Заңды тұлғаның атауы
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
І. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.
1. Заңды тұлға туралы жалпы ұғым, ол туралы негізгі теориялар және заңды
тұлғалардың түрлері.
2. Заңды тұлғалардың негізгі белгілері: құқық және әрекет қабілеттілігі.
ІІ. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ ҚҰРУ, МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ҚҰРУ.
2.1. Заңды тұлғаларды құру және қайта құру тәртіптері, мемлекеттік тіркеу.
2.2. Заңды тұлғаларды тарату және мемлекеттік тіркеуден шығару.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ
ТҮЙІН
Дипломдық жұмыс Заңды тұлғалардың түсінігі мен белгілері.
Жұмыста азаматтық құқықтағы заңды тұлғалар институтына, заңды тұлға
туралы жалпы ұғым, ол туралы негізгі теориялар және заңды тұлғалардың
түрлеріне, заңды тұлғалардың негізгі белгілеріне: құқық және әрекет
қабілеттілігіне, заңды тұлғаларды құру және қайта құру тәртіптері,
мемлекеттік тіркеу және таратуға сипаттама берілген.
АННОТАЦИЯ
Дипломная работа написана на тему Понятие и признаки юридического
лица.
В работе рассмотрены общие понятие юридического лица, основные теории
и виды юридического лица, а также основные признаки, в том числе
образование и преобразование юридического лица.
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының қалыптасу, елде экономикалы реформаларды
жүзеге асыру және нарықтық қатынастарға өту кезеңінде құқықтың мән-маңызы
айрықша күшейеді. Тауарлық-ақшалық (мүліктік) және басқару қарым-
қатынастарын құқықтық тұрғыдан реттеуде заңдар мен басқа да нормативтік
актілердің маңызы одан әрі нығая түспек. Сондықтан да Қазақстан
Республикасы Конституциясын, оның жаңа қырлары мен ерекшеліктерін және
басқа да заңдардың жоғары принціптерін, олардың мағынасы мен мазмұнын
қайтадан бағалау онша оңай шаруа емес. Осыған байланысты жас егемен
республиканың мемлекеттік және қоғамдық өмірінің құқықтық негіздерін
нығайту, мейлінше, маңызды екендігі сөзсіз. Егемен Қазақстанның
конституциялық, әкімшілік азаматтық, енбек және қылмыстыққұқықтық
салдарының аса маңызды екендігі ескеріліп, олардың көкейтесті проблемалары
жаңаша қарастырылады.
Әр бір заңда тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті
болғандықтан заңнын өзі ұйымдары бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды
тұлғаны ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады.
Заңды тұлғалар өз қызметтері, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе,
жарғы мен құрылтай шарты арқылы, не тек құрылтай шарты негізінде жүзеге
асырады.
Сонымен қатар, заңды тұлғалар заң қүжаттарына, сондай-ақ құрылтай
құжаттарына сәйкес жұмыс істеитін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға
ие болып, өзіне тиесілі міндеттерді алады. Заңды тұлға органдарының түрлері
тағайындалу немесе сайлану тәртібі және олардың өкілеттігі заңдар мен
құрылтай құжаттарында белгіленеді.
Оқу құралы соңғы кезде қабылданған заңдар мен басқа да нормативтік
актілердің негізінде дайындалған; меншік нысанына қарамай барлық
кәсіпорындардың, мекемелер мен азаматтардың міндетті түрде орындау
қажеттілігіне, заңдардың талаптарына, сондай-ақ мемлекеттік басқару
органдарының өз құзыреттері шеңберіндегі актілеріне негізделеді. Бірнеше
қажетті жалпы ережелерге, принціптерге, анықтамалар мен жаңа түсініктерге
ғана емес, нақты материалдар негізінде басқа да жоғары оқу орындарында
өткізілетін бағдарламалық заң курсы бойынша да түсініктемелер беріледі.
Азаматтық құқық теориясына көп еңбек еткен көрнекті ғылым профессоры
С.И.Аскназий мемлекеттік ілімнің авторы. Ол былай деп айтқан:
мемлекеттік заңды тұлғаның артында мемлекеттің өзі тұрады да, шаруашылық
қызметінің нақты саласында тізгінді өзі үстайды. Әдебиетте бұл теорияны
көп сынайтыдар оған егер олай болса мемлекет өзімен-өзі құқықтық қатнаста
болуы керек қой деген уәж айтады.
Академик А.В.Венедиктов ұжым ілімін алға тартты. Бұл ғылымның айтуы
бойынша мемлекеттік заңды тұлғаның артында екі ұжым тұрады делінген: а)
мемлекет атынан барлық халық; ә) аталған заңды тұлғаның жұмысшылары мен
қызметкерлерінің ұжымы.
Ал, ғалым Д.М.Генкин әлеуметтік ақиқаттеориясына ұсынады, яғни онда
ол қоғамдағы тауар айналымы қатнастарының тарихи-экономикалық заңдылығын
басшылыққа ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құқықпен жанама түрде
қажеттілікке орай реттелетінін айтады. Профессор Ю.К.Толстой директор
ілімін алға тартты оның пікірінше, мемлекеттік заңды тұлғаның еркін
білдіруші- директоры болып табылады.
Азаматтық құқықтануда О.А.Красавчиковтың әлеуметтік байланыстар
ілімі, А.А.Пушкиннің ұйымдастыру ілімі Е.Асухановтың мақсаты
мүліктәрізді ғылыми тұжырымдары да айтарлықтай кең тараған. Сөйтіп, заңды
тұлғаға адамдардың қатысы жөнінде әртүрлі пікірлер айтылған және де бұл
орайда авторлар түрлі белгілерге жүгінеді. Оның бірінде бұл адамдар заңды
тұлға мүддесі үшін әрекет етеді, екіншісінде адамдардың әрекеті осы
институтпен (саламен) реттеледі, үшіншісінде адамдардың әрекеті заңды
тұлғаның әрекетінен көрінеді, ал кейде құқықтарды жүзеге асыруда,
мәмілелерді жасауда оның еркі танылады.
Кейбір авторлар бұл белгілерді біріктіруге тырысып, заңды тұлғаның
сыртында оның құқықтары мен міндеттерін жасыратын атқарушы тұратындығын
дәлелдемек болады.
1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында
біздің Республика өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік
мемлекет ретінде орнықтырады деп бекітілген.
Осыған орай және елімізде түбегейлі экономикалық және саяси қайта
құрылыстар жүргізуге, мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік пайда болып,
дамуға байланысты, шаруашылық жүргізу мен халықтық әл-ауқатын жақсарту
нарықтық қатынастарға негізделген, мемлекет экономика мен әлеуметтік-мәдени
салаларын тікелей басқарудан бас тартып, оларды негізінен құқықтық
реттеумен және заңнамалардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында
бақылаумен шектелетін болғандықтан халықтың қолданылып жүрген заңнамаларды
білу құштарлықтары арта түсті.
Сондықтан, мемлекетіміз бұған барынша мол мүмкіндік туғызғанының
нәтижесінде Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері
курсын мектептердің жоғарғы сынып оқушыларына, заңгерлер даярламайтын
арнайы орта және жоғары оқу орындарында оқыту қажетті пәндердің біріне
айналып кең өріс алды.
Бұл курста мемлекетке, құқыққа, руханиятқа (моральға) қатынасты негізгі
ұғымдар мен идеялардың; қоғамдық әрі мемлекеттік құрылыс пен саясаттың,
мемлекет пен адамның қарым-қатынасының, мемлекет органдары жүйесінің,
азаматтық, еңбек, экологиялық, отбасылық, әкімшілік,қаржылық және қылмыстық
құқықтардың негіздері, сондай-ақ заңдылықтың кейбір проблемаларын оқып
үйрену қаралған.
Оқулық құқық жүйесінің жекелеген салдары бойынша бөлімдерге, олар
тараулар мен сұрақтарға бөлінген. Бұларда авторлардың пікірінше, Мемлекет
пен құқық негіздерінің аса маңызды жақтары мен байланыстары зертелгендер.
Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқықтың
дербес субьектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке тұлғаға
ғана емес заңды тұлғаларға да тән.
Мүлікке өз құрылтайшылары (қатысушылары) мүліктік құқықтарын
сақтамайтын заңды тұлғаларға қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар және
діни бірлестіктер жатады. (АК–тің 36-бабының 4-тармағы). Жоғарғыда
айтқанымыздай, Азаматтық кодекс коммерциялық емес ұйым болып табылатын
мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтынушылар кооперативі, коғамдық қор, діни
бірлестікті де құруға жол ашады. Бырақ бұл тізіммен шектеліп қалуға
болмайды, себебі комерциялық емес ұйым заң құжаттарында уөзделген өзге де
нысандарда құрылуы мүмкін (АК –тің 36-бабының 3-тармағы).
Заңды тұлғаның, өз міндеттемелері бойынша дербес мүліктік
жауапкершілігі-оның оқшау мүлкінің салдары. Бұл белгі Қазақстан
Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 мамырдағы Мемлекеттік кәсіпорындар
туралы заң күші бар Жарлығының 30-бабында көрсетілген. Атап айтқанда,
кәсіпорын өзіне тиесілі барлық мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап
береді деп белгіленген. Меншік иесі оның мүлкіне міндеттемесі бойынша
кәсіпорынның жауапкершілігі болмайды.
Заңды тұлға ұйымдық біртұтас болуы керек. Ұйымдық біртұтас болу ұжымдық
құрылымның біртұтас құрылым ретіндегі қызметін қамтамасыз етеді. Аталған
белгі заңды тұлғаның мақсаттары мен міндеттерін, оның құрылымын, құзыретін,
қызмет тәртібін анықтаудан көрінеді. Ұйымдық біртұтастық заңды тұлғаның
құрылтай құжаттарында бекітілген. Мысалы, ҚР АК 41-бабына сәйкес заңды
тұлға өз қызметін, егер заң құжаттарында өзгеше айтылмаса, жарғы не
құрылтай шарты мен жарғысы негізінде жүзеге асырады. Заң құжаттарында
көзделген реттерде, комерциялық ұйым болып табылмайтын заңды тұлға осы
түрдегі ұйымдар туралы жалпы ереже негізінде жұмыс істей алады
Құқық қабілеттілігі арнаулы және жалпы болады. Арнаулы құқық
қабілеттілігі дегеніміз, заңды тұлғаның жарғыда көзделген қызметінің
мақсатына сай келетіндей азаматтық құқықтары мен міндеттері болады. Мұндай
жағдайда жарғыда олар айналасуға құқықты қызмет түрлері көрсетіледі. Осыған
байланысты, ҚР АК 159-бабында былай делінген: заңды тұлғаның, құрылтай
құжаттарында нақты шектелген қызмет мақсатында қайшы келетін етіп жасаған
мәмілесі жарамсыз деп танылуы мүмкін. Арнаулы құқық қабілеті бар заңды
тұлғаның мысалы ретінде қазыналық кәсіпорында атауға болады. Қазыналық
кәсіпорынның шаруашылық қызметі жарғыда бекітілген мақсаттарымен және
міндеттерімен айқындалады. Арнаулы құқық қабылеттілігі сондай-ақ
комерциялық емес ұйымдарға да: мекемелерге, қоғамдық бірлестіктерге,
қоғамдық қорларға, тұтыну кооперативіне, діни бірлестіктерге, заңды
тұлғалардың қауымдастық немесе одақ нысанындағы бірлестіктеріне тән.
Қоғамдық бірлестіктерге саяси партиялар, кәсіптік одақтар, ерікті
коғамдар, шығармашылық одақтар және т.б. жатады.
Қоғамдық бірлестіктің алдына қойған максаты оның мүшелері табыс табайын
деп емес, өздерінің рухани және басқа да қажеттіктерін қанағаттандыру үшін
бірігеді.
Қоғамдық бірлестіктердің құқықтык мәртебесін айқындау қажеттігі
Азаматтық кодексте мүліктік қатынастарда олардың қатысуымен және олардың
құрылуы мен қызметіне қатысты қатынастарды азаматтық-қүқықтық шекте
реттеумен байланыста болады, әрі ол аталған жүйеде шектеулі болуы керек.
Қоғамдық бірлестіктердің қүқықтык ережелері сондай-ақ Қазақстан
Республикасының "Қоғамдық бірлестіктер туралы" Заңымен де айқындалған,
олардың нақты түрлерінің қызметі мен кұрылуы арнайы зан құжаттарында
тарамдана реттеледі.
Қоғамдық бірлестіктің мүлкі оньщ меншік кұқығьша жатады. Қоғамдык
бірлестіктерге қатысушылардың (мүшелерінің) осы бірлестіктерге өздері
берген мүлікке, соның ішінде мүшелік жарналарына құқықтары жоқ. Олар өздері
мүшелері ретінде қатысатын қоғамдық бірлестіктердің міндеттері бойынша
жауап бермейді, ал аталған бірлестіктер ез мүшелерінің міндеттемелері
бойынша жауап бермейді.
Қоғамдық бірлестік таратылған соң қалған мүлік оның мүшелері арасында
бөлініске түспейді, өзінің жарғысында көрсетілген мақсатқа жұмсалады.
Қоғамдық бірлестіктің мүлкі оның меншік кұқығьша жатады. Қоғамдык

ғана емес заңды тұлғаларға да тән. Азаматтық кодекстің 33- бабында оған
мынадай тұжырым берілген: Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару
құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша
жауап беретің, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен
міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және
жауапкер бола алатың ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес
балансы немесе сметасы болу тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі
болады.
Азаматтық құқық ғылыми заңды тұлғаны мынандай белгілері бойынша
айқындайды: 1) ұйымдасқандық белгі; 2) мүліктік оқшаулығы 3) дербес
мүліктік жауапкершілігі; 4) азаматтық айналымға өз атыннан қатынасуы

Мүліктік оқшаулық-заңды тұлғаның экономикалық-құқықтық белгісі болып
табылады және оның мүлікке заттық құқығын иеленуін білдіреді. Бұл арада
әңгіме оның меншік құқығы, шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару
құқығы туралы болып отыр. Коммерциялық ұйымдағы дербес балансының мөлшері
мен мекемедегі смета заңды тұлғаның оқшаулық мүлкін айқындайтын құжаттар.
Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз ол заңды тұлғаның
міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап беруі. Бұл
жалпы ереже. Ал, меншік иесі қаржыландыратын мекеме мен қазыналық
кәсіпорындар Азаматтық кодекстің 44-бабының 1-тармағы 2-бөлігіне сәйкес өз
міндеттемесі бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді.
Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда мекеме мен қазыналық кәсіпорынның
міндеттемелері бойынша(қосымша) оның құрылтайшысы жауапты болады.
Заңды тұлғалардың дербес мүліктік жауапкершілігі заң актілерімен
тағайындалуы мүмкін.
Бұл азаматтық кодексте былайша қаралған: 1)толық және сенім
серіктестіктеріне қатысушылардың тиісті серіктестіктердің міндеттемелері
бойынша жауапкершілігі (АК-тің 63-бабының 1-тармағы, 72-бабының 1-тармағы):
2) кооператив міндеттемелері бойынша өндірістік кооператив мүшелерінің
жауапкершілігі (АК-тің 96-бабының 3-тармағы): 3) егер заңды тұлғаның
банкрот болуын құрылтайшының әрекеті туғызған болса, заңды тұлғаның
міндеттемелері бойынша құрылтайшының жауапкершілігі (АК-тің 44-бабының 3-
тармағы): 4) еншілес шаруашылық мәмілесі бойынша негізгі ұйымның (АК-тің 94-
бабының 2-тармағының 2-ші бөлігі), сондай-ақ негізгі шаруашылық
серіктестігінің кінәсінен еншілес шаруашылық серіктестігі банкротқа
ұшыраған кезіндегі жауапкершілігі (АК-тің 94-бабының 2-бөлігінің 3-
тармағы); 5) серіктестік міндеттемелері бойынша толықтай салым төлемеген
жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының жауапкершілігі (АК-тің 77-
бабының 1-тармағының 2-бөлігі) және тағы басқа жағдайлардағы жауапкершілік.
Заңды тұлғаның азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы процессуалдық-
құқықтық белгісі. Ол оның сотта талапкер және жауапкер болуына, өз атынан
шарт жасауға, бір жақты мәміле жасауына мүмкіндік береді.
Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен танылған біріңғай субъектісі
ретінде күрделі құрылым деп есептеледі. Азаматтық құқық ілімінде
(теориясында) заңды тұлғаның, оның ішінде әсіресе мемлекеттік заңды
тұлғалардың маңызы (мәні), яғни құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар.
Олардың авторлық заңды тұлға институты қандай қоғамдық қатнастарды
білдіреді, онда қандай адамдардың мүдделері қаралмақ, мемлекеттегі оның
орны қандай және заңды тұлғаның мәнмағнасы неде деген сауалдарға байланысты
әртүрлі пікір білдіреді [1] . Азаматтық құқық теориясына көп еңбек еткен
көрнекті ғылым профессоры С.И.Аскназий мемлекеттік ілімнің авторы. Ол
былай деп айтқан: мемлекеттік заңды тұлғаның артында мемлекеттің өзі
тұрады да, шаруашылық қызметінің нақты саласында тізгінді өзі ұстайды.
Әдебиетте бұл теорияны көп сынайтыдар оған егер олай болса мемлекет
өзімен-өзі құқықтық қатнаста болуы керек қой деген уәж айтады. [2]
Академик А.В.Венедиктов ұжым ілім алға тартты. Бұл ғылымның айтуы

қызметкерлерінің ұжымы. [3]

білдіруші- директоры болып табылады. [4]

ілімі, А.А.Пушкиннің ұйымдастыру ілімі Е.А.Сухановтың мақсаты

мәмілелерді жасауда оның еркі танылады. [5]

Бұл мәселе туралы батыс еуропа әдебиетінде де әртүрлі теориялық
көзқарастар кездеседі. Мәселен, К.Ф.Свиньи фикция теориясының негізін
қалады. К.Ф.Свиньи көзқарасы бойынша, шын мәнінде құқық субъектісінің
қасиетін тек адам ғана еншілей алады. Ал заң шығарушы болса, заңды тұлғаның
сыртында оны әйгілеитін адамдық тұлғаның қасиеті тұрғанын мойындайды.
Сондықтан да заң шығарушы заңдық функцияға жүгінеді, абстракциялық түсінік
ретінде құқықтың ойдан шығарылған субъектісін алға тартады. Ал неміс ғалымы
Гирке болса, органикалық теорияның тұжырымын ұсынып, заңды тұлғаны адам
тұлғасымен салыстырады, бұл орайда оны дербес құрылым деп қарайды.
Азаматтық кодекс заңды тұлғаларды төмендегідей түрлерге бөледі:
коммерциялық және коммерциялық емес.
Коммерциялық заңды тұлғаны пайда табуды көздейтін ұйым десек
қателеспейміз. Кіріс түсіру мақсаты болып табылмайтын және алынған таза
кірісті қатысушылар арасында бөлмейтінзаңды тұлға коммерциялық емес ұйым
деп танылады (Коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республикасы
заңының 2-бабы).
Осындай саралау заңды тұлғлар түрінің әрқайсысын ерекше құқықтық
тәртіпте бағындырады. Азаматтық кодекстің 34-бабының 2-тармағына сәйкес
коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын,
шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив
нысандарынды құрыла алады.
Коммерциялық емес ұйым-заңды тұлға ретінде мекеме қоғамдық бірлестік,
акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік қауымдастық
(одақ) нысанындығы заңды тұлғалардың бірлестігі нысанында және заң
құжаттарындакөзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін. Коммерциялық емес
ұйымдар туралы заң бойынша:
1) коммерциялық емес ұйым өзінің жарғылық мақсаттарына сәйкес келетіндей
ғана кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады;
2) жекелеген ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйымдардың
кәсіпкерлік қызметіне Қазақстан Республикасының заң актілерінде
шектеулер қойылуы мүмкін;
3) коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлік қызметі бойынша кірістер мен
шығыстардың есебін жүргізеді;
4) коммерциялық емес ұйымдардың кісіпкерлік қызметіне салық салу
Қазақстан Республикасының салық заңдарынасәйкес жүзеге асырылады;
5) коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметінен алынатын
кірістерді коммерциялық емес ұйымдардың мүшелері (қатысушылары)
арасында бөлісуге болмайды.
Ол жарғылық масаттрға жұмсалады. Қоғамдық және діни бірлестіктердің,
қорлардың өз қаражаттарын қайырымдылық мақсаттарға пайдалануына жол
беріледі.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) өздері құрған заңды тұлғалардың
мүлкіне құқықтары:
а) құрылтайшыға (қатысушыға) заттық құқығы жататын;
ә) құрылтайшыға (қатысушыға) міндеттемелік құқығы жататын;
б) құрылтайшыға (қатысушыға) мүліктік құқығы жатпаыйтын заңды
тұлғаларға бөлінеді.
Заңды тұлғаның мүлкіне өз құрылтайшылары меншік құқығын немесе өзге
заттық құқығын сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу құқығында
немесе оралымды басқару құқығында мүлкі бар ұйымдар жататын болғандықтан
мұның өзі құрылтайшының заттық құқықты иеленетінін білдіреді. Мүлкіне өз
қатысушылары (құрылтайшылары) міндеттемелік құқықтарын сақтап қалатын заңды
тұлғаларға шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар мен өндірістік
кооперативтер жатады. Шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар мен
өндірістік кооперативтер жатады. Шаруашылық серіктестіктерінің мүлікке
меншік құқығы болғандықтан қатысушылар қатысушылар бұл мүлікке
міндеттемелік құқыққа (жарғылық капиталындағы үлесіне қарамастан) ие

бірлестікті де құруға жол ашады. Бірақ бұл тізіммен шектеліп қалуға

нысандарда құрылуы мүмкін (АК –тің 36-бабының 3-тармағы). [6]
1.2 Заңды тұлғалардың негізгі белгілері, құқық және әрекет қабілеттілігі
Заңды тұлға мен жеке тұлғаның қабілеттілігінің айырмасы болатындығы
табиғи нәрсе. Мәселен, азаматың құқықтары мен міндеттерін тұдыратын тұрмыс
қатынастарының көбіне заңды тұлғалар қатыса алмайды. Оған отбасылық
қатынастарға, содан тұындайтын құқықтар мен міндеттерге заңды тұлғалар
қатыса алмайтындығы дәлел болады.
Заңды тұлғалардың қатынасқа қатысу айасы олардың қандай мақсат үшін
құрылғандығына әрі жүзеге асыратын әрекеттерінің сипатына қарай
белгіленеді. Қатысуға тиісті қатынасына қарай заңды тұлға кайсыбір
құқықтарды немесе міндеттерді иеленеді. Демек, заңды тұлғаның құқықтық
қабілеті оған жүктелген міндеттерге қарай белгіленеді. Заңды тұлғаның құқық
қабілеттілігі ол құрылған сәттен бастап пайда болып, оны тарату аяқталған
кезде тоқтатылады. Заңды тұлға заң қүжаттарында тізбесі белгіленетін
жекелеген қызмет түрлерімен тек лицензия негізінде ғана айналыса алады.
Яғни, белгілі бір қызметпен айналысу үшін лицензия алу қажет болатын заңды
тұлғаның қүқық кабілеттілігі, сол лицензияны алған сәттен бастап пайда
болады. Азаматтық кодекстің 35-бабыньщ 1-тармағына сәйкес занды тұлға
азаматтық құқыққа ие болып, өз қызметіне байланысты міндеттерді атқара
алады. Мемлекеттік кәсіпорындардан басқа коммерцнялық ұйымдар заң құжаттары
немесе құрылтай құжаттары арқылы тыйым салынбайтын кез келген кызмет
түрлерін жүзеге асыру үшін азаматтык қүкыққа ие бола алады және азаматтық
міндетті де атқарады.
Заң құжаттарына сәйкес занды түлғалар белгілі бір қызмет түрін жүзеге
асыра алмауы мүмкін немесе басқа қызметпен айналысуы шектеледі.
Азаматтық кодексте арнайы құқық қабілеттілік мәселесі де ескерілген.
Оның бәрі де жарғы мен басқа да қүрылтай құжаттарына енгізіледі әрі олар
қызмет аясына сай келетін қүкықтар мен міндеттерді еншілей алады.
Ал коммерциялық ұйымдар болса, керісінше арнайы құкық қабілеттілігіне
жатпайтьш жалпы құқық қабілеттілігіне ие болады. Мүндай үйымдар заң
актілерінде тыйым салынбаған қызметтердің кез келген түрін жүзеге асыра
алады. Демек, коммерциялық ұйым өзінің жарғысында қаралмаған қызметпен
айналыса береді, ең бастысы заң оған тыйым салмайтындай болуы керек. Жалпы
кұқық кабілеттілігі принципінен коммерциялық үйымдардың өзіндік
ерекшеліктері де болады. Біріншіден, мұндай ұйымдар үшін арнайы құқық
қабілеттілігі заң құжаттарында карастырылуы мүмкін. Мысалы, мұндай арнайы
құқық қабілеттілігіне банкілер, мемлекеттік кәсіпорындар ие.
Екіншіден, коммерциялық ұйымдардың құқық қабілеттілігі құрылтай
құжаттарында көрсегілетіндіктен ол құрылтайшылар арқылы шектелуі мүмкін.
Мұндай шектеулер занды тұлғаның айналысатын қызметі түрлері енгізілген
тізбе арқылы айқындалады, немесе оның қаңдай да бір түрлерін жүзеге асыруға
тыйым салынады. Коммерциялық ұйымның құқық кабілеттілігіне болатын мүндай
шектеулердің құрылтай құжаттарынан туындауының маңызы зор.
Азаматтық кодекстің 37-бабында айтылғандай, заңды тұлға заң мен
құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматгық
құқықтарға ие болып, өзіне міндеттер алады.
Заңды тұлғаның органы занды тұлғаның ұсыныстарымен есептесіп, оны
жүзеге асырады және оның өз өкілеттілігі шегіндегі әрекеті занды тұлғаның
әрекеті болып табылады. Заңды тұлға үшінші тұлғалардың алдында занды
тұлғаның органы құрылтай құжаттарында белгіленген өз өкілеттілігін асыра
пайдаланып қабылдаған міндеттемелері бойынша жауап береді (АК-тің 44-
бабының 4-тармағы). Бірақ занды тұлға органының жарғыдағы талапты бұзып
жасаған мәмілесін жарамсыз деп тани алады. Егер мәміле жасаған екінші жақ
мұндай құқық бұзушылықты білсе немесе білуге тиісті болса және оны
дәлелдесе онда мұндай мәмілені жарамсыз деп тануына болады.
Заңды тұлға органдарының түрі, оларды тағайындау тәртібі немесе тандау
және олардың өкілеттілігі заң және құрылтай құжаттары аркылы айқьшдалады.
Азаматтық кодекстегі 37-баптың жалпы ережесі занды тұлғалардың нақты
түрлері туралы нормалармен тәртіптеледі.
Заңды тұлғаның органдары алқалы немесе жеке дара болуы мүмкін.
Заңды тұлғаның атауы. Азаматтық кодекстің 38-бабының 1-тармағына
сәйкес заңды тұлғаның оны басқа занды тұлғалардан айыруға мүмкіндік беретін
өз атауы болады. Занды тұлғаның атауы оньң құқык субъектісі ретінде
дараландыру құралы болып табылады. Коммерциялық ұйым болып табылатын занды
тұлғаның атауы занды түлғаны тіркегеннен кейін оның фирмалық атауына
айналады. Заңды тұлға өзінің фирмалық атауымен заңды тұлғалардың бірыңғай
мемлекеттік тізіліміне енеді. Фирмалық атау коммерциялық үйымның
тіркелуімен бір мезгідде тіркелуге жатады және интеллектуалдық меншікке
катысты құқықтың (құқыктың ерекше объектісі ретінде), ерекше объектісі
больш табылады (АК-тің 125-бабы).
Бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдаланатын тұлға ол атауды меншіктейтін
тұлғаның талабымен оны колдануды дереу тоқтатуға және келтірілген залалдын
орнын толтыруға міндетті.
Заңды тұлғаның атауы оның қалай аталатынын және ұйымдық құқықтық
нысанын көрсетуді қамтиды. Ол заңдарда көзделген қосымша мағлұматты қамтуы
мүмкін. Занды түлғаның атауы оның құрылтай құжаттарыңда керсетіледі.
Азаматтық кодекстің 38-бабы заңды тұлғаның атауына байланысты қойылатын
талаптармен коса оған белгілі бір дәрежеде шектеу жасаңды. Айталық, заңды
тұлғаның атауында заң талаптарына немесе қоғамдық мораль нормаларына қайшы
келетін аттар болса, егер жеке адамдардың есімдері қатысушылардың есімімен
сәйкес келмесе не қатысушылар бұл адамдардың шектеу жасаңды. Айталық, заңды

сәйкес келмесе не қатысушылар бұл адамдардың есімін пайдалануға олардан
(олардың мұрагерлерінен) рұқсат алмаса, ондай есімдерді пайдалануға жол
берілмейді.
Заңды тұлғаның тұрған жері. Заңды тұлғаның тұрған жерііс жүзінде
(міндеттемені орындауда азаматтық істерді сотқа беру және т.б. анықтаудада)
өте маңызды. Азаматтык кодекстің 39-бабында занды тұлғаның тұрақты жұмыс
істейтін органы тұрған жер оның тұрған жері болып табылатынын және
заңдытұлғаның тұрған жері оның құрылтай құжаттарында почталық
толық мекен-жайы жазылып көрсетілетіндігі қарастырылады.
Заңды тұлғаныц филиалдары мен өкілдіктері. Азаматтық кодекстің 43-
бабына сәйкес заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан жөне оның
міндеттерінің бәрін немесе бір бөлігін, соның ішінде өкілдік міндетін
жүзеге асырушы оқшау бөлімшесі филиал болып табылады. Ал занды тұлғаның
тұрған жерінен тыс орналасқан және оның мүдделерін қорғау мен өкілдігін
жүзеге асыратын оның атынан мәмілелер мен өзге құқықтық әрекеттер жасайтын
оқшау бөлімшесі өкілдік болып табылады. Филиалдар мен өкілдіктер заңды
тұлға болмайды. Бұларға өздерін құрған заңды тұлғаның мүлкі беріледі жөне
оның бекіткен ережелері негізінде жүмыс істейді. Әзгеше нысандағы занды
тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің басшыларын заңды тұлға уәкілдік
берген орган тағайындайды және оның сенімхаты негізінде жұмыс істейді.
Сөйтіп филиалдар мен өкілдіктер басшылары (филиал мен өкілдіктің өзі емес)
заңды тұлғаның өкілі ретінде әрекет етеді. Филиал немесе өкілдік басшысының
өкілеттілігі филиалды немесе өкілдік ережесімен емес, оған берілген
сенімхат ретінде айқындалады.
Филиалдар мен өкілдіктер басшыларының мөмілелері заңды тұлға атынан
жасалады және ондай мәмілелерден туындаған міндеттемелік жауапкершілікті
мүліктің бәрін өзіне еншілейтін заңды тұлға көтереді. Азаматтық кодекстің
42-бабының 4-тармағына сәйкес филиалдар мен өкілдіктер заң қүжаттарында
белгіленген тәртіппен тіркеледі және оларды қүрған зандытұлғаның жарғысында
көрсетілуге тиіс.
Филиалдар мен өкілдіктердің кұқықтық ережесінде айтарлықтай
айырмашылық жоқ. Бірақ, егер филиал занды тұлғаның міңдетінің барлығын не
бөлігін, оның ішінде өкілдіктін де міндетін жүзеге асыратын болса, онда
өкілдік өзін құрған заңды тұлғаның мүдделерін қорғауға тиісті және оның
атынан мәмілелер мен басқа да құқықтык әрекеттер жасай алады.
Заңды тұлғаларды қайта құру және тарату, Қайта құру дегеніміз
занды тұлғаның құқықтары мен міндеттерінің мирасқорлыққа етуіне байланысты
тоқтатылу тәсілі болып табылады. Қайта кұрудың бес түрі бар (АК-тің 45-
бабы): косу, біріктіру, белу, бөліп шығару, өзгерту. Заңдарда қайта қүрудың
басқа да нысандары көзделуі мүмкін. Қайта құру ерікті түрде немесе
ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін. Ерікті қайта құру заңды түлғаның мүлік меншік
иесінің немесе құрылтай құжаттары бойыншақайта құруға өкілеттігі бар занды
тұлғаның органының шешімі бойынша жүзеге асырылады. Бірақ мынадай жәйтті
ескеру керек, яғни заңды тұлғаның жекелеген түрлері үшін құжаттарының
императивті (бұйрық) нормасы заңды тұлғаның нақты органдарының құзыретіне
қатысты келіп, оны қайта құруға байланысты қабылдаған шешімге сәйкес
болады. Азаматтық кодекстің 79-бабына сәйкес қатысушылардьщ жалпы
жиналысының айрықша қүзыретіне жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қайта
құру немесе тарату туралы мәселені шешу жатады. Тиісінше занды түлғаны
қайта құру оның мүлкінің меншік иесінің (уәкілетгі органның) немесе заң
құжаттарымен уәкілдік ететін органның шешімімен, немесе қүрылтай кұжатымен
немесе занда қаралған жағдайларда сот органдарының шешімімен жүзеге
асырылады. Заңды тұлғаны қайта қүру жөніндегі шешім әдетте оның жоғары
органымен кабылданады. Мысалы, Ресейдің Азаматтық кодексінде заңда қаралған
ретте, заңды тұлғаны қайта құру құзыреті мемлекеттік органның келісімімен
жүргізіледі. Аталған норма бәрінен бұрын монополияға қарсы заңның
ережелерін басшылыққа алады.
Ықтиярсыз қайта құру заң құжаттарында көзделген реттерде сот
органдарының шешімі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін (АК-тің 45-бабының 3-
тармағы). Сөйтіп, Азаматтық кодекс заңды түлғаларды ықтиярсыз таратуды сот
тәртібімен ғана реттейді.
Ықтиярсыз тарату тәртібі Азаматтықкодекстің 45-бабының 3-тармағында
айқындалған, енді оны сөзбе-сөз келтіре кетелік: Егер заңды тұлғаның
мүлкін меншіктенуші, ол уәкілдік берген орган, қүрылтайшылар немесе заңды
тұлғаның кұрылтай құжаттарында қайта құруға уәкілдік берілген органы заңды
тұлғаны қайта құруды сот органының шешімінде белгіленген мерзімде жүзеге
асырмаса, сот занды тұлғаның басқарушысын тағайындайды және оған осы заңды
тұлғаны қайта құруды жүзеге асыруды тапсырады. Басқарушы тағайындалған
кезден бас-тап заңды тұлғаның ісін басқару жөніндегі өкілеттік соған
ауысады. Басқарушы сотта заңды тұлғаның атынан әрекет етеді, бөлу балансын
жасайды және оны заңды тұлғаны қайта құру нәтижесінде туындайтын құрылтай
құжаттарымен бірге соттың бекітуіне береді. Аталған кұжаттарды соттың
бекітуі жаңадан пайда болған занды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін негіз
болады".
Заңды тұлға, біріктіру нысанасында кайта құрылатын реттерді
қоспағанда, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар тіркелген кезден
бастапқайта құрылған деп есептеледі.
Заңды тұлғаны оған екінші бір заңды тұлғаны біріктіру жолымен қайта
құрған кезде, заңды тұлғалардың мемлекеттік регистрінде біріктірілген заңды
тұлға қызметінің тоқтатылғандығы туралы жазба жасалған кезден бастап
олардың біріншісі қайта кұрылған деп есептеледі.
Азаматтық кодекс (46-бап) заңды тұлғаларды кайта құрған кездегі
құқықты мирасқорлықты да қарастырады. Заңды тұлғаларды қосқан кезде олардың
әрқайсысының құқықтары мен міндеттері өткізу құжатына сәйкес жаңадан пайда
болған занды тұлғаға ауысады. Заңды тұлғаны екінші бір заңды тұлғаға
біріктірген кезде біріктірілген занды тұлғаның құқықтары мен міндеттері
өткізу құжатына сәйкес соңғысына ауысады.
Занды тұлғаны бөлген кезде оның кұқықтары мен міндеттері бөлу
балансына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаларға ауысады. Занды
тұлғаның құрамынан бір немесе бірнеше занды тұлғаларды бөліп шығарғанда,
бөлу балансына сөйкес олардың әрқайсысына қайта құрылған заңды тұлғаның
құқықтары мен міндеттері ауысады.
Өткізу актісі мен бөлу балансына (олардың мазмұны, бекіту) қойылатын
талаптар АК-тің 47-бабында қаралған. Оның 1-тармағындағы ереженің маңызы
зор, яғни өткізу актісі мен айыру балансында қайта құрылған заңды тұлғаның
барлық несие берушілері мен борыш қорларына катысты, барлық міндеттемелері
бойынша соның ішінде тараптар дауласқан міндеттемелер бойынша да кұкықты
мирасқорлығы туралы ережелер болуға тиіс.
Қайта құрылған занды тұлғаның мүлкі (құқықтары мен міндеттері) жаңадан
құрылған занды тұлға тіркелген немесе құрылтай құжаттарына өзгерістер
енгізілген тұста, егер заң құжаттарында немесе қайта құру туралы шешімде
өзгеше көзделмесе, мирасқорына етеді. АК-тің 47-бабында заңды тұлғаларды
кайта құру нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды тіркеуден бас
тартуда екі негіз қаралады: олар, атап айтқанда: 1) құрылтай құжаттарымен
бірге тиісті өткізу актісінің немесе бөлу балансының тапсырылмауы; 2)
оларда
қайта құрылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құқықты мирасқорлығы
туралы ережелердің болмауы; '
Осы айтылғандардан басқа, тіркеуден бас тарту АК-тің 42-бабының 5-
тармағы бойьшша жүзеге асуы мүмкін.
АК-тің 48-бабында занды түлғаны қайта құру кезінде оның несие
берушілері құқықтарының кепілдігі туралы айтылған:
1) қайта құру туралы шешім қабылдаған орган бұл туралы қай-
та құрылатын заңды тұлғаның несие берушілеріне жазбаша
түрде хабарлауға міндетті;
2) бөлінген және бөліп шығарылған кезде қайта құрылатын заңды тұлғаның
несие берушісі осы занды тұлға борышқоры больш табылатын
міндеттемелердің мерзімінен бұрын тоқтатылуын және келтірілген
залалдың орнын толтырылуын талап етуге құқылы;
3) егер бөлу балансы қайта құрылған занды тұлғаның құқықты мирасқорын
анықтауға мүмкіндік бермесе, жаңадан пайда болған занды тұлғалар,
сондай-ақ құрамынан басқа заңды тұлға бөлініп шыққан
заңды тұлға қайта құрылған заңды тұлғаның міндеттемелері
бойынша оның несие берушілерінің алдында ортақ жауапты
болады.
Тарату — заңды тұлғаныц кұқыктарымен міндеттерін мирасқорлыққа
өткізбей тоқтату тәсілі. Тарату ерікті түрде немесе ықтаярсыз жүргізілуі
мүмкін. Заңды тұлғаның мүлкін меніпіктенушінің немесе меншік иесінін
уәкілдік берген органның шешімі бойынша, сондай-ақ құрылтай құжаттарында
шешім қабылдауға уәкілдік берілген заңды түлға органның шешімі бойынша
занды тұлға кез келген негіз бойынша таратылуы мүмкін, әрине, бұл жерде
әңгіме ерікті түрде тарату туралы болып отыр.
Ал ықтиярсыз тарату сот шешімімен:
1) банкрот болған;
2) заңды тұлғаны құру кезінде заңдардың түзетуге келмейтін
сипатта бұзылуына жол берілуіне байланысты оны тіркеу жарамсыз
деп танылған;
3) заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына
қайшы келетін қызмет үнемі жүзеге асырылған;
4) тиісті рұқсат алынбаған (лицензия) қызметгі, не заң құжаттарына
тыйым салынған қызметті жүзеге асырған, не қызметін заңдарды
бірнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүргізген жағдайда;
5) заң құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда таратылуы
мүмкін.
Заңды тұлғалардың жекелеген түрлерін тарату мемлекет уәкілеттік еткен
тиісті органның шешімімен, заң құжаттарында қаралған негіздер бойынша
жүзеге аса алады.
Занды тұлғаны тарату оның мүжінің меншік иесінің (уәкілетті органының)
немесе занды тұлғаның тиісті органының тағайындаған тарату комиссиясымен
жүзеге асырылады, бұл арада әңгіме ерікті тарату туралы болып отыр, ал
басқа жағдайларда сот арқылы таратылады. Тарату жөніндегі комиссия тарату
кезеңінде заңды тұлғаны басқарады және оның атынан әрекет етеді.
Тарату комиссиясы болатын тарату жөнінде Әділет органдарына
хабарлайды, тарату комиссиясы занды тұлғанын таратылғаны туралы және оның
несие берушілерінің талаптарын мәлімдеу тәртібі мен мерзімі туралы ресми
баспасөзде жариялаңды. Бұл мерзім тарату туралы хабар жарияланған кезден
бастап екі айдан кем болмауы керек.
Несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру женінде АК-тің 51-бабында
айтылған, әрі онда мынадай кезек бойынша жүргізілетіндігі келтірілген:
1) бірінші кезекте таратылатын заңды тұлға өміріне немесе
денсаулығына залал келтіргені үшін жауапты болған азаматтың талаптары
тиісті мерзімді төлемдерді капиталға айналдыру жолымен қанағаттандырылады;
2) екінші кезекте несие берушілердің қамтамасыз ету сомасы шегінде
таратылатын банкроттың мүлкін кепілге салып
қамтамасыз етілген міндетгемелері жөніндегі талаптары канағаттандырылады;
3) үшінші кезекте еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін
адамдардың еңбегіне ақы төлеу және авторлык шарттар бойынша сый ақылар
төлеу жөніндегі есеп айырысу жүргізіледі;
4) төртінші кезекте — бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті
төлемдер жөнінде берешек өтеледі;
5) бесінші кезекте — заң қүжаттарына сәйкес басқа да несие берушілермен
есеп айырысылады.
Таратылатын заңды тұлға мүлкінің жеткіліксіз болуына байланысты несие
берушілердің қанағаттандырылмаған, сондай-ақ тарату балансын бекіткенге
дейін мәлімделмеген талаптары өтелген деп есептеледі. Егер несие беруші
талап қойып сотқа жүгінбесе, несие берушілердің тарату комиссиясы
мойындамаған талаптары да, сот шешімімен несие берушіге қанағаттандырудан
бас тартылған талаптар да өтелген деп есептеледі.
Банкроттық. Занды тұлғаны таратудың жеке жағдайы оны банкрот жариялау
болып табылады. Банкрот үғымы АК-тің 52-бабында келтірілген. Оған сәйкес,
банкроттық борыш қордың соттың шешімімен танылған оны таратуға негіз болып
табылатын дәрменсіздігі. Демек, занды тұлғаның банкрот деп танылуы оның
дәрменсіздігіне қатысты, яғни борышқордың несие берушілердің талаптарьш
өзіне тиесілі мүлік есебінен өтеуге мүмкіншілігінің болмауы. Заңды тұлғаның
банкротқа ұшырауы оның тарауына негіз болады. Дәрменсіздігі заңды тұлғаны
таратудағы негізгі мақсат оған несие берушілердін, мүдделерін қамтамасыз
ету. Таратьшатын борышқордың мүлкі барлык, несие берушілердің талаптарын
канағаттандыру үшін жеткіліксіз болған жағдайда активтер оларға әділ етіп
бөлінеді. Азаматтық кодекске сәйкес, жеке кәсіпкердің және заңды тұлғаның
банкроттығы болады. Бірақ, мекемелер мен қазыналық кәсіпорындарға банкротты
қолдануға тиісті емес, өйткені, олар несие берушілердің талаптарын орындау
үшін ақша қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, олардың міндеттемелері
бойынша қосымша (субсидиарлық) жауапкершілікті тиісті мүліктің меншік иесі
көтереді. Сондықтан да 1997 жылы 21-қаңтарда қабылданған Қазақстан
Республикасының "Банкроттық туралы" Заңының 2-бабына сәйкес, банкроттык
казыналық кәсіпорындар мен мекемелерге жүрмейді. Дәрменсіз борыш қорға
банкроттық ресімді қолдануда банкроттық ерікті немесе мәжбүр ету тәртібімен
жүзеге асырылуы мүмкін.
Ерікті банкроттық борышқордың еркімен сотқа арыз беруі арқылы сот
шешімімен танылады немесе несие берушілердін бақылауына негізделген өтініш
пен сотсыз-ақ жүзеге асады. Ал мәжбүрлеу тәртібімен болатын банкроттык
несие берушінің, сондай-ақ заң актілерінде көзделген жағдайларға сәйкес
өзге де адамдардың сотқа өтініш беруі немесе "Банкроттық туралы" заң
талаптары арқылы мүмкін болады.
Борышқор Азаматтық кодекске сүйене отырып өзінін, дәрменсіздігіне
байланысты банкроттық туралы іс қозғауды сұрап сотқа өтініш бере алады.
Борышқор өзін тарату жөнінде сотқа жүгінгенде қоддағы мүлкі бойынша несие
берушілердің талабын қанағаттандыра алмайтындышн, яғни дәрменсіз екендігін
сотқа беретін өтінішінде баяндауы тиіс.
Егер борышқор үш ай ішінде өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз
ете алмаса, онда несие беруші борышкорды банкрот деп тану жөнінде сотқа
өтініш жасайды.
"Банкроттық туралы" ҚР Заңының 35-бабына сәйкес, банкроттық туралы сот
мынадай қаулылардың бірін қабылдай алады:
1) борышқорды банкрот деп тану жөне конкурс жүргізу туралы шешім;
2) борышқорды банкрот деп танудан бас тарту туралы шешім;
3) өтініш жасалған жағдайда оңалту рәсімін қолдану туралы үйғарым;
4) іс жүргізуді қысқарту туралы ұйғарым.
Оңалту рәсімдері. Банкроттық рәсімдердің мейлінше маңызды рәсімі
борышқорға төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге мүмкіндік жасау және оны
таратудан аман алып калу болып табылады. Бұл орайда бұған тек борышқордың
өзі ғана емес, көп жағдайда несие берушінің өзі, тіпті қоғамнын өзі ынталы
болады.
Борышқорға төлем кабілеттілігін қалпына келтіру мақсаты үшін оңалту
рәсімі қолданылуы мүмкін.
Оңалту рәсімі деп — дәрменсіз борышқорға оны таратылудан сақтап қалу
мақсатымен борышқордың төлем қабілетін қалпьша келтіруге бағытталған сот не
соттан тыс рәсім арқылы қолданылатын кез келген қайта құрушылық,
ұйымдастыру шаруашылық, баскарушылық, инвестициялық, техникалык, қаржы-
экономикалық, құқықтық және заңдарға қайшы келмейтін өзге де шараларды
айтады.
Оңалту рәсімі тек коммерциялық ұйымдарға қатысты ғана қолданылады және
екі жылдан аспауы керек. Аталған рәсімді қолдануға борышқордың әзі өтініш
жасауы мүмкін, және оның мулкінін. иесі (мемлекеттік кәсіпорынға қатысты)
немесе несие беруші де сондай құқыққа ие болады. Оңалту рөсімін жүзеге
асыру үшін сот кепілімен қамтамасыз еткен талаптардың жал-пы сомасының 50
пайызынан, сондай ақылы несие берушілер талаптарының жалпы сомасының 50
пайызынан асатын болса онда несие берушілердің келісімі қажет. Оналту
рәсімі несие берушілердід келісімімен тағайындалған оңалтуды басқарушысы
жүзеге асырады. Дөрменсіз борышқорды банкрот деп жариялағанда оны тарату
конкурс тәртібімен жүзеге асырылады, сол үшін де конкурстық басқарушы
тағайындалады. Банкроттық тарату сот арқылы айқындалады және ол алты айдан
аспауы керек.
Дәрменсіз борышқорды борыштардан босату және банкрот болған заңды
тұлға қызметінің тоқтатылуы Азаматтьгқ кодекстің 56-57-баптарында
қарастырылған.

2.1. Заңды тұлғаларды құру және қайта құру тәртіптері мемлекеттік тіркеу.
Азаматтық кодекске заңды тұлғаларды құру жөнінде жалпы ережелер
енгізілген, сол арқылы оның түрлерінің жекелеген нормалары нақтыланады.
Кодексте заңды тұлғаның құрылтайшысы хақында арнайы бап енгізілген.
Азаматтық кодекстің 40-бабына сәйкес заңды тұлғаны бір немесе бірнеше
құрылтайшы құруы мүмкін. Мүлікті шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару
құқығымен иеленетін заңды тұлғалар меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген
органның келісімімен басқа заңды тұлғалардың құрылтайшылары бола алады.
Азаматтық кодекс құрылтай құжаттарының түрін және міндетті реквезиттері
мен басқа да оған қойылатын талаптарды айқындайды.
Азаматтық кодекстің 41-бабына сәйкес заңды тұлға өз қызметін жарғысы не
құрылтай шарты деп аталатын құрылтай құжаттары негізінде жүзеге асырады.
Заң құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның басқа құрылтай құжаттары болуы
мүмкін. Сонымен қатар, коммерциялық емес ұйымның құжаттары: 1) мекеме үшін-
меншік иесі (меншік иелері) бекіткен ереже (жарғы) және меншік иесінің
(меншік иелерінің) заңды тұлға құру туралы шешімі; 2) қор, тұтыну
кооперативі, коммерциялық емес акционерлік қоғам қауымдастық (одақ)
нысанындағы, өзге де ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі
үшін-құрылтайшылар бекіткен жарғы және құрылтай шарты; 3) қоғамдық
бірлестік, діни бірлестік үшін-жарғы болып табылады (Коммерциялық емес
ұйымдар туралы Заңның 21-бабы).
Коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарының талаптары коммерциялық
емес ұйымның өзінің, оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) орындауы үшін
міндетті.
Коммерциялық емес ұйымның құрылтай шарты мен жарғысы арасында қарама-
қайшылық болған жағдайда: 1) егер оларға құрылтайшылардың ішкі
қатынастарына қатысты болса, құрылтай шартының; 2) егер олардың қолданылуы
заңды тұлғаның үшінші тұлғалармен қатынасы үшін маңызды болса, жарғының
талаптары қолданылуға тиіс.
Бір адаммен құрылған коммерциялық және коммерциялық емес ұйым тек жарғы
негізінде ғана жұмыс істей алады. Азаматтық кодекстің 41-бабының 3-
тармағына сәйкес шаруашылық серіктестік пен өндірістік кооперативтің
құрылтай құжаттарында олардың қызметінің мәні мен мақсаттары белгіленуге
тиіс. Құрылтай құжаттарының қатарына құрылтай шарты енгізілген жағдайда
Азаматтық кодекстің 41-бабындағы талаптар сақталуы керек, сонымен бірге
онда көрсетілген ережелермен шектеліп қалмайтындығы да ескерілген.
Заңды тұлғаның жарғысына қоятын талаптар аталған баптың 5-тармағында
қамтылған. Жарғының міндетті шартының тізбесінде бірқатар шартар қамтылған,
атап айтқанда, ол жұмыс тәртібі туралы, әкімшілік пен еңбек ұжымы
арасындағы өзара қарым-қатынастарды және тағы басқа енгізу қажеттігін
міндеттейді. Заңды тұлғаның құрылтай шарты мен жарғысы арасында қарама-
қайшылық туындаған жағдайда:
1) егер құрылтайшының ішкі қатынастарына қатысты болса, құрылтайшы
шарты;
2) егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның үшінші тұлғалармен
қатынастарында маңызы болса, жарғының ережелері қолданылуы тиіс.
Барлық мүдделі адамдар жарғымен танысуға құқылы.
1. Акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктер туралы жалпы
ережелер. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне
(салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестік деп
танылады. Шаруашылық серіктестіктер және оның жекелеген түрлері туралы
жалпы ереже Азаматтық кодекске енгізілген. Акционерлік қоғамдар мен
шаруашылық серіктестіктерді құру мен олардың кызметі 1998 жылы 10-шілде де
қабылданған Қазақстан Республикасынын "Акционерлік қоғамдар туралы" заңымен
және 1995 жылы 2-мамырда қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің
"Шаруашылық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz