Еңбекақы шегерімдері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. Шымкент институты

Экономика факультеті

Экономика және менеджмент кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Еңбекақы шегерімдері.

Орындаған: Алтынбекова Г.
Тобы: 82-13
Қабылдаған: Есжанова С.

Шымкент 2006 ж.
Еңбек ақыдан ұсталынатын және шегерілетін сомалар есебі
Жұмыс беруші еңбеккерлердің жалақысынан әрекет етіп тұрған заңға
сәйкес әртүрлі ұсталымдар жасайды: міндетті зейнеткерлік жарнасын жинақ
зейнеткерлік қорға; жеке табыс салығын, атқару парақтарын (сот үкімінің
қағаздары бойынша), сондай-ақ еңбеккерлердің өзі берген өтініші бойынша
ұсталымдар жасалады, сонымен қоса олардың (еңбеккерлердің) келісімінсіз:
қайтарылмаған аванстар, жұмыстан шыққанда істемей кеткен уақыты үшін,
әкелген зияндары үшін т.б. ұсталымдар ұсталынады.
Табыс салығын ұстау. Салықтар – ұлттық табыстың бір бөлігі
болып табылады. Салықтар арқылы жинақталған қаражат жалпы мемлекеттік
мұқтаждарға жұмсалады. Қызметкерлердің салық салынатын табысынан тек жеке
тұлғалардан Салық Кодексінің 145 бабы бойынша көрсетілген ұсталымдар толық
ұсталады.
Жеке табыс салығын ұстаған кезде 681, 682 шоттары
дебеттеліп, 634 шоты кредиттеледі.
Атқару құжаттары бойынша ұсталымдар. Сот шешімдері,
нотариалдық органдардың атқару жазбалары, сондай-ақ даусыз түрде өндіріп
алу туралы әкімшілік органдарының қабылдаған қаулыларға сәйкес берілетін
атқару құжаттары бойынша ұсталымдар негізгі еңбек төлемінен де, сондай-ақ
тұрақты сипаты бар барлық қалған төлемдерден де, оның ішінде сыйлықтардан,
зейнетақылардан, жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша берілетін
жәрдемақылардан т.б. алынады. Келіп түскен атқару құжаттары арнайы тізімге
тіркеліп және әрбір төлеуші бойынша бухгалтерияда олардың жеке есебі
жүргізіледі.
Жалақыдан ұсталынған алименттер сомасы осы алимент төленетін
тұлғаның пайдасына үш күннің ішінде төленуі немесе аударылуы керек. Онда
бір бала үшін жалақының төрттен бірі , екі бала үшін үштен бірі және одан
да көп балаларға жалақының жартысы ұсталады, бірақ олардың мөлшері
жалақының 50 пайызынан аспауы тиіс. Егер де алимент төлеуші жұмыстан шығып
кетсе, онда сонымен қоса атқарушы құжаттары үш күннің ішінде жаңа жұмыс
орнына беріледі.
Жинақ зейнеткерлік қорғау міндетті зейнеткерлік жарнасы
еңбеккерлердің жалақысынан, сыйлығынан, қосымша төлемдерінен, үстемесінен
және де басқа да табысынан 10 пайыз мөлшерде ұсталынады және оны жұмыс
беруші аталған қорға аударады.
Еңбек төлемінен алынатын кәсіподақ мүшелік жарналарының
шегерімдері қызметкерлердің жазбаша түрдегі арыздары бойынша жүзеге
асырылады. Қызметкерлердің еңбек төлемінен ұсталынған мүшелік жарналары
тиісті кәсіподақ ұйымдарының шоттарына аударылады.

Еңбек ақының талдаманың (аналитикалық) және топтамалық (синтетикалық) есебі

Кәсіпорындардағы жұмысшылар мен қызметкерлердің бәріне және олардың
әрқайсысына бір айға төленуге тиісті еңбекақының жалпы сомасын табу үшін
алғашқы құжаттар бойынша өндірілген өнімдер мен стелген жұмыстарға және
қосымша төлемдер мен қосымша еңбекақыларына қоса төленетін жалпы соманы
анықтап одан ұсталуға тиісті сомаларды алып тастау керек. Жұмысшылар мен
қызметкерлердің табысын, оның ішінде табыстан ұсталатын ұсталымдарды және
оларға төленуге тиісті еңбекақы сомаларын жинақтап, қорытындылауға арналған
құжатты есеп айырысу төлеу тізілімі деп атайды. Ұйымдарда бұл тізімдеме
әрбір цехтар, бөлімшелер бойынша толтырылады. Еңбекақы жөнінде есеп
айырысу төлеу тізімдемесі әрбір жұмысшы мен қызметкер бойынша есептелген
еңбекақымен басқа да төлем сомаларын және одан ұсталынған ұсталым сомаларын
жинақтаушы құжат болып табылады. Бұл тізімдемеде жұмысшы-қызметкерлердің
аты-жөні, табельдік нөмірі, оларға есептелінген негізгі және қосымша
еңбекақылары мен одан ұсталынатын ұсталымдардың түрлері бойынша сомалары
және сол айдың басы мен соңындағы кәсіпорынның жұмысшылар мен
қызметкерлерге немесе жұмысшылар мен қызметкерлердің кәсіпорынға қарыз
сомалары көрсетіледі. Жұмысшылар мен қызметкерлер осы есеп айырысу төлеу
тізімдемесі бойынша ұйымның кассасынан өзіне тиісті еңбекақыны алып, қол
қояды. Бұл тізімдеме бойынша біріншіден жұмысшы немесе қызметкерлермен
еңбекақы жайында есеп айырысу жүргізілсе, екіншіден бұл тізімдеме еңбекақы
бойынша есеп айырысудың аналитикалық есебі болып тадылады, ал үшіншіден осы
тізімдеме арқылы жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың еңбегіне қарай
еңбекақыларын төлейді. Кейбір ұйымдарда есеп айырысу-төлеу тізімдемесі мен
дербес шоттың орнына есеп айырысу тізімдемесі ғана толтырылып жүргізіледі.
Бұл есеп айырысу тізімдемесі журнал түрінде жасалып, негізгі және қосымша
беттерден тұрады. Негізгі бетінде жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген
негізгі және қосымша еңбекақылары мен жәрдемақыларының сомасы және олардан
ұсталатын ұсталымдары есептеуге керекті мәліметтері көрсетіледі.
Тізімдеменің қосымша беттерінің саны бұл журналдың қандай мерзімге
ашылғандығына байланысты болады. Бұл тізімдеменің титулдық бетінде
жұмысшылар мен қызметкерлерге төленген және депотенттелген еңбекақы
сомалары жазылады. Тізімдемені толтыру барысында оның ең соңғы бетіне
жиынтық сомалары жазылады. Бұл жоғарыда аталған құжаттарды толтырғанда
жазылған сомалардың алдымен жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы
есептегенде толтырылатын алғашқы құжаттарда көрсетілген сомаларына
сәйкестігін тексеру қажет.
Бұл тізімдеме бойынша жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген
еңбекақы сомаларының одан ұсталынатын ұсталымдарды және қолдарына берілуге
тиісті сомалардың тұрыстығын анықтау үшін тізімдеменің тік және көлденең
жақтарының жиынтық сомалары арифметикалық жолмен тексерілуі тиіс.
Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақы бойынша есеп айырысу
есебі 681-ші Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу деп аталатын
синтетикалық, пассивті шотта есептеліп жүргізіледі. Бұл шот бойынша
деректер мен ақпараттар үлгілі түрі №10 және №10-1 журнал-ордерлерінде
көрсетіледі. Жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс істегендері, қызмет
атқарғандары және өнім өндіргендері үшін есептеліп төленетін еңбекақы
өндіріс шығындарының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек
Кезең шығындарының экономикалық маңызы
Кәсіпорындағы еңбек төлемінің нысандары мен жүйелері
Жеке табыс салығының бюджеттегі орны
Жеке табыс салығын төлеушілер және салық салу объектілері туралы
Кәсіпорынның өндірістік шығындары
Кәсіпорын қаржысының мәні
Жеке тұлғаларға салынатын табыс салығы
Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын талдау мазмұны және әдістері
Ақша қаражаттарының есебі,талдауы
Пәндер