Мұғалім мен оқушының тығыз қарым - қатынасқа түсуіне педагогикалық шеберліктің тигізетін әсері
Мазмұны
КІРІСПЕ
1 МҰҒАЛІМ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫНЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ ЫҚПАЛЫ
1.1 Педагогикалық шеберлік психологиялық-педагогикалық проблема ретінде
1.2 Қазіргі білім жүйесі жағдайындағы мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасы және оның педагогикалық шеберлік тәуелділігі
2 МҰҒАЛІМ МЕН ОҚУШЫНЫҢ ТЫҒЫЗ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСҚА ТҮСУІНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІКТІҢ ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ
2.1 Мұғалім мен оқушының тығыз байланысқа түсуін тиімді жетілдіру бойынша жүргізілген тәжірибелік зерттеу жұмысының сипаттамасы
2.2 Қарым-қатынас барысында кездесетін осы және өзге де қиындыктарды жоюдың жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3
6
6
9
13
13
23
29
31
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі жеделдету, демократияландыру жағдайында Қазақстан Республикасында басты міндеттердің бірі -- ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жастарга терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту және жетілдіру. Қазақ мектептері -- қазақтарға білім берудің басты құралы ... біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы мектептерде. Сондықтан мектептерде жақсы білім беретін болсын ... Ғылыммен қаруланған, әр нәрсеге дұрыс көзқарасы бар адамдар қазақ арасында көбейіп, бүкіл халыққа әсер ете алады. (Ы. Алтынсарин ). Еліміздің еркіндік алуы, тіл аясының кеңеюі, қазақ мектептері санының көбеюі бүгінгі талапқа сай кадрларын әзірлеу, жас педагогтарға өзіндік бағыт, бағдары бар түйінді ойларды жинақтап жеткізу қажеттігін туындатып отыр. Сол себептен де қазіргі заман мектебі жоғары деңгейде маманданған кәсіпқой мұғалімді күтуде. Бүкіл әлем бұл күнде тәлім-тәрбие қызметіне ең білгір, ең талантты, өте жауапкершіл педагог -- мамандардың кажеттігін мойындап отыр. Себебі адам тағдырында мектептік кезеңі аса маңызды. Балалардың өмірлік бастауында жетесіз педагог тұрса, одан келер шығынды өлшеп болмайды. Сондықтан да педагог білікті маман, өз ісінің шебері болуы керек. Яғни педагог шебер болу үшін: өзінің мүмкіндіктерін жаңа формация мұғалімі ретінде объективті бағалай алуы керек, кәсіби мамандығына қажетті қабілеттерді меңгеруі тиіс, жалпы мәдениетті, интеллектуалды іс-әрекетті, мінез-құлық, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі тиіс, өтіп жатқан интеграциялық процестерге, әлемдік білім беру кеңістігі қарқынына бағыттала алуы тиіс.
Педагогикалық шеберліктің қалыптасу мәселесі, оның мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастағы рөлі жайында педагогика мен психология саласында Ю.П.Азаров, Ю.К. Бабанский, Н.В.Кузьмин, С.Д.Смирнов, В.А.Сластенин , Н.Д.Хмель, Шкутин Л.А, Н.В.Александров жұмыстары, Н.В. Кухарев, А.В.Мудрик, А.В.Петровский, В.И.Слуцкий, П.И.Пидкасистый, Л.И.Рувинский, А.А.Гин, А.П.Чернявская, А.А.Калюжний, Н.В.Мирза, Т.П.Смолькина және басқа да ғалымдардың еңбектерінде педагогикалық шеберлікті жетілдірудің жолдары ашылып, зерттелді. Жаңашыл-ұстаздардың Ш.А.Амонашвили, В.Ф.Шаталов, Ю.П.Фокин, Е.Н.Ильин, С.Н.Лысенковая және де басқалардың үлкен жаттығу тәжiрибесi мұғалім - тәрбиеленуші жүйесінде қарым-қатынастың тиімді болуына жоғарғы педагогикалық шеберлік әсер ететіндігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Оқушылармен қарым-қатынасқа түсудегі педагогикалық шеберліктің өзектілігі және осы қарым-қатынасқа мұғалімнің дайындығының жеткіліксіздігіне біздің зерттеуіміздің тақырыбы Мұғалім мен оқушының тығыз қарым-қатынасқа тусуіне педагогикалық шеберліктің тигізетін әсері себепші болды.
Зерттеудің обьектісі: Мұғалім мен оқушының тығыз қарым-қатынасқа түсуіне педагогикалық шеберліктің тигізетін әсері.
Зерттеудің пәні: жалпы орта білім беретін мектептің оқу-тәрбиелік процесі.
Зерттеудің мақсаты: мұғалім мен оқушының тығыз қарым-қатынасқа түсуіне педагогикалық шеберліктің тигізетін әсерін зерттеу.
Зерттеудің болжамы: егер мұғалімдерге педагогикалық шеберлік туралы теориялық және практикалық бiлiмдерді меңгеру жағдайы туғызылса, және кәсiби қызметтерде оларды қолдана алатын болса, онда оқу-тәрбиелiк процесінің барлық кезеңдерiнде тәрбиеленушiлермен олардың қарым-қатынасқа түсу тиiмдiлiгі жоғарлайды.
Зерттеудің міндеттері:
Теориялық деректерді талдау және педагогикалық шеберлік, педагогикалық қарым-қатынас ұғымдарының мәнін анықтау.
Ұстаздың тәрбиеленушiлермен қарым-қатынасы тиiмдi болуы үшiн, оның қажеттi шарттарын анықтау.
Тиімді қарым-қатынасты жүзеге асыру үшін педагогикалық шеберліктің жоғарлату әдістерін талдау.
Зерттеудің әдістері: ғылыми, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді теориялық тұрғыдан талдау, педагогикалық тәжірибені зерттеу және жинақтау, бақылау, тест жүргізу, әңгімелесу.
Жұмыстың құрылымы тақырыппен, зерттеу объектісі мен пәнімен, мақсаты мен міндеттерімен, ғылыми болжаммен қамтылған.
Курстық жұмыс: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Педагог әрқашанда өзін қоғам талабына сай үздіксіз тәрбиелеп отыратын, адамдармен, әсіресе, оқушылармен қарым-қатынасқа тез түсе білетін, ұйымдастырушылық қабілеті бар, өз пәнін жетік білетін әрі уағыздаушы, таланты мен тәжірибесі тоғысқан, өзінің қоғамындағы саяси өмірге белсенді араласып, өз елі жеріне деген сүйіспеншілігі негізінде оқушыларға үлгі болуы керек.
Ұстаздың шеберлігі -- талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, бірақ, ол басқа да мамандарды шеберлікке үйретуде қажет болатын мамандық. Жас ұрпақ тәрбиесіне бүкіл ғұмыры мен қайратын және бойындағы асыл сезімдерін бағыттаған мұғалімдерді айтуға болады.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр деген болатын. Қазіргі заман Мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологикалық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың қазіргі жаңа технологиясын шебер терең меңгерген болғанда ғана білігі мен білімі жоғары, жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады деп ойлаймын.
Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын қамтиды. Шебер ұстаз дегенді шығармашыл ұстаз деп те атар едім. Шығармашыл ұстаз күнделікті әрбір сабағын түрлендіріп өткізуге тырысады. Оқушының білімін көтерудің ең басты шарты-оның пәнге деген қызығушылығын арттыру. Пәнге деген қызығушылығы болса ғана, бала оған көңіл қойып тыңдап, тереңдете оқып үйрене бастайды. Пәнге қызыққан оқушының білім сапасының жоғары болатыны белгілі. Шебер мұғалім үнемі оқушының ойлау белсенділігін арттырып, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана ұстаз мақсатына жетеді.
Сабақты тартымды, қызықты етіп өткізу -- мұғалімнің шеберлігі, білімділігі, таланты. Егер, мұғалім сабақта бір тақырыпты оқытуда оқушыларды ойландыруға, ізденуге, тәжірибе жасап, істеген жұмысын қорытындылай білуге, сөйлеу мәдениетін дамытуға, ғылыми тілде сөйлей білуге назар аударса, келесі бір сабақтың тұрмыс, салт- сана көрінісіне, кәзіргі жеткіншек жете білмейтін ұғым- түсінігін бүгінгі өмір салтына жинастыра көңіл аударса, сол арқылы танымдық мақсат қояды. Сөйте отырып, ұлттық дәстүрді қадірлей білуге, адамгершілікке, ізгіліктілікке, ұлттық тәлім- тәбие беруге назар аударылады. Сабақ үрдісінде оқушылар өзіне- өзі баға беруге, әлсіз жақтарын сын көзбен қарауға өзінің жетістігін жете білуге, өзбетімен іздене білуге дағдылары қалыптасады. Оқушылар арасында ынтымақтастық, сенім ахуалы қалыптасып, өзара сыйластық орнайды. Міне, осыларды педагогикалық шеберлікті аша түсудің тағы бір қыры деп есептеймін.
Мұғалімге қойылатын талап - жауапкершілік, жүктелген үлкен міндет, абыройлы істің сан қырлылығы одан жан - жақты терең біліктілікті, аса педагогикалық шеберлікті, өте нәзік психологиялық қабілеттілікті талап етеді.
Бұдан нені байқауға болады? Мұғалімнен жан - жақты терең білім-біліктілікті, сегіз қырлы, бір сырлылықты талап етіп тұрған жоқ па?
Мұғалімнің бір ғана сыры - оның мамандығы. Бұл дүниеде теңдесі жоқ мамандық тек мұғалімге ғана лайық. Сондықтан ұстаз адам - кәсіби мамандығына құштар, оны жан - тәнімен сүйетін, барлық өмірін соған арнауы тиіс. Олай болса мұғалім еңбегінің сан қырлылығы осыдан өрбиді. Мұғалім адамның өз пәнін терең меңгеруі оның ең алғашқы қыры, кәсіби шеберлілігін үздіксіз ұштай, шыңдай түсуі екінші қыры болмақ.
Үшінші қыры - мұғалімнің тілді меңгеруі - тіл шеберлігі. Сөзді жетесіне жеткізе сөйлей білудің өзі - өнер. Себебі, тіл - тәрбие құралы.
Төртінші қыры - байқағыштық сезімі - көрегендігі.
Бесінші қыры - әр жүректі білім шұғыласымен нұрландырудың ең тиімді, ең төте жолын таба білетін жасампаздығы.
Алтыншы қыры - жан - жақты дарындылығы.
Жетінші қыры - үздіксіз, тынымсыз ізденімпаздығы. Сегізінші қыры - үлгі-өнегесі, мұғалім мәдениеті немесе педагогикалық әдеп - этикасы деуге болар еді. Себебі, мұғалімнің келбеті - сыртқы мәдениеті, қарым-қатынасы, өзін-өзі басқаруы, бақылауы, сөйлеу мәдениеті, үздіксіз жаңарып, өзгеріп, үнемі жаңа сипатқа ие болып отыруы мұғалімдік мамандықтың ең басты этикалық сапалық белгісі.
Мұғалім - Ұстаз тұлғасы, оның іс-әрекетінің сан - қырлылығынан ұстаз беделі деген ұғым туындайды. Мұғалімнің беделді болуының алғы шарттары: бірінші: балаға үлгілі болуы, және үлгі көрсетуші болуы керек.
Шебер педагог көзі қарақты, құлағы сергек, көкірегі ояу, білім беру саласында атқарылып жатқан игі істердің куәсі болуы керек. Сонымен бірге жаныңды шуаққа бөлеп, үлкен үмітке жетелеуші- білім беру саласы мұғалімдік мамандықтың сыры мен қырын шебер меңгерген, сол кәсіптің ыстығы мен суығын өзі де басынан кешірген адам нағыз ұстаздар, шынайы бапкерлер осындай қасиеті бар жандардан шығады. Сыпайы әдебімен, тұнық мінезімен, терең білімділігімен көпке жақын адам.
Мұғалім шеберлігі - бұл өте жоғары білімді сапалар жиынтығы, әрі ұдайы жетіліп отыратын тәрбиелеу мен оқыту өнері. Жеке тұлға мәдениеті, білім мен өрісті дүниетаным, педагогикалық техника мен озат тәжірибе, осы педагогикалық шеберліктің негізі деп ойлаймыз. Қазіргі заман мұғалімнің тұлғалық белгісі - ой өрісінің кеңдігі мен оның ауқымды дүниетанымы. Заман ағымымен теңдей қадам басамын деген әрбір адам өте көп ақпараттан хабардар болуы қажет. Қазіргі заман оқу әдістерін жеке меңгеру де осы шеберліктің бір қыры. Енді бір қыры - шәкіртпен қарым - қатынастың, шәкірттің іс-әрекетін қуаттау немесе тежеу болып табылады. Ұстаз өмір бойы бала тәрбиесіне ықпал етумен яғни дәлелдеп сендіру, шәкірттің қызығушылығын дамыту, талап ете білу. Осы ықпал түрлерін іске асыруда ұстаз нағыз шебер болуы керек.

Қарым-қатынас мәселесі бұл әлеуметтік психологияның негізгі проблемалары. Бірақ қарым-қатынас проблемасымен тек психологтар, педагогтар айналысып қана қоймайды, оны философтар, социологтар, политологтар да жан-жақты зерттеуде.
Шығыс елдерінде қарым-қатынас шешендік өнер яғни, риторика бағытында кеңінен қолданылды.
Психологиялық тұрғыда қарым-қатынас күрделі, жан-жақты процесс болғандықтан, ол үш аспектіде (коммуникативтік, интерактивтік және перцептивтік) қарастырылады. Аталмыш үш аспектінің мазмұны адамдардың бір-бірін тануы, араласуы және хабар беріп, хабар алмасуы. Олай болса, біз өзіміздің шағын мақаламызда өз тәжірибемізді пайдалана отырып, педагогикалық қарым-қатынастың психологиялық жағын сөз етпекпіз.
Педагогикалық қарым-қатынас барлық білім беру жүйелеріне қатысты мекемелерде болатын қарым-қатынастың ерекше түрі. Білім берудің қай сатысында болмасын мұғалім оқушымен, оқушы мұғаліммен тікелей және кері қарым-қатынаста болады. Өйткені оқыту мен білім беру үрдісінде мұғалім үйретуші, бағыттаушы, басқарушы, тәрбиелеуші, т.б. рөлді атқарса, оқушы - білімді алушы, қабылдаушы, іс-әрекетке араласушы болып қарым-қатынасқа түседі. Сондықтан да, педагогикалық қарым-қатынастың негізгі құралы -- сөз.
Мектеп оқушыларымен жұмыс істейтін мұғалімдер вербальді (сөз) және вербальді емес (ым не ишара) қарым-қатынастың түрін пайдаланады. Қарым-қатынастың қай түрі болмасын, ол мұғалімнің шеберлігіне, тәжірибесіне байланысты деп айтамыз. Психологтар педагогикалық қарым-қатынастың нәтижесі мұғалімнің баланы біліп тануына және әр баламен диалогқа түсуіне байланысты деген. Әрине, қанша тәжірибелі мұғалім болса да, балалармен қарым-қатынас жасау, әр баланы білу, оларды тану, әр баланы іс-әрекетке кірістіру, оларды сөйлеттіру мұғалімдерге оңай жұмыс емес.
Тәжірибеге және өзіміз жүргізген психологиялық зерттеулерімізге сүйенсек, жалпы оқушылармен қарым-катынасқа түсіп жүрген мектеп мұғалімдерді екі топқа (балалармен қарым-қатынас жасауы оңай және балалармен қарым-қатынас орнатуы қиын) белуге болады.
Бірінші топтағы мұғалімдер қай жастағы оқушылармен болмасын қарым-қатынасқа оңай түседі. Оның себептері:
- өз сыныбындағы әр баланың психологиясын өте жақсы білуінде;
- баланың ішкі жан дүниесін оятатындай жылы сөздер айтуында;
-мұғалімнің этикасы мен психологиясының дұрыс қалыптасуында;
- мұғалім сөзінің тәртіптілігінде, жүйелігінде, анықтығында, нақтылығында;
- оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімнің бірнеше қарым-қатынастың түрлерін пайдалана білуінде.
Екінші топ мұғалімдерінің оқушылармен қарым-қатынасқа түсуі қиын. Оның себептері бірінші топта керсетілген себептерге қарама-қарсы. Дегенмен, біздің пікірімізше, кейбір мұғалімдердің әр жастағы оқушылармен қарым-қатынасқа түсе алмауының және оқушымен қарым- қатынастарының өте қиын болу себептері:
- авторитарлық стильді пайдалануында;
- балаларға салқындық танытуы;
- балаларды әлеуметтік жағынан бөлуі;
- балалардың іс-әрекетін, ойын, сөзін әділ бағаламауы;
- бала бойынан үнемі кемшіліктер іздеуі, оны жариялауы дер едік. Әлеуметтік психология ғылымында Мұғалім -оқушы, Оқушы - мұғалім және Балалардың өзара қарым-қатынасы және қарым-қатынас барысында болатын қиындықтар біршама зерттелінген. Қарым-қатынас қиындықтары эмоциональдық, когнитивтік бағытта жиі кездеседі.
Оқушылармен дұрыс қарым-қатынас жасауда кедергі келтіретін аталмыш қиындықтардың пайда болуының өзіндік себептері бар. Сондай негізгі себептердің бірі:
1. Қазіргі балалардың кепшілігі акселераттар. Психикасы тез дамыған балалар сұрақ қойғыш, тез қозғалғыш, бәрін білгісі келіп қарым-қатынасқа тез түсіп отырады. Бұндай топтың балаларын кейбір мұғалімдер тежейтіні жасырын емес. Мысалы, Тыныш отыр, Немене бәрін білесің бе?, Сен қашаннан бері білетін болдың?, Әуелі өзіңді түзетіп ал, сосын айтарсың, т.б. педагогикаға жатпайтын сөздер айтылады.
2. Оқу үрдісінде кейбір мұғалімдер тек өздері сөйлеуді ұнататындығы жасырын емес.
Өйткені, уақытты пайдаланам деп тек мұғалім өзі сөйлеп, баланың айтатын сөзіне кедергі келтіріп оның ойымен, пікірімен санаспайды. Яғни, оқу үрдісінде кейде диалогтық жоқ екені де жасырын емес.
3. Оқушылардың іс-әрекеттерін әділ бағаламау жиі кездесетін құбылыс. Осының негізінде қарым-қатынас барысында мұғалім мен оқушы арасында дау-жанжал болып жатады.
Қарым-қатынас барысында кездесетін осы және өзге де қиындыктарды жоюдың бірден-бір жолы:
- әр жастағы оқушылардың өзіне тән психикалық ерекшеліктерін ескере отырып, қарым-қатынас орнату;
- мұғалім өзінің жағымсыз көңіл-күйінің болмауын қадағалау;
- қарым-қатынаста педагогикаға жат сөздер айтпау;
- бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау;
- қарым-қатынаста дау-жанжалға жол бермеу;
- сұхбаттасуда жеке оқушының пікірін сыйлау;
- қиын, қыңыр, қырсық оқушылармен жеке дара қарым-қатынас орнатып, олармен тіл табысу. Оның бірден-бір жолы психологиялық ойындар, тренингтер, т.б
- қарым-қатынаста мұғалім оқушыға, оқушы мұғалімге сену;
- қарым-қатынас сезімдік, танымдық, іскерлік болу.
Қарым-қатынаста кездесетін қиыншылықтарды осы және өзге де жолдар арқылы жеңе отырып, мұғалім қарым-қатынастың үш функциясын орындайды.
1. Мұғалім қарым-қатынаста оқушыны әрі индивид, әрі жеке тұлға ретінде дамыту (психологиялық).
2. Оқушыны әлеуметтік ортаның, қоғамның мүшесі ретінде тәрбиелеу (әлеуметтік).
3. Қарым-қатынас тек адамдар арасында ғана емес, ол қоршаған дүниемен, табиғатпен байланысты екенін оқушының санасына ұқтыру (инстументалды).
Әрине, бір мақала төңірегінде қарым-қатынас проблемасын толық шештік деп айтудан аулақпыз. Біз өз тәжірибеміз арқылы қарым-қатынастың кейбір психологиялық жақтарын ашуға тырыстык. Әрине, педагогикалық қарым-қатынас мәселесі қанша зерттелсе де, ол оқу-тәрбие үрдісінде өзекті мәселелердің бірі. Өйткені, оқу-тәрбие үрдісінің сапасы педагогикалық қарым-қатынастың дұрыс ұйымдастырылып жүргізілуіне байланысты дер едік.

Өскелең ұрпақтың интеллектуалдық, білімдік, жеке тұлғалық қабілеттерін жетілдіре түсуді талап етуде. Сондықтан қазіргі кезде орта білім беретін мектептердің әдістемелеріне түрлі жаңа технологиялар мен әдіс - тәсілдер көптеп енгізіліп жатыр. Сол себепті қазіргі оқыту үрдісі репродуктивті әдіспен шектеліп қана қалмай, яғни, мұғалім мен оқушы арасындағы қатынас тұлға - тұлға күйінде өзара сыйласымдылыққа, сенімділікке негізделген. Мұнда оқушы оқыту үрдісінде тек дәлелденген, қатвп қалған білімдерді ғана игермей, өзіндік мақсатты іс- әрекеттер жасай алатын болуы қажет. Өйткені, бұл оқыту үрдісі оқушыға бағытталған. Демек, оқушының бойында қалыптасқан дағды мен біліктерінің, меңгерген білімдерінің қай деңгейде қалыптасқанына қарай оқыту үрдісінің нәтижелігі шығады. Бұл тұрғыдан алғанда қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаған Ыбырай Алтынсариннің пайымдауы бүгінге дейін өзқ құнын жоймағаны байқалады. Мәселен, мына айтқандары соған дәлел: Мұғалімнің жұмысы - балалар. Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды көкейне қондыра алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауға тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесуі, шыдамдылық етуі керек, әрбір нәтижені ықыласпен түсінікті етіп, түсіндіруі керек, мәнерсіз сөз, орынсыз терминдерді пайдаланбау керек .
Мұғалімнің оқушыға сапалы білім беру дәрежесі сабақты ұйымдастыру жолдарын білумен тікелей байланысты. Күнделікті бір сарынды, бір ғана әдіспен өтілген сабақта оқушылардың пәнге деген қызығуын кемітіп, білімді игеру қабілеттерін төмендетеді. Сондықтан әрбір сабақта оқушыларды қызықтыратын, сабақта белсенділігін арттыратын түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану ұтымды. Әсіресе, қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану өте-мөте қажет. Ол оқушылардың сабаққа деген құлшынысын тұғызады. Бұл жерде мұғалім әрбір сабақта дидактикалық ойындарды жаттығуларға, тақырыпқа байланыстырып кірістіруі, оларды өзара біріктіруі тиіс. Бұл - дидактикалық ойындар арқылы оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруді жетілдірудің негізгі бағыты.
Оқушылардың әлеуметтік дағдылары мен пәнге қатысына ықпал ететін фактордың бірі пән мұғалімінің балалармен тіл табыса білу қабілеті болып саналады. Себебі мұғалімнің жеке басының қасиеті оқушының пәнге деген қатынасына елеулі әсер етеді. Жасөспірімдер үшін мүғалімнің рухани дүниесі, өздеріне деген көзқарасы маңызды рөл атқарады.
М.М.Рыбакова жасөспірімдер мен мұғалімнің өзара қарым-қатынасының бес түрін саралайды:
1. диктаттық қатынас - қатаң тәртіппен ресми қарым-қатынас негізінде білімге ерекше талап қою;
2. нейтралды қатынас - оқушылармен интеллектуалдық-танымдық деңгейде еркін қатынас жасау, мұғалімнің өз пәніне ерекше ден қоюы, қабілеттілік:
3. қамқорлық қатынас - мезі етерліктей тым өбектеу, оқушының өзіндік әрекетіне шошына қарау, ата-аналармен үнемі байланысын үзбеу;
4. конфронтациялық қатынас - оқушыларды іштей жек көру, жұмысқа қанағаттанбау, менсінбеушілік үнмен сөйлесу;
5. ынтымақтастық қатынас- -- барлық істі бірлесе жүргізу, бір-біріне қамқорлық жасау, оптимизм және өзара сеніммен қарым-қатынас жасау.
Соңғы жылдары байқалып жүрген жағдай мектептерде мұғалім мен оқушылардың арасында осы қатынас түрлерінің ішіндегі диктаттық қатынас пен нейтралды қатынасты жиірек кездестіреміз. Қазіргі қоғам мұғалімнің оқушыға өз әрекетінің субъектісі деп қарау қажеттігін талап еткенімен, мұғалімдер де соған жетуді көздегенімен, нақты оқу үрдісінде оның толық жүзеге аса бермейтіні жиі байқалуда.
Біз әңгімелескен оқытушылардың барлығы да конфронтациялық қатынасқа қарсылықтарын білдірді (100 %), бірақ оның кейде бой көрсетіп қалатынын да жасырмады. Ал, диктаттық қатынасты жақтаушылар (мұғалімдердің 12-15%) қатаң талаптың қазіргі қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты қажеттігін алға тартады. Атап айтқанда. "мұғалім беделінің төмендеуі салдарынан оқушылар арасында дұрыс көзқарас қалыптаспайды, сондықтан оларды тек қатаң тәртіпке бағындыру керек, көп жағдайда сабақты тиянақты жүргізу мүмкін болмай, оқушылар ауа жайылып кетеді де, (мектептердің жылуға байланысты жабылып қалуы салдарынан), қатаң талап қоймаса, оқуға ынтасы болмай қалады, балалар әлі де өзін-өзі игеруге дайын емес, сондықтан олар еркін қарым-қатынастың мәнін түсінбейді, шулап, сабақтың өтуіне мүмкіндік бермейді, сондықтан қатаң талап қажеттігін айтады. Енді бірі сыныптағы балалар санының (30-дан кем болмаған жағдайда) тым көптігінен оларды игеру мүмкін емес дейді. Ал, қамқорлық қатынасқа мектепке келген жас мұғалімдердің жақындау болуы заңды да. Өйткені олар әлі де өз мамандығын қыр-сырын жіті білмегендіктен, әр нәрсені де, әсіресе, оқушылардың еркіндігін де тәртіпсіздікке балайды. Баланың мектептегі әр ісіне өзін түгелдей жауаптымын деп есептеп, олардың өсіп келе жатқан жеке тұлға екенін ұмытып кетеді. Ал. мұндай қатынас жан-жағына, оның ішінде мұғалімдерге, сын көзімен қарайтын жасөспірімдердің намысына тиіп, өзінің есейгендігін дәлелдеуге ұмтылдыруы сөзсіз. Немесе, керісінше, олардың кейбірінің өзіне деген сенімін жоғалтып, бұйығыландыруы да ықтимал. Қалай болғанда да, мұғалім сабаққа дайындықты пәні бойынша өтілетін теориялық тақырыпты қалай меңгерту, қандай көрнекілік пайдаланамын, оқытуды әйтеуір бағдарламадан қалмау дсп түсінбей, оқушының білімімен қатар ақыл-ойын, адамгершілік қасиетін, жеке тұлға ретіндегі өзара қарым-қатынасын қалай қалыптастырамын деген мәселені де жүзеге асырудың жолдарын іздестіру деп түсінуі қажет. Өйткені психологтардың айтуынша, мұғалім мен оқушының өзара тіл табысуға ұмтылуы тек оқушының өсуіне ғана емес, мұғалімнің де маман ретінде өмір тәжірибесінің шыңдалуына, мамандығының қыр-сырына терең бойлауына мүмкіндік туғызады. Оқушының оқуға болсын, достарымен қарым-қатынасына болсын, қандай мотивтердің түрткі болғандығын шын мәнінде ажырата білудің ең қажетті шарты да осы өзара қарым-қатынаска тәуелді. Мұғалім оқушының әрекетін тек сырттай бақылап қоймай, олармен қоян-қолтық араласа алғанда ғана баланы жақыннан таниды. Әрине, баламен ортақ тіл табысу үшін мамандардың бала психологиясы, олардың әр сатыдағы ерекшеліктері жөнінде теориялық білімі болуы керектігі даусыз. Сол білімді тәжірибеде қолдану тек сол өзара қарым-қатынас негізінде жүзеге асады. Көп жағдайда мектептегі. әсіресе, жасөспірімдер арасындағы ''қиын балалардың қаулап" кетуі - мұғалімнің бұл мәселенің түпкі себебін, олардың жас ерекшеліктерін жете білмеуінің салдарынан болатын құбылыс. Жасыратыны жоқ, мұғалімдердің алдындағы шәкіртінің көбінде өзі орнатқан тәртіп пен талапқа көне бермеуін оның "үлкенді сыйлауды білмегендігінен", "отбасындағы тәрбиесінен" көріп жатуы жиі көрініс табады. Және ондай балаларды сынап-мінеу немесе оған мүлде назар аудармау фактілері де ұшырасады. Ал мұндай қатынастың әсері оқуға ынтаның болмауына, еріксіз, ата-анасының қаһарынан қорқып қана сыныпта отыруға мәжбүр ететін себепке тіреледі. Бірақ мұғалімдер көбінде оқушыға беретін үстірт бағасы арқылы өзінің де оқушы тарапынан бағаланып жататынын ескермейді. Кейбір жағдайда оқушыны дәрменсіз, өзіне бағынышты деп қарап, оған мән бермеуге тырысады. Балалар ондай қатал мұғалімге "ұрысқақ, айғайшыл. сондықтан, сабағы ұнамайды" деп бір-ақ кесіп пікір айтады. Сөйтіп, ол оқушыдан алыстап қана қоймайды, оның өз пәніне деген кері қатынасын тудырады. Жеке басының әлсіздігі нәтижесінде бала бойындағы сенімге де өлшеусіз қиянат жасайды.
Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасқа кері әсер ететін фактордың бірі - оқушыларды әлеуметтік жағдайларына қарай алалап бөлу. Ата-анасының қызмет дәрежесіне қарап бір сыныптағы балалармен әр түрлі қатынас жасау - соңғы кезде белең алып бара жаткан жағымсыз құбылыс. "Мықтының" баласына аузын ашса-ақ жоғары баға қоя салатын мұғалім, жағдайы төмен отбасы баласына біліміне қарамай сараңдық жасауы бала психологиясына қатты соққы болатынын естен шығарады, пенделікке бой алдырады. Егер сол баланың бұрын оқу үлгерімінің жоғары болғанын, неге енді құлдырап бара жатқанын сұраған адамға, ондай мұғалімнің берер жауабы қашанда дайын: "Қойшының баласы қойшы, тойшының баласы тойшы болады" деп пәлсапа айтудан танбайды.
Өз мамандығын сүйетін, оны жетік меңгерген мұғалімдердің қайсысының да тәжірибесіне талдау жасағанда сол жетістіктің негізгі кілті - балаларды сыйлау, олармен санасу, әр шәкіртін субъект деп тану арқылы туған түсінісуде екеніп көруге болар еді. Оқушы мен мұғалім арасындағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz