ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИСТІК МАҚСАТЫНДА КӨРНЕКІЛІК ЖЕРЛЕРІН ДАМЫТУ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨРНЕКТІЛІК ЖЕРЛЕРІ ЖӘНЕ ТУРИЗМНІҢ ИНДУСТРИЯСЫ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Көрнектілік жерлер, инфрақұрылымы олардың тартымдылық шкаласы және өткізу әлеуеті . . . 6
1. 2 Туристік объект ретіндегі Қазақстанның көрікті жерлері . . . 12
2 ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК - ЭКСКУРСИЯЛЫҚ МАҚСАТТАРДЫҢ КӨРНЕКТІЛІК ЖЕРЛЕРІНІҢ СИПАТТАМАЛАРЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2. 1 Шығыс Қазақстан облысының туристік аймақ ретіндегі табиғаты мен шаруашылығы . . . 22
2. 2. Облыстың туристік - экскурсиялық ресурстары, оның инфрақұрылымы . . . 30
2. 3 Игерілген туристік - экускурсиялық нысандар және оның құндылығы . . . 49
3 ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИСТІК МАҚСАТЫНДА КӨРНЕКІЛІК ЖЕРЛЕРІН ДАМЫТУ
3. 1 Табиғи және жасанды көрнекілік жерлердегі туризмді дамыту . . . 67
3. 2 Шығыс Қазақстан облысының туризм қызметін белсендіру жолдары . . . 70
Қорытынды . . . 73
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 74
Кіріспе
Туризм дүние жүзі бойынша кез - келген қоғамда ерекше орында, ол маңыздылығы жағынан жан-жақты қоғамдық құбылыс.
Туризмнің танымдық, тәрбиелік мәдени т. б. мәндерін маңыздылығын былай қойғанда, ең алдымен ол көптеген мемлекеттердің экономикасында белгілі - бір дәрежеде роль атқарды. Осы туризмнің экономикадағы маңыздылығын оның қоғамдағы орнын анықтайтын негізгі фактор ретінде қарастырамыз. Өйткені туризм белгілі - бір территорияда дамыған сайын, одан түсетін табыс ұлғаяды, жұмыс орны көбейеді, жергілікті инфрақұрылым (транспорт, байланыс, қосымша қызмет) жақсарады.
Бүгiнгi таңда Қазақстанның және шет ел туристерiнің, дем алуына жағдай жасауды ұйымдастыру, республиканың туристік потенциалын көтеру өзекті мәселелердiң бiрi. Туризм деңгейінің көтерiлуiне республиканың саяси - әлеуметтiк жағдайының тұрақтылығы және басқа мемлекеттермен халықаралық қарым - қатынас орнауы тиiс. Осыған орай, дипломдық жұмыстың мақсаты Шығыс Қазақстан аймақ туристік рекреациялық ресурстарына баға бере отырып олардың туризмді дамытудағы құндылығын ашу.
Жұмыстың көкейкестілігі еліміздің бүгінгі туристік ахуалды жан-жақты зерттей отырып бүгінгі күн талаптарына сәйкес туристік сұраныстарды қанағаттандаратын Шығыс Қазақстан аймағының туристік мүмкіншіліктерін ашу. Аймақтағы танымдық, емдік - сауықтыру мәдени демалыс спорттық туризм түрлерін және экскурсиялық қызметпен сервис сапасының даму дәрежесін анықтау болып табылады. Туристік ресурстармен нысандардың экскурсиялық талаптар үшін маңыздылығын, мазмұнын қарастырады. Осыған байланысты жұмыс Қазақстанның көрнектілік жерлері немесе туризмнің индустриясы негізіндегі мынадай негізгі зерттеу міндеттерін қамтиды:
1 Шығыс Қазақстан аймақтың шаруашылық дамуын сипаттайды.
2 Шығыс Қазақстан облысының туристік-экскурсиялық мақсаттың көрнекілік жерлердің сипаттамасы және шараларына баға бере отырып, аудандастыру мәселелерін қамтиды.
3 Қазақстанның туристік мақсатқа көрнекілік жерлерін қамту. Осыған сәйкес аймақтың туризмді дамытудағы мүмкіншіліктерге баға береді.
Селеулi ақ даласы, жасыл шалғынды өлкесi, қатпар - қатпар құз тастары, мұнар басқан таулары, мың бұратылған өзен - суы, жасыл желектi ну тоғайы, аңы мен малы қатар өрбiген Шығыс Қазақстан жерiне Албания мен Швеция сияқты мемлекеттер бiрге сыйып кеткендей. Халқымыз елдiк дәстүрiн сақтаған, ұлы перзенттерiнің үлгiсiн мұрат тұтқан, ата қадiрiн, ене қасиетiн сақтаған, ұл мен қыз қызығын қастерлей бiлетiн ел. Бұл жерде халқымыздың үш кемеңгер cypeткepi дүниеге келiп, өздерiнiң өлмес жырларын толғаған. Олар: Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов. Сөз өнерін әлемдік биiгiне көтерген үш алыппен бiрге осы өңірде Шоқан Уәлиханов, Федор Достоевский, Ахмет Байтұрсынов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Әміре Қашаубаев, Қаныш Сәтбаевтай ұлы ғұламалармен ақын - жазушы, әншілер өмірлерінің талай айлары мен күндерін кешкен.
Дипломдық жұмысты жазу барысында жергілікті жер газеттері материалдары, («Рудный Алтай», «Дидар»), мерзімді ғылыми баспа материалдары енгізілді, туризм кафедрасынан облыстың картасы және осыған қатысты т. б. деректер алынады. Жиыны 34 әдебиет және интернет материалдары пайдаланып жазылған бұл дипломдық жұмыс жиналған материалдарды жан - жақты өңдеу, талдау арқылы құрастырылды.
Дипломдық жұмысты жазу барысында көптеген iзденулерге тура келдi. Жаңа көзқарас, ойлар, түсініктер қалыптасты. Бүгiн Қазақстан жеке бөлiктерi жөнiндегi әдебиет пен оқу құралдарына мұқтаж болып отырған кезде, бұл дипломдық жұмысты облыстың туристiк кәсіпорындары, жоғары және орта оқу орындарының оқытушыларына, студенттерге және жоғары сынып оқушыларына пайдалануға болады. Дипломдық жұмыстың келешекте пайдасы мол және ол жалғасын табады деген ойдамын.
1 ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨРНЕКТІЛІК ЖЕРЛЕРІ ЖӘНЕ ТУРИЗМНІҢ ИНДУСТРИЯСЫ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Көрнектілік жерлер, инфрақұрылымы олардың тартымдылық шкаласы және өткізу әлеуеті.
Көрікті жерлер - жалпы барлық туристерге ұсынылатын табиғи, тарихи, мәдени археологиялық емдік - сауықтыру туристік ресурстарының жиынтығы.
Туристік тартымдылық - территория немесе объект сипаттамасын есепке ала отырып, оларды объективті және әлеуетті - экономикалық құндылықтары мен субъективті эстетикалық құндылықтары эмоционалдық іс - әрекеттер деңгейін ұсынатын бірігу түсінігі.
Туристік тартымдылық кешенді ұғым ретінде сәйкесінше құрылған туристік инфрақұрлымды ұсынады.
Потенциалдық қорымен және Қазақстан Республикасы Үкіметі көмегімен Қазақстан экотуризімінің дамуы дүние жүзінің нарықтық туризм қызметінде орын алады және оның дамуын қамтамасыз етеді. Қазақстанның 500 аса туризм ұйымының талдау қызметі, сыртқы және ішкі туризмнің көрсетуі бойынша Қазақстан экотуризімінің басты объектісі айрықша қолға алатын аумақ және олардың құрамының қосындысының тарихи ұлттық ескерткіштері болып табылады.
Қазақстанда 9 мемлекеттік табиғи қорық, 6 мемлекеттік ұлттық саябақтар, 57 қорықшалар, 24 табиғи ескерткіштер, 3 мемлекеттің ұлттық хайуанаттар саябағы, 7 мемлекеттік ботаникалық бақтар, 3 халықаралық маңызды сулы -сазды жер суы бар [5, ] .
Отандық тур операторлармен бүгінгі күні Республикамыздың облыстарына 898 туристік бағдар жасалынды, олардын ішінде: 27 атты бағдарлар, 153 емдік, 344 белсенді (демалыс күндердің бағдарлары), 111 мәдени танымдылық турлар, 67 Жібек Жолмен өтеді, 20 қажылық, 65 бағдарламасымен қоса аңшылық пен балық аулау. Қазақстанның экотуризімі өзіне экономикалық тартымдылық және болашақта басқарманың барлық денгейінде тұрақты дамуына қолдау тапты.
Сол себепті болашақта 2030 жылға дейін, Қазақстандағы ұйым, тағы 12 мемлекеттік саябақтар, 17 қорықтар, 65 табиғи ескерткіштер, 58 қорықшалар, туризмнің алыс түрінің даму үшін жаңа импульс қызмет етеді, демек айтылған туристік объектілер жұмыс атқарады.
Сурет 1
Қазақстан Республикасындағы туристік рекреациялық орындар санын көбейту
Қазақстан әртүрлі және қызықты ландшафтқа бай. Дәл ландшафтыда табиғат жағдай қолайлылық мүмкініділігі байқалады. Алайда бүгінгі күні осы керемет табиғи ресурстарысыз антропогендік жолмен экологиямызға әсерін тигізуде. Сондықтан да Қазақстан көрікті жерлері тартымдылығын арттыру үшін экологиялық туризм түрін басты үш өнім қатарына қосып отыр.
Туристік - рекреациялық мақсатқа бағытталған мемлекеттік ұлттық табиғи парк, республикалық маңызы бар - табиғат ескерткіштері, 57 қорықша бар. Қорғалатын территорияның ең таралған формасы - қорық. Қазақстандағы қорықтар алып жатқан жалпы алаң - ауданы бойынша ең ірісі - Қорғалжын (237, 1 мың га) және ең кішісі Барсакелмес қорығы (18, 3 мың га) . Әрбір қорық үлкен рекреациялық қызығушылық тудырады.
Ақсу - Жабағылы мемлекеттік қорығы Батыс Тянь - Шаньда орналасқан. Жалпы қорық ауданы - 77, 7 мың га бұл қорық несімен тартымды, 3000 м жоғары биіктікте қорық көріктілігі - «сурет галереясы» орналасқан. Мұнда қара порфиритті таста стилі бойынша әртүрлі тау ешкісі, арқар, марал, ат үстіндегі аңшы суретерінің көрінісі бейнеленген. Тіпті, тау жануары деп сипаттауға келмейтін - түйе және тасбақа көріністері бар. Көптеген ғалымдар оларды біздің эрамызға дейінгі 7 - 5 ғасырларға жатқызады. Мұнда сонымен қатар 60 түрлі өсімдік, 100 түрлі жәндіктер, моллюскалар, шаянтәрізділер т. б. жануарлар түрлері таңбасы табылған. Ерекше қызығушылықты 120 млн жыл бұрын өмір сүрген динозавр сүйектерінің табылуы таң қалдырады. Бұл кереметтер қорықтың 2 - і Қарабастау және Әулие (жалпы ауданы 220 га) палеонтологиялық аймағы жайғасқан.
Ақсу - Жабағылы қорығы танымдық және кейбір аймақтарында белсенді туризм түрін дамытуға мүмкіндік алады.
Барсакелмес қорығы - Арал теңізінің солтүстік бөлігінде, Барсакелмес шөлді аралында шоғырланған. Арал теңізінің тартылуынан Қызыл Кітапқа енген құлан, қарақұйрықтар (джейрандар) 2 - 3 жылда қайта оралуы мүмкін. Өйткені жасанды жолмен Кіші аралды толтырып, балықтар өсіруі келешекте Аралдың толығымен өз қалпына келуі қорық жұмысын жандандыруы тиіс.
Қорғалжын қорығы - 237, 1 мың га территорияны алып жатыр және Ақмола облысына қарайтын Теңіз - Қорғалжын ойпатында орын тепкен. Бұл аймақ «көлді өлке» деп аталады, өйткені шағын ғана сұлу ұсақ көлдер - Сұлтанкелді, Есей, Жаманкөл т. б. өте көп. Қорғалжын көлінің өзінде 40 аралдар бар.
Теңіз көлі әлемдегі сирек кездесетін солтүстік құстар ұялайтын орын. Оның ішінде - қызғылт фламинго. Жыл сайын фламинго бірнеше аралдарда колониялармен мыңдаған ұялар салады. Теңіз - Қорғалжын көлдері - көктем құстар маусымдық алмасуында үлкен аумақтағы су құстары шоғырланатын орын, сондықтан Қорғалжын қорығы әлемдік танымдылыққа ие болды. Ол ерекше қорғалатын батпақты - көлді жайылымдықтар ландшафтысы көрікті жері ретінде ЮНЕСКО тізіміне кіреді.
Марқакөл қорығы территориясында 5 биіктік белдеулері анық байқалады. Флорасы емдік қасиетке ие, соның ішінде моралит, алтын, тамыр, т. б. Жалпы бұл өңірді «екінші Швейцария» деп атағандықтан, бұндағы көрікті жерлер туралы жұмыс барысында айтылады. Қорық маңызды аттрактивті сапаға ие.
Наурызым - 87, 7 мың га алып жатыр, оның 39, 6 мың га аумағын орман алады. Қостанай облысындағы Наурызым ауданында шоғырланған. Қорық ормандары 3 аумақтан тұрады. Олар: Наурызым - Қарағай, Терсек борлары және Сыпсың ағаш ақ қайыңдары. Негізгі көрікті орын - Наурызым - Қарағай боры [5] .
Қорық су құстары ұя салатын, ұшып - қонатын жолда орналасқан далалы көлдер өлкесі. Әр қорықтың өз флорасы мен фаунасы ерекшелігі болады. Наурызым қорығы халықаралық маңыздылыққа ие болған сулы - батпақты жерлер қорғауға алынған.
Бұл аталған қорықтар табиғи қалыпты сақталған көрікті жерлер саны экологиялық туризмді дамытуда жаңа орындармен толықтыралы анық. Аталмаған қорықтар қаншама, тек бұл табиғи орындар көріктілігін арттыру мақсатында ештеңенің керегі емес. Тек ұйымдасқан туристік сапарлар болғаны.
Үлкен рекреациялық маңыздылыққа ие - ұлттық табиғи парктер. Қазақстанда ең бірінші болып 1977 жылы «Баянауыл» ұлттық паркі ашылған. Кейіннен Қарқаралы, Бурабай, Алтын Емел ұлттық парктері ашылды. Оның әрқайсысы бай флора және фауна жайымен керемет ландшафтымен ерекшелінеді.
«Алтынемел» - Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында орналасқан. Парк құрамына Үлкен және Кіші Қалқан, «Әнші құм», Ақтау және Қызылтау қорғандары туристік объект ретінде кіреді.
Іле - Алатау ұлттық паркі - Іле Алатауы солтүстік баурайын қамтиды. Ұлттық паркте биіктік зоналығы байқалады. Тау және тау - шаңғы туризмі үшін үлкен қызығушылық танытады.
«Шарын» табиғи паркі Шарын өзені аңғарында орналасқан. Ол - өзінің фантастикалық ландшафтысы, фауна және флорасымен ерекшелінетін ерекше экожүйе. Шарынның орта ағысында Шарын табиғат ескерткіші «Ясеневая роща» орналасқан. Бұл әлемдік маңыздылығы бар табиғат паркі.
Қазақстандағы табиғат ескерткіштері өте көп. Олардың көпшілігі мемлекеттік маңыздылығы бар табиғат ескерткіштері ретінде қорғауға алынған. Қазіргі таңда елімізде 24 табиғи ескерткіштер бар. Олар туризм үшін үлкен қызығушылық тудырады. Экзотикалық жартастар, мұздықтар, үңгірлер, сарқырамалар, сирек кездесетін фауна және флора өлкелері қайталанбас тартымдылық қасиеттерімен ерекшеленеді.
«Гусинный перелет» - аумағы 2 га алып жатқан Павлодардың солтүстік -батысында орналасқан палеонтологиялық көмбелер. Бұл құмды Ертіс айрығының ең биік жерінде жер бетінен 68 метр төмен жануарлар сүйектері сақталған. Онда: антилопа, жираф, бұғылар, страус, тасбақа т. б 12 - 14 млн жыл бұрын мекен еткен неогендік жануарлар көмілген. Сүйек қазбаларын құрайтын қабат күші - 3 метр.
Шарын «Ясеновая роща» ескерткіші Алматы облысының шығысында 4855 га аумақта орналасқан. Бұл сирек жайылымдық территориясында согдиандық ясень өседі, мұндай орман массиві ТМД бойынша айырбасы жоқ.
Шынтүрген шыршалары - Іле Алатауы тауында бозгүл шатқалында орналасқан. Бұл мұздану кезеңіндегі солтүстік тайга қара - қылқанды сирек аумақ осы күнге дейін сақталып, үлкен ғылыми құндылыққа ие болып отыр. Жалпы орман жамылғысы - 500 га - ға жуық. Бұл үш ескерткіш Қазақстандағы ерекше көрікті жерлерге жатады.
Маңғыстау үңгірлері мен Үстірт жотасы. Үстірттің Қазақстан бөлігінде әктасты - гипс жынысына жататын, 30 карсты үңгірлер бар. Ең ірісі - 100 - 120 метрге дейін жетеді және биік емес кіру және шығар жерлері бар. Жер асты үңгірлері туризмнің дамуына бастау болады.
«Төрткүл» үстел тәріздес қыраттар Еуразиядағы материктік мұздану кезеңінде қалған. Торғай үстіртіндегі ескерткіш. « Төрткүл » қазақшада - төрт жағы дегенді білдіреді.
Көкшетау қораттары - керемет әдемі тұщы көлдер мен жоталар тобынан тұрады. Көрсең көз тоймайтын Үлкен және Кіші Абақты, Шортанды, Бурабай көлдері. Желдің әсерінен экзотикалық жартастар түзілген. Мысалы: әрқайсысының атауы бар - ең тартымдылары Оқжетпес, Жұмбақтас, Сфинкс жеке батыр, бүркіт, түйе, қабырға. т. б.
Қарақия - ТМД территориясындағы ең терең құрғақ сипат, теңіз деңгейінен 132 м төмен орналасқан. Әрі ағынсыз ойпат ұзындығы - 40 км, ені - 10 км жетеді. [33]
Баянауылдың экзотикалық жартастары Павлодар облысының оңтүстігінде граниттік массив түрінде жоғарлайды. Ұзақ желден олардың түрін өзгертіп, көптеген экзотикалық түрлерге ауысқан. Олардың ішінде ең әйгілісі «Шайтантас» жартасы ертедегі персонаждарға ұқсас болған соң қойылған. Сонымен қатар «Тасты бос», «Булка», «Көгершін» т. б. жартастар. Қазақстанның әртүрлі аудандарында біздің табиғи ескерткіштерімізді таныла - тын керемет ландшафт түрлері бар.
Қозы-Көрпеш Баян-Сұлу кесенесі . Аягөз өзенінің жағалауында орналасқан өте қызықты тарихи орындардың бірі-Қозы-Көрпеш Баян-Сұлу мазары (X-XI ғ. ғ) . Бұл халық эпосының батырлар кейпі-бозбала мен бойжеткен арасындағы мәңгі махаббат символы.
Шығыс- Қазақстан туризм үшін көптеген мүмкіндіктер ұсынады және жалтыраған тау шыңдарын көруге, сарқырамалардың мұзды ауасын жұтуға, альпі шалғынының түрлі әуенін тыңдауға, сұлулық еркесі маралдарды көруге шақырады. Аймақтың фаунасы мен флорасы әртүрлі және бай. Семей аймағы-қазақтың ұлы ақыны ағартушы Абай Құнанбаевтың атақты жазушы-Мұхтар Әуезовтың туған жері.
Бірегей көркем жер- Марқакөл көлі. Бұл амақтағы ең үлкен теңіз 1485 м биіктіктегі терең ойпатта орналасқан көл. Туристер облыс тарихымен, оның табиғатымен жаяу, ат турларында, әртүрлі қиындықтағы тау өзендері мен ағуда, тау шаңғы жолында велосипед және мотоцикл саяхаттарында, бүркітпен аң аулауда, құмар балық аулауда таныса алады .
Марқакөл корықшасы - Шығыс- Қазақстанның табиғатының бірден- бір жері. Сирек кездесетін әдемілігімен және құндылығымен Марқакөл балықтары- тек қана облыстың ғана емес республикасының ең қымбаттысы. Көлге 27 өзен құяды, ал одан ағып шығатыны- көптеген сарқырамалары бар табалдықтырықты өзен қалжыр.
Көл солтүстігінен Күршім жотасымен (биіктігі 3000 м) шектелетін, ол оңтүстігінде Азытау жотасымен шектелетін (2385 м) ойпатта орналасқан. Көл ұзындығы- 38 км, ені- 19 км, тереңдігі- 27 м. Су тұшы, өте жұмсақ, минерализациясы- 0, 1 грамм литріне. Көлдің басты байлығы- ленок байлығы. салмағы- (3 кг- нан 8 кг-ға дейін) . Марқакөл көлі- балықтың осы түрі мекендейтін Қазақстандағы жалғыз көл. Қорғалатын зонаға көлдің 96 % бар. Белдеуге кіретін орман алабы көлмен үйлесіп - туризм мен демалысқа өте ыңғайлы орын.
Таудың әсемді, жартасты кертпеші жапырақты орманмен жабылған. Шалғынның және өзеннің маңында шетен, сібір шыршасы, аққаин, көктерек, терек, бұтақ, бұталардан- тобылғы, мойыл, ырғай, итмұрын, таңқұрай, қызыл және қара қарақат өседі.
Қорықшаның жануарлар әлемі де өте бай және әртүрлі. Орманда қара аю, түлкі, бұлан, қоян, сілеусін, марал, тиын, құну, бұлғын, елік, тышқан бар. Құстардан сұңқар, күміс, шағала, құр, тұйғын, үйрек, тауқұдірет, шіл бар. Қызыл кітапқа енген қар барысы, қызыл қасқыр, ұлар, қара тырна, суқарақұс кездеседі.
Қорықтың басты міндеті- көркем ландшафтын оның табиғи жағдайында сақтау; өсімдікт және жануарлар әлемін зерттеу, жануарлар мен өсімдіктің сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан түрлерін қалпына келтіруге қолайлы мүмкіншіліктер жасау.
Рахманов бастауы - Табиғи биік таулы ландшафттың әркелкілілек және әдемігілімен, жануарлар және бал қорағай тайгасы мен тау шалғының өсімдік әлеміне байлығымен, екпінді өзендерінінде хариустың бар болуымен, шулы және басқа шапшаң сарқырамаларымен, емдік көздері және басқа да көрнекіліктерімен Қатан-Қарағай ауданы шығыс Қазақстанның басқа аудандарының арасында ерекше орынға ие.
Аудан территориясында атақты «Рахманов бастауы» санаторийі бар. Ол теңіз деңгейінен 1700 м биіктікте өте көркем биік таулы өлкеде орналасқан. Бұл жерден Қатын жотасы өтеді.
Бұл жердің су асты суларында емдік радон бар. Радонның қалыптасуы өте сирек гранит минералының құрамындағы радиоактивті элементтерден таралатын өніммен байланысты. Термалды сулар әртүрлі қозғалыс мүшесінің ауруларын омыртқа жүйке жүйесі, тері ауруларын емдеуге қолданылады.
Емдік қайнарды 1763 ж жергілікті шаруа Рахманов ашты. Аң аулау кезінде жаралы маралдың ізінен түскен ол Арасаңқы өзенінің аңғарына шығады, ол сол жерде мөлдір, үлкен көлден шаршаған жануарды қуып жетеді. Марал көптеген ақ көбіршік бөлініп, бу шығып жатқан бұлақтың басында тұрды. Жаралы жануар күшін тез жинады. Бұлақта Рахмановтың өзі де шашынды.
Көп ұзамай емдік бұлақ туралы қазесет бүкіл Алтай мен Сібірге тарады, ал бұлақ өзінің алғашқы ашушысы Рахмановтың атымен аталды.
Емдік қасиет тайга және шалғын ароматымен суарылған таза тау ауасында да бар. Тайга бал қарағай, самырсын, шырша, май қарағайға бай. Аңғарда қайың, терек, мойыл, өседі. Осы өлкенің жануарлар әлемі де әркелкі. Мұнда борсық, қасқыр, түлкі, аю, барыс, сілеусін, бөкен, тиін мекендейді. Бұл орындар маралдың отаны. Олар бағалы жас қаттаған мүйіз береді, одан пантокрин - сергектік элексирі жасалады .
Қиын Қырыш - біздің жердегі (жалындаған) отты планетамыз. Отты Марс Даладағы сағым секілді мұнаралар, күмбездер және көп қабатты әртүрлі палогеннің құмды және батпақты жыныстарынан жасалған қабаттар пайда болады. Жасыл - сұр және жасыл - қоңыр реңктер ашық сұр- құқыр, сарғылт және ақ түстермен алмасып отырады, төмен қарай қайтадан жасыл-сұр және қызыл-қоңырдан қан-қықыл және кірпіш-қызыл түстермен алмасады. Бұл Қиын Қырыш тауы. Ол сирек ақ таңдақтары бар көлдері бар далалы жазықтан басталады. Қиын Қырыштың басты байлығы - батпақ пен топырақтың аз қабаты болып саналады. Қиын Қырыштың жоғары жатқан қабатында ертедегі омыртқалылардың сүйек қалдықтары бар .
Жарқыраған адырлар - Манрак жотасының етегіндегі Оңтүстік Зайсан маңының стратиграф - палеонтологиялық табиғат ескерткіштері ашық-қызыл түсі бойынша осылай аталған. Реңдердің әртүрлігі ашық-қызыл теңбілден және ашық қызғылт-қоңырдан кірпішті жасыл түрге дейін жарқыраған әсер қалдырады.
1959 ж ең алғаш рет бұл жерден айдаһардың жұмыртқасының қабығы табылды, ал кейінірек - аса ірі емес динозаврлардың қатты қиратылған сүйек қалдықтары табылды.
Жарқыраған адырдан шығысқа қарай Сауыр жотасының етегінде перм жасындағы тақта таста (260 млн жыл бұрын) өсімдік омыртқасыздар ертедегі теңіз балықтарының қалдықтары табылады.
Жануарлар мен өсімдіктердің қатып қалған қалдықтары бойынша осы өлкенің эволюциялық дамуы туралы айтуға болады. Бұның бәрі құнды ғылыми материал.
Батыс Алтай мемлекеттік қорығы Шығыс Қазақстанның өсімдік және жануарлар әлемі әр келкі және өзен аңғарларымен алмасады, альпі шалғыны биік таулы қарлы шыңдарға жол береді.
Батыс Алтай мемлекеттік қорығы 1992 ж ұйымдастырылды. Оның ауданы 56, 3 мың. га. Қорық Алтайдың Қазақстан бөлігіндегі таулы жоталардың аумақтарында Линей, Қолыұзын, Көксе, Иванов және Белая, Черная Үлбі және Борсық өзендерінің бастауында - Тұрғысын өзенінің саласында орналасқан. Ақ Улбі өзенінің бастауында 14 кіші мұздық бар. Орман шекарасынан жоғары қарай мұздан жаратылған кіші тау көлдері және саз бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz