Әдебиетті оқытудың әдістері


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І. Қазақ әдебиетін оқытудың өзекті мәселелері . . . 5
1. 1. Әдебиетті оқытудың әдістері . . . 7
1. 2. Әдебиет сабақтарында әдіс-тәсілдерді таңдау жолдары . . . 9
ІІ. Қазақ әдебиеті сабағында көркем шығарманы оқыту . . . 11
2. 1. Көркем шығармаларды оқып-үйренудің әдіс-тәсілдері . . . 15
ІІІ. Қазақ әдебиетті сабағында әдеби талдау жүргізудің
негізгі бағыттары . . . 17
Қорытынды . . . 24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 26
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Әдебиетші мұғалім ең алдымен көркем сөз табиғатын ашатын заңдылықтарды білуі керек, сондай-ақ көркем туынданы талдаудың ғылыми әдістемелері мен технологиясын жетік меңгеруі міндет. Әдеби шығармаларды талдау кезінде мұғалім мен оқушы арасында бірлескен еңбек, оқушыны субьект тұрғысында қарым-қатынас жасау қазіргі оқытудың басты талаптарының бірі.
Курстық жұмыстың мақсат-міндеттері. Оқыту барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалім әдістемесіне, шеберлігіне де байланысты болады. Әдіс - тәсілдер деген не? Оқыту процесінде мынадай екі түрлі қызмет жүзеге асады. Бірінші мәселе - мұғалім оқытуы, екінші мәселе - оқушының оқуы. Мұғалім мен оқушының осы арақатынасы әр түрлі оқу қызметтері, оқыту әдістеріне жатады. Сонымен әдіс - тәсіл оқытушы мен оқушы арасындағы жұмыс түрлеріне байланысты әртүрлі болып келеді. Оқыту процесі оқыту әдістері арқылы жүзеге асады. Әдебиетті оқытуда сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, тәжірибелік әдіс, түсіндірмелі - иллюстративтік әдіс немесе репродуктивтік әдіс, эвристикалық ( ішінара іздендіруші ) әдіс, зерттеу әдісі, өзіндік жұмыс әдісі, мәтінді көркемдеу, мәнерлеп оқудың орны ерекше. Курстық жұмысында осы сұрақтарға жауап берді.
Курстық жұмыстың құрылымы. Кіріспеден және үш тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттен тұрады.
Әдебиетті оқыту әдістеменің ғылыми пән ретіндегі мазмұнының негіздерін анықтау аса қажетті емес. Басқа пәндерді оқыту әдістемелері сияқты қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі де белгілі бір жүйеге негізделіп дамиды. Осы орайда әдістемеліктің бай мазмұны мен оның сан түолілігін ашатын пікірлердің де әр алуан екендігін айту қажеттігі туындайды.
«Әдебиет әдістемесі- педагогикалық ғылымдардың саласына жататын ғылыми пән. Мұның: қамтитын: объектісі, қарастыратын мәселелері мектепте әдебиетті оқыту сабақтары кезінде мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қыатынасы болып табылады, ол педагогика ғылымы теориясының жалпы қағида ережелеріне сүйенеді. Бірақ әдебиет әдістемесі педагогика сияқты мектеп, оқу-тәрбие мәселелерін тұтас алып қарастырмай, тек көркем әдебиетті оқып үйрену негізінде оқушыларға берілетін білім мен тәрбие мәселелерін ғана өз шеңберінде алып баяндайды», - деп жазды көрнекті әдіскер-ғалым А. Көшімбаев. Бұдан әдебиет әдістемесі ғылымы мен жалпы педагогика ғылымының өзара байланыста болатынын көреміз. Әдістемеліктің қолданбалы ғылым екендігін және ол жалпы дидактиканы негізге ала отырып, алуан түрге ене алатынын көрнекті педагог Ж. Аймауытұлы айқындап айтқан.
« Әдеби туындылар негізінде жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеудің ғылыми-теориялық негіздері» атты бірінші бөлімінде зерттеліп отырған мәселеге байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектер мен көзқарастарға талдау жасалып, негізгі тұжырымдары басшылыққа алынып, теориялық негізі анықталды. Бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің құралы ретінде көркем шығарманың мазмұны, мәні қарастырылды. Көркем шығармаларға теориялық сипаттама беріліп, оның педагогикалық мүмкіндіктері қарастырылды.
2«Әдеби туындылар негізінде жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеудің педагогикалық мүмкіндіктері» атты екінші бөлімінде көркем шығарманы оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың тиімді әдіс-тәсілдері айқындалып, жолдары көрсетілді. Көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру бойынша жүргізілген тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының қорытындысы көрсетілді.
І. Қазақ әдебиетті оқытудың өзекті мәселелері
Кемеңгерлікті танудың үш жолы бар:
Бірінші жолы - ойға салып пайымдау.
Бұл - ең ізгі жол . . .
Үшіншісі - тәжірибе
жолы. Бұл - ең қиыны.
Конфуций
«Әдебиет - сөз өнері». Ол - өнердің бір саласы. Әдебиет пәні де өнер пәні. Әдебиетті ұлағатты адамдар «адамтану құралы» десе, әдебиет пәнін «адам тәрбиелеу құралы» дер едік. Ол жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын игеруден жай білім ғана беріп қоймайды, ең бастысы, өмірдің ең қымбаттысы, ең асылы - жақсылық пен ізгіліктің ұрығын себеді. Әдебиет пәнінің әр сабағын адам бойындағы асқар арман, әдемі сенім, әсемдік пен сұлулыққа құштарлық тәрізді ең мөлдір сезімдер мен кісілік қасиеттер туралы сырласу сабағы десек те болады. Әдебиет пәні арқылы оқушылардың рухани дүниесі байиды, туған тілін сүюден елін, адамзатты құрметтеуге дейінгі сезімдері тәрбиеленеді. Әдебиет арқылы жасөспірімдер алдында еліміздің тарихы, оның ғасырлар қойнауында қалған сөз сандығы ашылады, солар арқылы халық арманы, қиялы, болашақтан күтер үміті, ақ сенімі көрінеді.
Сонымен, әдебиетті оқытудың басты мақсаты - оқушыларды сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру, халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, кітапқа деген ынтасын ояту, халықтың рухани байлығы - әдебиетін жан-жақты игерту, сол арқылы имандылыққа, инабаттылыққа, парасаттылыққа, сұлулыққа т. б тәрбиелеу. Әдебиет пәнінің ауқымы да, мүмкіндігі де, маңызы да ерекше болып келеді. Мектепте оқытылатын қай пән болмасын, олардың білім мен дағды, тәрбие беруде өзіндік орны, атқарар маңызы да бар. Дегенмен де әдебиет пәні барлық пәннің анасындай қызмет атқарады. Математиканы меңгеру үшін де сауатты оқи білу керек, оқығанын түсіну, ұғу, айта білу қажет (тарих, география пәндерін былай қойғанда) . Әдебиет пәні барлық пәндермен тығыз байланыста болып келеді. Соның ішінде, өзі де өнер пәні болып саналатын себепті, ол бейнелеу өнері, музыка пәндерімен ерекше гармониялық үндестікте жүріп отыруы керек. Сондай-ақ тарих пәні әдебиеттің ең туыстас, бауырлас пәні болып табылады. Бағдарлама мен оқулыққа назар аударған адам бірден осы туыстықты аңғарар еді. Себебі, ақын-жазушы шығармашылығына тоқталмас бұрын, ол өмір сүрген тарихи кезеңнің сипаттамасы, келбеті беріледі. Қай суреткер болмасын, өз заманының жемісі. Ол, ең алдымен, өз заманын жыр етеді, соның келбетін кескіндейді, бейнелейді, шығармашылығы заманына байланысты туады. Оның шығармасы сол өз заманының айнасы болып келеді. Қазақ тілі пәнімен ерекше бауырластығы дәлелдеуді қажет етпейді. Егер әдебиетті көркем бір ғимарат, ғажайып мүсін десек, соны құрайтын заттар - тіл, тіл байлығы; сондықтан бұл екі пәнді бір-бірінен бөліп алып қарастыру дұрыс емес (Әрине, екеуінің өзіндік мақсат, міндеттері туралы бұл жерде сөз жоқ) .
Әдебиет пәнінің тағы бір ерекшелігі - оның ойлы, ізденімпаз, өзіндік эстетикалық көзқарасы бар оқырман дайындауында (бұл жерде барлық оқушыны осылай бір бағытта дайындайды деген ұғым тумауы керек) . Бұл -- үлкен, қасиетті міндет. Мәдениетті, білімді адамның қай-қайсысы болмасын, оқырман. Атақты физик, математик, геолог, медик, тіпті ғарышкер болмасын, барлығы да оқырман. Оған дәлел - олардың ғылым төріне, биігіне шыға білуі, яғни оқу арқылы, кітап арқылы оқырман бола білуі. Осындай ұлы адамдар естелігін оқып отырғандағы көз жететін бір нәрсе - олардың көпшілігінің білім, ғылымға аяқ басуына әдеби кітап, соған деген ынта әсер еткен. Бұл жерде оқырман деген ұғымды кең көлемде түсінген жөн. Әдеби шығармаларды оқушыларды, әдебиетшілерді ғана «оқырман» деудің аясы тар. Бірақ сол «оқырмандықтың» алғашқы баспалдағы мектептен, әдебиет сабағынан басталатындығы түсінікті.
Әдебиет пәні - өнер пәні, адамтану пәні дедік. Сонымен қатар, әдебиет пәні - жан-жақты ойлантудың, терең ойлаудың пәні. Ең бастысы, әдебиеттің басқа пәннен айырмашылығы - онда дәлелденген ешқандай заң жүйесінің, формаларының, элементтердің, бұлжымас, айнымас, ережелерінің жоқтығы. Орыс әдебиетінде бір ғана Пушкиннің «Евгений Онегиніне» қаншама сын-зерттеулер, монографиялар жазылды. Әр зерттеуші оны әр қырынан қарастырады, өзіндік пікір айтады, себебі зерттеуші ғылыми еңбек жазып отырса да, онда сөз жоқ, өзінің оқырман ретіндегі қабылдауына, сезіміне де орын береді. Қазақ әдебиетіндегі Абай шығармашылығына байланысты Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Қажым Жұмалиевтер еңбектерін былай қойғанда, бүгінгі әдебиетшілер де зерттеулер жазуда. Бұдан шығатын қорытынды әдебиеттің өзіндік ерекшелігінде жатыр. Ол - өнер туындысы. Ол - ұлттық рухани қазына, ол - әлемдік әдебиет пен мәдениеттің бір бөлшегі. Әдебиетті құзырлылық тұрғысында оқыта отырып, жан-жақты дамыған құзырлы тұлға қалыптастырудың бірден-бір жолы.
Ой, ойлану, ойланту барлық пәндерге де керек. Ойсыз өмір сүру мүмкін емес. Бірақ бұл жердегі ерекше бір еске алатын мәселе - өзіндік ойлау, өзіндік пікірде жатыр. Әдебиетті оқытуда мұғалім оқушыларға көркем туынды туралы оқулық авторы, не ғалымдар пікірін қайталауды, не соны қаз-қалпында мазмұндатуды мақсат етпеуі керек, ең бастысы, сол көркем туынды туралы оқушы пікірі, ойына ерекше көңіл бөлген жөн. Бұл пәннің басқа пәндерді оқытудан өзгешелігі де күрделілігі де осында. Басқа пәндерге қарағанда сезім, эмоция, әсер, шабыттану, қиялдау, армандау, еліктеу, әр түрлі психологиялық рең осы пәнде ерекше көрінеді.
Әдебиет - жан-дүниені, он екі мүшені, алпыс екі тамырды түгелдей жайлап, еш уақытта да көзге көрінбейтін сезім қылдары арқылы ақыл иесі - адамды өз ырқына жетелеп алатын қасиетті дүние. Оны оқытудың қызықтығы да, күрделілігі де осында жатыр.
1. 1. Әдебиетті оқытудың әдістері
Оқыту барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалім әдістемесіне, шеберлігіне де байланысты. Әдіс-тәсілдер деген не? Оқыту процесінде мынандай екі түрлі қызмет жүзеге асады. Бірінші мәселе - мұғалім оқытуы, екінші мәселе - оқушының оқуы. Мұғалім мен оқушының осы арақатынасы әр түрлі оқу қызметтері, оқыту әдістеріне жатады. Мысалы, мұғалімнің әңгімелесуі - әңгіме әдісі немесе кітаппен жүргізілетін жұмыс түрлері - кітаппен жұмыс әдісі, оқушының жауап беруі оқушы білімін тексеру әдісі деп аталады. Сонымен, әдіс-тәсіл оқытушы мен оқушы арасындағы жұмыс түрлеріне байланысты әр түрлі болып келеді.
Мектептегі оқыту процесі оқыту әдістері арқылы жүзеге асады. Мысалы, әдеби айтыс тудыратын сұрақтар оқушы беосенділігін танытып, арттыратын тәсілдердің бір түріне жатса, көркем мәтінді талдау оқушының тәжірибелік жұмысын бақылаудың бір тәсілі, жолы. Әдебиетті оқытуда сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, тәжірибелік әдіс, түсіндірмелі - иллюстриативтік әдіс немесе репродуктивтік әдіс, эвристикалық әдіс (ішінара іздендіруші) әдіс, зерттеу әдісі, мәтінді көркемдеу, мәнерлеп оқудың орны ерекше.
Академик Ю. Н. Бабанский өзінің «Оқу-тәрбие процесін оңтайландыру» деген еңбегінде (1982 ж., «Просвещение», 177-бет) әдістерді мынадай үлкен үш топқа жинақтайды.
- Оқушылардың оқу-таным қызметін ұйымдастыру әдістері (методы организации учебно-позновательной деятельности) .
- Оқушылардың оқу-таным қызметін көтермелеуәдістері (методы стимулирования учебно-позновательной деятельности) .
- Оқу-таным қызметінің тиімділігін бақылау әдістері (методы контроля за эффективностью учебно-позновательной деятельности) .
Әр топ бірнеше оқыту әдістерінен тұрады. Мысалы, 1-топтағы оқыту әдістеріне: сөздіу (әңгіме, дәріс, пікірлесу), көрнекілік (иллюстрация, портрет, суреттеу, мүсіндеу), практикалық (поэтикалық талдау, көркем мәтінмен жұмыстар) әдістер жатады. Сондай-ақ репродуктивтік әдіс, эвристикалық әдістерді де осы топқа жатқызуға болады. Жоғарыда айтып кеткеніміздей әр топтағы әдістемелердің өз мүмкіндігі ерекшелігі болады. Төмендегі кесте арқылы кей әдістерді қай мәнде пайдалану тиімді болады, соған тоқталайық.
Сөздік
әдіс
Көрнекілік
әдіс
Зерттеу
әдісі
Әдебиет сабағындағы оқушылардың көркем туындыны қабылдауы, одан әсер алуы, бүкіл бітім-болмысымен түсіне білуі үшін мұғалім осы мақсатта іздене отырып, оны жүзеге асырудың ең тиімді деген әдіс-тәсілдерін сұрыптап пайдалануы керек. Көркемдеп оқу әдісі әдебиетті оқытуда үлкен рөл атқарады. Ол оқушының көркем шығарманы қабылдау белсенділігін, әсерлі сезімін дамытуда өте тиімді. Әдебиетті өнер деп танытуда, көркем туындыны өнер туындысы деп қабылдатуда, сөз қасиеті мен құдіретіне, оның эстетикалық нәзік нәріне тұшындыруда бұл әдіс алғашқы баспалдақ, яғни көркем шығарманы оқушы жүрегіне бастайтын алғашқы сезім көпірі ретінде ежелден - ақ тиімді әдіс болып, мұғалімдер тәжірибесінен кең орын алуда. Бұл әдістің негізгі тәсілдері мұғалімнің мәнерлеп оқуы, көркем сөз шеберлерінің оқуы, күй табақты, үнтаспаны тыңдауы, т. с. с. Мұғалімнің мәтінді әрі мәнерлеп, әрі түсінік бере оқуы сөйтіп, оқушыларды осы жұмысқа баулуы, мәтінге жуық әңгімелету, жоспар жасату, негізгі оқиғаларға ат қойғызу, жинақтау, т. б. шығармашылық жұмыстар да осы әдістің негізгі тәсілдері. Сондай-ақ көркем мәтінді оқу барысында иллюстриация, суреттер пайдалану (қабілетіне қарай өнерін шығару), сценарий жасату, оқыған шығармаларға, көркем суреттер бойынша пікір айтқыза білу (көркем киноны, пьесаларды, т. б. ) тиімді тәсіл ретінде оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыру түрлеріне жатады. Мұғалім осы жұмыстың басы-қасында, оны ойластырушы да, орындаушы, орындатушы да болып қызмет атқарады.
1. 2. Әдебиет сабақтарында әдіс-тәсілдерді таңдау жолдары
Ұтқырлық мұраты, мұғалімдерден сабақтың мақсатын жинақты түрде айқындап, белгілеп алғаннан кейін, сол мақсатты жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін де таңдап ала білуді талап етеді. Ол үшін әр мұғалім оұыту әдістемесін жете біліп, әрі оны сабақ мақсатына қарай іріктеп алып, шебер пайдалануы керек. Бұл - аса маңызды, мұғалімнен шығармашылық ізденісті, жүйелі, тиянақты жұмысты талап ететін мәселе. Мұғалім әр әдіс-тәсілдің өзіндік ерекшелігін, мүмкіндіктерін де жете білуі қажет. Көпшілік жағдайда мұғалімнің өзінің төселген, дағдыланған әдіс-тәсілі болады. Мұндай мұғаімдер қай тақырып болсын, оны қай сыныпта өткізсін, сабақтың негізгі мақсатын да еске алмастан, «дағдыға» айналған әдіс-тәсілмен сабақ жүргізе береді. Мұндай сабақтар тиімді өтеді, ол оқушыларға өз дәрежесінде білім бере алады деп айту қиын-ақ. Оқу тәрбие жұмыстарының барлық саласын бір өзі шешіп тастайтын әдіс-тәсіл жоқ. Сол себептен де мұғалім әдіс-тәсілдерді жете меңгеріп қоймай, оларды қай жағдайда, қалай пайдалануға болады, соны да ерекше ойлануы керек. Мысалы, тәжірибе көрсетіп жүргендей, бір жағдайда тиімді болған, пайдалы деп танылған әдіс-тәсілдер екінші жағдайда кейде тиімді, пайдалы бола бермейді. Неге олай, себебі не? Оқушылардың таным белсенділігін, ойлау қызметін дамытуда, жетілдіруде, оларға өз бетінше қорытынды, тұжырым жасата білуде проблемалық оқытудың маңызы ерекше. Оқытудың бұл түрі арқылы мұғалім оқушы алдында проблемалық жағдаят (ситуация) тудыратын танымдық-іздендіруші, шығармашылық сипаттағы зерттеу әдісіне бағытталған тапсырмалар береді және оны орындата алады. Дегенмен де, осы проблемалық оқыту әдіс-тәсілдерінің мүмкіншіліктері шексіз емес. Оқу материалының барлығы, барлық тақырыптар проблемалық жағдаятты талап етпейді. Сондай-ақ белсенділігі, білім дәрежесі орташа, не ортадан төмен сынып ұжымына проблемалық оқыту әр уақытта да жемісті болады деуге болмайды. Бұл әдіс-тәсілдер оның үстіне уақытты да көп талап етеді. Өтетін тақырып аса күрделі емес, әрі оқушы дербес, өздері шеш алмайтындай тапсырмаларға төселген жағдайда ғана проблемалық оқытуды басшылыққа алу тиімді.
Түсіндірмелі-репродуктивтік әдістің де өзіндік ерекшелігі, мүмкіншілігі бар. Бұл әдіс-тәсілдің ең тиімді жағы мұғалім білімді қысқа мерзім ішінде, барлық оқушыларды қамти отырып, береді. Оқу материалын ақпараттық сипатта, әңгімелеу, түсіндіру сипатында жеткізеді. Оқушылар да өз мүмкіндіктерінше ол білімді қабылдай алады. Бірақ репродукдивтік-түсіндірмелі әдісте оқушының дербес ойлауы арқылы жүргізетін өзіндік жұмыс түрлері әлсіз болып келеді. Сондай-ақ әдебиетті оқытуда тиімділігі ерекше, көрнекілік әдісінің де мүмкіндіктері әр түрлі. Көрнекілік - оқушылардың пәнге қызығушылығын, таным белсенділігін арттырады. Дегенмен, оны үнемі пайдалану оқушылардың дерексіз түрде ойлауын тежейді, көркем тілінің дамуына кедергі жасайды. Міне, сондықтан тиімділік идеялары да сабақта мұғалімнің өзі төселген бір әдіс-тәсілмен жұмыс істеуін, немесе өзі білетін барлық әдісті бір сабаққа үйіп-төгуін жоққа шығарады, әрі бір сүрлеу, бір ізбен жұмыс істеудің тиімсіздігін дәлелдейді. Тиімділік идеялары оқыту әдістерін үйлесімді түрде, сол сабақтағы оқу-тәрбие мақсаты, тақырып ерекшелігі, сабақ өткелі отырған сыныптың жеке-даралық, жағдайларын ескере отырып, таңдап, сұрыптап ала білуді талап етеді. Белгілі, нақтылы жағдайға байланысты тиімді, пайдалы деп сұрыпталынып алынған әдіс-тәсілдер екінші жағдайда тиімді болуы да мүмкін. Сол себепті әдіс-тәсілдерді үнемі бірлікте, үйлестіре пайдаланған дұрыс болады.
Өзіндік әдісін көрнекілікпен, практикалық жұмыстармен астастырып немесе зерттеу әдісін түсіндірмелі әдіспен үйлестіре пайдаланудың маңызы зор болмақ (әрине, қандай әдістерді қалай пайдалану сабақ мақсатына байланысты туындайды) . Ал, кейде практикалық, танымдық-іздендіруші әдістерді көрнекілік әдіспен үйлестіре пайдалануға болады. Әдістәсілдерді үйлестіре қолдану - оқушылар еңбегін ғылыми, тиімді түрде ұйымдастырудың маңызды бір саласы. Мұндай сабақтардан оқушылар жалықпайды, әрі пәнге деген қызығушылығы, белсенділігі артады. Сабаққа әзірлік үстінде өтетін тақырыпқа зер сала отырып, оны қандай әдіс-тәсілдер арқылы түсіндіргенде ғана оқушыға берік те тиянақты білім беруге болатынын әбден ойластыру қажет. Ал өзі таңдап алған әдіс-тәсілдердің нәтижелі болуы ол мұғалімнің қаншалықты дәрежеде оқыту әдістерін жете біліп, жете меңгеруіне байланысты. Егер мұғалім сөздік әдісінің теориялық білім берудегі тиімділігін ескермесе немесе оқушылардың теориялық білімдерін өмірге пайдалана білу үшін, оны практикалық әдістермен үйлестіргенде, нәтижесі болатынын білмесе, әрине онда мұғалім таңдап алған әдіс-тәсілдер жүйесінің нәтижелілігі туралы сөз қозғаудың да қажеті жоқ.
ІІ. Қазақ әдебиеті сабағында көркем шығарманы оқыту
Мектептегі оқу мен тәрбие, сыныптан тыс жұмыстардың барлығы да оқушылардың жас ерекшелігі, психолгиясына байланысты ұйымдастырылады. Сондай-ақ, балаларға көркем шығарманы оқыту, кітапқа деген құмарлығы, сөз өнеріне деген ынтасы мен құлшынысын дамыту мектептерде әдебиетті оқыту - білім берудің аса маңызды, әрі күрделі жұмыстарының бірі. Бұл мәселелерде де оқушылардың психологиялық ерекшелігі, жасы, оқып жүрген сыныбы ескеріледі. Тиімділік идеялары, саралап-даралап оқыту, оқушылардың бүкіл ой еңбегін, оған ерекше күш түсірмейтіндей, қонымды, қолайлы, нақтылы, белгілі бір уақыттарды нәтижелі, жемісті болатындай етіп ұйымдастыру, жүргізу туралы сөз етеді. Көптеген ғалымдар, психологтер, мұғалімдер зерттеулері, пікірлері бойынша, оқушыларды көркем шығарманы оқытуға баулу, оны оқырман ретінде қалыптастыру бірнеше сатыдан тұрады.
- Кіші жастағыларға 5-7 сыныптардағы 10-12-дегі жас өспірімдер.
- Ересек жастағыларға 8-9 сыныптардағы 13-14-тегі жас өспірімдер.
- Үлкен жастағыларға 9-11 сыныптардағы 15-17-дегі жастар жатқызылды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz