Қазақстандағы туризм дамуының хронологиясы


Кіріспе
Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде туризм саласы дамудың басым бағыттары ретінде экономиканың тірегі, қаржы көзі болып саналады. Сондықтан да отандастарымыз жылдағы демалыстарын Қара теңіз жағалауындағы демалыс орындары мен Ыстықкөлге өткізіп, таза ауада тынығып, мөлдір суына шомылып, демалыс дәмін татқысы келеді.
Қарап отырсақ, туризмді дамытуға, оның игілігін көруге елімізде мүмкіндік бар. Осыдан да болар Қазақстандағы туризм кластерін дамытуға ең қолайлы аймақ ретінде жерұйығы Жетісу таңдап алынғаны. Бұл сала экономикамыздың әжептеуiр пайда әкелетiн тармағына айналып келедi. Дегенмен, сыртқы елдерге шығатын туристер саны елiмiздiң iшiндегi демалушылардан басым түсiп отыр. Мұның себебiн олар бiздiң елдегi қонақ үй, туристiк қызмет бағасы шетелдегi туристiк қызмет бағасынан артық болмаса, кем еместiгiмен түсiндiредi. Сондай-ақ отандық туристiк қызмет қөрсету түрi де европалық стандарттан төмен дегендi естуге болады. Ал, табиғат аясында демалғысы келетiндер жолдардың жөндеуден өтпегендiгiнен ел iшiндегi Алакөл, Қапшағай, Балқаштан гөрi Ыстық көлге баруды жөн көретiндiгiн тiлге тиек етедi.
Сол уақытта ащы да болса шамбайымызға тиген шындықты айтқан шетелдік мамандарға біздің елімізде туризм саласының кенжелеп қалғанын мойындайтындығымызды, ол олқылықтың орнын 2007-2011 жылдарға арналған «Туризм саласын дамыту» бағдарламасы толтыратындығын жеткізген едік.
Бүгінде әлемдегі Испания, Түркия, АҚШ, Грекия, Таиланд сынды елдердегі ішкі жалпы өнімнің бестен бірі, кейбірінде тіпті 30 пайызы туризм саласына тиесілі екен. Өзінің сан алуан табиғи кешендері мен тарихи орындары бар Қазақстан сынды елге туризм саласының кірісі қара алтын мен металдан әлдеқайда табысы қомақты екені даусыз.
Енді, Қазақстандағы туризм бизнесінің даму динамикасын қарастырайық.
1. Қазақстандағы туризм дамуының хронологиясы
Б. з. б. 3 мыңж. - Ұлы Жібек жолының дамуы.
Б. з. б. 1 мыңж. Ол туралы сипаттамалардың қағазға түсірілуі.
6-14ғғ. Ұлы Жібек Жолының солтүстік түркі трассасымен саудамен ғана емес, қажылық, емдік, ағартушылық мақсаттардағы да сапарлардың болғандығына толық негіз бар.
1399жж. Ақсақ Темір бұйрығымен Қожа Ахмет Йассауи мавзолейін салғызған.
19-20ғғ. А. Е:Қайназаровтың пікірінше, Қазақстандық өлкетану тұрғысында зерттелу басталды.
1886жж. А. Н. Краснов, ал 1891-1892жж. Н. Ф. Катановтың экспедициялары ұйымдастырылды.
1904жж. Орыс географиялық қоғамының қазақ мәдениеті мен тарихының алдындағы ерекше сіңірген еңбегі - «Орыс географиялық қоғамының жазбаларының» жеке томында Ш. Уәлихановтың этнографияға қатысты негізгі еңбектерін жариялады.
19-20ғ. Басында Торғай, Ақмола және Семей облыстық зерттеген статистиктер переселен ұйымының экспедициясы жинаған өлкетануға арналған материалдар жинағы.
19ғ 2-ші жартысы- 20ғ. Басы аралығында өлкемізді отарлау барысында қазақ халқының революцияға дейінгі мәдениеті, тұрмысы, әдет-ғұрпы және наным-сенімдері жайлы маңызды ғылыми материалдар жиналды.
1895-1917жж. Түркістан археология әуесқойларының үйірмесі құрылды.
1888-1917жж. Орынбор мұрағаттық комиссиясы құрылды.
20ғ. Басы - 1927 Қазақстанда алғаш рет ресми түрде ашылған ұйымдасқан туристік ұйым Верный қаласында Ресей тау қоғамының бөлімшесі болды.
1929ж алғашқы ресми тіркелген жорық Верный қаласынан Іле Алатауына, Ыстықкөлге жасалды, оған 17 мұғалім қатысты.
1930ж Ф. Л. Савиннің жетекшілігімен Алматы қалалық пошта мен телеграф қызметкерлері құрамында 16 адамы бар, Алматы-Медеу-Көкжайлаау-Үлкен Алматы көліне күрделі емес маршрутпен жүрді.
1930ж. Ұймдасқан туризмінің кең таралуы. Сол жылы баспасөзде Г. Белоглазов, В. Горбунов, И. Мысловскийдің Кіші Алматы шыңын бағындырғаны туралы хабар шықты.
1931ж қаңтарында В. М. Зимин Алматы-Ұзынағаш-Қордай асуымен бірінші шаңғы маршрутын іске асырды. Туристерді ұлттық кавалерия полкінің 8 сарбазы «Еңбек пен қорғаныстың эстафетасы» деген ұранмен жүріп, эстафетаны Қордай асуында бауырлас Қырғызстан командасына табыс етті.
1931ж. Алматыдағы Жетісу губерниялық мұражайында тұңғыш рет 10 адамнан тұратын туризм мен экскурсия қоғамының тобы ұйымдасты.
1932ж. «Қазақстанның туристік маршрутының жолсерігі » басылып шықты.
1936ж. Горельник шатқалында Алматыдан оңтүстікке қарай 22 шақырым жерде 50 орындық «Горельник» туристік базасы салынды.
1938ж. Алғаш рет туристердің слеті Көкжайлауда өтіп, оған 200-дей адам жиналды.
1943ж. бастап Горельник турбазасының үйлеріне Кеңес әскерінің таулы жерде атқыштардың инструкторларын дайындайтын бүкілодақтық мектебі орналасты.
1952ж. Бүкілодақтық кәсіаподақ Қазақстанда туристік-экскурсиялық басқарма ашты.
1955ж. Есік көлінің жағасында «Есік» турбазасының құрылысы басталды.
1964ж. Туризм және экскурсия бойынша Қазақ республикалық кеңес және Алматы, Шығыс
Қазақстан, Қарағанды, Орал, Шымкент облыстарында облыстық кеңестер мен экскурсиялық бюролар ашылды.
1968ж. 18наурызда Алматы облысында балалар мен жасөспірімдер туризмінің тарихы ресми түрде ашылды.
1981ж. Есік қаласында туризм техникас бойынша оқушылардың 6-шы республикалық жарысы өтті.
1985ж. мамырда Алматы жас туристер станциясы Кеңес халқының Ұлы отан соғысындағы жеңісінің 40-жылдығына арнап, алғашқы жалпы альпиниада өткізді.
1991ж. 12 желтоқсанда ҚР оқу министрінің орынбасары Б. Сапарбаев жаңа «Ережені» бекітті.
1995ж. 2 тамыз ҚР Оқу министрлігінің оқушыларының «Халықаралық туризм орталығы» аталды.
1997ж. оқушылардың туризм орталығы жабылды.
2000ж. балалар мен жасөспірімдердің туризм және экскурсия бойынша Алматы облысының орталығы Қазақстан альпинизм ардагерлерінің кеңесімен тығыз байланысты жұмыс істеді.
2. Туризмнің 1997-2003жж. жағдайы мен даму проблемалары
Туризм дүниежүзілік экономикада басты рөлді атқарушы салалардың бірі. ДТҰ-ның ақпараты бойынша туризм дүниежүзіндегі әрбір 10-шы ұлттық өнімді, халықаралық инвестициялардың 11%-дан астамын, әлемдік өндірісте әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтиды.
Қазіргі таңдағы туризм индустриясы ірі табыс әкелуші және динамикалық дамушы халықаралық сауда сегменттерінің бірі. 1999ж. халықаралық туризм әлемдік экспорт табысының 8%-ын және қызмет көрсету секторы экспортының 37%-ын қамтыды. Туризмнен түсетін табыс мұнай, мұнай өнімдері, атомобильден түсетін табыстан 3-ші орынды иеленеді. Мұндай даму тенденция келесі мыңжылдықтың басына дейін сақталады деген болжам бар. Туризмнің дамуы жаңа территориялардың пайда болуына байланысты болу керек. Осыған орай Қазақстан әлемдік туристік нарықта өз орнын иеленуге мүмкіншілігі бар.
Қазіргі туризм қалыптасуы жыл сайынғы төлемді демалыстардың салдарынан туындады. Ол өз кезегінде адамның демалуға және бос уақытын өткізуге деген құқығының негізі болды. Сонымен қатар жеке тұлғаның қалыптасуының, халықтар арасындағы түсінушіліктің пайда болуының факторы болып табылады. ДТҰ-ның зерттеу анализіне сәйкес, туризм мемлекеттің әлеуметтік, мәдени, экономикалық өміріне әсер етуші сала.
Мамандардың есептеуі бойынша бір шетелдік турист әлемдік нарыққа 9т көмір, 15т мұнай, 2т жоғары сортты бидай шығарғандағы табысты береді. Өнімді сатқанда елдің энерготасымалы төмендесе, ал туристік индустрия қалпына келуші ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің санағы бойынша 100мың турист қалада 2сағ уақытын өткізе отырып 350мың доллар шығындайды немесе 1 адам 17, 5 долларды 1 сағ ішінде шығындайды. Осыған орай өнімді сатудан гөрі туризмді дамыту - ұзақ әрі экономикалық жағынан тиімді перспектива.
Туризм мемлекет экономикасына 3 оң әсерін тигізеді:
- Елімізге шетелдік валюта ағымын қамтамасыз етеді және төлемдік баланс пен жиынтық экспорт секілді экономикалық көрсеткіштерге оң әсерін тигізеді.
- Халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етеді. ДТҰ мен Дұниежүзілік туристік және саяхат кеңесінің бағалауы бойынша туристік индустриясында 1 жұмыс орнының ашылуы, басқа салада жаңа 5-9 жұмыс орнымен қамтамасыз етеді. Туризм экономиканың 32 саласының дамуына тікелей немесе жанама әсерін тигізеді.
- Елдің инфраструктурасының дамуына септігін тигізеді.
Елдің бүтін аудандарындағы экономикасының дамуына туризм белсенді түрде әсерін тигізеді. Туризм облысындағы шаруашылық субъектілерінің пайда болуы мен қызмет атқаруы жол транспортының дамуымен, сауда, коммуналды-тұрмыстық, мәдени, медициналық қызметпен байланысты. Осылайша туризм басқа экономикалық салаларға қарағанда күшті әсерін тигізеді.
Туризмнің тез және тұрақты дамуын есепке ала отырып, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық секторы мен қоғамның әлеуетіне күшті әсерін Үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімді даму бағдарламасында туризм саласын приоритетті деп анықтады.
Қазақстанның тәуелсіздік алуы туристік іс-әрекетті реттеу мен тарихи-мәдени құндылықтардың қайта қалпына келуіне негіз болды. Бүгінгі таңда мемлекетіміздегі туризмнің дамуы ҚР-ң 1992ж 3-шілдесінде қабылданған «Туризм туралы» Заңының негізінде, ҚР Президентінің 1997ж 30-сәуір «Түркі тілдес мемлекеттердің Ташкент декларациясын іске асыру, ЮНЕСКО мен ДТҰ-ң ҚР-ғы Ұлы Жібек жолының туризм инфрақұрылымын дамыту» жарғысы мен 1998ж 27-ақпан қабылданған «Ұлы Жібек жолының тарихы орталықтарын қайта қалпына келтіру, түркі тілдес мемлекеттердің құндылықтарын дамыту мен сақтау, туризм инфрақұрылымын құру» ҚР-ң мемлекеттік бағдарламаларының қабылдануы Қазақстандағы туризм нарығының дамуына оң әсерін тигізді.
1993ж Қазақстан Республикасы ДТҰ құрамына кірді. Соның барысында шетелдік инвесторлар Қазақстанды бай туристік потенциалы бар әлеуетті серіктес ретінде қабылдады.
ҚР-ң Статистикалық Агенттігінің деректеріне сүйенсек елімізд 1999ж 425 туристік ұйым жұмыс істеді. Оның 6-ы мемлекеттік, 405 жеке меншіктегі кәсіпорын және 14 шетелдік туристік агенттіктер. Қазақстандағы туристік кәсіпорындар әлемнің 80 елімен келісімшартпен жұмыс істеді, 4 Алматылық, 13 облыстық турфирмалар әлемнің 8 мемлекетіне чартерлік авиарейстерге шықты.
Қазақстанның Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы және Астана қалаларының туристік мекемелері аса дамыған. Олар жыл сайынғы келуші туристердің 88%-ына қызмет көрсетеді.
1999ж. 2410, 5 млн. теңгеге, соның ішінде мемлекеттік туристік ұйымдар 57, 3млн, жеке меншіктегі 2298, 5млн теңге, ал шетелдік фимралар 54, 7 млн теңгеге қызмет көрсетілді.
1998ж. Туризм іс-әрекетінен мемлекет қорына түскен салық мөлшері 0, 1% құрады. 1999ж. жалпы 228, 3мың туристке қызмет көрсетілген болатын. Қазақстандық туристік фирмалар қызметін 55, 9 мың шетелдік азамат қолданды.
1999ж. Шығу туризмі 45%, ішкі туризм 30%, кіру туризмі 24% және экскурсиялық қызмет көрсету 1 %-ды құрады.
Қазақстан азаматтарының көбіне баратын мемлекеттері: Ресей, Қытай, Германия, Корея Республикасы, Польша, Турция, БАӘ.
Біздің республикамызға көбіне келуші азаматтар: Ресей, Қытай, Германия, Корея Республикасы, Пакістан, Польша, Турция.
Еліміздегі турфирмалардың басым бөлігі Шығу туризмімен айналысқандықтан, мемлекет қаражаты шетелдерге кетіп жатыр. Мысалы, 1999ж өзінде 57, 1млн АҚШ доллары Республика аумағынан тыс шығарылды. Еліміздің азаматтарының шетелден тауар алу және оны сауда нарығында іске асыру, шоп туризммен айналысуы басым болды. Бұл өз кезегінде экономикалық дағдарыс кезінде туристік қызметтерге сұраныс көбейді, сәйкесінше турфирмалардың көбеюіне де алып келді. Бірақ соған сәйкес тәжірибе мен мамандардың біліктілігінің жоқтығы тек делдалдық туристік іс-әрекетке әкелді. Ал шоп туризм мемлекет қорына теріс әсерін тигізді. Шоп туризмнің дамуы туритсік қызмет көрсету деңгейінің өсуіне еш әсерін тигізбеді.
Әр ел өзіне туристер ағымын қаратуды мақсаттайды. Қазақстанның туристік мекемелері кіру туризмінің деңгейін жоғарылатуы қажет. Ол транспорт жағдайының, орналастыру орындарының, кадрлармен қамтудың жағдайын жақсарту керек.
Қазіргі таңда Қазақстанның әуе жолдары Германия, Индия, БАӘ, Турция, Италия, Корей Республикас, Венгрия, Израиль, Қытай, Тайланд және т. б. елдерге ұшады. Әуе тасымалдарын ішкі және халықаралық нарықта қызмет көрсететін ұлттық Air Kazakhstan және басқа да әуе компаниялары ұсынады. Туристердің көпшілігі қауіпсіздік пен жоғары сапалы қызмет көрсететін шетел әуе компанияларының қызметін қалайды. Өз кезегінде бұл отандық әуе компанияларының қызметін тежейді. Сонымен қатар қазақстандық әуе компанияларының билеттері қымбат болғандықтан отандық турлардың бағасы да сәйкесінше қымбаттайды. Сонымен қоса авиабилеттер бағасының жоғары болуы турөнімнің бағасын көтереді, ал ол халықаралық нарықта бәсекелестігін төмендетеді. Автомобиль транспорты дамыған мемлекеттерге экскурсиялық маршруттарда шоп туризм ұйымдастыруда қолданады. Бірақ оның дамуы жол тораптарының жағдайына және туристік транспорттық құралдарының техникалық қамтамасыз етілуіне тікелей байланысты. Республикамыздың автобус паркі құлдырау үстінде болатын, қазіргі заманға сай комфортабелді автобустардың жоқтығы туристерге жоғарғы деңгейде қызмет көрсете алмайтын еді.
Негізгі республикалық темір жол арқылы тасымалдау мекемесі «Қазақстан темір жолы» 14 бағытта қызмет көрсетті. Қазақстанның темір жолы арқылы Қырғызстанның, Өзбекстанның, Ресейдің, Тәжікстан мен Түркіменстанның транзиттік жолаушылар тасымалдау пойыздары өтеді.
Болашақта экологиялық жағынан таза туристік транспортты дамытуға аса назар аудару қажет.
Туристік бизнесті тежеуші факторлардың бірі - орналастыру орындарының материалдық базасының төмен деңгейде болуы жатады. Республикамыздағы қонақ үйлер, турбазалар мен кемпингтердегі орналастыру 35%-ды құрады. Соған қоса 1997 жылмен салыстырғанда қонақ үйлер саны 40%-ға төмендеді. Соңғы 5 жылда 605 қонақ үй жабылды, 1999ж. Республикада 205 қонақ үй жұмыс жасады, номерлік қор 15%-ға толды. Шетел қонақтарына сапасыз туристік өнім берудегі ахуал қонақ үйлердің тиесілі класстарының болмауынан болды. Яғни, қонақ үйлік база 80%-ға ескірген еді. Жүргізілген зерттеулер бойынша 2-3 жұлдызды қонақ үйлер рентабелді болып табылады. Осы жағдайды өзгерту үшін мемлекет кіру және ішкі туризмнің дамуына оңтайлы жағдайлар жасауда. Осы бағыттарда жұмыс істеуші туроператорлар салықтан босатылған.
Ішкі туризммен айналысушы көптеген азаматтардың басты мақсаты болып - іскерлік, немесе туған-туыстары мен туысқандары на бару болып табылады. Алайда, демалыс орындарын таңдауда қазақстандықтардың көпшілігі өз мемлекетінен тыс жерлерде демалғанды қалайды. Егер отандастарымыз өз елінде қай жерде демалуды білмесе, онда кіру туризмін қалайша дамытпақпыз? Білсе де, сервистің төмендігінен жоғары сапалы сервис көрсететін шетелдерге шығады. Десек те, туризмнің бұл саласында оң тенденциялар байқалуда. ҚР-ның Статистикалық агенттігінің ақпараты бойынша 2003ж. Ішкі туризм бөлігі ұлғайтылды. Туристік компаниялар 89, 3мың турист, ал 2005ж. 150мың туристке қызмет көрсетті. Жыл сайын турөнімді пайдаланушылар 5%-ға өсіп, 2005ж. 376млн. теңгеге жетті. Жыл сайын ішкі туризм 2, 3%-ға өсуде, 2005ж. ол 432млн теңгені құрды.
Қазақстанда экологиялық туризм қарқынды даму үстінде. Қорғалатын аймақтарға туристердің қызығушылығы жыл сайын артуда. Сонымен қатар велосипед, ат, су туризм түрлері динамикалық даму үстінде.
Туристік қызмет экспортынан түсетін табыстың басым бөлігі бізге келуші шетелдік туристерден түседі. Сонымен қоса елімізде болған уақыттағы оларға көрсетілген қызметтер мен отандық транспорттарға сатылған билеттерден түседі.
2003ж Қазақстандық тур фирмалар 44. 9 мың адамға қызмет көрсетті. Бұл алдыңғы жылға қарағанда 1, 5 есекелушілердің көп болғандығын көрсетеді. ТМД елдерінен басқа елдерден Қазақстанға 42. 2 мың адам келді(2002ж 28. 5мың адам) . Статистикалық мәліметтерге сүйене отырып келуші шетелдік туристер санының көбею динамикасы сақталғанын көреміз.
Туризм дамуының проблемасын шешудің бір жолы туристік мамандарды дайындау. Қазақстанда туризм менеджерлерін дайындайтын мемлекеттік, жек меншіктік және Ресей филиалдарының 28 жоғарғы оқу орындары бар. Мұндай кадрларды дайындау 1992ж басталды, бірақ қазірге дейін мамандарды дайындау дәрежесі көңілден шықпайды.
- 2000 жылдан бүгінгі күнге дейінгі туримнің даму динамикасы
Статистикалық деректерге сүйенсек елімізде туристік қызме көрсету көлемі жылына орта есеппен 28%-ға көбеюде. 2004ж шілдеде Қазақстанда бәсекелестікті жоғарылату және кластерлік даму бағдарламасын іске асыру қолға алынды. J. E. Austin Associates Inc. (JAA) консалтинг фирмасының вице-президенті Мартин Вебердің айтуынша «Қазақстанда, әсіресе туризмнің, экономика саласындағы табысты сектор болу мүмкіндігі жоғары».
Өткен жылдардағы динамиканы негізге ала отырып мынадай болжам жасауымызға болады:
2001 11-қыркүйектегі АҚШ-тағы жағдай мен 2004ж Оңтүстік Азияда болған цунамиден кейін дүние жүзінде туристік ағым күрт төмендеген болатын. Ал бұл графикті негізге алар болсақ, бұл жағдайлар біздің елімізге елеулі әсерін тигізе қоймады, себебі елімізде тұрақта саяси жағдай қалыптасқан.
2003ж ҚР-да туристердің жалпы көлемі 229мың адамды құрады. Туристік фирмалардың негізгі табыс көзі Шығу туризмі болып табылады, ол 2003ж 61, 2% көрсетті. 2004ж туристік фирмалардың иелеріне жүргізілген анкеталар негізінде туристердің 77%-ы шетелге шыққанды қаласа, ал 9% ел арасында саяхаттағанды қалайды, ал 3% ТМД елдеріне барғанды жөн көреді.
Статистикалық деректер бойынша Қазақстанның туристік белсенділігі көтерілген, алайда қызмет көрсету көлемінің жоғарылауының себебі - Шығу туризмі болып табылады.
Қазіргі кезде елімізде әлемнің 80 елімен жұмыс жасайтын 750 туристік компаниялар қызмет етеді. Солардың 20% ғана туристерді шақырумен, яғни Ішкі туризммен айналысады. Ал қалған компаниялар тек Шығу туризмімен айналысады. Кіру туризмі осы нарықта 15% ғана құрайды.
2003ж Қазақстанға келген туристердің 50%-дан астамы Германиядан, ал ТМД елдерінің ішінде Ресейден 67, 5% келді. Қазақстанға келуші туристердің географиясы соңғы кездері ұлғайды. Алайда олар бізге демалу үшін емес, іскерлік мақсатпен келеді. Қазіргі таңда Қазақстан шетелдіктер үшін демалу аймағы болып көрінбейді. Оның себебі біріншіден ақпараттың аздығы, яғни еліміздің көптеген көркем жерлері туралы ақпарат берілмейді. Ал екіншіден, елімізде демалыс индустриясы жақсы дамымаған.
ҚР статистикалық агенттігінің берген деректері бойынша 2003ж Қазақстанда 714 тіркеуге алынды, оның 392-сі Алматыда. Туристік компаниялардың негізін шағын кәсіпорындар 93%, ал орта кәсіпорындар 6% құрайды. Ірі туристік ұйымдар тек 8. Оларды атап өтсек: Kazakhstan Travel International, Central Asian Corporation, «Отрар Авиа», ТОО «Турагентство Шелковый путь» т. б. Эксперттік сауалнама қорытындысы бойынша статистикалық агенттігінің берген деректері толық емес, Алматының өзінде 1000-н туристік компаниялар бар.
2004ж-ң 2 жарты жылдығында басшылардың 71 %-ы өз ұйымының экономикалық жағдайын қанағаттандырарлық деп, 20% жақсы, 9% нашар деп бағалады. Ал ол 2004ж-ң 1 жарты жылдығында мынадай көрсеткіштерге ие болған: 71%, 22%, 7%.
Көптеге туристік фирмалардың басшыларының айтуынша қызмет көрсету көлемінің шектеуші факторы нарықтағы бәсекелестіктің күшеюі болып табылады. Сауалнама берушілердің 27% сатып алушылар сұранысың төмендігін көрсетеді, ал 18% қызмет көрсету көлемінің өсуіне шектеу жоқ деп санайды.
Туристік фирмалардың басшыларының 68%-ы бәсекелестікті күшейтуші негізгі факторы - нарыққа жаңа туристік ұйымдардың кіруі десе, 37% туристік агенттіктердің агрессивтік жарнамаларына байланысты дейді.
Әкімшілік дереккөздердің және туристік қызметке жүргізілген статистикалық зерттеулердің деректері және 2009 жылғы қорытындылар бойынша 2008 жылмен салыстырғанда тұтастай республика бойынша келушілер саны 3, 9%-ға көбейді. Туризм түрлері бойынша туристік индустрияның түрлі бағыттағы даму үрдістері байқалады: келу туризмі 8, 3%-ға азайды және 4 329, 8 мың адамды құрады (келушілердің жалпы санынан 29, 3%-ы), 2008 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда сыртқа шыққан туристер саны 22, 3%-ға артты және 6 413, 9 мың адамды (43, 4%) құрады. Ішкі туризмдегі келушілер саны сондай-ақ 5, 3%-ға азайды және 4 028, 1 мың адамды (27, 3%) құрады.
Дүниежүзілiк экономикалық дағдарыс туристiк саланың дамуына да кері ықпалын тигізгенін атап өту керек. Туристiк салада көрсетілген қызметтердiң жалпы көлемi 0, 4%-ға азайып, 65 761, 9 млн. теңгені құрады, сатылған жолдамалар құны 19 281, 6 млн. теңгені құрады (13, 9%-ға артты) .
Есепті кезеңде туристік қызметпен айналысатын 1203 туристік фирмалар және 73 дара кәсіпкерлер 369, 1 мың келушілерге қызмет көрсетті, бұл 2008 жылғы деңгеймен салыстырғанда 25, 7% кеміді.
Республикада қонақ үй шаруашылығының 1232 кәсіпорындары 2 278, 6 мың адамға қызмет көрсетті және 48 249, 6 млн. теңгеге қызмет көрсетті. Орналастыру объектілерінде 30 831 нөмір бар, біржолғы сыйымдылығы 67 717 төсек-орынды құрады.
Жұмыс істеп тұрған туристік фирмалардың көбі Алматы қаласына (690), Астана қаласына (87), Қарағанды (76), Павлодар (56), Шығыс-Қазақстан (48) және Алматы (43) облыстарына келеді.
4. 2007-2011 жылдарға арналған туризмді дамыту бағдарламасы жөнінде
Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында туристер ағынының тұрақты өсімі: ішкі туризм бойынша 2007 жылғы 3, 4 млн. туристен 2011 жылы 4, 5 млн. туристке дейін; сырттан келушілер туризмі бойынша 2007 жылғы 4, 5 млн. туристен 2011 жылы 9, 5 млн. туристке дейін қамтамасыз етілмек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz