдебиетінде жатыр. Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой-толғаныстары, бесік жыры мен батырлық эпостарда, ертегілер мен аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс термелерде, мақал - мәтелдерде көптеп кездеседі. Халықтық педагогиканы қазақ тілімен тығыз байланысты қарау мәселесінің негізі де осында жатқаны белгілі. Қазақ тілі мен әдебиет - бала жанының оның сана-сезімін, мінез-құлқын, өмірге көзқарасын тәрбиелейтін бапкері, адамдар арасындағы қарым қатынасты реттейді.
Қазақ тілінің тәрбиешілік мәртебесі қаншалықты маңызды, ұлы, әрі қастерлі десеңші. Оның қолында адам өмірінің тағдыры тұр деген В.Г. Белинскийдің сөзі жоғарыдағы пікірімізді дәлелдей түседі.
Қазақ тілінің байлығын сабақ жоспарында бөлінген сағат көлемінде меңгерту, оқушының оны игеруі мүмкін емес. Сондықтан қазақ тілі бойынша материалдың бірсыпырасын оқушыға игертуде қазақ тілінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың маңызы өте зор екені дәлелдене түседі.
Демек, өсер ұрпақтың рухани жан-дүниесі халық тілі мен әдебиетінен сусындап, бойына сіңіріп, оның ой санасының толуы үшін сабақта және сыныптан тыс уақытта жүргізілетін сан-алуан жұмыс түрлерінің маңызы ерекше. Елдің елдігін, ұлттық намысын, халықтың қастерлісін, абзал ардақтысын, жүрегіндегі нәрін оқушылардың бойына сіңіріп, тәрбиелеуде әдебиетке байланысты жүйелі түрде өткізілетін ұтымды ұйымдастырылған сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстар ерекше мәнге ие болары сөзсіз.
Сондықтан мектепте қазақ тілін оқытудың білімдік, тәрбиелік жақтарына үлкен баға берумен қатар, қазақ тілімен байланысты жүргізілетін сыныптан тыс уақыттағы жұмыстарға да үлкен мэн беріледі. Екеуінің де алдына қоятын мақсат-міндеттері бір, ол оқушы жастарымызға әрі білім, әрі тәрбие беру .
Көркем туынды тек жағымды қаһармандарының іс үлгісімен тәрбиелеп, шабыттандырып, қанағаттандырып қана қоймайды, ол өзінің әлеуметтік, азаматтық, адамгершілік әуенінің биіктігінен де әсемдікті әлпештеп, дәріптеумен де адам бойындағы асқақ сезімдерді ардақтап, оған мораль талаптарын қатаң түрде қоя білуге де игі әсер етеді.
Республикамызда қазақ мектептері жағдайында сыныптан тыс жұмыстар мәселесі бір жүйеге түскен нәтижелі тәжірибелер аз. Бірлі-жарым,тәуір деген тәжиребелер көрінсе, оның өзі республика мектептеріне кеңінен таратылып, пайдаланылмай келеді.
Бүгінгі өмірдің барлық салаларын қамтитын жаңару рухы жастармен жүргізілетін бүкіл сыныптан тыс тэрбие жүмысын мүлде жақсартуды талап етеді. Ол талапты орындау үшін, төмендегі жүмыстарды жүзеге асыру қажет деп санаймыз . Олар :
1. Сыныптан тыс жүмыстарды үйымдастыруды бір ізге түсіру, оған жүйелі, мақсатты түрде сипат беру;
2. Сыныптан тыс жүмыстардың түрлерін кеңейтіп, мазмүнын жаңарту,
"Атамекен" бағдарламасы бойынша үнемі толықтыру;
3. Сыныптан тыс жүмыстарға оқушылардың мүмкіндігінше толық түрде қатысуын қамтамасыз ету.
Барлық қазақ мектептерінде сыныптан тыс жүмыс жүйелі түрде сапалы іске асырылып жүріп жатыр деп біз қазір айта алмаймыз. Сонымен бірге, сыныптан тыс жүмыстар мүлдем жүргізілмейтін мектептер бар деуге тағы болмайды. Сыныптан тыс жүмыстардың эйтеуір бір түрінің мектепте көрініс беретінін тэжірибеміз көрсетіп отыр. Олай болса, қазіргі заманның талабына сай сыныптан тыс жүмыстардың мазмүны мен түрлерін сапалы, бүкіл жүмысын жүйелі қалыпқа келтіру басты мақсаттардың бірі болмақ.
Сыныптан тыс жүмыстың сапасы артып, жүйелі іске айналуы оқушының білімін тереңдетуді, оқытудың ізгілік, үлттық сипат алуына зор ықпал ететініне біздің өткізген арнайы үйымдастырған ізденістеріміз дэлелдей түсті. Осыған дейінгі кезеңдерде өткізіліп келген сыныптан тыс жүмыстарының көпшілігінің мазмүны мен түрі қазіргі заманның талабына сай өзгергенін, оқушылардың үғым түсінігіне сэйкес келе бермейтінін көреміз.

2.БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРЫ
2.1. Қазақ тілі пәнінен сыныптан тыс жұмыстың ұйымдастыру әдістері және оны қолдану түрлері
Жас үрпақтың дүниетанымының дүрыс қалыптасуы, ой- өрісінің биік болуы мектепте өткізілетін пәндердің мазмүны оқу эдістемелік жүйесіне байланысты. Қазақ тілі пэнін оқыту барысында оның тиімділігін арттыруда, оқушылардың ақыл-ойын, әдеби қабілеттерін дамытып жетілдіруде ерекше екенін тэжірибеміз дэлелдей түсті. "Единства урочной и внеурочной работы - залог успеха в преподование литературы",- дейді эдебиетші ғалым Ж.Э.Кушнарева. (223)
Қазақ тілін талапқа сай оқып білуге, оның идеялық, эстетикалық мэн-мағынасын терең ойлап, еркін қабылдауға қажетті біліммен, біліктілікпен қаруландыру оқырмандық мәдениетті көтеру мэселесі тек сабақпен ғана шектелмейді, ол үздіксіз жүргізіліп отырылатын сыныптан тыс жүмыстарға да тікелей қатысты, байланысты болып табылады. Алайда қазақ тілі пэніне байланысты атқарылатын сан түрлі сыныптан тыс жүмыстардың үйымдастырудың үтымды жолдары, оның эдістемесі ғылыми түрғыдан қарастырылып қазақ мектептерінің жағдайында толық шешімін тапты дей алмаймыз. Бүл жүмыстарда жүйесіздік байқалуы көп жағдайларда эр мектептегі мүғалімдердің өзіндік іс-эрекетіне байланысты жүргізіліп, нақты белгілі мақсат көзделмейтінін көреміз. Әдіскер ғалым Н.И. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларының дүние танымдық білімдерін арттыруда сыныптан тыс жұмыстардың тиімді түрлері мен әдістерін анықтау
Бастауыш мектеп оқушыларының дүние танымдық білімдерін арттыруда сыныптан тыс жұмыстардың тиімді түрлері мен әдістері
Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстардың педагогикалық мәні
Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық құндылықтарын қалыптастырудың үлгісі
Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі
Бастауыш сынып оқушыларының біліктерін қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстың ерекшеліктері
Дәстүрлі сабақ Шығармашылық сабақ
Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс ұйымдастырылатын жұмысы
Бастауыш мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тәрбие жүйелері және формалары
Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың біліктерін қалыптастырудың жолдарын анықтау
Пәндер