Жібек жолы бойындағы Қазақстан қалалары
Қазақстан тарихы пәні
Тақырыбы: Ұлы Жібек жолы Қазақстан жерінде
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
І ТАРАУ. ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
ЖӘНЕ ДАМУЫ
1.1. Ұлы Жібек жолының қалыптасуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4-6
1.2. Жібек жолының Қазақстан арқылы өтуі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7-15
ІІ ТАРАУ. ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНДАҒЫ САУДА
ЖӘНЕ ТАУАР АЛМАСУ
2.1. Қазақстан саудасының дамуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16-17
2.2. Жібек жолы бойындағы Қазақстан қалалары
... ... ... ... ... ... ... . 18-22
ІІІ ТАРАУ. ЖІБЕК ЖОЛЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТТЕРДІҢ
ӨЗАРА ӘСЕРІ
3.1. Жібек жолының халықаралық қатынастарға тигізген әсері ... . 23-25
3.2. Жібек жолының мәдениетке тигізген ықпалы
... ... ... ... ... ... ... 26-27
Қорытынды

... ... ... ... ... ... ... 28
Қолданылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Қосымша

... ... ... ... ... ... ... ... . 30
Кіріспе
Жүздесу мен тілдесу және алыс-беріс байланыстары біздің заманымызға
дейінгі III-ІІ - мыңжылдықтарда басталған. Бадахшан тауынан лазурит және
Хотан маңындағы Яркендария өзенінің жоғарғы жағынан нефрит кен орындары
табылып, оларды өндіре бастауға сәйкес бұл байланыстар реттеліп, жөнге
келтіріледі. Біздің заманымыздың І-мыңжылдығының орта кезінде Қара теңіз
өңірінен Дон бойына, содан Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтарға, Ертіске,
одан әрі созылып Алтайға, жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлі алқабын мекендеген
агрипейлер еліне кететін Дала жаты жұмыс істей бастаған еді. Осынау жолмен
жібек, ұлпандар мен терілер, иран кілемдері, асыл металдардан жасалған
бұйымдар сауда арқылы таратылып жататын.
Қымбат бағалы жібек түрлерін таратуға сақтар мен скифтердің көшпелі
тайпалары да қатысқан, осылардың дәнекерлік демеуі арқасында сол кез ұшін
тансық болған бұл тауар Орта Азия мен Орта теңіз аймағына дейін жеткен.
Біздің заманымызға дейінгі II ғасыр орта шенінде Жібек жолы елшіліктің және
сауда-саттықтың тұрақты желісі ретінде қызмет атқара бастайды.
Біздің заманымыздың II-V ғасрыларында егер Шығыстан жүре бастасақ,
Жібек жолы Қытайдың ежелгі астанасы Чаньаннан шығып, Ланчжоу маңындағы
Хуанхэ өткеліне баратын да, одан әрі Нань-Шаннің солтүстік сілемдерімен
жүріп отырып, Ұлы Қытай қамалының батыс шетінен, Яшма қақпасының шебінен
барып шығады. Осы арадан сара жол екіге айырылып, Такла-Макан шөлін
солтүстік және оңтүстік жағынан айналып өтетін. Терістік жолы Хами, Тұрфан,
Бесбалық, Шихо көгал аймақтары арқылы Іле алқабына жететін; ортадағы жол
Чаочаннан Қарашарға, Ақсуға, сосын Бедел асуы арқылы Ыстық көлдің оңтүсгік
жағалауынан шығып, Дунхуан, Хотан, Яркенд, Бактрияларды басып өтіп,
Үндістан мен Орта теңіз аймағына қарай шырқап кететін; бұл Оңтүстік жолы
деп аталатын. Ал, Солтүстік жолы Қашғардан Ферғанаға, одан әрі Самарқанд,
Бұқар, Мерв арқылы Хамаданға, Сирияға баратын.
І ТАРАУ. ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
1. Ұлы Жібек жолының қалыптасуы
Жібек Жолы деген не, ол қашан пайда болып, жұмыс істей бастады, қай
жерден өткен — әркімнің көкейіне алғаш ұялайтын сұрақтар міне осылар. Жауап
қайтару үшін тарихи фактілерге жүгінейік.
Біздің заманымыздан бұрын I мыңжылдықтың орта шенінде Дала жолы
жандана бастады, егер тарихтың атасы Геродоттың суреттеуіне ден қойсақ,
оның мынадай бағыты айқын болады: ол Қара теңіз өңірінен Дон жағалауына,
содан соң Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтар жеріне, Ертіске қарай, одан
әрі Алтайға, Жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлі маңын мекендеген агриппейлер
еліне шыққан. Бұл жолмен аң және мал терілері, иран кілемдері, қымбат
бағалы металдардан жасалған бұйымдар таралған.
Таяудағы кездің өзінде жібектің ойлап табылуы және онымен сауда жасау
біздің заманымыздан бұрын I мыңжылдық кезіне жатады деп саналып келген еді.
Алайда Тайху көліне жақын жерде, Чжецзян провинциясында қазба жұмыстарын
жүргізген қытай археологтары неолит дәуіріне жататын жібек маталар, белдік
пен тоға тапты. Оған жасалған талдау сол кезге қарай-ақ, яғни осыдан бес
мың жылдай бұрын жібек тоқу қарапайым сатыдан шыққанын дәлелдейді. Біздің
заманымыздан бұрын VI—V ғасырларда қытай жібегі басқа елдерге, соның ішінде
Батысқа да шығарыла бастаған. Алтайдағы Пазырық патшалық обаларының
біздің заманымыздан бұрын V ғасырдағы деп саналатын біреуін қазған кезде
феникс кестеленген жібек көрпе табылды. Оңтүстік және Батыс Европа
аудандарында біздің заманымыздан бұрын VI—V ғасырлардағы қабірлерден жүннен
жасалған бұйымдарға тігілген жібек маталар мен шашақтар шықты.
Қымбат тұратын жібектердің таралуына сақтар мен скифтердің көшпелі
тайпалары қатысқан, сол кездегі ғажайып тауар Орталық Азия мен Жерорта
теңізі өңіріне солар арқылы жеткен.
Алайда, VI—IV ғасырлардағы Жібек жолы туралы айтуға бола қоймас,
қымбат тауарлар дала өңірі аркылы жеткізілген, ол 40-параллель маңынан
өткен және Хуанхэ өзенінің үлкен иіндерінен басталып, Алтайдың шығыс және
солтүстік сілемдерін, Қазақстан мен Қара теңіз өңірі далаларын кесіп өткен
де, гректер мен этрускілер жеріне жеткен деп шамалау дұрысырақ болады.
Жібек Үндістанға сол кезде барған, мұны сина патто — қытай жібегі
деген сөз дәлелдейді.
Біздің заманымыздан бұрын I ғасырдың ортасында ғана Жібек жолы
тұрақты дипломатиялық және сауда жолы ретінде пайдаланыла бастайды. Ал бәрі
138 жылы, император У-ди Батыстың беймәлім елдеріне жіберген Чжан-Цзянға
ерген елші керуені Хань астанасынан шыққан кезде басталған еді. Чжан-Цзян
13 жылдан кейін қайтып оралды. Ол казіргі Ауғанстан аудандарына дейін
жетіп, Қытайдын ішкі аудандарынан Орталық Азияға бірінші болып тура жолмен
жүріп өтті. Осының ізінше Батысқа — жібек артқан керуендер аттанып, ал
Қытайға Жерорта теңізі жағасынан, Таяу және Орта Шығыстан, Орта Азиядан
тауарлар әкеліне бастады.
Көп кешікпей халықаралық сауда Орта Азиядағы Зеравшан және Қашқадария
аңғарларында орналасқан ел — Соғдыдан шыққан саудагерлердің қолына көшті.
Соғдылардын, Шығыс Түркістандағы Тохарлық қалаларда және Қытайдың
Ланчжоу, Дунхуан, Чаньан сияқты қалаларында сауда колониялары болды.
Мысалы, Дунхуанда мыңға тарта соғдылар тұрған. Соғдылар Жапонияға өткен,
жібек жолы жапондардың ертедегі астанасы Нараға жетіп аяқталған. Осындағы
бір ғибадатханада соғды тілінде жазылған қолжазба сақтаулы.
Қазақстанның батысын Қиыр Шығыспен, Амур бойымен керуен жолдары
байланыстырып жатты. Бұлғын жолы дейтін жол белгілі, ол арқылы
Византияның, Иранның, түрік қағанаттары мен соғды княздіктерінің Бохай
мемлекеттерімен және Жапониямен байланыстары жүзеге асырылған. VI—VII
ғасырларда, Ферғана арқылы өтетін бұрынғы жол төте және қолайлы болғанымен,
Қытайдан батыска Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтетін жол мейлінше
жандана түседі. Жолдың ауыстырылуын мынадай себептермен түсіндіруге болады.
Біріншіден, Жетісуда түрік қағандарының ордалары болды, Орта Азия арқылы
өтетін сауда жолдарын солар бақылап отырды. Екіншіден, Ферғана арқылы
өтетін жол өзара қырқыс салдарынан VII ғасырда қауіпті болды. Үшіншіден,
түріктердің бай қағандары мен олардың төңірегіндегілер теңіздің арғы
жағының тауарларын ірі мөлшерде тұтынушылар болатын.
Сөйтіп бұл басты жолға айналды да, елші және сауда керуенінің негізгі
көпшілігі VІІ-ХІV ғасырларда осы жолмен жүрді. Жібек жолының бұл бағыты бір
орнында тұрақтап қалған жоқ, ғасырлар ішінде белгілі бір учаскелері мен
тармақтары алма-кезек мейлінше үлкен маңыз алып, керісінше, басқаларымен
жүріс тоқтап калды, ал олардың бойындағы қалалар мен сауда бекеттері
құлдырауға ұшырады. Мәселен, VI—VIII ғасырларда негізгі бағыт Сирия — Иран
— Орта Азия — Оңтүстік Қазақстан — Талас аңғары — Шу аңғары - Ыстықкөл
ойпаты - Шығыс Түркістан болды. Бұл жолдың бір тармағы, дәлірек айтқанда,
тағы бір бұтағы жоғарыда айтылған жолға Византиядан Дербент арқылы Каспий
өңірі даласы — Маңғыстау — Арал өңірі — Оңтүстік Қазақстанға шықты. Иранға
қарсы Батыс түрік қағанаты мен Византия сауда-дипломатиялық одақ жасаскан
кезде ол жол сасанилік Иранды айналып өтті. 568 жылы Константинопольге
император II Юстинианның (565—576) сарайына түрік қағаны Дизабулдан
соғдылық Маниах бастаған елшілік келді, Маниах, қытай шежірешілерінің
айтуынша, ...түріктерді үйретіп, бағыттап отырғандардың бірі болған.
Алайда бұл жолы түріктер де, соғдылар да жібекпен көп мөлшерде сауда
жасауға байланысты ортақ мақсат көздеді. Ол бұлардың екеуіне де орасан көп
кіріс келтіретін еді.

Жібектің бір бөлігі Қытайдан келіп түсетін, басқа бөлігі Шығыс
Түркістан қалалары мен Соғдының өзінде дайындалатын, бұл орайда оны
өндірудің өскені сонша, оны өткізу өткір проблемаға айналды. Оны жібекті ең
ірі тұтынушы — Византияға сатуға парсылардың кедергі жасауы тереңдете
түсті. Оған өте нақты себептер болды, өйткені жібек Византияға сарай мен
ақсүйектердің қажеттері үшін ғана емес, сонымен қатар тағылардың әскерлерін
жалдаған кезде валюта ретінде де қажет еді, олар бірінші кезекте Иранмен
соғыста пайдаланылатын. Егер парсы үкіметі жібекпен емін-еркін өткізіп
сауда жасауға рұқсат етсе және жібек Византияға дейін жетсе, онда бірнеше
жылдан кейін Евфратта сансыз көп жалдамалы армия тұрар еді де, оған
тойтарыс беруге Иранның бүкіл күші жетпес еді.
Сондықтан түріктер мен соғдылар парсылармен уағдаласа алмады да,
түріктер Византияға Маниах елшілігін жібереді. Ол Иранды және оның
бақылауындағы жерді айналып өтіп, Жетісудан Сырдария бойымен Арал өңіріне,
Маңғыстау аркылы Каспий өңіріне, Солтүстік Кавказға, Кавказ жотасы арқылы
Константинопольге жетті. Елшілікті жақсы қабылдаған II Юстиниан Талас
жағалауындағы қаған ордасына өз елшілігін аттандырды. Сөйтіп, түріктердің
гректерге баратын жаңа жолы жұмыс істей бастады. Оның бағытын
археологиялық олжалар жақсы көрсетеді, олар әсіресе Кавказ жотасының
етектерінде көп, онда Мощевая балка қорымы ашылды. Одан жібек бұйымдар,
жібек матаға салынған суреттің қиындылары, қытай көпесінің кіріс-шығыс
жазбалары және VII—X ғасырлардағы басқа да көптеген шетелдік заттар
табылды.
Бұл жолдың бойында Сырдарияның үлкен де бай қалалары тұрды, олар
туралы біраз кейініректе XVI ғасырдағы тарихшы Рузбихан былай деп жазды:
Ходжент (Сырдария) өзені Түркістан бекіністерінің арасынан ағып өтеді.
Сейхун өзенінен қазып шығарылған арналардың жағасында сондай асқақ
көрінетін аса биік замоктар сияқты биік бекіністер ортасынан ағып жатқан
өзен жұмақтың куаныш-шаттығын айтып тұрғандай.
Кейініректе, IX—XII ғасырларда бұл жол Тянь-Шань жолына қарағанда
азырақ пайдаланылатын болды. Бірақ XIII—XIV ғасырларда ол қайта жанданады.
Құрлықтағы саяси жағдай елшілердің, көпестердің және басқа да саяхатшы
адамдардың жол таңдауын анықтап берді.
Ал Қазақстан Жібек жолы ауқымына кірер қарсаңда оның оңтүстігі қандай
болған еді? Бұрын атап өтілгеніндей, мұнда ежелден өзіндік мәдениет дамып,
оның қалыптасуына көшпелі тайпалар мен отырықшы халықтар қатысты. Бұл ретте
этникалық тұрғыдан алғанда көшпелілер де, отырықшы тұрғындар да біртектес
еді немесе бір үлгідегі этникалық-саяси құрылымдар шеңберінде біріккен
болатын. Отырықшы және көшпелі мәдениеттердің өзара әсері мен бір-бірін
байытуы дүниежүзілік прогрестің сара жолы болды. Мұндай кірігудің
койнауында өркениеттің Қазақстан мен Орта Азия халықтары жасаған көптеген
жетістіктері, сондай-ақ оны мекендейтін халықтар этногенезінің бастаулары
жатыр. Мәселен, б.з.б. VI—III ғасырларда мұнда сақтардың көшпелі және
жартылай көшпелі тайпалары мекендеді, олардың жоғары мәдениеті көптеген
обалы ескерткіштерді қазу арқылы мәлім, олардың арасында Бесшатыр, Есік,
Түгіскен, Ұйғарақ бар. Сақтардың Қытаймен, Үндістанмен, Таяу және Орта
Шығыспен сол кездің өзінде-ақ байланыстары болған. Мұны сақ шонжарларының
қабірлерінен табылған қытай айналары, Орта Азиядан, Ираннан әкелінген
көркемдігі жоғары шетелдік бұйымдар дәлелдейді. Түгіскендегі шикі кірпіштен
қаланған іргелі жерлеу құрылыстары оларды салуға жатжерлік шеберлерінің
тартылуы туралы ойға жетелейді. Усун және Кангюй мемлекеттері өмір сүрген
уақытта б.з.б. II — біздің заманымыздағы I мыңжылдықтың бірінші жартысында,
Жібек жолы қызу пайдаланыла бастаған кезде, мұнда Рим шынысы мен теңгелері,
қытай жібегі, айнасы мен лакталған ыдыс-аяғы, Европаның фибул-ілгектері
және Ираннан оймышталып-басылған тастар әкелінеді.
Бұл кезеңде Шу, Талас және Сырдария аңғарларында қалалық орталықтар
қалыптасады, оларға мұнаралы дуалдармен қоршалған егіншілік қоныстар негіз
болған еді. Қазір олардың көпшілігі Тянь-Шанның тау етегіндегі өңірінен,
Арыс аңғарынан, Сырдарияның орта және төменгі ағысынан табылды. Бұл қалалар
Арал өңірінің құрғақ шөл аймағында, Жетіасар алқабында әсіресе жақсы
сақталған. Олардың күн күйдірген сары дуалдары осы кезге дейін асқақтап
тұр, сүйір ұшты мұнаралардың үңірейген көздері жазық далаға қарайды, ал
тақырлардың астында ертедегі зор мазарлар жасырынып жатыр.
VI ғасырдың екінші жартысында Қазақстан Кореядан Қара теңізге дейінгі
кеңістікті қамтыған орасан зор көшпелі империя Түрік қағанатының құрамына
кірді. VI ғасырдың аяғында Қағанат екі бөлікке — Шығыс түрік және Батыс
түрік қағанаттарына бөлінеді. Соңғысының орталығы — Жетісу, ал астанасы
Суяб қаласы болады.
Жібек жолы учаскесі нақ сол кезде жанданып, ол Жетісу мен Оңтүстік
Қазақстанның қалалық феодалдык мәдениетінің дамуында маңызды рөл атқарды.
Жетісуда ол толып жатқан қалалық орталықтардың пайда болуына түрткі болды,
ал Қазақстанның оңтүстігінде не жол бойында болған, не оған сауда
тармақтарымен байланысты қалалардың тез өсуіне себепші болды.
Егер батыстан шығыска қарай қарағанда, Жібек жолының Қазақстандағы
бөлігі міне былайша көрінеді. Жол Шаштан (Ташкенттен) шығып, Тұрбаттағы асу
арқылы Жібек жолындағы аса ірі орталықтардың бірі Испиджабқа беттейді.
Мұнда түрлі елдердің саудагерлері тоқтаған, қалада Бұхараның, Самарқандтың
көпестеріне қарасты сауда құрылыстары мен керуен-сарайлар болды, ал
Испиджаб көпестері Мерв, Балх, Бұхара мен Хорезм көпестерімен бірге
Бағдаттағы Харба ибн Абдаллах әл-Балхи рабадында өз факторийін ұстаған.
Испиджабтан құлдар, ақ маталар, қару, семсер, мыс пен темір тасылған.
Испиджабтан керуендер Шығысқа, Шарап, Будухкет қалалары, Тамтаж және Абараж
керуен-сарайлары арқылы Таразға беттеген.
Талас аңғарында Жібек жолының бойындағы бірінші ірі қала Жувикат
болатын, одан өткен соң Таразға барған. Бұл — Қазақстанның ежелгі
қалаларының бірі, ол VI ғасырдың өзінде-ақ белгілі болған. II Юстинианның
Иранға қарсы әскери одақ құру және жібекпен сауда жасасу туралы мәселелерді
шешу үшін келген, стратег Земарх бастаған дипломатиялық елшілігін түрік
қағаны Дизабул 568 жылы нақ осында қабылдаған. Деректемелерде Тараз
көпестер қаласы деп аталады. Сонымен бірге, ол түргештердің, ал содан соң
қарлұқтардың және қарахандардың астаналық орталығы болған.
Тараздың маңында Бұхарадан шыққандар негізін қалаған Жамукет қаласы
тұрды. Ол VI ғасырдың өзінде-ақ аталады, оның негізін Бұхара соғдылары
қалаған, оларға Жамук деген кісі басшылық етіп, қала да соның есімімен
аталған. Археологтар Жамукеттің жұртын Талас аңғарында, Жамбылға жақын
жерде, Талас өзенінің оң жағалауында, Сарыкемердің қарсысынан тапты. Оның
қираған жұрты қазір Қостөбе деп аталады. Бұл қалалардан басқа Талас
аңғарында, аңғардың ірі күміс кеніштері орналасқан таулы бөлігінде Шелже,
Сус, Көл және Текабкет сияқты белгілі қалалар болған.
Аңғардың жазық жағында Атлах қаласы тұрды, оның дуалы түбінде, бұрын
атап өтілгеніндей, 751 жылы арабтардың қытай әскерлерімен ықпал өрісі
жолындағы шайқасы өткен. Таразға жақын жерде, Таластың бойымен төмен қарай
солтүстікке бет алатын сауда жолында Адахкет және Дех-Нуджикет қалалары
болған, ал монғолдар кезінде деректемелерде Янги, Янги-Балық және Кенжек
қалалары аталады.
Талас аңғарындағы Таразға керуендер Касаннан Шатқал жотасындағы Шанаш
және Талас Алатауындағы Қарабура асуы арқылы Ферғана аңғарынан келетін
жолмен де барған. Жолдың бұл бөлігі Жібек жолының Ферғана және Жетісу
бағыттарын қосып жатты.
Тараздан шығысқа қарай шыққан жол шөл жерлермен Құлан қаласына бет
алады. Тараз бен Құлан арасындағы жер қарлұқтардікі болатын. Құланға
баратын жолда Касрибас, Көл-Шөп, Жол-Шөп арқылы өту керек болды.
Касрибастың жұрты Қырғыз жотасын бойлай өткен ертедегі жол бойында тұр және
Ақыр тастың қираған жұрты ретінде мәлім, ол тастан қаланған құрылыс болып
табылады, жоспарлануына қарағанда, сірә, бір кезде замок болса керек. Көл-
Шөпке Өрнек қаласының орны сәйкес келеді, оны қазып-аршу оның сипатын
көрсетті: бұл — мешіті, жасақтарға арналған казармалары және төңірегінде
қолөнершілер мекені бар әдеттегі бекіністі орда.
Қытайлар Цзюйлань деп атаған Құлан қаласы түріктер елінің Мәуеренахр
жағындағы шекарадағы сүйкімді қалашық ретінде белгілі. Жолнұсқаларға
қарағанда, ол Тараздың шығыс жағында 17 фарсах жерде жатыр және Құлан
ауылының шығыс шетінде орналасқан Луговое қаласының жұртына сәйкес келеді.
Құланнан әрі шығыс жақта бір-бірінен 4 фарсах жерде Мирки және Аспара
қалалары тұрған.
Жолдан бөлінген бір тармақ Сарыққа, сонан соң түрік қағанының
қонысына және Қырмырауға барады. Қырмыраудан шыққан жол Жетісудың аса ірі
қалаларының бірі Невакетке — қытайша Синчэнге апарады. Бұл атаудың екеуі де
Жаңақала деп аударылады. Невакет түрік қағандарының ордасы ретінде және
соғдылардың қаласы ретінде белгілі. Сәті түсіп анықталғанындай, Невакетке
қазіргі Қызылөзен және Новоивановка ауылдарының арасына орналасқан
Қызылөзен қаласының жұрты сәйкес келеді.
Невакеттен шыққан жол Пенджикент (Бунджикент) арқылы Жетісудың аса ірі
қаласы Суябқа жеткізген. Ол батыс түріктерінің, сонан соң түргештердің,
қарлұқтардың астанасы болған. Ол жөнінде қытай және араб саяхатшылары тура
X ғасырға дейін жазады да, сол кезде қала кенеттен шежірелердің бетінде
көрінбей кетеді. Астана рөлі Баласағұн қаласына көшеді, ертеректе оның аты,
сірә, Беклік немесе Семекна болса керек. Баласағұн қарахандардың, сонан соң
қарақытайлардың астанасы ретінде белгілі, ал XIII ғасырдың басында оны
қиратқан да қарақытайлар болатын. Аз уақыттан кейін қала қайта салынды,
бірақ XIV ғасырдың өзінде-ақ ол қирап жатты және жартылай қираған сарайлар,
мешіттер мен мұнаралар және эпитафиялы ауқымды зираттар ғана мұнда жуырда
өмірдің қызу қайнап жатқанын көрсететін еді.
Сәті түсіп археологтар бұл қалалардың орналасқан жерін де анықтады:
олар қазіргі Тоқмақ қаласына жақын жерде жатыр және орта ғасырлардағы
белгілі екі ескерткішке — бір-бірінен 5 шақырым қашықтықта орналасқан
Ақбешім және Боран қалаларының жұртына сәйкес келеді.
Жібек жолы Суябтан шығып, Ыстықкөлдің не солтүстік, не оңтүстік
жағасымен жүреді. Оңтүстік бөлігінде керуендер Жоғарғы Барсханнан ірі
қаладан өткен, ал солтүстік бөлігі аттары бізге дейін жетпеген шағын керуен
-сарайлардың жұрттарымен белгілі. Содан соң бұл жолдар Бедел асуы жанында
тоғысқан да, сол арқылы, не Ташрабат арқылы Жібек жолы Қашғар мен Ақсуға
апарған.
Ыстықкөл ойпатынан жол Сәнташ асуы мен Қарқара аңғары арқылы Іле
аңғарына, содан соң Іленің оң жағалауымен Өсек және Хоргос аркылы Алмалыққа
жетіп, одан кейін Такла-Макан шөлінің солтүстік шетімен, Хами және Тұрфан
жазирасы арқылы Дунхуан мен Қытайға барған.
X—XII ғасырларда Жібек жолының бір тармағы бүкіл Іле алқабын оңтүстік-
батыстан солтүстік-шығысқа қарай кесіп өткен. Тармақ Невакеттен басталып,
сонан соң Бунджикетке барып, Қастек асуы арқылы Іле Алатауының солтүстік
беткейлеріне жеткен. Асуға Баласағұннан тағы бір жол шыққан. Бұл арада
бағдар алатын белгі қасиетті Ұрынарж таулары болған, ол таулар Шу және Іле
өзендері алаптары арасындағы су айрығын құраған. Бұл таулар туралы сонау
VII—VIII ғасырларда қытай жолнұсқаларында айтылып, оларды Цзедань таулары
деп атайды. Мұнда деректемелерге сәйкес он рудың қағаны әрқашанда
билеушілер мен ақсақалдарды бекітіп отырады. Ұрынарж топонимі қазіргі
Ұзынағаш қонысының атауында осы кезге дейін сақталған. Жібек жолының сілемі
Қастек, Қаскелең және Алматы орындарында тұрған шағын қалашықтар арқылы
өтіп, Талғар қаласының солтүстік шетінде орналасқан Талхир қаласына жеткен.
Осында Талғар өзенінің оң жағалауындағы тау етегінде орта ғасырлардағы
үлкен қаланың қираған жұрты жатыр. Талхиз (Талхир) транзитті сауданың ірі
орталығы болған.
Іле аңғарына басқа жолмен де келген — ол Құланнан, Аспарадан не
Нузкеттен Шудың орта және төменгі ағысындағы қалаларға барған. Ташөткел
өткелінен өткен жол Шу-Іле тауларының солтүстік беткейлеріне барып,
солтүстік Балқаш өңіріне түскен. Шуды бойлап төмен қарай жүрген жол
Қаратаудың теріскей бетіндегі қалаларға шығарған.
Талхизде Жібек жолы тарамдалған. Оңтүстік жол Есік, Түрген, Шелек
арқылы Борохудзир маңында Іледен өтетін өткелге қарай жүріп, сонан соң ол
Іленің оң жағалауымен Хоргос арқылы Алмалыққа беттеген де осы жаққа
Ыстықкөл аңғарынан келе жатқан жолмен қосылған. Осы бөліктен археологтар
шағын Есік, Түрген, Лавар қалашықтары мен үлкен Шелек қаласының қираған
орындарын тапты. Іленің оң жағалауымен жол қазіргі Көктал қонысы мен
Жаркентқаласы арқылы өткен. Көктал өңірінде Ілебалық қаласы тұрған.
Солтүстік жол Талхизден Талғар өзенінің бойымен Іле өзеніндегі өткелге
дейін жеткен, өткел Қапшағай шатқалында орналасқан. Содан кейін жол
Шеңгелдіге барып, одан ары Алтынемел асуы арқылы Көксу аңғарына түскен де,
қазіргі Дунгановка ауылының орнында тұрған Екі-Оғыз қаласына жеткен. Нақ
осы жерден Іле алқабындағы аса үлкен бір қаланың жұрты табылды. 1253 жылы
барған Вильгельм Рубруктің айтуынша, бұл қалада сарациндер тұрған, яғни
иран көпестерінің сауда колониясы болған. Рубрук қаланы Эквиус деп атайды.
Екі-Оғыздан шыққан жол қарлұқ жабғуының астанасы Қаялыққа (Қайлаққа)
жеткен. Қаланың базарымен даңқы шыққан, онда мұсылмандардан басқа, өз
шіркеуі болған христиандар да тұрды. IX Людовиктің монғол ханы Мөңкеге
жіберген елшісі монах Вильгельм Рубрук солай деп хабарлайды.
Қаялық ІХ-ХІІІ ғасырдың басында Іле аңғарының солтүстік-шығыс жағын
иеленген қарлұқтардың ордасы болды. Ол Қаратал өзенінің аңғарында,
Антоновское ауылының шетінде орналасқан. Рубруктің жазбасына қарағанда,
Қаялыққа жақын жерде христиандар қонысы болған, Жібек жолы оны да басып
өткен. Одан әрі ол Тентек өзенінің аңғарына түсіп, Алакөлді айналып, Жоңғар
қақпасы арқылы Шихо аңғарына барған да, ол жерден Бесбалық арқылы Дунхуан
мен ішкі Қытайға шыққан. Алакөлдің оңтүстік-батыс жағасында XIII ғасырдағы
саяхатшылар аймақ астанасы деп атаған қала тұрған. Ол Көктұма ауылындағы
қала жұртына сәйкес келеді. Қазір бұл ескерткішті көл суы шайып кеткен.
Алаңда Земархтың жолымен Европаға жету үшін Жібек жолының Қазақстан
бөлігіндегі түпкі нүктелерінің бірі - Испиджаб қаласының жұртына қайтып
оралайық. Испиджабтан шыққан керуен жолы Арыстағы Арсуба-никетке, одан әрі
Сырдарияның бойымен төмен жүре отырып, Арал өңіріне жеткен. Сырдарияны
бойлай жүретін керуен жолындағы ең үлкен қалалар Отырар-Фараб пен Шауғар
болды. Отырардың қасында X ғасырда Отырар жазирасында бас қала болған Кедер
қаласы орналасты. Ол түрлі елдерден келген көпестер жиналатын жер ретінде
белгілі.
Отырар көптеген керуен жолдарының тоғысатын торабында тұрды. Бұл
жерден бір жол — Шауғарға, екіншісі Сырдария арқылы өткелден өтіп, Васидж
қаласына шығады. Соңғысы Шығыстың аса көрнекті ғалымы Әбу Насыр әл-
Фарабидің туған жері ретінде белгілі. XIII—XIV ғасырларда бұл қала Зернук
деп аталған. Одан шыққан жол Сырдария бойымен жоғары өрлеп, оғыздардың
Сүткент қаласы арқылы Шашқа, төмен қарай Жентке барған. Сол ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz