Экономикалық басқарудағы кәсіпкерлік қызмет



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Нарықтық қатынас кәсіпкерлік міндетті істі орындайтын, нарықтық
шаруашылықты жүргізетін субъектілердің қызметін ұйғарады.Дәстүрлі
кәсіпкерлік қызмет тек пайда алу үшін ғана өндіріс факторларын жүйелі
пайдаланып келді. Өтпелі кезеңді бастан кешіріп отырған қоғамның нақты
жағдайына сәйкес нарықтық экономиканың тиімді құрылымын қалыптастырудың
қажеттілігі мен осы өтпелі нақты жағдайына сәйкес келетін стандарттарды,
әдет-дағдыны қалыптастыру қажеттілігін ұштастыруы тиіс күрделі де ұзақ
уақытты керек ететін міндетті шешім алу қажет.
Кәсіпкерлікті қалыптастыратын жағдайда:
-алдымен жаңа экономикалық қатынастар мен жаңа экономикалық құрылым
пайда болады, содан кейін осы қатынас пен құрылымға араласатын адамдар жаңа
әлеуметтік сапаны иеленеді.
-кәсіпкерлер пайда болуы үшін кәсіпкерлік заң тұрғысынан реттеліп ,
белгілі бір іспен айналысуына қажетті тауашасын алуы керек;
-реформа стратегиясын саналы түрде таңдау кәсіпкерліктің айрықша
жолмен қалыптасуына әсер етеді.Кәсіпкерліктің айрықша қалыптасуына тән бір
нәрсе – бұл айрықшалықтардың стратегиялық мінез- тәртібі шектеулі күйінде
қалған. Бұл мінез (яғни, айрықшалық) кәсіпкерлікті қалыптастыратын
жағдайлардың ерекшеліктерімен ғана анықталып қоймай, сонымен бірге осы
заманғы экономикалық ахуалдың өзіндік ерекшелігіне де қатысты болады;
- кәсіпкерлікке тән мінез өндірістік секторлармен айналысатын
көптеген кәскерлер үшін қысқа мерзімді мақсаттарының шамадан артық
көрсетілетін әсері болып табылады.
Кәсіпкерлік қызмет – мүлікті пайдаланудан, тауарларды сатудан және
қызмет көрсетуден жүйелі түрде пайда алуға бағытталған қызметін өз
тәуекелімен дербес жүзеге асырады. Кәсіпкерлік қызметтің маңызды
белгілері:
1. нарықтық экономика субъектілерінің дербестігі. Ешкім де басқа біреуді
кәсіпкерлік қызметтің ана түрін істейсің немесе мына түрімен
айналысасың деп мәжбүрлей алмайды;
2. өндіріс факторларын қиындастыруға, инновацияға, жаңа еңгізулерге
негізделген бастамашылдығы;
3. тәуекелділік;
4. пайданы жүйелі алуға бағытталғандығы;
5. шаруашылық жүргізуші субъектілердің кәсіби қызметі.
Кәсіпкер терминін XVIII ғасырдың басында өмір сүрген француз экономисі
Ришар Контальон енгізген болатын.Контальон кәсіпкерлікті жүйелі сипаттаған
алғашқы бизнес теоретигі. Ол кәсіпкерлікті ерекше түрдегі қызмет ретінде
ұғып, кәсіпкерлік қызметте әрдайым ұштастыратын тәуекелділік элементін
айтып кетті.
Кәсіпкер сөзі жаңа кәсіпорынды ұйымдастырумен немесе жаңа идеяны, жаңа
өнімді немесе қоғамға ұсынатын жаңа қызметті әзірлеумен байланысты
тәуекелге бас тіккен адамды білдіреді.
Кәсіпкерлік өндірістегі жаңа қиындастыруларды, жаңа нарықтағы
әрекетті, жаңа өнімдерді жасауды және т.б. жүзеге асыруды білдіреді.
Кәсіпкер және менеджер ұғымдары синоним болып табылмайтынын тусіну
аса маңызды.Америкалық индустрияның негізін XIX ғасырдың соңы мен XX
ғасырдың басындағы батыл, саусақпен санарлық кәсіпкерлер қалады.Олардың
аттары: Джон Д. Рокфеллер (мұнай), Дж. П. Морган (болат және банк ісі),
Эндрю Карнеги (болат), Генри Форд (автокөлік).
Әр жыл сайын жаңа бизнесті қолға алатын жүз мыңдаған адамдар да
кәсіпкер саналады. Бұл адамдар экономикада шешуші рольді
ойнайды.Кәсіпкерлік сипатына ие шағын бизнес АҚШ экономикасында маңызды
орын алады.
Бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлерді былайғы жұрт өзгерістердің
бегзадалары деп атауы әдетке айналған.
Кәсіпорындардың немесе ұйымдардың мақсаттарын қалыптастыруға белсенді
қатысып, осы ұйымдар қызметінің бастапқы кезінде өздері бас-көз болатын
барлық кәсіпкерлерді менеджер деп атауға болады.Олардың кейбіреуі
кәсіпорынды дамытудағы өзінің қызметін тек бастапқы кезінде ғана емес,
сондай-ақ ұзақ жылдар бойы кәсіпорын жұмысын ілгері бастырып, қызметін
жалғастыра береді.
Кейбір кәсіпкерлердің жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау
сияқты басқару қызметін тиімді орындауға қабілет- бейімі бола
бермейді.Егер аса көрнекті кәсіпкердің менеджерлік қабілеті төмен болып
жатса, оған таң қалудың қажеті жоқ.
Белгілі болғандай, менеджменттің бірыңғай тұжырымдамасы жоқ. Тіпті,
менеджердің еңбегіне қатысты көзқарастарда да бірауыздылық жоқ.
Бұл өзінің жеке ісің болса да, немесе компаниядағы қалыптасқан құрылымда
істесең де кәсіпкер болу оңай емес. Ұйымдар да, қоғамда қаншалықты
пайдалы болатынына қарамастан қандай да бір өзгерістерге қарсыласып
бағады.Сондықтан да кәсіпкерліктің философиясы танымға және мәселелерді
жете ұғынуға бағытталған.
Мысалы, АҚШ-та шағын және ұсақ кәсіпкерліктің үлесіне жалпы ұлттық
өнімнің (ЖҰӨ) 40%-ы және шамамен 40% жұмысшы күшінің жиынтығы тиеді
екен.
Кәсіпкерлік бастама (инициатива) алдын ала болжанған нәтиженің логикалық
салдары болып табылады. Кәсіпкерлік бастамасыз ұтқыр идея мен ең
жоғарғы технология автоматты тұрғыдан экономикалық жетістікке
жеткізбейді. Маркус Валленберг (Швецияның банкирі, фабриканты және
менеджері) кәсіпкерлік- жаңа техниканың пайдалануына қойылатын негізгі
талап деген ойды айтыпты.
Дамушы елдердегі ең үлкен қиындықты табиғи ресурстардың
жеткіліксіздігі немесе техникалық-технологиялық ноу-хау деңгейінің
төмендігі емес (бұлар сөзсіз шешуші роль ойнайды), капиталдың
жетіспеушілігі тудырып отыр. Бастапқы кезеңде кәсіпкерлікті дамытуға
септігін тмгізетін дәстүр мен саяси жүйенің жағдай тудыратын қолайлы
атмосферасының болмауы да бұл істің бірден өркен жайып кетуіне кедергі
болады. Мақсаттарды анықтап
алу- мол табыстың көзі. Мақсаттарды анықтаудың маңыздылығын кезінде
Аристотель де былай деп атап кетіпті: игілік барлық жерде екі шарттың
сақталуына қарай болады: 1.қандай да бір қызметтің түпкі мақсатын
дұрыс белгілеу және
2.түпкі мақсатқа жеткізетін тиісті құралды іздеп табу.
Спиноза Барух (XVII ғ. нидерланд философы) мақсаттың ролін Мақсат
әлемді билейді деп қысқа да нұсқа анықтап берді.
Кәсіпкерлік қызметке мына сипаттар тән: -
Шектеу- қоршаған ортаны өзгерту қабілеті. Әр түрлі тәртіп тәсілдерін
қабылдай алатын қабілет. -
Көтермелеу және өндіріп алу жүйесі- шығармашылықты, бастаманы
көтермелеу. Бастама болмаған жағдайда өндіріп алу. -
Мәселе- қайталанбайтын, жаңа.
-Басшылық стилі- қатерлі әрекетті ұйғарады.Өзгерістерді жатырқамауы үшін
адамдарды жігерлендіру. -Ұйымдық
құрылым- икемді, құрылымы да өзгере алатындай болады.Қызмет мәселелерге
қарай ұйымдастырылады. -Баламаларды
(альтернатив) бағалау – баламалар жиынынан ең жақсысы таңдап алынады.
-Тәуекелділікке қатынас-
жасампаз тәуекелдік. Тәуекелдік нұсқалардың жиынтығын теңгерімдеу.
Жалдамалы еңбек негізінде жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызмет
кәсірорын ретінде тіркеледі.
Барлық нарықтық экономикалы елдерде сан және сапа параметірлері
бойынша айрықшаланатын сан алуан кәсіпкерлік фирмалар бар.
Негізгі сапалы параметрлерге фирма сүйенетін мұндай шектеудегі
меншік типі жатады.
Кәсіпкерлік фирмалар меншік типтері бойынша ара жіктері ажыратылып
көрсетіледі:
-жеке фирмалар;
-жауапкершілігі шектеулі емес ұжымдық кәсіпорын;
-кәсіпорындардың бірлестігі;
-фирманың филиалдары мен өкілдіктері.
Сонымен бірге, кәсіпкерлік фирмалар басқа да сапа параметрлері
бойынша айрықшаланады. Мысалы:
-қызмет сипаты мен мазмұны бойынша;
-шығарылатын өнімдердің көлемімен және ассортиментінің әр
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасының сәйкес келуін бағалау
Кәсіпорынды ақша ресурстарымен басқарудағы қаржы менеджментінің рөлі
Ұйымдық құрылымның жүйелі тәсілдемесі
Қазақстандағы қонақжайлылық қызметін басқарудағы қазіргі жағдайы
Шағын және орта бизнесті дамытуда кездесетін проблемалар
КЕЛІСІМШАРТ мүлікті сенімді басқару туралы
Ауыл шаруашылығын басқарудағы экономикалық даму қағидаттары
Кәсіпорында кадрлық потенциалды басқаруды ұйымдастыру
Басқару ғылымының пәні мен әдістері
Менеджмент теориясы
Пәндер