ҚАРЖЫ ҚҰҚЫҒЫ НЕГІЗДЕРІ
ҚАРЖЫ ҚҰҚЫҒЫ НЕГІЗДЕРІ
1. Қаржы құқығының негізгі ұғымдары
Бюджет құқығы негіздері
Салық: ұғымы, жүйесі, түрлері
Инвестициялық қызметті құқықтық реттеу
1. Қаржы құқығының негізгі ұғымдары
Қаржы құқығы мемлекетнің дамуының әрбір нақты кезеңінде оның міндеттері
мен қызметтерінің үздіксіз атқарылуын қамтамасыз ету үшін мемлекетнің
қаржылық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін
құқықтық нормалардын жиынтығы.
Мемлекетнің қаржылық қызметі түрлі әдістердің қөмегімен іске асырылады.
Осындай әдістердің бірі ақшалай қаржы жинау, яғни, жеке және заңды
тұлғалардың табысының, пайдасының бір бөлігі заңда көрсетілген мерзім мен
мөлшерде мемлекеттің бюджетіне түседі. Бюджетке аталған түсімдердің
уақытында төленуін мемлекеттің арнайы органдары бақылап отырады.
Белгіленген мөлшерде, бюджеттік емес қорларға да міңдетгі жарналар
жіберіледі, мысалы зейнетақы жинақтау қорларын айтуға болады. Мемлекеттік
мекемелердің халыққа көрсеткен қызметтері үшін алынатын мемлекеттік баждар
мен алымдар да міңдетті түрде мемлекеттік бюджетке түседі.
Ақшалай қаржыны бөлу мен пайдаланудағы негізгі әдістердің бірі
қаржыландыру мен несие беру әдістері. Қаржыландыру ол жоспарлы, мақсатты,
қайтарымсыз, ақысыз мемлекеттік бюджеттен берілетін ақшалай қаражат, яғни
бюджет қаражатын алушыларға осы қаражатты бөлу.
Ал керісінше, несие беру банкілік қарыз түріндегі жоспарлы, мақсатты,
ақылы және белгіленген мерзімде қайтарылатын, пайызбен берілетін ақшалай
қаржы. Бүгінгі таңда несие берудің мемлекеттік, банктік және коммерциялық
сияқты түрлері бар. Мемлекеттік несие бір мемлекеттің басқа шет
мемлекеттердің және олардын жеке және заңды тұлғаларының, инвесторлардың,
халықаралық қаржылық ұйымдардың ақшалай қаржыларын уақытша пайдалануы.
Мемлекет бұндай жағдайда қарыз алушының рөлінде болады. Банктік несие
банктің қарауына уақытша айналыстан бос ақшалай қаржыларды жинақтау
қатынастарын қамтиды.
Коммерциялық несие банктік қаржыландырудан түбірінен өзгешеленеді.
Коммерциялық несие кейде тауарлы деп те аталады. Оның мәні қаржыны
қайтаруды кейінге қалдыруға рұқсат беріледі. Сонымен кәсіпорын несиеге
алған материалдарды кейін өтеуге мүмкіншілік арқылы несие алады.
Коммерциялық несие векселмен бекітіледі және вексельді банктер есепке алады
да, сөйтіп коммерциялық несие біртіндеп банктік несиеге ұласады. Сонда
заңнамалар нормаларына сәйкес келетін вексель иесіне берілген жазбаша
кепілдік болып табылады.
Мемлекеттің қаржылық іс-әрекет және қаржылық бақылаумен айналысатын
көптеген органдары бар. Оларға мемлекеттік биліктің жоғарғы өкілетті және
атқару органдары - Мәжіліс пен Сенат, Үкімет, Қаржы министрлігі, Ұлттық
Банк, Санақ палатасы, Қазыналық, салық комитеттері, салық полициясы, басқа
да көптеген қаржылық бақылауды іске асыратын әр түрлі инспекциялар жатады.
Мемлекеттік емес кәсіпкерліктен басқа тірлікпен айналысатын
субъектілердің қаржылық-шаруашылық жағдайын тексеруді мемлекеттік емес
тексеру-бақылау органдары - аудиторлар жүзеге асырады.
Мемлекеттің қаржылық іс-әрекетінің барысында материалды және
ұйымдастырушылық сияқты еқі түрлі қаржылық қатынастар қалыптасады.
Материалды қаржылык, қатынастар мемлекеттік ақша қорларын қалыптастыру
және бөлу үрдісін, ақшалай қаржылардың қозғалысын қосымша реттейді. Бұл
қатынастар нақты ақшаның төлеушілерден мемлекеттік қорға не болмаса,
керісінше, мемлекеттік қордан оны алушыларға қарай бағытталуымен
байланысты. Мысал ретінде мемлекеттік бюджетке түсетін салық, салық
төлеушіден мемлекеттік бюджетке барса, керісінше мемлекеттік бюджеттен
бөлінетін зейнеткерлерге төленетін зейнетақы, жетім балаларға төленетін
көмекақылар бюджеттен азаматтардың әлеуметтік мұқтаждықтарына бағытталады.
Ұйымдастырушылық қаржылық қатынастар мемлекеттің ақша, қаржы
жүйелерінің, қаржыны мемлекеттік басқару жүйесінің, қаржылық жоспарлауды
ұйымдастыруды, мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастыру барысында
қалыптасады. Бұл қатынастар экономикалық сипатта болмағандықтан ақша
қаржыларының қозғалысын жанамаламайды. Бірақ, олар материадды қаржылық
қатынастардың қалыпты қызметін қамтамасыз етеді. Егер материалды қаржылық
қатынастардың негізгі нысаны ақша болса, ұйымдастырушылық қаржылық
қатынастардың нысаны мемлекеттік қаржылық құрылым болып табылады.
Қаржылық бакылау. Қаржылық бақылау мемлекеттің қаржылық іс-әрекетінің
ақша-қаржы ағымын, бюджеттің қазынасын қатаң сақтау мен бақылауға
бағытталған маңызды бір бөлігі. Қаржылық бақылау барынша күрделі жүйе және
ол төмеңдегідей бірнеше бөліктерден тұрады: 1) бақылау субьектісі; 2)
бақылау объектісі; 3) бақылау заты (тақырыбы); 4) бақылаудың мақсаты; 5)
бақылауды іске асырудың әдістері.
Қаржылық бақылаудың субьектісі болып қаржылық бақылауды іске асыруға
құзыреті бар арнайы мемлекеттік не мемлекеттік емес органдар, лауазымды
адамдар табылады. Сондықтан, тікелей тексеруші қаржылық бақылаудың
субъектісі, ал тексерілуші обьектісі болады.
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың объектісіне осы бақылаудың шеңберіне
ілінген тұлғалар, нақты айтсақ: 1) мемлекеттік органдар; 2) мемлекеттік
заңды тұлғалар; 3) мемлекеттік емес заңды тұлғалар; 4) азаматтар жатады.
Қаржылық бақылаудың заты (тақырыбы) қаржылық қатынастардың субъектісі
ретінде өзінің міндеттерін атқару тұрғысынан қарағандағы, бақылау
объектісінің іс-қимылы (әрекет не әрекетсіздік).
Қаржылық бақылаудың мақсаты: біріншіден, қаржылық құқықтық қатынасқа
қатысушылардың өздерінің қызметтік міндеттерін сапасыз атқаруын және
олардың қаржы саласындағы құқық бұзушылық фактілерін анықтау; екіншіден,
кінәлілер мен айыптыларды тауып, оларды заңнамаларда көрсетілген тәртіп
бойынша жауапқа тарту; 3) қаржылық тәртіп бұзушылықты және оның салдарын
жою.
2. Бюджеттік құқық негіздері
Материалды мағынасында бюджет мемлекеттің ақша қоры. Осы тұрғыдан
қарағанда бюджет дегеніміз мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске
асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Құқықтық санат мағынасында бюджет көмегімен орталық және жергілікті
деңгейлердегі мемлекеттік ақша қорының қалыптасуының және бөлінуінің
қаржылық жоспары бекітілетін қаржылық-құқықтық акті.
Бюджет үрдісінде туындайтын қатынастар бюджеттік қатынастар деп
аталады. Бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету
жөніндегі, бюджетнің атқарылуы бойынша бюджет есебі мен есептілігін жүргізу
мемлекеттік қаржы бақылауы, сондай-ақ байланыстырылған гранттарды жоспарлау
мен пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының бюджет заңдарымен
реттелген қызмет бюджет үрдісі деп аталады. Бюджеттер және Қазақстан
Республикасы Ұлттық қоры, сондай-ақ бюджеттік үрдістер мен қатынастар
жиынтығы бюджет жүйесін құрайды.
Бюджет жүйесі төмендегідей қағидаларға негізделеді: 1. Қазақстан
Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік
зандарының қолданылуын, соның ішінде бірыңғай бюджеттік сыныптауды, бюджет
процесін жүзеге асырудың бірыңғай рәсімдерін пайдалануды қамтамасыз ету
бағытталған бірлік қағидасы. 1. Қазақстан Республикасының заңдарында
көзделген барлық түсімдер мен шығыстарды бюджеттерде және Қазақстан
Республикасының Ұлттық қорында көрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып,
өзара талаптарды есепке алуға, сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талаптар
құқықтарынан шегінуге жол бермеуге негізделген толықтық қағидасы. 3.
Бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджет көрсеткіштерінің орта мерзімді
фискалдық саясатқа және Қазақстан Республикасы мен аймақтарды әлеуметтік-
экономикалық дамытудың орта мерзімді жоспарының бекітілген (түзетілген)
өлшемдері мен бағыттарына сәйкес келуі көрсететін реалистік қағидасы. 4.
Мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын
мәліметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет зандары
саласындағы нормативтік құқықтык актілерді, бекітілген (нақтыланған,
түзетілген) бюджеттерді және олардың аткарылуы туралы есептерді,
мемлекеттің фискалдық саясатына қатысты басқа да ақпаратты міндетті түрде
жариялау; бюджет процесінің ашықтығы, мемлекеттік қаржы бақылауын жүргізуді
дәйектейтін транспаренттілік қағидасы. 5. Бюджеттік қатынастар аясында
бұрын қабылданған шешімдерді мемлекеттік басқару оргаңдарының сақтауын
белгілейтін дәйектілік қағидасы. 6. Бюджеттерді бюджеттік бағдарламалар
паспорттарымен көзделген белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу қажеттілігін
негізге алып, бюджет каражатының осы нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті
оңтайлы көлемін пайдалана отырып әзірлеу және атқару немесе бюджеттік
қаражаттың бекітілген көлемін пайдалана отырып ең үздік нәтижені камтамасыз
етуге негізделген тиімділік және нәтижелілік қағидасы. 7.Бюджеттік процесті
республиканың немесе аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуынын басым
бағыттарына сәйкес жүзеге асыру басымдық қағидасы. 8. Бюджет процесіне
катысушыларды Қазақстан Республикасының бюджеттік заңдарын бұзғаны үшін
жауапқа тарту жауапкершілік қағидасы. 9. Түрлі деңгейдегі бюджеттер
арасында түсімдердің тұрақты түрде бөлініп тұруын орнықтыру және осы
Кодекске сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын анықтау, мемлекеттік басқарудың
барлық деңгейлерінің осы Кодекске сәйкес бюджет процесін дербес жүзеге
асыру құқығы, жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған
кірістерді, жергілікті бюджеттер каражатының бос қалдықтарын жоғары тұрған
бюджетке алып қоюға жол берілмейтіндігі, тиісті өтемсіз төмен тұрған
бюджеттерге қосымша шығыстар жүктеуге жол берілмейтіндігі бюджеттердің
дербестік қағидасын көрсетеді.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі темендегідей түрлер мен
деңгейлерге бөлінеді. Бюджеттердің түрлеріне: 1) түзетілген бюджет; 2)
бекітілген бюджет; 3) нақтыланған бюджет; 4) мемлекеттік бюджет; 5)
жергілікті бюджеттер жатады.
Түзетілген бюджет дегеніміз тиісінше Қазақстан Республикасының
Парламентінде немесе мәслихатта нақтыланбай, Қазақстан Республикасының
Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар енгізген өзгерістер мен
толықтыруларды ескере отырып бекітілген немесе нақтыланған бюджет.
Бекітілген бюджет - тиісті қаржы жылына арналған, Қазақстан
Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат бекіткен бюджет.
Нақтыланған бюджет - атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының
Парламенті немесе тиісті мәслихат қабылдаған өзгерістер мен толықтыруларды
ескере отырып тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет.
Мемлекеттік бюджет - араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке
алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін,
талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық
бюджет.
Жергілікті бюджет - облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың,
астананың бюджеті, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.
Бюджеттердің деңгейлеріне: 1) республикалық бюджет; 2) облыстық бюджет,
республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті; 3) аудан (облыстық маңызы
бар қала) бюджеті; 4) төтенше мемлекеттік бюджет кіреді.
Республикалық бюджет салықтық және басқа да түсімдер есебінен
қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық
бағынысты мемлекеттік мекемелердің міңдеттері мен функцияларын қаржымен
камтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын
іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры республикалық бюджет
болып табылады.
Облыстың бюджеті - араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке
алмағанда, облыстык бюджетті, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)
бюджеттерін біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және
бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет;
Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті салықтық және басқа да
түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар
қаланың) жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынысты
мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз
етуге және тиісті аудандағы (облыстық манызы бар қаладағы) мемлекеттік
саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық
маңызы бар қала) бюджеті болып табылады. Тиісті қаржы жылына арналған аудан
(облыстық маңызы бар қала) бюджеті аудан (облыстық маңызы бар қала)
мәслихатынын шешімімен бекітіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттердің
негізіңде калыптастырылады және Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе
соғыс жағдайларында енгізіледі. Төтенше мемлекеттік бюджет Қазақстан
Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі. Төтенше мемлекеттік
бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасының Парламентіне дереу
хабардар етіледі. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылу уақытына тиісті
қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның және тиісті қаржы
жылына арналған барлық деңгейлердегі жергілікті бюджеттер туралы
мәслихаттар шешімдерінің қолданылуы тоқтатыла тұрады. Төтенше мемлекеттік
бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген мерзім ішінде қолданыста
болады. Қазақстан Республикасының жекелеген жерлерінде төтенше жағдай
енгізілген ретте төтенше мемлекеттік бюджет енгізілмейді. Қазакстан
Республикасының бірнеше аймақтарының аумақтарында бір мезгілде төтенше
жағдай енгізу төтенше жағдайдың зардабы ұлттық мүдделерге және
республиканың экономикалық қауіпсіздігіне нақты қатер төндіруі мүмқін
болатын ретте ғана төтенше мемлекеттік бюджет енгізуге негіз бола алады.
Еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге,
қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де
мүліктердің қорлануына, экономиканың шикізат секторына тәуедділігін және
қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған мақсатта
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры құрылады. Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлтгық Банкіңдегі шотында
шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржылық актив түріндегі, соңдай-ақ,
материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтері
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қар жинақтау
және тұрақтандыру қызметтерін жүзеге асырады. Жинақтау функциясы қаржылық
активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де
мүліктердің қорлануын қамтамасызетеді.
Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану дүниежүзілік және ішкі тауар
мен қаржы рыноктарының конъюнктурасы, мемлекеттегі және шетелдердегі
экономикалык жағдай, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының
басымдықтары ескеріле отырып, бүл ретте макроэкономикалық және фискалдық
тұрақтылық және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының негізгі мақсаттары
мен міндеттері сақтала отырып айқындалады. Қор түсімі мен жұмсалуы ұлттық
және шетелдік валю-талармен жүргізіледі.
Ұлттық қорды сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын сенімгерлік
басқару туралы шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
жүзеге асырады.
Бюджеттің құрылымы бюджеттің түсімдері мен шығыстарынан тұрады.
Кірістер, бюджет кредиттерін өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан
түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар бюджеттің түсімдері болып
табылады. Шығындар, бюджет кредиттері, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар
бойынша негізгі борышты өтеу бюджеттің шығыстары болып табылады. Бюджеттің
құрылымы төмендегідей бөлімдерден тұрады: 1) кірістер; 2) салықтық
түсімдер; 3) салықтық емес түсімдер; 4) негізгі қапиталды сатудан түскен
түсімдер; 5) ресми трансферттер түсімдері; 6) шығындар; 7) операциялық
сальдо; 8) таза бюджеттік кредит беру (бюджеттік кредиттер; бюджеттік
кредиттерді өтеу); 9) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша
сальдо (қаржы активтерін сатып алу; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан
түсетін түсімдер); 10) бюджет тапшылығы (профициті); 11) бюджет тапшылығын
қаржыландыру (профицигін пайдалану, қарыздар түсімі, қарыздарды өтеу,
бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы).
Республикалық бюджеттің қаражаты, алтын валюта қоры және алмас қоры,
жер, оның қойнауы, су, өсімдіқ және жануарлар дүниесі, басқа да табиғи
ресурстар және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де
мемлекеттік мүлік Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынасын құрайды.
Жергілікті бюджет қаражаты және мемлекеттік занды тұлғаларға бекітіліп
берілмеген өзге де қоммуналдық мүлік жергілікті қазынаны құрайды.
3. Салық: ұғымы, жүйесі, түрлері
Салық дегеніміз мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген,
белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын
бюджетке төленетін міндетгі ақшалай телемдер.
Салықтың түрлері. Әр түрлі негіздерге байланысты салықты бірнеше
топтамаларға бөлуге болады. Салықтың ауыртпалығын көтеретін субъектіге
байланысты салықтар тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей салық салық
төлудің субъектісі оның ауыртпалығын өзі тікелей көтереді, яғни төленген
салық тікелей оның мүлкінің, еңбекақысының азаюына әкеледі. Мысалы тікелей
салыққа жеке табыс салығын жатқызуға болады.
Жанама салықта салық төлуші салықты төлеудің ауыртпалығын басқа бір
тұлғаға жүктейді. Жанама салықтарға қосылған құн салығы мен акциз жатады.
Заң жүзінде аталған салықтардың төлеушісі тауарды сатушы, бірақ негізінде
салықтың сомасы осы сатылған тауардың кұнының ішіне кіретіндіктен оны
тауарды сатып алушы өтейді. Сонда салық төлеу міндеті, ауыртпалығы салық
төлеуші тауар сатушыдан, тауарды сатып алушыға көшіп отыр.
Тікелей салық, нақты және жеке болып екіге бөлінеді. Мүлікке, затқа
салынатын салық нақты салық деп аталады. Мысалы көлік құралдары салығы мен
мүлік салығын айтуға болады. Жеке салық деп салық төлеушінің тікелей
табысына, пайдасына салынатын салықтарды айтуға болады. Мысалы жеке табыс
салығы.
Түрпішіндеріне байланысты салықтар заттай және ақшалай болып бөлінеді.
Салықтың субъектілеріне байланысты салықтар заңды тұлғалардан және жеке
тұлғалардан алынатын салықтар болып бөлінеді.
Аумақтық деңгейлерге байланысты салықтар республикалық
(жалпымемлекеттік) және жергілікті болып бөлінеді.
Бюджеттік реттеудің әдісі ретінде қолданылуына байланысты салықтар
бекітіпген және реттеуші болып бөлінеді. Белгілі бір бюджеттің кіріс
(табыс) көзі ретінде заңнамаға сәйкес бекітілген салықты бекітілген салық
дейміз. Белгілі бір бюджетке берілгеніне қарамастан, бюджетті жыл сайын
бекіту барысында бюджетін теңгермелеу барысында төмен сатыдағы бюджеттерге
берілетін салықтарды реттеуші салықтар дейміз.
Пайдаланылу сипатына байланысты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz