Мұхаммеджан Тынышбаевтың қоғамдық қызметі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I . Кіріспе

II . Негізгі бөлім
а) Мұхаммеджан Тынышбаевтың балалық шағы мен қызмті
б) Мұхаммеджан Тынышбаевтың қоғамдық қызметі
в) Мұхаммеджан Тынышбаевтың қоғамдық қызметі

III . Қроытынды

IV . Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Тынышбаев Мұхаммеджан ( 12.5. 1879 жылы бұрынғы Жетісу облысы Лепсі уезінде
Мақаншы Садыр болысы – 1938 , Ташкент ) –– Алаш қозғалысының көрнекті
қайраткері , тарихшы ғалым , қазақтан шыққан тұңғыш темір жол инженері.
1900 ж Верныйдағы ер балалар гимназиясын алтын медальмен бітірген.
Гимназияда оқып жүргенде Тынышбаев өзінің ізденімпаздығымен жан-
жақтылығымен ерекшеленіп, 1899 жылы Верный қаласында өткен А.С. Пушкиннің
100 жылдық мерей тойында баяндама жасады. Гимназия директоры Жетісу облысы
әскери губернаторына жолдаған өтінішінде Тынышбаевты тамаша шәкірт қана
емес, нағыз талант иесі екендігін мәлімдеп жоғарғы оқу орнында білім
алуына арнайы степендия бөлуді сұрады . 1900 жылы жол қатынасы институтына
түсіп, 1906 жылы бітіреді. Студент кезінде қоғамдық саяси өмірге белсене
араласып, баспасөз беттерінде отарлық сынайтын мақалалар жазып , патша
өкіметінің жүргізіп отырған саясатына қарсы үгіт насихат жүргізді. Патша
үкіметіне оппозициядағы партиялардың ұйымдастырған іс-шараларына ат
салысады. 1905 жылы қарашада автономияшылдар одағы ұйымының ұйымдастыруымен
өткен съезге қатысып, сөз сөйледі. Ол сөзінде патша өкіметінің қазақ
жерінде жүргізіп отырған отаршылдық саясатын айыптай отырып , ендігі
уақытта ұлттық езгідегі халақтарға автономия берілуін талап етті.
Институтты бітірген соң инженер маман ретінде Орта Азия темір жол
құрлысына жіберіледі. 1907 жылы Екінші мемлекеттік Думаға депутат болып
сайланады және онда агрокомиссия құрамында қызмет етеді . Дума таратылған
соң Орта Азия темір жол құрлысына айрықша өкіметті нұсқайшы инженер болып
тағайындалып , Әмудария өзені арқылы өтетін көпірді салуға қатысады.1922
жылдан Түркістан АКСР –сі су шаруашылығы басқармасында , Ташкентте жер
суландыру бөлімінде , Қызылорда қаласының құрылыс- жөндеу жұмыстарында ,
Жетісу губерния атқару комитетінің жол бөлімінде еңбек етіп , өзін білікті
инженер маман ретінде таныта білді . 1927 жылдан Түркістан – Сібір темір
жол құрлысында еңбек етті. Тынышбаевтың кәсіби шеберлігі Түркісіб құрлысын
салу барысында айрықша танылды. Осы еңбектеріне қарамастан Тынышбаев
кеңестік биліктің қуғын-сүргініне ұшырап, Түркісібті салып жатқан кезінде
1930 жылы тамыздың 3- інде тұтқынға алынады. Оған тап жауы
буржуазияшыл ұлтшыл деген айып тағылды. Кейінгі жылдары үнемі
бақылауда болған ол , ақырында кеңестік саяси қуғын-сүргіннің құрбаны
болады. Алматы қаласындағы Қазақ көлік және комуникация академиясына,
көшеге Алматы облысы Сарқант ауданының бір ауылына Тынышбаев есімі берілді.

1911 жылы Урсатьевск –– Әндіжан темір жол құрлысының бастығы әрі
бас инженері болды. 1914 жылы Арыс –– Әулиеата теміржол құрлысының бас
инженер қызиетін атқарады. Ол 1916 жылғы 25 маусым жарлығына қарсы шыққан
халық көтерілісінің салдарын күні бұрын болжап, көтерілісшілерді сабырлыққа
шақырды . Патша үкіметінің жергілікті билік орындарын көтеріліске шыққан
қазақтар мен қырғыздардың жазалауда жасаған озбырлығын әшкерлеуде
белсенділік танытты. 1917 жылы Ақпан революциясынан кейін Тынышбаев Уақытша
үкіметтің Түркістан комитеті құрамына мүше болып тағайындалады. Ол
Түркістан өлкесі орталық атқару комитеттері өкілдерінің съездіне қатысты.
Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі ретінде Жетісу облысындағы
1916 жылы Қытайға ауып кеткен қазақ – қырғыз басқындарына көмек көрсетуді
ұйымдастырды. Бірінші жалпықазақ съезіне қатысып, онда Бүкілресейлік
құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. Түркістан
өлкесінде жұмысшы және солдат депутаттары кеңесінің билікті өз қолына алу
жолындағы әрекетіне қарсылық танытты. Түркістан өлкесі мұсылмандарының
төртінші съезіне қатысып, онда құрылған Түркістан автономиясының Уақытша
үкіметінің төрағасы және ішкі істер министрі болып сайланады. Көп ұзамай
ол бұл қызметтерінен бас тартады. Оның орнына Мұстафа Шоқай келіп отырады.
Екінші жалпықазақ съезіне Тынышбаев Алашорда үкімет құрлысына сайланды.
Тынышбаев Алаш қозғалысы қызметкерлерімен бірге қазақ елі дербестігін
қалпына келтіруге елдің амандығын сақтауға күш салды. Ол осы мақсатта Ә.
Бөкейханов, Х. Ғаббасов, Р. Мәрсеков , Ғ. Танашев секілді Алашорда үкіметі
мүшелерімен бірге Уақытша Сібір үкіметімен, Бүкілресейлік құрылтай жиналысы
мүшелері және Колчак үкіметімен келіссөздер жүргізуге қатысты. 1920 жылы 1
қазанда Ташкент қаласында ашылған қазақ халқы ағарту институтына қызметке
орналасып, осы оқу орнының аяғынан тік тұруға көп көмек етті. Институт
үшін Тынышбаев ел арасынан қаржылай көмек жинауды ұйымдастыру және осы оқу
орында білім алу үшін Сырдария мен Жетісу облыстары жастарын жинастырды.
Тынышбаев халық ағарту институтында математика, физика, химия, түркі
халықтары пәндерінен дәріс оқыды.
Тынышбаев сонымен бірге ғылыми жұмыспен де белсене араласты. Ол
орыс географ қоғамының Түркістан бөлімінің Қазақстанды зерттеу қоғамының
Талап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тынышбаев Мұхаммеджан
Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыри, Өтеміс қажы
Қазақ мемлекетін құру идеясын көтерген тұңғыш азамат
Қазақстан Республикасындағы демографиялық жағдайды жөндеу мен негативті үрдістерді жоюының мүмкіндік жолдары
Мұхамеджан Тынышбаев
М.Тынышбаев. Қазақтан шыққан тұңғыш техника маманы
М. ТЫНЫШБАЕВ - ИНЖЕНЕР - ТАРИХШЫ
Мұхаммеджан Тынышбаев
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихының тарихнамасы
Мұхамеджан Тынышпаев
Пәндер