G N Garant сақтандыру компаниясының web-сайтын құру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 87 бет
Таңдаулыға:   

7

8

9

10

Аннотация

Целью данной дипломной работы является создание web-сайта

страховой компании «G&N Garant». Созданный web-сайт позволяет получить

полную информацию о компании, выбрать и заказать страховой полис.

Пользователь имеет возможность расчитать полную сумму и в on-line режиме

заполнить анкету.

Дипломная работа состоит из трех глав. В первой главе произведен

обзор и анализ современного состояния интернет технологии, методы

создания web-сайта. Во второй главе приведены обоснования выбора языка,

структурная схема сайта. В третьей главе рассматривается описание

программного обеспечения, а также описание функционирования

приложения.

При разработке веб-сайта были использованы языки разметки HTML и

язык программирования PHP с использованием базы данных MySQL и

технология Drupal.

Аңдатпа

Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты «G&N Garant» сақтандыру

компаниясының web-сайтын құру болып табылады. Құрылған web-сайт

компанияның іс-әрекеті жайлы ақпаратпен толық қамтамасыз етуге,

сақтандыру полистерінің түрін таңдауға және тапсырыс беруге мүмкіндік

береді. Web-сайтта сақтандыруға қажетті толық соманы есептеу

қарастырылған. Қолданушы берілген мәлеметтерді on-line режімде толтырып

өз уақытын унемдеуге мүмкіндік алады.

Дипломдық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде web сайттың

қазіргі замандағы рөлі, пәндік облысқа толық талдау қарастырылған. Екінші

бөлімде сайтты құру кезеңдері, web-сайтты құру барысында қолданылған

программалық тілдерді таңдау негіздемелері келтірілген және web-сайт

құрылымы, қолданушыларға берілетін нұсқаулықтар сипатталған. Үшінші

бөлімде программалық қамтаманың сипатталуы келтірілген.

Web-сайт беттері динамикалық интернет-сайттарды құру аймағында

танымал болған Drupal технологиясын қолдану арқылы HTML-парақтары

түрінде жасалынған. Php және javascript тілдерінің көмегімен сайттың

жұмысын автоматтандыруға, web-парақ элементтерін бір-бірімен

байланыстыруға, безендіруге қолданылды. Ақпаратты тиімді түрде сақтауға,

іздеуге, сұрыптауға mysql деректер қорының сервері пайдаланылды.

Мазмұны

11

Кіріспе

1 Пәндік салаға талдау жасау

1. 1 Қазақстандғы интернет

1. 2 Қазақстандағы интернет-сақтандыру жүйесі

1. 3 CMS жүйелерінің рейтингісі

1. 4 Веб - программалау тілдері

1. 5 Мәліметтер қоры

1. 6 Есептің қойылымы

2 «G&N Garant» сақтандыру компаниясының web сайтын құру

2. 1 Сайтты құру кезеңдері

2. 2 Сайтты құру құралдары

2. 3 Сайттың құрылымы

3 Программалық қамтаманы сипаттау

3. 1 Функционалдық қолданылуы

3. 2 Техникалық құралдарға қойылытын талаптар

3. 3 Программаның логикалық құрылымын сипаттау

3. 4 Шақыру және жүктеу

3. 5 Енгізілетін мәліметтер

3. 6 Қолданушыға нұсқаулық

4 Экономикалық бөлім

4. 1 Тиімділігін бағалау

4. 2 Техникалық тиімділікьі бағалау

4. 3 Әлеуметтік тиімділіті бағалау

4. 4 Экономикалық тиімділікті бағалау

5 Өміртіршілік қауіпсіздігі

5. 1 Өміртіршілік қауіпсіздіг бөлімінің мақсаты

5. 2 Жарықтандыруды есептеу

5. 3 Электроқауіпсіздік

5. 4 Өміртіршілік қауіпсіздік бөлімі бойынша қорытынды

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымша

12

7

8

8

9

10

12

13

15

16

16

18

40

45

45

45

45

46

46

47

56

56

56

58

58

61

62

62

68

71

72

74

75

Кіріспе

Қазіргі кезде Интернет желісін өз қызметтерін ұсыну мақсатында

қолданатын әртүрлі салада қызмет атқаратын мекемелер саны артуда.

Алғашқылары болып банк және инвестірлік компаниялар болса, ендігі кезекте

олардың қатарына сақтардыру компаниясы қосылды. Интернет-сақтандыру

қазақстандық рынокта бірнеше жыл on-line режімде өз қызметтерін көрсетуде.

Интернет-сақтандыру электронды бизнестің үлгісі ретінде ең алғаш болып

Америка Құрама Штатының нарығында пайда болды. Интернет-сақтандыру

тұтынушыға қолайлы компанияны таңдап, керекті полисті Интернет арқылы

сатып алуға мүмкіндік береді. Соңғы уақытта Қазақстанда да осыған ұқсас

Web-сайттар пайда болуда. Алғашқылары рыноктағы жағдайды сипаттап,

кеңес беріп шектелсе, келесілері үйіңізден шықпай-ақ таңдаған компаниядан

полисті сатып алуға мүмкіндік береді.

Интернет-сақтандыру жайлы сөз қозғамас бұрын дәстүрлі

сақтандырудың жалпы сипаттамасын еске түсіріп кетейік.

Сақтандыру - сақтанушы ( сақтандыру қызметін сатып алушы ) мен

сақтандырушы ( сақтандыру қызметін ұсынушы ұйым ) арасындағы бекітілетін

және кейбір келісім шарт бойынша жалғасатын құқықтық қатынас.

Сақтандырушы ортақ шарттарды және жүргізілу тәртібін айқындайтын

ережелерді дайындап, сақтанушыға ұсынады. Келіскен жағдайда екі жақты

келісім - шарт жасалып, толығымен немесе тұрақты кезеңде төлем төленеді.

Ал сақтандырушы сақтандыру кезеңі келгенде келісім - шартқа негізделе

қаржылай өтемақысын төлейді. Келісім жасалғанда сақтандыру полисі деп

аталатын құжат толтырылады. Полис сақтанушы мен сақтандырушы

компанияның заңды құжаты. Онда сақтындыру объектісі, сақтандыру

жағдайы, басталу және біту уақыты, сақтандыру соммасы, тағы басқа

маңызды тұстары көрсетіліді.

- яғни, интернет-сақтандыру - тұтынушы мен сақтандыру

компаниясының арасындағы жоғарыда келтірілген сақтандыру өнімін сату

мен қызмет жасау кезінде жасадатын әрекетті Интернет желісімен жасау. Ол

үшін компанияның Интернет-өкілдігі виртуалды офис ретінде жұмыс істеу

керек және ол үшін келесідей мүмкіндіктері болуы керек: тұтынушыға

компанияның толық және қаражат жағдайы жайлы мәлемет беру;

- тұтынушыға компанияның қызметі мен мүмкін бөліктері туралы

мәлемет беру;

- сақтандыру қызметінің көлемі мен әр-түрлі шарттарға байланысты

сақтандырудың қаражатын есептеп беру;

- сақтандыру формасы өтінішін толтыру.

Сақтандырушы мен сақтанушы арасындағы мәлемет алмасу. Егер

көрсетілген талаптарға Интернет - өкілдігі сай болса, онда оны толыққанды

виртуалды офис деп айта аламыз. Жалғыз кемшілігі ретінде сақтандыру

полисін жеткізу болып табылады.

13

1 Пәндік салаға талдау жасау

1. 1 Қазақстандғы интернет

2010-2012 ж. ж. экономикалық өсім инфрақұрылымның дамуына

байланысты мемлекеттік және жекеменшік кәсіпорындардың инвестициялық

өсімін айқындады. Сонымен қатар, ол жұртшылықтың жоғары білім әлеуетіне

ие болуға әзір болуына мүмкіндік туғызды (Интернетке қол жетімділікке

бағаны кезең-кезеңмен төмендете отырып және ақырғы тұтынушыға берілетін

арналардың өткізгіштік мүмкіндігін кеңейту арқылы) . Мемлекеттік уәкілдік

етуші органдардың бүкіл

осы

уақыт аралығында ақпараттық-

коммуникациялық саланың даму басымдығын талай рет қайталай жариялаған

тынымсыз еңбегі процестің ілгерілеуіне белгілі дәрежеде мүмкіндік туғызды.

ҚР республикалық ақпараттандыру және байланыс (АБА) Агенттігінің

мәліметі бойынша 2010 ж. Интернеттің таралу дәрежесі (1, 9 млн. ) құрады,

2011 -35%, алайда 2012 жылдың қазан айында байланыс операторларының

есебіне сүйене отырып, ақпараттандыру және байланыс Агенттігінің төрағасы

47%

(7, 4млн. адам) деген санды көрсетті. Бұл санға кеңтарапты

қолжетімділіктегі 2, 2млн. абонент, коммутирлі қолжетімділікте (dial-up)

0, 6млн. абонент, сонымен қатар Интернет торына мобильды қолжетімділікте

4, 6млн. абонент кірді. Мобильды Интернет қызметін (WAP, GPRS, EDGE)

пайдаланушы ұялы операторлар абоненттер көбінесе тұтынушылардың

алғашқы екі категориясының біріне қатысты болғандықтан бұл көрсеткішті

дұрыс деп санаудың өзі қиындау. Күмәнді десек те, ресми санақ әдістемесінде

абоненттер санының тез өсуінің жағымды фактілерін атауға болады:

кеңтарапты қолжетімділік абоненттері саны - 2010 жылы 981 мыңнан, 2011

жылы 1973 мыңға дейін, яғни бір жарым еседей артық болса, 2012 жылы

қайтадан екі есеге арта түсті. Шетелдік дерек көздері Қазақстан бойынша

аздап жоғарылау санды көрсетеді. Сонымен WorldStat Internet ұйымының

санағы бойынша Интернеттің еніп таралу дәрежесі 12, 3%-ды (1, 9млн. )

құрайды, әйтсе де республика жұртшылығының Әлемдік ғаламтордағы

қатынасу қарқынының жоғары

екендігі мойындалады: 2000-2012ж. ж.

аралығында қолданушылар саны 29 есеге артты. Ірі Budde Comm Интернет-

компаниясының мәліметіне сәйкес қолданушылар саны 1, 5млн. адамды

құрайды, мобильді телефондар арқылы қолжетімділікті есепке алмағанда

таранып ену дәрежесі-9, 8%. Hivos Қорының (Нидерланды) «Ғаламдық

ақпараттық ұйымының» есебінде сарапшылардың пікірі бойынша мұндай

көрсеткіштер қазірше жеткілікті деп санала қоймайды, оның себебі

телекоммуникация секторын либерализациялау қарқынының баяулығы және

бағаның бірте-бірте төмендетілуіне қарамастан, Интернет қызметі тарифы әлі

де жоғары болып отыр. Бұған Интернетті үйде пайдалануға мүмкіндіктері бар

- аса кең тарала қоймаған «орта класс» қабатын, Қазақстандағы ауыл

тұрғындарының жоғары процентті құрайтындығын және АКТ мәселесінде

көпшіліктің сауатының төмендігін қоса айтуға болады. Сарапшылар тобында

14

бұл факторлар ортасы басқа

да

институционалдық параметрлермен

үйлесімділікте электрондық даярлық дәрежесін атайды. Осыған қарамастан,

пайдаланушылардың көрсетілген әлеуметтік өсімі әрі мемлекеттік және

жекеменшік провайдерлер инвестициясының жалғасуы, алаңда

бәсекелестіктің қыза түсуі, технологиялық инновациялар, жекелеп алғанда,

кейбір өткізгішсіз жүйенің дамуы негіз береді.

1. 2 Қазақстандағы интернет-сақтандыру жүйесі

Қазіргі уақытта Қазақстанда қаржылық қызметтің көптеген онлайндық

нұсқасы бар. Интернетте жасалынған биржалық келісімнің саны дәстүрлі

жасалынған келісімнен артып түседі. Банктердің желілік өкілдері өздерінің

тұтынушыларына интернет арқылы өз қаржыларын қашықтықтан басқару

әдісін кеңінен ұсынуда. Интернет-дүкендерде қоғамның бөлінбес бір бөлігіне

айналып баруда. Отандық төлем-ақылырдың сан-түрлі әдістерінің халыққа

ұсынылуы интернет жүйесінің елімізде кеңінен тарап, халықтық қолданысқа

ие болды.

Қазақстанда 50 аса сақтандыру компаниялары интернет желісінде

көрсетілген. Бұл ретте көптеген сақтандыру компаниялардың Web-сайты тек

мәлемет жеткізу мен өз қызметтерімен таныстыру рөлін атқарып отыр.

Осы және өзгеде себептерге байланысты қазақстандық сақтандырушы

компаниялардың Web-сайтын ол компаниялардың Интернет-өкілдігі деп айта

алмаймыз. Қазақстанда полисті тұтынушыға Интернет желісі арқылы беру

туралы арнайы заң болмайына байланысты, сақтандыру полисі сақтанушыға

тек почта арқылы (бұлжағдайда сақтандырушының бір жақты қолы

қойылады), курьерлік қызмет компаниясы арқылы немесе сақтанушы офиске

келіп өзі алып кетеді. Тағы маңызды проблеманың бірі, сақтандырушы мен

сақтанушы арасындағы төлем ақының жүруі. Екі жақты төлем ақы жүргізу

жүйесіне сенімсіздіктің салдарынан интернет жүйесінде пластикалық карта,

цифрлық ақшаны қолданбайды. Әдетте салымды ақша мен қолма-қол төлеу

жүргізіледі.

Яғни, қазақстандық сақтандыру компанияларының негізгі мәселесі

болашақ тұтынушыға компания жайлы және көрсететін қызметі жайлы

жеткілікті дәрежеде мәлемет жеткізу. Компания жайлы мәлеметке келесідей

тармақтар кіру қажет:

- компанияның даму тарихы;

- негізгі қаржылық есептіліклің қысқа нұсқасын ұсыну;

- үлкен, белгілі серіктестер жайлы мәлемет;

- басты офис пен бөлімшелердің мекен-жайы.

Бұл тұста тұтынушы мен сатушының арасындағы сенім маңызды рөл

атқарады. Сол себепті қаншалықты осы мәлеметтер сенімді түрде жеткізілсе,

соншалақты тұтынушының компанияға деген көз-қарасы жақсы болып, соң

кезекте сақтандыру полисіне тапсырысты тап осы сақтандырушыға беретініне

кепіл.

15

1. 3 CMS жүйелерінің рейтингісі

Тегін (open-source) CMS

- бұл программаны кез келген мақсатта

пайдалануға; программа кодына қатынауы; программа көшірмелерін тегін

таратуға; программаны жаңа версиясына қарай жаңарту, жақсартуға

мүмкіндік беретін шарттарды сипаттайтын бағдарламалық қамтама.

«Қорапты» CMS сайт өңдеу бойынша қызметтен бөлек қатынауға

болатын жүйелер, сонымен қатар онымен азғандай web-студиялар қолдануда.

Open source CMS - ашық кодты тегін таралған өнім. Программаны және

оның шығыс кодтарын кез келген қолданушы жүктеп ала алады. Соңғы 2012-

2013 жылдары «Рейтинг Рунета» CMS жүйелерінің ішінен тегін CMS

жүйелерге талдау жасалынды.

«Рейтинг Рунета» - интернет-маркетинг және web-өңдеу нарығында

алдыңғы қатарлы программалық жүйелерді таңдау үшін интерактивті құрал

болып табылады. Жоба қолданушылар web-студиялар, SEO-компаниялар,

CMS жүйелерінің талдауларын жоба сайтында таныса алады. Жыл сайын

жобада ең жақсы интернет жобаларға, программалық қамтамаларға байқау

жүргізіледі.

Сонымен, осы «Рейтинг Рунета» жобасы 2012-2013 жылдарда СMS

жүйелерінің арасында «Қорапты» CMS, Open Source (тегін, ашық кодты)

CMS, Жеке(студиялық) CMS жүйелері бойынша байқау нәтижелері келесідей

(1. 1-сурет а, б) .

1. 1 а cурет - «Рейтинг Рунета» жобасының 2012 жылға жасалынған CMS

рейтингісі

16

1. 1 б cурет - «Рейтинг Рунета» жобасының 2013 жылға жасалынған CMS

рейтингісі

Соның ішінде Open Source CMS жүйелері ішінде ең оптималды, ең

үздік CMS жүйесінің бірі - Joomla!

I-track компаниясы 2012 жылы қаңтар-маусым айларында Ресей

домендерінде тіркелген CMS жүйелерінің пайыздық көрсеткіштері талдау

ретінде жасалынды(1. 2-сурет) .

1. 2 cурет - Ресей домендерінде тіркелген CMS жүйелер көрсеткіштері

Көрсетілген тегін CMS жүйелері шетел программистерімен құрылған

болатын және қазіргі кезде Қазақстанда да өз орындарын тапты.

Ең үздік CMS өз компоненттері мен даму модельдері бойынша ұқсас.

Жасалынған талдау бойынша бұл рейтинг берілген CMS жүйелері үшін

«иә» әлде «жоқ» секілді аргументтер жайлы емес. Тек мынаны ескерген жөн,

17

Батыс Интернетіне қарағанда, Қазақстанда CMS жүйелерін таңдау бойынша

тәуелсіз сарапшылар институты әлі дамымаған. Және арнайы жүйелер

пайдасына қызығушылық танытқан мамандар немесе барлық көз салған

сарапшылар көзқарастарын білдіруі мүмкін. Сондықтан барлық талдауларды

жүзеге асыру үшін Қазақстанда Web-технологияларды өңдеу саласын жүзеге

асыру қажет.

1. 4 Веб - программалау тілдері

Веб

-

программалау -

веб косымшаларды құруға бағытталған

программалаудың бөлімі.

Веб - программалау тілдері

- веб технологиялармен жұмыс істеуге

арналған тілдер. Веб - программалау тілдері негізінен екіге топқа бөліп

қарастырамыз: клиенттік және серверлік.

1. 4. 1 Клиенттік тілдер

Клиенттік программалу тілдері - қолданушы серверінде орындалады,

әдетте оларды браузер орындайды. Бұл клиенттік тілдердің негізгі мәселесін

тудырады, яғни программаның орындалу нәтижесі қолданушының браузеріне

байланысты. Егер де қолданушы клиентік програмаларды орындауға тыйым

салса, онда програмист қанша тырысса да, программа орындалмайды. Кейде

әртүрлі браузерде бір скрипт әртүрлі орындалуы мүмкін. Басқа жағынан

алғанда, егер де программист серверлік программаларды қолданатын болса,

онда жұмысты оңтайландырады және жүктеме азаяды. Ең көп таралған

клиенттік тілдер болып мыналал есептеледі: HTML, CSS, JavaScrit. Java,

VBscript, Actionscriрt және т. б.

1. 1 к е с т е - Әлемдегі ең кең таралған клиенттік тілдер

18

1. 4. 2 Серверлік тілдер

Қолданушы белгілі бір бетке сұраныс жасағанда, шақырылған бет

бірінші файл болып қолданушы жіберіледі. Ол файл мынадай кеңейтулері

болады: HTML, PHP, ASP, ASPX, SSI, XML, DHTML, XHTML.

Программаның жұмыс істеуі сайт орналасқан серверге толығымен тәуелді.

1. 2 к е с т е - Әлемдегі ең кең таралған серверлік тілдер

1. 5 Мәліметтер қоры

Жалпы тақырыппен немесе міндетімен байланысқан сақталатын

мәліметтердің реттелген жиынтығы мәліметтер қоры (МҚ) деп аталады.

Мәліметтер қорының негізгі міндеті - онда сақталатын мәліметтерді

пайдаланушыға тез тауып беру.

Мәліметтер қорларын басқаратын жүйе (МҚБЖ) - мәліметтер қорын

басқаратын программалық қамтамасызданыру.

Мәліметтер қоры тек қана мәліметтердің жиыны емес. Мәліметтер

қорының өзінен басқа мәліметтермен жұмыс істейтін қолданбалы

программалар, оған сәйкес жабдықтар мен персонал болуы керек.

Мәліметтер банкі (МБ) - дегеніміз арнайы түрде ұйымдастырылған

мәліметтер жүйесі - мәліметтердегі коллективті көп мақсатымен қолдануға

және орталықтандырылған сақтауды қамтамасыздандыруға арналған

мәліметтер қорлары, техникалық, тілдік, ұйымдастыру - нұсқалық құралдар

жиыны.

Мәліметтер қорларын қолданатын ақпараттық жүйе немесе мәліметтер

қорларының жүйесі төрт компоненттен тұрады: жабдықтар, программалық

қамтамасыздандыру (МҚБЖ), мәліметтер (МҚ) және адамдар

0(пайдаланушылар, әкімшілік, қызмет жасайтын персонал) .

19

Дұрыс өңделіп жұмыс жасайтын жүйеде компонеттердің барлық

төртеуіде қажетті есептерді орындайтын тұтас жүйені құрастырып өзара

байланысады: қызмет жасайтын персонал, пайдаланушылармен ақылдасып

қажетті мәліметтерді анықтап пайдаланушылар қажеттіліктеріне сәйкес

мәліметтер қорының құрылымын анықтайды.

Содан кейін мәліметтер қорының құрылымы мәліметтер сөздігі арқылы

мәліметтер қорын басқару жүйесіне хабарланады. Пайдаланушылар

мәліметтер қорын басқару жүйесіне анықталған процедуралар арқылы өз

мәліметтерін енгізеді. Енгізілген мәліметтерді сақтауын жабдықтар

қамтамасыздандырады. Мәліметтер қорына қол жеткізуіне қызмет жасайтын

программаларды програмистер өңдейді, пайдаланушылар бұл

программаларды өз компьютерлерінде жұмысқа қосады. Бұл программалар

кәсіпорынның басшылар мен клиенттеріне қажетті ақпаратты береді.

Мәліметтер қорларын қолданатын ақпараттық жүйелер файлдың

жүйелелердің кемшіліктерін жоюға мүмкіндік берді. Мәліметтер қорлары

жүйелерінің негізгі мақсаттарының біреуі мәліметтердің тәуелсіздігін, яғни

мәліметтерді сақтау құрылымы мен қол жеткізу стратегиясынан

қолданбалылардың тәуелсіздігін қамтамасыздандыру. Мәліметтер қорында

мәліметтердің бүтіндігі, яғни олардың дәлдігі мен сәйкестігі сүйемелденеді.

1. 3 к е с т е - Әлемдегі ең кең таралған мәліметтер қоры

20

1. 6 Есептің қойылымы

Дипломдық жұмыстың мақсаты

сақтандыру компаниясының

қызметтерін on-line режімде қолдануға мүмкіндік беретін web сайтты құру

болып табылады.

Құрылатын сайт арқылы қолданушылар өздеріне қажетті сақтандыру

полистеріне тапсырыс беруге, компанияның қызметтерімен және олардың

бағаларымен танысып, қажетті жұмыстарды

есептегіш арқылы on-line

режімде есептеуге мүмкіндіктері болуы керек.

Дипломдық жұмыстың нәтижесінде келесі негізгі тапсырмалар

орындалуы қажет:

­ web-қосымшаның құрылымын құру;

­ программалау тілін таңдау;

­ мәліметтер қорын таңдау;

­ тиімді және түсінікті программалық интерфейсті құру;

­ клиенттердің тіркелуін ұйымдастыру;

­ сайт бойынша іздеу жүйесін ұйымдастыру;

­ жобаның экономикалық тиімділігін анықтау;

­ еңбек қауіпсіздігін талдау.

Web-қосымшаны құру барысында JavaScript, РНР тілі және MySQL

деректер қоры қолданылады және СMS жүйе ретінде Drupal таңдалды.

21

2 «G&N Garant» сақтандыру компаниясының web cайтын құру

2. 1 Сайтты құрудың кезеңдері

Кез келген өнім сияқты web-сайттың өзінің өмірлік циклының кезеңдері

болады (2. 1 - сурет) .

I. Жобалау мақсаты мен

міндеттері

1. Мақсаты мен міндеттерін анықтау;

2. Мақсатқа жету критерийлерін анықтау;

3. Мақсатты пайдаланушылар сегментін

анықтау;

1.

Жобаның архитектурасы мен дизайнын жасау;

II. Сайтты құру

2.

3.

4.

5.

6.

Технологиялық негізін құру;

Контентпен толтыру;

Дайын шешімдерді тестілеу;

Хостингтік платформаға көшіру;

Жобаны жүзеге асыру.

1. Іздеу жұйелеріне тіркеу және оңтайландыру;

2. Web-қорлар каталогтарында тіркеу;

III. Сайтты жылжыту

IV. Сайттың қызмет

көрсетуі

V. Сайттың жұмыс істеу

тиімділігі

3. Тематикалық қорларда кәсіпорын және сайт

туралы ақпаратты орналастыру;

4. Іздеу жарнамасы;

5. Баннерлік жарнама;

6. Рейтингтік жүйелерде тіркеу.

1. Актуалдылығы және дамуы;

2. Іздеу машиналарына оңтайландыру;

3. Ендіру жұмыстары.

1. Экономикалық тиімділік;

2. Компанияның бизнес жобаларының сайтпен

интегрирленуі;

3. Сайт жұмыс істеу тиімділігінің төмендеуі.

-

2. 1 cурет - Web-сайттың өмірлік циклының кезеңдері

Жобалау мақсаты мен міндеттері. Компания жауапкершілігі шектеулі

серіктестік ретінде 2010 жылы ұйымдастырылған. Компанияның толық аты -

«G&N Garant» жауапкершілігі шектеулі серіктестік. «G&N Garant» ЖШС ҚР

Конституциясына сай құрылған. «G&N Garant» ЖШС негізгі мақсаты пайда

табу мақсатында сақтандыру қызметін ұсыну болып табылады. Серіктестіктің

22

ағымдағы қызметін басқару жалғыз атқарушы органмен жүзеге асырылады,

яғни Серіктестіктің бас директоры Ержанова Раушан Зейнуллаевнамен

жүзеге асырылады. «G&N Garant» ЖШС 2010 жылдың 24 қазанында

тіркелген. Компания көлік түрлерін, мүлік, денсаулық, кепілдіктерді, қаржы

шығындарын сақтандыруды ұсынады.

Серіктестік принциптері. Серіктестік қызметін ҚР қолданыстағы

заңына сүйене отырып жүзеге асырады. Компания жұмысының негізі болып

келесілер табылады: адамгершілік нормаларын ұстану және жақсы бизнес-

репутацияны қолдау.

- кәсіпқойлық және біліктілік;

- құпиялылықты сақтау;

- тапсырыс берушінің мүддесін қорғау;

- әр клиентке жеке дара тіл табу.

Компания қызметтері:

- көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін

сақтандыру;

- тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық

жауапкершілігін сақтандыру;

- аудиторлардың және аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық

жауапкершілігін сақтандыру;

- қызметкер еңбек міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен

денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық

жауапкершілігін сақтандыру;

- Жеке нотариустардың азаматтық құқықтық жауапкершілігін

сақтандыру;

- туроператордың және турагенттердің азаматтық құқықтық

жауапкершілігін сақтандыру;

- экологиялық сақтандыру.

Сайтты құру бірнеше кезеңдерді қамтиды:

1) Бастапқы кезең. Бастапқы кезеңнің мақсаты - жобаның дизайны мен

технологиялық негізінің талаптарын анықтау, сонымен қатар ресурстың

мақсаттары мен міндеттерін белгілеп, жобаны құрастырудың жоспарын

бекіту. Жобаның графикалық безендірудің талаптарын қамтитын «дизайнның

брифі» құрастырылады.

2) Жобаның дизайны мен архитектурасын жасау. Сайттың дизайнымен

байланысты жұмыс келесі кезеңдерді қарастырады:

- пайдаланушы интерфейсіне қойылатын талаптар анализі;

- материалдардың интуитивті түрде түсінікті ұйымдастырылуы мен

ойластырылған өтулер;

- дизайн концепциясының құрастырылуы.

Жобаның барлық

функционалдық мүмкіншіліктерін жақсы жағынан ұсынып, мақсатты

аудиторияның сұраныстарын қанағаттандыруға көмектесу;

- дизайнды бекіту. Жобаның бастапқы дизайн концепциясына қажетті

өзгертулер енгізіп, соңғы шешімге келу.

23

Тапсырыс берушінің қойған негізгі талаптары келесідей:

a) сайттың бірінші бетінде компания жайлы слайд болуы;

b) сайтта іскерлік әдеп сезілуі;

c) сайттағы тустердің кара және сұр тустері болғаны;

d) жоғарғы горизонталь және сол жақ вертикаль мәзірлердің болуы.

3) Технологиялық негізін жасау;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әмбебап компьютерлік технологиялар
Интернет технологияға шолу
КОТОН компаниясы туралы
Ғылыми зерттеу институтыныңақпараттық жүйесін жобалау
МЕКТЕП САЙТТАРЫН ЖАСАУ ӘДІСТЕМЕСІ
Flash MX-те жұмыс жасау мүмкіндігі
WEB - сайт және дизайн
WEB - дизайн және браузерлер
Интернет - дүкен ұғымы
DELPHI БАҒДАРЛАМАСЫНДА ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕН ИНТЕРАКТИВТІ ТАПСЫРМАЛАР ЖАСАҚТАУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz