Бәсекенің экономикалық мәні мен қызметтері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КIРIСПЕ

I БӘСЕКЕ – ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАНЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ

1. Бәсекенің экономикалық мәні мен қызметтері
2. Бәсекенiң экономикалық табиғаты қағидалары

II ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАДАҒЫ ЖЕТІЛГЕН ЖӘНЕ ЖЕТІЛМЕГЕН БӘСЕКЕЛІК ЖАҒДАЙЛАР
1.1 Жетiлген бәсеке рыногы, қызмет ету механизмі
2.2 Жетiлмеген бәсеке рыногы және оның формалары

III ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БӘСЕКЕЛIК ОРТАНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰЛТТЫҚ
ЭКОНОМИКА ҮШІН МАҢЫЗЫ
3.1 Қазақстан экономикасында бәсекенiң қалыптасуы мен дамуы
3.2 Елiмiзде бәсекенi қолдау мен монополияға қарсы саясат

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КIРIСПЕ

Әлемдiк тәжiрибе дәлелдегендей экономиканың шикiзат бағыттылығы елдiң
тиiмдi және тұрақты дамуын қамтамасыз етпейдi. Сондай-ақ бүгiнгi жаһандану
кезiнде ұлттық экономика бәсекеге қабiлеттi болмаса, онда оның болашағы
бұлынғыр болып табылады. Сондықтан да бiзге мемлекет ретiнде қалыпты жұмыс
iстеу үшiн тұтастай алғанда экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болу керектiгi
сөзсiз. Ал осыдан барып әр сектордың өз мiндетi туындайтыны белгiлi.
Жалпысында бәсекеге қабiлеттiлiк – экономикалық категория болып табылады.

Бәсеке жалпы экономикалық құндылықтар мен жетiстiктердi дамытудың
негiзгi құралы болып табылады. Бәсекелiк рынокта қызмет етушi фирмалар мен
кәсiпорындар қоғамның әр түрлi сұранысына бейiмделiп, тиiмдi
инвестицияларды орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске
ұмтылады, өндiрiстiк және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнiмдер
шығарудың көлемiн арттыруға ынталы болады.
Осылайша әрбiр кәсiпкердiң бәсекеқабiлетi жоғары болуының нәтижесiнде
әлемдiк экономикалық рынокта ұлттық экономиканың бәсекеқабiлеттiлiгi
артады.
Бәсеке қоғамға экономикалық еркiндiктi, тиiмдiлiктi, дамудың
тұрақтылығын, экономикалық қауiпсiздiктi ұсынады. Немiс экономикасының
белгiлi экономист ғалымы Людвиг Эрхард бәсекелестiктiң экономика үшiн
қажеттiлiгiн келесi жолдармен көрсетедi: “... рыноктың шаруашылық және
оның қызмет ету механизмi еркiн бәсекелестiктен ажырап қызмет етуi мүмкiн
емес...”. Бәсекенiң экономикалық табиғаты жеке меншiктiк қатынастармен
тығыз байланыста болады.
Сондықтан мен экономикалық теория пәнiнен курстық жұмысымның тақырыбын
“Бәсеке, оның экономикалық табиғаты мен елдің шаруашылық өміріндегі
атқаратын рөлі” деп алдым. Бұл тақырыптың өзектiлiгi Елбасымыз өткен жылы
“Бәсеке қабiлеттi Қазақстан”, “Бәсеке қабiлеттi экономика” және “Бәсеке
қабiлеттi халық” деген Қазақстан халқына Жолдауында, елiмiз үшiн өзектi
мәселелердiң бiрi Қазақстан Республикасын ұлттық экономиканың бәсекеге
қабiлеттiлiгi жоғары деңгейде дамып, әлемдегi дамыған елдер қатарына қосылу
керектiгiн атап көрсеткен болатын.
Қазiргi кезде нақты рыноктық қатынастар орнап, бағаны белгiлейтiн тек
қана сұраныс пен ұсыныс деп төте айту қиындау. Өйткенi фирмалар белгiлi бiр
рынокта, белгiлi бәсеке жағдайында және белгiлi рынок құрылымының негiзiнде
әрекет жасайды.
Рынок құрылымы фирмалардың саладағы санына, фирманың көлемiне, тауар
сипатына, оның рынокқа ену жеңiлдiгiне немесе ақпараттың қолда болуына
байланысты.
Экономикамыздың нарықтық қатынастарға өтуiне байланысты бәсеке түралы
көп кездестiремiз. Бәсеке өз кезегiнде рыноктық экономиканың сұраныс пен
ұсыныс сияқты негiзгi элементi болып табылады. Бiрақ қазiргi жағдайда
қайбiр елдiң болмасын, оларда таза бәсекелестiк экономикалық рынок жоқ.

I БӘСЕКЕ – ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАНЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ
1. Бәсекенің экономикалық мәні мен қызметтері

Бәсеке жалпы экономикалық құндылықтар мен жетiстiктердi дамытудың
негiзгi құралы болып табылады. Бәсекелiк рынокта қызмет етушi фирмалар мен
кәсiпорындар қоғамның әр түрлi сұранысына бейiмделiп, тиiмдi
инвестицияларды орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске
ұмтылады, өндiрiстiк және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнiмдер
шығарудың көлемiн арттыруға ынталы болады.
Осылайша әрбiр кәсiпкердiң бәсекеқабiлетi жоғары болуының нәтижесiнде
әлемдiк экономикалық рынокта ұлттық экономиканың бәсекеқабiлеттiлiгi
артады.
Қазақстанның соңғы жылдардағы экономикалық өсуге қол жеткiзуiнiң өзi
бәсекеқабiлеттiлiктiң қалыптасуы мен дамуы есебiнен болып отыр. “Қазақстан
– 2030” даму стратегиясында жеке меншiк құқығын қамтамасыз ету, сондай-ақ
рынокта еркiн бәсекелестiк ортаны қалыптастырып және антимонополиялық
реттеудi сенiмдi түрде жүргiзу керектiгiн атап өткен.
Бәсеке қоғамға экономикалық еркiндiктi, тиiмдiлiктi, дамудың
тұрақтылығын, экономикалық қауiпсiздiктi ұсынады. Немiс экономикасының
белгiлi экономист ғалымы Людвиг Эрхард бәсекелестiктiң экономика үшiн
қажеттiлiгiн келесi жолдармен көрсетедi: “... рыноктың шаруашылық және
оның қызмет ету механизмi еркiн бәсекелестiктен ажырап қызмет етуi мүмкiн
емес...”. Бәсекенiң экономикалық табиғаты жеке меншiктiк қатынастармен
тығыз байланыста болады.
Бәсеке дегенiмiз, бiр жағынан, iс-қимыл жасайтын салада ұнамды
нәтижеге жету үшiн жүрiп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргiзудiң
қолайлы жағдайына ие болу үшiн, пайданы көп табу үшiн тауар өндiрушiлердiң
бiр-бiрiмен күресi. Екiншi жақтан, ол рынок субъектiлерiнiң өнiмдi өндiру
мен оны өткiзудегi және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары.
Бәсекенi экономикалық процесс ретiнде шаруашылық жүргiзушi
субъектiлердiң белгiлi әрекеттерiнiң жиынтығының түрi деп тануға болады.
Осы әрекеттер экономикалық цикл түрiнде жинақталады.
Өнiмнiң өмiр сүру циклi бәсекелiк күрес дәрежесiне елеулi әсер етедi.
Өнiмнiң өмiр сүру циклiне оның шығарыла бастауынан тоқтағанша жүрiп
отыратын мерзiмi жатады. Бұл цикл төрт фазадан тұрады:
1. жаңа өнiмдi игерiп, өндiрiске енгiзiп орналастыру. Бұл арада сату
көлемi көп емес, шығарылған өнiмнiң бағасы жоғары болады;
2. өндiрiстiң өсуi - өндiрiстiң масштабы өседi, сұраныс өседi,
жоғары баға сақталады;
3. кемелдену. Өндiрiс көлемi ең жоғары дәрежеге жетедi, сұраныс
толық қанағаттанады, өндiрiс қарқыны бәсеңдейдi, бәсеке
шиеленiседi және бағалар төмендей бастайды;
4. ескiру. Бұл фазада сұраныс төменгi шегiне жетедi, өндiру азаяды.
Бәсеке сайысы сөне бастайды. Өнiмнiң басым көбiнiң өндiрiлуi
тоқталады, жаңа өнiм өндiру басталады.
Рыноктық экономикада рыноктағы көптеген фирмалар мен кәсiпорындар
бәсекелiк сайыста шаруашылық жүргiзушi субъектiлер өз бәсекелесiне
мардымсыз әрекеттер қолданады. Мұндай әрекеттердi “тиiмсiз бәсеке” деп
атауға болады:
• тауардың сапасы туралы және оның сипаттамасы. Жасау әдiсi мен жасалған
орны туралы жалған ақпарат тарату;
• бәсекелес туралы өтiрiк немесе қате мәлiметтер тарату;
• бәсекелестiң тауарлық белгiсiн, оның фирмасының атын, маркировкасын
заңсыз пайдалану;
• тауардың сапасы туралы дұрыс түсiнiк бермейтiн жарнама жасау;
• бәсекелестiң тауарын жамандап көрсететiн салыстырмалар қолдану;
• келiсiм бойынша өздерi ған бiлуге тиiстi салаға жататын
конфиденцияллық ғылыми-техникалық өндiрiстiк және басқадай
информацияны таратып жiберу. Аталған шарт бзушылықпен күресу
Қазақстанда мемлекеттiк антимонополиялық агенттiкке жүктелген.
Қазiргi заманда “жетiлген бәсеке” концепциясы болып, өндiрiстiң
экономикалық теориясы жарыққа келдi. Мұның үлгiсiндегi рыноктың екi типi
аталады:
• жеке тұтынуға пайдаланылатын тауарлар мен қызметтер рыногы;
• өндiрiс факторларының рыногы.
Осы рыноктардың өзара байланысы техникалық заң түрiнде тұжырымдалған,
экономистер оны “өндiрiс функциясы” деп атайды.

2. Бәсекенiң экономикалық табиғаты мен қағидалары

Бәсеке қоғамға экономикалық еркiндiктi, тиiмдiлiктi, дамудың
тұрақтылығын, экономикалық қауiпсiздiктi ұсынады. Немiс экономикасының
белгiлi экономист ғалымы Людвиг Эрхард бәсекелестiктiң экономика үшiн
қажеттiлiгiн келесi жолдармен көрсетедi: “... рыноктың шаруашылық және
оның қызмет ету механизмi еркiн бәсекелестiктен ажырап қызмет етуi мүмкiн
емес...”. Бәсекенiң экономикалық табиғаты жеке меншiктiк қатынастармен тғыз
байланыста болады.
Бәсеке шаруашылық өмiрде басты рольде ойнайды. Ол экономикалық
еркiндiктi қамтамасыз етiп, рыноктағы субъектiлердiң қарым-қатынасын
тереңдету арқылы рыноктағы жағдайлар мен сұранысқа бейiмдi болып келедi.
Адам Смиттiң “көрiнбейтiн қол” мысалының негiзiнде бәсекелестiк теориясы
жатыр, яғни , әрбiр жеке адам немесе кәсiпкер ең бiрiншi өз пайдасын
ойлайды, сол пайдаға қол жеткiзу үшiн олар өз қызметтерiнiң бәсекелiк
қабiлетiн арттыруға ынталы болады. Бұл өз кезегiнде жаңа iзденiстердi,
инновациялық жаңалықтарды ашуға жол ашады.
Бәсеке экономикалық категория ретiнде объективтi және субъективтi
маңызда болады. Объективтi мағынада бәсеке рыноктағы ерекше жағдайларды
белгiлейдi, яғни жекелеген субъектiлер кәсiпкерлер жалпы рыноктағы
тауарлардың айналысына және оның бағасына жеке өзi әсер ете алмау сипатымен
көрiнедi. Бәсеке субъективтi тұрғыда бәсекелес шаруашылық субъектiлерi
арасындағы экономмкалық қатынастарды көрсетедi, яғни өндiрiс пен материалды
игiлiктердi айырбастау негiзiнде туындайды.
Бәсеке жалпы экономикалық құндылықтар мен жетiстiктердi дамытудың
негiзгi құралы болып табылады. Бәсекелiк рынокта қызмет етушi фирмалар мен
кәсiпорындар қоғамның әр түрлi сұранысына бейiмделiп, тиiмдi
инвестицияларды орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске
ұмтылады, өндiрiстiк және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнiмдер
шығарудыңкөлемiн арттыруға ынталы болады.
Осылайша әрбiр кәсiпкердiң бәсекеқабiлетi жоғары болуының нәтижесiнде
әлемдiк экономикалық рынокта ұлттық экономиканың бәсекеқабiлеттiлiгi
артады.
Қазақстанның соңғы жылдардағы экономикалық өсуге қол жеткiзуiнiң өзi
бәсекеқабiлеттiлiктiң қалыптасуы мен дамуы есебiнен болып отыр. “Қазақстан
– 2030” даму стратегиясында жеке меншiк құқығын қамтамасыз ету, сондай-ақ
рынокта еркiн бәсекелестiк ортаны қалыптастырып және антимонополиялық
реттеудi сенiмдi түрде жүргiзу керектiгiн атап өткен.
Бәсеке өз кезегiнде салаiшiлiк, салааралық және халықаралық бәсеке
болып бөлiнедi. Iшкi және салааралық бәсеке қоғамдық еңбектiң бөлiнiсiнiң
заңдылықтарын дамытып, өнеркәсiптi мамандандыруға. Салалардың салаiшiлiк,
өнеркәсiп орындарының санының артуына және олардың бiр-бiрiне тәуелдiлiгiн
қамтамасыз етедi.
Салаiшiлiк бәсеке тауарлардың рыноктық бағасын қалыптастырады. Олардың
iшiдегi техникалық жағдайы жоғары және еңбек өнiмдiлiгi артық кәсiпорындар
қосымша пайда тауып отырады. Әрбiр саланың компанияларының техникалық
жағдайы, еңбек өнiмдiлiгi қарқынының деңгейi, тауарлардың жеке құны әр
түрлi болып отырады. Салаiшiлiк бәсеке негiзiнде кәсiпорындар шығынды
азайтуға, ресурстарды тиiмдi пайдалануға, инновациялық өнiмдер шығаруға
ынталы болады.
Салааралық бәсеке әр түрлi рынокта қызмет етушi шаруашылық салалардың
арасында туындайды. Яғни сырттан келетiн инвестицияларды өз саласына
тартуға, осы саланы жетекшi сала ретiнде алып шығуы үшiн бақталас болып
табылады.
Халықаралық бәсеке әр түрлi елдер арасында орын алады. Бүгiнгi
жаһандану және ғылыми-техниканың жоғары дамыған, экономикалық қатынастардың
күрделене түскен жағдайда әрбiр ел өзiнiң егемендiгiн және экономикалық
потенциялын сақтап қалу үшiн бәсекеге түседi.
Халықаралық бәсеке келесiдей сипатталады:
• бiрнеше басты салаларды әлем бойынша өзiне қарату, ноу-хауды дамыту,
қаржылық жағдайын жақсарту;
• көп аспектiлiк, әр түрлi рынок құрылымы мен механизмдерiне бейiмдi
болу;
• рыноктың осы заманға сай жылдам дамуын қамтамасыз ету;

II ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАДАҒЫ ЖЕТІЛГЕН ЖӘНЕ ЖЕТІЛМЕГЕН БӘСЕКЕЛІК ЖАҒДАЙЛАР
2.1 Жетiлген бәсеке рыногы, қызмет ету механизмі

Рынок құрылымы фирмалардың саладағы санына, әрбiр фирманың көлемiне,
тауардың сипатына, ол рынокқа ену жеңiлдiгiне ақпараттың қолда болуына
тәуелдi. Рынок құрылымын сыныптағанда оның негiзгi белгiсi болып сатушы
мен аларманның ықпалдылық деңгейiне, әсiресе ол ықпалдылық баға деңгейiне
байланысты.
Жетiлген бәсеке қалыптасу үшiн ондаған фирмалар әрекет жасап, олардың
өзара келiсiм жасауға мүмкiндiгi болмауы тиiс. Сонымен зерттеу нысаны
бәсекелес фирма болып табылады, ал оның мақсаты тауар өндiру мен қызмет
көрсету және оларды нарықта сату барысында пайданы мейлiнше арттыру.
Жетiлген бәсекеде жеке меншiкке және шаруашылықтың оңашалануына
негiзделедi. Өндiрушiлер бiр-бiрiмен тек рынок арқылы байланысады. Жеке
фирма өз өнiмiн өткiзуде iс жүзiнде рыноктағы айырбас жағдайына ешқандай
әсер ете алмаса, онда осындай болмыс – бәсекелiк қабiлеттiң ең жоғары
дәрежесi болып табылатын жетiлген бәсеке деп аталады.

Жетiлген бәсекелес рыногы дегенiмiз - төмендегi шарттар орындалатын
нарық:

Iрi фирманың жалпы нарықтық ұсыныстағы сату үлесi
елеусiз. Сондықтан, оның өнiм көлемi туралы өндiрiстiк
шешiмдерi жалпы ұсынысқа ықпал етпейдi, соған орай фирмалар
нарықтар бағасына да әсер ете алмайды;

Нарықта өнiм ұсынатын тәуелсiз сатушылар саны көп және
өнiмдерi бiртектi болып келетiн;

1. Баға, технология, ықтимал пайда жөнiндегi ақпараттар белгiлi
болады;
2. Сатып алушылардың баға туралы информациясы толық болады. Егер
бiреу өз өнiмiнiң бағасын көтерсе, онда ол сатып алушыларынан
айырылады;
3. Сатып алушылар өзара баға туралы келiсiм жасаспайды және
әрекеттерiн бiр-бiрiмен келiспей жеке жүргiзедi;
4. Жаңа фирмалардың салаға кiруiне немесе одан шығуына тосқауылдар
жоқ.
Осындай сатып алу-сату шарттарының орындалуы өндiрушiлер мен
тұтынушылардың өзара қатынастарына еркiндiк сипат бередi. Жетiлген бәсеке
баға белгiлеу механизмiнiң және тепе-теңдiк болмысы арқылы экономикалық
жүйенiң өзiн-өзi реттеуiнiң қалыптасу шарты болып табылады. Осының
нәтижесiнде жеке индивидтердiң экономикалық жетiстiкке жетудi көздейтiн
өзiндiк жеке дара қимылдары бүкiл қоғамдық жетiстiктерге жол ашады.
Жетiлген бесекенiң экономикада артықшылықтары мен кемшiлiктерi болады:
Артықшылықтары:
• Қоғамға қажет тауарларды өндiруде ресурстарды тиiмдi пайдалануға
мүмкiндiктiң болуы;
• Тез өзгерiп отыратын өндiрiс жағдайларына икемдi болып, оларға тез
үйлесуге көмектесе алатындығы;
• Тауарлардың жаңа түрлерiн жасау саласына жаңа техника мен технология
енгiзуге, өндiрiстi ұйымдастырып басқарудың жетiлген әдiстерiн
қолдануға, ғылыми-техникалық жетiстiктердi ұнамды пайдалануға
жағдайлар тудыратындығы;
• өндiрушiлердi көптүрлi қажеттiлiктердi қанағаттандыруға, тауарлар мен
қызметтердiң сапасын жоғарлату мақсаттандыруы.
Кемшiлiктерi:
• ұдайы өндiрiлмейтiн ресурстарды (ормандар, табиғи жануарлар, жер,
теңiз, мұхит қоймалары) сақтауға көмектеспейдi;
• қоршаған ортаны қорғауда негативтiк бағытта болады;
• ұжымдық пайдалануға бағытталған таулар мен қызметтер ( дамбалар,
жолдар, қоғамдық көлiк) өндiрiсiнiң дамуын қамтамасыз етпейдi;
• фундаменталдық ғылымның, жалпы бiлiм беру жүйесiнiң, қалалық
шаруашылықтың көп элементтерiнiң дамуына жағдай жасамайды;
• еңбек, табыс, демалу құқықтарына кепiлдiк бермейдi;
• әлеуметтiк әдiлетсiздiк пен қоғамның байлар мен кедейлерге бөлуiне
бөгет жасайтын механизмдерi жоқ.

“Бәсекелесу” деген сөздiң өзi экономикалық пайданы бөлу және
тұтынушының таңдауының бар екендiгiн көрсетедi. Дәл осы себептен де
өндiрушiлер тұтынушының сұранысын арттыру үшiн әрекеттер жасайды.
Жетiлген бәсекелес нарығында тауарды сатушылар және сатып алушылар
саны өте көп болады, сондықтан олардың әрқайсысы жеке түрде тауардың
нарықтық бағасына әсер ете алмайды. Тауардың бағасы нарықтағы сұраныс пен
ұсыныс арасындағы байланыс арқылы анықталады. Осының салдарынан тұтынушылар
мен сатушылар жетiлген бәсеке нарығында тауардың бағасын тұрақты деп және
өздерiнiң бақылауынан тыс деп қабылдайды. Өнiм өндiрушiлердiң басты мақсаты
пайданы ең жоғары деңгейге жеткiзу, сондықтан олар әрдайым ұтымды өнiм
көлемiн анықтауға ынталанады.
Жетiлген бәсекелi жағдайда фирманың көлемi шамалы болғандықтан ол
бағаға әсерiн тигiзе алмайды, ал монополиялық рынок бағаға өз үстемдiлiгiн
жүргiзедi.
Сондықтан қысқа және ұзақ мерзiмде кәсiпкер оңтайлы жағдай
қалыптастыру үшiн өнiм көлемiн немесе шығындарды өзгерту арқылы қол
жеткiзедi. Ал монополиялық рынок жетiлген бәсекелi рынокқа қарағанда
күрделi. Монополист фирма шығындарын есептеп қана қоймай, бағаның ұтымды
деңгейiн қалыптастыру керек, нарықта өзi жалғыз болғандықтан басқа
бәсекелестер кiргiзбеу үшiн немесе өнiм көлемiн арттыру үшiн көптеген iс-
шаралар жүргiзедi.

2.2 Жетiлмеген бәсеке рыногы және оның формалары
Елiмiздiң рыноктық қатынасқа өтуi, ұлттық экономикада жаңа ұғымдар
пайда болып, рынок құрылымдарының әр түрi қалыптасып және олардың қызмет
ету механизмi күрделене түстi. Рынок құрылымы негiзiнен келесi түрлерден
тұрады:
1) Жетiлген бәсеке нарығы;
2) Монополия;
3) Монополиялық бәсеке;
4) Олигополия.
Кейiнгi аталған 2, 3 және 4 рынок құрылымдары жетiлмеген бәсекелi
рынокқа жатады. Бұлай рынок құрылымдарының жiктелуi фирмалардың нарықтағы
санына, олардың рынокқа кiрiп-шығу жеңiлдiгiне немесе рыноктың қазiргi
жағдайы туралы ақпараттың толықтығына байланысты.
Жетiлген бәсекеге қарама-қарсы бәсеке түрi монополия болып табылады.
Ал монополия жағдайында тұтынушының алдында бiр ғана iрi өндiрушi тұрады.
Тұтынушы қаласа да, қаламаса да монополистiң өнiмiн пайдаланып, оның
тағайындалған бағасын қабылдауға мәжбүр болады. Монополистiң үлкен билiкке
ие болуына оның тауарының ерекшеленуiмен қатар, осы тауардың алмастырушысы
аз болуы да әсерiн тигiзедi. Бұл 1-суретте бейнеленген.
Мысалы, жетiлген бәсеке мен монополия нақты түрде шын өмiрде сирек
кездеседi. Олар көбiнесе рынокта араласып, бiрақ бiр жағы басымырақ
болып келедi. Өйткенi жетiлген бәсекеде бiрдей тауар олар мен үшiн әр
түрлi болып көрiнуi мүмкiн. Ондай жалған көрiнiс дүкендердiң орналасқан
жерiне, қызмет көрсету деңгейiне, жарнамаға және тауар орамының
ерекшелiгiне байланысты.
Ал монополияның толық қамтитын түрi ол сол өнiмнiң алмастырушысы жоқ,
сол өнiмдi қайта тұтынуға келмейтiн немесе белгiлi фирмаға ерекше
құқықтар беру арқылы көрiнуi мүмкiн. Сондықтан монополия көбiнесе қызмет
көрсету саласында орын алады.
Мысалы, елiмiзде монополиялық көрiнiс халыққа қызмет көрсету
саласында, яғни телекомуникация, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық маңызы
Бәсекенің мәні мен маңызы, оның атқаратын қызметтері
Экономиканы рыноктық қатынастарға одан ары реформалау
Нарықтың инфрақұрылымы мәні және негізгі элементтері
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары және кемшіліктері жайлы мәлімет
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары және кемшіліктері
Нарық құрылымы және инфрақұрылымы
Мемлекеттің монополияға қарсы саясатының мақсаттары мен әдістері
Нарықтық экономика жағдайы
Экономикалық жүйе және, оның экономикалық заңдылықтары
Пәндер