Әлеуметтік саясат - мемлекеттің ішкі саясатының құрамдас бөлігі
Жоспар
Кіріспе
1. Халықты әлеуметтік қорғау және қолдау.
2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау мен қолдаудың модельдері.
3. Халықты әлеуметтік қорғау және құқықтық қамтамасыз ету.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Конституциясының бірінші бабында, біздің
мемлекетіміздің, ең қымбат құндылығы – адам, оның өмірі, құқықтары мен
бостандықтары екені көрсетілген.
Экономиканы реформалау шарттарында адамның құқықтары мен
бостандықтарын қамтамасыз ету мәселесі неғұрлым өткір тұрды. Олардың
арасында әлеуметтік құқықтар ерекше орын алды. Адам құқықтарын мемлекет
тарапынан қорғау сұрақтары тіпті өткірлей түсті. Құқықтарды тікелей
қозғайтын көптеген құбылыстар мемлекеттік әсер ету және құқықтық реттеу
аясынан тыс болып шығады. Әлеуметтік диференцияциялаудын өсуі және басқа да
құбылыстар азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қауып астына қояды.
Адам мен мемлекет арасындағы өзара қатынаста айқындық жоқ, бұл да
жағдайды тереңдетеді.
Біздің мемлекетіміздің әлеуметтік бағытындағы Конституцияда
бекітілген, онда мемлекет халықты әлеуметтік қорғауды өзіне алады, сонымен
қатар тұлғаның тең және әділ мүмкіндіктерімен қамтамасыз етілуін
міндеттенеді.
Қазақстанда жүргізіліп жатқан түбегейлі экономикалық және саяси
реформалар қоғамда терең өзгерістер туғызды. Алғашқы кезде әлеуметтік
шиеленістер қалыптасты. Осындай жағдайда халықты әлеуметтік жағынан
қорғаудың тиімді жүйесін жасау қажеттілігі туындады. Жалпы адамзаттық
құндылықтар ең өзекті әлеуметтік мәселелердің біріне айналып, жеке дербес
өзгешеліктерінің көрінуі ерекшелене бастады. Қазақстан Республикасы
азаматтарының әрбір топтары мен мемлекеттік дәрежеде қызмет көрсетудің
негіздерін дүниежүзілік озат тәжірибе тұрғысындағы саяси-әлеуметтік маңызы
бар мәселеге айналды.

Жеке тұлға, топтар мен қауымдастықтардың құқығы мен бас бостандығы
әлеуметтік салада қорғау еліміздегі әлеуметтік саясат әлеуметтік сфераның
кез-келген бағытын айқындап, мазмұны мен басқаруы, жетілдіру мен
функцияларын анықтауды қамтамасыздандыруға негізделген, өйткені әлеуметтік
саясат басқа да саясат түрлерінің шоғырланған нүктесі десек, онда
әлеуметтік саясат мемлекет тарапынан іске асырылады. Қазақстан қазіргі
жағдайда өтпелі мемлекет типіне жатады. Ол мемлекетіміздің негізгі
институттары, органдары мен ұйымдары арасында әлеуметтік салада әр түрлі
қайшылықтар кездесіп қалатын. Политологтардың тұжырымына сүйенсек, жалпы
саясат экономиканың концентрацияланған көрінісі десек, онда әлеуметтік
саясат өзіндік ерекшелігі мен шоғырлану арқылы әлеуметтік сфераға
байланысты жүйелерді толық жинақтап өз бойына сіңірген.
Отандық және жақын, алыс ғалымдар зерттеулерінде мемлекеттің
әлеуметтік саясатын жүргізу екі блок бағытта (ориентация) қарастырылып жүр:
• Әлеуметтік жұмыстың негізгі бағыттарын ескере отырып оларды тиімді
жүзеге асыру, әлеуметтік диагностика, профилактика, адаптация, тұлғаға
әлеуметтік қорғау т.б.
• Әлеуметтік жұмыста әлеуметтік қорғауды қажет ететін негізгі
объектілеріне бағыттау, кемтаралар мен мүгедектер, көп балалы
отбасылар мен жалғыз басты аналар, жетім балалар мен өмір сүру қоржыны
төмен отбасылар, Ұлы Отан Соғысы мен жалғыз басты қарттар т.б.
Бұл әлеуметтік жұмыстың бағыттары өзара тығыз байланыста қарастырылып,
мемлекеттің тікелей және жанама түрде, бұл әлеуметтік қорғауды қажет ететін
топтарына әлеуметтік-экономикалық көмек беру арқылы олардың тұрмысын,
дәрігерлік, құқықтық мүдделерін қорғап әр түрлі қиындықтарды шешіп отыруына
қамқорлық жасайды. Ескеретін факт, мемлекеттің әлеуметтік саясаты әр түрлі
өлшемде алынатыны – экономикалық-ұйымдастырушылық, экологиялық, тұлғалық
т.б. Осы көрсеткіштерді негізге ала отырып мемлекеттің жүргізіп отырған
әлеуметтік саясатының сандық және сапалық сипатын объективті түрде
айқындауға болады. Әрине, ең басты көрсеткіштер ретінде мемлекетіміздегі
әлеуметтік әділеттіліктің әлеуметтік қорғау мен қызмет көрсету барысында
қатаң сақталынуы, әр түрлі топтар мен тұлғалардың нақтылы қажеттіліктерін
өтеу, әлеуметтік қажетсінетін топтарға уақтылы көмек беріп отыру т.б.
Халықты мемлекет тарапынан әлеуметтік қорғаудың ірге тасы, әрине,
құқықтық базасы, халықаралық және отандық заңдар мен заң актілері,
жергілікті әкімшіліктердің шешімдері, нұсқаулары мен ұсыныстары. Демек,
республикамызда азаматтарымызды әлеуметтік қорғаудың ең басты құқықтық
базасы – Ата-Заңымыз болып табылады. Сондықтан да әрбір әлеуметтік
қызметкер өз жұмысы барысында мұқтаж тұлғалар мен топтардың әлеуметтік
мәселелерін шешу барысында, сол азамат мүддесін қанағаттандыруға
мемлекеттік саясат негізінде құрастырылған құқықтық, ведомствалық
құжаттарды әлеуметтік көмек беру, құқықтық қорғау мен қызмет көрсету
сфераларының негізгі принциптері қамтылған, айталық азаматтардың құқығын
қатаң сақтау, әлеуметтік жұмыстың сабақтастығы, әлеуметтік жұмыстың әрбір
мұқтаж тұлғаның жеке мүддесін қанағаттандыру, басқару әкімшілік органдардың
жауапкершілігі т.б.
Сонымен, мемлекеттің әлеуметтік саясаты мен ол жүргізетін әлеуметтік
жұмыс сферасы бір-бірімен тығыз байланыста. Өйткені, әлеуметтік жұмыс
мемлекеттің әлеуметтік саясат әлеуметтік жұмыстың күре тамыры,
бағыттаушысы. Әрине, саясат әлеуметтік жұмысқа қарағанда тұрақты
қалыптасқан жүйе, ал әлеуметтік жұмыс мазмұны, формалары, құралдары,
әдістері мейлінше бай, өзгермелі де әр түрлі, бірақ әлеуметтік саясат
барысында негізгі мақсаттар мен міндеттерді шешетін процесс.
Мұнда, ең алдымен халықтың әр түрлі топтарын әлеумлеттік қорғау
саласындағы жұмыс екі аспектіде қарастырылатынын айту керек. Әлеуметтік
жұмыс кәсіптік іс-әрекетінің түрі ретінде тіршіліктің қиындығына кездескен
тұлғаларды қолдап, қорғау міндетін атқару барысында олардың әлеуметтік
мүдделерін шешеді.
Екіншіден, бұл процестің нәтижелі іске асырылуы әр елде, әр кезеңде
ұқсас әдіс, құрал, тәсілдерімен жүргізілгенімен әр түрлі сипатта болуы.
Айталық, Қазақстандағы өтпелі кезең қиыншылықтары республикадағы әлеуметтік
көмек пен қорғауға мұқтаж азаматтармен жұмыс жүргізуді материалдық база
мүмкіндіктерімен шеше отырып іске асырады.
Сонымен, жоғарыда, көрсетілгендей азаматтарға әлеуметтік қорғау мен
көмек көрсету мемлекеттің әлеуметтік саясатының қорғау мен көмек көрсету
мемлекеттің әлеуметік саясатының бағыт-бағдарын көрсетіп, қоғамның
әлеуметтік даму дәрежесін оңтайландырады да әлеуметтік қорғауды қажет
ететін тұлғалар мен топтардың құқықтық база негіздерінде мүддесін
қанағаттандыруға бағытталған әлеуметтік кепіл жүйесі болып табылады.
Себебі, кез-келген іс-әрекеттің өзіндік ерекшеліктері, сипаты, оның
мақсаты мен беретін нәтижесіне тікелей байланысты. Егер іс-әрекетті жүмыс
жүйесінің жиынтығы деп түсінсек, сол жүйе әлеуметтік жұмыста әрбір тұлғаға
көмек пен қызмет көрсету барысында олардың әлеуметтік қорғалуында
қамтамасыздандыру керек. Сондықтан да әлеуметтік қорғаудың ғылыми-құқықтық
құрылымы ықпал ететін элементтері мен өзіндік функциялары бар. Зерттеулерде
бұл іс-әрекеттер жүйесін кешенді жүйе ретінде қарастырып жүр. Бұл кешенді
жүйе құрылымын бір-біріне тығыз қатынасты компоненттермен тұжырымдайды.
Сонда, әлеуметтік қорғау субъектісінен басталған элементтер жұмыстың
мазмұны, басқару мен мақсат, құрал, функцияларының объектіге дейінгі іс-
әрекеттену жолын қамтыған.
Мемлекеттің әлеуметтік саясатының мәнін түсінуде, әлеуметтік топтардың
мүдделері мен қажеттіліктері, олардың қоғамдағы орны мен тікелей
байланыстығы туралы қоғамдық ғылымдар жинақтаған қорытындылар шешуші роль
атқарады.
Әлеуметтік саясат – мемлекеттің ішкі саясатының құрамдас бөлігі. Ол
халықтың негізгі әлеуметтік топтардың мүддесіне деген қоғамдық
көзқарастарды реттеп, әлеуметтік бағдарламалар мен тәжірибені жинақтайды.
Әлеуметтік саясат - өзінің пайда болу жағынан барлық әлеуметтік мәселерді
шешудің материалдық негізі болып, экономикадан кейін тұратыны белгілі.
Сол сияқты еліміздегі әлеуметтік саясатты дамытудағы мемлекет және
партиялардың, адамдардың қоғамдық, топтық, жеке мүдделерін үйлестіру мен
экономикалық, әлеуметтік саяси-идеологиялық жағынан қамтамасыз ету
жөніндегі қызмет:
• Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал жасау
• Жұртшылықтың еңбек және қоғамдық белсенділігінің артуына
көмектесу
• Қоғамдағы қатынастарын үйлестіру
• Қоғамдық құрылыстың тұрақтылығын қамтамасыз ету
• Мүмкіндігі шектеулі топтарды әлеуметтік қорғау
Қазақстан Республикасының 2030 стратегиясындағы әлеуметтік саясаттың
негізгі бағыттары екі негізгі мақсатқа бағытталған. Біріншіден, Қазақстан
егеменді, тәуелсіз мемлекет болды, соны нығайту қажет. Екіншіден, ауқымды
әлеуметтік саяси және экономикалық реформаларды толыққанды жүргізу. Осыған
байланысты әлеуметтік саясаттағы модельдік басым бағыттары төмеңдегідей
қарастырылуда:
• Кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес
• Ішікі саяси тұрақтылық пен қоғамның бірлігі
• Нығайту жолымен экономикалық өркендеуге жету
• Барлық әлеуметтік реформаларды аяқтау, ең алдымен бюджет
саласындағы реформаларды аяқтау, оның нәтижесінде зейнетақыларды
және әлеуметтік жәрдемақыны толық көлемінде уақытылы төлеу
• Үкімет пен мемлекет қызмет реформаларын жеделдету.
Кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес стратегиясы:
• Кіші кредиттер жүйесін енгізу
• Шағын және орта бизнесті дамыту
• Еңбекті көп қажет ететін салаларды басымдылықпен дамыту
• Шарттар мен контракттар және бюджеттің сатып алулар кезінде жұмыспен
қамту проблемаларын қатаң тұрғыдан келу. Дегенмен, жоғарыда аталған
міндеттердің іске асырылуын қадағалайтын әлеуметтік қызметкерлер
екендігін мойындайтын уақыт жеткен сияқты.
Қазақстан 2030 стратегиясында халық арасындағы экономикалық дағдарыс,
жастар мәселесі жалпы халықты жұмыспен қамту оған қарасты мекемелердің
материалдық, әлеуметтік көмек көрсетілуін атап көрсетті.
Мемлекеттің әлеуметтік саясатын ретке келтіріп отыратын халықтың
тұрмыс жағдайы, ғылыми-техникалық процесс мәселелерімен адамның еңбек
әрекеті саласын өзгерту мәселесі де тығыз органикалық байланыста болады.
Саясаттың гумандық осы жағдайы осы жерде ерекше көрінеді.
Өтпелі кезеңдегі әлеуметтік саясаттың аса маңызды мақсаты – жаңа
әлеуметтік-экономикалық мінез-құлықтың жаршысы бола алатын ортаңғы тапты
қалыптастыру. Әлеуметтік саясаттың функциялары:
а) әлеуметтік тұрақтылықты сақтау;
ә) адамдық күш қарымды (адамдарды) толықтырып отыру үшін қажетті
жағдайлар туғызылуын қамтамасыз ету.
Экономикалық белсенділікті ынталандыру саясаты әлеуметтік жіктелудің
артуына және, мұның салдары ретінде, әлеуметтік шиеленістің өршуіне сөзсіз
әкеліп соқтыратындықтан, әлеуметтік саясаттың бұл функциясын әлеуметтік
тұрақтылықты сақтау және адамдық күш-қарымды толықтырып отыру функциясымен
теңдестіру мейлінше қиын міндет. Бұл аса шиеленісті проблема.
Әлеуметтік жіктеліс пен әлеуметтік ұтқырлық процестерін ұдайы
қадағалап отыру, табыс деңгейі, әлеуметтік көңіл-күйі және т.б. бойынша
әртүрлі әлеуметтік топтарды болжап сипаттап отыру осы проблеманы шешудің
қажетті шарты болып табылады. Мұның өзі әсіресе біздің жағдайымызда айрықша
өзекті мәселе, өйткені қоғамдағы бетбұрыс сәттерде әлеуметтік саясат
функциялары арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы ауыр зардаптарға әкеп соғуы
ықтимал. Сол себепті әлеуметтік топтардың әл-ауқат деңгейі мен көңіл-
күйін үнемі өлшеп отыруды қамтамасыз ететін әлеуметтік мониторингті
ұйымдастыру, осы мақсат үшін әлеуметтік саясаттың нәтижелілігін оның ақырғы
шығысы - тіршілік сапасы мен қоғамның әлеуметтік құрылымының өзгерісі
бойынша бағалауға мүмкіндік беретін әлеуметтік пайымдау жүйесін әзірлеп,
енгізу қажет.
Ғылыми базаның болмауы әлеуметтік саясатты жағдайдың ығымен
жүргізілетін берекесіз іс-шаралар науқанына айналдырып жіберді. Нарыққа
қарай жылжи алмай, бүлдіру мен сындырудан аса алмай қалуымыз да – осындай
саясаттың салдары.
Әлеуметтік саясаттың ұтымды моделі стратегияның үш түрі: әлеуметтік
ынталандыру, әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік бейімдеу арқылы жүзеге
асады.
Ынталандыру стратегиясы барлық әлеуметтік топтардың өз мүдделерін
білдіруіне, қандай да бір формада өздерінің әл-ауқатына қатысты мәселелерді
шешуге ат салысуына мүмкіндіктер беретін жағдай жасауға бағытталады. Сайып
келгенде ынталандыру стратегиясы халықтың, ұйымдардың, отбасылардың өзін-
өзі дамытуға деген күшін жандандыруға бағытталады. Ол экономикалық саясатқа
қолдау көрсетеді, экономиканы реформалауды жеделдетудің де қуат көзі болып
табылады.
Әлеуметтік қамсыздандыру стратегиясы қоғам мүшелеріне әлеуметтік
кепілдіктер, сондай-ақ мемелекет пен мекемелер тарапынан жәрдемге мұқтаж
топтарды әлеуметтік қорғауға бағытталған. Ол экономикалық саясаттың
келеңсіз, зардаптарын азайтуды, экономикалық тиімділік пен әлеуметтік
әділеттікті астастыруды мұрат тұтады.
Әлеуметтік бейімдеу стратегиясы әртүрлі топтарға өзінің тұрмыс жағдайы
мен әсіресе экономика саласында шапшаң өзгеріп отыратын нақтылы ахуалды
ескере отырып, әл-ауқатты қалыптастырудың өзіндік нұсқаларын таңдау үшін
жағдай туғызуға бағытталады.
Өтпелі кезеңде стратегиялардың ара салмағында ынталандыру
стратегиясының рөлі шұғыл артады, өйткені бұл стратегия әлеуметтік саясат
құралдары арқылы экономиканы реформалауға жәрдем жасап, әлеуметтік
топтардың әл-ауқат деңгейінің өздерінің экономикалық дамуға қосқан үлесіне
барынша тәуелді болуы үшін жағдай жасауды көздейді.
Перспективалық әлеуметтік саясаттың елеулі ерекшелігі – халықтың еңбек
және шаруашылық белсенділігін ынталандыру, еңбекке жарамды әр адамға өз
еңбегімен, алғырлығымен өз отбасының әл-ауқатын қамтамасыз етуге, ақша
жинап, оны тиімді инвестициялауға мүмкіндік беретіндей жағдай туғызу
негізінде азаматтардың тұрмыс деңгейі мен сапасын жоғарылату. Бұл ретте
мемлекет зейнеткерлер, мүгедектер, көп балалы отбасылар, еңбекке жарамсыз
азаматтар алдындағы өзінің әлеуметтік міндеттемелерін толығымен сақтап
қалады. Әлеуметтік қолдау ең алдымен халықтың онсыз өмір сүре алмайтын
тобына көрсетіледі, әрі мақсатты, нысаналы сипатта болады.
Ортаңғы тапты қалыптастырудың мақсатты, нысаналы әлеуметтік саясаты:
- республиканың ғылыми, зиялы күш-қарымын сапалық тұрғыда нығайтудың
іріктеу тетіктерін қалыптастыру үшін білім беруді, ғылымды, денсаулық
сақтау ісін, мәдениетті нысаналы қаржыландырудың үкіметтік
бағдарламасын;
- ортаңғы таптың кәсіби еңбек аясының беделін (бұқаралық ақпарат
құралдарының, насихаттың көмегімен) идеологиялық тұрғыдан қамтамасыз
етуді;
- салалық институттарды, әскери-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарын мемлекет
иелігінен алу және жекешелендіру саласын кеңейтуді және ірі ғылыми
институттар мен ұйымдар базасында жеке, соның ішінде акционерлік
меншік құқығымен шаруашылық есептегі шағын фирмалар құруды;
- жоғары халық шаруашылық мәртебесі бар салалардың қалыпты жұмыс істеуі
үшін қажетті аса зәру мамандықтарға ынталандыру шараларын;
- кадрларды даярлау, қайта даярлау мен қайта бағдарлаудың тиімді жүйесін
құруды;
- қоғамдық өзін-өзі ұйымдастыру тетіктерін:
а) хлықты үкімет жоспарлары мен шешімдері жайынан, оларды қоғамдық
талқылау және түзету құқын бере отырып, күнілгері хабардар ету;
ә) қоғамдық пікірді есепке алу жолдары мен ұйымдық түрлерін, оны
әкімшілік шешімдер тіліне көшіру тетіктерін (шешімдер қабылдау құрылымының
өзгерістерін) пысықтау;
б) халықтың ұйымдасуының үкіметтік емес түрлеріне (қоғамдық
қозғалыстар, партиялар және т.б.) ресурстық жәрдем жасау тұрғысында ұдайы
қамқорлық көрсету жолымен жандандыруды көздейді.
Ортаңғы тапты қалыптастырудағы әлеуметтік саясаттың тиімділігі жаңа
құндылықтар мен жаңа мінез-құлық үлгілерінің иелері және оларды жасаушылар
ретінде өмір сүре бастайтын азаматтық қоғам ұяларының, балама тұрмыс салты
деуге тұрарлық ортаның және демократияның пайда болуы арқылы айқындалатын
болады.
Жастармен іске асырылып жатқан кәсіпкерліктің дамуын талдау оның
заңнамалық реттелуінде бірқатар проблемалардың бар екендігін көрсетеді.
Жастар кәсіпкерлігі заңды түрде, кәсіпкерліктің бір түрі болып
бекітілмеген. Республикада жас азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау
туралы нәтижелі мемлекеттік шаралар жеткіліксіз жүргізілуде. Аталмыш
мәселер өз шешімін тапқан жағдайда, жастар арасындағы жұмыссыздық үлесінің
азаятындығы сөзсіз.
Осыған сәйкес, жастарды жұмыспен қамту мәселері мемлекет алдында
тұрған басты міндеттердің бірі болып саналады. Осы орайда, жастар саясаты
бағытында бірқатар жұмыстар жүргізіліп, жоспарлануда. Еңбек нарығын
кеңейтудің, жаңа және қосымша жұмыс орындарын құрудың бірден-бір жолы –
кәсіпкрлік қызметін дамыту.
Болашақта бүгінгі таңда өз ісін бастауға ниет білідрген жас адамдарды
оқыту және оларға несие беру жөніндегі іске асырылып жатқан жобалар, шағын
бизнес объектілерін қолдау, бағдарламалар шеңберіндегі өзіндік
жұмысбастылық және аймақтық жастар бағдарламалрының жобалары республикада
жұмыссыздық деңгейінің қысқаруына оң ықпалын тигізеді.
Осы бағытта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 13 ақпан 2003 жылғы №155
қаулысымен бекітілген жастар саясатының 2003-2004 жылдарға арналған
Бағдарламасында әлеуметтік маңызды жобалар конкурсы негізінде жас ғалымдар
мен студенттерді тарта отырып, технологиялық бизнес-инкубаторлар құру үшін,
кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша жастарға арналған үйрететін
бағдарламалар ұйымдастыру және жүргізу үшін, бастаушы кәсіпкерлік үшін
сарапшылық-бағалау экономикалық қызметтерін көрсету жөніндегі қызметтерді
құру үшін 2003-2004 жылдарға республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, іске
асырылуда.
Сондай-ақ, 2003-2004 жылдардың жазғы еңбек уақытында студенттік
құрылыс отрядтарының қызметін ұйымдастыру бекітілген. 2004 жылы жоғарғы оқу
орындары және орта кәсіптік оқу орындары студенттерінің ішінен олардың
кейіннен жұмысқа орналастырылуы мен кадрларды іріктеу және мақсатты
дайындау үшін ірі компаниялар мен кәсіпорындарды тарту жобаларын әзірлеу
алға қойылған.
Кедейшілік пен жастар арасындағы жұмыссыздық мәселелерін қарастыра
келе, төмендегідей қорытындылар шығаруға болады:
- республикадағы кедейшілік деңгейін, тұрғын халықтың ең
төменгі күнкөріс табысын, тұрмыс жағдайы нашар жас
отбасыларының деңгейін анықтау мемлекет тарапынан
көрсетілетін әлеуметтік көмектермен қамтамасыз етуге елеулі
ықпалын тигізеді;
- кедейшіліктің алдын алу шараларының нәтижесінде ғана тұрғын
халықтың тұрмысын түзеуге бағытталған іс-шараларды
жүргізуге, әсіресе жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту
жолдарын іздестіруге, олардың күрделі әлеуметтік
көмектермен қамтамасыз етуге елеулі ықпалын тигізеді;
- кедейшіліктің алын алу шараларының нәтижесінде ғана тұрғын

жолдарын іздестіруге, олардың күрделі әлеуметтік-
экономикалық жағдайдан шығу жолдарын анықтауға мүмкіндік
туады.
Мемлекеттің тиімді қызмет атқаруының негізгі факторлары қоғам мен
мемлекеттің арасындағы байланыстырушы элемент болып табылатын жүргізіліп
отырған әлеуметтік саясатқа байланысты. Әлеуметтік саясат негізгі мынадай
міндеттерді атқарады:
- әлеуметтік әсер ету және бақылау механизмдері арқылы әлеуметтік
процестерді реттеу;
- әлеуметтік әділеттілік принциптері негізінде материалдық қорларды
бөлу;
- тұрғындардың анықталған өмір сүру деңгейін ұстап тұруға қажетті
жағдайларды қалыптастыру;
- тұрғындарға әлеуметтік кепілдемелер беру.
Қазіргі кезде мемлекеттің әлеуметтік саясатының шешетін міндеттері:
- кедейлікпен күрес;
- тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз ету;
- медициналық көмек көрсетудің сапасы мен қолдану мүмкіндігін арттыру;
- білім беру саласын дамыту және реформалау;
- зейнетақы реформасын одан әрі жетілдіру және төлемшілердің зейнетақы
қорының сақталуына кепілдеме беру;
- тұрғындардың жұмысбастылығы мәселесін шешу;
- ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығын қолдау;
- азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қолдау;
- баға мен инфляцияның өсуін бақылау;
- тұрғындардың кәсіпкерлік қызметін қолдау және ынталандыру;
- мәдениет саласын реформалау, бұқаралық сипаттағы шаралар жүргізу;
- демографиялық жағдайды жақсарту;
- спортты дамыту.
Әлеуметтік саясаттың тиімділігінің критерийлеріне мемлекеттің
экономикалық даму деңгейі, тұрғындардың табысына байланысты теңсіздіктің
өсуі немесе төмендеуі, жұмыс күшінің мобильділігінің жоғары не төмендігі,
зейнеткерлердің жағдайының жақсаруы не төмендеуі жатады. Осы критерийлердің
жиынтығы Қазақстан азаматтарының өмір сүру деңгейінің не өскенін, не
құлдырағанын көрсетеді. Сондықтан да мемлекет саясатының міндеті тек қана
экономикалық көрсеткіштерді ғана жақсарту емес, қазіргі заманға сәйкес
тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесінің болуында. Әлеуметтік қорғау
дегеніміз – азаматтардың өмірлік қажетті қорларға қол жеткізудің белгілі
деңгейін және жағажайларға, кәрілікке, денсаулық жағдайына, асыраушысынан
не жұмысынан айырылуына байланысты экономикалық белсенді және ақылы еңбекке
қатысу арқылы өзін табыспен қамтамасыз етуге бағытталған жүйе. Әлеуметтік
қорғау жүйесі төрт элементтен тұрады:
1) мемлекеттік жәрдемақылар;
2) міндетті түрдегі әлеуметтік сақтандыру;
3) жинақталған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz