Химия пәні арқылы орта мектеп оқушыларында экологиялық білімді жүйелі қалыптастыру


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

әл -ФАРАБИ АТЫНДАҒЫҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Химия факультеті

Жалпы химия және химиялық экология кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

ОРТА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМДІ ЖҮЙЕЛІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

АЛМАТЫ, 2013

РЕФЕРАТ

Менің бітіру жұмысым кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

Бұл жұмыстың құрамына 53 беттен, 7 кесте, 3 сызбанұсқа, 5 сурет кіреді.

Жұмысты жазу барысында жалпы саны 39 әдебиеттер тізімі қолданылды.

Түйін сөз: экологиялық білім, химиялық-экологиялық, психологиялық - педагогикалық, педагогикалық-эргономикалық, имтация, тренингтер т. б.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі кезде дүние жүзі қауымдастығының алдында тұрған келелі проблемалардың бірі - адамзаттың тіршілік ортасының нашарлауы. Осы проблема бүкіл елді толғандыруда. Мұны шешудің бірден-бір жолы экологиялық білімді жеке тұлғаға қалыптастыру. Сондықтан, қазіргі таңда “адам - табиғат” жүйесіндегі қарым-қатынастың үйлесімділігін қамтамасыз етуде, экологиялық білім жетекші орын алады. Оқушылардың экологиялық білімін қалыптастыру, олардың қоршаған ортаға саналы көзқарасын, ізгілікті қарым-қатынасын орнатуына, нақты, жүйелі іс-әрекет жасауына мүмкіндік береді. Оқушыларға экологиялық білім бере отырып, бір мезгілде табиғат қорғауға тәрбиелейміз.

Зерттеу жұмысының мақсаты:

Экологиялық білім берудің мақсаты - жеке тұлғаның экологиялық санасын, мінез-құлқын, мәдениетін жоғары деңгйге көтеру. Жеке тұлғада бұл қасиеттер жеке-дара қалыптаспайды. Керісінше ол білім мен тәрбие беру арқылы бір-біріне егіз сияқты қатарласа жүреді.

Оқушының білімге деген құштарлығын жоғары дәрежеде дәйектеу мақсатында бала бойындағы қызығушылықты, шығармашылық шабытты жандандыру.

Зерттеу жмыстарының міндеттері:

Оқу үрдісінде зерттеушілік қабілетін қалыптастыру, оқушылардың білімін, біліктілігін, дағдысын және танымдық қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Оқу үрдісінде зерттеушілік қабілетін қалыптастыру жүйесінің тиімділігін эксперимент арқылы тексеру.

Зерттеу жұмысының пәні:

Оқу үрдісінде оқушылардың экологиялық білімін қалыптастыра отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, болашақ мамандық таңдауына жәрдемдесу.

Зерттеудің ғылыми болжамы - егер, жалпы білім беретін орта мектептегі химия пәнінің мазмұны:

  • Жергілікті экологиялық материалдармен толықтырылса;
  • Бағдарламалық химиялық эксперимент экологияландырылса;
  • Химиядан дәрістік, зертханалық-сарамандық сабақтар мазмұны оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыратындай сабақтарға баса көңіл бөлінсе, оқушылардың экологиялық білімі жоғары дәрежеде болады.

Зерттеу жұмысының әдістері: жеке тұлғалық және іс-әрекет теориясы; таным теориясы; қоғам мен табиғаттың өзара байланысы жөнінде тұжырымдамалар, оқытудың дидактикалық принциптері.

Зерттеу жұмысының көздері: химия, педагогика, психология және экология ғалымдарының еңбектері, оқу бағдарламалары, оқулықтар және жалпы білім беретін мектептердегі мұғалімдердің тәжірибелері.

Зерттеу жұмысының жаңалығы: химия пәнінен оқушылардың экологиялық білімін және біліктілігін қалптастырудың теориялық негізі жасалды; химия пәнінің оқу бағдарламасы бойынша оқу материалдары іріктеліп, экологиялық мәліметтермен толықтырылды; оқушылардың экологиялық білімі мен біліктілігін қалыптастырудың тиімділігін арттырудың дидактикалық принциптері (өлкетанулық, жүйелілік, берілетін экологиялық білімнің бірізділігі мен түсініктілігі) айқындалды.

Зерттеу жұмысының базасы: Шоқан Уалиханов атындағы 12 мектеп гимназиясы.

Зерттеу жұмысының дәлелдігі мен негізділігі: зерттеу нәтижелері әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік негіздерге сүйеніп айқындалған теориялық дәйектілігімен, теориялық және тәжірибелік материалдар нәтижелерінің үйлесімділігімен, кешенді әдіс-тәсілдердің қолданылуымен, зерттеу жұмысының ғылыми ақпаратқа сәйкестілігімен, химия және педагогика, экология арасындағы оқыту бірлігіне сүйене отырып, оқушылардың зерттеушілік қабілетін қалыптастырудың тиімділігі тәжірибе жүзінде тексеріліп, нәтижесі әдістемелік нұсқаулар, бағдарламалар арқылы дәлелденуімен, пайдаланылған әдіс - тәсілдердің тиімділігін арттыруымен қамтамасыз етілді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта мектепте химия арқылы экологиялық білім мен тәрбиені қалыптастыру: теориялық-әдістемелік негіздер
Орта мектеп химиясында Күкірт тақырыбын оқыту арқылы оқушыларда экологиялық ұғым қалыптастыру
Орта мектеп химия курсын инновациялық технологиялар арқылы оқыту әдістемесі
Мектепте экологиялық оқыту мен тәрбие: химия пәні арқылы экологияландыру және эксперименттік зерттеу
Орта мектеп химия курсында химиялық реакция ұғымын қалыптастыру және дамыту: әдістемелік негіздер
Орта мектепте химия пәнінің пәнаралық байланысы арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесі
Бастауыш мектеп оқушыларында валеологиялық мәдениетті қалыптастыру: теориясы және әдістемесі
Дүниетану пәні негізінде топсаяхаттар арқылы төртінші сынып оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру жолдары
6-сынып оқушыларында биология сабағында экологиялық құзыреттілікті жобалық әдіспен қалыптастыру
Мектеп оқушыларының экологиялық мәдениетін оқу-ойын формасы арқылы қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz